Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет20/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69

Гимназия – жалпы орта білім бе-

ретін  оқу  орны.  Алғаш  рет  1538  ж. 

Страсбург  қаласында  (Франция)  ұй-

ымдастырылды.  Гимназия  түрінде-

гі оқу орындары ХҮІ-ХҮІІІ ғ. Батыс 

Еуропаның  көптеген  елдерінде,  ХІХ 

ғ. Ресейде кең таралды. Гимназияның 

сол  кездегі  білім  беретін  оқу  орын-

дарынан  айырмашылығы  –  ежелгі 

Грекия мен Рим елдеріндегі мектеп-

тер үлгісімен классикалық тәлім-тәр-

бие  беруге  бағытталады.  Гимнази-

яда  латын,  грек  тілдері,  сондай-ақ, 

жаратылыстану  пәндері  оқытылды. 

Гимназиялар ерлер гимназиясы және 

қыздар  гимназиясы  болып  бөлінді. 

Қазақ  жерінде  гимназиялар  ХІХ  ғ. 

ортасынан  бастап  ашыла  бастады. 

Мысалы,  Әулиеатадағы  ерлер  гим-

назиясы  (1913),  Верный  ерлер  гим-

назиясы, Семейдегі ерлер гиназиясы 

(1894),  Қостанайдағы  қыздар  гимна-

зиясы (1895) т.б. атауға болады. 1918 

ж. кеңес өкіметінің «Бірыңғай еңбек 

мектептері»  туралы  ережесіне  сәй-

кес,  гимназиялар  жалпы  білім  бе-

ретін екінші басқыш мектептерге ай-

налып, бірте-бірте жойылды.

Жәдит,  Алаш  қозғалысы  кезінде 

қайраткерлік  танытқан  тұлғалардың 

біразы  (М.Шоқай,  М.Тынышбайұлы, 

А.Тұрлыбайұлы,  Н.Төреқұлұлы  т.б.) 

гимназия түлектері еді. 

 «Город Алаш» – Алаш қаласына 

қатысты құжаттардың жинағы. 2010 

ж.  Семей  қаласында  жарық  көрген, 

көлемі  20  б.т.  Шәкәрім  атындағы 

Семей  мемлекеттік  университеті 

Алаштану  орталығы  дайындаған 

жинаққа алғы сөз жазған және құра-

стырған  Е.Сыдықов.  Жинаққа  1873 

ж.  бастап  1927  ж.  дейінгі  150-ден 

астам  құжат  енгізілген.  Бұл  құжат-

тарда  Семей  қаласының,  кейінірек 

Алаш қаласының тарихына қатысты 

мол  деректер  кездеседі.  Құжаттар-

да  Алашорданың  астанасы  болған 

Алаш  қаласына  байланысты  тың 

мәліметтер бар. 



Алаш қозғалысы

142


Ғ

Ғаббасов  Халел  (Халиулла)  Ах-

метжанұлы  (1888,  бұр.  Семей  обл., 

Семей  уезі,  Шаған  болысы  –  1931, 

Ресей Федерациясы, Мәскеу) – Алаш 

қозғалысының  қайраткері.  1898-1909 

ж.  Семейде  приход,  орыс-қазақ  мек-

тептерінде, гимназияда оқыған. 1910 

ж. дейін Сейтен болысында мұғалім. 

1910  ж.  Мәскеу  университетінің  заң 

факультетіне  түсіп,  1911  ж.  студент-

тер ереуіліне қатысқаны үшін оқудан 

шығарылған.  Осы  ж.  Мәскеу  уни-

верситетінің  физика-математика  фа-

культетіне оқуға түсіп, 1915 ж. алтын 

медальмен бітірген. 1915-1917 ж. Ор-

талық  ұсақ  кредит  басқармасының 

Семей  қаласындағы  бөлімшесінде 

есепші,  Мемлекеттік  банктің  Семей 

облыстық  бөлімшесінде  инспектор 

қызметтерін атқарған. 1917 ж. Семей 

облыстық  Қазақ  комитеті  төрағасы-

ның  орынбасары,  облыстық  земство 

басқармасының мүшесі. 1917-1919 ж. 

«Сарыарқа» газетінің редакторы. Се-

мей облыстық қазақ сиездерін өткізу-

ді ұйымдастыруға белсене қатысады. 

І Жалпықазақ сиезінде Бүкілресейлік 

Құрылтай  жиналысына  мүшелікке 

кандидат ретінде ұсынылды. 1917 ж. 

қазан айынан бастап Алаш партиясы 

Семей облыстық комитетінің төраға-

сы қызметін атқарды. ІІ Жалпықазақ 

сиезінде  Алаш  милициясын  құру 

жайында  баяндама  жасайды.  Ала-

шорда  үкіметі  құрамына  сайланды. 

1918  ж.  қаңтардан  Семей  облыстық 

жер  басқармасы  төрағасының  орын-

басары. 1918 ж. 20 наурызда Алашор-

да үкіметінің тапсыруымен телеграф 

арқылы  И.В.Сталинмен  сөйлесіп, 

кеңес  үкіметімен  келіссөз  жүргізеді. 

Ұлттарға  өзін-өзі  билеу  құқығын 

беруді  талап  етті.  1920  ж.  губерни-

ялық төңкерістік комитетінің ұлттық 

бөлімінде  қызметкер,  губерниялық 

земство  басқармасы  алқасының  мү-

шесі, Қазақ рев.комитетінің Сібір рев.

комитетіндегі  өкілетті  өкілі,  Қазақ 

рев.комитетінің мүшесі, 1921-1923 ж. 

Қазақ  АКСР  ОАК  жанынан  Ақмола 

және  Семей  облыстарын  қабылдап 

алу  үшін  құрылған  төтенше  комис-

сияның мүшесі, губерниялық атқару 

комитеті жер бөлімінің меңгерушісі. 

1924-1925 ж. Алаш (Жаңа Семей) ау-

дандық ауыл шаруашылығы одағын-

да  қызмет  атқара  жүріп,  қоғам-

дық-мәдени  шараларға  араласады. 

1924  ж.  29  желтоқсанда  география 

қоғамының ұйымдастыруымен өткен 

Абайды еске алу кешінде «Абайдың 

өмірбаяны»  тақырыбында  баяндама 

жасады. 1926 ж. ақпанда Қазақ АКСР 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

143


Жоспарлау  комиссариатына  қызмет-

ке шақырылып, төралқа мүшесі, сек-

тор меңгерушісі, ғылыми қызметкер 

қызметтерін атқарды. 1930 ж. «халық 

жауы» деген айыппен тұтқындалып, 

ОГПУ  «үштігінің»  1931  ж.  сәуірдегі 

шешімімен  өлім  жазасына  кесілді. 

Мәскеу  түрмесінде  атылды.  1988  ж. 

ақталды.

Ғабдуллин  Кенжеғали  (1896, 

Орынбор  обл.,  Қуандық  ауд.,  Әлім-

бет  а.  –  1937)  –  Қазан  қаласындағы 

жаңа  әдіспен  оқытатын  «Мұхамма-

дия»  медресесінен  білім  алған.  Ел 

ішінде  бала  оқытумен  айналысады. 

1912-1914 ж. Қазан қаласынан «Ислам 

негізі» атты аударма еңбегін, «Қазақ 

балаларына  жәрдем»  деген  қазақша 

әліппені,  «Өнеге  яки  нәмуне»  деп 

аталатын  дауыстап  оқуға  арналған 

оқу  құралдары  шыққан.  «Қазақтың 

қамы»  және  «Ұран»  атты  өлеңдер 

жинақтары  бар.  1918-1919  ж.  Алаш 

қозғалысына  белсене  қатысқан. 

Кеңестік дәуірде баспасөз, білім беру 

салаларында еңбек еткен. 

«Ғалиханның  Семейге  келуі» 

-  Алаш  ақыны  С.Торайғырұлының 

алғаш  рет  «Сарыарқа»  газетінде 

(1917, 30 қазан, № 18; 1917, 13 қараша, 

№  20)  жарияланған  елшілдік  рухта 

жазалған  мақаласы.  Мақала  Алаш 

көсемі Ә.Бөкейханның 1917 ж. 21 қа-

занында Семей қаласына келуіне ар-

налған.  Алаш  жетекшісінің  Семейге 

келуі  –  Алаш  қозғалысы  тарихын-

дағы  айтулы  оқиға.  Ә.Бөкейхан  осы 

кезде  қазақ  халқының  шын  көсемі 

ретінде  мойындалды.  Бұл  сапар  Се-

мей қаласының Алашорда автономи-

ясының  астанасы  болуына  тікелей 

ықпал  етті.  Сондай-ақ  «Алаш»  пар-

тиясының  бағдарламасы  мен  шарт-

намасы  негізіне  Семейдегі  қазақ  ко-

митеті  дайындаған  бағдарлама  мен 

шартнаманың  ұйытқы  болуына  да 

әсер жасады. Ең бастысы осы Семей 

сапарында  Ә.Бөкейхан  қазақ  халқы-

ның елдік пен азаттық жолында ұй-

ыса  алатындығын  дәлелдеген  әйгілі 

сөзін айтты. Қазақ зиялылары ұлт-а-

заттық  жолында  ұлы  тұлғаның  қол-

даушысы  болып  қалатындықтарын 

дәлелдеп  берді.  С.Торайғырұлының 

мақаласы  Алаш  қозғалысының  қа-

зақ мемлекеттігін қалпына келтіруде 

атқарған тарихи сәтін табиғи болмы-

сымен  қаттап  кеткен  құнды  мұрасы 

болып қала береді. 



  «Ғасыр  саңлағы»  –  Р.Имахан-

бетованың  монографиясы.  2010  ж. 

Астана  қаласында  жарық  көрген, 

көлемі  19,0  б.т.  Мұрағат  деректері 

негізінде жазылған бұл зерттеуде А.

Байтұрсынұлының  шығармашылық 

ғұмырбаяны  зерттелінген.  Алаш 

көсемінің  өмірбаяндық  деректері, 

шығармашылық мұрасы, жаңадан та-

былған туындылар жөнінде мәлімет-

тер жинақталып берілген. 

«Ғұлама қоғамы» - 1917 ж. ақпан 

төңкерісінен кейін Түркістан өлкесін-

де  жергілікті  халықтың  мүддесін 

қорғау  мақсатында  құрылған  қоғам-

дық-саяси ұйым. Серәлі Лапин төраға-

лық еткен. Қоғам Уақытша үкіметтің 

Түркістан  комитеті  жанынан  «Мах-

кама-и  шариат»  (Шариғат  мекемесі) 

деген  атпен  өкілдер  мәжілісін  (сенат 

құруды), Бүкілресейлік құрылтай жи-

налысы мен болашақта құрылуға тиіс 

Бүкілресейлік  парламент  тарапынан 

Түркістанға  қатысты  шығарылатын 

заңдары  осы  шариғат  мекемесінде 


Алаш қозғалысы

144


бекітуді  талап  етті.  Ташкенттегі  ха-

лық бұқарасы арасында зор беделге ие 

болғанына қарамастан, «Ғұлама қоға-

мы»  бұл  талапты  Түркістан  Ресейге 

тәуелділіктен  біржола  құтылғанда 

ғана  жүзеге  асыруға  болатындығын 

ескермеді.  Осыған  байланысты  сол 

тарихи  кезеңде  қалыптасқан  саяси 

жағдайда  байыптылық  танытуды 

жақтаған «Шуро-и-ислам» ұйымымен 

араздасты.  Түркістан  өлкесі  мұсыл-

мандарының орталық кеңесінің «Шу-

ро-и-ислам»  ұйымымен  ымыраға  ке-

луге шақырған ұсынысына құлақ ас-

пады. «Ғұлама қоғамы» Түркістан өл-

кесіне ұлттық-территориялық автоно-

мия берілуін жақтады. 1917 ж. 6 жел-

тоқсанда  Түркістан  автономиясына 

қолдау  көрсету  мақсатында  Ташкент 

қаласында  өткен  митингіге  «Ғұлама 

қоғамы»  өкілдері  де  қатысты.  Түр-

кістан автономиясы құлағаннан кейін 

бұл  қоғам  кеңестік  билікпен  келісіп 

жұмыс істеуге ризалық танытты.



Ғылмани  Сәдуақас  –  діни  қай-

раткер,  ақын,  арабтанушы.  1890  ж. 

Ерейментаудың  Малтабар  ауылын-

да туған. 1907 ж. бастап Ахмед Ғұс-

манұлының  медресесінде  алты  жа-

рым  жыл  оқып,  діни  білім  алған. 

1916  ж.  маусым  жарлығына  дейін 

Сілеті  еліндегі  медреседе  бала  оқы-

тып,  шәкірт  тәрбиеледі.  С.  кейін 

де  халықтан  көмек  алып  медресе 

ашып, шәкірттерге діни дәріс беріп, 

мешітте имамдық етті. 1929-1934 ж. 

әртүрлі  саяси  науқандардың  қуға-

нына  ұшырап,  1934  ж.  Омбы  об-

лысы,  Любин  ауданына  бас  сауға-

лаған.  1946-1952  ж.  Ақмолада  на-

мазхандардың  басын  құрап,  мешіт 

ұстаған.  1952-1972  ж.  Қазақстан 

қазиятының қазиы қызметін атқар-

ды,  сондай-ақ  Орта  Азия  және  Қа-

зақстан  діни  басқармасының  мү-

шесі  болды.  1970  ж.  «Құран  тура-

лы  жала  мен  өтіріктер»  атты  кітап 

жазды. Тағы бір үлкен еңбегі – 110 

мыңдай  сөзді  қамтыған  арабша-қа-

зақша сөздігі. Үшінші көлемді еңбе-

гі – билер мен шешендік сөздер жи-

нағы. Құран Кәрім аяттары мен ха-

дистердің қазақша тәфсірлері, діни 

сауалдарға  қайтарылған  жауапта-

ры, діни уағыздар, мәулід өлеңдері, 

аудармалары  да  қомақты  дүние. 

Қазақстан  Ғылым  Академиясының 

тапсырмасымен  әл-Фараби  шығар-

маларын араб тілінен тікелей қазақ 

тіліне  аударған.  1972  ж.  Алматыда 

қайтқан.  Сүйегі  Кеңсай  зиратына 

қойылған.  Өлеңдері,  жазғандары 

жәдит, Алаш идеясымен ұштасады. 

ЕҰУ  «Алаш»  мәдениет  және  руха-

ни  даму  институты  оның  шығар-

маларын 1 том етіп даярлап, басып 

шығарды (2010).


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

145


Д

дала  генерал-губернаторлығы 

–  Ресей  империясының  ХІХ  ғ-дың 

соңы  мен  ХХ  ғ-дың  алғашқы  шире-

гінде болған әкімшілік аймағы. 1882 

ж.  18  мамырда  құрылған.  Орт.-Ом-

бы қаласы болды. Д. г.-г.-на Ақмола, 

Семей,  Жетісу  облыстары  қарады. 

1891  ж.  25  наурыздағы  «Дала  ере-

жесі»  бойынша  оған  Орал,  Торғай 

облыстары  қосылды.  Д.  г.-г.  шығы-

сында  Қытаймен,  оңт-нде  Түркістан 

генерал-губернаторлығының  Ферға-

наға  және  Сырдария  облыстарымен, 

батысында  Бөкей  ордасы  мен  Самар 

губ.-ларындағы  Орал  казак  әскер-

лерінің  жерімен,  солт.-нде  Самара, 

Орынбор, Тобыл, Томск губ.-ларымен 

шектеседі. 1897 ж. Жетісу облысы Д. 

г.-г.-нан  Түркістан  генерал-губерна-

торлығы құрамына енді. Д. г.-г. пат-

ша  өкіметі  құлатылғаннан  кейін  та-

ратылды (1917).

далалық өлке – «Орынбор және 

Батыс  Сібір  генерал-губернатор-

лықтарының  далалық  облыстарын 

басқару  жайлы  Уақытша  ережеге» 

сәйкес 1868 ж. 21 қазанда Қазақстан 

аймағы  Түркістан,  Орынбор  және 

Батыс Сібір болып, 3 генерал-губер-

наторлыққа  бөлінді.  Бұлар  ресми 

түрде «Далалық өлке» аталды. Дала-

лық өлкеге 4 облыс кірді. Олар: Орал 

және  Торғай  (Орынбор  генерал-гу-

бернаторлығы)  облыстары.  1891  ж. 

25  наурызда  Ақмола,  Семей,  Жеті-

су,  Орал  және  Торғай  облыстарын 

басқару  ережесі  шықты.  Бұл  ереже 

бойынша Орынбор және батыс Сібір 

генерал-губернаторлықтарының  ор-

нына  жоғарыда  аталған  облыстарды 

қамтыған.  Дала  генерал-губернатор-

лығы құрылды.



«дәуір  ақыны»  –  қазақтың  ұлы 

ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровқа 

арналған  жинақ.  2002  ж.  Алматы 

қаласында  жарық  көрген,  көлемі  19 

б.т.  «Ұлы  тұлғалар»  ғылыми-ғұмы-

рнамалық  сериясы  негізінде  Орта-

лық  ғылыми  кітапхана  дайындаған. 

Жинақтың  бас  редакторы  С.С.Қо-

рабай,  құрастырған  Ф.Бектұрбеко-

ва.  Жинаққа  ақынның  таңдамалы 

шығармалары,  ақынның  өмірі  мен 

шығармашылығы жайындағы ғылы-

ми  еңбектер  және  библиографиялық 

көрсеткіш енгізілген. 



доғал  шайқасы,  доғал  Үрпек 

соғысы  –  1916  ж.  ұлт-азаттық  кө-

теріліс  кезіндегі  торғай  көтеріліс-

шілерінің  Ресей  үкіметін  жазала-

ушы жасағына қарсы соңғы соғысы. 

Шайқас  1917  ж.  22-23  ақпан  күн-

дері  Доғал  қопасы  мен  Үрпек  қоны-

сы  аралығында  болған.  Тургенев 

басқарған 13-орынборлық казак пол-

кі  Торғай-Жыланшық  өзендерінің 

бойындағы  көтерілісшілерді  жою-

ды  мақсат  етті.  Бұл  қарулы  полк  22 

ақпанда  Доғал  аңғарында  көтеріліс-

шілерге  қарсы  соғыс  бастады.  А.И-

манов  бастаған  көтерілісшілер  осы 

жауға  20  мың  сарбазбен  қарсы 

тұрды. Олардың қатарында білтелі 

мылтық,  бердеңкелермен  қару-

ланған 171 мерген болды, қалғанда-

ры айбалта, қылыш, найза, шоқпар 

ұстаған атты сарбаздар еді. Күші ба-

сым  жазалаушылар  жасағына  қар-

сы екі күнге созылған ауыр айқаста 

Амангелді батырдың қолбасшылық 


Алаш қозғалысы

146


қабілеті  айрықша  көрінді.  Дұшпан 

шебіне  оқыстан  шабуыл  жасау,  күт-

пеген жерден тосқауыл қою, жазала-

ушыларды оппа қарға, ж.мға түсіріп, 

тез  шегініп  кету  сияқты  тапқыр 

ала-әрекеттер  жасап  бақты.  Ақы-

ры 23 ақпан күні екі жақтан да атыс 

тоқтатылды. 24-25 ақпанда Тургенев 

полкі Торғайға шегінуге мәжбүр бол-

ды. Доғал шайқасы Торғай көтеріліс-

шілерінің  ұйымдық  жағынан  бекіп, 

соғыс  шеберлігін  меңгерген  қарулы 

күшке айналғанын көрсетті. Көп ұза-

май Ресейде Ақпан төңкерісі жүзеге 

асырылды  да,  Торғайдағы  жазала-

ушы жасақтардың шапқыншылықта-

ры  тоқтатылды.  Сөйтіп,  Торғай  кө-

терілісшілері  өздерінің  алдарына 

қойған  мақсатын  орындап  шықты. 

Қазір Доғал шайқасы болған жерлер-

ге ескерткіш тақталар орнатылған. 

досжанов  Сағындық  (т.ж.б.  – 

ө.ж.б)  –  Алаш  қозғалысына  қаты-

сушы  қайраткер.  1900  ж.  Орынбор-

дағы  Қырғыз  (қазақ)  оқытушылар 

мектебін  бітірген.  Ы.Алтынсарин 

шәкірті  ретінде  ағартушылық  қыз-

мет атқарған. Орынборға жақын То-

марөткел  деген  жерде  және  Бұрты 

болысында екі кластық орыс-қырғыз 

(қазақ)  училищесін  ашып,  қазақ  ба-

лаларын  оқытып,  шәкірт  тәрбиелей-

ді.  Ойыл,  Қобда  және  Қалмаққы-

рған  деген  жерлерде  мектептер  ұй-

ымдастыруға  қатысады.  Қазақ  ағар-

тушылығының  айтулы  өкілі  бола 

жүріп, Алаш қайраткерлерінің елдік 

мұраттағы  мемлекетшілдік  кемел 

істеріне қолдау білдіреді. 



досжанова  Аққағаз  (25.05.1893, 

бұрынғы  Орынбор  губерниясы, 

Торғай обл. Ақтөбе уезі, Бөрте б. сы 

5-ауылы.  –  21.01.1932,  Шымкент  қ.



–  қазақ  әйелдері  арасынан  шыққан 

алғашқы  дәрігер-

лерді  бірі.  1914  ж. 

Орынбордағы  әй-

елдер  гимназия-

сын  бітірген.  1914 

ж.  Мәскеу  меди-

цина  курсына  қа-

былданады.  1917 

ж.  қазақ  зиялылары  ұйымдастырған 

Мәскеудегі  Татар  слободасындағы 

медреседе өткен бас қосуға қатысып, 

мұсылман  елдерінің  азаттығы  тура-

лы баяндама жасайды. 1917 ж. 1-8 ма-

мырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік 

мұсылмандар  сиезіне  қатысып,  мұ-

сылман  әйелдерінің  мұң-мұқтажын 

жоқтап сөз сөйлейді. 1918 ж. сырқат-

танғандықтан елге қайтады. 1920 ж. 

Томск  медицина  институтына  оқуға 

түседі.  1921  ж.  Ташкенттегі  Орта 

Азия  мемлекеттік  университетінің 

медицина  факультетіне  ауысады. 

1922  ж.  тәмамдайды.  Оқи  жүріп 

ординатор-дәрігер  болып  қызмет 

істейді.  Медицина  тақырыбындағы 

мақалалары  «Әйел  теңдігі»,  «Абай», 

«Жас  азамат»  басылымдарында  жа-

рияланған.  әлеуметтік,  жалпыұлттық 

тақырыпта  мақалалар  жариялайды. 

1928-1929 ж. Ташкент қаласында Г.Ас-

пандияровамен  қызметтес  болады. 

1930 ж. отбасымен Алматыға көшіп ке-

леді. № 1 ауруханада гинеколог болып 

жұмыс істейді. Ел ішін жайлаған безгек 

ауруына қарсы емдеу ісіне күш-қайра-

тын салады. Сырқаттарды емдей жүріп 

өзі де сол аурудан көз жұмады. 



досмұхамедов  Жанша  (Жаһанша) 

(1885 т.ж., қ. Сырым ауд. Бұлдырты а., 

Тамды ө.бойы - ө.ж.б.) – қазақ халқы-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

147


ның  көрнекті  мемлекет  қайраткері, 

жоғары  білімді  алғашқы  заңгер-

лерінің бірі, саясаткер. Әкесі Досмұ-

хамед Жайық өңіріне аты мәлім дәу-

летті, көзі ашық, көшелі кісі болған. 

Д.  бала  кезінде  ауыл  молдасынан 

хат танып, жалдама жәдид мұғалімі-

нен, кейін болыстық орыс-қазақ мек-

тебінен  білім  алды.  1896  ж.  Орал 

қаласындағы  реальдық  әскер  учи-

лищесінің  дайындық  класына  қа-

былданды,  әскери  дайындықпен  қа-

тар дүниәуи пәндерден сабақ берген 

Ескоев,  Михайлов,  Звябин,  Глизен-

гер  тәрізді  мұғалімдерден  тиянақты 

білім  алып,  үздік  оқыды  –  кластан 

класқа емтихансыз көшіріліп, мақтау 

қағаздарына  ие  болды,  есімі  учи-

лищенің  Құрмет  тақтасына  жазыл-

ды.  Д.  училищедегі  әуесқой  драма 

үйірмесінің  жұмысына,  «Ревизор» 

тәрізді  пьесаларды  сахналауға  қа-

тысты,  әдеби  шығармаларды  мәнер-

леп  оқуымен  көзге  түсті.  Осы  оқу 

орнында    Д.,  Халел  Досмұхамедов, 

Жалмұхамед Сүйінтұрұлы, Нұрғали 

Ипмағамбетов, Нұрғали Досбайұлы, 

Ғұбайдолла  Бердиев,  Шабһазкерей 

Күсепқалиев  сияқты  болашақ  қоғам 

қайраткерлерімен  жақындасып,  осы 

топ  әсерімен  алғашқы  саяси-қоғам-

дық  көзқарастарын  қалыптастыра 

бастады.  1904  ж.  училищені  үздік 

бітіріп, 1906 ж. белгілі қоғам қайрат-

кері,  заңгер  Бақытжан  Қаратаевтың 

ақылымен  Санкт-Петербург  уни-

верситетінің  заң  факультетіне  түсті. 

Осы  оқу  орнында  орыс  және  Батыс 

ғалым-заңгерлерінің  озық  ойлы 

бөлігінің  еңбектері  ықпалымен  заң-

дық-құқықтық  қоғам  жетістіктеріне 

көз  жеткізіп,  қазақ  тәрізді  дамудың 

төменгі  сатысында  қалған  ел  үшін 

ескі  кереге  биліктен  азаматтық-заң-

дық билік түріне көшудің аса қажет 

екендігін  ұғынды,  С.А.  Андреев-

ский, Н.П. Карабчевский, А.Ф. Кони, 

Ф.Н.Плевако,  В.Д.  Спасович  секілді 

Ресейдің  атақты  сот  шешендерінің 

өмірі мен қызметін зерттеп, болашақ 

қызметіне  керек  шешендік  өнердің 

қыр-сырын меңгерді.

1911  ж.  СПб  университетін  үздік 

бітірген  Д.  Оралға  келіп  заңгерлік 

қызметке  орналасты,  бірақ  білімді 

қазақ  жасының  жергілікті  «Ураль-

ский листок» газетінде жер мәселесі-

не  байланысты  жарияланған  батыл 

пікірлі  мақалаларының  сескенген 

Орал  генерал-губернаторы  Орал  гу-

берниясында  тұруға  тыйым  салып, 

Том  қаласына  қызметке  жіберді.  Д. 

1911-1917  ж.  аралығында  әуелі  адво-

кат, кейін Том округтік сотының Ка-

инск уезі бойынша прокуроры болып 

қызмет  атқарды.  Осы  өңірдегі  және 

қазақ даласындағы сот процестеріне 


Алаш қозғалысы

148


қатысып,  прокурор  және  адвокат 

ретінде  күрделі  істердің  үдесінен 

шыға  білді.  Д.  есімі  Жайық  бойын-

дағы белгілі би Шойтас Бәдікұлының 

ісіне қатысуымен де елге мәлім бола 

түсті. 1916 ж. дүрбелеңі тұсында ел-

дің  самодержавие  өкілдерінің  зор-

лық-зомбылығына  наразылық  біл-

діріп,  бассыздықты  заң  жолымен 

тыюға әрекет етті. Сол ж. аяқ шенін-

де  Б.Қаратаев,  Ж.Сейдалинмен  бірге 

Петроградқа арнайы сапар шегіп, ІҮ 

Мемлекеттік Дума алдына қазақ жі-

гіттерін тыл жұмысына алуды шеге-

ре  тұруды  мәселе  етіп  қойды. 

Өмірінің Том кезеңінде отставкадағы 

генерал  Черняев  (Шымкент)  маңын-

да земство бастығы болған Констан-

тин Колоссовскийдің қызы Ольгамен 

(Янга)  танысып,  оны  өзіне  өмірлік 

жар  етті.  1917  ж.  Ақпан  революция-

сынан кейін Каинс уездік атқару ко-

митеті төрағасының орынбасары бо-

лып  тағайындалды.  Сол  ж.  наурыз 

айында  демалыс  алып,  Оралдағы 

Уақытша  Қазақ  комитетінің  арнайы 

шақыруымен елге келді, комитеттің І 

Қазақ  Орал  облыстық  сиезін  жинау 

жөніндегі  жұмысына  қатысты.  1917 

ж. 19-22 сәуір аралығында өткен ай-

тылмыш сиезге қатысушы 800 деле-

гат  тарапынан  бір  ауыздан  сиезд 

төрағасы  болып  сайланды.  Д. 

ұсынған бағдарламамен жүрген сиезд 

Жайық  қазақтары  үшін  өмірлік 

маңызы бар бірқатар қарар қабылда-

ды,  соның  ішінде  тұрақты  Жайық 

сырты облыстық қазақ комитеті сай-

ланды,  жаңадан  жергілікті  басқару 

құрылымы  белгіленді.  Сиезд  Ж.Д.-

ты  Мәскеуде  өтетін  І  Бүкілресейлік 

мұсылман сиезіне делегат етіп сайла-

ды. Бұл тұстағы саяси платформасы 

– Уақытша үкіметті қолдай отырып, 

Ресей құрамында қазақ елін автоно-

миялы ел ету және осы мұрат жолын-

да елдің ықпалды, белгілі адамдары-

ның қолдауына сүйену болды. І Об-

лыстық  сиезд  тұсында  осы  ойдағы 

Д.-қа  бұрынғы  Дума  депутаты  Ал-

пысбай  Қалменовтің  және  Ғаббас 

Жетпісов,  Хайырша  хазірет  Ахмет-

жанов  сияқты  ел  ағаларының  ықпа-

лы  күшті  болды.  1917  ж.  Мәскеуде, 

көпес  Асадуллаев  үйінде  өткен  І 

Бүкілресейлік  мұсылман  сиезінде 

Досмұхамедов  ерекше  белсенділі-

гімен танылды. Сиезд оны Ресей мұ-

сылмандарының кеңесі – Бүкілресей-

лік «Шуро-и-ислам» комитеті төраға-

сының  орынбасары  етіп  бірауыздан 

сайлады. Осы сапар сондай-ақ Уақыт-

ша  үкіметтің  Құрылтай  жиналысы 

жөніндегі  заң  жобасын  әзірлейтін 

Айрықша  Кеңесіне  (Предпарламент) 

мүше болып енді. 1917 ж. жазда және 

желтоқсанда  өткен  І  және  ІІ  Жал-

пықазақ сиездерінде Орал қазақтары 

атынан  делегат  болып  қатысып, 

соңғы  сиезде  Алаш-Орда  үкіметіне 

(Уақытша ұлт кеңесіне) мүше, «Шу-

ро-и-исламға»  ІІ  Жалпықазақ  сиезі 

атынан  өкіл  болып  сайланды.  Орал 

облысынан  Құрылтай  жиналысына 

депутаттыққа  кандидат  және  сол  ж. 

тамызда  Киев  қаласында  өтетін  Фе-

дералистер  сиезіне  делегат  болып 

белгіленді.  Өмірінің  Петроград  ке-

зеңінде  І  Жалпықазақ  сиезінің  қау-

лысына сәйкес «Шуро-и-исламдағы» 

қазақ өкілдерімен бірге қазақ ұлттық 

саяси партиясының (болашақ «Алаш» 

партиясының)  бағдарламасын  түзу 

ісін қолға алды, Бас Жер комитетін-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

149


дегі, Ішкі істер министрлігіндегі, Сот 

министрлігінің Халық соттарына өз-

геріс  енгізу  кеңесіндегі,  Оқу  мини-

стрі жанындағы Халық комитетінде-

гі қазаққа қатысты істермен айналы-

сты, сондай-ақ, Ресей мұсылман қай-

раткерлері арасында өрбіген келешек 

мұсылман  мемлекеттік  түзімінің 

конфедеративтік  және  федеративтік 

тұрпаты жөніндегі пікірсайысқа бел-

сене  араласып,  соңғы  түзім  түрін 

қолдады.  Петроградтағы  Қазан  төң-

керісін 

көзімен 


көрді, 

Кеңес 


өкіметінің  алғашқы  айларында  Сов-

нарком төрағасы В.И.Ленинмен жеке 

басының  таныстығын  пайдаланып, 

оған Петроград Көпшілік кітапхана-

сында  сақтаулы  тұрған  ислам  дүни-

есінің жәдігері – халиф Осман жиғы-

зған  Кұран  кәрім  нұсқасын  қайтару 

жөніндегі  «Шуро-и-ислам»  коми-

тетінің тілегін жеткізіп, бұған рұқсат 

алды. 1869 ж. кітапханаға губернатор 

фон  Кауфман  тапсырған  Қасиетті 

Құран нұсқасы (ғылымда «Самарқан-

дағы  қия  куфа  жазулы  Құран»  деп 

аталады)  В.И.Ленин  өкімімен  ал-

дымен  Уфаға,  кейін  Тәшкенге  жет-

кізілді.  Петроград  кезеңі  Ж.Д.-тың 

бұдан  соңғы  саяси  платформасына 

бірқатар  әсерін  тигізген.  Атап  ай-

тқанда, 1918 ж. ақпанда (жаңа стиль-

мен)  Қаратөбе  елді  мекенінде  өткен 

ІІІ Қазақ Орал облыстық сиезінде фе-

дерациялық негізде ұлттық-мемлекет 

құрылым  түзу  мәселелерімен  қатар 

Ресейдің  орталық  бөлігімен  қа-

рым-қатынас жасау, Мәскеуге делега-

ция  жіберу  мәселесі  талқыланған. 

Бұл ойға 1918 ж. көктеміндегі өкімет 

ауысулар тұсында орталық Алаш-Ор-

да  үкіметінің  Кеңес  өкіметімен  бай-

ланыс  жасау  ниеті 

дөп  келеді  де,  1918 

ж.  сәуірдің  басын-

да 

Алаш-Орда 



шешімімен  Ж.Д. 

бастаған Алаш-Ор-

да 

делегациясы 



Мәскеуге 

келіп, 


Халық Комиссарлары Кеңесінің және 

Ұлт  істері  халық  комиссариатының 

басшыларымен  (В.И.Ленинмен  және 

И.В.Сталинмен)  ұлттық  автономия 

жариялау  жөнінде  келіссөз  тұйыққа 

тірелгеннен  кейін  де  Ж.Д.  бастаған 

делегация  Совнаркомда  Алаш-Орда 

өкілдерінен тұратын Қазақ комисса-

риатын  құру  жұмыстармен  айналы-

сты, оған қоса Орал земство басқар-

масы мен Кеңес өкіметінің саяси-ша-

руашылық бағытында келісімге келу 

жолдарын  іздестірді.  Совнаркомның 

Кіші  коллегиясында  бірқатар  уақыт 

жұмыс  істегеннен  кейін,  сәуір  айы-

ның  орта  шеніне  таман  әлгіндей  екі 

жақты  келісім-шартқа  қол  қойылды. 

Шарт бойынша Орал Қазақ земство-

сы  завод  комитеті  басқаруындағы 

Доссор мұнай кәсіпшілігін араға кеп-

іл ретінде қоя отырып, Кеңес жағына 

ет-май,  аяқты  мал  беруге,  ал  Кеңес 

жағы  оларды  тасып  әкелетін  күш-

көлік түрінде 200 ат-арба, 50 автома-

шина  жеткізуге  міндеттенді.  Аванс 

ретінде  оралдықтарға  12  млн.  сап 

ақша табысталды. Қайтар жолда Са-

ратов  стансасында  делегация  мүше-

лері 

большевиктер 



тарапынан 

тұтқындалып,  қаржы  тәркіленді, 

алайда Д.-тың Кеңес өкіметіне жақта-

стығын  дәлелдей  білуінің,  диплома-

тиялық  жұғымдылығының  және 

оның  Саратов  жұмысшы  депутатта-




1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал