Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет22/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69

досымбекова Гүлшаһара (Гуля)– 

Алаш  жастарының  «Бірлік»  және 

«Жас  азамат»  ұйымын  құрушылар-

дың  бірі.  «Жас  азаматтың»  басқарма 

мүшесі.  М.Дулатұлы  зайыбы  Ғайни-

жамалдың сіңлісі. Омбы гимназиясын 

1917 ж. бітірген. Біршама уақыт Омбы-

дағы Сібір ауылшаруашылығы инсти-

тутында (Сибак) оқыған. Бөкейханның 

қызы Елизаветамен дос-құрбы болған. 

Төңкерістің  алды-артындағы  жастар 

қозғалысының  жуан  ортасында  осы 

Гүлшаһараның  есімі  жиі  айтылады. 

Әсіресе, 1918 ж. қазақ жастар ұйымда-

рының  басын  қосып,  «Жас  азамат» 

мұраты  жолына  топтастыру  ісіне  ол 

белсенді атсалысады. Бұл кезде саны аз 

оқыған қыздардың табандылығы, сау-

аттылығы ел үшін аса қажет болатын. 

1919  ж.  қыркүйек-қазан  айларында 

С.Сәдуақасұлы қызмет істейтін «Цен-

тросибирь»  Батыс  Сібір  кооператив-

тер бірлестіктері одағы басшылығына 

«Жас  азамат»  ұйымы  атынан  Д.-ның 

қолымен қазақ тілінде шыққалы оты-

рған  журналға  қаржы  сұраған  ұсы-

ныс-хат  түседі.  Одақ  бұл  ұсынысты 

қабылдамайды.  Гүлшаһараның  аты 

20-  ж.  шыққан  естелік  кітаптарда 

(«Тар жол, тайғақ кешу») ұшырасады. 

Мысалы, Алаштың «Абай» журналын 

тұрақты шығару үшін қаржы-қаражат 

қажет болғанда, Г.Д. оның қорына са-

усағындағы күміс жүзігін тапсырады. 

1924  ж.  ол  белгілі  қайраткер  Ахмет-

сафа  Жүсіповке  (Юсупов)  тұрмысқа 

шыққан. 1933 ж. сүзек ауруынан Қы-

рғызстанның  Талас  ауданында  қай-

тып, сонда жерленген.

дөнентайұлы 

Сәбит 

(1894, 


бұрынғы  Семей  губ.,  Кереку  уезі, 

Ақсу болысы, 4-а. – 25.5.1933, Семей 

қ.)  –  Алаш  қозғалысына  қатысушы, 

ақын. Алғашқы білімді мұсылманша 

сауатты әкесінен алады. 1907-1908 ж. 

Маралдыдағы  болыстық  медреседе 

Нұрғали  молдадан  жәдитше  оқиды. 

1910-1911 ж. Павлодарға жақын жерде-

гі Мұхамедсадық медресесінде білім 

алады.  1912  ж.  Павлодар  қаласының 

жанындағы  Қасым  қажы  Ертісба-

ев  медресесінде  білімін  ұштайды. 

«Айқап», «Қазақта» мақалалары жа-

рияланды.  «Уақ-түйек»  жинағы  ха-

лықты ояту, ел азаттығы тақырыпта-

рын  жырлаумен  маңызды.  «Біздерде 

жігер,  намыс  бар  ма,  қазақ?»  («Та-

лап»)», «Қайғырып, қатып қабақ, қа-

мықпай құр, Қимылда, құныңды қу, 

қадағалап» («Қазақтарға қарап») деп 

отаршылдық езгідегі ұлт жігерін жа-

ниды.  «Қайда  барсаң,  Ойыңа  алсаң, 

Қор  болмассың  жұртыңды...  «Анау 

пәлен,  Мынау  түген»,  -  Деп  алалық 

ойлама!  Бірін  бастап,  бірін  тастап 

ұлт  ісімен  ойнама»  («Жүрекке»)  деп 

қазақтың  елдік  қасиетін  темірқазық 

етіп  алады.  Құнарлы  жерінен  қия-

стықпен шеттетілген Алаш қайғысы-

на ой салады («Егін жыртып тақырға, 

Бейнет  кетіп  далаға,  Қатқыл,  тастақ 

татырға,  Құр  қол  тұрмыз  ақырда» 

(«Сыр»),  ұлттық  бірлікке  шақырады 

(«Таласты алалықпен тастамасаң, Бір 

күні  туған  жерге  айтарсың  «қош». 

Бірлікпен  илеу  салған  құмырсқа  да, 

Қазағым,  ісің  оңбас  бірікпей  қос» 

(«Бірлік»).  1913-1916  ж.  Павлодар 

уезінің Ұрық болысы мектебінде са-

бақ береді. 1916 ж. Екібастұз өндірісі-

не  келіп,  қара  жұмыс  істейді.  Қазан 

айында  майданның  қара  жұмысына 

алынады.  1917  ж.  Латвияның  Рига 

қаласында  құрылыста  бір  жылдай 



Алаш қозғалысы

158


жұмыс  істейді.  Осы  ж.  Семейдегі 

мұғалімдік  курста  оқиды.  1917  ж. 

Ақпан  төңкерісін  отарлық  езгіден 

құтылып,  азаттыққа  жеткен  күні 

деп  біледі.  Алаш  қайраткерлерінің 

автономия алу жолындағы саясатын 

қолдайды. «Адаспаспыз», «Сарыарқа 

анамызға»  өлеңдерінде  қазақ  бала-

сын тәуелсіздікке адастырмай жеткі-

зетін Алаш қайраткерлерінің ұлттық 

мемлекет  құрудағы  тарихи  ерен  ең-

бектерін жырлайды. «Бар шолпаның 

«Алаш» қазақ ортаңда!» деп бағалай-

ды.  «Сарыарқа  анамызға»  өлеңінде 

«Өзіңмен  ұрпағыңды  еткей  еді,  Жа-

саған жылдан есен, айдан аман!» деп 

ұлтының мәңгілігін ойлаған ақын қа-

зақ  баласының  тәуелсіздік  аңсарын-

дағы сезім күйінің толқынын қастер-

лі Отан анаға деген шексіз сүйіспен-

шілігімен  әсем  үйлесімде  береді. 

«Туғыздың нелер сұлтан, арыстанды, 

Өткіздің талай бағылан, серке санды. 

Басыңда сол бір дәурен тұрған шақта, 

Кім саған көз алартты, беттей алды» 

деп ата-бабамыздың жерін қастерлей 

білетін адал перзент болуды аманат-

тады.  Ұлтқа  қорған,  жұртқа  тұтқа 

болған  тарихи  тұлғаларды  үлгі-ө-

неге  етті.  «Хан  болған  Бөкей,  Жәң-

гір, Абылайың, Ер болған Кенесары, 

Наурызбайың. Сықылды Төле, Едіге 

биің  өтті,  Көп  қозғап  ескі  дертті  не 

қылайын.  Туғыздың  нелер  сұлтан, 

арыстанды,  Өткіздің  талай  бағлан, 

серке санды. Басыңда сол бір дәурен 

тұрған  шақта,  Кім  саған  көз  аларт-

ты, беттей алды». «Кез келдің мына 

күнге анамыз-қарт, Басалқы айт, түзу 

жөнге  балаңды  тарт!  Шағыңда  жа-

сың жеткен күте алмаса, Кінәң жоқ, 

обалыңды  Алашқа  арт!»  деп  Қазан 

төңкерісінен  кейінгі  алмағайып  ке-

зеңде ел амандығына, ұлт азаттығы-

на, жер тұтастығына, қауым бірлігі-

не, әлеумет серпілісіне қызмет етуде-

гі Алаш мұратын жеткізді. Қаны бір, 

ұраны  ортақ  Алаш  үрім-бұтағының 

өшіп-жойылуына  төнген  қауіп-қа-

терден  сақтандырды.  «...Бақытсыз 

балаларың туғаннан соң, Дұшпандар 

қастық  қылды,  үзді,  жұлды...  Тау-

сылып о күндегі оңды балаң, Арами, 

азғын туды соңғы балаң. Өз-өзін мас 

батырдай байлап беріп, Жат елге қоң-

сы  болып  қонды  балаң».  Алаштың 

азаттығы  мен  теңдігі  жолында  жа-

нын  берген  жау  жүрек  ер  Қ.Нұрмұ-

хамедұлының  тау  тұлғасын,  азамат 

ердің баласынан айырылған жұрттың 

мұңы мен қайғысын ұлттық сана биі-

гінде жоқтауға құралған ұлтшылдық 

сипаттағы  «Тұңғыш  құрбан»  мақа-

ласын  («Сарыарқа».  1918.18.3.№34), 

«Алаштың  алғашқы  құрбанына» 

(«Абай».1918.20.3.№3)  өлеңі  жазды. 

1917-1918  ж.  «Абай»  журналының, 

«Сарыарқа»  газетінің  жұмыстарына 

араласады.  1920-1922  ж.  Қ.Сәтбае-

впен  бірге  Баянауылда  халық  соты. 

1922  ж.  Семей  губерниялық  «Қазақ 

тілі» газеті редакциясы шақыруымен 

Семей қ. барады. Газет жұмысы жан-

дануына  Ж.Аймауытұлы,  Ш.Тоқжі-

гітұлы,  М.Тұрғанбайұлы  қатарында 

үлес қосады. 1931 ж. Семей қ. қайта 

келіп «Қазақ тілі» - «Жаңа ауыл» га-

зетінде қызмет атқарады. 



дулатбеков  Нұрлан  Орынба-

сарұлы  (05.05.1962,  Қарағанды  обл.) 

–  Е.А.Бөкетов  атындағы  Қарағанды 

мемлекеттік  университетін  1984  ж. 

«құқықтану»  мамандығы  бойынша, 

Қазақстан Республикасы ҒА филосо-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

159


фия және құқық институтының аспи-

рантурасын  (1992  ж.)  бітірген,  заң 

ғылымдарының докторы, профессор, 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 

академиясының  корреспондент-мү-

шесі. 1984 ж. университетті бітірген-

нен  кейін  еңбек  жолын  Е.А.Бөкетов 

атындағы  Қарағанды  мемлекеттік 

университетінде  оқытушы  болып 

бастады.  1984-1986  ж.  Армия  қата-

рында  әскери  борышын  өтеді.  1986-

1996  жылдар  аралығында  Е.А.Бө-

кетов  атындағы  Қарағанды  мемле-

кеттік  университетінде  оқытушы, 

аға  оқытушы,  кафедра  меңгерушісі 

болып  жұмыс  істеді.  1996  жылдан 

Қарағанды  «Болашақ»  универси-

тетінің  ректоры.  2013  ж.  маусымда 

Қарағанды облыстық мәслихатының 

V шақырылымының хатшысы болып 

сайланды. Петерборда оқыған Алаш 

қайраткерлері  туралы  жазылған 

«Алаш ардақтылары: Санкт – Петер-

бург іздері» кітабының авторы. 



дулатов  Асқар  (1868,  Қостанай 

обл., Жангелдин ауд., 10 ауыл. - 1933) 

–  Алаш  қозғалысына  қатысушы 

қайраткер.  Алаштың  арда  азаматы 

атақты  Міржақып 

Д у л а т ұ л ы н ы ң 

туған  ағасы.  1918 

ж.  дейін  Торғай 

уезінің  биі  қыз-

метін 


атқарған. 

Патша  үкіметі  та-

рапынан  цензура-

лық қысымға алынған ұлт ұраншысы 

М.Дулатұлының «Оян, қазақ!» өлең-

дер  жинағының  елге  таралуына  ұй-

ытқы  болады.  Большевиктік  қызыл 

қырғын  ж.  мал-мүлкі  тәркіленеді. 

«Халық жауы» деп айыпталып, 1929-

1932 ж. Мәскеудегі Бутырка түрмесі-

не қамауда отырады. 1930 ж. 4 сәуір-

де ату жазасына кесіледі. 1931 ж. 30 

сәуірде ату жазасы он жылға бас бо-

стандығынан  айырумен  ауыстыры-

лады. Карелиядағы Майгуба лагеріне 

айдалады.  Лагерде  М.Жұмабайұлы, 

Е.Омарұлымен бірге азапты жұмысқа 

жегіледі. Асыл азамат айдауда жүріп 

қайтыс болады. 1991 ж. ақталған.

дулатов  Міржақып  –  Алаштың 

көрнекті  қайраткері.  Ол  1885  ж.  21 

қарашада  Торғайдың  Қызбел  деген 

жерінде  дүниеге  келген.  Екі  жасын-

да анасынан, он екі жасынан әкесінен 

айырылып, Асқар ағасының қолында 

өседі. 1897 ж. Торғайдағы екі сынып-

тық орыс-қырғыз школына қабылда-

нып, онда бес жыл оқиды. 1902-1904 

ж.  Торғай  уезінде  мұғалімдік  қыз-

мет атқарады. 1904 ж. Омбыда Ә.Бө-

кейхан және А.Байтұрсынұлымен та-

нысады. Осы кезден бастап белсенді 

саяси күреске араласады. Қарқаралы 



Алаш қозғалысы

160


оқиғасынан  соң,  Ресей  орталығын-

да  шыңдалуды  көздейді.  Ресейдегі 

кадет  партиясының  мүшесі  ретінде 

1906 ж. Петерборға аттанады. Осын-

да  мұсылман  фракциясының  және 

Еділ,  Кавказ  қайраткерлері  ұйымда-

стырған жиындардың жұмысына қа-

тысады. 1907 ж. Петербордағы татар 

газеті  «Улфаттың»  жанынан  қосым-

ша  тұңғыш  ұлттық  рухтағы  «Сер-

ке» газетін шығарысады. 1907 ж. Ре-

сей  қазақ  секілді  ұлттарды  сайлану 

құқынан  айырған  еді.  «Серке»  осы 

мәселенің әділетсіздігін ашық айтқа-

ны үшін жабылды. 1909 ж. Қазанның 

«Шарқ»  баспасынан  «Оян,  қазақ!» 

атты  кітабы  шығады.  Ұлттық  мани-

феске  баланған  «Оян,  қазақ!»  пен 

тұңғыш  қазақ  романының  авторы 

жаңа  руханият  ғимаратын  тұрғызу 

шарасының  жуан  ортасында  жүрдi. 

Әдеби бiлiмдi өз бетiнше алған Мiр-

жақып: «Адам ғылым мен өнер үшiн 

жаратылған  емес,  ғылым  мен  өнер 

–  адам  үшiн  шыққан,  адамның  өзi 

тiршiлiгiне керек болған кезде ойлап 

тапқан  нәрселер.  …Тiршiлiк  –  бәсе-

ке, жарыс. Дүние – бәйге үлестiрушi. 

Озғанға қарай бәйге бередi. …Дүни-

енiң  iсi  осылай  болған  соң,  адамнан 

адам,  жұрттан  жұрт,  ұлттан  ұлт  оз-

сам дейдi», – деген көзқарасты ұста-

нып, елге қызмет жасауға жұмылған 

жаңа руханияттың деңгейiн көтеруге 

атсалысты.  Қаламгердiң  әдеби-эсте-

тикалық ой-тұжырымы ХХ ғ. басын-

да жетекшi күшке айналған – ұлтты 

ұйыстыру  және  өркендету  идеясын 

тиянақ етушi ағымды байытты. ХХ ғ. 

басындағы  iлгерiшiл  руханият  үшiн 

Абай – сапалық деңгейге көтерiлудiң 

рәмiзi  болғандықтан,  Мiржақып  та 

бұл  құбылысқа  өзiнше  қарады.  1908 

ж. татардың «Уақыт» газетiне жазған 

«Ибраһим  ибн  Құнанбайф»  атты 

мақаласында  ол  Ресей  құрамын-

дағы  түрiк  халықтарын  ұлы  ақын 

мұрасымен,  ғұмырбаянымен  таны-

стырады.  Қаламгер  мұнда  Абайды 

елшiл  ақын  ретiнде  көрсете  алған. 

«Тiлi, оқушыларын оятатын өлеңдерi 

оны бүкiл атырапқа мәшһүр еттi. …

Адамшылық ой-қиялы өте таза, мил-

ләтшiл,  елiн-жерiн  сүйген  кiсi  едi», 

-  дей  отырып,  Мiржақып  ақынның 

осы қасиетiн көрсететiн өлеңiнен мы-

сал  келтiредi.  Д.-тың  Абай  туралы 

екiншi мақаласы Абай қазасының он 

жылдығын еске алу орайында 1914 ж. 

«Қазақ» газетiнде жарық көрдi. Мұн-

да қаламгер Абайдың шағын ғұмыр-

баянын,  ол  туралы  еңбек  жазғандар 

мен мұрасын құнттағандарды сипат-

тап өтiп, әдебиет пен ұлт, әдебиет пен 

тұлға  арақатынасы  проблемасына 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

161


нақты  тоқталады.  1909-1911  ж.  қай-

раткер  Қызылжарда  сот  кеңесінде 

қызмет жасап, мұғалімдік жұмысын 

жалғастырады. 1910 ж. қайраткер-қа-

ламгердің  «Бақытсыз  Жамал»  рома-

ны  жарық  көреді.  1911  ж.  Семейге 

келген  сапарында  тұтқындалып,  бір 

жарым  жыл  абақтыға  жабылады. 

1912 ж. Орынборға келіп, саяси күре-

ске белсене араласады. 1913 ж. жари-

яланған  «Азамат»,  1915  ж.  шыққан 

«Терме»  атты  өлең  жинақтары  М.-

тың ақындық-азаматтық беделін елге 

аса  елеулі  етті.  1913-1918  ж.  ол  «Қа-

зақ» газетін шығарысуға атсалысады. 

Тарихтағы тұлға рөліне ерекше назар 

аударған  қайраткер  1914  ж.  Шоқан 

Уәлиханов  туралы  көлемдi  мақала 

жазады.  Дара  тұлғаның  «ата  тегiн», 

«шеше  тегiн»,  «оқуын»  зерделеген 

М.Д. «Қазақ» бетiнде барша халыққа 

қаратып:  «Қылышынан  қан  тамған 

батыр  болмаса,  Қарымбайдай  ертегi 

болып  қалған  бай  болмаса,  оқушы-

сы жоқ бiздiң қазақ ғылым жолында 

еңбек  сiңiрушiлердi  тез  ұмытқыш 

келедi.  Бiрақ  заман  өткен  сайын  ха-

лықтың  көзi  ашылып,  әдебиетi  гүл-

денiп,  матбұғаты  жайыла  бастаған 

кезде  естен  шыққан  Шоқандардың 

артында қалдырған сөзiн қайта тiрiл-

тiп, кiм екендiгiн бiлдiрмей қоймай-

ды», – дейдi. 1917-1918 ж. Міржақып 

Алаш  қозғалысын  жандандырып, 

Ресей халі ауырлағанда ел тәуелсізді-

гіне  қатысты  мәселемен  шұғылдан-

ды. 1917 ж. маусым мен желтоқсанда 

шақырылған жалпықазақ сиездерінің 

жұмысына қатынасты. Кеңес өкіметі 

орнаған  соң  біраз  уақыт  Орынбор-

дағы  газет-журналдарда  қызмет  жа-

сады.  20-ж.  басында  Ташкенттегі 

«Ақжол» газетінде, Семей сот меке-

месінде жұмыс істеді. 1921 ж. Қазақ 

мемлекеттік  баспасының  бөлімін 

басқарады. Қайраткер 1922-1926 ж. 

Орынборда  Қазақ  халыққа  білім 

беру  институтында  (КИНО,  1920 

ж. ашылған) ұстаздық етеді. Қазақ 

өлкесін  зерттеу  қоғамының  мүше-

сі  болады.  Осыған  қосымша  Қа-

зақстан  мемлекеттік  баспасында, 

«Еңбекшіл қазақта» қызмет атқара-

ды. 1924 ж. Қазақ білімпаздарының 

тұңғыш  сиезіне  қатысып,  сөз  сөй-

лейді. Екі бөлімді «Есеп құралын», 

«Балқия»  атты  пьесасын,  библио-

графиялық  көрсеткішін  жарыққа 

шығарды.  Кеңестік  тоталитарлық 

жүйе  оны  1928  ж.  тұтқындады. 

1930 ж. Ақтеңіз-Балтық каналының 

жұмысына жер аударды. Қайраткер 

1935  ж.  5  қазанда  Сосновец  жерін-

де дүние салды. Еліміз тәуелсіздік 

алғаннан кейін сүйегі туған жеріне 

әкеліп жерленді.



дулатова  Гүлнар  Міржақы-

пқызы  –  журналист,  әдеби  мұра-

ларды  жинаушы.  Алаш  қайраткері 

М.Дулатовтың  қызы.  Ол  1915  ж. 

Орынбор  қаласында  туған.  1939 

ж.  Алматы  мемлекеттік  меди-

цина  институтын  бітірген.  1939-

1987  ж.  дәрігер-дерматолог  қыз-

метін  атқарған.  Г.Міржақыпқызы 

«Алаш»  қозғалысының  қайраткер-

лері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, 

М.Дулатов,  Ж.Аймауытов,  т.б. 

туралы  деректерді  алғаш  жари-

ялаушы.  Алматыдағы  Орталық 

мұражайға,  Торғайдағы,  Қоста-

найдағы,  Семейдегі,  Астанадағы 

мұражайларға  саяси  қуғын-сүргін 

құрбандарына  қатысты  олардың 


Алаш қозғалысы

162


жеке  заттарын,  кітаптар,  суреттер, 

хаттар  мен  құжаттар,  т.б.  көптеген 

экспонаттар тапсырған. Баспасөзде 

М.-ның  Алаш  қозғалысына,  оның 

тұлғаларына  қатысты  очерктері 

мен  эсселері  1988  ж.  бастап  жари-

ялана  бастады.  1995-1999  ж.  «Свет 

истины»  («Шындық  шырағы»)  екі 

томдық кітабы жарық көрді. 2010 ж. 

оның «Алаштың сөнбес жұлдызда-

ры» атты кітабы жарық көрді. Сон-

дай-ақ,  Г.  әкесінің  «Оян,  қазақ!» 

кітабын,  екі  томдық  шығармалар 

жинағын,  бестомдық  шығармалар 

жинағын 

құрастырушыларының 

бірі.

дутов Александр Ильич (1879-

1921) – Орынбор казак-орыс әскер-

лерінің  атаманы,  генерал-лейте-

нант  (1919).  Д.  1917  ж.  қыркүйек-

те  Орынбор  казак-орыс  әскерінің 

атаманы  және  әскери  үкіметтің 

төрағасы  болып  тағайындалды. 

1917  ж.  қараша  мен  1918  ж.  сәуір 

аралығында Кеңес өкіметіне қарсы 

көтеріліп,  жеңіліске  ұшырады.  Д. 

өз әскерімен 1920 ж. наурызда Қы-

тайға өтіп кетті.



дүйсебайұлы  Төлембай  (1884, 

Алматы обл. Верный у. – 1937, Ал-

маты)  –  Алаш  қозғалысының  қай-

раткері. 1894-1902 ж. Верный ерлер 

гимназиясында  оқып,  бес  сынып-

тық білім алған. 1917 ж. Жетісу об-

лыстық басқармасында аудармашы. 

1918 ж. 10-30 тамызда Лепсіде өткен 

Жетісу облысы қазақтарының Екін-

ші сиезіне қатысады. Алашорданың 

Жетісу  бөлімшесінің  мүшесі  бо-

лып  қабылданады.  Азамат  соғысы 

кезінде  Үржар,  Қапал  өңірлерінде 

Алаш  әскерін  жасақтауға  қатыса-

ды.  Қапал  уездік  кеңесінің  мүшесі 

ретінде соғыс зардабын шеккен қа-

зақтарға  көмектесетін  комитеттің 

жұмысына белсене араласады. 1919 

ж.  Батыс  Сібір  үкіметі  тарапынан 

«большевиктермен 

байланыста 

болды»  деген  жаламен  тұтқынға 

алынды. 1919 ж. 16 сәуірде ұлт қай-

раткері М.Тынышбаевтың адмирал 

Колчакқа  жазған  хатынан  кейін 

түрмеден  босатылады.  Алашорда 

қайраткерлеріне  кешірім  жария-

ланған  соң  үкімет  жұмысына  ара-

ласады.  Алматы  қалалық  су  шару-

ашылық саласында жұмыс істеген. 

Тоталитарлық жүйе құрбаны.

дүкенбай  досжан  1942  ж.  Қы-

зылорда  обл.,  Жаңақорған  ауд., 

Құланшы  а.-да  туған.  Д.  көптеген 

прозалық  шығармалардың  авто-

ры.  Д.-тың  көркем  шығармалары 

мен  зерттеу  еңбектерінің  тақырып 

аясы  кең.  «Отырар»,  «Фараби», 

«Жібек жолы» хикаяттары мен ро-

мандарына  тарихи  оқиғалар  арқау 

болса, «Зауал», «Кісі ақысы», «Да-

рия»,  «Табалдырығыңа  табын», 

«Жолбарыстың  сүрлеуі»,  «Құмда 

қалған  кемелер»,  «Мұхтар  жолы», 

«Абақты»,  «Алаң»,  т.б.  әңгіме,  по-

весть  жинақтары  жарық  көрді. 

«Абақты»  атты  деректі  кітабында 

Алаш  зиялыларының  қуғын-сүр-

гінге ұшырауы нақты материалдар 

негізінде көрініс тапқан. Қазақстан 

Жазушылар  одағының  М.Әуезов 

атындағы  сыйлығының  (1987),  Қа-

зақстан  Мемлекеттік  сыйлығының 

(1996) лауреаты. 

дін  –  қозғалыстың  өрістеуін-

дегі  ислам  дінінің  маңызы.  Алаш 

қайраткерлерінің имандылығы мен 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

163


кісілік қасиеттері – олардың мұсыл-

манша тәрбие, білім алғанынан да-

рыған  табиғи  қасиет.  Ұлт-азаттық 

күрестің ішінде ислам дінінің көп-

теген ірі өкілдері болды. Сондай-ақ, 

қозғалыстың  қарқынды  жүруіне, 

зиялылардың  бас  біріктіруіне  Мұ-

сылман  сиездерінің,  Мұсылман 

фракциясының,  «Шура-и-ислам» 

сияқты  қоғамдық-саяси  ұйымның 

рөлдері  айрықша  байқалды.  Бірін-

ші, екінші жалпықазақ сиездерінде 

дін мәселесі күн тәртібіндегі басты 

мәселелердің  бірі  болды.  «Алаш» 

партиясы  бағдарламасына  дін  ісі 

жеке  тарау  ретінде  енгізілген  бо-

латын.  Сонымен  бірге,  дін  бірлігі 

сол  тұста  қазақ,  татар,  башқұрт, 

қырғыз,  әзірбайжан  т.б.  ұлттардан 

шыққан елшіл қайраткерлердің ор-

тақ  мүдде  тұрғысынан  серіктесіп, 

өзара  байланыста  болуларына,  ұлт 

тәуелсіздігі  мәселесі  төңірегінде 

ұйымдасуларына  айтулы  ықпал 

жасады. 

діни  оқу  орындары  –  Азия, 

Еуропа  елдерінде  қалың  жұрт-

шылыққа дін ғылымын оқыту мақ-

сатымен  құрылған  оқу  орындары. 

Мұсылман  өлкелерінде  Құранды 

түсіндіру  мен  игеруден  бастап, 

діни  философия,  мантық  (логика), 

әптиек,  иманшарттар  пән  ретін-

де  оқытылды.  Ислам  діні  тараған 

жерлерде  түрлі  медресе-мектептер 

құрылды  (Мысалы,  Мысырда  Әл-

Азһар,  Орталық  Азияда  Самарқан, 

Бұхара,  Хиуа  медреселері,  патша-

лық  Ресейде  кейінірек  «Ғалия», 

«Расулия»,  «Хусаиния»  т.б.  медре-

селер). Орта ғасырлық кейбір ірі ме-

дреселерде оқылған ғылыми, әлеу-

меттік мәні бар классикалық құнды 

еңбектер  (кітаптар)  кітапханаларда 

осы уақытқа дейін сақталып келеді.

Жәдитшілдердің  ірі  өкілдерінің 

бәрі  де  реформаны  оқу  орында-

рынан  бастады.  Әл-Маржани,  Ғас-

пыралы  секілді  тұлғалар  осы  істі 

жүйелеуге қомақты үлес қосты.


Алаш қозғалысы

164


Е

Екінші жалпықазақ сиезі – Алаш 

қайраткерлері  Орынбор  қаласында 

1917  ж.  5-13  желтоқсаны  аралығын-

да ұйымдастырған сиез. Бұл сиез Ре-

сейдегі большевиктер билікке келген 

қазан  төңкерісінен  кейін  тарихи  ал-

мағайып  кезеңде  ұйымдастырылды. 

Сиез шақыру жөніндегі комиссия мү-

шелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, 

М.Дулатов,  С.Досжанов,  Е.Омаров 

оны  ұйымдастыруда  айрықша  бел-

сенділік танытты. Ұйымдастыру ко-

митеті  тарапынан  уездік,  облыстық 

қазақ  комитеттерінен  келетін  өкіл-

дерден өзге сиезге 30-ға жуық кісіге 

арнайы шақыру қағаздары жіберіліп, 

«Сарыарқа»,  «Ұран»,  «Бірлік  туы», 

«Тіршілік» газеттері мен әртүрлі ұй-

ымдардан  бір-бір  өкілден  шақырыл-

ды. Сиезге Орал, Торғай, Ақмола, Се-

мей, Сырдария, Жетісу, Самарқан об-

лыстарынан  және  Бөкей  Ордасынан 

барлығы 80-нен астам өкіл қатысты. 

Олардың  ішінде  сиезге  Б.Құлманов, 

Ғ.Қараш, Ғұбайдолла қазы Ахметжа-

нов,  Мағди  қазы  Мақұлов,  Отарбай 

қажы  Қондыбаев,  Ғұбайдолла  қазы 

Ешмұхамедов  сияқты  елге  беделді 

ақсақал қайраткерлер, сонымен бірге 

Түркістан мұқтариятынан М.Шоқай, 

Қырғызстандағы  ұлт-азаттық  қозға-

лыстың  қайраткері  И.  Арабаев  т.б. 

белгілі  тұлғалар  арнайы  шақырыл-

ды.  Сиездің  төралқасына  Б.Құлма-

нов (төраға), Ә.Бөкейхан, Х.Досмұха-

медұлы,  Ә.Кенесарин,  Ғ.Қараш  сай-

ланды.  Сиездің  күн  тәртібіне  Сібір, 

Түркістан автономиясы һәм оңтүстік-

шығыс одақ туралы, Қазақ автономи-

ясы, милиция, Ұлт Кеңесі, оқу мәсе-

лесі,  ұлт  қазынасы,  мүфтилік  мәсе-

лесі,  халық  соты,  ауылдық  басқару, 

азық-түлік,  т.б.  мәселелер  енгізіліп, 

маңызы  зор  шешімдер  қабылданды. 

Сиез  әр  аймақтан  келген  өкілдердің 

өз елдерінде болып жатқан оқиғалар 

жайлы  ақпарат  берулерінен  бастал-

ды. Одан соң Құрылтай жиналысына 

сайлау  жөнінде  айтылды.  Сиез  жұ-

мысына Башқұртстаннан Ахмет Зәки 

Уәлиди  бастаған  бірнеше  қонақтар 

тілектестіктерін  білдіріп,  құттықта-

улар  айтты.  Сиез  Қазақ  автономия-

сы  мен  милиция  туралы  Х.Ғаббасов 

жасаған  баяндаманы  тыңдап,  осы 

мәселе  бойынша  «Алашорда  бүгін-

нен  бастап  қазақ-қырғыз  билігін  өз 

қолына  алады»  деген  қаулы  шығар-

ды.  М.Дулатов  оқу  мәселесі  туралы 

арнайы  баяндама  жасап,  комиссия 

құруды  ұсынды.  Ә.  Бөкейхан  сиез-

де  Сібір,  Түркістан  автономиялары 

және  оңтүстік-шығыс  одақ  жөнінде 

баяндама жасады. Сиездегі ең басты 

мәселе  автономия  мәселесі  жөнінде 

Ғаббасовпен бірге Түркістан автоно-

миясы жөнінде М.Шоқай сөз сөйледі. 

Осы  негізгі  мәселе  –  автономияға 

байланысты  сиез  аса  маңызды  та-

рихи  қаулы  қабылдады.  Онда:  «Қа-

зақ-қырғыз  автономиясы  –  «Алаш» 

деп  аталсын»,  «Алаш  автономиясы-

ның жері, үстіндегі түгі, суы, астын-

дағы  кені  –  «Алаш»  мүлкі  болсын», 

«Алаш  облыстарын  қазіргі  бүлін-

шіліктен  қорғау  мақсатымен  Уақыт-

ша  Ұлт  Кеңесін  құруға,  мұның  аты 

«Алашорда»  болсын.  Алашорданың 

ағзасы – 25 болып, он орын қазақ-қы-

рғыз  арасындағы  басқа  халықтарға 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

165


қалдырылды. 

Алашордасының 

уақытша  тұратын  орны  –  Семей  қа-

ласы. Алашорда бүгіннен бастап қа-

зақ-қырғыз халқының билігін өз қо-

лына алды» деген тарихи шешімдер 

болды.  Бұл  шешім  12  желтоқсанда 

қабылданды.  Бұдан  соң  Алаш  ав-

тономиясын  жариялау  мәселесі  кө-

терілді.  Ол  бойынша  делегаттардың 

пікірінде  келіспеушілік  байқалды. 

Ресми жариялауды жақтаушылар: Х.

Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, 

А.Кенжин, У.Танашев, Ғ.Қараш, С.До-

сжанұлы және т.б. барлығы – 33 адам; 

ресми  жариялауды  тоқтата  тұралық 

деушілер:  Ә.Бөкейхан,  М.Дулатов, 

А.Байтұрсынұлы,  Е.Омаров,  О.Ал-

масов, Х.Ғаббасов және т.б. барлығы 

– 42 адам, қалыс қалғандар – А.Ше-

гіров, М.Шоқай, Ә.Кенесарин болды. 

Нәтижесінде,  «ресми  жариялауды 

сиез атынан сайланған қазақ-қырғыз 

ісін  басқарушы  15  кісіге  тапсыра-

лық. Олар біздің Уақытша үкіметіміз 

(Алашорда)  болсын»  деген  тоқтамға 

келді.  Сиез  Сырдария  облысы  қа-

зақтарының сиезін шақыруды қажет 

деп  тауып,  өз  араларынан  Б.Құлма-

нов, Т.Құнанбаев, М.Дулатовты өкіл-

дер  ретінде  жіберу  туралы  шешім 

қабылдады.  Сиезде  Алаш  автономи-

ясын нығайту үшін және большевик-

термен  күресу  мақсатында  ұлттық 

әскер құру және кеңестерге қарсы әр 

түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне 

үлкен  мән  берді.  Сиез  бұл  мәселені 

жан-жақты  талқылап,  қазақ  мили-

циясының әр облыс, уезд орталықта-

рындағы  саны,  оларға  әскер  ғылы-

мын  үйрету  және  қажетті  заттармен 

(қару-жарақ,  қаржы,  көлік  және  т.б.) 

қамтамасыз  ету  тәртібін  анықтап, 

«26 500 адам тіркелген халықтық ми-

лиция құрылуы қажет» деген қаулы 

қабылдады.  Бұл  идеяны  Алашорда 

үкіметінің  мүшесі  Ж.Ақпаев  ұсын-

ды.  Әскер  құру  ісіне  қажетті  қара-

жатты  6  облыстың  қазақтары  есебі-

нен  алатын  болды.  Алашорданың 

Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң 

енді  Алашорданың  төрағасын  сай-

лау мәселесі күн тәртібіне қойылды. 

Сайлауға  Ә.Бөкейхан,  Б.Құлманов, 

А.Тұрлыханов  түсті.  Сайлау  қоры-

тындысы  бойынша  79  дауыстан  40 

дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашор-

даның  төрағасы  болып  сайланды. 

Бұдан соң оқу комиссиясының құра-

мына  А.Байтұрсынұлы,  М.Жұмаба-

ев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов 

сайланды. Осы сиез қаулылары Алаш 

автономиясының  және  Алашорда 

үкіметінің бұдан кейінгі кезеңде өмір 

сүру бағдарын айқындады. Алаш ав-

тономиясы аумағында ғана емес, сиез 

қаулылары  Алаш  үкіметінің  Сібір 

үкіметімен, казак әскерлерімен және 

кеңес  үкіметімен  өзара  қарым-қаты-

насын айқындауда, реттеуде маңызға 

ие  болды.  Бұл  сиез  ғасыр  басынан 

бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы 

қорытындысы  болды.  Ол  өзінің  та-

рихи  маңызы  жағынан  ұлтымыздың 

сан ғасырлық өміріндегі аса маңызды 

оқиғалардың қатарынан орын алады.




1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал