Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет18/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69

Алаш қозғалысы

126


түсінуге  болады.  Өйткені  оны 

тұтқындау арқылы олар өз пиғылын 

қоғамдық  пікір  алдында  тым  ай-

ғақтап алудан қаймықты. 1937 ж. 27 

қыркүйекте  КСРО  Жоғарғы  соты 

әскери коллегиясының негізсіз үкімі 

бойынша  ату  жазасына  кесілді. 

Соңғы тергеуде Алаш партиясы мен 

кеңестік  билікке  қарсы  әрекеттеріне 

байланысты барлық жауапкершілікті 

өз  мойнына  алған  Б.  ақтық  сөзінде 

«Кеңестік  билікті  сүйген  емеспін, 

бірақ  мойындауға  мәжбүрмін»  деп 

мәлімдеді. 1989 ж. 14 мамырда КСРО 

Жоғарғы сотының қаулысы бойынша 

әрекетінде  қылмыс  құрамы  жоқ 

болғандықтан,  ақталды.  Б.  қазақ 

халқының  тұрмыс-тіршілігін,  мәде-

ниетін,  шаруашылығын,  төрт  түлік 

малын, жер-суын, қысқасы, әлеумет-

тік-экономикалық  жағдайын  жан-

жақты зерттеген санаулы ғалымдар-

дың бірі. Ол Щербина экспедициясы-

ның Семей облысына қарасты Павло-

дар,  Қарқаралы,  Семей  уездері  мен 

Ақмола  облысының  Омбы  уезінде 

жүргізген  жұмыстарына  тікелей  қа-

тысып,  алуан  түрлі  деректер  жина-

стырды. Экспедиция жұмыстары біт-

кеннен  кейін,  жиналған  бай  матери-

алдарды  іріктеп,  өңдеп,  ғылыми  қо-

рытындысын  жазысты.  Экспедиция-

ның  қорытындылары  1903-1905  ж. 

жалпы көлемі 13 том болып жарыққа 

шықты. Б.-ның Щербина экспедиция-

сында атқарған қызметі ғылыми жұ-

мыстарға  жан-жақты  дайындығын, 

терең  білімін  аңғартты.  Щербина 

экспедициясынан  кейін  ол  1903  ж. 

С.П.  Щвецов  бастаған  Сібір  темір 

жолы  бойында  орналасқан  Челябі 

мен  Томбы  қалалары  аралығын  ме-

кендеген  қазақтардың  малшару-

ашылығын  зерттеуге  бағытталған 

экономикалық экспедициясына атса-

лысты.  Экспедиция  жүктелген  мін-

детке  сай,  қазақтың  қой  шару-

ашылығының  жағдайын  зерттеді. 

Сол  өңірдегі  қой  шаруашылығымен 

қоса  ол  бүкіл  қазақ  даласының 

түкпір-түкпіріндегі,  атап  айтсақ, 

Жетісу,  Сырдария  өңіріндегі  қа-

зақтың  қой  тұқымдарын,  шару-

ашылықтарын  түгел  қамтып,  бір-

бірімен салыстыра отырып қарастыр-

ды.  Б.  қазақтың  қой  шаруашылығы 

жайында сүбелі еңбек жазып шықты. 

Бұл  еңбек  экспедицияның  басқа  ма-

териалдарымен бірге «Материалы по 

экономическому обследованию райо-

нов Сибирской железной дороги» де-

ген 3 бөлімнен тұратын кітап болып 

1904  ж.  Томбы  қаласында  басылып 

шықты.  Б.  Ресей  императорлық  гео-

графия  қоғамының  қызметіне  қызу 

араласты. 1896 ж. оның Батыс – Сібір 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

127


бөлімінің  мүшесі  болды,  ал  1901  ж. 

оның  басқару  кадетіне  сайланды.  Б 

-ның тарих саласында жазып қалды-

рған «Исторические судьбы Киргиз-

ского края и культурные его успехи» 

атты алғашқы еңбегі 1903 ж. «Россия. 

Полное географическое описание на-

шего  отечества»  деген  көп  томды 

альманахтың 

17-томына 

еніп, 

Санкт-Петербургте  жарық  көрді. 



Шығармада  қазақ  өлкесінің  тас 

дәуірінен  бергі  тарихы  көрініс  та-

пқан.  Сонымен  бірге  қазақ  даласы-

ның  соңғы  ғасырлардағы  өмір-та-

рихын  сипаттаған.  «Киргизы»  атты 

еңбегі алғаш рет «Формы националь-

ного  движения  в  современных  госу-

дарствах»  атты  жинақта  1910  ж. 

Санкт-Петербургте басылып шықты. 

Бұл  еңбекте  қазақ  халқының  отар-

шылдық  саясатқа  деген  көзқарасын, 

ұлт-азаттық күресінің бағытын, мақ-

сат-мүддесін ашып көрсеткен. Б. қа-

зақ  мемлекетінің  пайда  болуының 

тарихи кезеңдерін, даму зандылықта-

рын  да  терең  зерттеген.  Бұған  оның 

әр ж. Ресей императорлық география 

қоғамы Батыс-Сібір бөліміне қараған 

Семей бөлімшесінің басылымдарын-

да  жарияланған  «Из  переписки  (пи-

сем)  киргизских  ханов,  султанов», 

«Из переписки хана Средней киргиз-

ской  орды  Букея  и  его  потомков» 

және  «Из  бумаг  султана  Большой 

киргизской орды Сюка Аблайханова» 

атты  ғылыми  жарияланымдары  куә 

бола  алады.  Б.  назарынан  Кенесары 

Қасымұлы  бастаған  ұлт-азаттық  кө-

терілісі  де  тыс  қалмаған.  Оның  бұл 

тақырыпта  1923  ж.  Ташкентте  «Ма-

териалы к истории султана Кенесары 

Касымова» атты кітапшасы шыққан. 

Б.  халықтың  ауыз  әдебиеті  мұрала-

рынан үлгі алмай ұлттық әдебиеттің 

өркендеуі мүмкін емес деп түсінген. 

Ол  ауыз  әдебиеті  туындыларын  жи-

науға  көп  күш  салды.  Сондай-ақ,  Б. 

тұңғыш абайтанушы да болды. Абай 

шығармаларын  жаңа  заманның  ты-

нысы,  лебі  деп  түсінді,  қалыптасып 

келе  жатқан  қазақтың  жаңа  ұлттық 

әдебиетінің бастамасы деп бағалады. 

Абайдың  өлеңдері  мен  нақыл  сөз-

дерін  жинақтауға  атсалысты.  Абай-

дың  өлеңдері  мен  қара  сөздерінің 

тұңғыш  жинағын  редакциялап,  жи-

нақтың  1909  ж.  Санкт-Петербургте 

басылып шығуына қол ұшын берген. 

Б.-ның  кейінгі  ұрпаққа  қалдырған 

әдеби мұрасының ең көлемдісі – көр-

кем аударма. Аудармаларының ішін-

де  орыстың  классик  жазушылары 

Л.Н.Толстой,А.П.Чехов,  В.ГШД.М.

Мамин-Сибиряктармен  қатар,  Еуро-

паның қаламгерлері, сондай-ақ, үнді, 

түркі  тектес  халықтардың  әдеби 

шығармалары  бар.  Б.  көркем  аудар-

маларының басым көпшілігі 20-30 ж. 

аралығында,  яғни  1922-1927  ж.  ара-

лығында КСРО халықтарының орта-

лық  баспасындағы  Қазақ  секциясы-

ның әдеби қызметкері болып қызмет 

етіп  жүрген  кезінде  аударған.  Б.  қа-

зақ  және  орыс  тілдерінде  қатар 

жазған публицист. Оның қаламынан 

шыққан  мақалалар  Санкт-Петер-

бургтің «Сибирские вопросы», «Бир-

жевые  ведомости»,  «Новая  жизнь» 

секілді басылымдарынан жиі көрініп 

тұрған. Ол халықтың сана-сезімі мен 

ұлттық  мәдениетін  көтерудегі  бас-

пасөздің орасан зор маңызын бағалай 

білген.  Б.-  ның  атқарған  ісі,  кейінгі 

ұрпаққа  қалдырған  аманат-мұрасы 



Алаш қозғалысы

128


әлі де жан-жақты талданып, зерттеле 

түспек.


Бөкейхан  Әлихан  редакторлық 

еткен газеттер – 1906-1907 ж. Омбы 

қаласында шығып тұрған «Иртыш», 

«Омич»  және  «Голос  степи»  газет-

тері.  Бұл  газеттердің  атаулары  үш 

түрлі болғанымен олар бір басылым. 

1906 ж. 19 шілдесі мен 14 қарашасы 

аралығында шығып тұрған «Иртыш» 

газетінің  басушы-редакторы  ретінде 

ресми  түрде  адвокат  И.А.Поварен-

ных, 1906 ж. 15 қарашасынан 31 жел-

тоқсанға дейін шығып келген «Омич» 

газетінің  ресми  редакторы  есебінде 

В. И. Вереденко есімді әйел кісі, 1907 

ж. 1 қаңтарынан шыға бастаған «Го-

лос  степи»  газетінің  басушы-редак-

торы болып алдымен Д.В. Иванов, ал 

ақпан  айының  басынан  соңына  дей-

ін, яғни газет тоқтатылғанға дейін В. 

В. Кирьяновъ деген кісі көрсетілген. 

Бірақ,  бұл  кісілердің  барлығы  үш 

атауы  болған  1  газеттің  басушы-ре-

дакторы  ретінде  ресми  түрде  ғана 

көрсетіліп,  іс  жүзіндегі  басушы-ре-

дакторы  –  Ә.Бөкейхан  болды.  Оның 

себебі, премьер-министр П.А.Столы-

пин 1906 ж. 8 шілдесінде І Мемлекет-

тік  думаның  күштеп  таратылуына 

наразылық білдіріп, «Выборг үндеуі-

не»  қол  қойған  180  депутатқа,  оның 

ішінде  үндеуге  қол  қойған  Ә.Н.Бө-

кейханға қоғамдық қызметтер, оның 

ішінде  мерзімді  басылымдарға  ре-

дактор  болуға  тыйым  салатын  және 

сайлау-сайлану  хұқынан  айыратын 

үкімет қаулысына қол қойды. С.-Пе-

тербор  сотының  ерекше  отырысы 

1907 ж. желтоқсанында өткізген оты-

рысында  үкіметтің  «17  қазан  Мани-

фесіне»  қарама-қайшы  келетін  бұл 

қаулысын  өз  өкімімен  заңдастарды. 

Сол  себепті  Ә.Бөкейхан  «Иртыш», 

«Омич»  және  «Голос  степи»  газет-

теріне  басушы-редактор  болғанын 

жасыруға  мәжбүр  болды.  «Иртыш», 

«Омич»,  «Голос  степи»  газеттері  – 

Конституциялық-демократиялық 

немесе  «Халық  бостандығы»  парти-

ясының  Омбы  қалалық  комитетінің 

ресми үнқағазы болды. Оның ішінде 

«Иртыш» - 1906 ж. 19 шілдесінен 14 

қарашасына  дейін  92  саны  шығып 

үлгеріп,  Дала  генерал-губернаторы-

ның  бұйрығымен  «әскери  жағдай» 

тәртібінің соңына дейін тоқтатылды. 

Бірақ,  15  қарашадан  бастап  «Омич» 

деген жаңа атаумен қайта шыға берді. 

1906 ж. 31 желтоқсанында Дала гене-

рал-губернаторының  әлгіндей  жар-

лығымен 30-дан астам саны шыққан 

бұл газет те тоқтатылып, келесі күні 

– 1907 ж. 1 қаңтарынан «Голос степи» 

деген атаумен шығуын жалғастырды. 

«Голос  степи»  газеті  –  ІІ  Мемлекет-

тік думаға депутат сайлауы аяқталы-

сымен, сол ж. 25 ақпан күні жабылды. 

Осы күнге дейін «Иртыш» газетінің 

жекелеген  сандары  С.-Петербордағы 

Ғылым  академиясының  кітапхана-

сынан,  Мәскеудегі  ұлттық  кітапха-

наның  Химкидегі  газет  бөлімінен, 

Омбы  мемлекеттік  тарихи-өлкетану 

мұражайының кітапханасынан 90-ға 

жуық саны табылса, Томск универси-

тетінің Ғылыми кітапханасынан ғана 

«Омич»  газетінің  2  саны  табылды. 

«Голос  степи»  газетінің  толық  жи-

нағы  сақтаулы.  Ә.  Бөкейхан  редак-

торлық  еткен  бұл  газеттерді  тапқан 

әлихантанушы ғалым С. Аққұлұлы. 

Бөкейханов  Смахан  Нұрмұ-

хамедұлы  (1880,  Қарағанды  обл. 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

129


Ақтоғай  ауд.  –  1966,  Алматы  обл. 

Шелек  ауд.)  –  Алаш  көсемі  Әлихан 

Бөкейханның туған інісі. Ауыл мол-

дасынан сауат ашқан соң, Семейдегі 

жетіжылдық  орыс-қазақ  мектебін-

де  оқыған.  Қарқаралы  уездік  қазақ, 

кейінірек  Алаш  комитетінің  мүшесі 

болып, осы өңірдегі Алаш қозғалысы 

жұмыстарына  белсене  атсалысқан. 

Сол  үшін  кеңестік  дәуірде  Сібірге 

жер аударылған. Оралған соң Алма-

ты облысы Шелек ауданында 1953 ж. 

дейін тұрған. Бұдан соң Балқаш қала-

сына келіп тұрған. Оның он дәптер-

ден тұратын «Әлекеңнің өмірі» атты 

естелігінде Алаш көсемі Әлихан Бө-

кейхан  және  ұлт-азаттық  қозғалыс 

туралы құнды мәліметтер бар. 



Бөкейханова  Елизавета  Әли-

ханқызы – Алаш көсемінің перзенті, 

мемлекет  және  қоғам  қайраткері 

С.Сәдуақасұлының жары. 1903 ж. 25 

сәуірде  Омбы  қ.-сында  туған.  1927 

ж.  Мәскеу  мемлекеттік  универси-

тетінің  медицина  факультетін,  1931 

ж.  аспирантурасын  бітірген.  30-ж. 

Мәскеу  абақтысында  жатқан  Алаш 

зиялыларына сәлем-сауқат, хат-хабар 

жіберіп тұруға көмектескен. Әкесіне 

көп  жәрдемдескен.  Ресми  «Большой 

Кисловский пер. 4, кв. 15» мекен-жай-

дағы аядай ғана пәтерде әкесі, баласы 

(Ескендір), өзі – үш кісі тұрған. 30-ж. 

басында  Ә.Бөкейханға  тұтқындалу 

қаупі  төнгенде,  жауапты  қызметте 

отырған  құрбыларының  әкелеріне 

дейін  дабыл  қағып,  жақсылыққа  дә-

некер  болған.  Гинекология  саласы 

бойынша  медицина  ғылымдарының 

кандидаты  және  докторы  ғылыми 

дәрежелерін  алған.  КСРО  Медици-

на  ғылым  академиясы  Денсаулық 

сақтау институтының ғалым-хатшы-

сы,  бөлім  меңгерушісі  секілді  жау-

апты қызметтерді атқарған. ІІ дүни-

ежүзілік  соғысқа  медицина  офицері 

ретінде қатысқан. Гинекология сала-

сы бойынша жазған 7 кітабы, жүзде-

ген мақалалары ғылым әлеміне жақ-

сы таныс. 1958 ж. С.Сәдуақасұлынан 

қалған  қолжазбаларды  М.Әуезовке 

тапсырған.  Қазір  олар  жазушының 

мұражай-үйі  қорында  сақтаулы  тұр. 

Е.Ә.Сәдуақасова 1971 ж. 22 маусымда 

Мәскеуде дүние салды. 



Бұралқиев Мұстафа – ХХ ғ.  20-ж. 

зияылар арасында белгілі тұлға. 1902 

ж. Әулеиеата уезі Мойынқұм жерін-

де туған (НКВД мәліметі). Міржақып 

Д у л а т ұ л ы н ы ң 

туған ағасы Асқар-

дың  Ботагөз  атты 

қызына  үйленген. 

Қайраткер  туралы 

деректер  Гүлнар 

Міржақыпқызы-

ның  естеліктерін-

де  кездеседі.  Әкесі  (1865  ж.  туған) 

Бұралқы Сұлтанбекұлы елге сыйлы, 



Алаш қозғалысы

130


іскер,  шешен,  халықшыл  адам  бо-

лыпты. Мойынқұмда 18 ж. болыс бо-

лып, ресми өкіметпен араласып, елге 

жаңа  заманның  мәдениетін  әкеледі. 

Халық  ол  кісінің  мергендегін,  атбе-

гілігін,  шабандоздығын  аңыз  қыла-

ды  екен.  Кейбір  деректерде  (Г.Дула-

това) Мұстафаның 1899 ж. туылғаны 

туралы  айтылады.  САГУ-ды  бітір-

ген.  Сірә,  осы  кезде  Алаш  тұлғасы 

Қ.Кемеңгерұлымен  танысқан.  Бұған 

дәлел  –  Мұстафаның  Қошкенің  бас-

шылығымен  шыққан  «Қазақша-о-

рысша  тілмашты»  (сөздік)  әзірлеу-

ге  қатысуы.  Бұл  туралы  Қ.Кемең-

герұлы  бір  еңбегінде:  «Тізушілер 

–  Бұралқы  ұлынан  басқасы,  Ақмо-

ланың  темірқазығындағы  елдердікі. 

Сондықтан  Ақмоланың  жергілікті 

сөздері  де  мол  кіріп  отыр»  деп  көр-

сетеді.  20-ж.  Мұстафа  Ташкенттегі 

«Казинпроста»  Қазақ  халыққа  білім 

беру  институтында  («Казинпрос», 

бүгінгі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 

бастауы) оқытушы әрі оқу бөлімінің 

басшысы  болады.  1930  ж.  8  қазанда 

Ташкент  қаласында  ұсталып,  этап-

пен  Алматы  ОГПУ-НКВД  түрмесі-

не  жіберілген.  1932  ж.  20  сәуірде 

ОГПУ  үштігінің  шешімімен  58-11, 

58-10 сатьясы бойынша 5 жылға Во-

ронежге  жер  аударылған.  Бұл  кез-

де  Воронежде  айдауда  болғандар: 

Сейдазым  Қадірбаев,  Жұмағали 

Тілеулин,  Ахмет  Тұңғашин,  Мұх-

тар  Мұрзин,  Қошке  Кемеңгерұлы, 

Халел  Досмұхамедұлы,  Жаһаншы 

Досмұхамедұлы,  Кәрім  Тоқтыбай-

ұлы  т.б.Мұнда  ол  ауыр  жағдайда 

агроном  болып  қызмет  атқарыпты. 

Көп  зиялылардың  жары  секілді,  ай-

дауда  жүрген  Мұстафаны  Ботагөз 

Асқарқызы іздеп барған. Қуғын-сүр-

гін жылдары Мұстафаның Торғауыт 

атты  ұлы  мен  Кәмила  атты  қызы 

түрлі  жағдайда  қайтыс  болған.1958 

ж.  22 қаңтарда Қазақстан КСР Жоға-

ры  соты  М.Бұралқиевты  ақтаған.

Мұстафаның  кейінгі  тағдыры  тура-

лы деректер көп емес. Г.Дулатованың 

жазуынша,  ол  кісінің  жұбайы  Әбен 

Сатыбалдиевтың  «ағасы  әрі  ұстазы 

болып»,  1974  ж.  қайтқанда  жана-

засына  ағайын-туыстарды  бастап 

әкелген.  Соған  қарағанда,  қайрат-

кер  70-ж.  аман-есен,  елде  (Жамбыл) 

тұрып жатқан.

Бүкілресейлік  демократиялық 

мәжіліс – 1917 жылғы 14-22 қыркүй-

екте Петербургта өткізілген мәжіліс. 

Бұл  мәжіліске  Ж.  Досмұхамедов 

шақырылды.  Мәжілістің  соңғы 

күнінде  ұлттық  ұйымдардан  келген 

делегаттардың  жиналысы  өткізіліп, 

Бүкілресейлік  демократиялық  кеңе-

стен осы ұйымдарға берілген 27 орын 

бөлінді.  Оның  жетекшілігіне  Ж.До-

смұхамедов  сайланды.  Бұл  кеңес 

үкіметпен  бірлесе  жұмыс  істеуге 

ұлттық мәселелерді талқылауға жаңа 

Ресей  мен  мұсылман  әлемі  арасын-

дағы түсіністік пен құрметті қалып-

тастыруға  көпір  болады  деп  шешіл-

ді.  Жиында  Ж.  Досмұхамедов:  «Біз 

билік органдарының ұлттық мәселе-

лерді шешуді өзіміздің аса маңызды 

саяси міндетіміз деп санаймыз» деді. 

Мәжіліс барысынан Ресейдегі уақыт-

ша  билік  жағдайында  ұлттық  мәсе-

лелерді шешу маңызды қадамдардың 

бірі болғандығын аңғарамыз. 

Бүкілресейлік  жоғары  билікті 

құруға  арналған  №  104  акт  –  Уфа 

қаласында  1918  ж.  8-23  қыркүйегі 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

131


аралығында  өткізілген  мемлекет-

тік  мәжілісте  қабылданған  акт.  Бұл 

мемлекеттік мәжіліске Бүкілресейлік 

Құрылтай  жиналысы,  Сібір  Уақыт-

ша  үкіметі,  Орал  облыстық  үкіметі, 

Орынбор,  Орал,  Сібір,  Иркут,  Жеті-

су,  Енисей,  Астрахан  казактары, 

Башқұрт,  Алаш,  Түркістан  үкімет-

тері,  социал-демократиялық  жұмыс-

шы  партиясы,  халық-социалистік 

еңбек  партиясы,  «Халық  Еркі»  пар-

тиясы  және  тағы  да  басқа  ұйымдар-

дан өкілдер қатысты. Мәжіліс Ресей-

дегі  жоғары  билікті  Бүкілресейлік 

Уақытша  Үкіметке  тапсырып,  оның 

құрамын,  ережесін,  міндеттерін, 

бағдарламасын  бекітті.  Бүкілресей-

лік  Уақытша  Үкімет  құрамына  Ала-

шорда үкіметінен А. Байтұрсынұлы, 

А.  Бірімжанов,  Ғ.  Әлімбеков,  С.  До-

сжанов  сайланды.  Уақытша  үкімет-

тегі  Алашорданың  өкілдері  ретінде 

Ә.  Бөкейхан  мен  Имам  Әлімбеков, 

Түркістан автономиясынан өкілдікке 

М.  Шоқай,  А.  Оразаев,  С.  Муфтиза-

де  сайланды.  Бұл  төңкерістік  және 

соғыс  жағдайындағы  Ресейдегі  ең 

жоғары билік болды. 



Бүкілресейлік  құрылтай  жи-

налысы  –  1917  ж.  Ақпан  төңкерісі-

нен  кейін  Ресейде  қалыптасқан  са-

яси  жағдайға  байланысты  мемлекет 

өмірінің  негізгі  мәселелерін  шешу 

және  басқару  шешімін  айқындау 

мақсатында шақырылған халық өкіл-

дерінің жиналысы. Оның нақты заң-

ды  мәртебесі  2  наурызда  Мемлекет-

тік Думаның Уақытша комитеті мен 

Петроградтағы жұмысшы-солдат де-

путаттары кеңесінің мәжілісінде жа-

салды.  Бүкілресейлік  құрылтай  жи-

налысына партиялық тізім бойынша 

730  делегат  сайланатын  болып  бел-

гіленді.  Сайлау  17  қыркүйекте  өтіп, 

жиналыс  30  қыркүйекте  шақырыла-

тын болды. Бірақ уақытша үкіметтің 

9  тамыздағы  шешімімен  сайлау  28 

қарашаға  қалдырылды.  Ресей  им-

периясы  көлемінде  73  сайлау  округі 

құрылды. Қазіргі Қазақстан жерінде 

Жетісу,  Сырдария,  Орал  және  Дала 

сайлау  округтері  ұйымдастырылды. 

1917  ж.  шілдеде  өткен  жалпықазақ 

сиезінде  Бүкілресейлік  Құрылтай 

жиналысына дауысқа түсетін канди-

даттар тізімі ұсынылды. Олар Алаш 

партиясы атынан ұсынылатындығын 

қазан айында мәлімдеді. Қазақ облы-

старында  Алаш  партиясы  көпшілік 

дауысқа  ие  болды.  Қазан  төңкерісі 

нәтижесінде  орнаған  кеңестер  билі-

гі  1918  ж.  қаңтарда  шақырылған 

Бүкілресейлік Құрылтай жиналысын 

мойындамады. 1918 ж. 5 қаңтарда Пе-

троградта  «Барлық  билік  Құрылтай 

жиналысына берілсін» деген ұранмен 

көшеге шыққан халыққа большевик-

тер үкіметі қару қолданды. 6 қаңтар-

да ашылған Бүкілресейлік Құрылтай 

жиналысына  қатысуға  келген  депу-

таттарды  кеңес  өкіметі  қуып  тарат-

ты. Сөйтіп, Бүкілресейлік Құрылтай 

жиналысының  іске  кірісіп,  алдына 

қойған  демократиялық  мақсат-мүд-

делерді  жүзеге  асыруына  мүмкіндік 

болмады.

Бүкілресейлік  мұсылман  сиез-

дері – 1905-1917 ж. арасында өткізіл-

ген сиездер. Бірінші сиез 1905 ж. та-

мызда  Нижний  Новгород  қаласында 

өткен.  Оған  Түркістан  өлкесінен, 

Сібірден,  Қазақстаннан,  Кавказдан, 

Қырымнан  150-ге  жуық  делегат  қа-

тысқан.  Сиезде  Ресейдегі  мұсылман 


Алаш қозғалысы

132


халықтары  өмірінің  өзекті  мәселе-

лері  талқыланды.  Бұл  тұңғыш  сиез 

Ресей үкіметі рұқсат бермегендіктен 

жасырын түрде кемеде өткізілді. Си-

езге И.Гаспаринский төрағалық етті. 

Екінші  сиез  1906  ж.  қаңтар  айында 

Санкт-Петербург  қаласында  өтті. 

Оған  У.Танашев,  Ш.Қосшығұлұлы 

т.б. қазақтар қатысты. Сиезде «Ресей 

мұсылмандарының  одағы»  (Итти-

фах ул-муслимин) құрылды. Ұйым-

ның  жарғысы  қабылданды.  Жарғы 

бойынша  16  қалада  соның  ішінде 

Оралда, Семейде, Верныйда ұйым-

ның бөлімшелері құрылатын болды. 

Бұл  жиында  Мемлекеттік  думаға 

сайлау,  «Конституциялық-демокра-

тиялық  партиямен»  сайлау  кезін-

дегі  ынтымақтастық  т.б.  мәселелер 

қарастырылды.  Үшінші  сиез  1906 

ж.  10-21  тамызда  Нижний  Новго-

родта  өтті.  Оған  Ш.Қосшығұлұлы, 

С.Жантөрин,  Ж.Алдоңғаров  т.б. 

қазақ  зиялылары  қатысты.  Сиезде 

мұсылман  балаларының  араб  гра-

фикасының  негізінде  ана  тілінде 

оқыту,  мұсылмандардың  бірлігі, 

Түркістанда  жеке  мүфтилік  ашу, 

саяси  мәселелер  көтерілді.  Сиезде 

«Ресей  мұсылмандарының  одағы» 

ұйымының  бағдарламасы  қабыл-

данды және оның 15 адамнан тұра-

тын  Орталық  комитеті  сайланды. 

Оған  Қазақстаннан  С.Жантөрин, 

Ш.Қосшығұлұлы кірді. Мұсылман-

дардың  келесі  сиезі  1914  ж.  15-20 

маусымда  Санкт-Петербургте  ІҮ 

Мемлекеттік  думадағы  мұсылман 

фракциясының  ұйымдастыруымен 

өткізілді.  Оған  Ә.Бөкейхан,  Б.Қа-

ратаев,  Ж.Сейдалин  т.б.  қатысты. 

Сиезде  «Ресей  мұсылмандарының 

діни  істері»  туралы  заң  жобасы 

дайындалды.  Келесі  сиез  1917  ж. 

1-11  мамырда  Мәскеуде  өткізілді. 

Сиезге  Ж.Досмұхамедұлы,  У.Тана-

шев, М.Жұмабаев т.б. қатысты. Осы 

сиезде  Бүкілресейлік  мұсылмандар 

кеңесі – Шура-и ислам құрылды. 

Бүкілресейлік  уақытша  үкімет-

тің  Алашорданың  қызметін  тоқта-

ту жөніндегі қаулысы – 1918 ж. қазан 

айында қабылданған қаулы. Бұл қау-

лы  бойынша  Алашорданың  қызметі 

тоқтатылады, уақытша үкімет Алаш 

автономиясын  басқаруды  өз  қолына 

алады,  Алаш  органы  жөніндегі  ере-

жені  жасау  үшін  ерекше  комиссия 

құрылады.  Бірақ  Алашорда  үкіметі 

бұл  қаулыны  ескерген  емес,  сон-

дықтан Алашорда үкіметі одан кейін 

де қызметін жалғастыра берді. 

  «Бірлік  туы»  газеті  –  Ташкент 

қаласында  1917  ж.  24  маусымынан 

1918 ж. сәуір айының ортасына дейін 

шығып  тұрған  елшіл  бағыттағы  га-

зет.  Түркістандық  қазақ  басылымы. 

Негізін қалаған – М. Шоқай. Газеттің 

бастапқы  екі  нөмірінің  редакторы  – 

Мұстафа, мұнан кейінгі он төрт саны-

на  Хайретдин  Болғанбай  басшылық 

еткен.  16-санынан  бастап  редактор 

– Сұлтанбек Қожанұлы. Аталған ба-

сылымды  қаржыландырған  –  «Бір-

лік туы» серіктігі. Газетте М.Шоқай, 

Х.Болғанбаев,  С.Қожанов,  М.Дула-

тов,  А.Мәметов,  Ш.Сарыбайұлы, 

Қ.Күлетұлы,  Ж.Басығарин,  Е.Шәр-

менұлы,  Б.Майлин  т.б.  авторлардың 

мақалалары  жарияланған.  Басылым 

1917  ж.  күрделі  оқиғаларын,  саяси 

текетірестерді, әсіресе, Түркістан ав-

тономиясын даярлау, жариялау, құру 

мәселесін  және  оның  большевиктер 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

133


тарапынан  күшпен  жабылғанын  көз 

көрген деректермен жазып отырды.




1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал