Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет21/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69

Алаш қозғалысы

150


ры кеңесінің төрағасы, университет-

тен  таныс  Антоновпен  арадағы 

келісімнің  арқасында  делегация  бо-

санып шығып, Оралға жетті. Қаржы-

ның  дені  Доссорды  бақылауына 

алған  Гурьев  қазақ  үкіметіне  табы-

сталып,  қалғанына  мануфактура 

бұйымдары,  шай  сатып  алынды. 

Оралға  келісімен  Д.  Орал  Әскер 

үкіметі  тарапынан  тұтқындалды. 

Алайда  Д.  бұл  жолы  да  саяси  іл-

кімділік  танытып,  әлгі  тығырықтан 

да  сытылып  шықты.  Нәтижесінде 

1918  ж.  сәуірдің  аяқ  шенінде  Казак 

Әскер  үкіметі  мен  Орал  Қазақ  зем-

ство басқармасы арасын әскери-саяси 

одақ  жөнінде  келісімшарт  жасалды. 

Оқиғалардың даму барысын, қалып-

тасқан  нақты  ахуалды,  күштердің 

арасалмағын  дұрыс  сараптап,  сал-

мақтай  білу  Д.-ты  болашақ  ұлттық 

мемлекеттік  құрылымды  текетіре-

скен  екі  жақтан  да  мойны  қашық 

Жайық  сыртына,  қазақ  ауылдары 

арасына  көшіру  жөнінде  ойға  әкеп 

тіреді. Таңдау Д. туып-өскен өңірдің 

кіндігі,  ең  бастысы  –  барыс-келіс, 

алыс-беріске ұрымтал Жымпиты қа-

лашығына  түсті.  Бұл  таңдаудың 

дұрыс  болғанын  өмір  көрсетті.  Бір 

жыл  ішінде  адал  да  тура  мінезімен, 

шешендігімен,  алғыр  саясаткерлі-

гімен ел құрметіне бөленіп үлгерген 

Д. 1918 ж. мамырда Жымпитыда өт-

кен ІҮ Қазақ Орал облыстық сиезін-

де  төрағалық  етіп,  осы  сиезде  Орал 

губерниясының  Жайық  сырты  бөлі-

гін біріктірген дербес әкімшілік бір-

лік  –  «Ойыл  уәлаяты»  Уақытша 

үкіметінің  төрағасы  болып  сайлан-

ды. Алаш жолындағы бүкіл қызметі 

алғаш  рет  заңды  түрде  осылайша 

рәсімделген Ж.Д. сыртқы күштермен 

ымыраға  келу,  ішкі  күштермен  ұлт-

тық  бірлікті  сақтау  саясатын  шебер 

жүргізе отырып, түптеп келгенде, ІІ 

Жалпықазақ  сиезінің  ұлттық-ау-

мақтық  автономия  құру  жөніндегі 

шешімін  аз  уақытта  жүзеге  асыра 

білді.  Тұтас  алғанда, бұл  кезеңде  Д. 

айтылмыш  сиездің  майдандасты 

отырған елді текетірескен күштердің 

шапқыншылығынан,  тізе  баты-

руынан  қорғау  позициясын  ұстанса 

да,  түптеп  келгенде,  ақтар  жағына 

бүйрегі  бұрды,  большевиктер  ойға 

алған  түзім  қазақтың  ұлттық  мүд-

десіне қиғаш келетінін ағатсыз түсін-

ді.  Сөйте  тұра  майдан  шебі  уәлаят 

шекарасынан тыс тұрғанда өздерінің 

екі  жаққа  да  бейтарап  қалатынын, 

алайда  казактар  өздерін  қорғау 

арқылы  уәлаят  шебін  де  қорғайты-

нын, сондықтан Уәлаят үкіметі казак 

әскеріне күш-көлікпен, азық-түлікпен 

көмектесе  алатынын,  есесіне  Ойыл 

уәлаяты  қару-жарақ,  әскери  киім-ке-

шек  талап  ететіндіктерін  мәлімдеді. 

Осындай саясатты Д. өзі мүшесі бо-

лып саналатын социалист-революци-

онерлер  (эсерлер)  толыққа  жуық 

құрамын  жасақтаған  Самарадағы 

Құрылтай  жиналысы  мүшелері  Ко-

митетімен  (Комуч)  арадағы  қа-

рым-қатынас кезінде де шебер пайда-

лана білді. Осы оймен  Д. 1918 ж. қы-

ркүйекте  Қазақ  атқару  комитеті 

атынан  Комучке  мүше  болып  кірді. 

Сонымен  бір  мезгілде  ол  Құрылтай 

жиналысы  жиналғанша  не  жал-

пымемлекеттік 

өкімет 


билігі 

құрылғанша  Ойыл  Уәлаяты  өз  еге-

мендігін  сақтайтынын,  ал  Комучты 

билігі  Самар  губерниясы  шегінде 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

151


жүретін  құрылым  ретінде  таниты-

нын мәлімдеді. Ақыры 1918 ж. қыр-

күйектің  аяқ  шенінде  Комуч 

Алаш-Орданың  құрылуы  жөнінде 

Декларация қабылдауға мәжбүр бол-

ды.  Кеңірек  алғанда,  Д.-тың  Ко-

мучпен арадағы одақтық байланысты 

қолдауына  Комучтың  демократи-

ялық федеративтік республика идея-

сын  ұстануы  және  Д.  сияқты  өздері 

үлкен  үміт  артқан  Құрылтай  жина-

лысының  большевиктер  тарапынан 

күшпен  таратылуына  деген  нараз-

ылығы  негіз  болды.  Осы  оймен  Д. 

1918  ж.  8-23  қыркүйекте  өткен  Уфа 

кеңесіне  белсене  қатысып,  Директо-

рияның Старейшиналары құрамында 

жұмыс  істеді.  Кеңес  күндері  .Д. 

бастаған  Уәлаят  делегациясы  орта-

лық  Алаш-Орда  үкіметінің  төтенше 

мәжілісін  өткіздіріп,  Ойыл  уәлаяты 

үкіметін  таратып,  оның  орнына  бү-

гінде «Батыс Алаш-Орда» деген ком-

позит атау алған ірі әкімшілік бірлік 

–  Алаш-Орданың  автономиясының 

батыс  бөлігін  басқару  жөніндегі 

бөлімшесін  құру  жөнінде  шешім 

шығартуға  қол  жеткізді.  Мұнымен 

Батыс Алаш-Орда орталық Алаш-Ор-

да  үкіметі  тарапынан  заңды  түрде 

мойындалды  және  оның  әкімшілік 

басқару билігі Бөкей, Ырғыз, Маңғы-

стау  жеріне  тарады.  Д.  Директория 

орнына  құрылған  Сібір  Уақытша 

үкіметімен арада да «амалдау» саяса-

тын  жүргізді.  1919  ж.  ақпанда  Қа-

ратөбеде  өткен  Ү  Қазақ  Орал  облы-

стық  сиезі  адмирал  Колчакқа  өкіл 

жіберіп,  Жоғарғы  әміршінің  билігін 

ресми түрде танығанымен, сол шама-

да Жымпитыға 80 қылышпен келген 

Колчак  өкілі  генерал  Лебедевке  Д. 

билікті  бермеді.  1919  ж.  тамыздың 

аяқ  шенінде  Омбыда  Колчактың  қа-

былдауында  болып,  атаман  Тол-

стовқа А.О. әскеріне басшылық жаса-

уда қосымша құқық берілуін сұраған 

Орал Казак әскері мен Орал Войско 

үкіметінің бастамасы болды. 1919 ж. 

майдан  шебіндегі  оқиғалар  Д.-тың 

дербес әрекет етуіне мүмкіндік бер-

меді. Алайда бұдан соң майдан бары-

сының  күрт  өзгеріп,  казак  әскерінің 

жағдайының нашарлауы Д.-ты Уәла-

яттағы бүкіл билікті бір қолға шоғы-

рландыруға мәжбүр етеді. 1919 ж. ба-

сында  ол  Батыс  бөлімше  үкіметін 

Ойылға  көшіріп,  өзі  Жымпитыда 

Қорғаныс комитетін құрды, сонымен 

бір  мезгілде  Жоғарғы  сотқа  төраға-

лық  етіп,  Батыс  бөлімшенің  Әскери 

бөліміне басшылық жасады. Осынау 

алмағайып шақта Д. әскери өнерде де 

дарынды екендігін танытты – Қызыл 

армия  басшылығының  Батыс  бөлім-

шені  өз  жағына  шығаруға  тактика-

лық тұрғыдан мүдделі екендігін тап 

басып  таныған  ол  Кеңес  өкіметі 

жағына  онымен  тең  жағдайдағы 

одақтастық  құқымен  шығу  мақса-

тында  екі  арада  шебер  дипломати-

ялық келіссөздерге бара отырып, бұл 

ниетін іс жүзінде дәлелдеу үшін Қы-

зыл-Қоғада жайғасқан генерал В.И.А-

кутиннің  Елек  корпусын  табан  тіре-

скен  шайқаста  қолға  түсірді,  сөйтіп 

Қызыл  армия  бөлімшелерінің  ақ  ка-

зактарды шөлейтті, елсіз даламен өк-

шелей  қуып,  Жем  (Ембі)  мұнай 

кәсіпшіліктерін  аман  алып  қалуын 

мүмкіндік  туғызды.  Мұның  өзі  Д.-

ның 


қалыптасқан 

әскери-саяси 

жағдайды  дұрыс  бағамдап,  Б.А.О. 

Кеңес  басшылығы  үшін  әскери 



Алаш қозғалысы

152


жағынан мәнді болмағанымен, саяси 

және экономикалық жағынан маңыз-

ды екендігін дәл аңғарғандығын бай-

қатады.  Бұл  жағдайды  Д.  майдан 

астында қалған қазақ ауылдарын ка-

зак  әскерінің  қырғынынан  қорғау 

мақсатында  пайдаланбақшы  болды, 

Б.А-О. үкіметі алдындағы ендігі мін-

деті  –  Кеңес  өкіметі  органдарымен 

бірлесе  өлкені  басқару  ісін  жолға 

қою,  жергілікті  ұлттық  мекемелерді 

кеңестік тұрпатта қайта ұйымдасты-

ру, ұлттық интеллигенция өкілдерін 

жергілікті жерде және орталықта жұ-

мыс істеуге бөлу, Алаш әскерін елді 

ақтардан қорғау ісіне қатыстыру, зем-

стволық және қалалық өзін-өзі басқа-

ру  жүйесінің  тағдырымен  айналысу 

деп білді. Алайда, көп ұзамай Кеңес 

басшылығының Б.А-О.-ны өзімен тең 

құқықты  мүдделес  деп  танығысы 

келмейтіні,  оны  жеңілген,  сенуге 

болмайтын жау жақ көретіні, Б.А-О. 

мүшелерін  қазақ  жерінде  қалдыру 

ауылды кеңестендіру ісі үшін қауіпті 

деп  санайтыны  белгілі  болды.  М.

Фрунзенің  нұсқауымен  Б.А-О.  бас-

шылары халықтан оқшауланып, ал Д. 

бастаған  неғұрлым  беделді  бес  бас-

шы  аманат  ретінде  әуелі  Ойылға, 

кейін Оралға, ал 1920 ж. ақпан айын-

да Орынборға әкетілді. Сол ж. науры-

здың орта шенінде ресми түрде «де-

легация»  аталған  топ  Кирревком 

төрағасы  Пестковскийдің  баста-

уымен  Мәскеуге  келіп,  осында  Пе-

тровка көшесіндегі қонақ үйде жатып 

«Батыс  Алаш-Орда  үкіметінің  қыз-

мет-әрекеті  туралы  баяндама  хат» 

әзірледі.  Баяндама  хатты  Д.  В.И.Ле-

нинге,  И.В.Сталинге  және  Л.Д.Троц-

кийге  өз  қолымен  табыс  етті.  Осы 

хаттың  негізінде  ВЦИК-тің  Б.А-О. 

басшыларын  қызметке  пайдалану 

жөніндегі  3  шілде  қаулысы  қабыл-

данды.  Нәтижесінде  Д.  Бас  тоқыма 

өнеркәсібі  басқармасының  жүн-

жұрқа бөлімшесіне инспектор болып 

орналасты.  1920  ж.  қыркүйектің  аяқ 

шенінде  айтылмыш  мекеменің  жол-

дамасымен  Түркістан  Республикасы 

Халық 


шаруашылығы 

Ортақ 


кеңесінің  жүн-жұрқа  бөлімшесіне 

меңгеруші болып Ташкент қаласына 

жіберілді.  Түркістан  Республикасы 

Орталық  атқару  комитеті  Қазақ 

бөлімінің  хатшысы  міндетін  қоса 

атқарды.  1921-22  ж.  әйгілі  мешін-та-

уық  жұты  кезінде  Қазақстанның 

аштыққа ұшыраған батыс және сол-

түстік  аймағы  халқына  азық-түлік 

жинап  жөнелту  үшін  Түркаткомы 

тапсырмасымен  Қарақол  (Прже-

вальск)  қ-на  барды.  Кейінірек,  1922-

24  ж.  Ташкенттегі  қазақ  зиялылары 

Білім комиссиясы жанынан құрылған 

«Талап»  мәдени-ағарту  қауымының 

тапсыруымен  «Жауыздық  низамы» 

деген атпен қазақ тіліндегі алғашқы 

кеңестік  Қылмыстық  кодексті  әзір-

леді. Осы кезеңде Д-тың зайыбы Оль-

ганың әпкесі Надежда Константинов-

на  Тұрар  Рысқұловқа  тұрмысқа 

шықты. Д. 1927 ж. қарашадан 1929 ж. 

дейін Қызылорда қ-ндағы Қазақ а.ш. 

банкінде заң кеңесшісі болып істеді, 

1928  ж.  Қорғаушылар  коллегиясына 

мүше  болып  қабылданды.  Астана 

көшкен  кезде  Алматыға  келіп,  1930 

ж. басына дейін осында болды, сол ж. 

ақпанда  Надежда  Константиновна 

Колоссовскаяның 

шақыруымен 

Мәскеуге  ауысты.  1930  ж.  қазан  ай-

ында “Скотовод” басқармасын да аға 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

153


экономист болып істеп жүрген кезін-

де  Замоскворечье  ауд-ндағы  Шабо-

ловка  келте  көшесіндегі  үйінде 

тұтқындалып, Бутырка түрмесіне қа-

малды,  кейінірек  Алматыда  жауап-

талды.  1932  ж.  20  сәуірде  Қазақстан 

ОГПУ Үштігінің “1921 ж. Ташкентте 

М.Тынышпаевпен  бірге  астыртын 

ұйым  құрды  және  30  -  ж.  Кеңес 

өкіметіне қарсы қимыл жасады” деп 

айып  таққан  қаулысымен  Воронеж 

қ-на бес жыл мерзімге жер аударыл-

ды.  Воронежде  жоғары  оқу  орында-

рында сабақ берді. Д-тің бұдан кейін-

гі тағдыры жөнінде бір-біріне қайшы 

келетін  ауызекі  бірнеше  дерек  бар. 

Бір  мәліметтерге  қарағанда,  жаза 

мерзімін өтеп келген соң 1938 ж. қы-

ста  Мәскеудегі  пәтерінен  қазақстан-

дық екі қауіпсіздік қызметкері шұғыл 

алып  кеткен.  Енді  бір  деректер  бой-

ынша, бет-әлпетін өзгертіп Қарақал-

пақстанда бой тасалап жүріп, Мәске-

уге  келген  жерде  ұсталды.  Үшінші 

бір дерек үйде сал болып жатқан күй-

інде  Мәскеу  түрмесіне  салынғанын 

көрсетеді. Д. 1958 ж. 28 ақпанда Қа-

зақ 


КСР 

Жоғарғы 


сотының 

шешімімен ақталды. Оның ағасы Ға-

ббас Досмұхамедов (1868-1930) те са-

яси  қуғын-сүргін  құрбаны  болды. 

Жымпиты  а-нда  бір  көшеге  және 

Орал пед. колледжге Д. аты берілген. 



досмұхамедов  Жанша  тапсы-

рған  Құран  Кәрім  –  Құран  Кәрім-

дегі аяттар мен сүрелерді жинақтап, 

реттеу  жолымен  жасалған  Құран 

Кәрімнің  бастапқы,  толық  нұсқасы. 

Оған  бірінші  халиф  Әбу  Бәкірдің 

тапсыруымен  Мұхаммед  пайғамбар-

дың (с.ғ.с.) хатшысы Зайт ибн Сабит 

пайғамбардың  (с.ғ.с.)  айтуынан  сүй-

екке, тасқа, теріге, пальма жапырағы-

на,  т.б.  нәрселерге  кезінде  жазылып 

қалған  аят,  сүре  нұсқаларын  жиы-

стырып  жасаған  түпнұсқа  негіз  етіп 

алынды.  Үшінші  халиф  Осман  ибн 

әл-Аффан (644 ж.) Алланың кітабын 

әр  жерде  әртүрлі  оқудан  туындаған 

толқуды  басу  және  мұсылман  қауы-

мын  біріктіру  мақсатында  кезінде 

Зайт  ибн  Сабит  жиған  сүрелер  түп-

нұсқасы  негізінде  толық  нұсқа  жа-

сауды тапсырады. Бұл іске Зайт ибн 

Сабитпен бірге Абдолла ибн Зубейра, 

Саид  ибн  әл-Аска,  Абдурахман  ибн 

әл-Харис  сықылды  шебер  хатшылар 

қатыстырылды. Зайттың жазу өрнегі 

және араб тілінің құрайыш диалектісі 

негізінде  орындалған  Құран  Кәрім 

Еуропа  және  орыс  зерттеушілерін 

өрнек  –  үлгісінің  мінсіздігімен  ға-

жаптандырып  келеді.  Құран  Кәрім 

бір жағы жылтыр да тегіс сары түсті, 

екінші  жағы  кіржіктеу  келген  ақ 

түсті  353  қалың,  мықты  пергамент-

ке түсірілген. Әр параққа 12 жолдан 

орналастырылған, әр парақтың жал-

пы аумағы 68х53 см, ал мәтіннің өзі 

50х44  см  құрайды.  Осман  жиғызған 

Құран  төрт  дана  етіп  көшіріліп,  ха-

лифалықтың  басты  төрт  шаһарына 

–  Меккеге,  Шамға,  Куфаға  және  Ба-

сраға  жіберілді  де,  бастапқы  нұсқа 

Мәдинада сақталды. Құран Кәрімнің 

асыл  (канондық)  негізгі  саналатын 

бұл  нұсқа  яһудилер  мен  араптарды 

жікке  бөлуші  дінсіздер  тарапынан 

мойындалмады. Кейін исламда шиғи 

(шиизм) бағытын жасаған бұл топ Ос-

ман халифті Мұхаммед пайғамбармен 

(с.ғ.с.)  қатар  оның  туысы  және  күйеу 

баласы  Әли  ибн  Әбу  Талиб  дәріп-

телетін  «Ан-Нурайн»  («Екі  нұр») 



Алаш қозғалысы

154


сүресін Құран Кәрімге енгізбей, алып 

қалды  деп  кінәлады.  Соңыра  шиғи-

лар бірнеше мәрте көбейтіп таратқан 

айтылмыш сүре Құранның әр тұсын-

да  келтірілетін  орамдардың  басын 

қосқан  кейінгі  қоспа  екендігі  дәлел-

денді. Осман халиф 656 ж. айтылған 

топтың қоздыруынан шыққан бүлік-

тің құрбаны болды: халифаның үйіне 

басып  кірген  бүлікшілер  өзі  жиғы-

зған  Құран  нұсқасын  оқып  отырған 

Осман  халифаға  қанжар  сұғып  өл-

тірді. Халифаның қаны Алла тағала-

ның: «Алла сені олардан құтқарады» 

деген  сөзінің  үстіне  төгілді.  Халифа 

қаны төгілген осы нұсқа ұзақ уақыт 

құрайыштар  ұрпағы  –  нақшбандийа 

софылық  тариқатының  пірлері  тара-

пынан  Самарқандтағы  Хожа  Ахрар 

мешітінде  сақталып  келді.  1869  ж., 

Түркістан  өлкесі  күшпен  аннексия-

ланғанына бір жыл өткенде, өлкенің 

генерал-губернаторы  фон  Кауфман 

ғылымда  «Осман  жиғызған  Құран», 

не «Самарқандтық куфа Құран» ата-

латын айтылмыш нұсқаны Санкт-Пе-

тербургтің  Көпшілік  кітапханасына 

өткізді.  Нұсқаны  алғаш  орыс  зерт-

теушілері  арасынан  В.Р.Розеннің 

шәкірті  А.Ф.Шебунин  жан-жақты 

түрде, соның ішінде палеографиялық 

тұрғыда зерттеді. 1905 ж. Санкт-Пе-

тербургте С.И.Писарев факсимилесін 

көлемі  дәл  түпнұсқадағыдай  алып 

кітап  етіп  шығарды.  А.Ф.Шебунин 

мен  С.И.Писаревтің  еңбегі  нәти-

жесінде  әлем  зерттеушілері  Құран 

мәтінінің түсірілу тарихын және араб 

палеографиясын  тереңірек  зерттеу-

ге мүмкіндік алды. 1942 ж. А.Джеф-

фери  мен  И.Мендельсон  Писарев 

басылымы  негізінде  нұсқа  ерек-

шеліктерін  жаңа  ғылыми  деңгейде 

бажайлап  шықты.  1917  ж.  қарашада 

Петроградта өткен ІІ Бүкілресей мұ-

сылмандар сиезі өкімет орындарынан 

Осман жиғызған Құран Кәрімді қай-

таруды  сұрау  жөнінде  қаулы  қабыл-

дады.  Ұзамай  Ресей  мұсылманда-

рының  атқару  органы  –  Шура-и-ис-

ламның шешімімен оның Петроград 

Ұлттық  жиынының  өкілдері  Халық 

Комиссарлары  Кеңесінің  қаперіне 

сиездің  айтылмыш  қаулысын  жет-

кізді.  Смольныйға  бұл  топты  Шу-

ра-и-ислам  Атқару  комитеті  төраға-

сы  А.Салиховтың  орынбасары,  Хал-

ком  Кеңесі  төрағасы  В.И.Ленинмен 

жақсы  таныс  Жанша  Досмұхамедов 

бастап  барды.  Халық  Комиссарлары 

Кеңесі өтінішті дереу қанағаттанды-

рып,  тиісті  қаулы  қабылдады.  1917 

ж.  9  желтоқсанда  В.И.Ленин  Ағарту 

халық комиссары А.В.Луначарскийге 

қаулыны орындай жөнінде өкім етуін 

сұрап хат жазды. Осы хаттың негізін-

де Құран Кәрім Мемлекеттік көпшілік 

кітапханадан алынып, Шура-и-ислам 

өкілдеріне  табыс  етілді.  Шура-и-ис-

лам  тарапынан  әуелі  Орынбор  Дін 

басқармасы тұрған Уфаға, сонан соң 

Ташкентке  жеткізілген  Құран  Кәрім 

Кеңес  өкіметі  тұсында  Өзбек  КСР-

інің  Тарихи  музейінде  сақталды  да, 

1990 ж. мұсылман қауымына біржола 

қайтарылды - Өзбекстан Дін басқар-

масына табыс етілді. Қасиетті Құран-

да  христиандар  мен  яһудилер  кітап-

тарындағы  қайшылықтар  секілді 

қайшылық жоқ және мұның өзі Алла 

сөзінің шындығына қоса оны реттеп, 

қайтадан жинақтап шығарған Осман 

ибн  Аффан  халифаның  осы  арқылы 

ислам  қауымының  Кітап  хақында 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

155


алауыз  болмауын  қамтамасыз  еткен 

ерен еңбегінің арқасында да мүмкін 

болды. 

досмұхамедұлы  Халел  (1894, 

қазіргі  Атырау  обл.  Қызылқоға  ауд. 

Тайсойған) – Алаштың көрнекті қай-

раткері,  білімдар  ғалым.  Алаш  қай-

раткерінің алғашқы оқу баспалдақта-

рының  ерекше  болғаны  байқалады. 

Ол 1894 ж. Орал әскери реальді учи-

лищесінің  даярлық  класына  түсіп, 

1902 ж. оны үздік аяқтайды. Баланы 

зеректігін көрген азаматтар оған Пе-

тербор  Императорлық  Әскери-ме-

дициналық  Академиясына  баруға 

кеңес  береді.  Жас  Х.  1903  ж.  табан-

дылығы  мен  білімдігінің  арқасында 

осы Академияның студенті атанады. 

Петерборда  жүріп  Х.  маман  ретінде 

де, қайраткер ретінде де шыңдалады. 

1909  ж.  Академияны  тәмамдағанда, 

ол  Петербордағы  Әлихан,  Мұстафа, 

Міржақып  сынды  қайраткерлермен 

және басқа да қазақ һәм мұсылман де-

путаттарымен қоян-қолтық араласып 

үлгерген саналы да салиқалы азамат 

болатын. Д. 1905 ж.-ақ Кадет (консти-

туциялық-демократиялық)  партия-

сына  кіреді.  Алаш  жұртының  баян-

ды болашағы үшін күресті сол кезең 

шындығы контексінде жүргізушілер 

жағында  болады.  Оралдың  “Фикр” 

газеті  төңірегіндегі  татар  зиялыла-

рымен  кеңесіп  тұрады.  Саяси  көзқа-

расы үшін 1906 ж. патша жандарме-

риясының  қаһарында  шаршылады. 

1909  ж.  оқуын  аяқтаған  соң  алғаш 

Пермьде, сонан соң 2 - Түркістан, 2 – 

Орал  казак  атқыштар  батальонында 

әскери кіші дәрігер міндетін атқара-

ды. 


1913 ж. әскери міндеткерліктен бо-

сап, Темір үйезіне бөлімшелік дәрігер 

болып орналасады. Х. осы уақыттан 

бастап  бұрынғы  саяси  күресін  одан 

әрі  жандандырады.  Қазақ  зиялы-

ларымен  тығыз  байланыс  орнатып, 

отандық  партия  құру  қамымен  бо-

лады. Әлихан секілді, ол да халқына 

пайдасы  жоқ  кадеттен  аулақтайды. 

1913-1915  ж.  келешек  Алаш  партия-

сының идеялық негізі қаланады. Қай-

раткер  1913  ж.  жарық  көре  бастаған 

“Қазақ”  газетіне  белсене  араласады. 

Күрескер  жолдасы  Жаһанша  Досмұ-

хамедұлы екеуі Әлихан ілгерілеткен 

Алаш  қозғалысының  дүмді  ұсты-

нына  айналады.  Д.  1917  ж.  шілдеде 

Орынборда  өткен  Бірінші  жалпықа-

зақ сиезіне төрағалық етті. Аса күр-

делі  1917  ж.  Оралда  Алаш  Орданың 

Батыс  Қазақстан  бөлімшесін  құруға 

тер төкті. Қазан төңкерісінен соң 1918 

ж. ұлт автономиясы жөнінде В.И.Ле-


Алаш қозғалысы

156


нинмен  және  ұлт  мәселесі  бойынша 

халық  комиссары  И.В.Сталинмен 

жүзбе-жүз  келіссөз  жүргізді.  Алаш 

Орданың  жұмыс 

жасау  мүмкіндігі 

тарылған 

1919-

1920  ж.  Х.  көбіне 



ізденіс 

үстінде 


болды.  1920  ж. 

Ташкентке  келіп, 

Түркістан  халық 

ағарту комиссари-

аты жанындағы Білім, Ғылым комис-

сиясында, халық ағарту институтын-

да, “Талап” мәдениетті дамыту қоға-

мында жұмыс жасады. Осы кезеңнен  

Д.-ның ғылыми, кең ауқымдағы ағар-

тушылық қызметі өрістей түсті. Жал-

пы Х.-дің шығармашылық жолы 1911 

ж.  жариялаған  “Киргизский  управи-

тель (картины современности)” мақа-

ласынан (“Мусулманин”, 1911, № 24) 

басталады.  1913-1914  ж.  ол  “Қазақ” 

газетіне  денсаулық  туралы  бірне-

ше  материал  жариялайды.  “Ұран” 

газетін  шығаруға  да  белсене  арала-

сады.  Өмірінің  Ташкент  кезеңінде 

“Шолпан”, “Сәуле”, “Сана” журналы 

мен  “Ақжол”  газетіне  жиі  қатына-

сып  тұрады.  Тірнектеп  жинаған  ма-

териалдары  негізінде  “Мұрат  ақын 

сөздерін”  (1924),  “Аламан”  (1926), 

“Исатай  –  Махамбет”  (1925)  еңбек-

терін  алғысөз,  түсініктемелерімен 

бастыртады. М.Әуезов 1927 ж. соңғы 

аталған еңбегінің баяншысын елеулі 

зерттеулерге  қосқаны  мәлім.  Халел-

дің  “Шернияз  шешен”  (1925),  “Бұ-

харадағы  Көгілташ  медресесін  салу 

туралы әпсана” (1927), Самарқандағы 

“Тіллә - қари” мен “Ширдар” медре-

сесін  салғызған  “Жалаңтөс  батыр 

шежіресі”  (1928)  секілді  зерттеулері 

де ізденгіштігін көрсетсе керек. Сон-

дай-ақ,  ғалымның  Абай  жинағына 

(Ташкент,  1922),  “Мұрат  ақын  сөз-

деріне”  жазған  түсініктемесі  (Таш-

кент,  1924)  ғылыми  нақтылығымен, 

жүйелілігімен  айрықшаланады.  Д.-

ның  20-30  ж.  үлкен  еңбегі  –  ағар-

тушылығы. Ол 1922 ж. бастап “Жану-

арлар”, “Табиғаттану”, “Адамның тән 

тірлігі”  тәрізді  оқулық,  зерттеулерін 

бірнеше  дүркін  бастыртты.  Зооло-

гия, биология, анатомия, физиология 

сияқты  ғылым  салалары  бойынша 

қазақ тілінде қаншама термин ойлап 

тапты. Сонымен бірге осы ғылымдар-

дың қазақ топырағында орнығуының 

көшбасында тұрды. Х. – қазақ ғылы-

мында тұңғыш рет М.Қашқари еңбе-

гін,  Кенесары  –  Наурызбайға  қаты-

сты Нысамбай жырын сөз етті. Оның 

“Қазақ тіліндегі сингармонизм заңы” 

атты зерттеуі – тіл білімінің осы са-

ласындағы  алғашқы  еңбек.  Қазақ 

хандығы тұсындағы жыраулар мұра-

сын  құнттап  жариялауда  Х.  еңбегі 

орасан.  “Ғалым,  қайраткер  Д.-ның 

қазақ  тарихындағы  еңбегі  қандай?” 

деген  сұраққа  былайша  жауап  беру-

ге  болады:  Ол  –  Алаш  қозғалысына 

белсене атсалысқан қайраткер, Қазақ 

автономиясын алуға күш-жігер жұм-

саған азамат, “Ұран” ұлттық газетін 

шығаруға мұрындық болған, “Талап” 

мәдениет  көркейтушілер  қауымын 

ұйымдастырған тұлға, сонымен бірге 

20-ж. халық ағарту ісі мен ғылымның 

көшбасында  тұрған  санаткерлердің 

бірі.  Осындай  ірі  ғалым  1937  ж.  то-

талитаризмнің  қармағына  ілініп, 

1939 ж. ресми құжаттарға қарағанда, 

абақтыда “науқастан” дүние салған.



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

157



1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал