Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет27/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69

Жәңгір  мектебі  –  Бөкей  Ордасы-

ның  ханы  Жәңгірдің  1941  ж.  қазақ 

балаларына  арнап  ашқан  еуропалық 

жүйедегі алғашқы мектебі. Хан 1826 

ж.  Қазан  университетінің  ректоры 

Карл  Фукске  өз  ордасында  мектеп 

ашып,  ғылым  мен  өркениетке  қа-

зақ  баласын  тарту  ниеті  бар  екенін 

мәлімдейді.  Бастаманы  қолдаған 

Фукс билеуші туралы: «Жас кезінде, 

хандығының  бас  кезінде,  тіпті  Ор-

дада әлі бірде-бір үй тұрғызылмаған 

уақытта,  ханның  білім  пайдасы 

жөнінде  алдын-ала  ойлануы  қандай 

ғанибет» дейді. 

Мектеп ашу жөніндегі Жәңгір хан 

арманы тек он бес жылдан кейін ба-

рып  жүзеге  асты.  Ол  оған  дейін  де 

жоғары жаққа әлденеше рет қатынас 

қағаз  жолдап,  мектеп  ашуға  көмек 

ету  жөнінде  өтініш  түсірген,  алайда 

ұсынысы  аяқсыз  қалған.  Ақыры  ол 

мектепті  өз  күшімен  ашуға  бекінді. 

Арада екі ай өткеннен кейін, 1841 ж. 

6  желтоқсанда  қазақ  даласында  ұлт 

балалары  үшін  ашылған  тұңғыш 

мектеп  дүниеге  келді.  Қарағайдан 

қиып  салынған  мектеп  үйі  –  Ор-

дадағы  еңселі  үйіне  айналады.  Екі 

қабатты  ғимараттың  іші  де  аса  көр-

некті  болған.  Оқушылардың  парта-

сы,  мұғалім  үстелі  мен  отырғышы, 

класс тақтасы, шығыс стиліндегі ой-

мыш буылтық ағаш бағанасы мектеп 

ішінің жоғарғы эстетикалық талғам-

мен  безендірілгенін  көрсетеді.  1905 

ж.  осы  екі  сыныптық  мектеп  төрт 

сыныптық  қалалық  мектепке  айна-

лып,  жанынан  мұғалімдер  даярлай-

тын  педагогикалық  курс  ашылады. 

Мектепте  шекті  аспаптар  оркестрі, 

хор және бай кітапхана болған. Жәң-

гір мектебінен талай белгілі адамдар 

білім  алып  шықты.  Олардың  қата-

рында  М.С.Бабажанұлы,  М.Бекмұ-

хаммедұлы,  Ш.Бөкейұлы,  Ғ.Қараш, 

Ғ.Жәңгірұлы,  Р.Құрманғалиұлы,  Ш.

Жексенбайұлы т.б. бар.



«Жәрдем» 

– 

Қазақстандағы 



тұңғыш  ұлттық  баспахана.  Оны 

ағайынды  Сұлтан,  Садық,  Хасан 

Нығметуллиндер  «Жәрдем  серікті-

гі»  деген  атпен  1912  ж.  Семейде  ұй-

ымдастырған.  Баспаханадан  Т.Жо-

мартбайұлының  «Балаларға  жеміс» 

өлеңдер  жинағы  (1912)  мен  «Қыз 

көрелік»  романы  (1912),  М.Малды-



Алаш қозғалысы

194


байұлының  «Оқу  кітабы»  (1912), 

Шәкәрімнің 

«Қалқаман-Мамыр» 

(1912),  «Еңлік-Кебек»  дастандары, 

Б.Айтқожаұлының «Шын мақсұттар» 

өлеңдер жинағы (1913), А.С.Пушкин-

нің  «Дубровский»  повесінің  аудар-

масы, «Қазақ шежіресі», «Төте оқу», 

т.б.  кітаптар  жарық  көрді.  1917-1919 

ж.  «Жәрдем»  Алаш  зиялыларының 

ықпалымен  «Сары  Арқа»  газеті  мен 

«Абай» журналын шығарып тұрды.



Жер  мәселесі  –  Алаш  қозғалы-

сының  көпжылдық  тарихында  және 

облыстық,  жалпықазақ  сиездерінде 

Алашорда  үкіметінің  жұмысында 

үнемі  басты  назарда  болған  мәсе-

ленің  бірі.  Оны  Алаш  көсемдері  өте 

жақсы  түсінген  болатын.  Айталық, 

сол  дәуірде  Ә.Бөкейхан:  «Жер  мәсе-

лесі – өмір сүру мәселесінің ең зоры» 

деген  болатын.  Бірінші  жалпықазақ 

сиезінің  қаулысында:  «Қазақ  халқы 

өзіне еншілі жерге орнығып болған-

ша  қазақ  жері  ешкімге  берілмесін» 

делінсе,  бұл  «Алаш»  партиясының 

бағдарламасында:  «Учредительное 

собрание негізгі закон жасағанда жер 

сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа 

берілсін  деу;  қазақ  жер  сыбағасын 

отырған  жерлерден  алып  орнасқан-

ша,  қазақ  жеріне  ауған  мұжық  кел-

меу» делініп бекітіле түсті. Алашор-

да үкіметі автономия жариялай оты-

рып,  оның  бірінші  бабында:  «Бөкей 

елі,  Орал,  Торғай,  Ақмола,  Семей, 

Жетісу, Сырдария облыстары, Ферға-

на,  Самарқанд  облыстарындағы  һәм 

Әмудария  бөлімдеріндегі  қазақ  уез-

дері, Закаспий облысындағы һәм Ал-

тай  губерниясындағы  іргелес  облы-

стардың жері бірыңғай, іргелі халқы 

қазақ-қырғыз  қаны,  тұрмысы,  тілі 

бір  болғандықтан,  өз  алдына  ұлт-

тық,  жерлі  автономия  құруға...»  деп 

жер тұтастығын басты мәселе ретін-

де бекітті. Алашорда үкіметі 1918 ж. 

24  маусымда  «Алаш  автономиясы-

ның  жерінде  жер  пайдалану  туралы 

Уақытша Ереже» өзінің мазмұны мен 

пәрмені  жағынан  маңызды  құжат-

тардың  бірі  болды.  11  баптан  тұра-

тын  бұл  Ережеде  жерді  пайдалану-

дың негізгі тәртібі көрсетілді. Алаш 

қозғалысының,  Алашорда  жетек-

шілерінің аса ірі тарихи еңбегі қазақ 

жерін сақтап қалуымен байланысты. 

Осы  күнгі  Қазақстан  Республикасы 

жерінің тұтастығы мен сақталып қа-

луында  Алаш  қайраткерлерінің  ора-

сан зор еңбегі жатыр. Олардың кеңес 

үкіметінің  басшыларымен  келіссөз-

дері,  әсіресе,  А.Байтұрсынұлының 

осы  бағыттағы  қажырлы  еңбегінен  

кейін,  Қазақ  автономиялық  советтік 

социалистік  республикасын  құру 

кезінде  осы  автономияның  аумағын 

белгілеуде  шешуші  маңызға  ие  бол-

ды. 

Жергілікті маңыздағы теміржол 

туралы 

қаулы 

– 

Алашорда 



үкіметінің  1918  ж.  11-24  маусымын-

да шыққан қаулысы. Қаулыда Алаш 

автономиясы  аумағында  теміржол 

құрылысын  жүргізу  тек  қана  Ала-

шорда үкіметінің рұқсатымен жүзеге 

асырылады деп көрсетілген. Қаулыға 

Алашорда  төрағасы  Ә.Бөкейхан,  мү-

шелері  М.Тынышбаев,  Х.Ғаббасов 

қол қойған.

«Жерлестер»  ұйымы  –  ХІХ  ғ. 

аяғында  Санкт-Петербургте  оқитын 

қазақ жастары құрған ұйым. Осы қа-

лада оқитын студенттердің арасында 

20-ға  жуық  «Жерлестер»  ұйымда-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

195


ры  құрылып,  оларға  1500-ге  тарта 

студенттер  кірген.  Солардың  бірін 

Санкт-Петербург  университетінде 

білім  алып  жатқан  қазақ  студент-

тері  Б.  Құлманов  (заң,  шығыстану 

факультеті),  Б.  Сыртанов  (шығыс 

тілдері  факультеті),  Б.  Қаратаев  (заң 

факультеті),  М.  Сердалин  (жара-

тылыстану  факультеті),  А.  Теміро-

втер  (заң  факультеті)  құрған.  Ж. 

ұйымының  мүшелері  сол  кезеңдегі 

саяси,  қоғамдық  оқиғаларға  белсен-

ді  қатысып  тұрған.  1887  ж.  патшаға 

қастандық  жасалған  соң  студенттер 

арасында  тәртіп  күшейтілгендіктен 

олар  жасырын  әрекеттерге  көшкен. 

Саяси  жиындарында  көрінгені  үшін 

патша  өкіметі  М.Сердалинді  оқудан 

шығарып,  Көкшетауға  полицияның 

бақылауына жіберіледі. Б. Құлманов 

университетті 1886 ж. ғылым канди-

даты дәрежесімен бітірсе, А. Теміров, 

Б. Қаратаев 1890 ж. алтын медальмен 

аяқтаса, Б. Сыртанов 1891 ж. бітіріп, 

Жетісу  өңірінде  жоғары  білім  алған 

алғашқы  адам  болды.  Бұл  түлек-

тердің барлығы  да  ХХ  ғ.  басындағы 

ұлт-азаттық  қозғалысына  белсене 

қатысты.  Ж.  –  қазақ  тарихындағы 

жастардың  ең  алғашқы  ұйымы  бол-

ды. 

Жетпісов Ғаббас (т.ж.б., б.Орал о., 

Ілбішін у. - 1938) – Батыс Алаш-Орда 

қайраткері. Әкесі Жетпіс орта шару-

алы адам болған. Болыстық орыс-қа-

зақ  мектебін,  үш  кластық  Романов 

орыс-қазақ  мектебін  және  Орал  ре-

альдық  әскер  училищесін  бітірген. 

1917  ж.  Ақпан  революциясына  дей-

ін  түрлі  мекемелерде,  соның  ішінде 

Ілбішін  уезін  фон  Галлер  басқарған 

1914-1917  ж.  уез  бастығы  кеңсесінің 

іс  жүргізушісі  болып  істеді.  Ақпан 

революциясынан  соң  Б.Қаратаев, 

А.Әбеновтермен бірге Жайық сырты 

қазақтарын  басқару  жөніндегі  аза-

маттық  комитетті  ұйымдастыруға, 

кейін  оның  орнына  Ғ.Әлібековтің 

басқаруымен құрылған Уақытша об-

лыстық  қазақ  комитетін  жасақтауға 

қатысты.  Жергілікті  чиновниктер 

ішінен  ұлттық  интеллигенция  өкіл-

дерімен  жалтақсыз  идеялас  болып 

кеткендердің  бірі.  1917  ж.  сәуірдегі 

І  Қазақ  Орал  облыстық  сиезін  ұй-

ымдастыру  ісіне  белсене  араласты. 

Айтылмыш  сиезін  Хайырша  хазірет 

Ахметжанов және Ермұхамед Арғын-

шиевпен  бірге  сиез  хатшысы  болып 

сайланды. 1918 ж. сәуірдегі облыстық 

қазақ  управасы  мен  Казак  Войско 

үкіметі арасындағы одақтық келісім-

шартқа  және  сол  ж.  мамырдағы  ІV 

Қазақ Орал облыстық сиезінің боль-

шевизмге  қарсы  күрес  жөніндегі 

қарарына  сәйкес  құрылған  Ойыл 

уәлаятына  большевизм  салдарларын 

жою  жөніндегі  айрықша  комиссия-

ны  басқарды  және  Ж.Досмұхамедов 

басқарған әскери-далалық сот төраға-

сының орынбасары болды. Қоғамдық 

өмірдің әртүрлі білікті мамандардың 

жетіспеушілігіне  байланысты  терге-

у-тексеру  ісі  мен  сот  ісінің  ара-жігі 

ұдайы  сақтала  бермеген,  әрі  соғыс 

үстіндегі  уәлаят  жағдайында  атқа-

рымдық  міндеттері  негізінен  бір 

болған бұл екі құрылымның құрамы-

на  Алпан  Кенжәлиев,  Ескендір  Көп-

жасаров,  Қуат  Төтебаев,  конвой  ко-

мандасының  командирі  Жайсанғали 

Домаланов,  т.б.  кірді.  Ж.  айтылмыш 

комиссия  төрағасы  ретінде  1918  ж. 

желтоқсанда  Жымпитыда  жаңадан 


Алаш қозғалысы

196


жасақталмақшы  атты  дивизионды 

толықтыру  мақсатында  жайғасқан 

жігіттердің  бас  көтеру  себептерін 

тексеру және 1919 ж. көктемде Гнилов 

поселкесінде қолға түскен қызылдар-

дың  443-бекініс  батальон  құрамын 

тергеу ісімен айналысты. 1918-1919 ж. 

майдандағы аумалы-төкпелі жағдай-

лар кезінде Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, 

М.Ипмағамбетов тобына келіп, Жет-

пісбаев  және  Ж.Досмұхамедовтар-

мен  кездесуге  шақырды,  екі  арада 

бітімгершілік  қызмет  атқарып,  екі 

жақтың  ымырласуына  күш  салды. 

1918-1919 ж. Жымпиты уездік земство 

управасының мүшесі болып сайлан-

ды.  Б.А.-О.  үкіметі  таратылғаннан 

кейін  РК(б)П  қатарына  өтіп,  ауыл-

ды  кеңестендіру  ісіне  қатысты.  20-

30 ж. сот, прокуратура саласындағы 

әртүрлі қызмет атқарды. 30-ж. Жеті-

су  округтік  прокуроры  болды.  1937 

ж. саяси қуғын-сүргін құрбаны.

Жетісу  облыстық  Алаш  коми-

теті – 1918 ж. тамызында Лепсіде өткен 

Жетісу  облыстық  сиезінде  құрылған 

комитет. Сиез ұлттық әскердің бөлім-

дерін  жасақтау,  оларды  оқыту,  қамта-

масыз  ету  мәселелерімен  бірге  облы-

стық Алаш комитетін құрды. Бұл об-

лыстық қазақ комитетінің Алаш коми-

теті болып қайта құрылуы еді. Комитет 

төрағалығына  Ыбырайым  Жайнақов, 

мүшелігіне Мұхамеджан Тынышбаев, 

Сатылған  Сабатаев,  Төлебай  Дүйсе-

баев,  Нүсіпбек  Жақыпбаев,  Базарбай 

Мәметов,  Біләл  Сүлеев,  Иса  Тергеусі-

зов,  Садық  Аманжоловтар  енгізілді. 

Бұл  Алаш  комитеті  жалпы  халықты 

ұлт-азаттық қозғалысына қатысуға үн-

деді, кеңестік билікке қарсы соғыс қи-

мылдарын жүргізуге атсалысты. 



Жетісу  облыстық  Алаш  коми-

тетінің қаулысы – 1919 ж. 17 науры-

зында  Үржарда  дайындалған  қаулы 

Жетісу  облыстық  Алаш  комитетінің 

төрағасы  Ы.Жайнақовтың  баянда-

масы  негізінде  жасалды.  Қаулыда 

өңірде қалыптасқан жағдайды, боль-

шевиктердің ел ішіндегі басбұзарлық 

әрекеттерін,  шаруашылық  мәселе-

лері көрініс тапты. Қаулыға комитет 

төрағасы  Ы.Жайнақов,  мүшелері  С.

Сабатаев, Т.Дүйсебаев, И.Тергеусізов, 

Т.Жақыбаевтар қол қойған. 



Жетісу  облыстық  қазақ  коми-

теті – 1917 ж. сәуірінде құрылған қа-

зақ комитеті. Бұл комитеттің Торғай, 

Орал,  Ақмола,  Семей  облыстық 

қазақ  комитеттерінен  ерекшелігі  – 

Жетісу  облыстық  қазақ-қырғыз  ко-

митеті деп аталды. Себебі сол кездегі 

Жетісу облысының құрамына Прже-

вальск  және  Пішпек  уездері  енетін. 

Соған орай қырғыз халқының ұлт-а-

заттық жолындағы азаматтар осы ко-

митет  құрамына  тартылды.  Жетісу 

облыстық  қазақ-қырғыз  комитетінің 

төрағасы  көрнекті  Алаш  қайраткері 

Ыбырайым  Жайнақов  болды.  Коми-

теттің  ұлт-азаттық  қозғалыс  кезінде 

жемісті  жұмыс  істеуіне,  жалпы  ха-

лық  арасына  бостандық  идеяларын 

таратуына  оның  мүшелері  К.Ше-

гіров,  Ә.Кәкенов,  Н.Нұрмұхамедов, 

К.Абдулин,  М.Солтаев,  К.Тоқсанба-

ев,  К.Ордабаев,  И.Арабаев,  Қ.Телта-

ев,  М.Әлімбаев,  Т.Есенғұлов  секілді 

қазақ  және  қырғыз  халықтарының 

өкілдері ерекше қызмет етті. Бұл ко-

митеттің  бірнеше  уездік  бөлімдері 

(комитеттері)  болды.  Айталық,  Вер-

ный  уездік  комитетінің  төрағасы  К.

Шегіров,  Пішпек  уездік  комитетінің 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

197


төрағасы М.Әлімбаев, Жаркент уездік 

комитетінің  төрағасы  Т.Есенғұлов, 

Пржевальск  уездік  комитетінің 

төрағасы  И.Арабаев  болды.  Ресей 

ақпан  төңкерісінен  кейін  туыстас 

қазақ  халқы  мен  қырғыз  халқының 

іргелес  қоныстанған  Жетісу  өңірін-

де  қазақ-қырғыз  комитеті  қызмет 

атқарып,  өңірдегі  саяси-қоғамдық 

үдерісте  маңызды  орынға  ие  болды. 

Қазақ  және  қырғыз  халықтарының 

бостандық пен теңдік үшін күресін-

де  бұл  комитет  айтарлықтай  тарихи 

жұмыстар  атқарды.  Қырғызстанның 

Пішпек уезінде қазақ ауылдары мен 

болыстары  көп  болғандықтан  осын-

дағы уездік ұйымның атауы «Пішпек 

уездік қырғыз-қазақ комитеті» делін-

ді.  М.Әлімбаев  басқарған  бұл  коми-

теттің құрамына: Дардаил Абдуллин, 

Өмірқұл Өміралин, Аалы Бердіғұлов, 

Қорабай  Бодықов,  Оразғұл  Базанов, 

Құлқожа  Намазалин,  Әбдікерім  Сы-

дықов,  Найзабек  Тулин,  Ахметбек 

Қойбағаров  сияқты  қазақ  және  қы-

рғыз  халқының  қайраткерлері  кірді. 

Осы  Жетісу  облыстық  қазақ-қырғыз 

комитеті  басшыларының  және  мү-

шелерінің  атсалысуымен  1917  ж. 

12  сәуірінде  Верный  қаласында  об-

лыстық  қазақ-қырғыз  сиезі  ашыл-

ды.  Комитет  төрағасы  Ыбырайым 

Жайнақов  төрағалық  жасаған  Жеті-

су  облысы  қазақтарының  бұл  сиезі-

не  81  делегат,  соның  ішінде  Прже-

вальск  және  Пішпек  уезінен  17  өкіл 

қатысқан.  Сиез  жұмысы  Уақытша 

үкіметке,  соғысқа  қатынас  жайын, 

мемлекеттік құрылыс, дін, сот, жер-

гілікті басқару, ұлтаралық қарым-қа-

тынас, Жетісудағы қазақ пен қырғыз 

босқыншылығы секілді күн тәртібін-

дегі шұғыл мәселелер қаралды. Жеті-

су  облыстық  қазақ-қырғыз  комитеті 

бұдан әрі өрістеген саяси оқиғаларға 

белсене араласып, Бірінші және Екін-

ші  жалпықазақ  сиездерінің  шешім-

дері мен қаулыларын қуаттап, Алаш 

қозғалысының айтулы кезеңінде бел-

сенділік танытты. 



Жетісу  облыстық  қазақ  сиез-

дері.  1917  ж.  сәуірі  мен  1918  ж.  та-

мыз  аралығында  ұйымдастырылған 

сиездер. Облыстық І сиез 12-14 сәуір 

аралығында  Верный  қаласында  өт-

кізілді.  Сиез  төрағасы  –  Ы.Жай-

нақов,  орынбасарлары  –  Ғ.Ордаба-

ев,  А.Құдайбергенов,  хатшылары 

–  Қ.Шегіров,  Н.Жақыпбаевтар  бол-

ды.  Сиезге  Верный,  Лепсі,  Қапал, 

Пішпек,  Пржевальскі  уездерінен  81 

адам қатысты.Сиездің күн тәртібінде 

мынадай  мәселелер  қарастырылды: 

соғысқа  көзқарас;  уақытша  үкімет-

ке  көзқарас;  жергілікті  және  өлкелік 

өкіметке,  сонымен  бірге  атқару  ко-

митеттері  мен  басқа  қоғамдық  ұй-

ымдарға  көзқарас;  Россияны  басқа-

рудың  болашақтағы  жоғарғы  түрі; 

рухани-діни  іс;  азық-түлік  мәселесі; 

жергілікті  басқару;  сот;  партиялық 

араздықты  тоқтату  шаралары;  білім 

мен оқу-ағарту; облыстағы жер мәсе-

лесі; су мәселесі; мал шаруашылығы

отырықшылыққа  көшу;  заттай  са-

лық; қырғыздар мен орыстардың қа-

рым-қатынастарын  реттеудің  тәсіл-

дері;  босқындарды  Қытайдан  қай-

тару  тәсілдері.  Сиезде  қазақ  жерін 

біртұтас  территориялық  құрылым 

деп  оның  атын  «Қазақстан»  деп 

атау ұсынылды. Діни басқарма құру 

мәселесі  де  қарастырылды.  1916  ж. 

көтеріліс  оқиғаларына  байланысты 


Алаш қозғалысы

198


мәселелер де көтерілді. Сиезде ұлта-

ралық  қақтығыстарға  айрықша  мән 

берілді.  Кейбір  деректерде  осы  ж.  2 

маусымында  және  тамызында  Жеті-

су  облыстық  сиездердің  ұйымда-

стырылғаны  жөнінде  мәліметтер 

келтіріледі. Дегенмен бұл сиездердің 

хаттамалары табылмай отыр. Жетісу 

облыстық  келесі  сиез  1918  ж.  10-31 

тамыз  аралығында  Лепсіде  болған-

дығы  айтылады.  Сиезде  «Алаш» 

партиясының  облыстық  комитеті 

құрылған.  Оның  төрағалығына  Ы.

Жайнақов,  мүшелері  болып  С.Са-

батаев,  Т.Дүйсебаев,  Н.Жақыпбаев, 

Б.Мәметов, Б.Сүлеев, И. Тергеусізов, 

М.Тынышбаев, С.Аманжолов. Жетісу 

облысы  қазақтарының  сиездерінде 

діни  мәселеге,  жергілікті  басқаруға, 

ұлтаралық  қатынастарға,  ұлтты  қа-

рулы күштерді құруға айрықша мән 

берілгені байқалады.



Жетісу облысы – 1867 ж. 11 шіл-

деде құрылған Түркістан генерал-гу-

бернаторлығының 

құрамындағы 

әкімшілік  аймақ.  Генерал-губерна-

торлыққа  Жетісу  облысынан  басқа 

Сырдария облысы да кірді. Бұл облы-

стардың шекарасы Құрағаты мен Шу 

өзендері  бойымен  өтті.  Жетісу  об-

лысының  құрамында  бұрынғы  Сер-

гиополь  (аз  бөлігі  Семей  облысын-

да  қалды),  Қапал,  Атырау  округтері 

мен Түркістан облысының бір бөлігі 

(Құрағаты  өзенінің  оң  жақ  жағала-

уымен)  есебінен  қазақтар  тұратын 

Сергиополь  (1875  ж.  Лепсі),  Қапал, 

Верный уездері, қырғыздар тұратын 

Ыстықкөл  (кейін  Қарақол),  Тоқмақ 

(кейін  Пішпек)  уездері  құрылды. 

Жетісу  облысы  1882  ж.  дейін  Түр-

кістан  генерал-губернаторлығының 

құрамында  болып,  сол  ж.  Ақмола, 

Семей  облыстарымен  бірге  жаңадан 

ұйымдасқан  Дала  генерал-губерна-

торлығының құрамына кірді. 1897 ж. 

қайтадан Түркістан генерал-губерна-

торлығына енді. Жетісу облысы 1917 

ж. дейін 1891 ж. «Дала ережесі» бой-

ынша басқарылды.

Жетісу 

уәлаяты 

«Алаш» 

кеңесінің  жарсалуы  –  1918  ж.  нау-

рыз  айында  Верный  қаласында  қа-

былданған  үндеу.  Үндеуде  больше-

виктердің  істерін  жалпы  халыққа 

түсіндіру,  олардан  сақтану,  барлық 

қазақ, қырғыздарды бірлікке шақыру 

айтылды. 

Жиырмасыншы  ғасыр  бас 

кезіндегі  қазақ  әдебиеті  –  Ө.Әб-

диманұлының  оқу  құралы.  2002  ж. 

«Қазақ  университеті»  баспасынан 

жарық көрген, көлемі 25 б.т. Жоғары 

оқу  орындарына  арналған  бұл  оқу-

лықта  ХХ  ғасыр  басындағы  ұлт-а-

заттық  қозғалыс,  әдеби  ағымдар 

мен  бағыттар  сараланған.  Еңбектің 

едәуір  бөлігін  құрайтын  «Ұлт-азат-

шыл  бағыттағы  ақын-жазушылар» 

тарауында  Алаш  қаламгерлерінің 

өмірі мен шығармашылығы кеңінен 

сөз етіледі. 

Жиырмасыншы  ғасырдағы  қа-

зақ әдебиеті. І бөлім. (ұлтшылдық, 

байшылдық  дәуірі)  –  С.Мұқанов-

тың  кітабы.  1932  ж.  жарық  көрген. 

Біздің  дәуірімізде  2008  ж.  қайтадан 

жарық  көрді.  Көлемі  24  б.т.  Кезін-

де  әртүрлі  пікір  тудырған  С.Мұқа-

новтың  бұл  еңбегі  Алаш  қозғалы-

сы,  Алаш  әдебиеті  жөніндегі  ең 

алғашқы көлемді еңбек. Коммунист 

жазушының 

марксизм-ленинизм 

принциптеріне  сүйеніп  жазған  ең-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

199


бегі  «Ұлт  деген  не?»,  «Ұлтшылдық 

неден шықты?», «Қазақтың ұлтшыл 

оқығандары»,  «Ұлтшылдықтың  өр-

кендеуі»,  «Алашорда»,  «Төңкеріске 

қарсылық», 

«Ұлтшыл-байшыл 

дәуірдің  ақын-жазушылары»  атты 

тараулардан тұрады. 



Жоғары  білім  алған  Алаш  зи-

ялылары – «Алаш» партиясы, Ала-

шорда  үкіметі,  Алаш  автономиясы 

таратылғанға дейін білім алған Алаш 

қозғалысының  мүшелері.  Алаш 

қозғалысының  дүниеге  келуіне,  қа-

лыптасуына, өрістеуіне жоғары кәсі-

би білім алған азаматтардың ірі үлес 

қосқаны  белгілі.  Алаш  зиялылары 

ХІХ  ғ.  аяғында  және  ХХ  ғасырдың 

басында  Ресейде,  Украинада,  Еги-

петте,  Түркияда,  Польшада  жоғары 

білім алған. Олардың басым көпшілі-

гі  заң,  малдәрігерлік,  медицина  фа-

культеттерін  бітірген.  Оның  ішінде, 

әсіресе,  Ресейдің  сол  кездегі  астана-

сы  Санкт-Петербург  қаласында  көп 

оқыған. Айталық, негізі 1724 ж. І Пе-

трдің жарлығымен қаланған Импера-

торлық  университетте  Алаш  қозға-

лысы  мүшелері  көбірек  оқыған.  Ай-

талық,  мұнда:  Б.Құлманов  (шығыс 

тілдері факультеті, 1886 ж. бітірген), 

А.Теміров (шығыс тілдері факультеті, 

1890  ж.  алтын  медальмен  бітірген), 

Б.Қаратаев  (заң  факультеті,  1890  ж. 

бітірген), Б.Сыртанов (шығыс тілдері 

факультеті,  1891  ж.  бітірген),  С.Ла-

пин  (заң  факультеті,  1891  ж.  бітір-

ген),  Ә.Ниязов  (заң  факультеті,  1896 

ж. бітірген), Д. Сұлтанғазин (шығыс 

тілдері, заң факультеті, 1897 ж. бітір-

ген), Ж.Ақпаев (заң факультеті, 1902 

ж.  бітірген),  А.Тұрлыбаев  (заң  фа-

культеті,  1902  ж.  бітірген),  Р.Мәрсе-

ков (заң факультеті, 1902 ж. бітірген), 

Жанша  Сейдалин  (заң  факультеті, 

1904 ж. бітірген), Ж.Досмұхамедұлы 

(заң  факультеті,  1912  ж.  бітірген),  С.

Жанайдаров  (заң  факультеті,  1913 

ж.  бітірген),  М.Шоқай  (заң  факуль-

теті,  1917  ж.  бітірген),  А.Сейдалин-

дер  (заң  факультеті,  бітірген  ж.  бел-

гісіз)  білім  алыпты.  Осы  қаладағы 

әскери медициналық академиясында 

Ә.Көтібаров (1896 ж. бітірген), Х.До-

смұхамедов (1909 ж. бітірген), Н.Ип-

мағамбетов  (1911  ж.  бітірген),  С.Ас-

фендияров  (1912  ж.  бітірген)  сияқты 

Алаш  қайраткерлері  оқыса,  Алаш 

қозғалысының  жетекшісі,  Алашорда 

үкіметінің  төрағасы  Ә.Бөкейхан  Ор-

ман  шаруашылығы  институтының 

экономика факультетін 1898 ж. бітір-

ген.  Сондай-ақ,  Санкт-Петербургте 

Қоқан  автономиясының  төрағасы, 

Алаш  қозғалысы  көсемдерінің  бірі 

М.Тынышпаев  та  (Санкт-Петербург 

Теміржол  инженерлері  институты, 

1906  ж.  бітірген)  оқыған.  Сонымен 

бірге,  Алаш  қозғалысына  қатысушы 

Г.Асфендиярова  (1908  ж.  бітірген) 

Санкт-Петербург  Әйелдер  медицина 

институтын  бітірген.  Санкт-Петер-

бургтан  соң  Алаш  зиялыларының 

ең  көп  оқыған  қаласы,  бізге  бауыр-

лас шаһар – Қазан қаласы. Татарстан 

астанасындағы  байырғы  әрі  әйгілі 

университетте қозғалыс жетекшілері 

А.  Бірімжанов  (заң  факультеті,  1896 

ж. алтын медальмен бітірген), У. Та-

нашев (заң факультеті, 1909 ж. бітір-

ген),  С.  Аманжолов  (заң  факультеті, 

1910 ж. бітірген), Ш. Бекмұхаммедов 

(заң факультеті, 1916 ж. бітірген), М.

Боштаев (заң факультеті, бітірген ж. 

белгісіз),  И.Қашқынбаев  (медици-




1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал