Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет24/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69

Есполов  Мырзағазы  –  Алаш 

қозғалысының қайраткері. Ол 1891 ж. 

Қостанай  уезі  Аманқарағай  болысы-

ның № 4 ауылында туған. Ауыл мол-

дасынан  хат  таныған  соң  мұғалім-

дер  мектебін  бітіріп,  қаламгерлік 

қабілетінің  арқасында  қазақ,  орыс 

тілдеріндегі  мерзімді  баспасөзбен 

тығыз  байланыс  жасаған.  Қолынан 

келгенше «Айқап» журналына, «Қа-

зақ» газетіне жәрдемдескен. Империя 

астанасы  Петерборда  ресми  шығып 

тұрған  «Мусульманская  газетаның» 

тілшісі  болған.  «Қазақта»  жария-

ланған  «Жер  туралы»,  «Үлгі  алатын 

іс», «Үлгілі мектеп», «Күнбатыс май-

даны»,  «Майданнан  хат»,  «Жұмыс-

шылар  жайынан  доклад»,  «Адасқан 

жігіттер»  атты  мақалалары  белгілі. 

Монархиялық  режим  тұсында  «Му-

сульманская  газета»  басылымында 

жарық көрген «Вол в степи» («Қыр-

дағы өгіз») атты мақаласы үшін оған 

400 сом айып салынған. 1916 ж. әйгілі 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

173


«июнь жарлығынан» кейін майданға 

аттанған  қазақ  жігіттеріне  бас-көз 

болуды  ойлап  Ә.Бөкейхандармен 

бірге (сол ж. соңғы айлары мен 1917 

ж.  басында)  Минскідегі  әскери  қо-

сындарды  аралайды.  Отандастары-

на арашашы, қорған болады. 1917 ж. 

наурыз-сәуір  айларында  елге  келіп, 

саяси-қоғамдық  істерге  араласады. 

Алаш  қозғалысына  атсалысады. 

Осы  ж.  Алаш  партиясы  құрылатын 

І жалпықазақ сиезінің де, Алаш ав-

тономиясы  жарияланатын  ІІ  жал-

пықазақ  сиезінің  де  ұйымдастыру 

және  өткізу  жұмысына  белсене  қа-

тысады.  1929  ж.  3  ақпанында  тер-

геушіге берген жауабында: «1919 ж. 

ақпанда Троицкіде Дутов штабының 

қамауына,  15  шілдеде  Қостанайда 

Колчактың  қамауына  түстім»  дей-

ді.  ҰҚК  мұрағатында  қайраткердің 

Торғай  оқиғасына,  Таран,  Амангел-

ді  өліміне  қатысты  жазба  мәлімде-

мелері  тіркелген.  Мұнда  ол  аласа-

пыран  кезеңге  шынайы  баға  беріп, 

көрген-білгенін,  түйгенін  жасыр-

май айтқан. 1920 ж. бастап ол жаңа 

қоғамның шаруашылық басқару жұ-

мыстарына кірді. 1920 ж. басында-ақ 

қуғын-сүргіні  аздау  Түркістан  ав-

тономиялық  республикасының  ор-

талығы  Ташкентке  қоныс  аударды. 

Мұнда  Жер-су  комиссариатында, 

Мемлекеттік  сауда  басқармасында 

жауапты  қызметтер  атқарды.  Осы 

шақта «Ақ жол» газеті мен «Талап» 

атты  қауымының  жұмысына  атса-

лысады.  Соңғысының  басқарма  мү-

шесі болып, Ы.Алтынсариннің қилы 

тағдыры  мен  шығармашылығы  ту-

ралы дәріс оқиды. 1924 ж. қаламгер 

ресейлік  профессор  Д.Кудрявский-

дің «Как жили люди в старину» атты 

танымдық  зерттеу  кітабын  «Арғы 

мәдениет»  деген  атпен  аударып 

шықты. Қайраткер 30-ж. басында са-

яси айдауда М.Дулатовпен бірге бо-

лады.  Осында  қосымша  фельдшер-

лік  курсты  бітіріп,  кіші  дәрігерлік 

қызмет істейді. Ол 1938 ж. наурызда 

атылады.


Алаш қозғалысы

174


Ж

Жайнақов  Ыбырайым  (т.ж.б., 

бұрынғы  Жетісу  обл.  Верный  уезі  – 

ө.ж.б.) – Алаш қозғалысының белгілі 

қайраткері. Верный ерлер гимназия-

сын бітірген. 1904 ж. Жәркент уездік 

және  Жетісу  облыстық  басқарма-

сында  тілмаш,  іс  жүргізуші.  1911  ж. 

21 қазанда өткен Жетісу облысы бо-

лыстары және құрметті ақсақалдары 

кеңесінің ұйымдастырушысы болған. 

Онда облыстық әкімшілік пен қоны-

стандыру  басқармаларының  іс-әре-

кеттері жөнінде және саяси іздестіру 

бөлімдерінің облыстағы көшпелі ха-

лықтың ісіне араласпауы туралы Ре-

сей  империясының  өкілетті  органы 

Мемлекеттік  Думаға  өтініш  айтып, 

өкілдер  жіберу  мәселесі  шешілді. 

Сол  шешім  бойынша  Б.Сырттано-

впен бірге Санкт-Петербургке барып, 

Мемлекеттік  Думаның  мұсылман 

фракциясы  мүшелеріне  Жетісудағы 

жергілікті халықтың тілектерін жет-

кізеді.  Бүкілресейлік  мұсылмандар 

сиезін  әзірлеп  өткізуге  атсалысады. 

1916 ж. 14 шілдеде Верный қаласын-

да  Үлкен  Алматы  болыстығына  қа-

расты  жергілікті  халық  өкілдерінің 

мәжілісін  ұйымдастырушылардың 

бірі  болды.  1916  ж.  25  маусымдағы 

патша  жарлығына  қарсы  көтеріліске 

шықпай, істі бейбіт жолмен шешу ке-

рек екенін әлеуметке түсіндіреді. 1917 

ж.  Ақпан  төңкерісінен  кейін  елдегі 

әлеуметтік-саяси  өзгерістерге  белсе-

не араласты. Жетісу облыстық қазақ 

комитетінің  төрағасы  болып  сайла-

нады. Сол ж. 12-23 сәуірде Жетісу об-

лыстық қазақтарының бірінші сиезін 

ұйымдастырып, оған төраға болады. 

1917  ж.  19  шілдеде  уақытша  үкімет-

тің Жетісу облыстық комиссарының 

орынбасары  болып  тағайындалады. 

1917  ж.  І,  ІІ  жалпықазақ  сиездерінің 

жұмыстарына  белсене  араласады. 

Бүкілресейлік  құрылтай  жиналысы-

на  Жетісу  облысынан  депутаттыққа 

ұсынылады.  1918  ж.  шілде,  тамыз 

айларында Алашорда атынан Челябі 

қаласында  өткен  Сібір  үкіметі  мен 

құрылтай  жиналысының  мүшелері 

комитетінің  мәжілісіне  қатынаса-

ды.  1916  ж.  ұлт-азаттық  қозғалы-

сынан кейін босқын болып, Қытайға 

ауған Жетісу тұрғындарын елге кері 

қайтаруға,  оларға  көмек  көрсетуге, 

ашаршылыққа  тап  болған  халықты 

азық-түлікпен  қамтамасыз  ету  ісі-

не  атсалысты.  1918  ж.  10-31  тамыз 

аралығында  Лепсі  қаласында  өткен 

Жетісу  облысы  қазақтарының  екін-

ші сиезіне төрағалық етті. 1919 ж. 17 

наурызда Жетісу облыстық қазақ ко-

митетінде жергілікті халықтың ауыр 

жағдайы  туралы  баяндама  жасады. 

Большевиктер  билікпен  ымыраға 

келе  алмаған  қайраткер  Жетісудағы 

Алаш қозғалысының көрнекті тұлға-

ларымен бірге Қытайға қоныс аудара-

ды. Сол жақтан большевиктерге қар-

сы  қарулы  қарсылық  ұйымдастыру-

ды  жоспарлайды.  1932-1933  ж.  кеңес 

үкіметінен  қашып  өткен  қазақтарды 

жұмысқа  орналастыруға  жәрдем  бе-

реді.  Моңғол-Күре  ауданының  әкімі 

болады.  Сол  қызметінде  жүргенде 

1938 ж. 28 ақпанда тұтқындалып, Го-

миндан  үкіметінің  түрмесіне  жабы-

лады.  Кейін  баласы  Омар  Жайнақов 

әкесін  1941  ж.  Үрімжі  түрмесінен 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

175


Семейге  алып  кеткенін  Ғабди  Сай-

болатов  дегеннің  аузынан  естиді. 

Қайраткердің мұнан кейінгі тағдыры 

беймәлім.



Жайық  сырты  бөлігін  басқа-

ру  жөніндегі  азаматтық  комитет 

-  Жайық  өзенінің  сол  жағалауын  қо-

ныстанған  қазақ  ауылдарын  басқару 

мақсатында  1917  ж.  Ақпан  револю-

циясы  жеңісінен  соң  құрылған  атқа-

ру  органы.  Революция  дүмпуімен 

етек алған саяси еркіндік және қоғам 

өмірінің демократиялануы жағдайын-

да, Уақытша үкімет жария еткен әле-

уметтік  келісім  саясатына  орай  1917 

ж. жаңа стильмен 7 наурыз күні Орал 

облысындағы  қазақ  интеллигенция 

өкілдері  мен  елдің  «игі  жақсылары-

ның» бас қосуы нәтижесінде Орал қа-

ласында құрылды. Комитеттің атқару 

комитетінің  төрағасы  болып  белгілі 

заңгер  Бақытжан  Қаратаев,  мүше-

лері болып белгілі ағартушы, Өлеңті 

болысының  управителі  Ғұбайдолла 

Әлібеков,  Орал  облыстық  басқарма-

сының қызметкері Алдоңғар Әбенов, 

Орал уездік полиция басқармасының 

қызметкері Ықсан Тоқберлиев, Жым-

питы  земстволық  ауруханасының 

меңгерушісі  Дәулетше  Күсепқалиев 

және Қараоба болысының управителі 

Әбдірахман Әйтиев сайланды. Жина-

лыс  атынан  Б.Қаратаев  Мемлекеттік 

Дума  төрағасы  Родзянконың  атына 

құттықтау  жеделхат  жолдады.  Коми-

теттің алғашқы мәжілістері негізінен 

қай  ру  «неғұрлым  революцияшыл», 

соған  орай  Жайық  сыртын  Шыңғыс 

тұқымы  –  төрелер  басқаруы  тиіс  пе, 

не  билікті  «қара  қазаққа»  жататын 

ру өкілдері қолға алуы керек пе деген 

айтыс төңірегінде жүрді. Осы келіспе-

ушілік салдарынан 1917 ж. 10 наурыз 

күнгі  ұлттық  интеллигенция  мен  ел 

өкілдері  мәжілісінде  азаматтық  ко-

митет таратылып, оның орнына Жай-

ық  сырты  бөлігін  басқару  жөніндегі 

уақытша комитет құрылды. 

Жайық  сырты  бөлігін  басқару 

жөніндегі уақытша комитет – Жай-

ық  өзенінің  сол  жағалауын  қоны-

станған  қазақ  ауылдарын  басқару 

мақсатында 1917 ж. Ақпан революци-

ясы  жеңісінен  соң  құрылған  атқару 

органы. Сол ж. 7 наурызда құрылған 

Жайық сырты бөлігін басқару жөнін-

дегі  азаматтық  комитеттің  мирасқо-

ры.  Ұлттық  интеллигенция  мен  ел 

өкілдерінің сол ж. 10 наурызда Орал 

қаласында  өткен  бас  қосуында  та-

ратылған  айтылмыш  комитеттің 

орнына  ел  тыныштығы  мен  бүтін-

дігін  сақтау  және  әскерге,  халыққа 

азық-түлік дайындау мақсатында жа-

сақталды.  Төрағасы  болып  Ғ.Әлібе-

ков, мүшелері болып Д.Күсепқалиев, 

Б.Қаратаев,  Ы.Тоқберлиев,  Ә.Әйтиев 

сайланды.  Құрылтай  жиналысында 

бұрынғы азаматтық комитетке мүше 

болған А.Әбеновтің жандарм басқар-

масына «Жоффер» деген лақап атпен 

қызмет  еткен  арандатушы  екенді-

гі  жария  етілді.  Сол  шамада  оңшыл 

әсер  Фомичевтің  төрағалығымен 

құрылған Орал облыстық азаматтық 

комитетіне  Жайық  сырты  бөлігін 

басқару  жөніндегі  уақытша  комитет 

атынан  мүше  етіп  Д.Күсепқалиев, 

Ғ.Әлібеков  және  Б.Қаратаев  енгізіл-

ді.  Басқосуда  уақытша  комитеттің 

бұдан  соңғы  қызмет  бағдарламасын 

түзу  мақсатында  ел  өкілдерінің  си-

езін  шақыру  жөнінде  шешім  қабыл-

данды.  Кейінірек  уақытша  комитет 


Алаш қозғалысы

176


мүшелері  қатарынан  және  Оралға 

келген Ж.Досмұхамедов, Н.Ипмағам-

бетов,  Х.Досмұхамедов,  Б.Жанқада-

мов,  Е.Қасаболатов,  И.Қашқынбаев, 

К.Жәленов,  т.б.  ұлттық  интеллиген-

ция өкілдері қатарынан Орал облысы 

қазақтарының сиезін өткізу жөнінде-

гі  ұйымдастыру  бюросы  құрылды. 

Наурыз-сәуір айларында сиезге қызу 

дайындық жүргізілді – елдің бас кө-

терер адамдарына, ақсақалдарға, дін 

иелеріне шақыру жолданды, болыс-у-

ездерде сиезге делегат сайлау науқа-

ны өрістетілді. Жайық сырты бөлігін 

басқару  жөніндегі  уақытша  комитет 

1917  ж.  19  сәуірде  басталған  І  Орал 

Қазақ облыстық сиезінде таратылып, 

комитет құрамы өз өкілеттілігін сол 

сиезде сайланған Орал облыстық қа-

зақ комитетіне табыстады. 



Жақыпбаев  Нүсіпбек  –  Ала-

шорданың  белгілі  қайраткері.  Ол 

бұрынғы  Жетісу  облысында  туған. 

Бала  кезінде  оқу-білім  қуып,  тал-

май  талаптанып  көп  ізденеді.  1911 

ж.  Верный  ұлдар  гимназиясын  тә-

мамдайды.  Білімнің  таза  бұлағынан 

сусындап,  көзі  ашылған  бозбала 

оқуын  одан  әрі  жалғастыруды  ой-

лап, Киев университетінің медицина 

факультетіне  оқуға  түседі.  Универ-

ситетті 1916 ж. үздік бітіреді. Оқуын 

тәмамдаған  соң  Жетісу  облысына 

жұмысқа жіберіледі. 1916 ж. майдан-

дағы  қара  жұмысқа  шақырылған-

дарға  арналған  дәрігерлік  пунктте 

комиссия  құрамында  жұмыс  істей-

ді.  Бұл  жұмыс  оның  қара  жұмысқа 

шақырылған қандастарына аз да бол-

са  көмек  қолын  созуына  мүмкіндік 

береді.  Алайда,  бұл  жұмысы  ұзаққа 

бармады.  Сол  ж.  желтоқсанда  Үр-

жар ауылдық дәрігерлік бөлімшесіне 

дәрігер  болып  ауысады.  Дәрігер  Н. 

ауылдағы қазақтарға жанашыр бола-

ды, оның үстіне кәсіби біліктілігімен 

аз уақытта елдің қалаулы азаматына 

айналады. Оның келуі Үржар халқы-

на  үлкен  медеу  болды.  Дәрігерлік 

қызмет  оны  елмен  етене  жақында-

стырды.  1917  ж.  12-23  сәуірде  Жеті-

су облыстық қазақ сиезіне қатысқан. 

1917 ж. 5-13 желтоқсанда Екінші жал-

пықазақ  сиезіне  Жетісу  облысынан 

делегат болып, Алашорда үкіметінің 

Халық  кеңесінің  мүшелігіне  канди-

дат  ретінде  сайланды.  1918  ж.  10-31 

тамызда Лепсі қаласында өткен Жеті-

су облысы қазақтарының Екінші си-

езінде  Алаш  облыстық  комитетінің 

жаңадан  сайланған  құрамына  мүше 

болды. Азамат соғысы ж.нда Жетісу 

өлкесінде,  Үржарда  Алаш  әскерінің 

жүздігін  басқарып,  қызылдарға  қар-

сы  күрескен.  Алашорда  таратылған-

да Н. бір-екі жыл жұмыссыз жүреді, 

кейін  үкіметтің  уақытша  кешіріміне 

ие  болып,  1923  ж.  Жетісу  облыстық 

денсаулық  сақтау  бөлімі  меңге-

рушісінің  орынбасарлығына  тағай-

ындалады. Бір жылдай сонда істеген 

соң, 1924 ж. Жетісу губерниялық ден-

саулық сақтау бөлімінің меңгерушісі 

қызметіне  ауыстырылады.  Осы  қы-

зметке  қоса  губерниялық  атқару  ко-

митетінің  мүшесі  болады.  Бұл  мін-

детті екі жыл атқарады. 1925 ж. жер-

гілікті денсаулық сақтау мекемесінің 

жетекшісі  ретінде  Орынборда  өткен 

дәрігерлердің  бүкілодақтық  бірінші 

сиезіне,  Орынборда  өткен  губерни-

ялық денсаулық сақтау бөлімдерінің 

сиезіне қатысады1932 ж. қайтыс бо-

лады. 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

177


Жалпақов  Тәжмұхамбет  Темір-

ұлы  (1897  ж.т.,  б.  Орал  о.,  Ілшібін 

у., Мәтеш б., 8-а., қ.Батыс Қазақстан 

облысы,  Тайпақ  ауданы)  –  Батыс 

Алаш-Орда  офицері,  Жайық  өңірін 

кеңестендіру  ісіне  қатысушы.  Әкесі 

Темір  орта  шаруалы  адам  болған. 

Ж.  болыстық  орыс-қазақ  мектебін, 

қалалық  Романов  орыс-қазақ  учи-

лищесінен  соң  Воронеж  ер  балалар 

фельдшер мектебін бітірді (1915-1917 

ж.).  1918  ж.  жазда  Ғұбайдолла  Мұ-

хитов,  Т.Бекмағамбетовпен  бірге 

Ойылдағы  Тұңғыш  Қазақ  кавале-

риялық  юнкерлер  мектебіне  түсті. 

1919  ж.  юнкерлік  мектепті  прапор-

щик  шенінде  тәмамдағаннан  кейін 

Жымпиты  көшесіндегі  Алаш  пол-

кінің  шаруашылық  бөлімінде  қыз-

мет атқарды. Кейінірек полктің штаб 

офицері  болып  тағайындалды.  1919 

ж.  аяқ  шенінде  полкпен  бірге  Ойыл 

бекінісіне  келді.  Б.А.О.  офицерлер 

тобының құрамында Орынбор қала-

сына  әкелінді.  1920  ж.  сәуір  –  1920 

ж.  желтоқсан  аралығында  Қазақ  өл-

келік  Төтенше  комиссияның  ерекше 

тапсырмалар  жөніндегі  комиссары 

болып  істеді.  Одан  әрі  Жымпиты 

уездік  еңбек  комитетінің  мобилиза-

ция  бөлімінің  бастығы  (1920,  жел-

тоқсан – 1921, мамыр); Қызыл армия 

құрамындағы  ерікті  Коммунистік 

эскадрон  командирінің  көмекшісі; 

Жымпиты  уездік  еріктілер  отряды-

ның командирі (1921, маусым – 1922, 

желтоқсан),  осы  қызметте  Жымпи-

ты  төңірегіндегі  Сирот,  Мещеряков, 

Сафронов бас көтерулерін басуға қа-

тысты;  Тайпақ  болыстық  атқару  ко-

митетінің төрағасы (1922, желтоқсан 

-  1924);  Орал  облыстық  тұтынушы-

лар  одағы  қоғамының  нұсқаушысы 

(1924-1928);  Аңқаты  тұтынушылар 

одағының  бухгалтері  (1928-1932); 

Аңқаты  жұмысшылар  коопера-

тивінің  бухгалтері  (1932-1935);  Орал 

облыстық  совхоздар  секциясының 

нұсқаушы-бухгалтері 

(1935-1936); 

Шыңғырлау аудандық тұтынушылар 

одағының  бас  кооперативінің  бух-

галтері (1936-1937); Исаев жұмысшы-

лар кооперативінің бухгалтері (1938); 

пішен дайындау мекемесінің инспек-

тор-бухгалтері (1938-1942); 1942-1945 

ж. аралығында Ұлы Отан соғысында 

болды; Теректі аудандық тұтынушы-

лар  одағының  бас  бухгалетрі  (1945-

1952);  Қаратөбе  ауданындағы  Аққо-

зы  жұмысшылар  кооперативінің  бас 

бухгалтері (1952-1956). 1956 ж. зейнет 

демалысына шығып, өмірінің соңына 

дейін «Аққозы» совхозында тұрды.

Жалпықазақ сиездері өткізілген  

және  Алашорда  үкіметі  құрылған 

үй  –  Орынбор  қаласындағы  тари-

хи  ғимарат.  Орынбор  қаласындағы 

бұрынғы Гришковская, қазіргі Чиче-

рин  көшесінде  орналасқан  бұл  үйде 

1917  ж.  шілде  және  желтоқсан  айла-

рында Бірінші және Екінші жалпықа-

зақ сиездері өткізілген. Осы үйде осы 

ж.  12  желтоқсанында  Екінші  жал-

пықазақ  сиезінде  Алашорда  үкіметі 


Алаш қозғалысы

178


құрылып, Алаш автономиясы жария-

ланған. 2010 ж. бұл тарихи ғимарат-

тың  қабырғасына  ескерткіш  тақта 

орнатылды. 



Жалпықазақ  жастарының  сиезі 

– 1918 ж. 5-13 мамыр аралығында ұй-

ымдастырылған  сиез.  Сиезді  шақы-

рушы  әрі  ұйымдастырушы  Омбы-

дағы қазақ жастарының «Бірлік» ұй-

ымы.  Бұл  сиезге  қазақ  жастарының 

әр ұйымнан бір өкілден шақырылған. 

Сиез  жұмысына  15  ұйымнан  деле-

гат  қатысты.  Сиездің  мақсаты  Қа-

зақстанда орнап келе жатқан больше-

виктер  билігіне  қарсылық,  олардың 

жер-жерде  істеп  жатқан  зорлықта-

рын  айыптау,  жастарды  ұлт-азаттық 

қозғалыс  жолында  бірлікке  шақы-

ру.  Сиез  барлық  қазақтың  жастар 

ұйымдарына  ашық  хат  жариялады. 

Ашық  хатта:  «Қазақ-қырғыз  жаста-

рының  бар  ұйымдары  біріксін;  бар 

ұйымдар ортасынан бір кіндік коми-

тет сайлансын; кіндік комитетке әр-

бір ұйым өзінің барлық қазынасынан 

15  процент  берсін;  бар  ұйымдарда 

бір-ақ  программа,  бір-ақ  ат  болсын. 

Бұған  сиездің  қойған  аты  –  «Жас 

азамат»;  «Жас  азамат»  атынан  газет 

шықсын...» деп көрсетілді. Сиезде бес 

адамнан  тұратын  кіндік  (орталық) 

комитет  сайланды.  Комитет  Омбы 

қаласында жұмыс істейді деп шешіл-

ді.  Комитет  төрағалығына  «Үміт» 

ұйымының  өкілі  Ғазиз  Мурзин, 

орынбасарлығына Гүлшаһра Досым-

бекова, мүшелері болып Әбдірахман 

Байдилдин,  Мұратбек  Сейітовтер 

сайланды,  хатшысы  Смағұл  Сәду-

ақасов болды. Сиезге Мұхтар Әуезов 

те  қатысқан.  Оның  осы  сиезге  бай-

ланысты  жазылған  «Бірінші  жалпы 

жастар сиезі», «Жастар ұйымдарына 

ашық хат» атты мақалалары бар. 

 «Жалпықазақ сиезі» мақаласы 

–  «Қазақ»  газетінің  1917  ж.  11  мау-

сымдағы  редакциялық  мақаласы. 

Бұл мақалада жалпықазақ сиезін өт-

кізу және оның уақыты мен болатын 

қаланы анықтау мәселесі көтерілген. 

Сонымен бірге Торғай облыстық си-

езінде  жалпықазақ  сиезін  шақыру 

жөнінде  бюро  сайлау  қажеттілігі, 

сиез өткізуге 1-10 тамыз аралығы ұй-

ғарылғаны, сиез өткізу орны Ташкент 

қаласы болатындығы таңдалғандығы 

айтылып,  одан  ары  қарай  Омбы, 

Орынбор, Ташкент, Семей қалалары-

ның  ұсынылғаны,  өзге  қалалардың 

жұрттың  баруына  ыңғайсыз  бола-

тындығы себепті Орынборды дұрыс 

деп  шешкендігі  баяндалады.  Сон-

дай-ақ,  болатын  сиезде  қаралатын 

күн  тәртібінің  бағдарламасын  жасау 

қажеттігі де айтылған.

Жалпықазақ сиезін өткізу тура-

лы кеңес – 1917 ж. 9 мамырындағы 

Орынбор  қаласындағы  кеңес.  Бұл 

кеңесті  Орал,  Торғай,  Ақмола,  Се-

мей,  Түркістан,  Ішкі  Орда  өңірлері-

нен жалпы мұсылман сиезіне келген 

қазақ  өкілдері  ұйымдастырды.  Осы 

кеңеске арналған «Қазақ» газетіндегі 

мақалаларда  бұл  басқосуды  «бюро» 

деп  те  атайды  («Қазақ»  газеті,  № 

232, 233, 1917 жыл). Кеңестегі негізгі 

мәселе жалпы қазақ сиезін құру бол-

ды.  Кеңес  қорытындысы  бойынша 

төмендегідей  қаулы  қабылданған: 

«1.  1917  ж.  1  августан  10  сентябрге 

дейін  жалпы  қазақ  сиезін  Ташкент 

қаласында құруға; 2. Сиезге әрбір қа-

зақ болысынан бір өкілден жіберуге. 

Жіберілген өкіл, мұра келгенше жал-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

179


пылық, төтелік, бірдейлік, құпиялық 

Һәм  ер-ұрғашы  делінбейтін  сайла-

умен  сайлансын;  3.  Сиезге  жұрттың 

тап-табынан  түгел  келгені,  әсіресе, 

әйелдер  Һәм  зиялылар  жіберілгені 

қалаулы.  Кеңесте  болғандар  әр  уез-

ден бір әйел кісі болғанын тілейді; 4. 

Сиездің  программасын  шығару  һәм 

сиезді  жасау  ұйыстырушы  бюроға 

тапсырылсын;  5.  Жалпы  қазақ  сиезі 

барша қазақты қоғамдайтын һәм Уч-

редительное  собраниеге  даярлайтын 

сиез болсын, сондықтан Учредитель-

ное  собраниеде  шешілетін  мәселе-

лер  сиезде  түгел  қаралатын  болсын. 

Мәселелердің  ішінде  қазақ  әскерін 

жасау  мәселесі  қаралсын;  6.  Ойла-

маған жерден шыға келген себеп бол-

са, 1 август пен 1 сентябрь арасында 

құрылатын етіп, сиез құру срогін өз-

гертуге  ұйыстырушы  беру  ерікті;  7. 

Сиезді қанша Һәм қайда құру туралы 

ерте жария болынсын (сиезден бір ай 

бұрын);  8.  Жалпы  қазақ  сиезін  құру 

үшін  Торғай  облысының  сиезінде 

жасалған  бюро-бюро  болсын,  бірақ 

бұйыруға  әрбір  қазақ  облысынан 

бір  өкілден  кірсін;  9.  Обласной  қа-

зақ  комитеттері  жалпы  қазақ  сиезін 

құрушы  бюроға  ағзаларын  жіберіп 

көмек  қылып  ақшадай  жәрдем  қыл-

сын».  Бұл  қаулының  көптеген  бап-

тарының  орындалғандығын  уақыт-

тың  өзі  аңғартты.  Қаулыға  Ғ.Қараш, 

О.Тәтиев,  У.Танашев,  Х.Нұрмұхаме-

дов,  Б.Теміртанов,  К.Төгісов,  А.До-

сжанқызы,  Ғ.Әлібеков,  А.Теміров, 

А.Дауылбаев, Қ.Оразаев, Ш.Бекмұха-

медов,  Сабаханов,  Х.Тәржімановтар 

қол қойған. Бұл қаулы желтоқсан ай-

ында өткізілетін Екінші жалпықазақ 

сиезін  өткізуге  белгілі  бір  дәрежеде 

оң  ықпал  еткендігін  осы  кеңестен 

соң  «Қазақ»  газетінде  жарияланған 

«Жалпы  қазақ  сиезін  құру  туралы», 

«Жалпы  қазақ  сиезі»,  «Тағы  жалпы 

қазақ  сиезі»  және  т.б.  мақалалардан 

байқаймыз. 



Жалпы Сібір сиезі – 1917 ж. 8-15 

қазанында Том қаласында өтті. Оған 

Торғай, Ақмола, Семей Жетісу, Орал 

облыстарынан және Бөкей ордасынан 

тоғыз  адам  қатысты.  Қазақстаннан 

қатысушы өкілдер қазақтың Сібір ав-

тономиясына  уақытша  түрде  кіргісі 

келетіндігін  айтты.  Сиездің  шешімі 

бойынша  Сібір  Кеңесі  сайланып, 

оған  Ә.Бөкейхан,  М.Тынышбаев, 

Х.Ғаббасов,  Е.Итбаев,  С.Досжанов 

енді. Бұл автономияға енудің мақса-

тын Ә.Бөкейхан: «Біз ойладық, әуелі 

Сібірге  сүйеніп,  тасымалдап,  жалға-

сып  көшіп  кетелік:  жіп  жалғап  зор 

мемлекет  күрмеуінен  құтылып  ап, 

отау болып соңынан бөлінелік деп». 



1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал