Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет3/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69

«Азамат»  серіктестігі  –  Орын-

борда  1913-1918  ж.  «Қазақ»  газетіне 

құрылтайшы, демеуші болған серік-

тестік. Оны құрған, қалыптастырған 

– ұлт зиялылары. Серіктестік жарна-

сы  100  сом  болып  белгіленген.  1917 

ж.  оның  мүшесі  106  адамға  жеткен. 

Сол  кездің  заңдылығына  сәйкес, 

мемлекет  қаржыландырмайтын  ба-

сылымдар осындай серіктіктің көме-

гімен жұмыс істеген. Тарихтан мәлім 

жайт,  «Қазақ»  патшалық  саясатқа 

қарсы  мақалалары  үшін  4-5  мәр-

те  үлкен  айыппен  жабылған.  Сонда 

оның қайта ашылуы үшін төленетін 

мол  қаржыны  (бір  деректе  «әр  кез-

дері 50, 1500, 3000, 4550 сом айыппұл 

тағылғаны» айтылады) ұлт ауқатты-

лары берген. «Қазақ» газетінде А.с.-

не шамасына қарай жарналық қаржы 

аударып, мүше болған азаматтардың 

аты-жөні үзбей жарияланып тұрған.



 «Азып-тозып кетпеске не амал 

бар?»  -  Ж.  Сейдалиннің  «Айқап» 

журналында жарияланған мақаласы. 

Бұл  сиез  шақыру  жөніндегі  мейлін-

ше  толымды,  мейлінше  мақсатты 

алғашқы  жарияланым  еді.  Мақала-

сында  автор  қазақ  халқының  отар-

шылдық  кезіндегі  ахуалын  талдай 

келіп,  ендігі  жерде  бас  қосып  отар-

шыл  үкіметке  халықтың  жағдайын 

көтеруге  байланысты  талап  қою  қа-

жеттігін  беріле  жазады.  Елдің  күй-

ін  түзеу  үшін  оқығандар  кеңесу  қа-

жет, кеңесу үшін сиез ашу керектігін 

алға  тартады  да,  сиез  ашудың  қа-



Алаш қозғалысы

18

жеттігін  төмендегідей  себептермен 



түсіндіреді:  «  1.  Істің  ең  қиын  жері 

рұхсат  алу,  іздену,  Хакіммен  үркіт-

пей,  шошытпай  жақсы  қалыппенен 

сөйлесу.  Бұл  сиез  турасында  бөтен 

хакім қанағат ететіндерден талапкер 

шықпаса,  мен  Аллаға  сыйынып  өз 

міндетіме алайын; 2. Бас қосу Орын-

бургта  болсын;  3.  Әр  болыстан  екі 

болыс  сайланып  келсін;  4.  Нендей 

сөздер  сиездің  қарамағына  түседі? 

(Бағдарлама).  Әрине  ол  программа 

хакімге  көрсетіледі.  Министр  бекі-

теді,  программаға  жазылатын  лай-

ық сөздерді әуелі «Айқап» һәм «Қа-

зақты»  бетіне  жазып  салыстырарға 

керек: «Ханда қырық кісінің ақылы 

бар»  деп  бабаларымыз  айтып  кет-

се  де,  ақылға  ақыл  қосылсын,  сөз-

ден  сөз  тусын;  5.  Менің  бұл  жазған 

сөзімді  мақұлдаған  яки  бұл  турада 

айтатұғын  ақылы  болған  азамат, 

атқа  мінген  ел  ағасы  һәм  халыққа 

сөзін тыңдататұғын мола, хазіреттер 

болатұғын  болса,  олардың  бәрінен 

өтінемін:  маған  хат  жазып  білгенін 

айтсын».  Бұл  мақаланың  негізгі  кө-

терген  мәселелері  «Айқапта»,  «Қа-

зақта»  келелі  тақырыпқа  айналды. 

Ұлт-азаттық  қозғалыстың  бүкіл  қа-

зақ даласын қамтуы үшін және оның 

мақсатты  күреске  айналуы  үшін  ел 

мүддесі  жолындағы  азаматтардың 

басқосуы  мәселесінің  күн  тәртібіне 

қойылуы – осы кезең үшін аса өзек-

ті мәселе болатын. Жиһанша Сейда-

линнің бұл үлкен қозғау салған хаты-

на  Ә.Бөкейхан,  А.Байтұрсынұлы,  Б.

Сыртанов жауап жазады. Сондай-ақ, 

Ж.Сейдалиннің  сиез  өткізу  идея-

сын  Б.Қаратаев,  Ж.Тілеубергенов, 

К.Шалқаров,  Е.Қасаболатов,  А.Ақ-

берліұлы т.б. қызу қолдағанын «Қа-

зақ»,  «Айқап»  беттерінен  оқимыз. 

Мәселен,  Б.Қаратаев  бастаған  топ: 

«Сіздің сиез керек деген сөзіңізді бек 

ұнатамыз.  Сиез  әкімдердің  рұқса-

тыменен болсын, жұрттың мұқтажы 

турасында  ақылдасайық,  осы  келе-

шек халық жұмысына қызмет етуге 

біз  даярмыз»  деген  сияқты  тілекте-

стік  лебіздерінің  көп  болғандығын 

аңғарамыз.  С.-ның  сиезге  қатысты 

мақалалары «Мусульманская газета» 

сияқты басылымда да көрініс тапты. 

Осы  газеттің  1914  ж.  14  қаңтардағы 

санында Торғай губернаторының С.-

ды  қабылдағаны  жөнінде  мәлімет 

берілген болатын. 



Айбасов  Бірмұхамед  1895  ж. 

Ақмола  обл.,  Атбасар  уезі,  Ұлытау 

бол.-да  дүниеге  келген.  Қоғам  қай-

раткері.  Ұлытау  бол.-да  30  жылдан 

астам  фельдшер  болған  Айбас  Бай-

табынұлының (1862-1937) отбасында 

туған.  Ауыл  шаруашылық  учили-

щесін  (Омбы,  1917),  Қызыл  профес-

сура институтын (Мәскеу, 1933) бітір-

ген.  «Бірлік»  мәдени-ағарту  ұйымы 

басқармасының  хатшысы  болды. 

«Айқап»,  «Қазақ»  басылымдарын-

да  өлеңдері  мен  мақалалары  жари-

яланған.  Ақмола  уезі  қазақ  коми-

тетінің және «Жас қазақ» ұйымының 

белсенді мүшесі. 1920 ж. Ақмола обл. 

жер басқармасының бастығы, Семей 

губерниялық  «Қосшы»  одағының 

төрағасы (1925-1928), Қазақ ауыл ша-

руашылығы  кооперация  одағы  мал 

шаруашылығы  бөлімінің  бастығы, 

өлкелік  кооперация  техникумының 

директоры (1928-1931). Байларды тәр-

кілеуде,  қазақ  шаруаларын  ұжымда-

стырудағы  асыра  сілтеушілікке  қар-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

19

сы шыққандығы үшін қуғынға ұшы-



рады.  1933  ж.  И.В.Сталиннің  атына 

жазылған «алтаудың хаты» авторла-

рының бірі. Өмірінің соңғы ж. Түрген 

қой кеңшары саяси бөлімінің (Алма-

ты облысы) бастығы (1933-1935), Қа-

зақ  партия  баспасының  редакторы 

(1935-1937) болды. Саяси қуғын-сүр-

гіннің құрбаны. 



Айбасов  Қапез 

–  Алаш  қозғалы-

сына  қатысушы. 

Қазіргі  Солтүстік 

Қазақстан 

обл. 


Шал  ақын  ауд. 

Қаратал  а.  1878 

ж.  туған.  1918  ж. 

туған  өңірінде  Алаш  қозғалысының 

жұмыстарына  қатысқан.  Аса  ауқат-

ты адам ретінде 1929 ж. және 1935 ж. 

тәркілеуге  ұшыраған.  1941  ж.  Ала-

шордаға  қатысы  үшін  15  жылға  бас 

еркіндігінен айрылған. 

«Айқап»  журналы  –  1911  ж. 

қаңтары  мен  1915  ж.  қыркүйегі  ара-

лығында  Троицк  қаласынан  кейде 

айына  бір  рет,  кейде  екі  рет  шығып 

тұрған қазақтың алғашқы қоғамдық 

саяси  және  әдеби-мәдени  журналы. 

Редакторы  –  көрнекті  көсемсөзші, 

ақын,  зерттеуші  Мұхамеджан  Се-

ралин.  Журналды  шығару  ісіне  та-

тар  ұлтының  зиялылары  біршама 

қаржылай-рухани  көмек  көрсеткен. 

Басылымның 88 саны жарық көрген. 

Журналда  А.Байтұрсынұлы,  М.Ду-

латұлы,  Ш.Құдайбердіұлы,  С.Торай-

ғырұлы, Б.Өтетілеуұлы, С.Дөнентай-

ұлы,  Қ.Кемеңгерұлы,  Ә.Ғалимұлы 

т.б. қалам қайраткерлерінің еңбектері 

жарияланған.  «Айқап»  ұлт  тарихы 

мен мәдениеті тақырыбын да бірша-

ма  зерделеген.  Қалайда  журнал  ХХ 

ғ.  басында  қазақтың  саяси,  мәдени 

деңгейінің өсуіне айрықша ықпал ет-

кен. Басылым атына келсек, қазақтың 

«әй, қап!» деген өкінішке толы сөзі-

нен туған. Яғни, мақсаты – өкініштің 

орнын  толтыру  болған.  Ал,  «Айқа-

пқа» айдын әрі пана Троицкі Қоста-

най-Торғайға  жақын,  әрі  сол  кезде 

бұл  өңір  тұтасымен  Орынборға  қа-

раған еді. Соңғысының кейін астана 

болып кетуінің де сыры осында.

Аймағамбетов  Ақкенже  (1896, 

Семей  об.  Семей  уезі,  Шыңғыс  бол. 

4-а.  –  1932,  Сырдария  окр.)  –  Алаш 

қозғалысының Семей өңіріндегі қай-

раткерлерінің  бірі.  Алашорда  әскери 

жасағы жетекшілерінің бірі. Мұсыл-

манша білім алған. Әлеумет ісіне ден 

қойып, ұлт қайраткерлерімен мұрат-

тас болады. 1917 ж. кейін уездік, об-

лыстық қазақ комитеттері жұмыста-

рына араласып, қаржылай жәрдемде-

седі.  Шыңғыстағы  «Талап»  ұйымы-

ның  құрылтайшысы.  М.Әуезов  қой-


Алаш қозғалысы

20

ған  «Еңлік-Кебек»  спектаклінде  Ке-



бек рөлін сомдайды. 1918 ж. Семейде 

құрылған  Алашорда  ұлттық  әскерін 

көлікпен,  қаржымен  жабдықтауға 

ерен  еңбек  етеді.  Большевиктерге 

қарсы  жүргізілген  соғыста  қайсар 

мінезді  батырлығымен  танылады. 

Тұрағұл  Абайұлымен  бірге  больше-

виктерді Семейден Рубцовкаға дейін 

қуған атақты шайқас жетекшілерінің 

бірі.  А.  қазақ  қайғы-қасіретіне  бей-

жай  қарай  алмаған  тұлға.  Алаш 

қозғалысына  қатысқан  азаматтарға, 

отбасына, оқудағы тілектес жас жет-

кіншектерге  азық-түлікпен,  қаржы-

лай  көмек  көрсеткен.  Аштық  алапа-

тына  тап  болған  Жетісу,  Сырдария 

қазақтарына  азық-түлік  жеткізуде, 

қаржылай демеуде елшіл ұстынымен 

танылады.  Большевиктік  жүйе  қы-

сымына  алынып,  қуғын-сүргінге 

түседі. 1928 ж. тәркіленіп, отбасымен 

Сырдария округіне жер аударылады. 

1932  ж.  Сырдария  округінде  қайтыс 

болған. 


Аймауытұлы  Жүсіпбек  (1889  ж. 

қазіргі  Павлодар  обл.  Баянауыл  ауд. 

Қызылтау – 1931 ж. Мәскеу) – Алаш 

қозғалысына  қатысушы,  жазушы, 

драматург,  аудармашы,  публицист. 

1917  ж.  Ақпан  төңкерісінен  кейін 

Алаш  қозғалысы  жаңа  қарқын  алып 

обл.-да  алдымен  азаматтық,  содан 

кейін  қазақ  комитеттері  құрыла 

бастағанда  Семей  қ-да  да  қазақ  ко-

митеті  құрылады.  Семей  обл.  қазақ 

комитетіне  А.  1917  ж.  көктемінде 

мүшелікке кандидат болып қабылда-

нады. Осы кезеңде Семей обл. қазақ 

сиездеріне де қатысады. Алаш идея-

ларының ықпалымен М.Әуезов екеуі 

1918 ж. алашшыл бағыттағы «Абай» 

журналын  ашады.  Журналда  оның 

ұлтшылдық  бағыттағы  публицисти-

калық  шығармалары  жарияланып 

тұрды.  Жазушының  «Қартқожа», 

«Ақбілек»  романдарында  «Манса-

пқорлар»,  «Ел  қорғаны,  «Шернияз», 

«Қанапия-Шәрбану»  атты  драмала-

рында  ХХ  ғ.  алғашқы  ширегіндегі 

қазақ 


да-

ласындағы 

о қ и ғ а л а р 

ш ы н ш ы л -

д ы қ п е н 

бейнеленіп, 

автор  осы 

және  басқа 

да  көркем 

туындыла-

рында  төң-

керістік  ке-

зеңдегі  ұлт 

тағдырын  шеберлікпен  суреттеді. 

Оның 1920 ж-ғы әңгімелерінде және 

сын мақалаларында кеңестік дәуірдің 

саясатын  қабылдамау  ерекше  бай-

қалады.  Әсіресе,  «Елес»  әңгімесін-

де  және  «Әдебиет  әңгімелері»  атты 

сын  мақаласында  осыны  аңғарамыз. 

1930  ж.  «Қазақстандағы  ұлтшыл-

дық  ұйыммен  байланысы  бар»  де-

ген жаламен абақтыға қамалып, 1931 

ж.  Мәскеудегі  Бутырка  түрмесінде 

атылған. 

Айтбаев 

Мәжит

Қобызшы 


Қорқыт (1914 ж. Қызылорда обл. Қар-

мақшы ауд.- 1945 ж. Германия, Дрез-

ден қ.) – Алаш дәстүріндегі ұлтшыл 

ақын.  ҚазПИ-ді  бітірген.  1937-1939 

ж. Қызылорда педагогикалық инсти-

тутында оқытушы, студенттер даяр-

лау  курсының  бастығы,  Қазақстан 

Жазушылар  одағының  Қызылор-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

21

да  обл.  бойынша  өкілі  қызметтерін 



атқарды.  Өлеңдері  мен  әңгімелері 

мерзімдік  баспасөзде,  жинақтар-

да  жарияланып  тұрды.  Көркем  ау-

дармамен  де  айналысты.  1939  ж.  А. 

әскерге  алынып,  КСРО-ның  батыс 

шекарасында  қызмет  атқарды.  1941 

ж. жау қолына тұтқынға түседі. Гер-

манияда  «Түркістан  ұлттық  бірлік 

комитетіне» мүше болып «Жаңа Түр-

кістан»,  «Милли  Түркістан»  газет-

терін шығарысқан, «Милли әдебиет» 

альманағының бас редакторы болған. 

Шығармаларын  «Қобызшы  Қорқыт» 

деген  бүркеншік  атпен  жазған.  Бұл 

атты  алуына  М.Жұмабаев  шығар-

машылығы  әсер  еткен.  1943  ж.  Бер-

линде  «Абылай  хан»  атты  өлең-

дер  жинағы  жарық  көрді.  Оған  екі 

дастан, үш баллада, төрт ән, 41 өлеңі 

енген.  Шығармаларында  Алаш  қай-

раткерлері  бастаған  ұлт-азаттық  кө-

терілісінің  идеяларын  насихаттаған. 

Бұл  жинақ  1971  ж.  Мюнхенде  қайта 

басылды  «Милли  әдебиетінің»  бір 

саны түгел А.тың 30 жылдығына ар-

налды.  «Абылай  хан»  жинағындағы 

өлеңнің  бәрі,  «Милли  Түркістан», 

«Милли  әдебиеттен»  табылған  30 

шақты жыры 1991-1995 ж. Қазақстан-

да жарияланды. А. 1945 ж. Дрезден-

де  бомба  жарқыншағы  тиіп,  дүние 

салған.


Ақаев  Серікбай  Жұмағалиұлы 

(1880 ж. Торғай обл. бесінші а. – 1937 

ж.)– Алаш қозғалысының қайраткері. 

Орта  білім  алған.  1916  ж.  Наманган 

уезінде адвокат болған. Бірінші жал-

пықазақ сиезінде Құрылтай жиналы-

сына  депутаттыққа  ұсынылған.  1918 

ж.  Алашорда  іс  басқармасының  ба-

стығы.  Қоқан  автономиясы  орталық 

комитетінің  мүшесі.  Қоқан  автоно-

миясы таратылғаннан кейін Семейге 

келген.  Осы  қалада  Алаш  үкіметін-

де  болып,  оның  бірқатар  жұмыста-

рына  атсалысқан.  Кеңес  үкіметінің 

алғашқы  ж.  Қазақстанның  юсти-

ция  халық  комиссариатында  жұмыс 

істеді. 1930 ж. Алматыда заңгер қы-

зметін атқарған. 



Ақаев Хасен (1859 ж. Семей обл., 

Қарқаралы  ауд.,  Қу  болысы  -  1931 

ж.  Қызылжар)  –  қоғам  қайраткері, 

Алаш  қозғалысына  қатысушы.  16 

ж.  Қу  елінің  болысы  қызметін  атқа-

рып, ел арасында жаңалық енгізуші, 

білім  мен  өнерді  қолдаушы  болған. 

Атақонысында  орналасқан  Қоянды 

жәрмеңкесінің  өркендеуіне,  орыс, 

татар,  өзбек  көпестерімен  сауда-сат-

тықтың  дамуына  көп  күш  салған. 

Дүкен  ұстап,  қыр  қазағының  өнер-

кәсіп  өнімдеріне  сұранысын  өтеуге 

тырысқан.  Егін  егіп,  мал  тұқымын 

жақсартумен  айналысқан.  Еуропа-

лық  үлгідегі  қазақ-орыс  мектебін 

ашып,  оны  бітіргендерді  өз  қара-

жатымен  Қарқаралы,  Семей,  Омбы 

оқу  орындарында  оқытқан.  Әнші, 

күйші,  серілерді,  фельдшер,  ісмер 

адамдарды  жанында  ұстаған.  Балу-

андарымен, жүйрік аттарымен даңқы 

жайылған. 1905 ж. Қарқаралы құзы-

рхатын  (петициясын)  ұйымдасты-

рушылардың бірі болды. 1910 ж. қа-

зақтарды  патша  үкіметіне  бағынба-

уға, сырттан көшіп келушілерге жер 

бермеуге,  Қазақстанды  Ресей  импе-

риясынан бөліп алуға үгіттеді деген 

айып  тағылып,  әкімшілік  жағынан 

жауапқа тартылды. 1917 ж. 16 науры-

зда  Қарқаралы  у.  қазақ  комитетінің 

мүшесі болып сайланды. 1918-1920 ж. 


Алаш қозғалысы

22

алашорданың  елдегі  сүйеніштерінің 



бірі болды. 1921-1922 ж. Кеңес орын-

дарына  елге  сыйлы  азаматтардың 

сайлануына  ықпал  жасады.  Семей 

өңірінен  аштыққа  ұшыраған  Торғай 

еліне  жәрдем  малын  жинастыруға 

атсалысты.  Мал-мүлкі  әлденеше  рет 

тәркіленді. 1927 ж. Қызылжарға, одан 

Башқұртстанға кетуге мәжбүр етілді. 



Ақбаев  Жүсіп  (т.ж.б.  –  1959  ж.)  – 

Алаш  қозғалысына  қатысушы.  1917-

1919  ж.  Батыс  Алашорданың  Ырғыз 

өңіріндегі  жұмыстарына  белсене  қа-

тысқан. 1918 ж. қаңтар айында өткен 

Сырдария  қазақтарының  Түркістан-

дағы сиезіне қатысқан. 1918 ж. Ырғы-

зға  келген  Міржақып  Дулатұлына 

серік болған. 1918-1919 ж. Батыс Ала-

шорданың  Ырғыз  уездік  бөлімінде 

Алашорда  отрядының  азық-түлікпен 

қамтамасыз ету жұмыстарын басқар-

ды.  Кеңес  үкіметі  орнағаннан  соң 

әртүрлі  жұмыстар  атқарған.  1927  ж. 

«Алаш»  партиясының  идеяларын 

насихаттады,  байлардың  мүдделері 

үшін  күресті  деген  айыппен  бір  топ 

Алаш  қозғалысына  қатысушылар-

мен  бірге  Калугаға  жер  аударылады. 

1930  ж.  мерзімі  аяқталған  соң  Орск 

қаласына  келіп  тұрады.  Осы  қалада 

үш  жыл  тұрғаннан  кейін  Ақтөбеде, 

қуғын-сүргін ж. Өзбекстанда тұрған. 

Бұдан кейінгі ж. Ақтөбеге қайтып кел-

ген. Өмірінің соңғы ж. біржолата дінге 

бет бұрып, шариғат жолына түскен. 



Ақбайұлы Жақып (1876 ж. Қарқа-

ралы у. Берқара б. (қазіргі Қарағанды 

обл. Ақтоғай ауд.) №3 а. – 1934 ж. Ал-

маты қ.) – ұлт-азаттық қозғалысының 

қайраткері,  қазақ  халқынан  шыққан 

тұңғыш  құқық  магистрі.  1886  ж. 

Қарқаралыдағы орыс-қырғыз школы-

на  қабылданады.  Мұны  бітірген  соң 

Омбы  гимназиясында  жеті  жыл,  ал 

Том  гимназиясында  бір  жыл  оқиды. 

Соңғысын 1898 ж. тәмамдайды. 1898-

1903  ж.  Санкт-Петербург  универси-

тетінің заң факультетінде оқып, оны 

алтын медальмен бітірген. 1903-1905 

ж.  Омбы  сот  палатасында,  округтік 

сотында  қызмет  еткен.  1905-1907  ж. 

Омбы,  Петропавл,  Семей,  Павлодар, 

Б а я н а у ы л , 

Қ а р қ а р а л ы 

қ а л а л а р ы н -

да  наразылық 

ш е р у л е р і н е 

қатысады.  ІІ 

Мемлекеттік 

Думаға  сай-

лануға 


ты-

рысқанымен, 

патшалық  ре-

жим  оны  бұл 

мүмкіндігінен 

айырады. Омбыдағы «Степной край» 

газетіне  сол  кездегі  ұлт  басындағы 

қиын  ахуалдың  заңдық-құқықтық 

жағын  тереңінен  қозғап  жазады.

Алаш  қозғалысы  үшін  аса  жауап-

ты  кезеңде  ұлттың  құқығын  қорғай 

алған  заңгер  Ж.А.  оқығандарға,  қа-

рапайым халыққа сауатты күресудің 

жолын көрсетті. Ол Омбыда жүрген 

қазақ  жастарын  өз  төңiрегiне  топ-

тастырып,  әлемдік  дамудың,  демо-

кратиялық  жаңғырулардың  негізін 

түсіндірді.  Түрлi  басқосулар  мен 

кештер ұйымдастырып, ағарту қозға-

лысының заңдық тетіктерін баяндап 

отырды. Жастар да, үлкендер де оны 

«Жақып  мырза»  деп  атайтын  бол-

ды.  Жастардың  күш-жiгерiн  бiрiк-

тiру, ой-пiкiрлерді баспасөзде, халық 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

23

көп  жиылатын  орындарда  орнымен 



айту,  оқығандардың  ұйымшылдығы 

секілді мәселелерді жиі көтерді. Бұл 

жағдай  жергілікті  жандармерияға 

жетіп,  жас  қайраткердің  соңынан 

аңду қойылды. 1905 ж. патша атына 

жазылған әйгiлi «Қарқаралы петици-

ясын» заң тұрғысынан негiздеп хатқа 

түсірушілердің  қатарында  А.-тың 

есімі  ерекше  аталады.  Ә.Бөкейхан 

ұйытқы  болған,  Қарқаралы  уезінің 

өкілетті  42  қазағы  атынан  патшаға 

1905  ж.  22  шілдеде  жолданған  осы 

хаттың Алаш қозғалысындағы орны 

айрықша.  Осының  нәтижесінде  ха-

лыққа біршама еркіндік берген 1905 

ж. 17 қазандағы патша манифесі дү-

ниеге келді. Империя аумағында ха-

лыққа  бостандық,  теңдік,  сөз  еркін-

дігі  туралы  ой  айтудың  мүмкіндігі 

туды. Осындай қызуқанды бір шеру 

сол ж. 19 қазанда Омбыда өтіп, мұнда 

А.  азаматтық  белсенділік  танытты. 

Мұнан кейін қызметтен шеттетілген 

қайраткер  Кереку  өңірінде  жиындар 

өткізіп,  патша  өкіметінің  халыққа 

қарсы  әрекеттерін  сынады.  1905  ж. 

15-16 қарашада Қарқаралы қаласында 

өткен  үлкен  басқосуда  да  өкіметтің 

теріс  әрекеттерін  әшкереледі.  Пат-

шаның жергілікті әкімшілігі «Үкімет 

заңдарын халыққа теріс түсіндіретін 

заңгер»,  «Уездiк  бастықтар  мен  бо-

лыстардың  қызметіне  халықты  қар-

сы  қоятын  элемент»  деген  айыппен 

оны 1906 ж. 11 қаңтарда тұтқындап, 

Семей  түрмесіне  жөнелтеді.  Бірақ 

сауатты  қайраткер  де  үнсіз  қалма-

ды.  Дәлелмен,  жүйелі  хаттарымен, 

арыз-талабымен  Омбының  сот  па-

латасы  алдында  өз  ісін  ақтап  алуға 

тырысып бақты. Бұл кезде Жақыпқа 

Ә.Бөкейхан  бастаған  тұлғалардың 

жәрдемі көп тиді. Төңкеріс кезеңінде 

де  қайраткердің  Жетісу  облысының 

Қапал уезіне 2 жылға жер аударылға-

нын  білеміз.  1906-1918  ж.,  негізінен, 

Семей  округтік  сотында  қызмет 

істейді.  1906  ж.  «патша  өкіметіне 

қарсы  іс-әрекет  жүргізді»  деген  ай-

ыппен  тұтқындалып,  алғаш  1908  ж. 

- Якутияға, ал 1910 ж. Тобыл қала-

сына жер аударылады. 1910-1912 ж. 

Троицк  қаласында  айдауда  бола-

ды.  1912  ж.  Қарқаралыға  оралады. 

1915 ж. қайта тұтқындалып, Семей 

түрмесіне  жабылады.  Якутияға  5 

жылға айдалайын деп тұрған жері-

нен  әйгілі  ақпан  төңкерісі  болып, 

ғайыптан  құтылады.  Бірақ  Уақыт-

ша үкімет те оны сол 1917 ж. Семей 

түрмесіне  жабады.  Кешікпей  сая-

си ахуал өзгереді. Ол осы ж. Алаш 

партиясы құрылатын І жалпықазақ 

сиезінің де, Алаш автономиясы жа-

рияланатын ІІ жалпықазақ сиезінің 

де ұйымдастыру және өткізу жұмы-

сына  белсене  қатысады.  Алашорда 

үкіметі – Ұлт кеңесінің мүшесі бо-

лып  сайланды.  1917  ж.  шілдесінде 

Колчактың  әскери-далалық  соты 

оны  әскери-казак  диктатурасын 

құлатуға себепші болғаны өлім жа-

засына  кесті.  Кеңес  тұсында  1919-

1927  ж.  ол  Семей  өңірінде  жауап-

ты  қызметтер  атқарады.  1927-1928 

ж.  Сырдария  округтік  адвокаттар 

алқасының  мүшесі  болды.  1929  ж. 

жалған  айыппен  ұсталып,  1930  ж. 

Воронежге жер аударылды. 

Ақбұлақ  сиезі  –  Ақтөбе  у-нің 

Ақбұлақ  елдімекенінде  1918  ж. 

27  тамызында  7  болыс  қазақтары 

бірігіп  өткізген  сиез.  Осы  сиезде 



Алаш қозғалысы

24

Алашорданың  Ақтөбе  у-гі  бөлімі 



сайланды.  Оған  Ә.  Мұратжанұлы, 

Ә.Жүндібайұлы,  Б.Тыныштықбай-

ұлы енді. Бұл сиез жөнінде «Қазақ» 

газеті хабарлама берді. 



 «Ақжол» газеті – Қазақстанның 

қоғамдық-саяси  ойының  және  мәде-

ни-ағарту  ісінің  дамуына  ықпал  ет-

кен  газет.  Бастапқыда  «Жаңа  өріс» 

деген  атаумен  шыққан  (Ташкент, 

1920 ж. 18 сәуір - 27 шілде аралығы), 

1920-1925  ж.  Ташкентте  Түркістан 

Компартиясы  ОК  мен  ТүркАКСР-і 

ОАК-нің органы, 1925-1926 ж. Шым-

кентте  БК(б)П  Сырдария  губкомы-

ның  органы.  Алғашқы  редактор-

лары  –  Сұлтанбек  Қожанұлы  мен 

Қазмұқамбет  Құлетұлы.  Бұдан  соң 

газетті  басқарып,  шығаруға  атса-

лысқандардың ішінде Н.Төреқұлұлы, 

С.Оспанұлы,  И.Тоқтыбайұлы  т.б. 

болды. Басылымның мазмұнын бай-

ытуға М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, 

Х.Досмұхамедұлы,  І.Жансүгірұлы, 

А.Байтұрсынұлы, Б.Сүлейұлы, Т.Шо-

нанұлы,  Қ.Кемеңгерұлы  т.б.  Алаш 

зиялылары  белсене  қатысты.  Газет-

те  Алаш  қозғалысының  қайраткер-

лері  қазақ  халқының  мүддесіне  қа-

тысты  мәселелерді  көтеріп,  құнды 

мақалалар жариялады. Басылымның 

халықшылдығы,  идеялық  бағыты 

партия  билігін  шошындырды.  Сон-

дықтан  «Ақ  жолдың»  жайы  әртүрлі 

деңгейде сынала бастады. Коммуни-

стер  «қызыл»  деген  атаудан  қашып, 

қарсы жақтың түсін асқақтатқан «Ақ 

жол» атауынан саяси мән, төңкеріске 

қарсы  сипат  іздеді.  Бұл  ретте  С.Қо-

жанұлы  «Ақ  жол»  -  біздің  ақ  бата-

мыз, ақ жүрегіміз, ақ көңіліміз екенін 

қазақ-қырғыз  жұрты  ақылымен 

біліп,  жүрегімен  сезеді»  деп  жазды 

(1921,  №115,  7  желтоқсан).  Бастапқы 

«Ақжол»  нөмірлерінен  Мағжан  мен 

Бернияз  өлеңдерін,  І.Жансүгірұлы 

мен  қырғыз  зиялысы  И.Арабайұлы 

мақалаларын, қазақ-қырғыз институ-

тына,  бастапқы  ұлт  оқу  құралдары-

на,  әуесқой  театрлық  қойылымдарға 

байланысты  деректерді  ұшырасты-

рамыз.  Газеттің  тағы  бір  үлкен  та-

рихи  миссиясы  –  Қазақстанның  са-

яси-әлеуметтік  дамуына  деген  Түр-

кістанның көзқарасын (ол кезде екеуі 

бөлек  республика  ғой)  айна  қатесіз 

жеткізгені дер едік. Тарихи А.г. қазақ 

тілінің  кеңсе  тілі,  ресми  тіл  болуы-

на да қам жейді. Мысалы, «Азамат» 

деген бүркеншік атпен жазған автор 

(мұны бір зерттеушілер М.Дулатұлы 

дейді)  «Тіл  мәселесі»  атты  мақа-

ласында:  «Бұл  күнде  жиһангерлік 

саясатынан  құтылдық.  Һәр  халық 

өз  тілінде  оқуға,  жазуға,  өз  тілінде 

тергеуге,  өз  тілінде  тергелуге  тиіс. 

Мемлекет  зәкөннен  бастап  ауылнай 

комитеттердің  ісіне  шейін  жазу  һәр 

халықтың өз тілінде болу керек» деп 

жазады.  Қазаққа  белгілі  тұлға,  ағар-

тушы  Мәннан  Тұрғанбайұлының 

«Кеңсе  тілі  қазақша  болсын!»  атты 

мақаласында да тіл саласындағы заң-

дылық  пен  әділеттілікті  жолға  қою-

дың әрі қарапайым, әрі түсінікті жолы 

сөз болады (№1-38 нөмірлері матери-

алдары). 1925 ж. 29 мамырда И.В. Ста-

лин РК(б)П Қазақ өлкелік комитетіне 

жолдаған  «Қазақ  баспасөзі  туралы» 

хатында  «Ақ  жол»  мен  «ақгварди-

яшыл  эмигрант»  Мұстафа  Шоқай 

арасында  идеялық  бірлік  барын  көр-

сетіп,  партияда  жоқ  интеллигенттер 

газеттен аластатылсын деп талап қой-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

25

ды.  Партия  көсемінің  бұл  хаты  ұлт 



зиялыларының қуғындалуына ықпал 

етті. А.г. халық алдындағы борышын 

адал орындаған, ұлттың рухын көтер-

ген басылымдардың бірі болды.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал