Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.
Pdf просмотр
бет30/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69

Ибрагимов  Шаһмардан  Ми-

расұлы  –  журналист,  этнограф,  ди-

пломат.  1840  ж.  Көкшетау  өңірін-

де  туған.  Омбы  кадет  корпусында 

оқыған.  1850  ж.  Көкшетау  округтық 

приказында аға сұлтан Шыңғыс Уә-

лихановтың хатшысы. 1863-67 ж. Ом-

быдағы  қазақ  мектебінде  оқытушы, 

1867 ж. кейін Ташкентте генерал-гу-

бернатордың  парсы  және  түркі  тіл-

дерінен  аударма  жасайтын  тілмашы 

болып  жұмыс  істейді.  1870  ж.  оған 

қазақ,  өзбек  тілдерінде  шығатын 

«Түркістан  уәлаятының  газетінде» 

редакторлық ету жұмысы тапсырыл-

ды. Бұл қызметтерді ол 1890 ж. дейін 

атқарады.  Сол  ж.  Джидда  қаласын-

дағы Ресейдің консулы болып тағай-

ындалып,  осында  1891  ж.  қайтыс 

болды. Шаһмардан Шоқан Санкт-Пе-

тербордан  елге  оралғанда  қасында 

жүрген.  Кейін  1904  ж.  қолжазбала-

рын қайта көшіріп, баспаға дайындап 

кеткен. Алтынемелдегі Ш.Уәлиханов 

зиратының  басына  ескерткіш  қоюға 

ұйытқы  болған.  1870  ж.  Шаһмардан 

Орыс  география  қоғамының  Таш-

кенттегі  түркістандық  бөлімін  ұй-

ымдастырады.  Ол  қазақ  халқының 

өмірі  мен  тұрмысы,  әдет-ғұрпы  ту-

ралы ғылыми еңбектер жазды. Оның 

«Қазақтың  мақал-мәтелдері  мен 

жұмбақтары»  (1868),  «Қазақ  халқы-

ның  этнографиялық  очеркі»  (1872), 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

215


«Қазақ  тіліндегі  кейбір  термин  сөз-

дердің  түсіндірмесі»  (1873),  «Қазақ 

молдалары  туралы»  (1874),  «Қазақ 

тұрмысының  очеркі»  (1876),  «Қа-

зақ соты туралы заметка» (1878) т.б. 

мақалалары  Орыс  география  қоға-

мының жинақтары мен мерзімді бас-

пасөзде жарияланған. 



Ибрагимов Шаһмұрат Мирасұлы 

(1838,  Көкшетау  өңірі  -  1881,  Таш-

кент) – аудармашы, журналист. Омбы 

кадет корпусында оқыған. 1854 ж. Пе-

тропавл қалалық полициясында, 1870 

ж. Сырдария облыстық басқармасын-

да  аудармашы,  1872  ж.  Түркістан  ге-

нерал-губернатор әкімшілігінде аудар-

машы, 1880 ж. генерал-губернатордың 

аудармашысы  болды.  И.  інісі  Ш.И-

брагимов  дипломатиялық  жұмыспен 

іссапарда  болған  кезінде  «Түркістан 

уәлаятының  газетінде»  жұмыс  істеп, 

аталған газеттің шығарушысы ретінде 

қол  қойып  жүрді.  Екеуінің  аты-жөні 

ұқсас болғандықтан, кейбір құжаттар-

да  Шаһмарданның  тындырған  істері 

Шаһмұратқа  телінген  жағдайлар  да 

кездеседі. 

Иманғазиев Төлеген (1874, б.Орал 

обл.,  Ілбішін  уезі,  Жақсыбай  б.,  Ай-

тқали а. – 15.02.1938) – ағартушы-пе-

дагог, Алаш қозғалысына қатысушы. 

Әкесі  Иманғазы 

Ора л-Жымпи-

ты-Ойыл  жолы 

бойындағы  Қа-

рақұдық  деген 

жерде  лау  ауы-

стыратын  бекет 

ұстаған дәулетті 

адам. 

Т.И.Гу-


рьев  уезіне  қа-

расты Есбол (Индер) екі кластық бо-

лыстық  мектебін  бітірген  соң  (1887) 

Орал  қалалық  екі  кластық  орыс-қа-

зақ  училищесін  тәмамдады  (1890). 

1890-1894  ж.  аралығында  Орынбор 

орыс-қазақ  мектептері  мұғалім-

дері  мектебінде  оқып,  оны  «Халық 

мұғалімі»  атағымен  үздік  бітірді. 

Торғай облысындағы Әулиекөл болы-

стық орыс-қазақ мектебінде мұғалім 

(1894-1896),  Орынбор  орыс-қазақ 

мектептері  мұғалімдері  мектебінің 

дайындық  класының  оқытушысы 

(1896-1904). 1904-1917 ж. аралығында 

елде мұғалім болып істеді, кейінірек 

болыстық управитель болып сайлан-

ды.  1917  ж.  Ақпан  революциясынан 

соң  жергілікті  өзін-өзі  басқару  жүй-

есін құру, земстволық оқу-ағарту ісін 

жолға  қою  ісіне  белсене  қатысты. 

1918  ж.  ақпанда  Қаратөбеде  өткен 

ІІІ  Орал  Қазақ  облыстық  сиезінің 

делегаты.  1920-1929  ж.  аралығында 

ауылда  шаруашылықпен  шұғылдан-

ды. 1929-1938 ж. аралығында Жақсы-

бай  орталау  мектебінде  жағырафия, 

орыс  тілі  және  еңбекке  баулу  пән-

дерінен  сабақ  берді.  1937  ж.  ақпан-

да  «діни  қайраткерлер  Құрманғали 

Қуанышқалиев,  Хасан  Нұрмағамбе-

товпен  байланыс  жасады»  деген  ай-

ыппен тұтқынға алынып, 1938 ж. 15 

ақпанда  бұрын  болыс  болып,  Батыс 

Алашорда қызметіне қатысқаны үшін 

Орал түрмесінде тылды. И. әулетінен 

ұстаз-мұғалімдер көп шықты. Неме-

ресі Қайыржан Хасанов – белгілі өл-

кетанушы, журналист.

Имаханбет  Райхан  Сахыбекқы-

зы (09.03.1967 ж., Оңтүстік Қазақстан 

обл., Отырар ауд., Шытты а.) – ахмет-

танушы ғалым, филология ғылымда-

рының кандидаты (2007). Ол 1974 ж. 



Алаш қозғалысы

216


«Восход»  бастауыш  мектебіне  қа-

былданып, 1984 ж. «Ильич» орта мек-

тебін бітірген. Еңбек жолын совхозда 

қарапайым  жұмысшыдан  бастаған. 

Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педа-

гогикалық  университетінің  филоло-

гия факультетін 1996 ж. бітірген. Ол 

оқытушылық  еңбек  жолын  1996  ж. 

Қажымұқан  Мұңайтпасов  атындағы 

Республикалық спортта дарынды ба-

лаларға  арналған  мектеп-интернатта 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ 

беруден  бастайды.  2006  ж.  «А.Бай-

тұрсынұлының  өмірбаяны,  шығар-

машылығы  (мұрағат  деректері  не-

гізінде)» атты кандидаттық диссерта-

ция қорғаған. Ғалымның бес томдық 

(2003-2006), алты томдық (2012-2013) 

шығармалар  жинағын  құрасты-

рушылардың  бірі,  әрі  редакторы. 

Алаш арыстарының мұрасына қаты-

сты  80-ге  жуық  танымдық,  40-тан 

аса  ғылыми  зерттеу  мақалалардың 

авторы. 2005 жылдан Ахмет Байтұр-

сынұлы  мұражай-үйінің  директоры. 

2008-2013 ж. Алматыдағы Халықара-

лық бизнес университетінің доценті, 

2014 ж. 2 ақпанынан Шет тілдер және 

іскерлік  карьера  университетінің 

Ғылым және тәрбие істері жөніндегі 

проректоры  болып  қызмет  атқарды.  

И.  «Ғасыр  саңлағы:  Ахмет  Байтұр-

сынұлының  шығармашылық  ғұмы-

рбаяны» атты монографияның (2010), 

«Ұлағатты ұлт ұстазы» атты анықта-

малық-көрсеткіштің  (2010)  авторы. 

«Түркістаннан  Анадолыға  түрік  ис-

лам әдебиеті» оқу құралының (2014) 

редакторы,  «Майқы  би,  Жасау  ізі 

шыңғысшылдықтың 

бастаулары: 

қазақ  билері  шежірелеріндегі  Тұран 

халқының  тарихы»  атты  зерттеудің 

(2014)  бас  редакторы.  ҚР  Жоғары 

оқу  орындары  қауымдастығының 

«Саңлақ автор» номинациясы бойын-

ша А.Байтұрсынұлы Күміс медалінің  

иегері (2010). 



Ипмағамбетов  Әмірғали  (1903 

ж.т.,  б.Орал  о.,  Орал  у.,  Қароба  б., 

Бұлақсай  а.,  қ.Теректі  ауд.  –  1992) 

–  Жайық  өңіріндегі  революциялық 

қозғалысқа  қатысушы.  Белгілі  рево-

люционер  М.Ипмағамбетовтің  бала-

сы.  1911-1915  ж.  Қароба  орыс-қазақ 

мектеп-интернатында оқыды. 1915 ж. 

немере  ағасы  Нұрғали  Ипмағамбе-

товтің  атына  жазылып,  майдандағы 

әскери  дәрігердің  баласы  ретінде 

Орал  реалдық  әскер  училищесіне 

қабылданды. 1918 ж. басында учили-

щенің 2 класын толық бітірместен те-

гін оқытатын Орал кешкі қазақ гим-

назиясына ауысты. 1917 ж. гимназия 

оқушылары А.Арғыншиев, Ғ.Ниязов, 

С.Жетімековтермен  бірге  Оралдағы 

қазақ  шәкірттерінің  «Ақ  ниет»  өза-

ра  көмек  ұйымына  кірді.  Мәдени 

міндеттерге  қоса  саяси  мақсатты  да 

көздеген  айтылмыш  жастар  ұйымы 

құрамында  Алаш  қозғалысына  үн 

қосты. 1918 ж. сәуірдегі Орал жұмыс-

шы,  шаруа,  солдат  және  қазақ  депу-

таттарының І сиезіне қатысты. Орал 

совдепі  казактар  тарапынан  қуып 

таратылғаннан  кейін  оның  Орал  қа-

ласы  төңірегіндегі  Федоровка,  Бог-

дановка  селоларында  жасырынып 

жатқан  мүшелері  М.Ипмағамбетов, 

С.Арғыншиев,  Ә.Әйтиевтердің  ара-

сында  байланысшы  болды.  1918  ж. 

сәуірде Досмұхамедовтер делегация-

сы  Саратовта  қабылдаған,  кейінірек 

ұшақ  арқылы  таратылған  «Қазақ 

халқына үндеуді» тауып, айтылмыш 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

217


үштікке әкеліп берді. 1918 ж. Орал гу-

бревкомының ұйғаруымен осы үштік 

құрған  қарулы  жасаққа,  құрамына 

Батырбек  Әлжанов,  Мұхамбетқали 

Мұқанов,  Бертілеу  Шөкеев,  Есенға-

ли  Досжанов,  Келмағамбет  Серға-

зиев, т.б. кірген барлау тобының жұ-

мысына  қатысты.  1919  ж.  маусым 

айында  Керей  Есенғалиев  бастаған 

Алаш  милиция  отряды  М.Импағам-

бетов болып тұтқындаған кезде жар 

астындағы  қалың  кендірге  жасыры-

нып,  қашып  құтылды.  1919  ж.  Орал 

губревкомы  жанындағы  үгітшілер 

курсында  оқыды.  1919-1920  ж.  Орал 

гусревкомы  Ұлт  істері  жөніндегі 

коллегиясының  нұсқаушысы.  20-ж. 

Жайық өңірін кеңестендіру ісіне бел-

сене  қатысты.  1924  ж.  Гурьев  уезіне 

қарасты Доссор РК(б)П аудандық ко-

митетінің  хатшысы.  30-ж.  Қараған-

ды  облысында  аудандық,  облыстық 

деңгейде  әртүрлі  қызмет  атқарды. 

1936  ж.  ақпанда  Батыс  Қазақстан 

облысы  Жәнібек  ҚК(б)П  аудандық 

комитетінің бірінші хатшысы болып 

тағайындалды. 1937 ж. «халық жауы 

І.Құрамысовпен  байланыста  болды 

және  Батыс  Алаш-Ордаға  қатысқан 

әкесін кеңес қызметкері етіп көрсет-

ті»  деген  айыппен  қызметтен  боса-

тылып, партиядан шығарылды. 1938 

ж.  «бұдан  әрі  партиялық  жұмыстан 

аулақтатылып,  шаруашылық-кеңес 

қызметінде  пайдаланылсын»  деген 

шешіммен  партияға  мүшелігі  қал-

пына  келтірілді.  Жайық  өңіріндегі 

революциялық  қозғалыс  тарихына 

қатысты  жазылған  бірнеше  мақала, 

естеліктердің  авторы.  1959  ж.  Батыс 

Қазақстан  облысы  Тайпақ  ауданына 

қарасты  Базартөбе  ауылы  маңынан 

әкесі М.Ипмағамбетов жерленген қо-

рымды тапты. 



Ипмағамбетов  Нұрғали  (1883, 

б.Орал  обл.  Орал  у.  І  Қараоба  б. 

Төлектөбе а. қ.Теректі ауд. – 13.8.1922) 

– жоғары білімді алғашқы қазақ дәрі-

герлерінің бірі, Алаш қозғалысының 

қайраткері.  Әкесі  Ипмағамбет  орта 

шаруалы адам болған. 1896 ж. Қарао-

ба болыстық төрт класты орыс-қазақ 

мектебін мақтау грамотасымен бітір-

ген соң, ағасы, кейін Жайық өңірінде 

революциялық  қозғалысқа  белсене 

қатысқан М. Ипмағамбетовтің көме-

гімен  және  Қараоба  болыстық  мек-

тебінің  директоры  В.Романовтың, 

Б.Қаратаевтың  қолдауымен  Орал 

реальдық  әскер  училищесіне  түсті. 

Училищеде  жүргенде  «Уралец»  га-

зеті  баспаханасының  әріп  терушісі, 

татар  әдебиетінің  болашақ  классигі 

Ғабдолла  Тоқаймен  танысып,  доста-

сты.  Ғ.Тоқай  бірнеше  рет  Қараобада, 

И.  ауылында  болды.  И.  реальдық 

училищені  1905  ж.  алтын  медаль-

мен  бітіріп,  біржылдық  жоғары  оқу 

орнына  әзірлейтін  курстан  өткен-

нен  кейін  1904  ж.  Санкт-Петербург 

әскери-медициналық  академиясына 

түсті. Бірінші орыс революциясы тұ-

сында студенттер толқуына қатысқа-

ны үшін оқудан шығарылды. Төрт ай 

түрмеде  отырған  соң  академияның 

озық  ойлы  оқытушыларының  талап 

етуімен  оқуға  қайта  қабылданып, 

оны 1911 ж. бітіріп шықты. 1911-1913 

ж.  Термез  қ.-нда  дәрігер,  Түркістан 

атқыштар  дивизиясының  113-пол-

кінде аға дәрігер. Медициналық қы-

змет  подполковнигі  әскери  атағы 

берілді. 1914 ж. І дүниежүзілік соғыс 

басталған  кезде  Кавказ  майданына 



Алаш қозғалысы

218


жіберілді. 1915 ж. «Қазақ» газеті Кав-

казда, майданда жүргенде екі қайтара 

сүзек болып ауырып, екі ай демалыс 

алып  елге  келгенін  хабарлады.  1916 

ж.  айтылмыш  майдандағы  орыс  ар-

миясының Бас хирургі болып тағай-

ындалды. Осы ж. күзде медициналық 

қызмет полковнигі атағын алды. 1917 

ж.  басында  бірнеше  дәрігер  болып 

бірқатар  жауынгерді  жарамсыз  деп 

әскер  қатарынан  босатқаны  үшін 

тұтқындалып,  Сібірге  жер  аударыл-

ды. Сібірден Ақпан төңкерісінен соң 

оралды, елге келіп, Алаш қозғалысы-

на  араласты.  1917  ж.  шілдеде  Ойыл 

бекінісінде  өткен  ІІ  Қазақ  Орал  об-

л.-тық  сиезіне  Қараоба  болысынан 

делегат  болып  қатысты.  Айтылмыш 

сиез  аясында  өткізілген  земство  ме-

кемелерін сайлаушылар жиналысын-

да Орал у - дік земство управасының 

мүшесі  болып  сайланды.  1917  ж. 

шілдеде өткен І Жалпықазақ сиезін-

де Орал обл.-нан Құрылтай жиналы-

сына  депутат  кандидаттығына  ұсы-

нылды және Алаш партиясы атынан 

Құрылтай жиналысы депутаттығына 

сайланды. Сол ж. күзге қарай Досмұ-

хамедовтерге  қарсы  топты  бастаған 

Ғ.Әлібековке  жанасып,  қыркүйек-

те  онымен  бірге  Мәскеу,  Петроград 

қ.-нда болды. Оралғаннан кейін ауыл 

интеллигенциясы  өкілдерінен  өз-

дерімен  пікірлес,  жақтас  топ  құрды. 

1917  ж.  желтоқсанда  ІІ  Жалпықазақ 

сиезіне  Орал  обл.-нан  делегат  бо-

лып  қатысты.  Сиезде  Алаш  автоно-

миясын  дереу  жариялауды  жақтап 

дауыс  берді.  1918  ж.  қаңтарда  Қа-

ратөбе кентінде өткен ІІІ Қазақ Орал 

обл.-тық  сиезіне  қатысты.  Сиездегі 

идеялық  емес,  топтық  дүрдараздық 

кезінде Ғ.Әлібеков тобы жағында «Ақ 

жол»  ұйымының  құрамына  кірді. 

Қаратөбе  сиезінен  соң  Орал  қ.-лар-

на келіп, Орал обл.-тық Солдат, жұ-

мысшы,  шаруа  және  қазақ  депутат-

тарының құрылтай сиезіне қатысты, 

обл.-тық  Совдеп  атқару  комитетінің 

денсаулық  сақтау  комиссары  болып 

сайланды. Орал Войско үкіметінің 29 

-  наурызға  қараған  түнгі  төңкерісі-

нен кейін Темір у.-не келді. «Ақ жол» 

тобының мүшелері А.Кенжин, С.Қа-

ратілеуов  және  Ғ.Есенғұловпен  бірге 

сөз жүзінде Темір уездік атқару коми-

тетінің  халық-шаруашылығы  бөлімі 

деп  аталған,  іс  жүзінде  земстволық 

управа қызметін атқарған жергілікті 

басқару  органының  жұмысына  қа-

тысты.  Айтылған  қайраткерлермен 

бірге  Ташкенттен  келе  жатқан  М.

Шоқайдың Орал, Орынбор бағытына 

өтуін ұйымдастырды, ақ казактардан 

қашып, Темір, Ақбұлақ маңына кел-

ген Ә.Әйтиев, М.Ипмағамбетовтерге 

көмектесті. 1918 ж. жазда Ақтөбе май-

данында  Зиновьев  басқарған  Қызыл 

армия  жеңіске  жетіп,  Темір,  Жұрын 

атырабы Фогельдің «Тарбо» отряды-

ның  қолына  көшкеннен  кейін  елге, 

Оралға қайтты. Сол ж. тамыз айында 

жергілікті  қазақ  атқару  комитеттері 

мен Алаш партиясы атынан Самара-

дағы Құрылтай жиналысы мүшелері 

комитетіне (Комуч) мүше болып кір-

ген  11  Алаш  қайраткерінің  бірі.  Қа-

зақ  атқару  комитеті  атынан  кірген 

Ғ.Әлібековпен бірге Комучтен қаржы 

алып, Жайық өңірінде Самара коми-

тетінің  билігін  нығайту  жолындағы 

үгіт-насихат  жұмысымен  шұғыл-

данды.  Комуч  пен  Сібір  Уақытша 

үкіметінің  1918  ж.  қыркүйекте  Уфа-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

219


да өткен мәжілісіне қатысты. Сол ж. 

қыркүйекте  Комуч  тарапынан  Ала-

шорданы  тану  жөнінде  декларация 

қабылданып,  Уфа  мәжілісінен  кейін 

ресми  түрде  Алаш  автономиясының 

батыс бөлігін басқару жөніндегі Ала-

шорда бөлімшесі (Батыс Алаш Орда) 

құрылғаннан  кейін  жаңа  ұлттық 

мемлекеттік  құрылымның  Уақытша 

Бүкілресей  үкіметінің  (Директория) 

саясатын  жүргізу  жағында  болды. 

1919 ж. жазда Батыс Алашорда үкіметі 

И. қалаған қызметін атқаруды ұсын-

ды.  Ұсыныстың  жүзеге  асуына  май-

дандағы текетірес жағдай және ағасы 

М.Ипмағамбетовтің  Казак  Войско 

үкіметі қысымымен Батыс Алашорда 

тарапынан тұтқынға алынуы кедергі 

жасады. 1919 ж. күзге салым Орал қ.-

на келіп, РК(б)П қатарына өтуге арыз 

берді. Сол ж. қарашада Қызыл армия 

ақ  казактардан  босатқан  Жымпиты, 

Қаратөбе атырабына дәрігерлік-сани-

тарлық  отрядты  бастап  келіп,  ауыл-

дарда етек алған сүзек індетіне қарсы 

санитарлық  өңдеу,  індет  ошақтарын 

жою  шараларын  ұйымдастырды, 

Жымпитыда,  Қаратөбеде  стационар-

лық  емдеу  лазареттерін  ашты.  1919 

ж.  желтоқсанда  Қазәсревкомның 

ұсынуымен  Орал  обл.-тық  ревкомы 

тарапынан  Орал  обл.-тық  денсаулық 

сақтау  бөлімі  меңгерушісінің  орын-

басары  болып  тағайындалды.  Қазә-

сревкомның  1920  ж.  24  маусымдағы 

шешімімен  Орал  губревкомының 

жаңа  құрамына  мүше  болып  енді. 

РК(б)П  Қазақ  обл.  -тық  бюросы  сол 

күнгі  мәжілісінде  оны  осы  құрамда 

қалдырды.  ҚАКСР  Кеңестерінің 

1920  ж.  құрылтай  сиезінде  ҚАКСР 

ОАК  мүшесі  болып  сайланды. YІІІ 

Бүкілресейлік  Кеңестер  сиезіне 

делегат  болып  қатысты.  Кейінірек 

денсаулығының 

нашарлануына 

байланысты қызметтен босатылып, 

ауылда  шаруамен  айналысты.  1922 

ж.  13  тамызда  қайталап  соққан  сү-

зектен қайтыс болды. 



Итбаев Ережеп (1883 – ө.ж.б.) – 

Алаш  қозғалысының  қайраткері. 

Омбы гимназиясында оқыған. Том-

скі  университетінде  бір  ж.  білім 

алған. 1897-1898 ж. Қарқаралы, Ке-

реку у.-дерінің жер мәселесін зерт-

теуге шыққан Ф.А. Щербина экспе-

дициясының  құрамында  болады. 

1900-1917 ж. Қарқаралы у. бастығы-

ның  кеңсесінде,  Ақмола  округтік 

сотында  аудармашы  болады.  1917 

ж.  басында  өз  еркімен  қызметтен 

босап,  Алашорда  жұмыстарымен 

айналысады.  1917  ж.  сәуір-мамыр 

айларында  Ақмола  қазақтарының 

сиезін ұйымдастырушы және басқа-

рушы.  Алашорданың  Ақмола  об-

л.-тық комитетінің белсенді мүше-

сі. Алаш партиясының Омбы қ.-лық 

ұйымынан Бүкілресейлік құрылтай 

жиналысына депутаттыққа ұсыны-

лады. Томскі қ.-нда 1917 ж. 8-15 қа-

занда  өткен  Жалпысібірлік  сиезін-

де  Алаш  автономиясының  Халық 

кеңесіне  кандидат  болып  сайлана-

ды.


«Иттифак 

Әл-Муслимин» 

(«мұсылмандар  ынтымағы»,  «мұ-

сылмандар  одағы»)  –  1905  ж.  Ре-

сей мұсылмандарының одағы, 1906 

ж.  Ресей  мұсылмандарының  сая-

си  партиясы  ретінде  құрылды.  Бұл 

партияны  құру  идеясы  бүкілре-

сейлік  мұсылмандардың  бірінші 

сиезінде  көтеріліп,  оның  бағдар-


Алаш қозғалысы

220


ламасы  мен  жарғысын  әзірлеу  Ә. 

Топчибашев  пен  Ә.  Ибрагимовке 

жүктелген.  Бүкілресейлік  мұсыл-

мандардың  ІІ  сиезінде  партияның 

23 тармақтан тұратын жарғысы қа-

былданды.  Жарғы  бойынша  парти-

яның 16 қ.-да, соның ішінде Орын-

борда,  Астраханда,  Оралда,  Омбы-

да, Ақмешітте, Семейде, Верныйда, 

Ташкентте, Ашхабадта, Уфада, Қа-

занда,  Мәскеуде,  Бакуде  бөлімше-

лері  құрылатын  болды.  Партияның 

бағдарламасы  бүкілресейлік  мұ-

сылмандардың ІІІ сиезінде бекітіл-

ді. Партия әлеуметтік жігіне, ұлты-

на қарамай барша мұсылмандардың 

бірігуі мен Партияның 15 мүшеден 

тұратын  Орталық  комитеті  болды. 

Оның  құрамында  Ә.Топчибашев, 

И.Гаспаралы,  Ә.Ибрагимов,  М.Би-

гиев  секілді  қайраткерлермен  бірге 

қазақ  зиялыларынан  С.Жантөрин 

мен  Ш.Қосшығұл  сайланды.  Ре-

сейдегі  либералдық  өзгерістерді 

жақтады. 1907 ж. дейін өмір сүрді. 

Партияның платформасы конститу-

циялық-демократиялық  партияның 

(«Кадет»)  платформасына  қатты 

ұқсас.  Партия  мына  мақсаттарды 

көздеді:  Ресейдің  барлық  мұсыл-

мандарын бір қозғалысқа біріктіру; 

билік  жүйесіне  әрбір  ұлт  өкілдері 

тең  қатысқан  демократиялық  мо-

нархия орнату; мұсылман мен орыс 

халқына  бірдей  құқықтық  теңдік 

қалыптастыру; 

мұсылмандардың 

мәдениеті  мен  білімін  көтеру.  Бұл 

партияға  кіргендердің  арасында 

І  Мемлекеттік  Дума  депутаттары 

болды. Алайда партия ішіндегі пікір 

қайшылығы  мен  патша  өкіметінің 

арандатушылық  әрекеті  ұйым  жұ-

мысын тығырыққа тіреді. Осы пар-

тия  мүшелерінің  басым  салмағы 

жәдитшілдер еді.



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

221


К

Кадет  партиясы    Ресейде  1905-

1917  ж.  жұмыс  істеген  конститу-

циялық-демократиялық 

партия. 


Бұл  партия  құрамында  Ә.Бөкейхан 

болған.  Оның  «Мен  Кадет  партия-

сынан неге шықтым?» деген мақала-

сы  бар.  Бұл  мақаласында  ол  «Кадет 

партиясы  ұлт  автономиясына  қар-

сы. Біз Алаш ұранды жұрт жиылып, 

ұлт  автономиясын  тікпек  болдық» 

дей  келеді  де  Кадет  партиясының 

жолы  ұлттық  мемлекет  жолымен 

қиыспайтынын  айтып:  «Мен  сонан 

соң  қазаққа  Алаш  партиясын  ашуға 

тырыстым. Мұны мен июльдегі Жал-

пықазақ сиезінде айтқан едім» деген 

болатын. 



Кадеттер  –  Конституциялық-де-

мократиялық  партия  (КДП)  мүше-

лері. Партия «Азаттық одаққа» мүше 

либералды зиялы қауым өкілдерінің 

тобынан  бастау  алады.  Бұл  «Азат-

тық одақ» 1902 ж. патшалық билікке 

қарсы конституциялық енгізу мақса-

тында құрылған және көбіне земство 

қызметкерлерінен  тұратын.  1904-

1905  ж.  қозғалыс  земстволық  және 

қалалық  қызметкерлер  сиездерінде 

кеңейтіліп,  1905  ж.  12-18  қазан  күн-

дері  құрылтай  сиезде  партия  болып 

құрылды.  Кадеттер  1917  ж.  Ақпан 

төңкерісінде  монархияны  сақтап  қа-

луға  күш  салса,  көп  ұзамай  сол  ж. 

болған Қазан төңкерісі кезінде респу-

бликалық  жүйені  жақтады.  1917  ж. 

жазда  кадеттер  әскери  диктатураны 

қолдап, Л.Г.Корниловтың әскери төң-

керісін  ұйымдастыруға  көмектескен 

еді. Төңкеріс сәтсіздікпен аяқталған-

нан кейін олар Уақытша үкімет құра-

мынан шығарылды. Қазан төңкерісі-

нен  соң  Кеңестер  билігіне  қарсы 

күрес  бастаған,  сол  үшін  Кеңестер 

билігі оларды «халық жауы» деп жа-

риялап,  қуғынға  ұшыратты.  Ресей-

де  кадеттер  ақтар  үкіметінің  негізін 

құрады. Партия ХХ ғ. 20 ж. эмигра-

цияда жүріп басты рөлді атқарды.


жүктеу 6.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет