Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет25/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69

Жаманмұрынов  Тел  –  Алаш 

қайраткері,  ауылшаруашылығы  ісін 

дамытуды мемлекеттік дәрежеде ұй-

ымдастырушы.  Ол  1888  ж.  Торғай 

облысы, Ырғыз уезінде (қазір Ақтөбе 

облысы)  туған. 

1907-1912 

ж. 


Орынбордағы ре-

алдық  училище-

де  оқыған.  1913-

1917  ж.  Петров-

с к о - Р а з у м о в -

ский  атындағы 

Мәскеу 

ауыл-


шаруашылығы 

академиясында  оқып  жүріп  ұлт-а-

заттық қозғалыстарға қатысқан. 1916 

ж.  І  дүниежүзілік  соғысқа  алынған 

қазақ сарбаздарына көмек көрсетуші 


Алаш қозғалысы

180


арнайы топқа (Минск, Батыс майда-

нындағы  «Земсоюз»)  кірді.  1917  ж. 

Орынборда  құрылған  «Еркін  дала» 

ұйымының  басшылығында  болды. 

Осы ж. 1 сәуірде өткен Торғай облы-

сы  қазақтарының  сиезіне  «ұлтшыл 

студент»  деген  мәртебемен  қаты-

сады.  Алаштың  1917  ж.  21-26  шіл-

десінде  Орынбор  қаласында  өткен 

бірінші  жалпықазақ  сиезіне  Торғай 

облысынан  қатысып,  онда  Бүкілре-

сейлік  құрылтайға  депутат  болып 

ұсынылған.  1917  ж.  20-25  тамызда 

Ақтөбеде  өткен  Торғай  облысы  қа-

зақтарының  екінші  сиезін  ұйымда-

стыру шараларына қатысып, жиында 

хатшы қызметін атқарды. 1917-1918 ж. 

бірыңғай Түркістан автономиясына 

қосылуды  жақтаушылардың  қата-

рында болады. Осы уақытта Ырғыз 

уездік  жер  комитетінің  төрағасы, 

алғаш атқару комитетінің төрағасы, 

кейін  төрағаның  орынбасары  қыз-

метін  атқарды.  1919-1921  ж.  уездік 

жер бөлімінің меңгерушісі, жұмыс-

шы-шаруа  инспекциясының  және 

статистикалық  бюроның  басшысы. 

1921  ж.  шілде-тамыз  аралығында 

Қазақ  автономиялық  республика-

сы  Егін  шаруашылығы  халық  ко-

миссарының  орынбасары,  1929  ж. 

дейін  Егін  шаруашылығы  халық 

комиссариаты  жабдықтау,  мал  ша-

руашылығы,  егін  шаруашылығы 

басқармаларының  бастығы.  1927 

ж. Түркістан-Сібір теміржолын жо-

балау  және  жабдықтау  шаралары-

на  да  қатысты.  1929-1930  ж.  Қазақ 

автономиялық республикасы Стати-

стикалық  басқармасы  бастығының 

орынбасары. 1930 ж. Алашқа қатысы 

болғаны  үшін  «қылмыстық  жауап-

кершілікке»  тартылды.  1932-1933  ж. 

Шымкенттегі  Түйе  шаруашылығы 

ғылыми-зерттеу  институтының  ди-

ректоры,  ауылшаруашылық  тобы-

ның меңгерушісі, мал шаруашылығы 

секторының  басшысы.  1933-1934  ж. 

республикалық Мемлекеттік жоспар-

лау  комиссиясы  төралқасының  мү-

шесі.  1934  ж.  Ақтөбе  облыстық 

жоспарлау  комиссиясының  төраға-

сы.  1935  ж.  Мемлекеттік  жоспарлау 

комиссиясы  мал  өсіру  секторының 

меңгерушісі. НКВД шешімімен 1937 

ж.  мамырда  тұтқындалып,  1938  ж. 

ақпанда атылған.

Жанайдаров  Сейілбек  Мей-

рамұлы (1884, бұр. Ақмола обл., Ат-

басар уезі Терісаққан болысы – 1929, 

Алматы) – Алаш қозғалысының қай-

раткері.  1913  ж. 

Са н к т -Пе т е р -

бург  универси-

тетінің  заң  фа-

культетін  бітір-

ген.  Универси-

тетті  аяқтаған 

соң Ресейдің Ви-

тебск  губерния-

сында қаржы са-

ласының тексерушісі қызметін атқа-

рады.  1916  ж.  елге  оралып,  Атбасар 

қаласында салық инспекторы болып 

қызмет атқарады. 1916 ж. майдан жұ-

мысына алынған қазақ жасақтарына 

көмек көрсету ісіне араласады. Алаш 

қайраткерлерімен  мұраттас  болып, 

І  Жалпықазақ  сиезіне  Ақмола  об-

лысынан  делегат  болып  сайланады. 

1917  ж.  5-13  желтоқсан  аралығында 

өткен  ІІ  Жалпықазақ  сиезіне  қаты-

сады. Сол жолы Алашорда үкіметіне 

мүше  болып  қабылданады.  1918  ж. 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

181


Ә.Бөкейханның жарлығымен Ақмола 

облысының  соты  болып  тағайында-

лады.  Қазақ  автономиялық  респу-

бликасы құрылған соң Орынбордағы 

республикалық  Қаржы  халық  ко-

миссариатының алқа мүшесі, Халық 

комиссарының  орынбасары,  Халық 

комиссары  қызметтерін  атқарады. 

Астана  Қызылордаға  көшірілгенде, 

Қазақстанның 

ауылшаруашылық 

банкін басқарады. 



«Жанар» - 1917 ж. ақпан төңкерісі-

нен кейін Семей қаласында құрылған 

қазақ  жастарының  ұйымы.  Оның 

белсенді  мүшелерінің  қатарын-

да  Ж.Аймауытұлы  мен  М.Әуезұлы 

болды.  Ж.  сол  тарихи  кезеңде  қа-

лыптасқан  ахуалға  сай  қазақ  жаста-

рының  саяси  белсенділігін  көтеруді 

мақсат  етті.  Ұйым  мүшелері  Алаш 

партиясына  қолдау  көрсетіп,  халық 

арасында  оның  бағдарламасын  на-

сихаттады. 1918 ж. 5 наурызда Ж. ұ. 

Семей  облысы  комитетімен  бірлесе 

отырып,  Жетісу  және  Сырдария  об-

лыстарының аштыққа ұшыраған қа-

зақтарына  жәрдем  ұйымдастыратын 

арнайы  комитет  құрды.  Комитеттің 

төрағасы  М.Дулатұлы,  орынбасары 

Аймауытұлы, хатшысы Әуезұлы; қа-

зынашысы  Ғ.Есіргенұлы  болды.  Ж. 

ұ.-ның ат салысуымен құрылған бұл 

комитеттің жарғысы «Сарыарқа» га-

зеті мен «Абай» журналында жария-

ланды. 1918 ж. 5 – 13 мамырда Омбы 

қаласында өткен Жалпықазақ жаста-

рының  құрылтайына  Ж.ұ.  атынан 

Мұхтар Әуезұлы қатысты. 

Жанатайұлы Көкбай – ақын, ағар-

тушы, Абайдың әрі інісі, әрі шәкірті. 

Ол  1861  ж.  Шығыс  Қазақстан  об. 

Абай ауд. Шыңғыстау бөктері Тақыр 

туған.  Абайдың  «Жаз»,  «Күлембай-

ға»  деген  өлеңдері  тұңғыш  Көкбай 

қолымен 1888-1889 ж. «Дала уәлаяты 

газетінде» жарияланды. Көкбай бала 

кезінде хат танып, үш жылдай Төле-

тай  молдадан  дәріс  алған  соң  үнемі 

Абайдың  жанында  болды.  1901  ж. 

өз  қаржысына  медресе  ашып,  онда 

сол  өңірдегі  қазақ  ауылдарының  ба-

лаларын оқытады. Сабақ мұсылман-

ша, орысша қатар жүрген. К. 1908 ж. 

қала тәртібімен биік мұнаралы мешіт 

салдырады.  1913  ж.  Меккеге  барып, 

қажы  атанады.  1921  ж.  ауруға  шал-

дығып, Мәскеу, Томск, Санкт-Петер-

бург, Омбы сияқты қалаларға барып 

емделеді.  1925  ж.  Мәскеуге  емделу-

ге  бара  жатқан  сапарында  дүниеден 

қайтады.  К.  он-он  бес  жасынан  ай-

наласына  өткір  тілді,  өжет,  суырып 

салма  ақын  ретінде  таныла  бастай-

ды.  Шәкірттерінің  ішінде  Абайдың 

өлеңдеріне аты кірген жалғыз Көкбай 

болса,  ұстазына  ең  көп  жыр  жолда-

рын арнаған да сол. Көкбайдың ақын-

дық дарынына М.Әуезов жоғары баға 

берген. Көкбайдың өлеңдері мен ай-

тыстары «ХХ ғасырдағы қазақ поэзи-

ясы»  (1985),  «Бес  ғасыр  жырлайды» 

(1989, т.1), «Айтыс» (1988, т.2), «Абай-

дың  ақын  шәкірттері»  (1994,  2-кіт.) 

жинақтарына  еніп,  ол  туралы  зерт-

теу мақалалар «ХХ ғасырдағы қазақ 

ақындары» ұжымдық монографиясы 

(1988)  мен  Қ.Мұхамедханұлының 

«Абайдың  ақын  шәкірттері»  кіта-

бында (1994) жарияланды. 

Жанқадамов  Бижанғали  (1889 

ж.т.,  Батыс  Қазақстан  о.,  Қаратөбе 

ауд., Ханкөл а. – 2.ХІІ.1937) – Батыс 

Алаш-Орда қайраткері, қазақ халқы-

ның  алғашқы  жоғары  білімді  мал 


Алаш қозғалысы

182


дәрігерлерінің 

бірі. 


Әкесі 

Әбілқас 


орта 

шаруалы  адам 

болған.  Ж.  бо-

лыстық орыс-қа-

зақ  училищесін, 

Орал  реальдық 

әскер 

учили-


щесін  бітірген 

(1906-1912  ж.  шамасы).  1912-1917  ж. 

аралығында  Қазан  ветеринарлық 

институтында  оқып,  оны  мал  дәрі-

гері  маманы  деген  дипломмен  тә-

мамдады. 1915 ж. қаражат жоқтықтан 

оқуын үзіп алғандығы жөнінде кур-

стасы  Мұқаш  Боштаев  «Қазақ»  га-

зетіне жазды. 1916 ж. К.Жәленов, М.

Балтанов,  М.Баймұхамедовпен  бірге 

қазақтан майдандағы тыл жұмысына 

адам  алуды  тоқтату  жөніндегі  Жай-

ық  сырты  қазақтары  делегациясы 

құрамында  Петроградқа  барды.  Сол 

ж.  қазан  айында  Қазан  қаласында 

оқитын  бір  топ  қазақ  студенттері 

болып  майдандағы  тыл  жұмысы-

на  алынғандарға,  олардың  үй-ішіне 

көмектесу  жөнінде  «Қазақ»  газетін-

де хат жарияланғандардың бірі. 1917 

ж.  наурыз  айында  Ә.Бөкейханның 

шақыруымен  құрамында  А.Кенжин, 

Б.Сүлеев, Е.Омаров, Ғ.Бірімжанов, т.б. 

бар қазақ оқығандары тобында Батыс 

майданға келіп, жігіттерді елге жет-

кізу  ісін  ұйымдастыруға  қатысты. 

«Қазақ» газетіне тыл жұмысындағы 

жігіттердің жай-күйінен мақала жаз-

ды («Жолсыз әуре қылмаңдар», 1917, 

1  сәуір,  №  224).  Сол  ж.  сәуір  орта-

сында Орал қаласында өткен І Қазақ 

Орал  облыстық  сиезінің  делегаты. 

Осы сиезде Орал облыстық қазақ ко-

митетінің  мүшесі  болып  сайланды. 

1917 ж. күзде ІІ Қазақ облыстық сиезі 

шешімімен жүргізілген земство сай-

лауында С.Омаров, К.Отаров, Ғ.Жет-

пісов  тәрізді  ел  ішіндегі  ықпалды 

адамдардың  ұсынуымен  Жымпиты 

уездік  земство  басқармасы  төраға-

лығына К.Жәленовпен баламалы не-

гізде  түсіп,  басым  дауыспен  төраға 

болып сайланды. 1917 ж. күзде облы-

стық земство төрағасын сайлау кезін-

де  қазақ  оқығандары  арасындағы 

топқа  бөлінген  күрестен  өзін  аулақ 

ұстады.  Земство  жүйесін  бірден-бір 

жергілікті  билік  органы  деп  біліп, 

оның демократиялық негізде жұмыс 

істеп,  халық  шаруашылығы  міндет-

терін толығынан атқаруына қол жет-

кізуге  күш  салды.  Ойыл  облысында 

үкімет  мен  земство  билігінің  қосар-

ланбай, екі билік органының ара-жігі 

дәл  ажыратылуын  жақтады.  Осын-

дай  тура  ды  шыншыл,  принципшіл 

мінезімен  ел  ықыласына  бөленіп,  аз 

уақытта  Ойыл  облысы  басшылары 

санатына  енді.  1918  ж.  22-25  тамыз 

аралығында  Комуч  пен  Уақытша 

Сібір үкіметі тарихи қыркүйек Мем-

лекеттік кеңесі қарсаңында Челябі қа-

ласында өткізген кеңеске М.Шоқаев, 

Ж. және Х.Досмұхамедовтармен бір-

ге  Ойыл  уәлаяты  земствосы  атынан 

өкіл болып қатысты. 26 тамызда деле-

гацияның күш салуымен айтылмыш 

кеңесте Комуч А-О. үкіметін таныды. 

Ж. Алаш-Орда делегациясы құрамы-

на 1918 ж. 8-11-қыркүйек аралығында 

өткен  Уфа  мемлекеттік  кеңесіне  қа-

тысты. 1918 ж. желтоқсандағы Жым-

питы Алаш гарнизоының бас көтеруі 

тұсында Б.Ж. уездік земство ауруха-

насы  үйінде  Ж.  және  Х.Досмұхаме-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

183


довтің, И.Қашқынбаевтың, М.Балта-

новтың, т.б. қатысуымен өткен кеңе-

сте  Ойыл  облысы  бойынша  билік 

тұтқасын уақытша облыстық земство 

басқармасына  беру  жағында  болды. 

1919 ж. ақпанда большевиктік «Яиц-

кая правда» газетінде Б.Қаратаев жа-

риялаған Б.А-О. қызметкерлерінің № 

1-тізімінде аталды. 1919 ж. күзге қа-

рай екінші рет өткізілген земство сай-

лауынан кейін қараша айында Б.А-О. 

үкіметінің  Ойыл  облыстық  земство 

управасы жанындағы комиссары бо-

лып тағайындалды. Сол шамада көш-

кен үкімет мекемелерімен бірге Ойыл 

бекінісіне келді. 30 қылыштан тұра-

тын  жедел  отряд  басқарып,  Ершов-

тың ақ партизандар отрядымен бірге 

барлау операцияларына және Қызыл 

армияның шолғыншы отрядтарымен 

болған ұсақ қақтығыстарға қатысты. 

1919  ж.  желтоқсанның  басында  Қы-

зыл-Қоға маңындағы Миялы жайла-

уында тұрған Ж.Досмұхамедұлының 

Жымпиты отряды мен қызылдардың 

І  Армиясы  құрамындағы  3-Татар 

атқыштар  полкі  арасында  келіссөз-

ге  жүрген  екі  делегаттың  бірі.  Та-

тар  полкінің  командирі  Х.Мәулідов 

пен  әскери  комиссары  Ғ.Қасымовқа 

Б.А-О.  үкіметінің  Қызыл-Қоғада 

тұрған  Елек  казак  корпусын  бірле-

скен тұтқиыл шабуылмен алу жоспа-

рын жеткізді. Қызылдар екінші пар-

ламенттерді  кепілген  ұстап  қалып, 

Ж-ты  «3-Татар  полкінде  бірқатар 

уақыт  болған,  Кеңес  өкіметінің  аз 

халықтар жөніндегі саясатымен жете 

танысқан, сондықтан Б.А-О. үкіметі-

не мән-жайды толық түсіндіріп бере 

алатын  адам»  ретінде  қайтарды. 

Бұдан  кейін  Ж.  Қызыл-Қоғадағы 

қалыптасқан  жағдайды  талқылау 

үшін  жиналған  земстволық  және 

қалалық  өзін-өзі  басқару  орында-

ры, саяси және қоғамдық ұйымдары 

өкілдері, ақсақалдар мен діни иелері 

кеңесіне  (1920  ж.,  10  желтоқсан)  қа-

тысты.  Шын  мәнінде,  сәл  кейінірек, 

27 желтоқсанда түнде Б.А-О. үкіметі 

Ж.  бұрын  Ойылға  жеткізген  әске-

ри  қимыл  жоспарын  дербес  жүзе-

ге  асырып,  тұтас  Елек  корпусын  өз 

күшімен қолға түсірді. Б.А-О. үкіметі 

таратылған соң Ж. өзге үкімет мүше-

лерімен  бірге  елден  аулақ  ұсталды. 

1920 ж. Орынборға әкелінді. Сол ж. 1 

шілдеден  Қазәсревкомның  Редакци-

ялық коллегиясына аударма комисси-

ясын басқарды. 1920 ж. аяқ шенінде 

елге оралып, 1924 ж. дейін Жымпиты 

уезіне қарасты Қалдығайты, Көкөзек 

болыстарында  әртүрлі  Кеңес  қыз-

метінде  болды.  1920  ж.  аяғы  –  1930 

ж.  басында  Тайпақ  ауданында  мал 

дәрігері.  «Халық  жауларына»  қарсы 

науқан өршіген 1936 ж. басында қы-

зметінен босатылды. 1936 ж. қыркүй-

ектен бастап Қазталов аудандық жер 

бөлімінде  аға  мал  дәрігері.  1937  ж. 

жазда Орал қаласында тұтқындалды. 

Жауап  алу  кезінде  Ж.Досмұхамедо-

вті  құрметтейтінін,  А.Байтұрсынов-

тың,  М.Жұмабаевтың,  Шәңгерейдің 

талантына  бас  иетінін  тайсалмай 

айтты.  Бұрынғы  Б.А-О.  құрамында 

болғанын,  кейін  б.  алашордашылар 

Ғ.Манкеев,  М.Жақанов,  М.Байшер-

кешов,  А.Қтиаровтармен  байланыс 

ұстағанын  жасырмады.  ІІХК  Батыс 

Қазақстан облыстық басқармасы үшті-

гінің қаулысымен 1937 ж. 2 желтоқсан-

да атылды. ҚР Жоғарғы Соты коллеги-

ясының 1992 ж. 16 қыркүйектегі ұйға-



Алаш қозғалысы

184


рымымен ақталды. Мұхит Мерәліұлы-

ның  зор  дауыс  шеңберін  тілейтін, 

кең  тынысты  «Алуаш»,  «Айнамкөз» 

әндерін келістіре шырқаған, осы өңір-

дегі  әншілік-серілік  дәстүрді  ұстанған 

Ж. бәйбішесі Бибі мен кіші әйелі Алу-

аштан  Қалы,  Шәрипа,  Бриллиант, 

Жаңылдық,  Сара,  Ұлмаш  есімді  ұлы-

қыз көрді. Жаңылдық Бижанғалиқызы 

–  қазақтың  белгілі  әдебиетші-ғалымы 

Шерияздан Елеукеновтің зайыбы. 

Жанталин  Ахмет  –  Қызылжар 

өңіріндегі  Алаш  қозғалысының  қай-

раткері.  Троицк  қаласында  медресе-

де  оқыған.  Медреседе  оқып  жүргенде 

Қазан  қаласында 

шығып  тұрған 

«Үлфат»  газетін-

де  қазақ  халқы-

ның 

тағдыры 


жайынан 

жа-


зылған  мақала-

ларын  жариялап 

тұрған. Оның са-

яси  және  қоғам-

дық  тақырыптардағы  мақалалары 

«Айқап» журналында да жарияланды. 

1906  ж.  Ж.-ның  қатысуымен  Қызыл-

жар өңірінің белсенді азаматтары пат-

ша  үкіметіне  хат  жазған.  Ол  басқа  да 

азаматтармен  бірге  Троицк  қаласында 

«Алаштың ахуалы» атты газет шығару 

мәселесін  көтерген.  Бірақ  бұл  мәселе-

лерге отаршылдық билік оң қарамады. 

1907 ж. Ж. сол кездегі Ақмола обл. Пе-

тропавл у.-гі өз ауылы Қарағайда мек-

теп салады. Бұл мектепті С.Мұқанов, Е.

Байғасқин, Қошан Жантілеуов сияқты 

белгілі  азаматтар  бітірген.  Ж.  1950  ж. 

Тюмень облысында қайтыс болды. 

Жантөрин  Сәлімгерей  Сейіт-

ханұлы – ХХ ғ. басындағы ұлт-азат-

тық  қозғалыс  жетекшілерінің  бірі, 

қоғам  қайраткері.  Ол  1864  ж.  бұр. 

Уфа  губерниясы  Стерлитамак  уезін-

де  туған.  Орынбор  гимназиясында 

орта  білім  алып,  Мәскеу  универси-

тетінің  физика-математика  факуль-

тетін және Санкт-Петербург универ-

ситетінің  заң  факультетін  бітірген. 

1905 ж. бастап патша өкіметіне оппо-

зицияда болған саяси күштердің қыз-

метіне араласқан. «Автономияшылар 

одағын»  құруға  тікелей  атсалысып, 

1905 ж. 19 қарашада өткен автономи-

яшылдар  сиезіне  қатысты.  Кадеттер 

партиясына  («Халық  бостандығы») 

мүшелікке  өтті.  Бірінші  орыс  төң-

керісі ж. бүкілресейлік мұсылмандар 

сиезін өткізуді ұйымдастырушылар-

дың  бірі  болды.  Бүкілресейлік  мұ-

сылмандардың үшінші сиезінде «Ре-

сей  мұсылмандар  одағы»  («Иттифақ 

ул-муслимин») ұйымының ОК құра-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

185


мына сайланды. Бірінші Мемлекеттік 

думаның мүшесі болды.Онда мұсыл-

ман  фракциясының  құрамына  кірді. 

Выборг  үндеуіне  қол  қоюшылардың 

қатарында  болды.  Сол  үшін  патша 

өкіметі  тарапынан  айыпталып,  3  ай 

абақтыда  отырды.  С.Жантөрин  өз 

қаражаты  есебінен  «Ғалия»  медре-

сесіне  жәрдем  ретінде  20  мың  сом 

қаржы бөлді. Түрлі оқу орындарында 

оқитын  қазақ  жастарына  көмек  көр-

сетіп  тұрды.  1911  ж.  түркі  тілдері-

не  енген  араб-парсы  сөздері  жайлы 

кітап  шығарды.  1914  ж.  Санкт-Пе-

тербург  қаласында  татар  тілінде 

«Миллят» газетін шығаруды қолға 

алды.  1916  ж.  Мемлекеттік  дума-

дағы мұсылман фракциясының жа-

нындағы бюрода қызмет етті. Онда 

ана  тілінде  оқыту  мәселесіне  көп 

көңіл  бөліп,  ол  жөнінде  мұсылман 

фракциясында нақтылы ұсыныстар 

жасады.  М.Шоқай,  С.Мақсұдов,  А.

Салихов  секілді  қайраткерлермен 

бірге  майданның  жұмысына  Түр-

кістан  өлкесі  мен  Қазақстаннан 

алынған  адамдардың  хал-ахуалы 

жайлы  мәліметтер  жинастырып, 

оларды  мұсылман  фракциясына 

жеткеріп тұрды. 1917 ж. Ақпан төң-

керісі  нәтижесінде  патша  өкіметі 

құлатылғаннан  кейін  қалыптасқан 

жағдайға  сай  империядағы  түркі 

тілдес  мұсылман  халықтарының 

саяси іс-әрекеттерін бір ізге түсіріп, 

үйлестіріп отыру үшін Бүкілресей-

лік  мұсылман  сиезін  өткізу  керек-

тігін  жақтады.  Осы  ж.  Уфа  губер-

ниясынан Бүкілресейлік Құрылтай 

жиналысына  депутаттыққа  канди-

дат  ретінде  ұсынылды.  Еділ-Орал 

автономиясының  Ұлттық  жина-

лысына  (Миллят  Меджлиси)  де-

путат  болып  сайланды.  Алашорда 

үкіметіне  қолдау  танытып,  оның 

жетекшілерімен  тығыз  қарым-қа-

тынаста болды. 

Жантілеуов  Шайхы  (1898  ж.т., 

б.  Орал  о.,  Жымпиты  у.,  Өлеңті  б.  – 

26.ІІ.1938)  –  Алаш  қозғалысына  қа-

тысушы,  Қазақстанда  мәдени  даму 

ісін  ұйымдастырушы  қайраткер. 

Болыстық  орыс-қазақ  мектебі  және 

Жымпиты  орыс-қазақ  Романов  учи-

лищесінен  соң  Орал  мұғалімдер  се-

минариясын  бітірді  (1917-1919  ж.). 

1917  ж.  сәуірде  өткен  І  Қазақ  Орал 

облыстық  сиезіне  қатысты.  Сол  ж. 

ақпанда Орал облысында оқитын қа-

зақ оқушыларының «Ақ ниет» өзара 

көмек  қоғамын  ұйымдастырушы-

лардың  бірі.  1918  ж.  мамырда  Жым-

питыда  өткен  ІҮ  Қазақ  Орал  облы-

стық сиезінің делегаты. 1919 ж. Ойыл 

облыстық  земство  басқармасының 

кеңесінде  әртүрлі  қызмет  атқарды. 

1919 ж. күзінен 1920 ж. желтоқсанға 

дейін  Жымпиты  уездік  еңбек  коми-

тетінің, уездік залалсыздандыру (де-

зинфекция)  комитетінің  төрағасы. 

1920 ж. маусымда РК (б) П қатарына 

өтті.  Жымпиты  уездік  РК(б)П  коми-

тетінің хатшысы (1921, ақпан – 1921, 

қазан);  Орал  РК  (б)  П  губерниялық 

комитетінің үгіт-насихат бөлімі мең-

герушісінің  орынбасары  (1921,  қа-

зан – 1923, мамыр), губкомның бюро 

мүшесі және қосымша – «Қызыл ту» 

газетінің редакторы. Одан әрі Семей 

РК(б)П  губерниялық  комитетінің 

үгіт-насихат  бөлімі  меңгерушісінің 

орынбасары  (1923,  мамыр  –  1924, 

мамыр);  Семей  уездік  атқару  коми-

тетінің төрағасы (1924, мамыр – 1925, 


Алаш қозғалысы

186


қаңтар);  Семей  губерниялық  жер 

басқармасының  меңгерушісі  (1925, 

қаңтар  –  1926,  мамыр);  Сыр-Дария 

губерниялық  жер  басқармасының 

меңгерушісі  (1926,  мамыр  –  1928, 

сәуір);  «Казсовхозстрест»  акцио-

нерлік  қоғамының  директоры  (1928, 

сәуір – 1930, наурыз); Алматы окргтік 

атқару  комитеті  төрағасының  орын-

басары  (1930,  наурыз  –  1932,  ақпан); 

«Риддерзолото»  тресі  басқарушысы-

ның орынбасары (1932, ақпан – 1933), 

ҚАКСР  Халық  ағарту  комиссариа-

ты  төрағасының  орынбасары  (1933-

1937).  ҚАКСР  Халық  ағарту  комис-

сариатының  төрағасы  Т.Жүргено-

втің  идеялық  мұраттасы.  Қазақстан 

мәдениетін  дамыту,  республикада 

білім  беру  жүйесін  жолға  қою  ісіне 

елеулі  үлес  қосты.  Мәдени  мұраны 

игеріп,  кәдеге  жаратуда  барынша 

ұқыпты болу, оны заман сұранысына 

лайықтаған  кезде  халық  музыкасы-

ның  әрін  жоғалтып  алмау  көзқара-

сын  ұстанды.  1937  ж.  «халық  жауы 

Т.Жүргенов тобына қатысушы» деген 

айыппен  тұтқындалып,  1938  ж.  26 

ақпанда КСРО Жоғарғы соты Әскери 

коллегиясының қаулысымен атылды. 

1956 ж. тамызда КСРО Жоғарғы соты 

Әскери  коллегиясының  қаулысымен 

ақталды. 



Жанша  және  Халел  досмұхаме-

довтердің жеделхаты – 1918 жылғы 

наурызда  Мәскеуден  Семейге  Ала-

шорда  төрағасының  орынбасары 

Х.  Ғаббасұлына  жолдаған  жеделха-

ты.  Бұл  жеделхатта  большевиктер 

үкіметімен  келіссөзге  барған  Ала-

шорданың Батыс бөлімі жетекшілері 

барлық  облыстардағы  тұтқындалған 

қазақ  қайраткерлерін  босататыны, 

кеңес үкіметі таяу уақытта Алашор-

да  қойған  барлық  талаптарға  жауап 

беретіндігі,  кеңес  үкіметі  жанынан 

қазақ  комиссариаты  ашылып,  оның 

құрамына Алашорданың өзі жіберген 

өкілдер енетіндігі айтылған. 

«Жаңа өріс» – Ташкентте 1920 ж. 

18  сәуір  мен  27  шілде  аралығында 

шыққан газет. Ол – тарихи «Ақжол» 

газетінің  ізашары,  дәлірек  айтсақ, 

«Жаңа  өріс»  кейін  жалғасын  тауып, 

«Ақжол»  деген  атпен  шыққан.  Бұл 

газетті  Алаш  рухты  басылым  деуге 

толық негіз бар. Мұнда саяси-қоғам-

дық  тақырыптағы  материалдармен 

бірге  әдеби-мәдени  бағыттағы  дүни-

елер де жарияланып тұрған.



1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал