Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет19/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69

 «Бірлік туы» серіктестігі – Таш-

кентте  1917-1918  ж.  «Бірлік  туы»  га-

зетіне құрылтайшы, демеуші болған 

серіктестік.  Серіктестікті  алғаш  Са-

дық  Өтегенұлы  басқарған.  Серікте-

стік жарнасы 10 сом болып белгілен-

ген. Дерек ретінде айтайық, осы ап-

талық газеттің құны: үш айлығы – 1 

сом  70  тиын,  алты  айлығы  –  3  сом, 

жарты жылдығы – 5 сом болған.



 «Бірлік» ұйымы – 1914 ж. Омбы 

қаласында  құрылған  қазақ  жаста-

рының  ұйымы.  Оның  мүшелері  қа-

тарында  А.Сейітов,  М.Жұмабаев, 

С.Сәдуақасов,  А.Баржақсин,  Ш.Әл-

жанов,  Б.Байділдин,  А.Сейдалин,  Қ.

Кемеңгеров, Ғ.Тоғжанов, Д.Әділов, О.

Темірбеков т.б. болған. «Бірлік» қазақ 

халқының  мәдениетін,  өнерін,  әде-

биетін  көтеру  арқылы  оның  ұлттық 

санасы  мен  сезімін  оятуды  мақсат 

етті.  Осы  мақсатқа  жету  үшін  ауыз 

әдебиеті үлгілерін жинап, оларды ба-

стырып шығаруды, ауыл мектептерін 

оқулықтармен қамтамасыз етуді, қа-

ражатқа  мұқтаж  оқушыларға  көмек 

ұйымдастыруды қолға алды. 1916 ж. 

«Балапан»  атты  қолжазба  журнал 

шығарды. 1917 ж. 1-4 қазан аралығын-

да  ұйымның  жиналысы  өтіп,  онда 

ұйым  мүшелері  Алаш  партиясына 

қолдау  көрсететіндіктерін  білдіріп, 

халық  арасында  оның  бағдарлама-

сын насихаттауды өз мойнына алды. 

Б.ұ.  мүшелері  1918  ж.  барлық  қазақ 

жастарын  біріктіру  үшін  құрылған 

«Жас  азамат»  ұйымының  құрамына 

енді.


Бір  мың  тоғыз  жүз  бесінші  ж. 

саяси  басқосулар  –  1905  ж.  патша 

үкіметінің  Манифесті  жарияланған 

кейін  қазақ  зиялылары  ұйымдасты-

рған басқосулар. Мұндай саяси басқо-

сулар осы ж. қазан айының соңында 

Омбы қаласында, 7 қараша күні Пав-

лодар  қаласында,  11  қарашада  Бая-

науылда,  14  қарашада  Қарқаралыда 

ұйымдастырылды. Осы саяси басқо-

сулардың  өтуіне  Әлихан  Бөкейхан, 

Ахмет Байтұрсынұлы, Жақып Ақпа-

ев  сияқты  азаматтар  ұйымдасты-

рушылық және қайраткерлік пәрмен 

танытты.  Бұл  саяси  басқосулар  осы 

ж. маусым және шілде айларында ұй-

ымдастырылған. «Қарқаралы құзыр-

хаты» және «Қарқаралы жеделхаты» 

сияқты  отаршылдыққа  қарсылықты 

саяси  шаралардың  табиғи  жалға-

сы болды. Сонымен бірге, бұл саяси 

басқосулар  кейінірек  «Алаш  қозға-

лысы» аталған ұлт-азаттық қозғалыс 

бастауларының бірі болды.

Бірімжанов  Ахмет  Қорған-

бекұлы  (1871,  бұрынғы  Торғай  обл. 

Торғай  уезі.  -  5.01.1927,  Ресей  Феде-

рациясы,  Мәскеу)  –  қоғам  қайрат-

кері, 


Алашорда 

үкіметінің  мүшесі. 

1891  ж.  Орынбор 

гимназиясын,  1899 

ж.  Қазан  универ-

ситетінің  заң  фа-

культетін  алтын 

медальмен  бітір-

ген. 1899 ж. Орынбор, Троицк округ-

тік, Ақтөбе, Торғай, Бұзылық уездік 

соттарында  қызметте.  1906-1907  ж. 

Ресейдің  І  және  ІІ  Мемлекеттік  Ду-

маларына Торғай облысы қазақтары-

ның атына депутат болып сайланған. 

Мұсылман  фракциясында  фракция 

төрағасының  орынбасары.  Думада 



Алаш қозғалысы

134


ұлт  мүддесін  қорғады.  1917  ж.  көк-

темнен Уақытша үкіметтің Қостанай 

уездік  комиссары.  ІІ  Бүкілқазақ  си-

езінде  Алашорданың  Ұлт  Кеңесінің 

құрамына сайланады. Сол ж. желтоқ-

санда  Алаш  партиясы  Торғай  облы-

стық  комитетінің  14  мүшесінің  бірі. 

1918-1920  ж.  Семейде  заң  кеңесшісі. 

1920-1926  ж.  Орынбор  мен  Қызы-

лордада Қазақ АКСР Ішкі істер, Заң 

халық  комиссариатында,  Жоғарғы 

Сот Төралқасында кеңесші, алқа мү-

шесі, бөлім меңгерушісі қызметтерін 

атқарған.  Ресейдің  Санкт-Петербург 

қаласында қайтыс болған. Волков зи-

ратында жерленген. 



Бірімжанов  Ғазымбек  (1896, 

бұрынғы Ақтөбе обл. Торғай уезі То-

сын болысы – 19.03.1938, Ресей Феде-

рациясы,  Мәскеу)  –  Алаш  қозғалы-

сының  қайраткері,  қаламгер.  Орын-

бордағы реалды училищесінде, Орта 

Азия  мемлекеттік  университетінің 

дәрігерлік  факуль-

тетінде білім алған. 

Алашорда  атынан 

Колчак  үкіметімен 

келіссөз  жүргізуге 

қатысып,  Алашор-

даның 


Башқұрт 

үкіметі 


жанын-

дағы уәкілі қызметін атқарған. 1921-

1922 ж. «Ақжол» газетінде редактор. 

Мақалаларын «Шеген» деген бүркен-

шік атпен жариялап отырған. 1922 ж. 

күзде  Т.Рысқұлов  қолдауымен  Түр-

кістан жастарымен бірге Германияға 

оқуға  жібереді.  1928  ж.  Берлиннің 

ауылшаруашылығы  университетін 

бітіреді.  1928  ж.  Ә.Бөкейхан,  А.Бай-

тұрсынұлы  сынды  Алаш  көсем-

дерімен  бірге  тұтқындалады.  Каре-

лиядағы  Медвежегорск  қаласына 

10  жылға  жер  аударылады.  Ақтеңіз 

–  Балтық  каналының  құрылысына 

қара жұмысқа жегіледі. 1937 ж. кезек-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

135


ті саяси қуғын-сүргінге алынып, ату 

жазасына кесіледі. 1988 ж. 4 қараша-

да ақталды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс – дү-

ние жүзін қайта бөліске салу жолында 

«Үштік одақ» (Австрия-Венгрия, Гер-

мания, Италия) пен Англия, Франция, 

Ресей  коалициясы  арасындағы  сая-

си-экономикалық  қайшылықтардан 

тындаған соғыс. Бірінші Дүниежүзілік 

соғыс 1914 ж. 1 тамызында басталып, 

1918  ж.  11  қарашасында  аяқталды. 

ХІХ ғ. аяғына таман бұл мемлекеттер 

арасында  өз  ықпал  аймағын  кеңей-

ту  үшін  бәсеке  күшейе  түсті.  1879 

ж.  Германия,  Австрия,  Венгриямен 

соғыс  одағын  жасасты,  бұған  1882 

ж.  Италия  қосылып,  «Үштік  одақ» 

құрылды.  Алайда,  1914  ж.  бейтарап 

саясат  ұстанған  Италия  кейін  (1915) 

өзінің бұрынғы одақтастарына қарсы 

соғысты.  «Үштік  одаққа»  Осман  им-

периясы мен Болгария қосылды. Оған 

қарсы 1907 ж. Англия, Франция және 

Ресейдің соғыс коалициясы – Антанта 

құрылды. Бірінші Дүниежүзілік соғыс 

кезінде  Сербия,  Бельгия,  Жапония, 

Италия, Румыния, Португалия, АҚШ, 

Грекия,  Қытай  және  Латын  Амери-

касының бірқатар елдері Антанта ел-

дерімен одақтасты. 1914 ж. 15 (28) ма-

усымда  Сараевола  серб  ұлтшылдары 

Австрия  Венгрия  тағының  мұрагері 

эрцгерцог  Франц  Фердинандты  өл-

тірді. Бұл оқиға халықаралық жағдай-

ды  шиеленістіріп  жіберді.  Германия 

өз  одақтасын  қолдайтынын  мәлім-

дегеннен  кейін,  Австрия  –  Венгрия 

Сербияға 10 түрлі шарт қойылған уль-

тиматум жіберді. Осы шарттардың 24 

сағаттың  ішінде  орындалуын  талап 

етті.  Бірақ  қанағаттанарлық  жауап 

ала  алмаған  соң,  мәмілегерлік  қаты-

настарын үзді. Франция өз тарапынан 

одақтастары  алдындағы  міндеттерін 

орындауға  дайын  екенін  мәлімдеді. 

Англияның кесімге келтірмек болған 

әрекеттері еш нәтиже бермей Австрия 

–  Венгрия  Сербияға  соғыс  жарияла-

ды.  Германияның  бейтарап  саясат 

ұстану жөніндегі Франция мен Ресей-

ге койған ультиматумы халықаралық 

жағдайды  ушықтырып  жіберді.  Гер-

мания  19  (1)  шілдеде  Ресейге,  21  (3 

тамыз) шілдеде Францияға соғыс жа-

риялады.  Германияға  қарсы  соғысқа 

Ұлыбританияның 

доминиондары 

–  Австрия,  Канада,  Жаңа  Зеландия 

және  Оңтүстік  Африка  Одағы  арала-

сты.  Соғысқа  барлық  құрлықтың  38 

мемлекеті  тартылды.  Бірінші  Дүни-

ежүзілік  соғыс,  ең  алдымен,  аталған 

державалардың  экономикалық  мүд-

делерімен,  аграрлы  елдердегі  шикі-

зат көздері мен оларды өткізу рынок-

тары  үшін  таласымен  және  отарлық 

үстемдікке ұмтылуымен сипатталды. 

Соғыс барлық елдердің экономикасын 

күйзелтіп, адамзатты бұрын көрмеген 

қайғы-қасірет  пен  ашаршылыққа  ду-

шар  етті.  Бұған  Дүниежүзілік  соғыс 

әскери-техникалық  жағынан  жаңа, 

жетілдірілген негізде өтті. Бұған дейін 

болмаған 70 млн. Адамның 10 млн-ға 

жуығы опат болса, 20 млн-нан астамы 

жараланып,  10  млн-ға  жуығы  індет 

пен ашаршылықтан өлді. 4 жыл 3 ай 10 

күнге  созылған  соғыс  Германияның, 

оның  одақтастарының  жеңілуімен 

аяқталды.  1919  ж.  28  маусымда  Вер-

сальда (Франция) соғыстың аяқталға-

ны  жөнінде  Германиямен  Версаль 

бітім-шартына  қол  қойылды.  Б.д.с. 

Ресей  империясының  құрамындағы 



Алаш қозғалысы

136


қазақ  халқына  да  зор  ауыртпалық 

әкелді.  Қазақтар  бұрынғы  салықтар-

дан  бөлек  соғыс  салығын  де  төледі. 

Азық-түліктің, күнделікті тұтынатын 

заттардың бағасының өсуі халықтың 

әлеуметтік  жағдайын  төмендетіп  жі-

берді.  Мыңдаған  соғыс  тұтқындары 

(көбіне,  Австрия-Венгрия  және  Гер-

мания  әскерлері)  Қазақстанның  сол-

түстік-шығыс  және  оңтүстік  аудан-

дарына  әкелініп  орналастырылды. 

Ақмола,  Семей,  Павлодар,  Қазалы 

қалаларында  әскери  тұтқындарды 

қабылдайтын  ірі  арнаулы  лагерьлер 

ашылды. Қазақтар Ресейге мал, киіз, 

ақшалай көмек берумен қатар, өздері 

де  тікелей  соғысқа  аттанып,  шептегі 

қара жұмысқа алынған. 1916 ж. 25 ма-

усымда  Ресей  патшасының  империя-

сының «бұратана халықтарын», оның 

ішінде  қазақтарды  да  жұмысқа  алу 

туралы жарғы шықты. Қара жұмысқа 

100  мыңнан  астам  қазақ  жігіттері 

алынды.  Олардың  басым  көпшілігі 

батыс  майданға  аттандырылды.  1917 

ж.  5  ақпанда  Минскідегі  «Земство 

және  қала  одақтары»  жанына  өзара 

жұмысқа  алынғандарға  көмек  көрсе-

тетін  «бұратаналар  бөлімі»  ашылды. 

Оның  басшысы  болып  Әлихан  Бө-

кейхан бекітілді, ал оның орынбасары 

қызметін  М.Есболов  атқарды.  Хат-

шылық  қызметке  М.Дулатов  шақы-

рылды. Ақпан төңкерісінен кейін тыл 

жұмысына  алынған  жігіттерді  елге 

қайтару  кезінде  де  қазақ  зиялылары 

елеулі еңбек етті.

Бірінші  жалпықазақ  сиезі  – 

Алаш  қайраткерлері  Орынбор  қала-

сында 1917 ж. 21-26 шілде аралығында 

ұйымдастырған сиез. Бұл сиез қазақ 

тарихындағы  тұңғыш  жалпыұлттық 

сиез  болуымен  ерекшеленеді.  Жал-

пықазақ сиезін ұйымдастыру мәселе-

сі «Айқап» журналында, «Қазақ» га-

зетінде 1913 ж. бері көтеріліп келген. 

Бірақ  оған  отаршыл  үкімет  рұқсат 

бермеген  болатын.  1917  ж.  наурыз, 

сәуір  айларындағы  облыстық  қазақ 

сиездері жалпықазақ сиезін шақыру-

ды тездетті деуге болады. Сиезге Ақ-

мола,  Семей,  Торғай,  Орал,  Жетісу, 

Сырдария,  Ферғана  облыстарының 

өкілдері қатысты. Сиез төрағасы – Х.

Досмұхамедұлы, оның орынбасарла-

ры  –  А.Байтұрсынұлы,  Ә.Көтібаров, 

хатшылары  –  М.Дулатов,  А.Сейітов 

болды.  Осы  жылдың  9  мамырында 

Орал,  Торғай,  Ақмола,  Семей  облы-

старынан  және  Бөкей  Ордасынан, 

Түркістаннан жалпы мұсылман сиезі-

не барған қазақ өкілдері жалпықазақ 

сиезін шақыру туралы кеңесіп, қаулы 

қабылдаған еді. Бұл қаулы бойынша 

сиез 1 тамыз 10 қыркүйек аралығын-

да  Ташкент  қаласында  шақырыла-

тын болған. Дегенмен, әртүрлі саяси, 

әлеуметтік  жағдайлар  сиездің  өту 

уақытын  өзгертіп,  оны  Орынборда 

шақырды.  Сиездің  күн  тәртібіне  14 

мәселе  енгізілді.  Олар:  1)  Мемлекет 

билеу  түрі;  2)  Қазақ  облыстарында 

автономия; 3) Жер мәселесі; 4) Халық 

милициясы; 5) Земство; 6) Оқу мәсе-

лесі; 7) Сот мәселесі; 8) Дін мәселесі; 

9) Әйел мәселесі; 10) Учредительное 

собрание  сайлауына  даярлану  һәм 

қазақ  облыстарынан  депутаттар;  11) 

Бүкіл  Россия  мұсылмандарының 

кеңесі (Шорай ислам); 12) Қазақ сая-

си партиясы; 13) Жетісу облысының 

уақиғасы; 14) Киев шаһарында бола-

тын  бүкіл  Россия  федералистерінің 

сиезіне һәм Петроградта болатын оқу 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

137


комиссиясына  қазақтан  өкіл  жіберу. 

Осы  мәселелер  бойынша  қаулылар 

қабылданды. Айталық, екінші мәселе 

бойынша:  «Қазақ  облыстары  қоныс, 

ұлт жігіне қарай облосной автономия 

алуға тиіс», үшінші мәселе бойынша 

«Қазақ халқы өзіне еншілі жерге ор-

нығып болғанша қазақ жері ешкімге 

берілмесін»,  он  екінші  мәселе  бой-

ынша  «Қазақ  халқының  өз  алдына 

саяси  партиясы  болуды  тиіс  көріп, 

бұл  партияның  жобасын  жасауды 

сиез Шорай исламға сайланған қазақ 

өкілдеріне тапсырды... Партия жоба-

сын жасап болған соң өкілдер қазақ 

облосной  комитеттерінің  қарауына 

жібереді,  онан  кейін  учредительное 

собраниеге  жиналған  қазақ  депу-

таттары  қарап  бекітеді.  Қазақ  саяси 

партиясының  жобасы  жасалғанша 

осы  сиездің  қаулылары  учредитель-

ное  собраниеге  баратын  қазақ  депу-

таттарына наказ-аманат болады» де-

ген  сияқты  аса  маңызды  шешімдер 

қабылданды.  Сиез  сонымен  бірге 

облыстардан  бүкілресейлік  Құрыл-

тай  жиналысына  және  бүкілресей-

лік  мұсылман  сиезіне,  «Шура-и  ис-

ламға»  депутаттыққа  Ақмола,  Се-

мей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, 

Ферғана,  Самарқанд  облыстарынан 

және  Бөкей  Ордасынан  кандидаттар 

тізімін ұсынды. Сиезде сонымен бір-

ге  азаматтық,  ауылдық  азаматтық, 

болыстық  азаматтық,  уездік  азамат-

тық,  облыстық  азаматтық  комитет-

тер жөнінде қаулы қабылданды. Бұл 

комитеттер өз кезегінде осы сиезден 

кейін  Алаш  қозғалысының  өрістеуі-

не,  Екінші  жалпықазақ  сиезінің  ұй-

ымдастыруына,  Алашорданың  жер-

гілікті  комитеттерінің  құрылуына 

көп еңбек сіңірді. Сиездің хаттамасы-

на  төраға  ретінде  А.Байтұрсынұлы 

қол  қойды.  Бұл  тарихи  сиез  Алаш 

қозғалысының  жалпыұлттық  сипат 

алуына,  жергілікті  комитеттердің 

ұлт-азаттық күрес жолында қарқын-

ды жұмыс істеуіне, «Алаш» партия-

сының  құрылуына  айрықша  ықпал 

етті. Сиездің ең басты қорытындысы 

–  сол  кезеңдегі  қазақ  баласы  тұтас 

ұлт екендігін терең сезіндіріп, ортақ 

мүддеге жұмылдырды. 



Бірінші Мемлекеттік дума – Ре-

сейдегі мемлекеттік басқарудың кон-

ституциялық-монархиялық жолға тү-

суін  әйгілеген  заң  шығарушы  жоға-

ры өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 

сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта 

72  күн  қызмет  етті.  1905  ж.  11  жел-

тоқсандағы  Сайлау  заңы  бойынша 

Думаға  524  депутат  қатысуы  керек 

еді.  Сайлаудың  шет  аймақтарда  кеш 

өткізілуіне байланысты оның жұмы-

сына  499  депутат  қатысты.  1-Мем-

лекеттік  думаға  қазақ  өкілдерінен 

4  депутат:  А.  Бірімжанұлы  (Торғай 

облысы),  А.  Қалменұлы  (Орал  об-

лысы),  Ә.  Бөкейхан  (Семей  облысы), 

Ш. Қосшығұл (Ақмола облысы) сай-

ланды.  Алайда  қазақ  депутаттары-

ның  ішінде  Бірімжанұлы  және  Қал-

менұлы қана дума жұмысына қатыса 

алды. Дума мүшелері қатарында қа-

зақ жерінен тысқары өңірлерден сай-

ланған С. Жантөрин (Уфа губерния-

сы) мен Д. Тұндыт (Астрахан губер-

ниясы)  сияқты  қазақ  азаматтары  да 

болды. Қазақ депутаттары думадағы 

мұсылман  фракциясы  құрамында 

қызмет етті. Б.М.Д.-да ірі фракцияны 

кадеттер құрады. Кадеттерді ұлттық 

аймақтардың  депутаттары  да  қолда-



Алаш қозғалысы

138


ды.  Думаның  құқын  кеңейту,  саяси 

кешірім  жариялау  жөніндегі  кадет-

тердің  ниеті  Ресей  патшасы  тара-

пынан  қолдау  таппады.  Оған  жауап 

ретінде дума патша билігін тоқтату-

ды талап етті. Жер мәселесін талқы-

лау өте тартысты жүрді. Жағдай осы-

лай шиеленіскен соң, 9 шілдеде дума 

патша жарлығымен таратылды.

Бірінші  орыс  төңкерісі  –  Ре-

сей  империясында  экономиялық 

және  саяси  дағдарыстың  салда-

рынан  1905-07  ж.  болған  төңкеріс. 

1905  ж.  9  қаңтарда  Санкт-Петер-

бургтегі  «Қанды  жексенбі»  оқиға-

сынан  бастау  алған.  Төңкерістің 

өрши  түсуі  Ресей  патшасын  1905 

ж.  17  қазанда  манифест  жарияла-

уға  мәжбүр  етті.  «Бостандық  ма-

нифесі»  атанған  бұл  құжат  кон-

ституциялық  монархияны  заңды 

түрде  бекітті,  соның  нәтижесінде 

біршама демоктр. бостандық негіз-

дері жүзеге асырылды. Мемл. дума 

шақырылды (қ. Бірінші Мемлекетті 

дума,  Екінші  Мемлекеттік  дума). 

Б.  о.  т.  Қазақ  халқының  ұлт-азат-

тық қозғалысының өрлеу, жаңа са-

тыға көтерілу кезеңін бастап берді, 

ал  саяси  күрес  болса,  ең  алдымен 

патшаға,  отарлық  билікке  петиция 

(арыз-тілек)  жазып  тапсыру  түрін-

де  көрінді.  Отарлық  тәуелділіктегі 

Қазақ  елінің  мұқтажын  білдірген 

арыз-тілектер  Оралдан,  Қарқара-

лыдан,  Жетісудан,  т.б.  жерлерден 

келіп  түсті.  Жетісу  обл-ның  Лепсі 

у.  Қазақтары  дайындаған  пети-

цияға  1000  адам  арнайы  делега-

ция  арқылы  Санкт-Петербургтегі 

үкімет  орындарына  тапсырылған 

Орал  және  Торғай  облыстары  қа-

зақтары жазған петицияға 44 адам, 

ал  Қоянды  жәрмеңкесінде  өмірге 

келген  Қарқаралы  петициясына 

14,5 мың адам қол қойған еді. Осы 

ж. қазақ зиялылары патша өкіметі-

не  оппозицияда  болған  кадет-

тер  партиясының  тұғырнамасын 

жақтап, 1905 ж. желтоқсанда Орал 

қаласында «Қазақ конституциялық 

демократиялық партиясын» құрды. 

Б.  о.  т.  тұсында  Ә.Бөкейхан,  Б.Қа-

ратаев,  С.Жантөрин  кадеттер  пар-

тиясы  құрамына  кірді.  Сондай-ақ, 

осы  кезеңде  «Автономияшылдар 

одағы»  және  «Ресей  мұсылманда-

ры одағы» атты ұйымдар құрылған 

болатын. Бұл ұйымдардың да қыз-

метіне қазақ зиялылары атсалысты.


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

139


В

«Восточная 

Алашорда» 

– 

Шәкәрім  атындағы  Семей  мемле-

кеттік университеті Алаштану орта-

лығы дайындаған құжаттар жинағы. 

2010 ж. Семей қ.-сында жарық көрген, 

көлемі 20 б.т. Құрастырғандар Е.Сы-

дықов,  Г.Қасымова,  Т.Шаңбай  және 

басқалар.  Бұл  құжаттар  жинағына 

1917  ж.  15  наурызынан  бастап  1937 

ж. 21 тамызына дейінгі «Алаш» пар-

тиясына, Алашорда үкіметіне, Алаш 

әскеріне,  Семей  облыстық  қазақ  ко-

митетіне,  Алаш  қаласына  қатысты 

мұрағаттық деректер енгізілген. 



Выборг  үндеуі  –  Бірінші  мемле-

кеттік  Думаның  таратылуын  заңсыз 

деп  таныған  депутаттардың  1906  ж. 

9-10  шілдеде  Выборг  қаласына  (бұр. 

Ресей  империясы,  Финляндия  жері) 

жиналып,  халыққа  жолдаған  үнде-

уі.  Думаны  тарату  туралы  патша 

жарлығына  қарсы  халықты  салық 

төлеуден, әскери міндеткерлікті өте-

уден бас тартып, наразылық білдіру-

ге  шақырған  бұл  үндеуге  қол  қой-

ған  200-ге  жуық  депутаттың  басым 

көпшілігін  кадеттер  партиясының 

өкілдері  (120  адам)  құрады.  Олар-

дың  арасында  Ә.  Бөкейхан  мен  С. 

Жантөрин де болды. 1907 ж. желтоқ-

санда  үндеуге  қол  қоюшылар  сотқа 

тартылып, олардың ішінде 167 адам 3 

ай мерзімге абақтыға жабылып, енді-

гі жерде Думаға мүше болу құқынан 

айырылды. 


Алаш қозғалысы

140


Г

Гаспаралы Исмаил 1851 ж. Укра-

инада  туған.  Қоғам  қайраткері,  ой-

шыл, жәдитшілдіктің негізін салушы, 

педогог,  публицист.  Ұлты  –  қырым 

татары.  Бақшасарай  қаласындағы 

мұсылмандық  мектепте  оқып,  1865-

1866 ж. Мәскеудегі 

кадет  корпусында 

оқыды.  1867-1870 

ж. 


Қырымдағы 

«Занджерли»  ме-

дресесінде 

оқы-


тушы  болды.  1871-

1875  ж.  саяхат 

жасап,  Еуропада,  Египетте,  Түркия-

да,  Үндістанда,  Түркістанда  болды. 

1876-1883  ж.  Бақшасарай  қаласы-

ның  басшысы  болды.  1881  ж.  Ресей 

өкіметінің  орыстандыру  саясатын, 

білім  беру  жүйесін  сынға  алып,  Ре-

сей  империясы  мұсылмандарының 

рухани  өсуіне  мүмкіндік  беруді  та-

лап  еткен  «Русское  мусульманство. 

Мысли,  заметки  и  наблюдения  му-

сульманина»  еңбегін  жариялады. 

Мұсылмандық  мектептер  мен  ме-

дреселерде  оқытудың  мазмұнын, 

әдістерін жетілдіруді жақтап, оларға 

діни  сабақтармен  қатар  математика, 

география,  тарих,  биология  секілді 

пәндердің оқытылу қажеттігін наси-

хаттады.  Араб  әліпбиінің  дыбыстық 

естілу  ерекшеліктеріне  қарай  түрік 

халықтарының  тіліне  лайықталуы 

керектігін ұсынды. Жәдиттік мектеп-

тер мен медреселерге арнап «Ховад-

жа субъян» («Балалар оқытушысы»), 

«Краед турки» («Түрік хрестоматия-

сы»), «Рахбер муалими» («Мұғалімге 

басшылық») оқу құралдарын жазды. 

1883  ж.  10  сәуірден  бастап  «Тілде, 

пікірде, істе - бірлік» деген ұранмен 

«Тәржіман» газетін шығаруды қолға 

алды.  Осы  басылым  арқылы  түрік 

халықтарының  азаттық  күресте  бір-

лікке және оларды ортақ әдеби тілге 

көшуге үндеді. 1906 ж. «Ресей мұсыл-

мандар  одағы»  («Иттифақ  ул-мусли-

мин»)  ұйымының  ОК-не  сайланды. 

Мемлекеттік  думадағы  мұсылман 

фракциясымен  тығыз  байланыс  ор-

натып,  оның  қызметінің  нәтижелі 

жүруіне  қолғабыс  жасады.  1910  ж. 

Нобель  сыйлығына  ұсынылды.  А.

Байтұрсынұлы,  М.Дулатов  және  т.б. 

қазақ зиялылары Гаспаралыны өзіне 

ұстаз тұтты. 

Генерал-губернатор  –  ХVIII-XX 

ғ.  басындағы  Ресейдегі  жергілік-

ті  басқарудың  жоғары  әкімшілік 

лауазымы.  Бастапқыда  құрметті 

атақ  ретінде  қолданылды  да,  1775 

ж.  бастап,  реформаға  сәйкес  ресми 

әкімшілік лауазымы ретінде бекітіл-

ді. ХІХ ғ. қазақ даласын басқару ту-

ралы  жарғыға  және  ережелерге  сәй-

кес  Қазақстан  Ресейдің  Дала  гене-

рал-губернаторына, Сібір генерал-гу-

бернаторына  және  Түркістан  гене-

рал-губернаторына  бағындырылды. 

Алаш қозғалысы тұсында патшаның 

генерал-губернаторлары ұлт-азаттық 

қозғалысын  әр  кезде  де  басып,  ұлт-

тық  сананың  оянуына  жол  бермей 

келді.  Алаш  қозғалысы  қайраткер-

лері баспасөз құралдарын ашу үшін, 

әртүрлі жиындар ұйымдастыру үшін 

тиісті  генерал-губернатордан  рұқсат 

алуы міндетті болды. Мәселен, 1913 

ж.  жалпықазақ  сиезін  ұйымдасты-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

141


руды  көздеген  Жанша  Сейдалиннің 

әрекеті  генерал-губернатор  тара-

пынан  қадағаланып,  мұндай  жиын 

ашуға  рұқсат  берілмеді.  Сондай-ақ, 

«Айқап»  журналындағы,  «Қазақ» 

газетіндегі  материалдар  генерал-гу-

бернатор  тарапынан  үнемі  бақылан-

ды. Кеңес үкіметінің орнауымен бұл 

әкімшілік лауазым жойылды. 



1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал