Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет29/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69

Жүндібаев  Әбділхамит  (кейде 

Ғабділхамит)  –  талантты  журна-

лист, шебер аудармашы, Алашорда-

ның белгілі қайраткері. Ол Ақтөбе 

обл., Қобда ауд., Талсай а.-да туған. 

Бала  кезінде  Орынбордағы  уездік 

орыс-қазақ  мектебін  бітіріп  (1906), 

сондағы  екі  жылдық  мұғалім-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

207


дер  мектебіне  қабылданады.  Бұл 

мектепті  1909  ж.  бітіреді.  Сөйтіп, 

мұғалімдік  мамандық  алған  Ж. 

алғашында  Ақтөбе  уезінде  ауылда 

мұғалім болып қызмет атқарады. Ол 

өз мамандығын сүйеді, мұғалімдік 

қызметтің  мән-маңызын,  халыққа 

тигізер  пайдасын  жақсы  біледі. 

Бірақ  заманның  талабын  да  есінен 

шығармайды. Жай ғана мұғалім бо-

лып,  балаларға  білім  беру  арқылы 

ұлтты  ояту  мақсатына  жете  ал-

майтынын  да  түсінеді.  Ж.  ауылда 

мұғалімдік  қызмет  атқарып  жүрсе 

де, ел ішіндегі ірі мәселелерге назар 

аударып, ұлттың болашағы туралы 

ойлайды.  Қазақ  халқын  заманның 

қыспағынан құтқарудың жолын із-

дейді.  А.Байтұрсынұлы  редактор-

лық  еткен  «Қазақ»  газетіне  Ресей-

дің отаршылық саясатына қарсы үн 

көтерген  мақалалар  жазды.  Қоғам-

ның түйіні шиеленген мәселелеріне 

талдау  жасайды.  Сөйте  жүріп  ойы 

ұшталып,  топшысы  бекиді.  Өзін 

саяси  күреске  осылай  дайындаған 

Ж.  1917  ж.  «ақпан  төңкерісінен» 

кейін жалпықазақ сиездерін шақы-

руға  атсалысады.  Бұл  кезде  ол  ел-

дің ықыласына бөленген, жұрт үміт 

күткен  қайраткер  ретінде  таныла 

бастайды.  Алашорданың  Торғай 

облыстық  бөлімшесінің  құрылуы-

на  көп  күш  салады.  Алаш  партия-

сын құру туралы бағдарламаға қол 

қойған жеті саяси қайраткердің бірі 

болды.  1917-1919  ж.  Торғайдағы 

алашордашылардың  қатарында  М.

Дулатов,  М.Есполов,  А.Кенжин, 

С.Қаратілеуов  т.б.  қайраткерлер-

мен  бірге  саяси  қызметке  араласа-

ды.  Алаш  милициясын  жасақтау-

дың  маңыздылығын  жете  түсінеді. 

Милиция жасақтау ісінде ол өзінің 

толысқан  саяси  қайраткер  екенін 

көрсетеді.  Алашорда  таратылған 

соң ол қазақ халқының жуық арада 

тәуелсіздік  ала  алмайтынын,  енді 

саяси күрестің нәтиже бермейтінін 

жақсы  біледі.  Сөйтіп,  халықтың 

рухын  сақтап  қалу  жолында  күре-

суді  жөн  көреді.  Кеңес  үкіметі  тұ-

сында  баспасөз  саласында  жұмыс 

істейді.  Ол  қоғамдық  саяси  әдеби-

еттерді  аудару  ісімен  шұғылдана-

ды.  Сөйтіп,  әлеуметтік  саяси  мә-

дениеттің  өсуіне,  қазақ  тіліндегі 

саяси  терминдердің  қалыптасуына 

ықпал етуді мақсат етеді. Адамның 

өмірі  шекті  болғанмен,  сол  шекті 

өмірінде ұтымды қимылдап, өнімді 

жұмыс  істейтін  адамдар  болады. 

Ж.  –  дәл  сондай  адамдардың  бірі. 

Ол 1924 ж. аурудан қайтыс болады. 



Жүсіпов  Қуандық  Пазылұлы 

(2.69.1941 ж.т., Баянауыл ауд., Жаңа 

жол  а.)  –  ғалым,  филол.  ғыл.  докт. 

(1994),  проф.  ҚазҰПУ-ды  (1964), 

Әдебиет және өнер ин-ты аспиран-

турасын бітірген (1967). 1968 ж. Се-

мей  пед.  ин-тында  аға  оқытушы, 

1973-95  ж.  доцент,  1995-97  ж.  Екі-

бастұз жоғарғы колледжінде кафе-

дра  меңгерушісі,  Павлодар  мемл. 

ун-тінде  кафедра  меңгерушісі, 

қазір  осы  университеттің  профес-

соры.  Алаш  қаламгерлері  Шәкәрім 

Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев 

шығармашылығына қатысты ғылы-

ми зерттеулердің авторы. 



Жүсіпов  Маханбет  –  тіл  білімі 

маманы,  филология  ғылымдары-

ның  докторы,  (1993  ж.),  профессор 

(1993  ж.),  әдістемеші,  ақын,  аудар-



Алаш қозғалысы

208


машы. Ол 1948 ж. Өзбекстан Респу-

бликасы, Бостандық ауд., Ғазалкент 

қ.-да туған. Ташкент қ.-дағы респу-

бликалық  орыс  тілі  мен  әдебиеті 

институтын бітірген (1971 ж.). 1971 

ж.  бастап  осы  институтта  (қазір 

Өзбектің  мемлекеттік  әлем  тілдер 

университеті)  оқытушы,  доцент, 

профессор, қазір орыс тілі мен әде-

биеті кафедрасының меңгерушісі. 



Жүсіп  Сұлтанхан  Аққұлыұлы 

(1962,  Түркістан  қ.)  –  филология 

ғылымдарының  кандидаты,  PhD. 

Белгілі  әлихантанушы-ғалым,  ха-

лықаралық  журналист.  1990  ж. 

әл-Фараби  атындағы  ҚазМУ-дың 

филология  факультетін  бітірген. 

Ауғанстанда  әскери  борышын  өте-

ген.  Алматыда  өрт  сөндіру  қыз-

метінде,  Политехникалық  инсти-

туттың  зертханасында,  Ақтауда 

кәсіптік-техникалық 

училищеде 

жұмыс  істеген.  1990-1995  ж.  ҚР 

ҰҒА М.О. Әуезов атындағы Әдеби-

ет  және  өнер  институтында  ғылы-

ми  қызметкер,  1995-1996  ж.  Өнер 

академиясында  кафедра  меңге-

рушісі, аға ғылыми қызметкер, 1995 

ж. «Азаттық» радиосының тілшісі. 

1997-2001  ж.  осы  радионың  Аста-

надағы  тілшілер  қосынының  бас-

шысы,  2001-2013  ж.  осы  радионың 

Прагадағы қызметкері. 2013 ж. Л.Н.

Гумилев  атындағы  ЕҰУ  «Алаш» 

мәдениет  және  рухани  даму  ин-

ститутының  директоры.  1991-1994 

ж.  ол  Ресей  мұрағаттарынан  Ә.Бө-

кейханға қатысты мол мұра тауып, 

1995  ж.  Алаш  көшбасшысының 

«Таңдамалысын»  құрастырып,  ба-

стыртты.  Баспасөзде  қазақ  және 

орыс  тілдерінде  зерттеулер  жаз-

ды. Осы ж. Алаш көшбасшысының 

шығармашылығы  мен  қайраткер-

лік  еңбегі  бойынша  кандидаттық 

диссертация қорғады. Ғылыми жұ-

мысының  толық  мәтіні  «Жұлдыз» 

журналында  1996  ж.  жарияланды. 

2000  ж.  Ресей  мұрағаттарын  қай-

та  шолып,  Алаш  көсемінің  бұрын 

ғылымға белгісіз болып келген ма-

териалдарын  тапты.  2011  ж.  Ә.Бө-

кейханның  9  томдық  шығармалар 

жинағын даярлап бастыртты. 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

209


З

Зайсан  уезі  қазақтарының  си-

езі 1917 ж. 7-11 қыркүйек аралығын-

да өтіп, онда 8 мәселе бойынша 18 

пункттен тұратын қаулылар қабыл-

данды. Олар: азық-түлік, керек-жа-

рақ туралы; қазақ халқын оқытып, 

тәрбие беру туралы; халықты ағар-

ту жолына салық алу туралы; шару-

ашылық  школдар  туралы;  земство 

туралы; жер туралы. Екінші Зайсан 

уездік қазақ сиезі 1918 ж. ақпан ай-

ында  болды.  Сиезде  қазақ  істерін 

қазақ  өкілдері  басқару  керектігі 

айтылып, осы мақсатта «Алаш ұра-

ны» атты ұйым ашылғаны, ұры мен 

ел бұзушыларға тыйым салыну қа-

жеттігі туралы қаулы қабылданып, 

28 баптан тұратын ереже жасалды. 

Затаевич  Александр  –  музыка 

сыншысы,  этнограф,  композитор, 

Қазақстанның  халық  әртісі  (1923). 

1869  ж.  Ресейдің  Орлов  қаласында 

туған.  1886  ж. 

осындағы  әске-

ри  гимназияны 

бітіріп,  Варша-

вадағы  (Поль-

ша)  «Варшав-

ский  дневник» 

атты  үкіметтік 

газеттің 

му-


зыка  және  те-

атр  бөлімінде  жауапты  қызмет 

атқарған.  Варшава  консервато-

риясы  бақылаушылар  кеңесінің 

мүшесі  болған.  1904-1915  ж.  За-

таевичтің  аталған  газет  бетінде 

үзіліссіз  мақалалары  жарық  көріп, 

ол  музыка  сыншысы  ретінде  та-

нылады.  1915  ж.  Ресейге  оралып, 

1920  ж.  Қазақстанның  сол  кездегі 

астанасы Орынборға қоныстанады. 

Осы  кезеңнен  бастап  ол  ғасырлар 

бойы ауызша таралып келген қазақ 

халқының  музыка  мұрасын  нотаға 

түсіріп, ұлттық ән-күйді хаттап қа-

луға көп күш-жігер жұмсады. Осы 

маңызды  істі  атқару  барысында 

Алаш қайраткерлерінен ақыл-кеңес 

алып,  ұлт  зиялыларын  «ән-күйді 

жеткізуші» ретінде үлкен жұмысқа 

тарта  білді.  Осының  нәтижесінде 

1925 ж. «Қазақ халқының 1000 әні» 

атты музыкалық жинақ өмірге кел-

ді. 1936 ж. Мәскеуде қайтқан.



«Затаевичтің  респонденттері» 

этнограф әрі музыка зерттеушісі-

не  қазақ  музыкасының  ел  арасына 

кең  тараған  ән-күй  үлгілерін  ай-

тып,  орындап  беруші  халық  өнер-

паздарының шартты атауы. «Қазақ 

халқының 1000 әні» мен «Қазақтың 

500  ән-күйі»  музыка-этнографи-

ялық  жинақтарындағы  «Затаевич 

корреспондентінің»  саны  500-ден 

асады.  Олар  –  Қазақстанның  бар-

лық  аймағының,  атап  айтқанда, 

Орынбор, Қостанай, Орал, Ақтөбе, 

Семей, Торғай, Түркістан аймақта-

рының  тұрғындары.  Затаевичтің 

ХХ  ғ.  20-ж.  экспедициялық  сапар-

лары  кезінде  оған  халық  ән-күй-

лерін  орындап  берушілер  құрамы 

жас  жағынан  да,  атқаратын  қыз-

меті  жағынан  да  сан  алуан  болған. 

Музыка  маманы  осы  жұмысы  ба-

рысында  қазақ  халқының  белгілі 

тұлғаларымен де, өнер иелерімен де, 

қарапайым  ел  адамдарымен  де  жүз-

десіп,  олардың  аузынан  көптеген 



Алаш қозғалысы

210


ән-күйлерді  жазып  алған.  Олар-

дың  қатарында  А.Байтұрсынұлы, 

С.  Сәдуақасұлы,  О.  Жандосұлы,  Б. 

Қаратайұлы, М. Сералин, Қ. Сәтба-

ев,  М.  Мурзин,  Қ.  Айнабекұлы,  Б. 

Күлейұлы, С. Есова, М. Саматұлы, 

А.  Оразбаева,  М.  Қойайдарұлы, 

т.б.  есімдерін  атауға  болады.  Осы-

ның  өзі  Затаевичтің  жинақтарына 

енген  халық  ән-күйлерінің  кез-

дейсоқ  кісілерден  емес,  ұлт  жана-

шырларынан,  қазақ  мәдениетінің 

көрнекті  тұлғаларынан  жазылып 

алынғанын  байқатады.  Халық  му-

зыкасының  жанашыры  ретінде  За-

таевич  қазақ  даласын  жаяу  жүріп 

аралап, әр аймаққа тән ән-күйлерді 

сол  жерлердің  тұрғылықты  ие-

лерінің  аузынан  жазып  алған.  Бұл 

ретте оған қол ұшын берген талант 

иелерінің  бір  шоғыры  мыналар: 

И.  Абдыханқұлы,  Б.  Алманұлы, 

А.  Бегішұлы,  К.  Бүркітұлы,  Ф. 

Ғалиұлы,  Е.  Жұмағалиұлы,  М. 

Жылқайдарұлы,  С.  Қалжанұлы, 

З.  Кәрібайұлы,  М.  Қаратайұлы,  Ә. 

Құрманұлы,  А.  Құлымбетұлы,  Н. 

Манайұлы,  Р.  Мақатұлы,  А.  Мол-

дыбайұлы,  А.  Наурызбайұлы,  С. 

Найманбайұлы,  Х.  Хукин,  Ә.  Сәр-

сенбайұлы, И. Сабиров, Ә. Өтекин, 

К. Оразалиев, Н. Шанғалиева, т.б. 



Зәки уәлиди Тоған, Ахмед Зәки 

Валидов – көрнекті мемлекет және 

қоғам  қайраткері,  түркі  халықта-

рының азаттығы жолындағы күре-

скер,  түркітанушы  ғалым.  1890 

ж.  Башқұртстанның  Стерлитамак 

уезі  Ілшік-Темір  болысы  жерінде 

туған.  Туған  а.-да  әкесі  Уәлид  бай 

ашқан медресе және Утяк ауылын-

дағы  Хабид  Наджар  медресесінде 

бастауыш  білім  алған.  1908  ж.  Қа-

зан  қаласындағы  Ш.  Маржани  ме-

дресесінде оқыған. 1909 ж. «Қасы-

мия»  медресесіне  мұғалім  болып 

орналасып,  түркі  тарихынан,  араб 

және  түркі  әдебиетінен  дәріс  бер-

ген.  1912  ж.  «Түрік-татар  тарихы» 

атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек 

сол  кездегі  жәдиттік  мектеп-ме-

дреселерде  негізгі  оқулық  ретін-

де  оқытылып,  1915  және  1917  ж. 

қайта  басылып  шықты.  Т  осы  ең-

бегі  арқылы  түркі  халықтарының 

рухын  көтеріп,  олардың  бірлігі 

мен еркіндік алу идеясын ұсынды. 

Ол 1912 ж. Қазан университеті жа-

нындағы  Археология,  тарих  және 

этнография  қоғамына  мүше  болып 

қабылданды. 1913 ж. осы қоғамның 

тапсырмасымен  Ферғанаға  сапар 

шегіп,  аймақ  халқының  тарихына, 

әдет-ғұрпына  қатысты  материал-

дар  жинап  қайтты.  1914  ж.  Ресей 

Ғылым  академиясы,  Халықаралық 

Орта  Азия  мен  Қиыр  Шығысты 

зерттеу  қоғамы  Т.  Бұхар  хандығы-

на  ғылыми  іссапармен  жіберді.  Ол 

1916  ж.  Мемлекеттік  думаның  мұ-

сылман  фракциясында  хатшылық 

қызмет атқарды. 1917 ж. ақпан төң-

керісінен  кейін  Башқұртстанның 

Бүкілресейлік  мұсылмандар  кеңесі 

атқару  комитетінің  мүшесі  бол-

ды.  1917  ж.  29  қарашада  Башқұрт-

стан автономиясы жарияланғаннан 

кейін  Т.  осы  ел  үкіметінде  соғыс 

министрі  қызметін  атқарды.  Кей-

ін  үкімет  төрағасы  болды.  1918  ж. 

большевиктерге қарсы шайқастарға 

қатысты.  Башқұртстан  автономи-

ясын  кеңес  өкіметінің  мойында-

уын  талап  етіп,  оның  басшылары 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

211


–  Ленин,  Троцкий,  Сталиндермен 

келіссөздер  жүргізді.  Башқұртстан 

үкіметі қарулы күшпен таратылған 

соң,  1920  ж.  Түркістан  өлкесіне 

қоныс  аударды.  Мұнда  Әнуар  па-

шамен  бірге  басмашылар  қозғалы-

сына  көмектесті.  Әнуар  паша  қаза 

тапқаннан кейін, 1923 ж. наурызда 

Иранға  өтіп  кетті.  Онда  Мешхед 

қаласының  кітапханасынан  түрік 

халықтарының  ортағасырлық  та-

рихы бойынша құнды дерек болып 

табылатын  ибн  Фадланның  «Сая-

хат  кітабының»  көшірмесін  тапты. 

Осы  ж.  сәуірде  Ауғанстанда,  қы-

ркүйекте  Үндістанда  болып,  жел-

тоқсанда  Парижге  қоныс  аударды. 

1924  ж.  Берлинде  Ресейлік  түркі 

эмигранттарының  ұйымын  құрды. 

1925  ж.  Түркия  азаматтығын  қа-

былдап,  31  шілдеде  Ататүрікпен 

кездесті. 1925-1932 ж. Стамбұл уни-

верситетінде түрік тарихынан дәріс 

оқыды.  1935  ж.  Вена  универси-

тетін  қосымша  бітіріп,  докторлық 

ғылыми  дәреже  алады.  1935-1937 

ж.  Бонн  университетінде,  1938-

1939  ж.  Геттинген  университетін-

де  қызмет  етті.  1939  ж.  Түркияға 

оралып,  Стамбұл  университетінің 

әдебиет  факультетіне  тарих  пәнінің 

профессоры  болып  орналасты.  1946 

ж. «Жалпы түркі тарихына кіріспе», 

1947 ж. «Қазіргі Түркістан және оның 

таяу  замандағы  тарихы»  атты  еңбек 

жазды. 1953 ж. Стамбұл университеті 

жанынан  Ислам  зерттеу  институтын 

құрып,  оған  өмірінің  соңына  дейін 

жетекшілік етті. 1970 ж. Т. Стамбұл-

да  қайтып,  сондағы  Қаражда  Ахмет 

зиратына жерленген.  Т. Алаш қайрат-

керлерімен, әсіресе А.Байтұрсынұлы, 

Т.Рысқұлов,  М.Шоқай,  С.Ақай-

ұлы  сынды  тұлғалармен  тығыз  қа-

рым-қатынаста  болған.  1967  ж. 

жазып біткен «Естеліктер» («Хати-

ралар») атты еңбегінде қазақ зиялы-

ларымен  байланысын  жан-жақты 

жазады. Қайраткер ұлттық жаңғыру 

бағытына  адал  болып,  Алаш  қай-

раткерлерімен,  жәдит  мұратын  да-

мытушылармен тығыз қарым-қаты-

наста болды.

Земство  –  Ресей  империясында 

1864 ж. реформаға сәйкес құрылған 

жергілікті өзін өзі басқару органы. 

Қазақстанда XІX ғ. соңы мен XX ғ. 

басында өрбіген ұлт-азаттық қозға-

лыс  бағдарламаларында  өлкеде  З. 

мекемелерін  құру  басты  мәселе-

лерінің  бірі  ретінде  қойылды.  Әй-

гілі  Қарқаралы  құзырхатында  Ре-

сей үкіметінен қазақ даласына ішкі 

өлкелерден  қоныс  аудару  саясатын 

доғару,  қазақтарды  Орынбор  діни 

басқармасы құрамына алу т.б. мәсе-

лелермен қатар өлкеде земство ме-

кемелерін құру да талап етілген еді. 

Сондай-ақ, 1905 ж. құрылған Қазақ 

конституциялық-демократиялық 

партиясының 

бағдарламасында 

қазақ  жеріне  земство  мекемелерін 

құру  қажеттігі  аталып  көрсетілді. 

Ұлт-азаттық  қозғалыс  қайраткер-

лері  Қазақстанда  земство  мекеме-

лерінің  құрылуы,  біріншіден,  қа-

зақтарды Ресей азаматтары ретінде 

құқықтық  жағынан  қорғауға  мүм-

кіндік  береді,  екіншіден,  халыққа 

білім  беруде,  денсаулығын  сақта-

уда  және  шаруашылығын  жүргізу-

де  тиімді,  үшіншіден,  қазақтар-

дың  қоғамдық  өмірін  жандандыра 

түсіп,  өзін-өзі  басқаруға  әзірлейді 



Алаш қозғалысы

212


деп  ұқты.  Қазақ  жерінде  з.  меке-

мелері  патша  өкіметі  құлағаннан 

кейін,  Уақытша  үкіметтің  1917  ж. 

17  маусымдағы  «Ақмола,  Семей, 

Жетісу,  Торғай  және  Орал  облы-

старында земство мекемелерін ашу 

туралы»  қаулысына  сәйкес  құрыл-

ды. Осыған орай Бірінші жалпықа-

зақ сиезі з. мәселесін күн тәртібіне 

қойып,  қазақтардың  земство  меке-

мелерін  құруға  белсенді  түрде  ат-

салысуына ерекше мән берді. Қазақ 

жеріне алғашқы з. мекемесі 1917 ж. 

16  қазанда  Торғай  уезінде  ашыл-

ды.  Оның  басқармасының  төраға-

сы  болып  А.Бірімжанов  сайланды. 

Облыс  деңгейіндегі  з.  басқарма-

лары  Қазақстанда  1918  ж.  қаңтар-

да  құрылды.  1918  ж.  17  қаңтарда 

ашылған  Семей  облысындағы  з. 

басқармасының  төрағасы  Р.Мәр-

секов  болды.  Орал  облысындағы 

з.  басқармасының  төрағасы  болып 

Х.Досмұхамедұлы  сайланды.  Қа-

зақ  жерінде  облыстық  және  уездік 

деңгейде  ашылған  з.  мекемелері 

халықтың  шаруашылығын  ретте-

уде,  оқу  ісін  жолға  қоюда  елеулі 

жұмыстар  атқарды.  Мұғалімдер 

даярлайтын  курстар,  бастауыш 

мектептер  ашты,  оқушы  жастарға 

стипендия  тағайындады.  Семей 

облысындағы  з.  басқармасы  тағай-

ындаған  стипендияны  сол  кезде 

Семей мұғалімдер семинариясында 

оқыған  Ж.Аймауытов  пен  М.Әуе-

зов те алып тұрған.

Земство  туралы  қаулы  –  Ала-

шорда  үкіметінің  1918  ж.  11-24  мау-

сымында шыққан қаулысы. Қаулыда 

кеңес  үкіметі  таратқан  земстволық 

мекемелерді  қайта  қалпына  келтіру 

туралы  және  олардың  болыстықтар-

да,  ауылдарда  заңды  билік  екендігі 

айтылған. Қаулыға Алашорда төраға-

сы Ә.Бөкейхан, мүшелері М.Тыныш-

баев, Х.Ғаббасов қол қойған. 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

213


И

Ибрагимов  Абдурашит,  Рашит 

қазы (1857, Ресей Тобыл губ. Тара қ. 

-1944) – Ресей империясындағы түр-

кі  халықтарының  ХХ  ғ.  басындағы 

азаттық  күресі  жетекшілерінің  бірі, 

көрнекті  қоғам  қайраткері,  публи-

цист.  Еділ  бойындағы  медреседе, 

Бұхарадағы  діни  оқу  орнында  білім 

алған.  1885-1892  ж.  Тара  қаласында 

имам,  Түмендегі  медресе  мұғалімі, 

1892-1893  ж.  Орынбор  мұсылманда-

ры діни басқармасында қазы қызмет-

терін атқарды. 1893 ж. Түркияға кет-

ті. Онда жүріп шетелдік басылымдар 

арқылы  Ресей  империясының  отар-

шылдық саясатын сынға алып, әлем 

жұртшылығының  назарын  Ресей 

мұсылмандарына  бұруды.  1895  ж. 

әйгілі «Шолпан жұлдызы» атты кіта-

бын  шығарды.  Кітапта  мұсылман 

халықтарының ұлттық-саяси мәселе-

лері көтерілді. Ресейде бұл кітап жа-

сырын  түрде  қолдан  қолға  өтіп,  мұ-

сылман халықтарының саяси оянуы-

на өз септігін тигізді. 1904 ж. Стамбұл 

қаласында Ресей өкіметінің шешімі-

не  орай  тұтқындалып,  абақтыға 

жабылды.  Көп  ұзамай  мұсылман 

жұртшылығының  талап  етуімен 

абақтыдан  босатылып,  Қазанда, 

Перьмде,  Уфада,  Троицкіде,  Қызыл-

жарда  отаршылдық  саясатқа  қарсы 

үгіт-насихат  жұмыстарын  жүргізді. 

Қызылжар  (Петропавл)  қаласында 

болған кезінде сол өңірдегі қазақ, та-

тар халықтарының өкілдерін жинап, 

мұсылмандардың  талап-тілектерін 

тұжырымдап,  Ресей  Министрлер 

кеңесінің төрағасы граф Витте атына 

өтініш жіберуді ұйымдастырды. 1904 

ж.  «Автономия»  атты  кітабы  жарық 

көрді.  Онда  мұсылман  халықтары-

ның  азаттық  қозғалысындағы  ба-

сты  міндеті  автономия  алу  мәселесі 

болу  керек  екендігін  атап  көрсетті. 

Санкт-Петерборда  «Мират»  жур-

налын,  ал  1905  жылдан  бастап  «Үл-

фәт» және «Тилмиз» атты газеттерді 

шығарып,  Ресей  империясы  мұсыл-

мандарының  саяси-әлеуметтік  мәсе-

лелерін көтерді. «Үлфәт» газетіне қо-

сымша ретінде қазақ тілінде «Серке» 

атты газет ұйымдастырды. Газетінің 

алғашқы саны ғана жарық көріп, Ре-

сей  өкіметінің  тыйым  салумен  жа-

былып қалды. 1905-1907 ж. Бүкілре-

сейлік  мұсылман  сиездерін  өткізуге 

жетекшілік етті. «Ресей мұсылманда-

ры одағы» ұйымының орталық коми-

тет  мүшесі  болды.  І-ІІ  Мемлекеттік 

Думадағы мұсылман фракциясының 

қызметіне қызу араласты. 1909 ж. Ре-

сейден  кетіп,  Шығыс  Азия  елдеріне 

саяхат жасады. 1912 ж. Түркияда «Ис-

лам  дүниесі»  атты  журнал  шығар-

ды.  І  дүниежүзілік  соғыс  ж.  немі-

стерге  қолға  түскен  татар,  башқұрт 

халқы  өкілдерінен  құралған  патша 

өкіметіне  қарсы  «Азия  батальоны» 

деп  аталатын  қарулы  жасақ  құрды. 

1916  ж.  Юсуф  Акчурин  секілді  қай-

раткерлермен бірге АҚШ президенті 

В.Вильсонға телеграф арқылы мәлім-

деме  жолдады.  Онда  І  дүниежүзілік 

соғыстан  кейін  Ресей  мұсылманда-

рына  тәуелсіздік  әперу  мәселелері 

көтерілген. Қайраткер 1921-1933 ж. – 

Египетте, 1934 ж. Жапонияда тұрды. 

Токиода мешіт ашып, имам болды. 

Ибрагимов  Ғалымжан  Ғир-

фанұлы  –  ғалым,  қоғам  қайраткері, 


Алаш қозғалысы

214


татар әдебиетінің негізін салушылар-

дың  бірі.  1887  ж.  Башқұртстанның 

Ауырғазы  ауданында  туған.  Әуелі 

Орынбор  медресесінде  (1898-1905), 

кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде 

(1906-1909)  оқыған.  Ол  саяси-қоғам-

дық іске, азаттық қозғалысына белсе-

не араласты. И. Кеңестердің Бүкілре-

сейлік ІІІ сиезінде Бүкілодақтық ор-

талық атқару комитетінің мүшесі бо-

лып сайланды (1918). Ұлттар ісі хал-

комындағы  мұсылмандар  комисса-

риаты төрағасының орынбасары қы-

зметін  атқарды.  Қазақ  ауылдарында 

және Уфадағы «Ғалия» медресесінде 

ұстаздық  етіп,  зиялы  қауымынан 

жаңа буынын баулуға көп үлес қосты. 

М.Жұмабаев, Б.Майлин, Ж.Тілепбер-

генов,  Т.Жомартбаев,  Б.Сүлеев,  Н.

Манаев,  Мұстафа  Оразай,  С.Құдаш, 

И.Арабаев  т.б.  шығармаларына  қол-

дау көрсетті. «Тәнім – татар, тілім – 

башқұрт, ойым – қазақ», «тіліміз әр 

түрлі,  ойымыз  –  біртұтас»  деп,  түр-

кі жұртының бірлігін уағыздады. И.  

тұңғыш шығармасы – «Зәки шәкірт-

тің  медреседен  кетуі»  (1907)  атты 

әңгіме.  «Татар  әйелдерінің  тағды-

ры» (1911), «Табиғат перзенті» (1914), 

«Жас жүректер» (1912), «Біздің күн» 

(1920),  «Қызыл  гүл  туралы  аңыз» 

(1922),  «Терең  тамырлар»  (1926-28) 

т.б. шығармалары бар. Жазушы көр-

кем  шығармалардан  басқа  татар  фи-

лологиясынан «Татар орфографиясы-

ның  принциптері»  (1924),  «Әдебиет 

теориясы»  (1916),  «Ана  тілін  оқы-

тудың  әдістемесі»  (1938),  тарихтан 

«Татар студенттерінің қозғалысы та-

рихынан» (1922) т.б. еңбектер жазды. 

Әдеби  және  ғылыми  туындыларына 

татар, башқұрт, қазақ халықтарының 

тұрмысын,  тарихы  мен  мәдениетін 

арқау етті (мысалы, «Қазақ қызы» ро-

маны,  1924).  Ш.Уәлиханов  мен  Абай 

туралы  зерттеу  мақалалар  жазған. 

ХХ ғ. 30-ж. жалған айыппен тұтқын-

далып, 1938 ж. саяси қуғын-сүргіннің 

құрбаны болды. И. романдары қазақ 

тіліне аударылып, жарық көрді. 




1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал