Алаш қозғалысы
200
на факультеті, бітірген ж. белгісіз),
Ә.Алдияров (медицина факультеті,
1904 ж. күміс медальмен бітірген),
Б.Мәметов (заң факультетін 1917 ж.
бітірген), Б.Ниязовтар (заң факуль-
теті, 1901 ж. бітірген), сондай-ақ,
қазақтың алғашқы дәрігерлерінің
бірі, Алаш қозғалысына қатысушы
М.Шомбалов (медицина факультеті,
бітірген ж. белгісіз) оқыған. Сонымен
бірге, Қазанның малдәрігерлік ин-
ститутында Алаш қозғалысына бел-
сене қатысқан Ж.Ізбасаров (1897 ж.
бітірген), О.Базанов (1899 ж. бітірген),
Ғ.Бердиев (1906 ж. бітірген), М.Шол-
тыров (медицина факультеті, 1910
ж. бітірген), Т.Есенқұловтар (1902 ж.
бітірген) оқып білім алған. Санкт-Пе-
тербург пен Қазаннан соң Алаш зи-
ялыларының жоғары білім алған
қаласы – Мәскеу қаласы. Алаш же-
текшілерінің бірі – Х.Ғаббасов (фи-
зика-математика факультетін 1915
ж. алтын медальмен бітірген), Батыс
Алашорда қайраткері Д.Күсепғалиев
(медицина факультеті, 1900 ж. бітір-
ген) және қозғалысқа қатысушы С.
Жантөрин (заң факультеті) Мәскеу
университетінің түлектері. Бұларға
қоса, Ресейдің қазіргі астанасында
С.Сабатаев (1915 ж. бітірген), Т.Жа-
манмұрыновтар (ауылшаруашылығы
институты), Н.Төреқұлов (1916 ж.
коммерциялық институтын бітір-
ген), А.Досжанова (Жоғары әйелдер
курсының медицина факультеті),
Н.Рамазанов (Шығыс тілдер инсти-
тутын) бітірген. Қазақ жеріне ірге-
лес Саратов қаласында да бірқатар
Алаш зиялылары оқыпты. Саратов
университетінде: Ғ.Есенқұлов (меди-
цина факультеті, 1914 ж. бітірген), Б.
Бейсенов (медицина факультеті, 1914
ж. бітірген), Е.Қасаболатовтар (ме-
дицина факультеті, 1915 ж. бітірген)
жоғары білім алса, А.Сейітов (1909 ж.
бітірген) Саратов медицина институ-
тын аяқтаған. Ресейдің Сібірдегі білім
ошағы Томск қаласында да бірқатар
Алаш зиялылары оқыған. Айталық,
Алашорда үкіметінің мүшесі Ә.Ерме-
ков технология институтын аяқтаса
(тау-кен факультеті, 1917 ж. бітірген),
университетті Ә.Айтбақин (медицина
факультеті, 1894 ж. күміс медальмен
бітірген), С.Нұралыханов (заң фа-
культеті, 1909 ж. бітірген), А.Сейітов
(медицина факультеті, 1917 ж. бітір-
ген) сияқты қайраткерлер бітіріпті.
Сонау Шоқан Уәлиханов заманынан
қазақтардың көп оқыған қалалары-
ның бірі – Омбы қаласы. Осындағы
ауылшаруашылығы институтын –
М.Сейітов (орман факультеті) аяқтап-
ты. Сондай-ақ, Воронеж ауылшару-
ашылығы институтын К.Жәленов
бітірген. Алаш зиялыларының ішінде
Н.Жақыпбаев Киев университетінің
медицина факультетін 1916 ж. үздік
үлгеріммен тәмамдаған. Алаш зиялы-
лары шетел оқу ордаларынан да білім
алыпты. Мәселен, «Алаш» партиясы-
ның Семей облыстық комитетінің мү-
шесі М.Тұрғанбаев Стамбул универ-
ситетін бітірсе, Батыс Алашорда қай-
раткері Ғ.Мұсағалиев Каир универси-
тетін аяқтаған. Сондай-ақ, Варшава
малдәрігерлік институтын Алашорда-
ның Халық кеңесіне сайланған Жәнек
Сұлтанаев 1914 ж. бітірген. Жоғарыда
айтылған осы азаматтардан басқа да
Алаш зиялыларының жоғары білім
алуы әбден мүмкін. Біз қолда бар де-
ректерді ғана келтірдік.
Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы
201
Жолдыбаев Молдағали (1887, б.
Орал обл., Ілбішін уезі, Қурайлы бо-
лысы, 2-ауыл, Тайпақ – 1938) – Алаш
қозғалысына қатысушы, оқу-ағарту
қайраткері, педа-
гог-әдістемеші,
қаламгер-жур-
налист.
Әкесі
Жолдыбай орта
дәулетті шаруа
адам
болған.
Ауыл
молда-
сынан
сауат
ашты. 1900 ж. ба-
сында Қарасу алты кластық орыс-қа-
зақ мектебін үздік бітірді. 1910 ж.О-
рынбор орыс-қазақ мұғалімдер мек-
тебін «халық мұғалімі» атағымен
тәмамдады. 1910-1918 ж. Жұбаныш-
көл Бұлдырты төрт класты бірінші
басқыш мектептерінде және Қарасу
алты класты мектебінде мұғалім.
Ағарту саласында мәдени-рефор-
маторлық жәдид бағытын, әлеумет-
тік көзқараста халықшылдық бағыт
ұстанды. 1913-1914 ж. «Айқап» жур-
налында «Қазақтардың қазіргі халі»,
«Болашақ», «Ауылда», «Құрметті
Әлжановқа жауап» мақалаларын жа-
риялады. 1915 ж. «Қазақ» газетінде
«Молдағали жаңа байбақты» деген
бүркеншік есіммен ұлттық педагоги-
кадағы алғашқы мәнді еңбектерінің
бірі болып саналатын «Бала тәрби-
есі» және «Ғалымның надандықтан
жеңілуі» мақалалары жарық көрді.
Соңғы жарияланым Жымпиты кенті
жайлы тарихи сипаттағы алғашқы
мақалалардың бірі. Молдағали Жол-
дыбаев жұмысшыларына мыңбасы
болып баруға лайық деп «Қазақ»
газеті басқармасы атаған 40 білімді
қазақ жасының бірі. 1917 ж. сәуірде
І Орал Қазақ сиезін ұйымдастырып,
өткізушілердің бірі. Сиезде ілінген
ұран сөздер мәтінін әзірлеуге қаты-
сты. Осы сиезде ауыл мұғалімдері
тобының бейресми жетекшісі бол-
ды. 1917 ж. шілдедегі І Жалпықазақ
сиезінде сиезді өткізуші бюроның
атынан Бүкілресей құрылтай жина-
лысы депутаттығына кандидат етіп
ұсынылды. Алайда елде өткізілген
сайлау кезінде тізімге енбей қалды.
1917 ж. қыркүйектен бастап Досмұха-
медовтердің Ғ.Әлібеков, Н.Ипмағам-
бетов бастаған саяси қарсыластары
тобына кірді. 1918 ж. қаңтарда Қаратө-
беде өткен ІІІ Орал Қазақ сиезінің де-
легаты. Осы сиездегі қазақ интелли-
генциясының бөлінуі кезінде Ғ.Әлі-
беков тобы жағында болды. Сиезден
кейін Е.Қасаболатов, Ә.Әлібеков,
М.-Х.Мырзағалиев құрған «Ақ жол»
саяси ұйымына кірді. Азамат соғысы
кезінде ауылда болды. 1919 ж. күзде
Орал қаласына келіп, РК(б)П қата-
рына өтуге арыз берді. Сол ж. 1919
ж. қарашада Ә.Әлібековтің төраға-
лығымен құрылған Жымпиты уездік
ревкомына Е.Қасаболатов, М.-Х.Мы-
рзағалиев, Т.Өтеулиевпен бірге мүше
болып тағайындалды. Осы шамада
РК(б)П қатарына қабылданды. М.-Х.
Мырзағалиев Орынборға шақыры-
тылғаннан кейін Орал губревкомы
төралқасының 1920 ж. 8-шілдедегі
қаулысымен ішінде Шанин, Сто-
родубцев, Чугунков, Кирпичников
бар Жымпиты уездік ревкомының
уақытша құрамына төрағалық етті.
Сол ж. қазан айында РК(б)П Қазақ
облыстық бюросының мәжілісін-
де І Бүкілқазақ Кеңестер құрылтай
Алаш қозғалысы
202
сиезіне келген Орал облысы деле-
гациясының тізімімен ҚАКСР ОАК
мүшелігіне кандидат етіп бекітіл-
ді. Сол ж. күзде жаңадан құрылған
РК(б)П Жымпиты уездік комитетінің
алғашқы мүшелерінің бірі және мә-
дени-ағарту бөлімінің меңгерушісі,
уком жанындағы сауатсыздықты
жою комиссиясының төрағасы, лек-
торлар тобының мүшесі. Осы кезеңде
Ж.-тың ұйымдастыруымен Жымпи-
ты атырабындағы бұрынғы 4 және
6-кластық мектептер кеңестік үлгіде-
гі жеті жылдық мектептер болып қай-
та құрылды. 1921 ж.көктемнен бастап
РК(б)П Жымпиты уездік комитетінің
төрағасы. 1921 ж. аяқ шені – 1922 ж.
басы аралығында Орал губерниялық
атқару комитеті төрағасының орын-
басары. 1922 ж. Орынборға қызметке
шақырылып, ҚАКСР Халық ағарту
комиссариатының ғылым, баспасөз
және әдебиет ісін басқаратын Ака-
демиялық орталығының (Қазақстан
Білім ордасы) төрағасы болып тағай-
ындалды. Сол кездегі ғылым мен
білім беру саласын, баспасөз бен әде-
биетті қайта құру, дамыту ісіне кесек
үлес қосты. Акорталық жанынан Қа-
зақстанды зерттеу қоғамын құруға
атсалысты, ұлттық мәдени мұраға
жанашыр болды – А.В.Затаевичтің
қазақ музыка мұрасын өз бетінше
өңдемей, келер ұрпаққа таза, саф
күйінде, қоспасыз жеткізуіне мұрын-
дық болып, дұрыс бағыт берді. 1923-
1924 ж. РК(б)П Қазақ өлкелік коми-
тетінің баспасөз органы – «Еңбекші
қазақ» газетінің жауапты редакторы.
Қызметінің осы кезеңінде қаламы
ұшқыр журналист ретінде танылды,
бір шоғыр белсенді газет авторла-
рын тәрбиеледі. Олардың арасынан
кейін Т.Жүргенов секілді мемлекет
қайраткері, С.Мұқанов, Е.Алдоңға-
ров сияқты танымал қаламгерлер
шықты. Сонымен бірге Ж. Қазақ ха-
лық ағарту институтында, Орынбор
жұмысшылар факультетінде, т.б. оқу
орындарында орыс және қазақ әде-
биеті тарихынан сабақ берді. 1927 ж.
шыға бастаған екінші ұлттық педаго-
гикалық арнаулы басылым – «Жаңа
мектеп» (қ. «Қазақстан мектебі»)
журналының алғашқы редакторы.
Қазақстан Халық ағарту комиссари-
аты жанындағы әдістемелік кеңестің
төрағасы. Осы ж. Т.Шонановпен бірге
«Рабочая книга для чтения (1-й год
обучения)» оқу құралын (1929, Қызы-
лорда), М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаевпен
бірігіп ХІХ ғ. мен ХХ ғ. басындағы
қазақ әдебиетінің оқу кітабын (Алма-
ты, 1933) және Ә.Қоңыратбаев, М.Қа-
ратаевпен бірігіп 4-класқа арналған
«Әдебиет хрестоматиясының» екін-
ші бөлімін (1934, Қызылорда) жазды.
1933-1937 ж. БК(б)П ОК жанындағы
Марксизм-ленинизм
институты-
ның Қазақ филиалының қызмет-
кері. Осы қызметінде «Саяси сауат»
кітабын шығарды, «Коммунистік
партияның манифесін» қазақша-
лады, Н.Манаевпен бірге В.И.Ле-
ниннің бірқатар еңбегін аударды.
ҚазПИ-де, Алматы журналистер
мектебінде фольклордан, ХІХ ғ. қа-
зақ әдебиетінің тарихынан лекция
оқыды, доцент ғылыми атағына
ие болды. Қаламгерлік қызметінің
өн бойында өз есімімен және «Ү»,
«Сасқан» бүркеншік есімдерімен
«Сын», «Әдебиет дүниесінде»,
«Исатай Тайманұлы», т.б. мақала-
Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы
203
лар, «Жол-жөнекей», «Айрылу»,
«Тірілу», «Бес қашқын» атты әң-
гіме-новеллалар жазды. Республи-
калық баспасөз бетінде Оралдағы
Шалқар көлінің шипалы суын пай-
далану, көлді сақтау жөнінде алғаш
рет проблема көтерді. 1937 ж. жел-
тоқсанда бұрын Алаш қозғалысына
қатысқаны үшін «халық жауы» деген
айыппен тұтқынға алынып, 1938 ж.
ақпан айында атылды. Зайыбы Ма-
рия Никифоровна Жолдыбаева 60-ж.
қайтыс болды. Немере қарындасы
– академик, жазушы Зейнолла Қаб-
доловтың зайыбы Сәуле Қабдолова
Алматы қаласындағы №12 мектепте
ұзақ жыл ұстаздық етті.
Жұбаева Орынай Сағынға-
лиқызы (1970 ж. 22 тамызда Аты-
рау обл., Дендер ауд.) – тілтанушы
ғалым, филология ғылымдарының
докторы. 1994 ж. Абай атындағы
Алматы мемлекеттік университетін
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
бойынша бітірген. 1987-1989 ж. М.Ө-
темісұлы атындағы облыстық драма
театрында, 1994-1995 ж. С.Аспанди-
яров атындағы Алматы мемлекеттік
медицина университетінде лаборант,
қазақ тілі пәнінің оқытушысы, 1995-
1998 ж. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ
ұлттық техникалық университетінде
оқу бөлімінің, мамандар бөлімінің
қызметкері, қазақ тілі пәнінің оқы-
тушысы болып қызметтер атқарған.
1998-2001 ж. А.Байтұрсынұлы атын-
дағы Тіл білімі институтының күн-
дізгі бөлім аспиранты, 2002-2007ж.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институты Грамматика бөлімінің
аға ғылыми қызметкері, 2007 жыл-
дан қазіргі күнге дейін Грамматика
бөлімінің меңгерушісі. 2002 ж. «Қ.Ке-
меңгерұлының тілтанымдық мұрасы
мен лингвистикалық тұжырымдары»
деген тақырыпта кандидаттық, 2010
ж. «Қазақ тілі грамматикалық кате-
горияларының анотропоөзектілігі»
деген тақырыпта докторлық диссер-
тациялар қорғаған. Алаш оқымысты-
лары А. Байтұрсынұлы, Е. Омаров, Т.
Шонанұлының ғылыми-лингвисти-
калық мұралары жөнінде мақалалар
жазған.
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы
– Алаш қозғалысының белгілі қай-
раткері. Ол 1893 ж. Ақмола губерни-
ясының Ақмола уезіндегі Полуденов-
ский болысында (қазіргі Солтүстік
Қазақстан обл., Булаев ауд., Мағжан
атындағы ауыл) дүниеге келген.
Төрт жасында ауыл мұғалімінен хат
танып, сауат ашады, ал 1905 ж. Қы-
зылжардағы медресеге оқуға түседі,
бұл медресені араб, парсы, түрік
тілдерін еркін меңгерген, Стамбұл-
да оқып, дәріс алған, ауқатты әулет-
Алаш қозғалысы
204
тен шыққан жергілікті интеллигент
Мұқамеджан Бегішев ашқан. Ол
өзі шығыс халықтарының тарихы
жөнінде де сабақ берген. Ж. бұл ме-
дресені 1910 ж. жақсы үлгеріммен
бітіреді. Бірақ, бұл оқумен қанағат-
танбаған ол, яғни болашақ ақын, 1910
ж. күзде өзінің ауылдасы, талапкер
жазушы Бекмұқамбет Серкебае-
впен «Ғалия» медресесіне түсу үшін
Уфаға сапар шегеді. Ж. Омбыдағы
Мұғалімдер семинариясына түсіп,
сол қалада орын тепкен. 1912 ж. Қа-
зан қаласындағы «Шолпан» атты
тұңғыш жинағы басылып шығады.
Бұл жинақта М. сол тұстағы қазақ
қоғамының қарама-қайшылықтарын
ағартушылық және сыншылдық ар-
нада бейнелеп берді. 1917 ж. Ж. Ом-
бының мұғалімдер даярлайтын се-
минариясын ойдағыдай бітіріп, туған
өлкесіне оралады. Қазақ даласында
«Алаш» партиясын құруға қатысып,
чех көтерілісін бастан кешеді; кейін
Ақмола губерниялық «Бостандық
туы» газетінде істейді. Осы кезеңнен
бастап Ж. шығармашылығы даму-
дың жаңа сатысына көтеріледі. Оның
өлеңдерінде ұлттық сана алдыңғы
қатарға шығады. Сонымен бірге,
ақын адамның ішкі жан-дүниесіне
тереңдеп, көркемдігі кемел шығар-
малар тудырады. Жиырмасыншы ж.
бірінші жартысында Ж. Ташкентте
шығармашылық өнімді еңбекпен
шұғылданады. Осы Ташкент ке-
зеңінде ақынның көптеген таңдаулы
өлеңдерімен бірге «Батыр Баян» поэ-
масы жарық көреді. Сонда шығатын
«Шолпан», «Сана» журналдарында,
«Ақжол» газетінде қызмет атқарып,
біраз дүниелерін жарыққа шығара-
ды. 1923-1927 ж. Ж. Мәскеуде жоға-
ры әдебиет-көркемөнер институтын-
да оқыды. 1929 ж. Ж. «Алқа» атты
жасырын ұйым құрды» деген айып-
таулармен 10 жылға сотталады. 1936
ж. М.Горький мен Е.Пешкованың
араласуымен аз ғана уақыт бостан-
дық алады, бірақ 1937 ж. М.Ж. қайта
қамауға алынады. Ал, 1938 ж. ақын
ғұмыры мәңгілікке үзіледі. Қазақтың
зиялы азаматтарының қалыптасып,
қауымдасуы, 1905-1907 ж. орыс бур-
жуазиялық төңкерісінің жаңғырығы,
бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 ж.
ұлт-азаттық көтеріліс, ақпан төң-
керісі, одан соңғы қазан төңкерісі –
саясат жүзінде әлі де ысыла қоймаған
қазақ қауымы үшін аз уақыттың
ішінде оның басынан кешкен күрделі
де, дүбірлі кезеңі болды. «1905 ж. өз-
герістен былай қазақтың қамын ой-
лаймын деген азаматтар ұлт мұңын
сөйлеп, ұлт мәселесін қолға ала
бастады», – дейді Мағжанға жана-
стыра отырып белгілі баяндамасын-
да Жүсіпбек Аймауытов. Бұл жыл-
дардың әлгіндей сипаты жайында
Алаш көсемі Ә.Бөкейхан: «Бүкіл дала
саясат аясына тартылып, азаттық
үшін қозғалыс тасқыны құрсауына
енді» деп жазған болатын. Бүкіл өз-
герістер өткен ғасырдағы отаршыл
Ресей империясының қажеттілігінен
емес, ұлттық талап-тілектерден туып
жатты. Сол себепті де, ХІХ ғ. Дулат,
Шортанбай, Мұрат сияқты зар за-
мандық сарындағы романтиктерде
торығу, уайым, шарасыздық басым
болса, ұлт-азаттық қозғалыс дәуірі
ж.ндағы Ж. романтизмінде опти-
мистік, максималистік бағдар үстем.
Отаршылыққа қарсылық Абылай,
Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы
205
Кенесары дәуірлеріндегідей қару-
дың күші, найзаның ұшымен емес,
ендігі жерде халықтың санасын оя-
туға, ұлттық сезімін тәрбиелеуге
бағытталған игілікті саяси, мәдени
іс-әрекеттерге көшті. Оның тұңғыш
қадамдары жаңа жүзжылдықтың
алғашқы ж.нда-ақ байқалғанымен
(Қарқаралы петициясы, алғашқы бас-
пасөз құралдары, Дулатовтың «Оян
қазағы», Байтұрсынұлының «Маса-
сы»), іргелі де белсенді шаралар 1913-
1914 ж. басталады. Сөйтіп, саналы
әрі ұйымдасқан саяси іс-қимылдар
қазақ тарихының жаңа дәуірін жаса-
ды. Ұлттық идея – қазақ өміріндегі
ең ұлы идеяға айналды. Қалыпта-
сып қауымдасқан оқыған азаматтар
мәдени, саяси күрес арқылы ұлттық
сананы оятып, алаштың азат бо-
латын күнін жақындатуға күш-жі-
герін салды. Осындай бұрын-соңды
болмаған саяси-әлеуметтік жағдай-
ды басынан өткерген, оның ұлттық
идеяларында тәрбиеленген Ж. ұлт-
жанды азамат болып қалыптасты.
Ж. сынды ұлтжанды азамат сурет-
кердің шығармашылығына сөз жоқ,
ақпан төңкерісінің әсері болғаны
даусыз. Сол тұстағы өзге де оқыған
азаматтар ғана емес, бұл төңкерісті
отаршылдықтың тізесі әбден батқан
барша халық аса зор қуанышпен қар-
сы алғаны – бүгіндері жиі айтылып
та, жазылып та жүр. Мұндай зор өз-
геріс, оның үстіне ақынның өзі мүше
болған қазақтың ұлттық-демократи-
ялық «Алаш» партиясының құрылуы
– Ж. романтизміндегі асқақ рух пен
оптимистік пафосты одан сайын үде-
те түсті. 1914-1915 ж. бастау алған
төңкерісшіл мазмұндағы романтизм
қабаты қалыңдай түсті. Ж.-тың Алаш
қозғалысына, Алашордаға тікелей
қатысы бар. Ол 1917 ж. 25 сәуір – 17
мамыр аралығында Омбы қаласында
өткен Ақмола облыстық қазақ сиезі-
не қатысқан. Осы сиезде ақын құра-
мы он адамнан тұратын облыстық
қазақ комитетінің мүшесі болып
сайланды. Осы жұмыста жүріп ол ел
арасындағы үгіт-насихат жұмыста-
рына белсене атсалысты. 1917 ж. шіл-
де айында өткен бірінші жалпықа-
зақ сиезінде Ж. Ақмола облысынан
Құрылтай жиналысына депутат бо-
лып сайланды. Ол осы ж. желтоқсан
айында өткен екінші жалпықазақ
сиезінде А.Байтұрсынұлымен, Е.О-
маровпен, Б.Сәрсенұлымен, Т.Шона-
новпен бірге оқу комиссиясына сай-
ланды. Осы айдың соңына қарай Ом-
быда ашылған «Алаш» партиясының
Омбы облыстық комитетіне мүше
болып сайланды. Алаштық платфор-
мада болуы – оның жеке тағдырына
да әсер етті. Мәселен, «Үш жүз» пар-
тиясы белсенділері Алашордаға қар-
сылық білдіріп, Мағжанды және тағы
да облыстық комитет мүшелерін
тұтқынға алады. Ж. өмірінің аяғына
дейін Алаш идеясына беріліп өтті.
Жұмағұлов Сағымбай Ботпай-
ұлы (1968, Қарағанды обл., Бұқар
жырау ауд., Қарақұдық а.) – фи-
лология ғылымдарының докторы,
профессор. туған. 1994 ж. академик
Е.А.Бөкетов атындағы Қараған-
ды мемлекеттік университетінің
филология факультетін қазақ тілі
мен әдебиеті мамандығы бойынша
бітірген. 1994 ж. бері аталмыш уни-
верситеттің қазақ әдебиеті кафе-
драсында қызметте. 2006-2007 ж.
Алаш қозғалысы
206
қазақ әдебиеті кафедрасының мең-
герушісі. Қазір осы кафедраның
профессоры. Қарағанды облыстық
«Замандас», «Замандас-Современ-
ник», «Шипагер» газеттерінде тіл-
ші, жауапты хатшы қызметтерін
атқарған. ҚР Журналистер одағы-
ның мүшесі. «Сын сардары» (1999),
«Әдебиетші әлемі» (2003), «Ғұмар
Қараш шығармашылығы» (2005),
«ХХ ғасырдың екінші жартысын-
дағы қазақ әдебиеттану ғылымы
(1956-1991 ж.) (2008)», «Ж.мық»
ж.ндағы ұлттық әдебиеттану»
(2013), «Сәбит Дөнентайұлы шығар-
машылығы» (2013) еңбектерінің ав-
торы. «Сәкен Сейфуллин», «Бұқар
жырау», «Қаз дауысты Қазыбек
би» тұлғалық энциклопедияларын
шығаруға қатысқан. Әдебиеттану
ғылымындағы зерттеулері үшін
Еуропалық ғылыми-өндірістік па-
латасы тарапынан еуропалық сапа
дипломы (Diploma di Mirito) және
алтын медалімен марапатталған.
Жұрт – қазақтың халықтық-ме-
кендік, тектестік-тұтастықты біл-
діретін байырғы әлеуметтік ұғымы.
Ол «халық» сөзімен мағыналас айты-
лады. Ежелгі мұраларда «алаң жұрт»,
«астана жұрты», «қара жұрт» деген
тіркестер ұшырасады. Алаш, жә-
дит кезеңі сөздік қорында кездеседі.
Сол уақыттың баспасөзінен «Жұрт-
та қалған», «жұрт айтты», «жұртта
жоқ» т.б. тіркестерді байқауға бола-
ды. Түрік халқы жәдитшілері «Түрік
жұрты» т.б. атаумен газет-журнал
шығарды.
Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы
– жазушы, алаштанушы ғалым, фи-
лология ғылымдарының докторы,
профессор. Ол 1951 ж. Семей облы-
сы Абай ауданы Шаған ауылында
туған. ҚазҰУ-ды бітірген. 1974-1990
ж. «Жетісу» газетінде, «Білім және
еңбек», «Жұлдыз» журналдарында
қызмет істеді. 1990-1998 ж. М.Әу-
езов мұражайында ғылыми қыз-
меткер, бөлім бастығы, директор.
1998-2001 ж. докторант, ҚазҰУ-да
оқытушы. 2001 ж. «Отырар кіта-
пханасы» ғылыми-зерттеу орта-
лығының директоры. «Жүрегімде
жұмыр жер» өлеңдер мен поэмалар,
«Бесқарагер», «Дара тұлға», «Жер
– бесік» роман-новелласы, «Бейу-
ақ» роман-эссесі, «Бесігіңді түзе»,
«Талқы» роман-эсселері, «Мухтар
Омарханович Ауэзов», «Күйесің
жүрек... сүйесің!», «Бесіңді аяла!..»
кітаптары жарық көрген. Т.Ж. Алаш
қайраткерлерінің
шығармалары
мен өмір деректері туралы көпте-
ген ізденістер жүргізіп, солардың
негізінде ғылыми еңбектер жазды.
Ол «Алаш ақиықтары» жинағын
құрастырып, Алаш қайраткер-
лерінің беймәлім шығармаларын
жалпы жұртшылыққа таныстырды.
Оның 3 томдық «Ұраным – Алаш»
зерттеуі жалпы алаштанудағы аса
маңызды еңбектердің бірі. Ж. ха-
лықаралық «Алаш», І.Жансүгіров
атындағы әдеби сыйлықтардың ла-
уреаты.
Поделитесь с Вашими друзьями: |