Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет26/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69

Жарқынбаев  Тұрсын  Мұста-

фаұлы  (1894,  Семей  облысы,  Шұ-

бартау  ауданы  –  1950)  Бақтыда 

орыс-қазақ  мектебінде  оқыған.  Се-

мейде құрылған Алаш полкінде офи-

цер,  Анненковтың  штабында  хатшы 

болған. Кеңестік дәуірде әртүрлі қы-

зметтер атқарған. 1928 ж. бастап қу-

далауға түседі. Содан Қытайға қоныс 

аударады.  Қ.Жұмаділовтың  «Соңғы 

көш» романындағы Тұрсын Жаңаба-

евтың прототипі осы Ж.

Жарықбаев  Құбығұл  Бозай-

ұлы – Алаш қозғалысына қатысушы. 

Ол  1929  ж.  Ақтөбе  об.  Алға  ауданы 

Көкбұлақ ауылында дүниеге келген. 

Ғалым,  педагогика  ғылымдарының 

докторы,  профессор.  Қазақстанның 

еңбек  сіңірген  ғылым  және  техника 

қайраткері. 1946 ж. Ақтөбе мұғалім-

дер  институтын  және  1951  ж.  Қаз-

МУ-ды  бітірген.  1951-1958  ж.  ара-

лығында  Қызылорда  педагогикалық 

институтында  ассистент,  1958-1977 

ж.  аралығында  Шымкент  педагоги-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

187


калық  институтында  аға  оқытушы, 

доцент,  кафедра  меңгерушісі,  1977-

1987  ж.  ҚазМУ-де  доцент,  кафедра 

меңгерушісі болды. 1987 ж. ҚазҰУ-де 

профессор,  1998  ж.  Этнопедагогика 

және  этнопсихология  орталығының 

директоры  қызметтерін  атқарады. 

Ғылыми-зерттеу 

жұмыстарының 

негізгі  бағыты:  Қазақстандағы  пси-

хологиялық  және  педагогикалық 

ой-пікірлердің даму тарихы, этнопси-

хология  мәселелері.  Ол  Алаш  қай-

раткерлерінің  психологиялық  және 

педагогикалық  мұралары  жөнінде 

бірқатар ғылыми еңбектер жазған. 



  «Жас  Азамат»  газеті  –  Петро-

павлда жарияланып тұрған алашшыл 

қазақ  жастарының  тұңғыш  газеті. 

1918  ж.  30  шілдеде  1-саны  шыққан. 

Бізге  белгілі  22-нөмірі  1919  ж.  8 

ақпанда жарық көрген. Газетті шыға-

рушы – «Алаш» серіктігі. Басылым-

ның  шығу  тарихына  келсек,  1918 

ж.  сәуірде  Омбыда  І  жастар  сиезі 

шақырылып, осында бүкіл қазақтың 

жастар  ұйымы  «Бірлік»  ұйымының 

негізінде  «Жас  Азамат»  ұйымы  бо-

лып  қайта  құрылды.  Оның  төраға-

сы  –  М.Мырзаұлы,  басқарма  мүше-

лері  –  С.Сәдуақасұлы,  М.Сейітұлы, 

Г.Досымбекқызы, 

Ә.Байділдаұлы. 

Ұйым  аттас  газеттің  редакторы  – 

Қ.Кемеңгерұлы.  «Жас  Азаматтың» 

1-11-нөмірлерінің  редакторы  –  осы 

Қошке.  Ал  12-16  нөмірлерінің  ре-

дакторы  –  Біләл  Малдыбайұлы. 

17-22-санының  редакторы  –  қай-

тадан  Қ.Кемеңгерұлы.  Газет  Алаш 

қозғалысының  тынысы  ретінде  ел-

дік  істі  хаттауға,  түсіндіруге,  бай-

ыптауға көп жігер жұмсаған. Мұнда 

Қ.Кемеңгерұлы,  С.Сәдуақасұлы,  А.

Жантәліұлы,  М.Әуезов,  Б.Серкебай-

ұлы,  Х.Ибраһимұлы  т.б.  айрықша 

бүркеншік  атпен  жазған  авторлар-

дың  мақалалары  жарияланған.  Әр 

нөмірінде Алаш қозғалысының бары-

сынан хабар беріп отырған.



  «Жас  Түркістан»  -  жәдитшіл 

рухты  жаңа  заманға  сай  жалғасты-

рған журнал. Алғашқы саны 1929 ж. 

желтоқсанда  Парижде  жарық  көрді. 

Ұйымдастырушысы  –  Мұстафа 

Шоқай.  Түркістанның  ұлттық  тәу-

елсіздік  идеясын  насихаттады.  Жур-

налды  Польша  президенті  Маршал 

Пилсудский  тарапынан  құрылған 

«Прометей»  қоры  қаржыландырды. 

1939  ж.  тамызына  дейін  журналдың 

117  саны  жарық  көрген.  Мұстафа 

Шоқай Женент, Аткелтір деген лақап 

атпен  әртүрлі  тақырыпта  мақалалар 

жазып  отырған.  Ахмет  Найм,  Тәуе-

кел батыр, Ахметжан Оқай, Ибрагим 

Жарқын,  Найым  Өктем  сияқты  жас 

қаламгерлердің  де  мақалалары  ба-

сылған. 1939 ж. екінші дүниежүзілік 

соғыстың  басталуына  байланысты 

журналды шығару тоқтап қалған. 

Жәдит  мектептері  –  ХІХ-ХХ  ға-

сырлар  тоғысында  Еділ  бойы,  Кав-

каз, Түркістан, Қазақстанда ашылған 

жаңашыл мұсылман мектептері. 1884 

ж. аса көрнекті түрік қайраткері, тегі 

қырымтатарлық  Гаспралы  Исмаил 

бей  пікірлестерімен  бірге  діни  оқу-

ды  халыққа  терең  білім  беру  ісімен 

ұластыра отырып, жаңа оқу жүйесін 

(усул-и жәдит) жасады. Бұл жаңа әдіс 

бойынша мұсылмандық мектептерде 

оқушылар ұлттық тәлім-тәрбиеге не-

гізделген дін пәндерімен қатар жазу, 

есеп, география, тарих, орыс тілі т.б. 

өмірге қажетті пәндерді оқитын бол-


Алаш қозғалысы

188


ды. Мектептерде балаларға бұрынғы 

«Иман  шартының»  орнына  «Муал-

лим  эввел»  және  «Муаллим  сани» 

ұсынылды. Сонымен бірге балаларды 

мектепте  ана  тілін  үйренуге,  оқуға 

үйретіп,  география,  тарих,  арифме-

тика  т.б.  пәндерден  алғашқы  білім 

беріле бастады. Жәдитшілер балалар-

ды  жаңа  әдіспен  оқытуды  жақтады, 

ал  олардың  құрған  мектептері  жаңа 

әдіс,  яғни  «усул-и  жәдит»  мектебі 

аталды.  Балаларды  «жаңа  әдіспен» 

оқыту жолындағы ағым Еділ бойын-

дағы  татарлардан  басталады.  Содан 

Астрахан,  Орынбор  арқылы  Батыс 

Қазақстанға,  біртіндеп  Қазақстан-

ның өзге өңіріне тарады. Қазақстанда 

кеңінен етек жая бастаған жәдит мек-

тептері  мен  медреселердің  ішіндегі 

ірілері  -  «Мамания»,  «Ахмет  Риза», 

«Науан  қазірет»,  «Шаян»,  «Ақтас» 

т.б.  Мұнда  жоғарыда  аталған  оқу-

лықтармен  бірге  араб,  түркі,  қазақ, 

орыс  тілдері,  дін,  тарих,  жағрафия, 

жануартану  пәндерінен  ғылыми 

түсінік беретін кітаптар пайдаланыл-

ды. Патша өкіметі бұл мектептердің 

өркен  жаюына  қысымшылық  жасап 

отырды.  Олар  өз  тыңшыларын  жі-

беріп, нақты мәліметтер жинап, түр-

лі кедергілер қойды. Мысалы, патша 

өкіметінің 1911 ж. мектеп-медреселер 

туралы есебі бойынша, «Қазақстанда 

84 медресе бар, онда 28.814 шәкірт тәр-

биеленіп,  130  ұстаз  қызмет  атқарған, 

оның 1446-сы бар болғаны бастауыш 

сауат мектептерінің түлектері». Отар-

шыл саясат қысымшылығынан жәдит-

тік бағыттағы оқу орындары ығысты-

рылып,  ХІХ  ғ.  ІІ  жартысынан  бастап 

Қазақстанда  орыс-қазақ  школдары, 

училищелері дүниеге келді. Ж.м. оқу 

құралдарын  Қазан,  Уфа  және  шетел-

ден (Түркия) алдыртып отырды. 



Жәдитшілдік  –  ХІХ  ғ.  соңы  мен 

ХХ  ғ.  басында  Ресей  империясын-

дағы  түркі  тілдес  мұсылман  ха-

лықтары арасында өріс алған қоғам-

дық-саяси, 

мәдени-ағартушылық 

қозғалыс немесе дүниетаным. Алғаш 

ХІХ  ғ.  80-ж.  Қырым,  Еділ  бойы  та-

тарларының  арасында  қалыптасты. 

Кейіннен  жәдитшілдік  Орта  Азия-

дағы барлық дерлік түркі халықтары 

арасында  жалғасын  тауып,  өрістей 

түсті.  Жәдитшілдіктің  ірі  өкілдері 

қатарына  И.Гаспралы,  Ш.Маржани, 

А.Ибрагимов,  М.Абдурашидханов, 

М.Бехбуди, А.Фитрат, Ф.Ходжаев т.б. 

болды. Ж. – бiрыңғай саяси сипатты 

қозғалыс  емес,  ол  –  ағарту  iсi  мен 

руханиятты тұтастай қамтыған иде-

ялық негiзi бар концепция әрi ағым. 

Концепция болатын себебi, онда дара 

ағартушылардың  ойларына  табан 

тiреген, идея мен тәжiрибенiң арасын 

қосқан  көзқарастар  жүйесi  бар.  Ал, 

ағым болуының мәнiсi, ол белгiлi ке-

зеңде Ресей мұсылмандарын ағарту-

дың  бiр  жолын,  бiрақ  тиiмдi  жолын 

көрсеттi. Алайда, бұл баламасы жоқ 

жалғыз  жол  емес  болатын.  “Жәдит” 

терминi  ХIХ  ғ.  екiншi  жартысында 

өмiр  жүзiне  шықты.  “Жәдид-и”  ара-

бтың  “жаңа”  деген  мағына  беретiн 

сөзi. ХIХ ғ. соңында Ресей империя-

сын әлемдiк озық педагогика тәжiри-

бесiне  сәйкес,  алғаш  рет  мұсылман 

балаларын  дыбыс  жүйесiмен  оқыту-

ды  қырым-татары,  күллi  зиялының 

аузында  жүрген  ағартушы  Исмаил 

Гаспаралы бастайды. Бұл жүйе “усул 

жәдит”  деп  аталады  (усул  –  әдiс  де-

ген сөз). Қырымдағы Бақшасарайдың 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

189


Зинджирлы  медресесiнде  басталған 

осы  жаңаша  оқыту  әдiсi  санаулы 

жылдарда  Ресейдiң  күллi  мұсылман 

аймағына,  тiптi  шетел  –  Үндiстанға 

дейiн тарайды. ХІХ ғ. соңында Ресей 

идеологиялық  күштері  қадимшілер 

мен  жәдитшілдерді  бір-біріне  қар-

сы  екі  топқа  бөліп  тынды.  Қадими 

бағытты қолдаушылар «Сират әл-му-

стақим»  атты  партия  құрып,  1907 

ж.  Орынбор  қаласындағы  баспахана 

иесі  бай  Ғ.Хұсайыновтың  қаржысы-

на  «Дін  уа  мағишат»  деген  журнал 

шығарды. Бұл журнал Гаспралы бас-

шылық еткен, Бақшасарайда 1883 ж. 

бастап шыққан «Тәржіман» газетінің 

жәдитшілдік  көзқарасына  қарсы 

күрес  жүргізді.  Ресми  кедергілер-

ге  қарамастан,  жәдитшілдік  қозға-

лыс  екпін  алып,  жер-жерлерде  жаңа 

бағыттағы  мектеп-медреселер  аша 

бастады.  Мұндай  оқу  орындарында 

жаратылыстану  пәндеріне,  түркі  ха-

лықтарының  тарихы  мен  әдебиетіне 

ерекше  көңіл  бөлінді.  Уфадағы  «Ға-

лия», Орынбордағы «Хусеиния», Қа-

зандағы  «Мұхаммедия»,  Қазақстан-

дағы  «Мамания»,  Қырғызстандағы 

«Шабдания»  секілді  мектеп-  медре-

селер  жәдитшілдіктің  ірі  ошақтары-

на айналды. 1913 ж. бүкіл Түркістан 

өлкесінде  жәдитшілдік  бағытта  92 

мектеп-медресе қызмет етті. Аталған 

мектептер арқылы қоғамда жаңа ой, 

жаңа  мақсат,  жаңа  мұрат  қалыптаса 

бастады.


«Жас түріктер» - Түркияда ХІХ ғ. 

аяғы мен ХХ ғ. бас кезіндегі ұлт-азат-

тық қозғалысына қатысушылар. Ола-

дың қатарын, негізінен, «Бірлік және 

прогресс»  («иттифак  ва  таракки») 

ұйымының  мүшелері  құрады.  Олар 

елдегі  сұлтандық  билікті  конститу-

циялық  билікпен  ауыстыруды  көз-

деді. Ж.т. атауы Еуропа елдерінің ди-

пломатиялық  өкілдіктері  мен  саяси 

партиялары арасында ХІХ ғасырдың 

І  жартысында  қолданыла  бастады. 

Бұл  атау  алғашында  Осман  сұлтан-

дығындағы  өзгерістерді  жақтаушы-

лардың бәріне қатысты атылып, Кіші 

Азияға тек 1908 ж. болған Жас түрік-

тер  төңкерісінен  кейін  ғана  тарады. 

Осы  төңкерістен  кейін  үкімет  басы-

на  келген  Ж.т.  1910-1918  ж.  Осман 

сұлтандығын басқарды. Ж.т. үкіметі 

бірінші  дүниежүзілік  соғыс  кезінде 

Германия  жағында  соғысты.  1918  ж. 

олар үкімет билігінен айрылды. Жас 

түріктер  мен  Ресей  жәдитшілерінің 

арасында  тығыз  қарым-қатынас  ор-

нады.


Жәленов  Кәрім  (1889,  Жымпи-

ты  у.  Байғұтты  б.,  4-а.  –  26.02.1938) 

–  Батыс  Алаш-Орда  қайраткері,  қа-

зақтың  алғашқы  ауылшаруашылық 

мамандарының  бірі.  Әкесі  Жәлен 

қарапайым  шаруа  болған.  Үш  жыл-

дық  орыс-қазақ  мектебін,  екі  кла-

стық  орыс-қазақ  училищесін  бітір-

ген.  Болыстық  басқармада  хаттат 

(писарь)  болып  жұмыс  істеді.  Орал 

шаруашылық  мектебін  (1905-1908 

ж.), Орал реальдық әскер училищесін 

(1908-1914)  бітірді.  Училищеде  М.-Х.

Мырзағалиевпен  бірге  жастар  үйір-

месіне қатысты. Жаз айларында Орал 

қаласы маңындағы Зеленов станица-

сында  бай  казак  Астраханинге  жал-

данып  жұмыс  істеді.  1914  ж.  Воро-

неж  ауылшаруашылық  институтына 

түсті.  1916  ж. Б.Жанқадамов, М.Бал-

танов,  М.Баймұхамедовтармен  бірге 

қазақтан  майданға  адам  алуды  кей-



Алаш қозғалысы

190


інге  қалдыруды  сұрап  Петроградқа 

барған  Жайық  сырты  қазақтары  де-

легациясының  құрамында  болды. 

Оқуын  аяқтамастан  Түркістан  гене-

рал-губернаторлығы  мен  Бүкілресей 

Земство одағының және «Қазақ» га-

зеті  маңындағы  ұлт  зиялыларының 

шақыруымен  тылдағы  қазақ  жігіт-

теріне  жөн-жоба  көрсететін  мыңба-

сы, жүзбасы оқығандардың қатарын-

да Батыс майданына келіп, осындағы 

9  қос  (жұмыс  дружинасы)  Кіші  жүз 

жігіттеріне  басшылық  етуге  қаты-

сты. Сол ж. наурыз-сәуір айларында 

Жайық  сырты  қазақтары  управасы-

ның  шақыруымен  І  Қазақ  Орал  об-

лыстық сиезіне әзірлік жұмыстарына 

қатысты.  1917  ж.  сәуірдің  басында 

Орынборда өткен Торғай және Орал 

облысы қазақтары сиезінің делегаты. 

1917 ж. сәуірдегі І Қазақ Орал облы-

стық  сиезінде  Жайық  сырты  қазақ 

комитетіне  мүше  болып  сайланды. 

1917  ж.  мамырда  Мәскеуде  өткен 

Бүкілресейлік  Мұсылмандар  сиезіне 

қатысушы.  Сәл  кейінірек  Жымпиты 

уездік  атқару  комитетінің  төраға-

сы.  Осы  қызметте  жүріп,  Уақыт-

ша  үкіметтің  1917  ж.  маусымдағы 

бұратана  ұлттарға  жергілікті  басқа-

ру  билігін  земство  жолымен  беру 

жоспарында  көрсетілген,  қыстау 

бойынша уездік сайлау тізімін жасау 

тәртібіне  орай  бұрынғы  әкімшілік 

бірліктерді  қайта  межелеу,  саны  аз 

руларды өз алдына болыс, ауыл етіп 

қоныстандыру  жұмысын  жүргізді. 

Бірақ бұл бастамасы саны мол, іргелі 

рулардың  Салық  Омаров,  Кенесары 

Отаров,  Жүсіпқали  ақсақал  секілді 

белгілі адамдарының, Ілбішін уездік 

атқару комитетінің Ғаббас Жетпісов, 

Мәулекеш  Сарғожин  тәрізді  басшы-

ларының наразалығын туғызды. Мұ-

ның  аяғы  наразы  топтың  Жымпиты 

аткомы  үйіне  басып  кіріп,  Ж.-ның 

орынбасары Бақтыгерей Игіліковтыі 

соққыға  жығуына  әкеп  соқтырды. 

Жаңадан  уатком  құрамы  жасақтал-

ды. Бірақ ұзамай ішінде Н.Ипмағам-

бетов,  Ғ.Әлібеков  бар  облатком  ко-

миссиясының  күшімен  бұрынғы 

комитет  қалпына  келтірілді.  1917  ж. 

күздегі уездік земство басқармасына 

сайлау  кезінде  Ж.  басқарма  мүшелі-

гіне  сайланбай  қалды.  Қазан  айын-

дағы  Жайық  сырты  қазақтарының 

облыстық  земство  басқармасына  ба-

ламалы негізде төраға сайлауы кезін-

де  Х.Досмұхаметовтің  кандидатура-

сын  қолдады.  Облыстық  қазақ  атқа-

ру  комитеті  төрағасының  міндетін 

уақытша  атқарды.  Жайықтың  сол 

жағалауындағы  құнарлы  жерлерді 

казактардан қайтарып алу мәселесін 

Құрылтай  жиналысы  негізінде,  қа-

зақтарды жерге орналастырып барып 

шешу жағында болды. 1918 ж. қыста 

Қаратөбеде өткен ІІІ Қазақ Орал об-

лыстық сиезінде кедейлерге салына-

тын  салық  ауыртпалығын  жеңілде-

ту үшін салықты түтін басына емес, 

ауыл-ауыл,  қауым-қауым  бойынша 

бөліп  салуды  ұсынған  Ғ.Әлібеков 

тобын қолдады. Өзге мәселелер бой-

ынша  Ж.  және  Х.Досмұхамедовтер 

жағында  қалды.  Осы  кезеңде  үйде 

қару  сақтағаны  үшін  Казак  Войско 

үкіметі  тарапынан  тұтқындалған 

Е.Қасаболатовты, Ә.Әлібековті, М.-Х.

Мырзағалиевті  кепіл  болып  боса-

тып  алды.  1918  ж.  бас  кезінде  өт-

кен  Орал  большевиктері  сиезінен 

кейін  большевиктер  іс-әрекетінің 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

191


жүгенсіз,  анархияшыл  сипатын  әш-

керелеп,  оларға  жақтас  болғандар 

революциялық  заң  жолымен  қатаң 

жазаланатыны  жөнінде  облатком 

бұйрығын шығарды. Оралда оқитын 

қазақ  жастарының  мәдени-ағарту, 

өзара  көмек  көрсету  бағытындағы 

«Ақ ниет» ұйымының құрылтай жи-

налысына  қатысып,  ұйымға  қолдау 

көрсетті.  Ұйымды  құрушы  А.Ары-

станов,  Б.Бейсенов,  А.Арғыншиев, 

Ғ.Ниязов,  С.Жетімеков,  Ә.Ипмағам-

бетов  секілді  жастарға  қамқорлық 

жасады.  1918  ж.  қаңтарда  Орал  қа-

ласында  қайыра  өткен  облыстық 

земство  басқармасын  сайлау  кезінде 

облземуправа  төрағасы  Х.Досмұха-

медовке  орынбасар  болып  сайлан-

ды.  1918  ж.  наурыз-сәуірде  Ж.  және 

Х.Досмұхамедовтер  басқарған  деле-

гация  құрамында  Мәскеуге  барып, 

Совнарком  Кіші  коллегиясында  екі 

жақты келісім-шарт әзірлеу ісіне қа-

тысты.  Сәуір  аяғында  Барбастауда 

Войско  үкіметі  мен  облземуправа 

арасында жасалған одақтық келісім-

шартқа  қол  қойғандардың  бірі.  1918 

ж.  мамырда  Жымпитыда  өткен  ІҮ 

Қазақ  орал  облыстық  сиезінде  си-

езд  президиумына  хатшы  болып 

сайланды.  Ойыл  уәлаяты  құрылған-

нан  кейін  Жымпиты  уездік  земство 

басқармасының  төрағасы  қызметін 

атқарды. Облыстық және уездік дең-

гейіндегі  земство  басшысы  кезін-

де  Алаш  милициясын,  кейін  Батыс 

Алаш-Орда  Халық  әскерін  жасақтау 

ісін  ұйымдастырушылардың  бірі. 

Б.А.-О. тізе бүккеннен кейін оның ең 

беделді қайраткерлерінің бірі ретінде 

Қазақстаннан аулақтатылып, 1920 ж. 

басында  Жәленов  және  Х.Досмұха-

медовтермен бірге Бүкілресейлік Ор-

талық  Атқару  Комитеті  қарамағына 

жіберілді. Б.А.О. басшылары атынан 

Кеңес  өкіметі  басшылығына  тапсы-

рылған Батыс Алаш-Орда үкіметінің 

қызметі жайындағы хат-баяндаманы 

әзірлеп, оған қол қойғандардың бірі. 

1920 ж. маусымда БОАК шешімімен 

Орынборға, Қазәскревком қарамағы-

на  қызметке  пайдалануға  жіберілді. 

Қазәсревком  Президиумының  хат-

шысы  болып  істеді  (1920,  маусым 

–  1920,  тамыз).  1920  ж.  қыркүйекте 

Қазақ  Халық  ағарту  комиссариаты-

ның  қатынас  қағазымен,  Түркістан 

Кеңес  Республикасының  төраға-

сы  Т.Рысқұловтың  сұрауына  орай 

Түркреспубликасы  қарамағына  қы-

зметке  жіберілді.  1920-1923  ж.  ара-

лығында  Ташкенттегі  Қазақ  ағарту 

институтында  және  Орта  Азия  уни-

верситетінің  Агрономия  бөлімінде 

оқытушы,  Түркреспубликасы  Жер 

Халкомының мүшесі. 1920 ж. тамы-

зда Түркреспубликасы Халық ағарту 

комиссариаты  жанынан  Х.Досмұха-

медов  ұйымдастырған  Білім  комис-

сиясының жұмысына қатысты. І және 

ІІ  басқыш  мектептеріне  арналған 

физика  оқулығын  және  арифметика 

оқулығының  екінші  бөлімін  жазу-

мен  айналысты.  Соңғы  оқулықты 

Ташкентте  «Есеп  тану»  деген  атпен 

жарыққа шығарды (1923). 1923 ж. ба-

сында  Х.Досмұхамедов,  проф.  А.Ш-

мидт,  Ә.Диваев,  М.Жұмабаев,  Н.Ар-

хангельскиймен бірге «Талап» қазақ 

мәдениетін  көркейтушілер  қауымын 

құрысты. Сол ж. қыста Мәскеу ауыл-

шаруашылық кооператив институты-

на оқуға кетуіне байланысты «Талап» 

қауымы  басқармасының  құрамына 



Алаш қозғалысы

192


енген жоқ. Өмірінің Ташкент кезеңін-

де  К.Ж.  қаламнан  «Химия  өзгері-

стері»,  «Қазақ-қырғыз  мектептері» 

(«Сана», 1923, №1), «Емшек баласын 

асыраудың  һәм  тәрбиелеудің  реті», 

«Өсімдіктердің  түзілісі»  («Шолпан», 

1923,  №4-5;  «Шолпан»,  1923,  №6-8) 

мақалалары  туды.  1921-1922  ж.  Қа-

зақстандағы  ашаршылыққа  байла-

нысты  өткен  қазақ  зиялыларының 

Тәшкен  кеңесіне  қатысушы.  1924  ж. 

Орал  губерниялық  жоспарлау  коми-

тетінде ауыл шаруашылығы секция-

сының меңгерушісі. 1924-1925 ж. ла-

тын әліппесін тарату жөніндегі қоғам 

жарғысын жасады. Белсенді қызмет-

керлер жиналысында бір ауыздан қа-

былданған жарғы негізінде құрылған 

латын  әліппесі  жөніндегі  комитет-

ке  мүше  болды.  Кейінірек  Гурьев 

Округтік  мемлекеттік  жоспарлау 

комитетінде  жұмыс  істеді.  1929  ж. 

8-қаңтарда  БМСБ  Гурьев  округтік 

бөлімшесі  тарапынан  тұтқындалды. 

1930  ж.  сәуірде  5  жылға  Воронежге 

жер  аударылды.  Жазаны  өтеп  кел-

геннен кейін 1937 ж. қайыра тұтқын-

далып,  1938  ж.  26-ақпанда  атылды. 

1988  ж.  қарашада  ақталды.  Зайыбы 

Полина  Сергеевна  Жәленова  Гурьев 

қаласында тұрған.

 Жәнібеков Жанұзақ Әлжанұлы 



–  Алаш  қозғалысының  қайраткері. 

Ол  1889  ж.  Қызылжар  қ.-да  туған. 

1905-1911  ж.  Петропавлдағы  мек-

теп  пен  медреседе  оқыған.  Шығар-

машылықпен ерте айналысады. 1908 

ж.  Қазанның  «Шәраф»  баспасынан 

«Айна» атты ағартушылық өлең жи-

нағын шығарады. 1912 ж. Петропавл 

типографиясына  қызметке  тұрады. 

1913 ж. Орынборға келіп, «Қазақ» га-

зетіне корректор 

болып  жұмысқа 

о р н а л а с а д ы . 

1915  ж.  Н.Кү-

зембайұлымен 

бірігіп 


Орын-

бордан  «Құран 

құралы»  атты 

еңбек 


жария-

лайды.  Қаламы 

төселіп, білікті журналист дәрежесі-

не көтеріледі. 1917-1919 ж. ұлт тағды-

ры шешілетін барлық саяси істерден 

шет қалмайды. 1917 ж. 14 желтоқсан-

да  Орынборда  Алаш  партиясының 

Торғай облыстық комитеті ашылған-

да  (төраға  Ә.Бөкейхан),  соның  қа-

зынашысы  болып  сайланады.  Осы 

ж. «Еркін дала» ұйымына мүшелікке 

өтеді.  1918  ж.  «Қазақ»  газетінің  ре-

дакторы  болады.  Шебер  көсемсөзші 

ретінде  халықтың  рухын  көтеретін, 

көзін  ашатын  мақалалар  жазады. 

«Сыртқы  хабарлар»,  «Алаш  құрбан-

дары», «Ғұсманлы түріктері», «Кәріс 

мұсылмандары», «Қара жүз қажы яки 

Қорғанский»,  «Тыңшылар»,  «Құран 

құралы»,  «Талапкер  қазақ  қызы», 

«Бағбастан  ханым  мектебі»,  «Түрік 

тілінің ірі ғалымы В.В. Радлов», «Ат-

тан,  Алаш  азаматы!»  т.б.  мақалала-

рында  қазақтың  саяси  дәрежесіне 

қозғау салатын ой айтады. Оның әзір-

байжан қайраткері М.Расулзаде мақа-

ласын  қазақ  тіліне  аударуы  да  біраз 

нәрсені аңғартса керек. Қаламгердің 

үлкен бір еңбегі – Алаш жолында құр-

бан  болған  Қазы  Нұрмұхамедұлы-

ның тарихтағы орнын бағалауы және 

оның  қазасына  байланысты  қазақ 

тұлғаларының  көңіл-күйін  хаттап 

қалуы  еді.  Төңкерістер  дәуірі  бітіп, 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

193


саясат  бағыты  анықталғанда,  қай-

раткер  орталықта  қалмай,  еліне  ке-

теді. 1920-1923 ж. Петропавлда білім 

жүйесінде  мектептен  тыс  нұсқаушы 

болады. 1923-1924 ж. Ақмола губер-

ниялық комитеті төрағасының орын-

басары қызметін атқарады. 1924-1926 

ж.  осындағы  «Бостандық  туы»  га-

зетінің редакциялық алқасына енеді. 

1926 ж. аяғында Ақтөбеге келіп, 1929 

жылға дейін «Кедей» газетінің редак-

торы болады. Сол ж. саяси айыппен 

редакторлықтан  алынады.  Сөйтіп, 

1932 ж. дейін осы облысқа қарайтын 

Шыңғырлау  ауданы  №36  ауылдық 

мектебінде  ұстаздық  етеді.  1933  ж. 

Петропавлға қайта келіп, кооператив 

техникумының директоры болып ор-

наласады. Бұл оқу орны сол ж. қай-

та  құрылғанда,  «Каззолото»  тресіне 

жұмысқа  алынады.  1936  жылға  дей-

ін  осы  трестің  Степняктағы  бөлім-

шесінің төрағасы болады. Репрессия 

басталғанда  қызметінен  алынады. 

Осында  жүрген  жерінен  1937  ж.  28 

шілдеде  ұсталып,  13  қыркүйекте 

атылады.



1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал