Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет31/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69

Казактар  –  Ресейдегі  этнососло-

виялық топ. Олар түп негізінде әртүр-

лі  ұлттардан,  соның  ішінде,  түркі 

халықтарынан  да  шыққанымен  орыс 

этносына  сіңген  орыстілді,  христи-

андінді  топ.  Патшалы  Ресейдің  қа-

зақ  жерін  отарлауында  әскери  құра-

малар  ретінде  айрықша  белсенділік 

танытқан  казактар  Алаш  қозғалысы 

тұсында  Верный,  Ақмола,  Қызыл-

жар, Павлодар, Өскемен, Орал, Семей 

және  т.б.  бекіністерде  тұрды.  Алаш 

әскері  большевиктермен  соғысқан-

да казактармен одақтас болды. Казак 

әскерлерінің  көптеген  офицерлері 

Алаш әскерін соғыс өнеріне үйретуге 

атсалысты. 

Камали  Зия,  Зияетдин  (шын  аты  

Парвазетдин) Жалаладдинұлы – көр-

некті татар ағартушысы, дінтанушы, 

жәдитшіл  «Медресе  Ғалияның»  не-

гізін  салушы.  1873  ж.  Уфа  маңын-

дағы Келяш Қара а. дүниеге келген. 

Қайырымды  адамдардың  көмегімен 

Уфадағы  “Усмания”  медресесінде 

және  Стамбұлда,  сондай-ақ  Каирде-

гі  атақты  әл-Азхар  университетін-

де  оқыған.  Түркияда  дүние  білімін, 

ал  Мысырда  дінтану  білімін  оқып-

тоқыған.  Әл-Азхарда  дана  реформа-

тор  М.  Абдо  алдынан  сабақ  алған. 

Осы  ағартушы  татардың  талапты 


Алаш қозғалысы

222


жас  азаматына  Сорбоннада  оқуға 

кеңес берген. Бірақ Зияетдин тезірек 

елге  жетіп,  халқын  ағартуды  ойлап, 

Франция  сапарынан  бас  тартқан. 

Сөйтіп,  Мысырдағы  оқуын  бітірген 

соң  1904  ж.  Уфаға  келіп,  «Усмания» 

медресесінде  сабақ  береді.  «Мұсыл-

ман  әлемі»  («Мусульманский  мир») 

газетіне мақала жазып тұрады. 1906 

ж. Ғалия медресесін ұйымдастырып, 

қалыптастыруға  күш-жігер  жұм-

сайды.  Мұнда  Ғ.Ибрагимов,  С.Сун-

челей,  С.Ғабаши,  Н.Исанбет  секілді 

Еділдің  кейінгі  игі  жақсыларымен 

бірге қазақ, қырғыз, өзбек т.б. Ресей-

лік мұсылман ұлттарының талантты 

азаматтары оқыды. Ағартушы сабақ 

берумен  бірге  дінтану  бағытында 

талай еңбек жазды. Соның бірегейі – 

«Философия  тарихы»  («Фәлсәфә  ис-

ламийа»). Бұл еңбегі 1909 ж.дан  1911 

ж.га  дейінбасылып  шықты.  Жұмыс 

бірнеше  кітаптан  тұрады.  Әрқайсы-

сы екі томнан тұратын «Сенім фило-

софиясы»  («Фәлсәфә  игътикадийа»), 

«Ғибадат философиясы» («Фәлсәфә-и 

гыйбадәт»). Сондай-ақ бірінші томға 

қосымша «Алланың әділеттігі» («Ал-

лаh гадәләте») атты еңбек енгізілген. 

1915  ж.  Уфада  алғаш  рет  педагоги-

калық  бағыттағы  қыздар  медресесін 

ашады. 1917 ж. төңкерістен кейін сая-

сатқа араласып, түрік-мұсылмандар-

дың құқығын қорғайтын талай саяси 

құрылымдарда жұмыс істейді. Кеңес 

тұсында  К.  мұсылман  құндылықта-

рын  қорғап,  тынымсыз  еңбек  етті. 

Атеистердің  алдында  ғылыми  баян-

дамалар  жасады.  1909  ж.  Уфадағы 

екінші жәми мешітінің бас имамы бо-

лады. 1923 ж. КСРО-ның Еуропалық 

бөлігі мен Сібір аймағының Орталық 

Дін  басқармасының  мүшесі  болады. 

Бірақ большевиктік-атеистік идеоло-

гия  оны  қоймай  жазықсыз  жазалап, 

қуғын-сүргінге  ұшыратты.  1936  ж. 

абақтыға  жабылады.  Ресми  дерек-

терге қарағанда, 1942 ж. Самара түр-

месінде қайтыс болған.

Каримов  Фатих  –  татар  халқы-

ның  көрнекті  қоғам  қайраткері,  пу-

блицист.  1870  ж.  Самара  губерния-

сы  Бүгүлме  у.-нде  туған.  1892-1896 

ж.  Орынбордағы  «Мектебе  мулки-

я-и  махане»  атты  оқу  орнында  білім 

алған. 1902 ж. Орынбор қ.-нда «Кари-

мов-Хусаинов  және  К»  атты  мұсыл-

ман  баспаханасын  ашып,  түркі-мұ-

сылман  халықтары  ақын-жазушыла-

рының  шығармалары  мен  ауыз  әде-

биеті  үлгілерін  кітап  етіп  шығаруды 

қолға  алды.  Бірінші  орыс  төңкерісі 

ж.  Ресей  империясындағы  түркі-мұ-

сылман халықтарының азаттық үшін 

күрес  жолында  бірлесіп,  күш  бірік-

тіре  отырып  әрекет  етуін  қолдады. 

Бүкілресейлік  мұсылмандардың  ІІІ 

сиезіне  қатысып,  «Ресей  мұсылман-

дар  одағының»  орталық  комитетіне 

мүше  болып  сайланды.  Мемлекеттік 

Думадағы  Мұсылман  фракциясымен 

тығыз  байланыста  болды.  1906-1917 

ж. Орынборда шығып тұрған «Вақт» 

(«Уақыт»)  газетін  басқарып,  сол  кез-

дегі  жалпы  түркі  және  қазақ  халқы-

ның  қоғамдық-саяси  және  мәдени 

өміріне қатысты материалдар жария-

лап отыруға ерекше мән берді. 1917 ж. 

Торғай  обл.-тық  қазақ  сиезіне  қаты-

сып, оның делегаттарын татар халқы-

ның атынан құттықтады. 1917-1918 ж. 

«Янга вақт» («Жаңа уақыт») газетінің 

редакторы,  1925-1936  ж.  КСРО  ха-

лықтары Орталық баспасының татар 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

223


бөліміне жетекшілік етті. 1937 ж. са-

яси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.



Кәкен Амантай  Қазақстан Жур-

налистер  одағының  мүшесі.  «Арқа 

ажары»,  «Түркістан»  газеттерінде, 

Ұлттық  қауіпсіздік  органдарында 

қызмет еткен. С.Сейфуллиннің өмірі 

мен  шығармашылығына  арналған 

«Последние дни Сакена», «Қазақтың 

Сәкені», «Непокоренный сын степи» 

атты  еңбектердің  және  «Түркістан 

легионы»  кітабының  авторы.  «Түр-

кістан легионы» кітабы М.Шоқайдың 

бастамасымен құрылған әскери құра-

ма  жөнінде  деректі  материалдар  не-

гізінде жазылған. Оның еңбектерінде 

Алаш  қозғалысына,  қайраткерлеріне 

қатысты мұрағат деректері бар.



Кәкішев  Тұрсынбек  1927  ж.  Ақ-

мола обл. Бұланды ауд. Даниловка а. 

 ғалым, филология ғылымдарының 

докторы,  профессор.  Қазақстанның 

еңбек  сіңірген  ғылым  қайраткері.   

ҚазМУ-ды  бітірген.  Студент  кезінде 

«Лениншіл жас» газетінде бөлім мең-

герушісі болып, «Мектеп» баспасын-

да  аға  редактор  міндетін  атқарған. 

1952-1958 ж. Қазақстан Компартиясы 

ОК-нің Партия тарихы институтында 

ғылыми қызметкер болды. 1968 ж. Қа-

зақ ұлттық университетінде аға оқы-

тушы, доцент (1968-1978), филология 

факультетінің  деканы  (1978-1986), 

кафедра меңгерушісі (1990-2000) қы-

зметтерін атқарды. Қазір осы универ-

ситеттің  профессоры.  «Дәуір  сурет-

тері», «С.Сейфуллин», «Сын сапары», 

«Оңаша отау», «Қазақ әдебиеті сыны-

ның тарихы» т.б. еңбектерінде қазақ 

әдебиеті мен сынының тарихы терең 

зерттелген.  «Мағжан  және  Сәкен», 

«Санадағы жаралар», «Кер заманның 

кереғар  ойлары»  атты  кітаптарында 

Алаш зиялыларының өмір жолы мен 

шығармашылығын  деректер  негізін-

де зерттеген. 



Кәрімовтер  баспаханасы  –  ағай-

ынды  Мұхаметжан  және  Шәріпжан 

Кәрімовтердің  Қазанда  (Татарстан) 

ашқан  жеке  меншік  баспаханасы. 

1880-1917  ж.  жұмыс  істеп,  негізінен 

қазақша кітаптар шығару және олар-

ды ел ішіне тарату ісімен шұғылдан-

ды. Баспаханадан қазақ тілінде жал-

пы  таралымы  500-600  мың  данадай 

115  кітап,  олардың  ішінде  «Гүлкә-

шима»  (М.  Сералин),  «Қалың  мал» 

(С.Көбеев),  «Манзумат  Қазақия» 

(Н.Наушабаев),  «Үлгілі  тәржіме» 

(И.Крылов),  «Көкселдір»,  «Шаир» 

(өлеңдер  жинақтары,  құрастырып 

бастырушы  Ғ.  Мұштақ),  «Қазақша 

әліппе»  (М.  Нұрбаев),  «Мактубат» 

(А. Сабалұлы), «Халық мұңы» (Қ.Сә-

дуақасұлы),  «Өткен  күндер»  (С.Сей-

фуллин), «Қарақыпшақ Қобыланды» 

(бастырушы М.Тұяқбаев), «Абай тер-

месі»  (бастырушы  С.Әбішұлы),  «Қа-

зақша-орысша  үйреткіш»  (сөздік), 

«Қазақша  дұрыс  жазу  қағидала-

ры»  (И.Бейсенұлы),  «Кел,  балалар, 

оқылық»  (Қ.Шаһмарданұлы)  т.б.  ең-

бектері  бар.  Баспа  иелері  ел  ішінен 

ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет үл-

гілерін,  қолжазбаларды  жинап,  қа-

зақ авторларымен үнемі хабарласып, 

байланысып тұрған.

Кәшімов Мұхаметсәлім Әбдрах-

манұлы (1884 ж. Ақмола обл., Еңбек-

шілдер  ауд.  –  1935,)  –  ақын,  журна-

лист,  Алаш  қозғалысына  қатысушы. 

Жас кезінде әкесінен, кейін молдада 

оқып, хат таныған. Әкесіне еріп Мек-

кеге қажылыққа барып, «Бала қажы» 



Алаш қозғалысы

224


атанған.  Ол  –  бірнеше  тәлім-тәрби-

елік  еңбектердің  авторы.  «Әдеп» 

(1907),  «Сабақ»  (1907),  «Насихат  қа-

зақия» (1908), «Ақыл кітабы» (1908), 

т.б.  еңбектерінде  қазақ  балаларына 

оқу-білім,  тәлім-тәрбие,  тазалық, 

мәдениет  мәселелері  төңірегінде 

ақыл-кеңес,  өнегелі  тағлымдар  ұсы-

нады.  Ол  шәкірт  тәрбиесін  ұлттық 

салт-дәстүрге  негіздей  жүргізуді, 

мұны имандылық пен адамгершілік-

тің  сан-алуан  көріністерімен  ұшта-

стырып  отыруды  уағыздайды.  К-тің 

“Сұлу қыз” өлеңдер жинағы, “Мұңлы 

Мариям”  романы  жарық  көрген. 

К.  1911-14  ж.  “Айқап”  журналында 

қызмет  істей  жүріп,  ел  ішінде  мек-

теп-медреселердің  жай-күйі,  олар-

дағы  оқу-тәрбие  істерінің  барысы 

жайында ой қозғаса, Жетісу, қырғыз, 

қытай  қазақтарын  аралаған  кезінде 

этногр.  очерктер  жазған.  Онда  ел-

дің  тұрмыс-салты,  әдет-ғұрпымен 

бірге  оқу-ағарту  мәселелерін  де  сөз 

етіп,  тәлімдік  ой  пікірлерін  ортаға 

салады. 1917-19 ж. Ақмола өңіріндегі 

Алаш  қозғалысына  белсене  қатыса-

ды.  Алашорданың  Көкшетау  уездік 

комитетінің  төрағасы  ретінде  осы 

уезде  алашшыл  идеяның  таралуына 

айрықша еңбек сіңіреді. 

Келіссөздер 

 

Алашор-

да 



үкіметінің, 

жетекшілерінің 

кеңес  үкіметімен,  Уақытша  Сібір 

үкіметімен,  Колчак  үкіметімен,  Қа-

зақ революциялық комитетімен (Қаз-

ревком)  келіссөздері.  1918  ж.  Ә.Бө-

кейхан мен Х.Ғаббасов И.Сталинмен 

келіссөздер  жүргізді.  Мұнда  И.Ста-

лин  Алашорда  үкіметін  мойындай 

отырып,  оның  кеңес  үкіметін  мой-

ындауы  қажеттілігін  айтты.  1918  ж. 

сәуір  айының  басында  Ж.Досмұха-

медов бастаған Алашорда делегация-

сы Мәскеуге келіп, Халық комиссар-

лар кеңесінің төрағасы В.И.Ленинмен 

және Ұлт істері жөніндегі халық ко-

миссары  И.В.Сталинмен  келіссөздер 

жүргізді.  Осы  уақытта  Х.Ғаббасұлы 

Семейден  телеграф  арқылы  Кеңес 

үкіметінің  басшысы  В.И.Ленинмен 

және  ұлт  істері  жөніндегі  халық  ко-

миссары  И.В.Сталинмен  келіссөздер 

жүргізді.  Алашорда  делегациясы 

Халық  комиссарлар  кеңесінің  кіші 

коллегиясында  сәуір  айының  орта-

сына  дейін  жұмыс  істеп,  автономия 

жөнінен келісімге келе алмағанымен, 

шаруашылық  бағытында  екі  жақты 

келісімшартқа  қол  қойылды.  Осы 

келіссөздер  негізінде  Алашорда  же-

текшілері  «Кеңес  өкіметін  Ресейдегі 

барлық  автономиялы  халықтардың 

кіндік  өкіметі»  деп  тануға  мәжбүр 

болды. 1918 ж. жаз айларында Ә.Бө-

кейхан,  Ә.Ермекұлы,  Алашорданың 

әскери  бөлімінің  бастығы  Х.Тоқта-

мышұлы  Уақытша  Сібір  үкіметімен 

Алашорда  әскерін  құруға  көмек-

тесу  жөнінде  келіссөздер  жүргізді. 

Алаштың  әскери  құрамалары  ақ 

гвардияшылардың  көмегімен  қызыл 

армияға  қарсы  соғыс  қимылдарын 

жүргізді.  Осындай  келіссөздерді  Ж. 

және Х. Досмұхамедовтер Комучпен 

де  жүргізді.  Осы  келіссөздердің 

нәтижесінде  олар  Самарадағы  Ко-

муч  үкіметінен  едәуір  көлемдегі  қа-

ру-жарақ  алды.  1919  ж.  ақпан  айын-

да Ә.Бөкейхан қызыл армияға қарсы 

бірігіп  соғысу  мақсатында  Колчак 

үкіметімен  келіссөздер  жүргізді.  А.

Байтұрсынұлының ұсынысымен 1919 

ж. екінші жартысында Қазревком мен 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

225


Батыс  Алашорда  арасында  келіссөз-

дер жүргізу мәселесі қаралды. Осы ж. 

желтоқсан  айында  Қазревком  өкіл-

дері Ж. және Х.  Досмұхамедұлыла-

рымен  келіссөздер  жүргізуге  барды. 

Бұл келіссөздер барысында Алашор-

да  жағы  Қазревком  тарапынан  қой-

ылған ұсыныстарға нақты жауап ай-

тпағанын байқаймыз. 

Келіссөздер  туралы  Сібір  авто-

номиясының  министрлер  кеңесіне 

баяндау хаты – Алашорда үкіметінің 

1918 ж. 13/26 шілдедегі хаты. Алашор-

да  төрағасы  Ә.Бөкейхан,  мүшелері 

М.Тынышбаев,  Х.Ғаббасов  қол  қой-

ған бұл хатта Алаш автономиясы мен 

Сібір  үкіметі  арасындағы  қарым-қа-

тынас,  Ақпан  төңкерісінен  кейінгі 

қалыптасқан  ахуал  сөз  етіледі.  Хат-

та Бөкей ордасы, Орал, Ақмола, Се-

мей, Жетісу, Сырдария обл.-тарында 

және Ферғана, Самарқанд, Амудария 

обл.-тарындағы қазақ у.-дерінде, Ал-

тай губерниясындағы қазақтар тұра-

тын  аймақта  территориялық-ұлттық 

автономия  құру  жайы,  ол  автоно-

мияның  «Алаш»  аталатындығы, 

Алашорданың  халық  кеңесі,  халық 

милициясы  жөнінде  айтылған.  Со-

нымен бірге, Алаш автономиясы мен 

Сібір  үкіметінің  бір-бірін  мойындау 

қажеттігі, аралас мекемелерді сақтау 

керектігі,  Алашорда  әскеріне  Сібір 

үкіметінің  көмектесуі  т.б.  мәселе-

лер  айтылған.  Бұл  хаттағы  мәселені 

өзінің 29-30 шілдедегі, 2-3 тамыздағы 

комиссия  мәжілісінде  қарап,  Сібір 

үкіметі келісімді жауабын берген. 

Кемеңгер Қайырбек (1977, Омбы 

обл. Шарбақкөл ауд. Жанан а.) – фи-

лология  ғылымдарының  кандидаты, 

доцент (2010). 1998 ж. Абай атындағы 

Алматы  мемлекеттік  университеті 

қазақ филологиясы факультетін «Қа-

зақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығы 

бойынша  бітірді.  1998-2000  ж.  Л.Н.

Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеті қазақ әдебиеті кафедра-

сында  ізденуші-стажер.  2001-2010  ж. 

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау 

мемлекеттік  университетінде  оқы-

тушы,  аға  оқытушы,  доцент,  ректор 

кеңесшісі болып қызмет істеді. 2011–

2014  ж.  Түркі  академиясында  ғылы-

ми қызметкер, ғылым бөлімінің бас-

шысы, аға ғылыми қызметкер болып 

жұмыс атқарды. Қазіргі уақытта Л.Н. 

Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеті «Алаш» мәдениет және 

рухани  даму  институтында  ғылыми 

қызметкер. Олжабай Нұралыұлының 

шығармашылық  мұрасы  бойынша 

кандидаттық  диссертация  қорғады. 

«Омбыда  оқыған  қазақтар»  (алаш 

қайраткерлері  туралы  зерттеулер 

мен  мақалалар,  2007),  «Алаш  дәуір 

әдебиеті» (оқу құралы, 2008), «Олжа-

бай Нұралыұлы» (монография, 2010) 

еңбектердің және Ә.Бөкейхан, А.Бай-

тұрсынұлы,  М.Дулатұлы,  А.Тұрлы-

байұлы,  О.Әлжанұлы,  Ж.Ақпайұлы, 

М.Айтпенұлы, 

Ж.Аймауытұлы, 

М.Жұмабайұлы, 

Қ.Кемеңгерұлы, 

М.Әуезұлы,  С.Сәдуақасұлы,  Б.Ай-

басұлы, Қ.Тоғамбайұлы сынды алаш 

қайраткерлері  жайында  танымдық 

мақалалардың авторы.

Кемеңгерұлы  Қошке  1896  ж.  15 

шілдеде Ақмола обл. Омбы у. Теке б. 

Қаржас а. (Кемеңгеров Қошмұхамбет 

Дүйсебайұлы)  –  Алаш  қайраткері, 

ғалым,  драматург,  жазушы,  журна-

лист.   Қисықтағы Қаржаста Белгібай 

молдадан  оқыған  К-ны  әкесі  Омбы 


Алаш қозғалысы

226


приходская шко-

ласына  береді 

(Бұл  кезде  мұ-

сылманша  оқу 

орны  –  мектеп, 

медресе,  орыс-

ша  оқу  орны  – 

школа,  училище 

аталған).  Алғаш 

христиан  діні-

не  тарту  үшін  ашылған  приходская 

школалар  мұсылмандардың  ниетін 

аңғарғаннан  кейін  олардың  балала-

рын  «Божий  Закон»  сабағынан  бо-

сатқан-ды. Жас К. осы школдан орыс 

тілін,  басқа  да  пәндердің  негіздерін 

үйреніп шығады. Мұнан кейін Қ. Ом-

бының  ветеринарлық-фельдшерлік 

мектебіне түседі. Арнаулы оқу орны 

болғандықтан  мұнда  К.  зоотехника, 

медицина  негіздері  бойынша  сабақ 

алады. 1913 ж. аталған школдың екі 

сыныбын  бітіріп,  Омбы  ауылшару-

ашылық училищесіне түсуге аңсары 

ауады.  Осы  ж.  аталған  білім  орда-

сына  К.-мен  бірге  А.Әбдірахымұлы, 

С.Қазыбекұлы,  М.Саматұлы  сынды 

шәкірттер  де  түседі.  Бұлардан  бір 

жыл бұрын училищеге С.Байжанұлы, 

Б.Айбасұлы,  А.Шорманұлы  секілді 

қазақ  балалары  қабылданған  екен. 

1916  ж.  бұл  оқуға  С.Сәдуақасұлы 

түседі. К. Омбы шаһарындағы оқуға 

ұмтылған  шәкірттер  Алаш  жаста-

рының бір жерге ұйысып, топтасуы-

на мұрындық болған тәрізді. 1915 ж. 

Омбыда  «Бірлік»  атты  қазақ  жаста-

ры ұйымының құрылғандығы, оның 

1916-1918 ж. шыққан «Балапан» атты 

қолжазба  журналына  К.-ның  редак-

торлық  жасағандығы  бұл  ойымыз-

ды  шегелей  түседі.  К.-ның  халыққа 

танылуына  себепші  «Айқапта»  1915 

ж.  шыққан  бірнеше  өлеңі  мен  осы 

«Бірлік» пен «Балапандағы» қызметі 

еді.  1917  ж.  Ақмола  обл.-нда  халық 

санағын жүргізуге қатысады. 1917 ж. 

күз-қыс айларында осы обл.-та Алаш 

Орда  комитетін  ашуға  күш-жігер 

жұмсайды.  1918  ж.  «Бірлік»  ұйымы 

«Жас  азамат»  ұйымы  ретінде  қайта 

құрылғанда, оның мүшесі және ұйым 

аттас газеттің редакторы болып сай-

ланады.  1917-1918  ж.  саяси  оқиғалар 

тұсында К. сергелдеңге түскен халық 

пен оқығандардың ішінде жүрді. Бұл 

кезде заман қатал, саясат құбылмалы 

еді. Осыған қарамай Алаш зиялыла-

ры сеңдей соғылысқан жұрттың ара-

сынан  бөлінбей  мәмлегерлік  жолын 

іздеді. 1917 ж. сәуірде К. Д.Әділұлын 

ертіп, Ақмола обл.-тық қазақ комитеті 

атынан (яғни Омбыдан) Ақмола қ.-на 

келіп, уездік қазақ комитетін ашады. 

Оның  төрағасы  болып  С.Сейфол-

лаұлы  тағайындалады.  Қазақ  коми-

тетін құрушылар Ақмола шаһарында 

бірде медреседе, бірде қала басқарма-

сының үйінде жиналып, аласапыран 

заманның  қиындығынан  халықты 

қалай аман сақтап қалу жолын ақыл-

дасады.  К.  Ақмолада  Сәкен  ұйытқы 

болған  «Жас  қазақ»  ұйымының  жұ-

мысына да қатысады. Бірақ обл.-тық 

қазақ комитеті мен у. - дік қазақ ко-

митеті  арасындағы  кейбір  маңызды 

мәселелер  бойынша  туған  келіспе-

ушіліктен соң және «Жас қазақ» бас-

шылары Алаш Ордадан бойын аулақ 

салғаннан  кейін  1917  ж.  тамызда  К. 

Омбыға қайтады. Сол ж. күз, қыс ай-

ларында  К.  Ақмола  обл.-тық  Алаш 

партиясы комитетін ашуға күш-жігер 

жұмсайды.  Сөйтіп,  өзі  сол  комитет-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

227


тің  мүшесі  болады.  Желтоқсанның 

5-13  аралығында  Орынборда  әйгілі 

Алаш  Орда  үкіметін  жариялайтын 

екінші  жалпықазақ  сиезіне  делегат 

ретінде  қатысады.  Жас  тұрғысынан 

жиырмадан  енді  асқан  К.  күрестен 

де, ізденістен де шет қалмады. 1915-

1916  ж.  Омбыдағы  қазақ  жастары 

сол жағалаудағы Қаржаста жасырын 

жиналатын болса, 1917 ж. өзгерістен 

соң қала ішінде ашық мәжіліс құрды. 

Алғашқы  бас  қосулардың  нәтижесі 

– 1918-1919 ж. Алаш Ордаға қалтқы-

сыз  жәрдем  берген,  ел  бірлігі  мәсе-

лесінде  біршама  тиянақты  жұмыс 

жасаған  «Жас  азамат»  ұйымы  мен 

газеті еді. К. осы ұйымның алқасына 

кірді, оның Қызылжар қ.-нда шығып 

тұрған үні – «Жас азамат» газетіне ре-

дактор  болды.  «Қазақ»,  «Сарыарқа», 

«Абай» сынды ұлттық басылымдар-

дың ізбасары іспеттес «Жас азамат» 

бетінде  Алаштың  мұңын  мұңдап, 

жоғын  жоқтаған  мақалалар  нөмір 

құрғатпай  шығып  тұрды.  Бұл  газет 

большевиктердің  имансыз  әрекет-

терін  елге  жария  қылды.  Сондай-ақ 

қиын  кезде  жастарды  ауызбірлікке 

шақырды.  1918  ж.  аяғында  ауыл-

шаруашылығы  училищесін  бітіріп, 

1919  ж.  Ақмола  обл.-тық  (Омбы)  ха-

лық ағарту бөлімінің саны аз ұлттар 

ісі жөніндегі бөлімшесіне нұсқаушы 

болып қызметке кіреді. 1919 ж. жел-

тоқсанда  Сібір  ауылшаруашылық 

және  өндіріс  институтының  меди-

цина бөліміне оқуға түседі. Обл.-тық 

«Бостандық  туы»  (Омбы  –  Қызыл-

жар) газетіне тілші ретінде қатысып 

тұрады.  Дерек  көздері  «Бостандық 

туы»  –  Омбыда  шығып  тұрған  «Ке-

дей  сөзі»  газеті  жабылғаннан  кейін, 

1921  ж.  19  наурыздан  бастап  жарық 

көргеніне  куәлік  береді.  Бұл  газет-

тің  Омбыда  5-6  саны  ғана  шыққан. 

1921  ж.  ортасында  Ақмола  обл.  Қа-

зақстанға  қарағаннан  кейін  газет 

Қызылжарға  көшірілген.  Олай  бол-

са, қаламгер Омбыдан газетке тілші 

есебінде  қатынасқан.  1924  ж.  Орта 

Азия  мемлекеттік  университетінің 

медицина  факультетіне  ауысады. 

Ташкентте ол бірден қызметке арала-

сып кетеді. Мұнда «Ақжол» газетін-

де,  «Сана»  журналында  қызмет  жа-

сады. Сонымен бірге Орта Азия уни-

верситетінде,  Түркістан  әскери  учи-

лищесінде қазақ тілінен сабақ берді. 

Оның  «Алтын  сақина»  пьесасымен 

1926 ж. 13 қаңтарда Қазақ мемлекет-

тік  ұлттық  театрының  ресми  шы-

мылдығы ашылған. 1924 ж. Мәскеу-

де басылған «Қазақ тарихынан» атты 

еңбегінде бодандық тұсындағы тарих 

зерделенген.  Жазушы  проза,  драма-

тургия, әдебиеттану, тіл білімі, педа-

гогика  саласына  елеулі  үлес  қосты. 

1930  ж.  ОАМУ  (САГУ)  аспиранты 

болып  жүрген  жерінен  М.Әуезовпен 

бірге тұтқындалды. Екі жыл Алматы 

абақтысында отырып, 1932 ж. Украи-

наның Валуйкіне жер аударылды. Бұ-

дан 1935 ж. босанды. Оған Омбының 

Шарбақкөліне тұруға рұқсат берілді. 

Осында  аудандық  ауруханада  дәрі-

гер болып қызмет жасады. 1937 ж. 7 

тамызда қайта ұсталып, 21 қарашада 

Омбы қ.-нда атылған.



Кемпірбаев  Ысқақ  (1899  ж.  Се-

мей обл. Абыралы ауд. №2 а. – 1931 

ж.)  –  Алаш  қозғалысының  қайрат-

кері.  Қазіргі  Шығыс  Қазақстан  обл. 

Абыралы  ауд.  1931  ж.  болған  шару-

алар  көтерілісінің  басшысы.  1918  ж. 



Алаш қозғалысы

228


Семейдегі  Алаш  әскери  жасағына 

өз  еркімен  жазылып,  қатардағы  жа-

уынгер ретінде қызмет еткен. Кеңес 

өкіметі  ж.  К.  Абыралы  аудандық 

дайындау  мекемесінің  2,  4  ауыл-

дарындағы  агент  қызметін  атқар-

ды.  Шаруа  қожалықтарын  жаппай 

ұжымдастыру  ж.  ндағы  зорлық-зом-

былыққа  К.  үнемі  наразылық  біл-

діріп  отырды.  Елдің  бар  малы  тәр-

кіленіп, халық ашаршылыққа душар 

болғанда  өкіметтің  Абыралы  ауда-

нына  түсірген  ет  тапсыру  жоспары-

на  наразы  болған  аудан  шаруалары 

жаппай  толқып,  оның  арты  1931  ж. 

ақпанда  көтеріліске  ұласады.  Абы-

ралы ауд.-ның Томар, Аққора (қазіргі 

Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. «Ең-

бек», «Прогресс» а.), Жорға, т.б. жер-

лерінде 300-ден астам шаруа бірігіп, 

үкіметке бағынбай көтеріліске шыға-

ды. Көтеріліс басшысы К. үкімет ал-

дына  зорлық-зомбылықты  тоқтату, 

елден тартып алынған малды қайта-

ру,  етке  тапсырылған  мал  өтемақы-

сын төлеу талаптарын қояды. 1931 ж. 

15 ақпанда көтерілісті басуға келген 

аудандық  ОГПУ  бастығы  А.Жама-

летдинов,  оның  орынбасары  А.Каи-

горцев пен аудандағы өзге де басшы 

қызметкерлерден  тұратын  20  адам-

дық  қарулы  отрядты  көтерілісшілер 

қоршап алып, ұзақ атыстан соң бәрін 

қолға  түсіреді.  1931  ж.  қарашада  кө-

теріліс  басшысы  К.  серіктестерімен 

бірге ОГПУ үштігінің үкімі бойынша 

Семей түрмесінде атылды.



1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал