Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет23/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69

Екінші  мемлекеттік  дума  –  Ре-

сей империясындағы 2-рет сайланған 

констит у ци я лық-монархи я лық 

бағыттағы  заң  шығарушы  жоғары 

өкілетті орган. 1907 ж. 20 ақпаннан 3 

маусымға  дейін  жұмыс  жасаған  103 

күн  ішінде  екі  рет  сессия  ашып,  53 

мәжіліс  өткізді.  Думаға  сайлау  1905 

ж.  11  желтоқсандағы  сайлау  заңы 


Алаш қозғалысы

166


бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан 

депутаттыққа  Орал  облысынан 

Б.Қаратаев,  Ақмола  облысынан 

Ш.Қосшығұл,  Торғай  облысынан 

А.Бірімжанұлы,  Семей  облысынан 

Т.Нұркенұлы,  Жетісу  облысынан 

М.Тынышбайұлы,  Сырдария  облы-

сынан  Т.Алдабергенұлы,  Астрахан 

губернаторынан  Б.Құлманұлы  сай-

ланды. Екінші мемлекеттік Думаның 

мұсылман  фракциясына  36  депутат 

енді. Бұл фракция «мұсылман фрак-

циясы»  және  «мұсылман  қызмет 

фракциясы»  болып  екі  топқа  бөлі-

неді.  1907  ж.  21  сәуірінен  мұсылман 

депутаттары  «Дума»  газетін  шыға-

рып, осында қаралып жатқан мәселе-

лерді жариялап тұрды. Екінші мемле-

кеттік дума таратылғанша бұл газет-

тің 6 саны шықты. Мұсылман фрак-

циясы  Ресейдің  шет  аймағындағы 

отарлау  саясатын  әшкерелеп,  парла-

менттік  жолмен  күрес  жүргізді.  Қа-

зақ  депутаттары  Нұркенұлы,  Алда-

бергенұлы,  Қосшығұл,  Құлманұлы, 

Бірімжанұлы  мұсылман  фракциясы-

ның  құрамына,  Тынышбайұлы  кон-

ституциялық-демократиялық  фрак-

ция  құрамына  кірді.  Қаратайұлы 

алғашқы кезде тіркеу тізімі бойынша 

кадет партиясының құрамына, кейін 

партиялық  фракция  мен  топтарды 

толықтай құрған кезде мұсылмандық 

фракцияның тізіміне енді. «Ресей мұ-

сылмандар  одағының»  бағдарлама-

сы  негізінде  жасалған  мұсылмандар 

фракциясының  бағдарламасын  әзір-

леуге Бірімжанұлы қатысты. Бұл Ду-

маны да патша 3 айдан кейін таратып 

тынды.


Екінші  Сібір  далалық  корпусы 

–  1918  ж.  Ақпан  төңкерісінен  кейін 

большевиктерге  қарсы  соғыс  жүргі-

зу мақсатында құрылған әскери кор-

пус.  Оның  ұйымдастырушысы  Сібір 

казактарының  полковнигі  П.П.Ива-

нов болды. Бұл корпус патша тұсын-

дағы  Дала  генерал-губернаторлығы 

территориясында  әрекет  етті.  Оның 

бөлімшелері  Омбыда,  Петропавлда, 

Павлодарда,  Өскеменде  болды.  Кор-

пус құрылымдарының ішіндегі саны 

жағынан  да,  даярлығы  жағынан  да 

күшті  құрылымдардың  бірі  1918  ж. 

маусым  айында  Семейде  құрылған 

Бірінші Алаш атты полкі болды. Бұл 

полктің командирі Ғ.Тоқтамысов еді. 

1918 ж. 12 тамызындағы Сібір арми-

ясы  қолбасшысының  бұйрығымен 

Бірінші Алаш атты полкі Екінші Сібір 

далалық корпусының құрамына енді. 

Алаш  полкі  осы  Екінші  Сібір  кор-

пусының  басқа  әскери  құрылымда-

рымен,  әсіресе,  казак  әскерлерімен 

бірге 1918-1919 ж. Шығыс Қазақстан 

және Жетісу өңірлерінде большевик-

терге қарсы ұрыс қимылдарын жүр-

гізді. 

Елеукенов 

Шериаздан 

Рү-

стемұлы – Алаш қозғалысына қаты-

сушы. Ол 1929 ж. Шығыс Қазақстан 

обл., Ұлан ауд., Аршалы а.-да туған. 

Ғалым,  филология  ғылымдарының 

докторы,  профессор.  Қазақстанның 

еңбек  сіңірген  мәдениет  қызмет-

кері.  ҚазМУ-ды  бітірген.  1951-59  ж. 

Шығыс  Қазақстан  облысы  «Ком-

мунизм  туы»  газетінде  әдеби  қыз-

меткер,  бөлім  меңгерушісі,  1959-63 

ж.  ҚазМУ-дың  журналистика  фа-

культетінде  аға  оқытушы,  1967-71 

ж.  Қазақстан  Компартиясы  ОК-нің 

аппаратында нұсқаушы, сектор мең-

герушісі, меңгерушінің орынбасары, 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

167


1971-86 ж. Қазақстан Баспа, полигра-

фия және кітап саудасы істері жөнін-

дегі  мемлекеттік  комитеттің  төраға-

сы, 1986-88 ж. Әдебиет және өнер ин-

ститутының  директоры,  1997  жыл-

дан аталған институтта бас ғылыми 

қызметкер.  Ғылыми  еңбектері  қазақ 

әдебиетінің  тарихы  мен  теориясы 

мәселелеріне арналған. Е. «Мағжан» 

атты  монографиясында  Алаш  қозға-

лысының қайраткері Мағжан Жұма-

баевтың шығармаларына жан-жақты 

талдау  жасап,  байыпты  баға  берген. 

Бұл  монографияға  ҚР  Мемлекеттік 

сыйлығы  берілді.  Зерттеуші,  сон-

дай-ақ  басқа  да  Алаш  қайраткерлері 

шығармашылығы  жөнінде  ғылыми 

еңбектер жазған.



«Елім  деп  соққан  ұлы  жүрек» 

–  Алаш  қайраткері  М.Дулатұлына 

арналған  жинақ.  2000  ж.  Алматы 

қаласында  жарық  көрген,  көлемі  22 

б.т.  «Ұлы  тұлғалар»  ғылыми-ғұмыр-

намалық сериясы негізінде Орталық 

ғылыми  кітапхана  дайындаған  жи-

нақтың бас редакторы Ж.Ысмағұлов, 

құрастырған В.Күзембаева. Жинаққа 

жазушының  таңдамалы  еңбектері, 

өмірі мен шығармашылығына байла-

нысты ғылыми еңбектер, библиогра-

фиялық көрсеткіш енгізілген. 

«Еркін  қазақ»  -  Жайық  сырты 

бөлігі  земстволық  управасының  ап-

талық баспасөз органы. 1919 ж. 1 қы-

ркүйектен бастап бұрынғы Орал гу-

берниясындағы уез орталығы, қазір-

гі  Ақтөбе  қаласына  қарасты  Ойыл 

елді мекенінде бірнеше нөмірі жарық 

көрді.  Шығарушысы  (редакторы), 

әрі бастырушысы – Ахмет Мәметов. 

Газет Жайық сырты управасы Жым-

питыда  тұрған  1918  ж.  шығарыл-

мақшы  болады,  осы  мақсатта  Орал 

қаласынан  60  мың  сомға  баспахана 

сатып алынады. 1918 ж. көктемде Қы-

зыл армияның Орал қаласын алуына 

байланысты баспахана земство меке-

месімен  бірге  сол  ж.  жазда  Ойылға 

көшіріледі. Құрамында үш қызметкер 

бар баспахана күзге дейін әртүрлі ме-

кемелердің тапсырыстарын орындай-

ды да, сол ж. 10 қаңтарда Қаратөбеде 

өткен  облыстық  земство  жиналысы-

ның қаулысына сәйкес газет шығару-

ды  қолға  алады.  Облыстық  земство 

басқармасының бастығы Х.Досмұха-

медовтің 1-нөмірдегі бас мақаласын-

да  айтылғандай,  газет  басқармасы 

негізінен Ресей оқиғаларын, земство 

істерін, Алашорда істерін және оның 

тарихын жазып, земствоның не екенін 

халыққа  түсіндіру  ісін  алға  қойған. 

1-нөмірде  Х.Досмұхамедовтің  мақа-

ласынан басқа «Орыстар мен орыстар 

соғысы» дейтін саяси талдау ыңғай-

ындағы көлемді мақала және әртүрлі 

хабар-ошар  жарияланған.  Назар  ау-

дарар жайт, баспаханадағы татар ше-

берлеріне іс үйрену үшін бірнеше қа-

зақ баласы қосып берілген. Бұған қа-

рағанда,  земство  басшылығы  баспа-

хана мен газетті биліктің қай түрі ор-

наса да сақтап қалмақ болған тәрізді. 

Бұған  1919  ж.  аяқ  шенінде  Ойылды 

алған Қызыл армия бөлімшелері ай-

тылмыш  баспаханада  жергілікті  ха-

лыққа  арнап  үндеу-прокламациялар 

бастыртуы  да  дәлел.  Алайда  газет 

1920  ж.  Орал  губревкомы  жіберген 

комиссия  тарапынан  жабылды,  бас-

пахана  мүлкі  тәркіленді  және  Орал 

губревкомы мен Орынбордағы Қазә-

сревком  арасында  ұзаққа  созылған 

тәжікеден кейін Орынборға әкетілді. 


Алаш қозғалысы

168


Кейбір  расталмаған  деректерге  қа-

рағанда, «Е.Қ.»-тың қомақты тікпесі 

Орынборда сақтаулы. 1997 ж. белгілі 

зерттеуші-ғалым  Б.Байғалиев  газет-

тің 1-нөмірін КРОМА қорынан тауып 

алып, жариялады. 



«Еркін  дала»  -  мемлекет  және 

қоғам  қайраткері  Нәзір  Төреқұлұлы-

ның  1917-1918  ж.  Орынборда  құрған 

қоғамдық-саяси  ұйымы.  Ұйым  ту-

ралы  мәлімет  Смағұл  Сәдуақасұлы-

ның  1921  ж.  Орынборда  басылған 

«Жастарға – жаңа жол» атты еңбегін-

де  жарияланған.  Нәзір  Төреқұлұлы 

1916  ж.  25  маусымдағы  патшаның 

майдандағы  қара  жұмысқа  шет  ұлт-

тарды алу туралы жарлығынан кейін 

қоғамдық-саяси жұмысқа тартылғаны 

белгілі. Ол Минскіде Земгор шарала-

рына қатысты. 1915 ж. жергілікті және 

қалалық  комитеттердің  одағы  не-

гізінде құрылған бұл комитет әскерді 

өмірлік  керек-жарақпен  қамтамасыз 

ететін. Нәзір мұнда сол 1916 ж. барды 

(сірә,  Түркістандағы  ресми  биліктің 

келісімімен).  Патша  тақтан  түсетін 

1917  жылы  елге  келген  соң  әскери 

жағдайды  да,  жергілікті  халықтың 

ахуалын да көріп, ағартушылық мақ-

саттағы  «Еркін  дала»  атты  астыр-

тын ұйым құруының себебі – ел мен 

билік арасына лайықты дәнекер болу, 

жұрттың  арыз-тілегін  жеткізу.  1918 

жылы  Орынборда  әйгілі  «Қазақ»  га-

зетінің  орнына  «Қазақ  мұңы»  атты 

газет  шығарылады.  Енді  біз  қайрат-

керді  осы  газеттен  көреміз.  «Еркін 

даланың» нақты немен айналысқаны, 

басқарма  мүшелігіне  кімдер  енгені 

туралы деректер кездеспейді.



Ермеков Әлімхан Әбеуұлы (1891, 

Қарағанды  обл.,  Қарқаралы  ауд.  – 

22.06.1970,  Қарағанды  қ.)  –  қоғам 

қайраткері, Алаш партиясы мен Ала-

шорда қозғалысы жетекшілерінің бірі, 

математик,  ұстаз.  Математика  сала-

сы бойынша профессор атағын алған 

тұңғыш  қазақ.  Қарқаралыдағы  үш 

жылдық  орыс  мектебін,  Семей  гим-

назиясын бітірген. 1921 ж. Томск тех-

нология  институтын  аяқтаған.  1917 

ж.  21-26  шілде  күндері  Орынборда 

өткен  І  және  ІІ  Жалпықазақ  сиезіне 

қатысады.  Алашорданың  Семей  об-

лыстық комитетінің мүшесі. 1918 ж. 

22  қаңтарда  «Сарыарқа»  газетінде 

«Жасасын, Алаш, жасасын!» мақала-

сы басылды. Алаш автономиясының 

жариялануын  «Отансыз  жұрт  Отан-

ды  болды»  деп  бағалады.  1919-1920 

ж.  Қырғыз  (қазақ)  өлкесін  басқару 

жөніндегі әскери-рев. комитеттің мү-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

169


шесі,  коллегия  төрағасы.  Семей  гу-

бревкомының  мүшесі.  Қазақ  жерінің 

тұтастығын  сақтауға  тарихи  қызмет 

сіңірген ұлы тұлға Қазақ АКСР шең-

берінде  тұтас  дерлік  топтастыруда 

ерекше  рөл  атқарды.  1920  ж.  26  та-

мызда «Қазақ Автономиялы Кеңестік 

Социалистік  республикасын  құру 

туралы»  декрет  жарияланады.  Соған 

сәйкес  қазақ  жерінің  территориялық 

тұтастығын  ресми  құжат  негізін-

де  бекітуде  Ә.Бөкейхан,  А.Байтұр-

сынұлы, Е. қатарында тарихи қызмет 

етті. Алаш арыстары 1920 ж.сәуір ай-

ынан тамыз айына дейін Мәскеуде қа-

зақ жерінің тұтастығын сақтап қалуға 

әрі  құжатпен  бекіттіруде  мәңгілік 

маңызға ие кемел іс атқарды. Автоно-

мия  құру  және  оның  территориясын 

белгілеу  жөніндегі  комиссия  отыры-

сында  Е.  қазақ  жері  және  автономия 

туралы  баяндама  жасады.  1921-1924 

ж. Семей губ. атқару комитетінде, губ. 

жоспарлау  басқармасы,  Қазақ  АКСР 

Мем.  жоспарлау  комитеті  төрағасы-

ның орынбасары, өнеркісіп секциясы-

ның меңгерушісі. Қазақ АКСР 6 және 

7-шақырылған  ОАК  мүшесі.  1927-

1935  жж.  Ташкенттегі  Қазақ  ағарту 

институтында  оқытушы,  ҚазПИ  до-

центі,  Алматы  зоотех.-малдәрігерлік 

институтының  пофессоры,  кафедра 

меңгерушісі. 1935 ж. тұңғыш рет ма-

тематика  саласы  бойынша  профес-

сор атағына ие болады. 1935 ж. қазақ 

тілінде «Ұлы математика курсы» атты 

кітабы жарық көреді. 1936 ж. ұстаздық 

тәжірибесі  негізінде  «Қазақ  тілінің 

математика термині» атты түсіндірме 

сөздігі  басылып  шығады.  1935-1937 

ж.  Алматы  кен  металлургия  инсти-

тутында  (қазіргі  ҚазҰТУ)  матема-

тика  және  теориялық  механика  каф. 

меңгерушісі.  1930-1947  ж.  аралығын-

да  «ұлтшыл-алашордашыл»  деп  ай-

ыпталып,  үш  рет  сотталады.  1932  ж. 

тұтқындалып,  үш  жылға  сотталады. 

1938 ж. екінші рет қамауға алынып, он 

жылға (кейіннен жаза мерзімі 6 жылға 

түсіріледі) сотталады, 1948 ж. үшінші 

рет  тұтқынға  алынып,  он  жылға  бас 

бостандығынан  айырылады.  Сталин 

өлгеннен  соң  1955  ж.  бостандыққа 

шығарылады. 1957 ж. 26 қарашада то-

лық  ақталады.  1955  ж.  Қарағандыға 

оралады.  Өмірінің  соңына  дейін  Қа-

рағанды тау-кен институтында (кейін-

нен  политехникалық  институт,  қазір 

Қарағанды  мемлекеттік  техникалық 

университеті) қызмет атқарды. 



Есенғұлов  Ғұмар  (15.Ү.1886  ж.т., 

б.Орал обл., Темір у. - 1930) – Батыс 

Алаш-Орда  қайраткері,  қазақтың 

жоғары  білімді  алғашқы  дәрігер-

лерінің  бірі.  Әкесі  Қожахмет  елдегі 

көзі ашық адамдардың бірі болған. Е. 

болыстық орыс-қазақ мектебін, қала-

лық орыс-қазақ Романов училищесін 

бітіргеннен  кейін  Орал  реальдық 

әскер училищесін тәмамдаған (1903-

1910 ж.). Училищеден соң курстаста-

ры  Б.Бейсенов,  Ы.Шұғыловпен  бір-

ге  1910  ж.  Саратов  университетінің 

медицина  факультетіне  түсіп,  оны 

1914  ж.  бітіріп  шықты.  1914-1916  ж. 

Саратов қаласындағы Земгор одағы-

ның  лазаретінде  дәрігер-ординатор. 

1916 ж. Орынбор қаласындағы Жедел 

жәрдем стансасында дәрігер. 1917 ж. 

сәуірдің басында  Орынбор қаласын-

да  өткен  Торғай  және  Орал  облысы 

қазақтарының  сиезінде  қаралатын 

мәселелерді әзірлеп, өтетін орны мен 

уақытын  лайықтап,  жұртқа  хабар 



Алаш қозғалысы

170


беретін  айрықша  бюроның  құрамы-

на  кірді.  1917  ж.  сәуірдің  ортасында 

Орал қаласында өткен І Қазақ Орал 

облыстық  сиезінде  Жайық  сырты 

облыстық  қазақ  комитетінің  мүшесі 

болып  сайланды.  Сол  ж.  21-26  шіл-

де аралығында өткен ІІ Жалпықазақ 

сиезінің  қаулысымен  Құрылтай  жи-

налысы  депутаттығына  Орал  облы-

сынан белгіленген жеті кандидаттың 

бірі.  Құрылтай  жиналысына  Алаш 

партиясы атынан аталған депутаттар 

тізіміне де кірді. Уақытша үкіметтің 

Орал  облысындағы  комиссары  Г.

Бизяновтың ұйғаруымен 1917 ж. Темір 

уезі бойынша Уақытша үкімет комис-

сары  болып  тағайындалды.  1918  ж. 

11  қыркүйектегі  орталық  Алаш-Ор-

да  үкіметінің  Уфа  мәжілісінің  қа-

улысымен  Уақытша  үкімет  берген 

құқықтарды  уақытша  пайдалана 

отырып жергілікті земстволық басқа-

ру ісіне бақылау жасайтын Алаш-Ор-

да  Темір  уездік  комиссары  міндеті 

қоса  жүктелді.  Осыған  орай  Ойыл 

уәлаятының  облыстық  комиссары 

Ж.Мергеновке бағына отырып, Темір 

уездік атқару комитетінің Халық ша-

руашылығы бөлімі деп аталған жер-

гілікті  земстволық  басқару  құрылы-

мының  жұмысына  бақылау  жасады. 

Осы  қызметте  жүріп  1918  ж.  күзде 

ақ  казактардан  қашып  Темірге  кел-

ген  Ә.Әйтиевке,  М.Ипмағамбетов-

ке  Уақытша  үкімет  комиссарының 

қолы қойылып, мөрі басылған куәлік 

табыстап,  елге  жетулеріне  көмекте-

сті.  Осы  тұста  Ташкенттен  Жұрын, 

Темір,  Орал  арқылы  Орынборға  бет 

алып бара жатқан Мұстафа Шоқайға 

жәрдемдесті. Большевик И.Құрмано-

втың  идеяластарына  қарсы  күреске 

қатысты, 1919 ж. маусым айында Б.А-

О.-ның  Халық  әскері  бөлімшелерін 

Орал  Войско  үкіметі  жағында  ұрыс 

қимылдарына  қатыстырмау  мақса-

тында Темір, Ырғыз бағытына алып 

келген  Ж.Досмұхамедовке  көмекте-

сті.  Ізімбет  стансасы  маңында  қы-

зылдарды атағымен қашырған Ж.До-

смұхамедовтің 300 жігітін халық жа-

сағы  –  сойылмен  қаруланған  «запас 

кісілер»  есебінен  3  мыңға  жеткізіп, 

үрей  туғызған  әскери  тактикалық 

шараны  ұйымдастыруға  қатысты. 

1919 ж. қарашада Темір к-тін қызыл-

дардың  І  армиясы  алғаннан  кейін 

Кеңестер жағына 1919 ж. 20 желтоқ-

санға дейін шыққандардың қатарын-

да  ауылды  кеңестендіру,  жергілікті 

басқару органдарын қайта құру ісіне 

атсалысты.  Темір  к-де  эпидемиялық 

дәрігер  болып  істеді.  Темір  уездік 

солдат,  жұмысшы,  шаруа  және  қа-

зақ депутаттары кеңесінің денсаулық 

сақтау бөлімінің меңгерушісі Н.Қал-

меновтің ұсынуымен 1920 ж. қаңтар-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

171


да  сүзекке  қарсы  күресетін  Эпиде-

миялық  отряд  меңгерушісі  болып 

тағайындалды. 1920 ж. маусым айын-

да  РК(б)П  Қазақ  облыстық  бюросы 

төралқасының  шешімімен  жаңадан 

құрылған  Орынбор-Торғай  губерни-

ялық  атқару  комитетіне  мүшелікке 

тағайындалды. 1925 ж. бастап Ақтө-

бе  қаласында  орталық  амбулатори-

яда  дәрігер-терапевт.  1929  ж.  ПХК 

органдары  тарапынан  тұтқындалып, 

Воронежге  жер  аударылды.  1930  ж. 

елге қайтып келіп, дәрігер болып қы-

змет етіп жүргенде қайтыс болды. 



Есенғұлов Түбек – Алаш үкіметі 

үшін  белсенді  қызмет  еткен  тұлға-

лардың  бірі.  Ол  1874  ж.  сол  кездегі 

Жетісу облысының Верный уезіндегі 

Үлкен Алматы болысында туған. 1898 

ж.  Верныйдағы  ұлдар  гимназиясын 

бітірген  соң,  Қазандағы  ветерина-

рия институтына түсіп, 1902 ж. жақ-

сы  нәтижемен  бітіріп  шыққан.  1899 

ж.  институтта  оқып  жүрген  кезінде 

дала өлкесін зерттеу экспедициясына 

қатысқан. Сол сапарында ел өмірімен 

жете танысады. Жетісу облысындағы 

қазақтан шыққан алғашқы мал дәрі-

герлерінің бірі.

1917  ж.  ақпан  төңкерісінен  кей-

ін  қазақ  елінде  қанат  жайған  Алаш 

қозғалысына  белсене  қатынасады. 

Алашорда  үкіметінің  бағытын  қол-

дап, Алаш үкіметіне тілектес болған. 

Ел  ішінде  беделді,  қызметте  алғыр 

Түбекті  өз  ортасы  жоғары  бағалап, 

сенім артады. Ол 1917 ж. 21-26 шілде 

аралығында  Орынборда  өткен  жал-

пықазақ  сиезіне  Жетісу  облысынан 

делегат  болып  барады.  Е.  өз  ісіне 

жетік  маман,  ұйымдастырушылық 

қабілеті мол басшы ретінде де таны-

мал болады. 1913 ж. «Әулие Станис-

лав» орденімен марапатталады. Ала-

шорда  таратылып,  кеңес  үкіметі  ор-

наған соң да көп уақыт өз мамандығы 

бойынша жұмыс істейді.1902-1922 ж. 

арасында  Жаркент  уездік  малдәрі-

гері  қызметін  атқарған.  Істеген  қы-

зметі  мен  беделі  арқасында  1916  ж. 

«Колледж кеңесшісі» деген атаққа ие 

болады.  1922-1927  ж.  арасында  Ал-

матыдағы  малдәрігерлік  басқарма-

сының бастығы болады. 1927-1929 ж. 

Түркістан-Сібір  темір  жол  құрылы-

сында  қызмет  атқарған.  Қайраткер 

Т.Рысқұловтың әйелі Бибі-Ғазиза осы 

Түбектің қызы екен. Кейінгі тағдыры 

белгісіз. 

  «ЕСЕП»  партиясы  –  Алаш  қай-

раткерлерінің  ұлттық  идеяларын 

жалғастыру  мақсатында  1941  ж. 

құрылған қазақ жастарының ұйымы. 

Оның  ұйымдастырушысы  әрі  жетек-

шісі  ақын  Бүркіт  Ысқақов.  Жетекші 

орынбасары  М.Теміров,  мүшелері: 

А.Дүйсенбаев, Е.Бимағанбетов, Д.Ша-

лабеков,  Ә.Сүлейменов,  Ж.Әубәкіров, 

Р.Бұйрабеков,  К.Рахметов,  Қ.Тінтаев, 

А.Мұқанов,  Б.Сәкібаев,  О.Сауханов, 

С.Кенжебаев  (Махуов),  Д.Әкімбеков, 

Қ.Әкімбеков,  А.Нұркенов,  Қ.Сейітов, 

М.Аманбев,  Х.Әубәкіров,  З.Игіліков, 

К.Жүнісов,  К.Саудабаев,  М.Омаров, 

Б.Жақсылықов,  А.Рүстемов,  Ж.Омар-

беков.  Осы  топ  және  басқа  да  ниет-

тес  ұлтшыл  азаматтар  Алаш  көсемі 

А.Байтұрсынұлы,  Алаш  қайраткері 

М.Дулатов,  Алаш  ақыны  М.Жұмаба-

ев шығармаларын оқып, өзара талдап 

қазақ ұлтының отаршылдық жағдай-

дағы  кейпіне  қарсылық  білдіріп, 

жастар  арасына  ұлт-азаттық  ұранда-

рын таратты. «ЕСЕП» ұйымының әре-


Алаш қозғалысы

172


кеттерін білген кеңестік үкімет оларды 

1944  ж.  бастап  қудалауға  ұшыратты. 

1944  ж.  Қарағандыда  Б.Жақсылықов, 

А.Рүстемов,  Ж.Өмірбековтер  «Кеңес 

үкіметіне қарсы әрекеттері үшін» жа-

заланды.  1960  ж.  ұйым  белменділері 

З.Игіліков,  К.Жүнісов,  К.Саудабаев, 

М.Омарбековтер жазалауға ұшырады. 

«ЕСЕП» ұйымы кеңес билігі тұсында 

да Алаш идеясының өмір сүргендігін 

байқатады. 

Еспенбетов  Арап  Сләмұлы 

(4.3.1945, Шығ. Қазақстан обл., Абай 

ауд., Қарауыл ауылы) - әдебиет зерт-

теушісі,  сұлтанмахмұттанушы  ға-

лым.  Филол.  ғыл.  докторы  (1993), 

профессор  (1994),  ҚР  халық  ағарту 

саласының  озық  қызметкері  (1987). 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат-

кері.  Семей  пед.  институтының  қа-

зақ  филология  факультетін  бітірген 

(1965). 1967 жылдан бастап Семей пед. 

институтында  оқытушы  (1967-1972), 

аға  оқытушы  (1978-1979),  доцент 

(1991),  аға  ғылыми  қызметкер  (1989-

1991)  болып  жұмыс  атқарды.  1972-

1975  ж.  Қаз  МУ-дің  қазақ  әдебиеті 

мамандығы бойынша аспирантурада 

оқыды.  1977-78  ж.  Семей  пед.  ин-ты 

филол. ф-ті деканының орынбасары, 

ф-т  деканы  (1978-1989),  Семей  пед. 

ин-тының  оқу  істері  жөніндегі  про-

ректоры  және  қазақ  әдебиеті  кафе-

драсының  меңгерушісі  (1993-1996), 

«Семей»  мемл.  ун-ті  гуманитарлық 

ф-нің  деканы  (1996-1998),  М.О.Әуе-

зов атындағы Семей университетінің 

ректоры  (1998-2008),  Шәкәрім  атын-

дағы  Семей  мемлекеттік  универси-

теті  гуманитарлық  факультетінің 

деканы  университеттің  педагогика 

жоғары  (2008-2013),  2013  ж.  мек-

тебінің  директоры.  Ғылыми-зерттеу 

еңбектері негізінен қазақ әдебиетінің 

тарихы,  соның  ішінде  ХІХ  ғ.  соңы 

ХХ  ғ.  басындағы  кезең,  сұлтанмах-

мұттану мәселелеріне арналған. 1975 

ж.  «Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың 

лирикасы»  деген  тақырыпта  канди-

даттық  диссертация  қорғаған.  1992 

ж.  «Ғылым»  баспасынан  «Сұлтан-

махмұт  Торайғыров»  деген  ғылыми 

монографиясы  жарық  көрген.  1993 

ж.  «Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың 

шығармашылық  өмірбаяны»  деген 

тақырыпта  докторлық  диссертаци-

ясын  қорғады.  «Шәкәрім  және  Сұл-

танмахмұт», «Ақындары Алаштың», 

«Абай әлемі» және көптеген ғылыми 

мақалалардың авторы. 



1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал