Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет2/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69

Алаш қозғалысы

10

ең  алғаш  Ж.Аймауытовпен  бірге 



шығарған  «Абай»  журналындағы 

мақалаларынан  бастап,  данышпан  

суреткердің 

өміріне, 

шығар-

машылығына арналған зерттеулері 



Абайды  елімізге  ғана  емес,  әлемге 

танытатын еңбектер болды. 



Абайұлы  Мекайыл  (Мекеш) 

(1884-1931)  –  Алаш  қозғалысына  қа-

тысушы. Абайдың Әйгерімнен туған 

баласы.  Жас  кезінде  мұсылман-

ша,  орысша  сауат  ашқан.  М.  ағасы 

Тұрағұл  ауылымен  бірге  Ақшоқы 

маңындағы Тышқан деген жерде ме-

кендеген.  Абай  өлеңдерін  түгелдей 

дерлік жатқа білген. Домбыра тартып, 

ән айтып, әкесі Абайдың мұрасын на-

сихаттады. Мекайылдың Абай тура-

лы әңгімелерін М.Әуезов жас шағын-

да көп естіген. 1917 ж. патша өкіметі 

құлағаннан  кейін,  Алаш  партиясы 

жетекшілерінің  ықпалымен  жастар-

дың «Талап» атты мәдени-ағарту ұй-

ымын  құрып,  төрағасы  болды.Осы 

ұйым арқылы Бүкілресейлік Құрыл-

тай  жиылысына  сайлау  науқанында 

Алаш партиясын қолдау үшін халық 

арасында  үгіт-насихат  жүргізді.  Се-

мейде  «Абай»  журналын  шығаруға 

қаржылай  демеушілік  жасады.  Елде 

кеңес  өкіметі  түпкілікті  орнағаннан 

кейін  қуғын-сүргінге  ұшырап,  1931 

ж.  тобықты  руының  70  адамымен 

бірге атылып кеткен. 

«Абай» энциклопедиясы – кемең-

гер  ақын  Абайға  арналған  қазақтың 

алғашқы  тұлғалық  энциклопеди-

ясы.  «Қазақ  энциклопедиясының» 

бас  редакциясы  дайындап,  1995  ж. 

«Атамұра»  баспасынан  жарық  көр-

ген. Бас редакторы – Р.Нұрғали. Қа-

зақ  халқының  ұлы  ақыны  Абайдың 

150  жылдық  мерейтойына  арналған. 

Онда  ақынның  өскен-өнген  ортасы, 

бай мұрасы, дүниеге көзқарасы, эсте-

тикасы,  поэтикасы,  қоғамдық-саяси 

ой-пікірлері,  тағылымы  мен  дәстүрі 

жан-жақты  әрі  кеңінен  сөз  болады. 

Энциклопедияда  Алаш  қайраткер-

лері  мен  қаламгерлері  Ә.Бөкейхан-

ның,  А.Байтұрсынұлының,  М.Ду-

латовтың,  Ә.Молдабаевтың,  Р.Мәр-

сековтың, 

Х.Досмұхамедұлының, 

Ж.Аймауытовтың,  М.Жұмабаевтың, 

С.Торайғыровтың,  С.Дөнентаевтың, 

және т.б. өмірі мен шығармашылығы 

туралы  мақалалар  берілген.  Бұл  эн-

циклопедиялық  мақалаларда  Алаш 

зиялыларының  абайтану  ғылымын 

қалыптастыруы,  Абай  дәстүрін  да-

мыта  жалғастыруы  сияқты  мәселе-

лер қамтылған.

Абдуллин  Хамза  Жармұха-

медұлы  (1919,  Солтүстік  Қазақстан 

обл.  Булаев  ауд.  Калинин  а.)  – 

алашшыл  ақын,  Петропавл  агро-

техникумын,  Омбы  қ.-ғы  ауыл  ша-

руашылық  жұмысшылар  факуль-

тетін  бітірген.  Солтүстік  Қазақстан 

облыстық  халық  ағарту  бөлімінде 

қызмет  атқарған.  Алматыда  комму-

нистік журналистика институтында 

оқыған.  2-дүниежүзілік  соғысқа  қа-

тысып,  тұтқынға  түскен.  Тұтқын-

дар  лагерінен  Алаш  қайраткері  М.

Шоқайдың  бастамасымен  құрылған 

«Түркістан  легионы»  құрамына 

алынған.  Соғыс  аяқталған  соң  елге 

оралып,  әкімшіл-әміршіл  жүй-

енің  саяси  қуғын-сүргінін  бастан 

кешірді. Ол – Мұстафа Шоқай, Мағ-

жан  Жұмабаевтардың  өмірі  мен 

шығармашылығына байланысты де-

ректі еңбектердің авторы. 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

11

Абылаев  Айтқали  (т.ж.б.,  Орал 

облысы,  Жымпиты  у.,  -  ө.ж.б.)  – 

Б.А-О.  офицері,  қазақтың  алғашқы 

ұлттық  әскери  кадрларының  бірі. 

Ақпан  төңкерісі  қарсаңында  Орал 

реальдық  әскер  училищесін  бітір-

ген.  1918  ж.  жазда  ІҮ  Қазақ  Орал 

облыстық  сиезінің  қарарымен  гим-

назияларда,  реальдық  училище-

де,  мұғалімдер  мектебінде,  уездік 

орыс-қазақ  училищелерінде,  бо-

лыстық  орыс-қазақ  мектептерін-

де  орыс  азаматтық  білімін  алған 

қазақ  жастарынан  әскери  коман-

далық  құрам  әзірлеу  мақсатында 

бұрынғы  орыс  армиясы  үлгісімен 

Ойыл  уәлаяты  үкіметі  Жымпиты 

к-де  ашқан  қазақтың  тұңғыш  ұлт-

тық  әскери  мектебі  –  алты  айлық 

Ойыл  уәлаяты  юнкерлік  мектебінің 

алғашқы  түлектерінің  бірі.  Әскери 

өнерді  ю.мектептің  капитан  Креж-

ков  басқарған  әскери  оқытушылар 

құрамынан  үйренген.  Ю.мектепті 

1918  ж.  қарашада  үздік  тәмамдады. 

Алаш  Халық  милициясын  (әскерін) 

жасақтау,  осы  қажетке  ауыл-болы-

стардан салық жинау ісімен шұғыл-

данған айрықша жүздікті басқарды. 

Ғ.Жетпісов  төрағалық  еткен  боль-

шевизммен  күрес  жөніндегі  комис-

сия  жанындағы  айдауыл  (конвой) 

командасының  командирі  болды. 

Орал  қаласы  маңындағы  Қараоба 

(Теректі),  Шыңғырлау  болыстарын-

дағы большевиктерге ниеттес қоныс 

аударушылар  поселкелерінде  тер-

геу-тексеру  жұмыстарына  қатысты. 

1919  ж.  қаңтарда  Қызыл  армияның 

Ілбішін  бағытындағы  бөлімшелері 

(Чапаев дивизиясы) жойып жіберіл-

ген белгілі операция кезінде Гнилов 

поселкесінде  жайғасқан  443-бекініс 

батальонын қолға түсіруге қатысты. 

1918  ж.  желтоқсандағы  Жымпиты 

Алаш гарнизонының бас көтеруінен 

соң  Жымпиты  гарнизонының  ба-

стығы болып тағайындалды. 1919 ж. 

қарашада  Б.А-О.  Үкіметі  мен  облы-

стық земство мекемелерінің Ойылға 

көшірілуіне  байланысты  Жымпиты 

түрмесіне  большевиктік  топқа  тіле-

улестігі  үшін  отырғызылған.  Ойыл 

түрмесінде  Жымпиты  Алаш  гар-

низоны  көтерілісіне  қатысқандығы 

үшін  қамалған  топты  Орал  Войско 

үкіметімен  арадағы  келісім  бойын-

ша  Калмыковоға  апаратын  конвой 

жасағына  офицерлер  Базарғали  Қо-

жахметов, Керей Есеғалиевпен бірге 

басшылық  етті.  Сол  ж.  17  қараша-

да  айдалушылар  б.  Тайпақ  ауданы 

«Базартөбе»  кеңшары  маңындағы 

Масқардың  Жаңакөлі  деген  елдіме-

кендегі қоналқы кезінде қызыләскер 

тұтқындар  мен  Жымпиты  гарни-

зоны  көтерілісін  ұйымдастырушы 

Хұсайын Орақов, Ғалиолла Жолама-

новтардың  ұйытқы  болуымен  түнгі 

түгендей кезінде бірнеше Алаш ми-

лиционерін  өлтіріп,  қашып  шықты. 

Сол  оқиға  кезінде  Жайық  өңірін-

дегі  революциялық  күрес  қайрат-

кері  Меңдіғали  Ипмағамбетов  қаза 

тапты.  А.-ның  М.Ипмағамбетов 

өліміне  қатысты  жөніндегі  пікір-

лер екі ұдай. Олардың бірсыпырасы 

тұтқыннан  қашып  құтылған  Х.О-

рақов,  Ғ.Жоламанов  естеліктеріне 

сүйеніп,  М.Ипмағамбетов  тобының 

А.А. қолынан қазақ болғанын айтса, 

бірқатар  пікір  оларды  оқиғадан  соң 

екі күннен кейін-ақ казактар қамыс 

арасында  9  тұтқын-қызыләскермен 


Алаш қозғалысы

12

бірге  жасырынған  жерінен  тауып, 



атып  өлтіргенін  уәждейді.  А.А.  ісін 

1920  ж.  Әмірғали  Ипмағамбето-

втің  талап-шағымы  бойынша  және 

Ә.Әйтиев  пен  С.Арғыншиевтің  күш 

салуымен Қазақ революциялық три-

буналы  қарап,  оны  Қызыл  армия 

құрамындағы  Қазақ  полкімен  бірге 

Врангельге қарсы шайқасқа, Қырым 

майданының  алғы  шебіне  жіберу 

жөнінде  шешім  қабылдады.  Ауыз-

екі  деректерге  қарағанда,  майданға 

барар  жолда  қашып  шығып,  елге 

оралған. 1920 ж. орта шенінде Орал 

губерниялық 

ауылшаруашылық 

несие  мекемесінде  қызмет  істеді. 

30-ж.  Түркістанда  әртүрлі  қызмет-

те  болды.  1934  ж.  күзде  Алматыға 

келген  сапарында  Ә.Ипмағамбето-

втің  арызы  бойынша  тұтқындалып, 

Орал  қаласына  жеткізілді,  ісі  ПХК 

Батыс  Қазақстан  облыстық  басқар-

масының  қарауына  берілді.  1934  ж. 

күзі мен 1936 ж. көктемі аралығында 

Жымпиты к-де Батыс Қазақстан об-

лыстық сотының арнаулы коллегия-

сы іс қарап, жазбаша көрсетілімдер 

мен Тайпақ, Жымпиты ауылдарынан 

шақырылған  куәлардың  жауаптары 

негізінде  М.Ипмағамбетовты  өл-

тіруге  қатысқанын  толық  дәлелдей 

алмастан,  А.-ны  8  жыл  мерзімге 

бас  бостандығынан  айыру  туралы 

үкім шығарды. Кейінірек Қазақ КСР 

Жоғарғы  соты  айтылмыш  үкімнің 

күшін  жойып,  айыпкер  б.  Б.А-О. 

Үкіметінің  офицері  және  қала  гар-

низонының  бастығы  болуы  себепті 

істі  әскери  трибуналдың  қарауына 

берді.  А.-ның  бұдан  кейінгі  тағды-

ры  белгісіз.  Дәлелденбеген  дерек-

терге  қарағанда,  1937  ж.  атылған. 

Алайда  Алматы  және  Орал  қаласы 

қауіпсіздік  органдары  архивтерінде 

А.-қа қатысты іс жоқ. А. образы Х.Е-

сенжановтың «Ақ Жайық» трилоги-

ясында  кеңестік  саясат  ыңғайында 

жазылған естеліктердегі мәліметтер 

негізінде,  көркемдік  тұрғыдан  жи-

нақталып жасалды. 



Абылайхан  (Әбілмансұр)  -  қа-

зақтың аса көрнекті ханы, ел және жер 

тұтастығын  сақтап,  дамытқан  дара 

қолбасшы.  1713  жылы  туып  (бұрын 

1711 ж. делініп келді), 1781 жылы қай-

тыс  болған.  Мем-

лекет  тарихында 

саяси 


реформа-

торлық  еңбегімен 

қалған    Қазақ  Ор-

дасының  дара  ха-

нының  арғы  тегі 

-Жошы  хан,  бергі 

бабалары  -  хан-

дықтың  негізін  салған  Әз-Жәнібек, 

бұдан кейін - еңсегей бойлы ер Есім 

хан,  Салқам  Жәңгір  хан.  Хан  Абы-

лай  –  Қазақстан  тарихындағы  тұтас 

бір  дәуір.  Қазақ  елінің  еңсесін  көте-

ру мен мемлекет мұраты жолындағы 

күресте оның мемлекетшіл парасаты, 

дара  батырлығы,  жетекші  қолбас-

шылығы, саяси қайраткерлігі, дипло-

маттық біртуар қасиеті айқын көрін-

ді.  Осындай  айрықша  қасиеттерінің 

арқасында  ержүрек  сұлтан  хандық 

дәрежеге  көтеріліп,  өз  дәуіріндегі 

түрлі әлеуметтік топтар мен айтулы 

қайраткерлердің  қолдауына  ие  бол-

ды. Жас сұлтан қатысқан алғашқы ірі 

шайқас - 1729 жылғы Аңырақай шай-

қасы еді. Қазақтар мен қалмақтардың 

аса бір шешуші қақтығысында небәрі 

18 жастағы Абылай тарихтың зор жа-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

13

уапкершілігін арқалап, «Қазақ тарих-



та қалады!» деп жауға атойлап аттан-

ды.  ХVІІІ  ғасырдың  ортасына  дейін 

Орта  Азиядағы  халықаралық  қаты-

настардың маңызды факторы Жоңға-

рия болды. Қоғамдық-саяси тұрғыда 

1717-1718 және 1723-1725 жылдардағы 

жоңғар  шапқыншылығы  қазақ  мем-

лекеттігіне  орны  толмас  залал  әкел-

ді.  Абылай  бар  күш-жігерін  Жоңғар 

басқыншылығын әлсірету саясатына 

жұмсады.  Өз  билігін  нығайту  мен 

көрші елдермен тату көршілік қаты-

нас құру мақсатында Абылай іргелес 

халықтардың ықпалды әулеттерімен, 

сондай-ақ,  қазақ  хандары  мен  сұл-

тандарының  арасында  династия-а-

ралық  некелесуді  қолға  алды.  ХҮІІІ 

ғасырдың  алғашқы  ширегіндегі 

қиын уақыт Абылай ханның мінезін 

шыңдап,  оны  қатал  да  мақсатшыл 

саясатшы етіп шығарды. Ол тұлғалы 

және көреген мемлекет басшысы ғана 

емес,  сондай-ақ  шебер  стратег-қол-

басшы да еді. Бөгенбай мен Қабанбай 

бастаған  көптеген  атақты  батырлар 

оның  ақылы  мен  кеңесіне  жүгініп, 

керек  кезде  қайратты  жігеріне  арқа 

сүйеді. Ресей мен Қытай жақтың ты-

ныштығын пайдаланған ол Ташкент 

пен Ходжентке жорыққа шығып, Жи-

заққа дейінгі қазақтың жеті қаласын 

азат етті. Қазақ шекарасын шығыста 

- Алтайға дейін, солтүстікте – Тобыл-

дан  әрі,  ал  оңтүстікте  –  Ташкентке 

дейін кеңейтті. Оның салиқалы да са-

уатты  саясатының  нәтижесінде  ішкі 

саяси  ахуал  тұрақтанып,  Шыңғыс 

әулеті  мен  ақсүйектердің  өзара  тар-

тысы  тыйылды,  қазақтың  барша  эт-

никалық  территориясы  азат  етілді.  

Саяси өмірдегі басымдық қалмақтар-

дан  азат  етілген  Алтай,  Тарбағатай, 

Жетісу  өлкелерін  игеруге  бағыттал-

ды. ХVІІІ ғасырдың 40-жылдарының 

орта  шенінен  бері  қарай  Орталық 

Азиядағы  саяси  жағдай  Қазақ  хан-

дығының  пайдасына  шешіле  баста-

ды.  Қазақтың  этникалық  құрамын-

да  оң  өзгерістер  байқалды.  Халық 

саны  қалмақ,  қырғыз,  қарақалпақ, 

ноғай  және  басқа  да  Орталық  Азия 

халықтарының  табиғи  қосылуы  мен 

ұйысуы есебінен де молая түсті. Ел-

дің берекесі кіріп, ұлт саны 3 милли-

онға жетті. Абылай хан секілді елдік-

ті  ойлаған  тұлғалардың  арқасында 

Қазақ елі қалыптасу мен нығаюудың 

қиын  сыны  мен  жолынан  өтіп,  да-

лалық  мемлекеттің  ерекше  моделін 

өмірге  әкелді.  Далалық  мемлекетті 

құрудың  өзгешелігі  шартты  сипат-

тағы «жер», «халық», «билік» секілді 

ұғымдардың  бірлігіне  байланысты 

еді.  Алаш  зиялылары  Абылай  хан 

тұлғасын,  оның  қайраткерлік  еңбе-

гін жиі байыптап отырды. Ол туралы 

мәліметтер Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, 

С.Асфандиярұлы,  М.Тынышбайұлы, 

Қ.Кемеңгерұлы, 

С.Садуақасұлы, 

М.Жұмабаев  т.б.  жазғандарында 

ұшырасады.М.Дулатұлы  «Хан  Абы-

лай» атты мақаласында оның халық 

алдындағы  еңбегіне  жоғары  баға 

береді.  А.  М.Жұмабаевтың  бірқатар 

өлеңдерінде  және  «Батыр  Баян»  по-

эмасында  айырықша  жырланады.

Сонымен  бірге  А.  Алаш  қайраткері 

М.Тынышбаевтың «Қазақ халқының 

тарихы» еңбегінде де айтылған.



Автономияны  басқару  және 

Алаш  автономиясы  территория-

сында  жергілікті  басқаруды  ұй-

ымдастыру  жөніндегі  қаулысы 

Алаш қозғалысы

14

–  1918  ж.  қыркүйек  айында  Уфа  қа-



ласында жарияланған құжат. Бұл құ-

жат 11 баптан тұрады. Бұл баптарда: 

«Алаш автономиясы территориясын-

да  Алашорда  бірден-бір  басқару  ор-

ганы  болып  табылады»,  «облыстық 

және уездік комиссарларды Алашор-

да  тағайындайды»,  «әскери  уақыт-

тың және жол қатынасының әлсізді-

гіне  байланысты  құрамына  Бөкей 

Ордасы,  Ойыл  уәлаяты,  Закаспий 

обл.  Маңғышлақ  уезі,  Торғай  об-

л.-ның  Ақтөбе  және  Ырғыз  уездерін 

басқару  үшін  Алашорданың  бөлімі 

құрылады»,  «Алашорда  бөлімінің 

құрамы: Құлманов, Х.Досмұхамедов, 

Ж.Досмұхамедов, И. Тұрмұхамедов» 

делінген және тағы да басқа мәселе-

лер қамтылған. Осы қаулы негізінде 

Алашорданың  Батыс  бөлімі  құрыл-

ды. 


Автономияшылдар  одағы  –  І 

Мемлекеттік Дума депутаттары ара-

сында аз ұлттардың мүддесін қорғау 

үшін  құрылған  парламенттік  топ. 

Одақтың  мақсаты  –  орталықтанды-

рылған мемлекеттік басқару жүйесі-

не  қарсы  шыға  отырып,  жергілікті 

аймақтардың  арман-мүддесін  билік 

орындарына  жеткізу,  шығарылатын 

заңдарда  жергілікті  жердің  ұсы-

ныс-ұстанымын  ескеру.  Аталған 

одақтың  тарихы  1905  ж.  наурызда 

шет  ұлттар  баспасөзін  талқылаған 

Журналистер  сиезінен  басталады. 

Осы  жиында  қайраткерлер  автоно-

мия  мен  федерализмге  жол  бастай-

тын ұлт өкілдерінің одағын құрудың 

алғышартын  ұсынды.  Сол  уақытта 

әрбір шет аймақтың мәселесімен та-

нысып,  ұсыныстарын  жүйелеп,  тал-

дайтын Уақытша бюро құрылды.

Осының  негізінде  автономия  мен 

федерализм  мәселесін  нақты  талқы-

лаған Журналистер сиезі 1905 ж. 19-

21 аралығында Петерборда өтті. Оған 

115  мүше  қатысты.  5  отырыс  өтті. 

Бастапқы  отырыстарда  әр  ұлт  ай-

мағының тарихи тағдыры туралы ба-

яндамалар  тыңдалды.  Баяндамашы-

лар ХІХ ғ. ұлттық-саяси қозғалыстар-

дың тарихы мен қазіргі ахуалға терең 

талдау жасады. Кейінгі отырыстарда 

Ресей мемлекетінің бірлігі мен тұта-

стығын сақтай отырып, ұлттық және 

территориялық автономияны қалып-

тастырудың  теориялық  негіздерін 

сараптады.  Жиынға  әзірбайжан,  қа-

зақ,  армян,  татар,  украин,  беларусь, 

грузин, еврей, латыш, литван, поляк, 

эстон  секілді  ұлт  қайраткерлері  қа-

тысты.  Сиез  төмендегідей  қарар  қа-

былдады: 1) демократиялық негіздегі 

мемлекет  құрылысына  іргетас  бола-

тын  еркіндік  қозғалысы  –  Ресейдегі 

барша халықтың ортақ ісі; 2) ұлт өкіл-

дері алда келе жатқан өзгерістер бар-

шаға  еркіндік  берсе,  бәрінің  рухани 

және материалдық дамуына кең мүм-

кіндік туғызса деп тілейді; 3) Ресейде 

тұрып  жатқан  экономикалық,  діни, 

ұлттық  деңгейі  әртүрлі  халықтарға 

заң мен мемлекеттік басқарудың ор-

талықтандырылған  жүйесі  негізсіз 

және қажет емес деп санайды; 4) сиез 

Ресейдің  барлық  халқы  орталықсы-

здандырылған мемлекеттік билік пен 

федеративтік  құрылыс  негізіндегі 

халық билігіне зәру деп есептейді; 5) 

белгілі бір территорияға жинақталып 

қоныс теппеген ұлт өкілдерінің мүд-

десі  үшін  және  саны  аз  ұлттардың 

мүддесі үшін олардың ұлттық құқын 

қорғайтын  жалпымемлекеттік  кон-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

15

ституция  нормасы  белгіленуі  тиіс. 



Бұл айтылғандарға қол жеткізу үшін 

Сиез  пропорционалды  өкілдік  жүй-

есін мемлекеттік парламент пен жер-

гілікті сеймдарға қатар енгізу қажет 

деп санады. Айтылған ұсыныстарды 

жүзеге асыру мақсатында Сиез «Ха-

лықтар Одағын» құру қажет деп тап-

ты.  Автономияшылдар  мен  федера-

листер одағын қолдай отырып, тағы 

да  ұйымдық  сиез  шақырып,  жарғы 

даярлау  ісіне  кірісу  жайын  ортаға 

салды  (Қараңыз:  Национальный  во-

прос в программных документах по-

литических  партий,  организаций  и 

движений России. Начало XX в.: До-

кументы  и  материалы.  Томск,  1998.- 

С. 56 - 57.). Жоғарыда аталған сиезге 

Қазақ елі атынан қайраткер, инженер 

Мұхамеджан  Тынышбайұлы  қаты-

сып,  сөз  сөйледі.  А.о.  Мемлекеттік 

Думада белгілі деңгейде ғана белсен-

ділік  көрсетті.  Өйткені  І-ІІ  Дума  да 

күшпен таратылды. 

Ағартушылық  –  Алаш  қозға-

лысының  құрамдас  бөлігі.  А.  –  жақ-

сылыққа, бақытқа ұмтылған күллi ел-

дiң бастан өткерер жетiлу һәм өрiстеу 

жолы. Сондай-ақ, мұны әр ұлт бiр-бiрi-

не  ұқсай  бермейтiн  мазмұнда  қилы 

жағдайда,  сан  түрлi  мерзiмде  жүрiп 

өтедi.  Бұлай  болуы  қоғамдық-тари-

хи  факторларға  байланысты.  А.  ке-

зеңінiң  бар  мақсат-мүддесiн  бойына 

жинақтайтын  әдебиеттiң  функциясы 

бiлiм-iлiммен ғана шектелмейдi. Осы 

орайда  қайраткер  Әлихан  Бөкейхан: 

“Оқу-бiлiм болса, мақсат бәрi табыла-

ды дегендей көрiнедi. Бұлай болса, бұл 

– адасқандық болды. Бiлiммен мақсат 

шықпайды. Ғәзәзiл ұжмақтан, надан-

дықтан шыққан жоқ. …Ұлтына, жұр-

тына  қызмет  қылу  –  бiлiмнен  емес, 

мiнезден.  …Жақсы  мiнезге  тоқтаған 

адам аз. …Неше түрлi залалды қазақ 

мiнезi  бұзық  орысша,  мұсылманша 

хат бiлгендерiнен көрiнiп жүр. 

Бұлар  өзге  қазақтан  бiлiмдi. 

Бiлiмнен жақсы мiнез шықса, бұ қа-

лай?” – дейдi. Ағартушының “жақсы 

мiнез”  дегенi  –  адамшылық,  иман-

дылық,  елшiлдiк.  Аталған  кезеңнiң 

қаламы  осыны  орнықтыруға  жұм-

салды.  Сонымен  бiрге  ол  ұлт  сұра-

нымын iс жүзiнде қанағаттандыруға 

жұмылды.  “Басқадан  кем  болмас 

үшiн  бiз  бiлiмдi  һәм  күштi  болуы-

мыз  керек.  Бiлiмдi  болуға  оқу  ке-

рек. Күштi болуға бiрлiк керек. Осы 

керектердiң  жолында  жұмыс  iстеу 

керек”, - деп жазады Ахмет Байтұр-

сынұлы.  Қазақ  ұлтының  тарихын-

дағы  А.  кезең  шамамен  ХIХ  -  дың 

60 - ж.-нан ХХ - дың 30- ж.на дейiн 

жетпiс  жылға  жуық  созылады.  Ал 

мұны  бiр-бiрiмен  байланыстағы  үш 

бөлiк құрайды: 1. Бастапқы А. (1860-

1890); 2. Негiзгi А. немесе Алаш а.-ғы 

(1890-1920);  3.  Инерциялы  А.  (1920-

1929).  Бастапқы  А.  бiздiң  тарих  пен 

әдебиеттануда  бiршама  зерттелiндi. 

Бұл  ХIХ  ғ.  қоғамымызды  ағартуға 

талпынған  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтын-

сарин,  А.Құнанбайұлы,  М.Бабажа-

нов  сынды  тұлғалардың  әрқайсы-

сы  өз  бетiнше  жасаған  қадамы  едi. 

Олардың  еңбегiнде  әлем  тарихында 

кездесетiн А. кезең тұлғаларына қо-

ятын талаптың бәрi дерлiк бар. Бiрақ 

ерекшелiгi  де  жоқ  емес.  Бұл  А.-тың 

“бастапқы”  болатыны  -  олардың 

ағартушылық iсiнiң басында тұрған-

дығымен және аталған тұлғалардың 

бiр  күшке  бiрiкпей,  жеке-дара  күре-



Алаш қозғалысы

16

скендiгiмен түсiндiрiлуi тиiс. Әрине, 



оларда  шәкiрт  немесе  пiкiрлес  бол-

мады дей алмаймыз. Алайда шәкiрт 

санаулы,  пiкiрлес  байлаулы  едi. 

Солай  болғанның  өзiнде  бұл  ағар-

тушылар  кейiнгi  толқынға  көп  нәр-

се нұсқап кеттi. Негiзгi А.-ты (Алаш 

а.-ғын)  ұлттың  ұйысуға  қарай  жа-

саған қадамы тудырды. Мұны кейбiр 

зерттеушiлер  Ренессанс  деп  асығыс 

тұжырымдап жiберген кезi де болды. 

Тiптi  Құрманғазы-Абай  аралығын 

Ренессанс деген зерттеушiлер де та-

былды.  Мұндай  елiктеу  реңктi  пай-

ымдар аталған кезеңнiң дәл сипатын 

түсiндiрiп  бере  алмайды.  Егер  ояну 

мен  өрлеудiң  бәрi  Ренессанс  бол-

са,  бiзде  оның  “бiрнешесi”  болған. 

Сондықтан  еуропалық  Қайта  өрлеу 

дәлме-дәл қайталанды дегеннен гөрi 

кейбiр сипаты ұшырасты деу – бiздiң 

шындыққа  жақынырақ.  Ал,  Ағарту 

–  Батыс  пен  Шығысқа  ортақ  тұжы-

рым.  Сонымен  бiрге  бұл  кезеңнiң 

тұлғалары  “ағартушылық  үшiн  тер 

төгiп жүргенiн” жазып кеткенiн есте 

ұстаған  жөн.  Негiзгi  А.-тың  тұлға-

ларында  бiртiлектiк  пен  ұйымдасу 

бар.  Бiрiгiп  қамдану  мен  қорғану 

бар.  Ұмытыла  бастаған  “бiр  тудың 

астына  жиналу”  ұраны  осы  кезде 

көтерiлдi.  Байлардың  пейiлi  -  меце-

наттыққа  ұласып,  ортадан  қаражат 

шығарып  кiтап,  газет-журнал  жари-

ялау, қозғалысқа бiрiгу - осы А.-тың 

дәйектi  жұмысы.  Бұл  А.  шағында 

қарама-қарсы  күштер  болған  жоқ. 

Болуы  да  мүмкiн  емес  едi.  Себебi 

тiлек  –  бiр,  арман  –  бiр,  жау  да  бiр 

болатын.  Инерциялы  А.  –  Ресейдiң 

шет  аймақтарында  һәм  өз  iшiнде 

ғана  байқалған  тарихи-рухани  про-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

17

цесс едi. Яғни, 1917 ж. төңкерiс бүкiл 



жүйенi шайқады. 20-ж. бастап ресми 

басқа  қоғам  құрылды.  Бiрақ  осылай 

болғанның  өзiнде  халық  тағдырын, 

рухани  мұратын  бiрер  жылда  басқа 

арнаға  салу  мүмкiн  емес-тiн.  Сон-

дықтан  негiзгi  А.-тың  ұшқындары 

инерциялы  түрде  өмiр  сүре  бердi. 

Қарама-қарсы  күштер  осы  кезде 

пайда  болды.  Оларды  объективтi 

жағдайлар  ымырасыз  еттi.  Инерци-

ялы А. уақытында Негiзгi А. көсем-

дерiнiң  орнына  дәстүр  мен  салтты, 

әлемдiк тарих тәжiрибесiн құнттаған 

жаңа тұлғалар шықты. Бұл күш әсiре 

пролеткультшiлдiктiң 

тегеурiнiн 

жұмсартып,  еркiн  рухани-мәдени 

дамудың  күнiн  ұзартты.  Бiздегi  А. 

баспалдақтарының  iшiндегi  аз  және 

бiржақты  зерттелiнгенi  –  негiзгi  А. 

(Алаш а.-ғы). Бұлай болуы оның күр-

делiлiгiнде емес, оған ғалымдардың 

“екi  шоқып,  бiр  қарағандығында”. 

Яғни,  ол  шақтағы  идея,  концепция-

лардың  “тым  iлгерi  кеткендiгiнде”. 

Мысалы,  “Батыстағы  күрес  –  әле-

уметтiк  теңдiк  үшiн  күрес,  Шығы-

стағы  күрес  –  бодандықтан  құтылу 

үшiн  күрес”  деген  концепцияның 

өзi  не  тұрады.  Немесе,  “әлем  халқы 

бiр-бiрiмен  құрдас  болу  керек”  де-

ген  Алаш  зиялыларының  тұжыры-

мына  ұқсас  ойды  араға  қырық-елу 

жыл салып құрылатын дүниежүзiлiк 

бейбiтшiлiкке  кепiл  беретiн  ұйым 

(БҰҰ)  жарғысына  жазатынын  кiм 

болжаған.  Бұл  А.  елiнiң  болашағын 

Ресей шындығы контексiнде iздеген 

Бастапқы А.-қа лайықты баға бердi. 

Осы бағаны зерделеу – ғылым үшiн 

аса  қажет  нәрсе.  Оны  бiлу  арқылы 

бiз екi қорытындыға қол жеткiземiз. 

Бiрiншi,  рухани  сабақтастық  қалай 

жүргенiн  аңғарамыз.  Екiншi,  ал-

дыңғы  буынға  берiлген  идеологи-

ялық мәжбүрлiктен ада бағаны бай-

ыптаймыз. 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал