Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет17/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69

Алаш қозғалысы

118


Дума  сайлауына  байланысты  мәсе-

лелермен  шектегісі  келетінін  сына-

ды. 1906 ж. күзде Қазан малдәрігер-

лік  институтындағы  оқуын  жалға-

стырып, оны 1909 ж. бітіріп шықты. 

1909-1917 ж. Гурьев уезінің бас мал 

дәрігері  болып  істеді.  1911-1913  ж. 

Шәңгерей,  Бақытжан  Қаратаев,  Ғұ-

мар Қараштың ұйтқы болуымен әу-

елі Ордада, соңыра Орал қаласында 

шыққан  «Қазақстан»  газетіне  қол-

дау  көрсетіп,  газетті  шығарушы  27 

адамнан тұратын топ құрамына енді, 

500  сом  жарна  қосты.  «Қазақстан» 

газетінің  бетінде  мәдени-ағарту, 

отырықшылыққа көшу, аурудың ал-

дын-алу,  тазалық  сақтау  жайынан 

бірнеше  мақала  жариялады.  1917 

ж.  шілдеде  өткен  І  Жалпықазақ  си-

езінде  Орал  облысынан  Құрылтай 

жиналысына  сайланатын  депутат 

кандидаттығына ұсынылды. 1917 ж. 

Уақытша  үкіметтің  Гурьев  уезінде-

гі  комиссары  болып  тағайындалды. 

1918-1919  ж.  Гурьев  уезіне  қарасты 

Қарабай  болыстық  земство  басқар-

масын басқарды. Қазанда оқып жүр-

генде  жабысқан  туберкулез  дерті 

меңдегеннен  кейін,  1919  ж.  күзде 

туған ауылына оралды. 1921 ж. көк-

темде  осы  аурудан  қайтыс  болды. 

Соңында екі қыз, бір ұл қалды. Үл-

кен қызы Жаниха, кіші қызы Софья 

1949 ж. қайтыс болды, ұлы Мұхтар 

Гурьев педагогика училищесінің тү-

легі, 1944 ж. майданда қаза тапты. 



Болғанбаев Хайретдин Әбдірах-

манұлы  –  көрнекті  Алаш  қайрат-

кері. Ол 1894 ж. Ақмола обл., Ақмо-

ла  уезінде  (бүгінгі  Қорғалжын  ауд. 

жерінде)  туған.  Ауыл  мектебінен 

кейін  Орынбордағы  Хусаиния  ме-

дресесінде оқыған. 

Осында 

оқып 


жүріп, «Қазақ» га-

зетіне мақала жаза 

бастаған. 

Ресей 


империясы І дүни-

ежүзілік  соғысқа 

араласқанда,  1916 

ж.  қазақ  солдаттарына  қамқор  топ-

тың  ортасында  Минскіде  болған. 

1917  ж.  төңкерістер  кезеңінде  Таш-

кентте  (Түркістан)  М.Шоқай,  С.Қо-

жановпен  бірлесіп  «Бірлік  туы» 

газетін  шығарысқан.  Аталған  ба-

сылымның  7-14-нөмірлеріне  редак-

торлық  еткен.  Қайраткер  І  және 

ІІ  жалпықазақ  сиезіне  (Орынбор, 

1917-1918)  Түркістан  мен  Сырдария 

уездері  атынан  делегат  болып  қа-

тынасқан.  Үлкен  қызметі  –  1917  ж. 

17 желтоқсаннан 1918 ж. 11 ақпанға 

дейін  өмір  сүрген  Түркістан  авто-

номиясын  (Қосқанда  жарияланған) 

құрысуға атсалысуы. Бұл автономия 

большевиктер  тарапынан  күшпен 

талқандалғанын ол ашық һәм ашына 

жазды. 1917-1918 ж. Ақмолада Алаш 

Комитетін  құруға  да  көмек  көрсет-

ті. 1920 ж. ол басында «Ұшқын» га-

зетінің,  кейіннен  аты  «Еңбек  туы» 

боп өзгерген осы басылым жалғасы-

ның  алқа  мүшесі  болды  (А.Байтұр-

сынұлымен бірге). 1919 ж. Түркістан-

да (Ташкент) жұмысшылардың ағар-

ту  одағының  мүшесі,  1918-1920  ж. 

(әр  мезгілде)  Ташкентте  оқу  ісінің 

меңгерушісі,  мұғалім,  1921-1922  ж. 

ТүрОАК-тің  сайлау  ісі  жөніндегі 

мүшесі болған. 1920 ж. желтоқсанда 

Ахмет,  Әлихан,  Смағұл,  Жүсіпбек-

термен бірге «Қазақстан» мемлекет-

тік  баспасының  сарапшылар  алқа-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

119


сына  енді.  Қаламгер  ұлт  тағдыры 

және руханият жөнінде біраз шығар-

ма  жазған.  Оның  И.  Гаспаралы  ту-

ралы  мақаласы  Түркияда  шыққан 

жинақта  (1934  ж.)  басылған.  1921 

ж.  бірнеше  серігімен  Алаш  Орда 

атынан Бұқарада большевизмге қар-

сы  қозғалыспен  келіссөздер  жүргіз-

ген. Ресми мәліметтерде 1924 ж. дей-

ін  қайраткердің  немен  айналысқа-

ны  көрсетілмеген.  Бұл  уақытта  ол 

басмашылар  арасында  немесе  елде 

«ашаршылықпен  күрес»  шаралары-

ның  ішінде  болса  керек.  1924-1928 

ж.  Петропавлда  губерниялық  ха-

лық  ағарту  бөлімі  меңгерушісінің 

орынбасары, педтехникум мен кеңес 

партия  мектебінің  мұғалімі,  кеңес 

партия  мектебі  оқу  бөлімі  меңге-

рушісі қызметін атқарды. 1928 ж. 17 

желтоқсанда  ол  «контрреволюци-

ялық  ұйымға  кірді»  деген  айыппен 

тұтқындалды.  1930  жылдан  Архан-

гельск  пен  Сыктывкарда  айдауда 

болып,  1934  ж.  Алматыға  оралды. 

ОГПУ  оған  бас  қалада  тұруға  рұқ-

сат бермей, Оңтүстіктегі Қапланбек 

зооветтехникумында ұстаздық қыз-

мет етуге жіберді. Осында 1937 ж. 21 

сәуірде қайта ұсталып, 21 қарашада 

Ташкентте атылды. 

Болыс  –  қазақ  даласын  отарлау 

жүйесіндегі  билік  иесі.  Б.  институ-

ты бастапқы кезде қазақтың дәстүрлі 

рулық  жүйесіне  сай,  аталық  негізге 

құрылған.  Б.  институты  алғаш  рет 

патша  үкіметінің  1822  ж.  «Сібір  қа-

зақтары туралы жарғысында» ресми 

түрде  бекітіледі.  Осы  отарлау  құжа-

тына сәйкес орта жүз қазақтарының 

қоныстары  алдымен  ауылға,  содан 

кейін б.-тар мен округтерге бөлінген. 

Бір округтің құрамына 20-ға тарта б.-

тар енгізілген. 1868 ж. «Орал, Торғай, 

Ақмола  және  Семей  облыстарын 

басқару жөніндегі уақытша ережеге» 

сәйкес б.-тар облыс, уез, ауыл сияқты 

әкімшілік  бөліктермен  бірге  өзінің 

ресми  мәртебесін  сақтады.  1991  ж. 

«Ақмола,  Семей,  Жетісу,  Орал  және 

Торғай  облыстарын  басқару  туралы 

ережеге» сәйкес б.-тар әкімшілік-ша-

руашылық  билігін  сақтап  қалды. 

Алаш  қозғалысы  тұсында  қозғалы-

стың  өрістеуіне  б.-тардың  рөлі  ай-

тарлықтай  болды.  Мәселен,  1905 

ж.  «Қарқаралы  құзырхатын»  ұй-

ымдастыруда  б.-тар  айрықша  еңбек 

сіңірді.  Сондай-ақ  осы  ж.  шілдедегі 

«Қарқаралы жеделхатына» 21 б.-тың 

өкілдері  қол  қойған  болатын.  Тіпті, 

бұл құжатты болыстардың құзырха-

ты немесе жеделхаты деуге де болар-

лық. 1917 – 18 ж. «Алаш» партиясы, 

Алашорда үкіметі құрылғанда, Алаш 

автономиясы  жарияланғанда  осы 

мемлекеттік  құрылымның  жұмыс 

істеуіне көптеген б.-тар өкілдері атса-

лысты. Айталық, Үржардағы алты б. 

өкілдерінің мәжілісі, Қармақшыдағы 

сегіз болыс өкілдерінің сиезі, Ырғы-

здағы  б.-тардың  бас  қосуы  және  т.б. 

Кеңес үкіметі өз шешімімен б.-тарды 

жойып,  жаңа  әкімшілік  бөліктерін 

құрды. 


Болыстық  сиездер  –  1917-1918  ж. 

Қазақстанның әр жерінде болған сиез-

дер. Бұл сиездерде оқу, ел тыныштығы, 

азық-түлік,  жер,  шаруашылық  т.б. 

мәселелер  көтерілді.  Бұл  сиездердің 

халықты біріктіру, оның құқықтық са-

уатын ашу, елдегі жаңалықтармен та-

ныстыру сияқты маңызы болды. 



Алаш қозғалысы

120


Большевиктерге  қарсы  Түр-

кістан  күрес  одағы  –  Қоқан  автоно-

миясы  күйреп,  Түркістан  республи-

касы  құрылған  соң,  1918  ж.  көктемде 

кеңестерге қарсы құрылған астыртын 

ұйым.  Оған  бұрын  Түркістан  әскери 

ұйымына  қараған  орыс  офицерлері, 

жергілікті  орыс  буржуазиясының  ше-

неуніктері мүше болды. «Одақ» Ресей-

де  монархияны  қалпына  келтіруді  өз 

мақсаты етіп белгіледі. Оның қызметі-

не ағылшын әскер басшылары жетек-

шілік  етті.  Арадағы  келісім  бойынша 

«Одақ» Түркістандағы кеңестерге қар-

сы күштерді біріктіріп, кеңестерге қар-

сы  қарулы  көтеріліс  ұйымдастыруға 

тиіс  болды.  Ағылшындар  «Одақты» 

қаржымен  және  қарумен  қамтамасыз 

етті.  Ұйым  мүшелері  Ашхабадтағы 

және  Верныйдағы  1918  ж.  бүлікті  ұй-

ымдастыруға қатысып, астыртын іріткі 

салу әрекеттерімен айналысты, Қоқан 

автономиясының  қарулы  күштерін 

құруға атсалысты. 1918 ж. қазан айын-

да Түркістан Төтенше комиссия меке-

мелері «Одақты» біржола жойды. 

Бочагов А.К. – кеңестік тарихшы, 

«Алаш-Орда  Краткий  исторический 

очерк  о  национально-буржуазном 

движении в Казахстане периода 1917-

19 г.г.» кітабының авторы. Бұл еңбек 

1927  ж.  сол  кездегі  Қазақстанның 

астанасы  Қызылорда  қаласында  жа-

рық  көрген.  Кітап  кіріспеден  және 

«1917 ж. желтоқсан сиезі», «Контр-ре-

волюциялық  жолмен»,  «Алашорда-

ның Шығыс бөлімі», «Алаш партия-

сының  саяси  мәні»,  «Тарихи  құжат-

тар»  бөлімдерінен  тұрады.  Автор 

Алаш  қозғалысына,  Алаш  автоно-

миясына,  Алашорда  үкіметіне  боль-

шевиктік  көзқарас  тұрғысынан  баға 

бергенімен  Алаш  қозғалысының  дү-

ниеге келуін және өрістеуін Ресейдің 

қатал  империялық-  отаршылдық  са-

ясатымен  байланыстырады.  Сөйтіп, 

қазақ ұлт-азаттық қозғалысының та-

рихи себептерін дәл ашып көрсетеді. 



Боштаев  (Поштаев)  Мұқыш 

(1897, бұрынғы Семей обл. Павлодар 

уезі.  ө.ж.б)  –  Алаш  қозғалысының 

қайраткері,  белгілі  заңгер.  1917  ж. 

Қазан  университетінің  заң  факуль-

тетін  бітірген.  Уақытша  үкімет  тұ-

сында Павлодар уезінде сот төраға-

сы.  Семей  облысы  Қазақ  комитет-

терінің  жұмыстарына  қатысқан. 

Орынборда  1917  ж.  21-26  шілдеде 

өткен  І  Жалпықазақ  сиезіне  қаты-

сады.  Сиезде  Бүкілресейлік  құрыл-

тай  жиналысына  Алаш  партиясы 

атынан кандидат болып ұсынылады. 

1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынборда 

өткен  ІІ  Жалпықазақ  сиезінде  Ала-

шорда  үкіметіне  мүшелікке  канди-

дат  болып  сайланады.  Семей  облы-

стық және қалалық кеңесінің атқару 

комитетіне  1918  ж.  22-23  наурызда 

болған  жиналыста  сот  ісі  бөліміне 

мүшелікке енгізілген.



Бөкеев  Шәңгерей  Сейіткерей-

ұлы  –  қазақ  әдебиетінде  өзіндік 

орны бар ақын. Ол 1847 ж. Орда қ.-сы 

маңында туған. Бес жасында ата-ана-

сынан жетім қалып, 

ағаларының қолын-

да  өседі.  Алдымен 

Орынбор 

кадет 


корпусын  бітіріп, 

онан  соң  Астрахан 

г и м н а з и ясы н д а 

оқыған.  Гимнази-

яны  бітірген  соң  Сартау  мен  Самара 

арасындағы  ата  қонысы  Көлборсы 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

121


деген  жерді  мекендеген.  Аңшылық, 

саятшылық  кәсібімен  шұғылданған. 

Орыс тілін жетік меңгереді, орыс әде-

биеті  мен  шығыс  әдебиетінен  қатар 

сусындаған.  Өзі  оқыған  озық  әдеби-

ет үлгілеріне еліктеп өлеңдер жазып, 

ақындығымен  ел  арасында  танымал 

болған.  Рухани  тұрғыда  өзін  жетіл-

діріп отыратын ізденгіш адам болған. 

Шығармалары  1911-1912  ж.  шыққан 

«Шайыр»,  «Көксілдер»  жинақтарына 

енген.  Шәңгерей  –  батыс  поэзиясы-

ның үлгісін қазақ поэзиясына сіңіруде 

өзіндік үлес қосқан ақын. 1917 ж. Көл-

борсыдан  көшіп,  Ақжайық  ауданына 

келген.  Мұнда  келген  соң  елдің  әле-

уметтік  өміріне  белсене  араласады. 

Ғұмар  Қарашты  ауылында  мұғалім 

ретінде ұстап бала оқыттырады. Оған 

орысша  үйретіп,  орыс  әдебиетінің 

озық  үлгілерін  әңгімелеп  беріп  оты-

рады екен. Ғұмар бұл әдебиеттерді ел 

арасында, өз оқушыларына әңгімелеп 

беретін болған. Шәңгерей – қазақтың 

алғашқы әдебиет аудармашыларының 

бірі. Ол орыс әдебиетінен М.Лермон-

товтың  «Қашқын»  поэмасын  қазақ 

тіліне  аударған.  Жаңалыққа  құштар 

ақын  өз  кезінде  қазақ  елінде  фото-

графия  өнерінің  негізін  қалады.  Өзі 

қазақтың  тұңғыш  фотографы  бол-

ды.  Ол  ел  арасынан  қазақтың  ауыз 

әдебиет  үлгілерін  жинап,  бастыру 

ісімен шұғылданған. «Қазақстан» га-

зетінің  шығарылуына  көмектескен. 

1917 ж. бірінші қазақ сиезіне қазақтың 

білімдар  ақсақалы  ретінде  құрмет-

пен  шақырылған.  Алаш  басшылары 

құрылтай  жиналысына  ел  ішіндегі 

шешен, білгір адамдарды бөлмей-жар-

май  ұсынуға  келіскен.  Осындай  мақ-

сатпен  ұсынылған  адамдардың  бірі 

– Б. Ақын 1920 ж. Жасқұс ауданында 

қайтыс болған. 



Бөкей Ордасы – Ресей императо-

рының  рұқсатымен  құрылып,  1801-

1045  ж.  Еділ  мен  Жайық  өзендері 

аралығында  болған  қазақ  хандығы. 

Ішкі орда немесе Бөкей хандығы деп 

те аталады. 1808 ж. шілденің 17-і күні 

патша  жарлығымен  Б.о.  Астрахан 

әскери  губернаторы  мен  Орынбор 

шекаралық  комиссиясына  бағынды-

рылды. Патша нұсқауында Б.о. Ресей 

империясына бағынады делінгенмен, 

Бөкей  сұлтан  Жайық  пен  Еділ  ара-

лығындағы жерде қазақ руларын өзі 

басқарды.  Әуелде  ордадағы  үй  саны 

5 мыңдай болса, 1812 ж. 7500, 1819 ж. 

8500, 1825 ж. 10490 үйге жетіп, халық 

саны 50 мыңнан асты. 1815 ж. Бөкей 

хан қайтыс болды. Жәңгір ер жеткен-

ге  дейін  хандық  уақытша  Бөкейдің 

туысы  Шығай  сұлтанға  көшті.  1823 

ж.  таққа  Жәңгір  отырды.  Ол  билік-

ті  нығайтуға  тырысты.  Б.о.  жерін-

де  1836-1837  ж.  Исатай  Тайманұлы 

бастаған  көтеріліс  болды.  Көтеріліс 

хан  ордасын  шайқалтып  тастады. 

1845  ж.  Жәңгір  өлгеннен  кейін  хан-

дық  өкімет  жойылды.  Хандықтың 

орнына  Ішкі  орданы  басқару  жөнін-

дегі  уақытша  кеңес  құрылып,  оған 

патша шенеуніктері басшылық етті.



Бөкей  Ордасы  облыстық  қазақ 

сиездері  –  1917  ж.  20-25  сәуірі  және 

10 қыркүйекте болған сиездер. Сәуір-

дегі  сиезге  167  өкіл  қатысып,  сиезді 

Уақытша  комисар  Б.Ниязов  ашты. 

Төралқа төрағалығына У.Танашев, мү-

шелерінде М.Шомбалов, Ш.Бекмұха-

медов,  хатшылығына  И.Мендіханов, 

С.Мендешов, Ә. Мұсағалиев сайлан-

ды.  Сиезде  ахун  Қ.Ғайсин  азаттық 


Алаш қозғалысы

122


жолында  құрбан  болған  күрескер-

лерге  арнап  аят  оқыды.  Дәрігерлер 

атынан  М.Шомбалов,  мұғалімдер 

атынан  Ш.Ақбаев,  Астрахан  мұсыл-

мандар атынан А.Әбдікәрімов, Қазан 

мұсылмандары  атынан  У.Танашев 

және т.б. сөз сөйледі. Сиез аймақтағы 

басқару  жүйесіндегі  өзгерістерге 

байланысты  шешімдер  қабылда-

ды.  Бұл  шешімдерде  аймақта  тұра-

тын  халықтардың  тұрмысы,  дәстүрі 

ескерілді.  Сиезде  Астрахан  өлкесін 

бір  орталықтан  басқару  қажеттілігі 

туындағандықтан  осы  өңірдің  ко-

миссарлығына  Б.Құлмановты  сай-

ланғандығы  айтылды.  Бөкей  Орда-

сы облысы қазақтарының ІІ сиезінің 

күн  тәртібінде  мынадай  мәселелер 

болды:  1)  Россияның  саяси  жағдайы 

туралы (баяндамашысы - У.Танашев); 

2) Бөкей Ордасындағы саяси жағдай 

(баяндамашысы  –  Б.Ниязбеков);  3) 

Жер мәселесі туралы (баяндамашысы 

–  Б.Құлманов),  сонымен  қатар  сауда 

– саттық мәселесі, білім беру, денса-

улық сақтау, т.б. мәселелер енгізілді.



Бөкейхан  Әлихан  Нұрмұха-

медұлы  (25.03.1866  ж.  бұрынғы  Се-

мей обл., Қарқаралы уезі Тоқырауын 

болысының  7-а.-да  –  27.09.1937  ж. 

Мәскеу ) – көрнекті 

қоғам және мемле-

кет 

қайраткері, 

ұлт-азаттық  және 

Алаш  қозғалысы-

ның 


жетекшісі, 

Алашорда  автоно-

миялы  үкіметінің 

төрағасы,  публицист,  ғалым,  аудар-

машы.  Ә.  Орта  жүз  ханы  Бөкейдің 

ұрпағы.  Ата  тегі:  Бөкей  –  Батыр  – 

Мырзатай  –  Нұрмұхамед  –  Әлихан. 

Жасынан  зерек,  алғыр  өскен  Ә.-ды 

әкесі Қарқаралыға алып барып, жер-

гілікті  молданың  қолына  оқуға  бе-

реді.  Бірақ  ол  молданың  қолынан 

оқуды  қанағат  тұтпай,  қаладағы  үш 

сыныпты бастауыш мектепке ауыса-

ды. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 

ж. Қарқаралы қаласындағы қазақ ба-

лаларына  арналған  мектепте  оқиды. 

1886-1890  ж.  аралығында  Омбыдағы 

техникалық  училищеде  оқып,  оны 

«техник»  мамандығы  бойынша 

бітіріп  шықты.  1890-1894  ж.  ара-

лығында  Санкт-Петербургтегі  Ор-

ман  технологиялық  институтының 

экономика  факультетінде  оқыды. 

Мұнда  ол  студенттік  қызу  пікірта-

ластарға  қатысып,  ХХ  ғ.  босағасын 

аттағалы  тұрған  Ресейдің  қандай 

жолмен  дамуы  тиімді  болатындығы 

туралы 


қайшылықты 

пікірлер 

қақтығысына куә болды, өз ойын да 

шыңдай түсті. Б. туралы «Семипала-

тинский листок» газетінің 1906 ж. 5 

маусымдағы санында: «Ол Орман ин-

ститутының  студенті  болып  жүрген 

кезінде  барлық  студенттік  қозғалы-

старға  белсенді  түрде  араласып, 

әсіресе, солшылдарға ілесетін. Марк-

сизм  туралы  қызу  пікірталастарда 

экономикалық  материализм  қағида-

ларын дес бермей қорғайтын» делін-

ген.  Әлихан  Ресей  жандармерия 

басқармасының  назарына  алғаш  рет 

студенттік ж.-ақ ілігіп, «саяси сенім-

сіздердің  қара  тізіміне  алынды».  Ол 

институтты  бітіргеннен  кейін  Ом-

быға  барады.  Онда  орман  шару-

ашылық  училищесіне  математика 

пәнінен оқытушы болып орналасты. 

Социалистік  бағыттағы  «Степной 

край»  газетінің  қызметіне  белсенді 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

123


түрде араласып, оның редакция алқа-

сы құрамына енді. 1896-1903 ж. ара-

лығында Щербина экспедициясы жұ-

мысына қатысты. Оның ойы бойын-

ша,  экспедиция  жұмысына  қатысу 

сол тарихи кезеңде қазақ халқы үшін 

ең зәру мәселеге айналған – жер қа-

тынастарын  тереңінен  түсініп,  бел-

гілі бір тұжырымдарға келуге жағдай 

жасауға  тиіс  еді.  Б.  экспедиция  жұ-

мысына қатысу барысында қазақ да-

ласына  байланысты  Ресей  империя-

сының көздеген мақсатын бұрын өзі 

байқай бермеген жаңа қырынан көрді 

және отарлық биліктің таяу ж. ірі ша-

раларды іске асыруға даярлық жасап 

жатқанын  байқады.  Қалай  болғанда 

да,  Б.-ның  көзқарасының  Щербина 

экспедициясына қатысқаннан кейінгі 

кезеңде  үлкен  өзгерістерге  ұшы-

рағандығы  анық.  Дегенмен,  Б.  си-

яқты  қазақ  зиялыларының  мүлдем 

жаңа  сапаға  көтерілуіне  1-орыс  төң-

керісі ерекше ықпал етті. Студенттік 

және омбылық өмірінің алғашқы ке-

зеңінде  маркстік  бағытта  тұрған  Б. 

саяси көзқарасы өзгерді. Ол қазақ да-

ласын отарлау саясатына білек сыба-

на  кіріскен  патша  өкіметімен  күрес 

жүргізу үшін әуелі бүкіл қазақ жұр-

тының  басын  біріктіруді,  сонымен 

бірге орыс қоғамының ішінде ресми 

билікке қарсы тұрған саяси күштерге 

сүйенуді алға тартты. Б. 1905 ж. қара-

шада  Мәскеуде  өткен  земство  және 

қала  қайраткерлерінің  сиезіне  қаты-

сты.  Сиезде  қазақ  халқының  жоғын 

жоқтап сөз сөйледі. Сөзінде ол қазақ 

халқының  тіл,  сайлау,  дін,  т.б.  бо-

стандықтары  мәселесін  көтерді.  Ол 

осы ж. «Халық бостандығы» (консти-

туциялық-демократиялық)  партия-

сының  мүшелігіне,  ал  1906  ж.  оның 

ОК-і  құрамына  енді.  Б.  конституци-

ялық-демократиялық  партияның  Қа-

зақстанда  бөлімшесін  ашуға  ынта 

білдірді.  1906  ж.  маусымда  Семейде 

өткен  қазақ  сайлаушыларының  си-

езінде  Б.  «Халық  бостандығы»  пар-

тиясының  бағдарламасын  қуаттап 

сөз сөйледі. Ол I Мемлекеттік думаға 

Семей облысының қазақтары атынан 

депутат болып сайланды. Бірақ, ол I 

Мемлекеттік Дума жұмысына қатыса 

алмады.  Өйткені  Б.  Дума  өз  жұмы-

сын бастаған кезде Дала генерал-гу-

бернаторының  негізсіз  жарлығымен, 

соттың  тергеуінсіз,  үш  ай  Павлодар 

абақтысында отырды. Ал абақтыдан 

шығып  Санкт-Петербургке  жеткен-

де,  Дума  патшаның  үкімімен  тара-

тылып,  оның  біраз  мүшелері  нараз-

ылық  актісін  қабылдау  үшін  Фин-

ляндияның  Выборг  қаласына  жүріп 

кеткен  еді.  Әлихан  да  солардың  ар-


Алаш қозғалысы

124


тынан аттанып, Выборг үндеуіне қол 

қойды.  Сол  үшін  жазаға  тартылып, 

Санкт-Петербург  сот  палатасының 

төтенше  мәжілісінің  шешімімен  3 

айға Семей түрмесіне жабылды. 1906 

ж. Омбыда шығатын кадеттік «Голос 

степи»,  «Омич»  және  «Иртыш»  га-

зеттерінде,  1908  ж.  Петербургте  жа-

рық көрген меньшевиктік «Товарищ», 

кадеттік «Речь», «Слово» газеттерін-

де редакторлық қызмет атқарды. Сол 

ж.  Самараға  жер  аударылып,  1909-

1917  ж.  аралығында  Дон  егіншілік 

банкі  бөлімшесінде  жұмыс  істеді. 

1917  ж.  кадеттер  партиясы  ОК-нің 

мүшесі  болды.  ХХ  ғ.  басындағы  қа-

зақ  қоғамының  саяси  және  рухани 

өмірі жарияланып тұрған «Қазақ» га-

зетін  ұйымдастыруда  және  оның 

жалпы  ұлттық  деңгейге  көтерілуіне 

зор  еңбек  сіңірді.  1914  ж.  маусымда 

Мемлекеттік  думадағы  мұсылман 

фракциясының  ұйымдастыруымен 

шақырылған  Бүкілресейлік  мұсыл-

ман  сиезіне  қатысты,  мұсылман 

фракциясы бюросының тұрақты мү-

шесі болды. 1-дүниежүзілік соғыс ж. 

майданның қара жұмысына алынған 

қазақ, қырғыз, өзбек, т.б. ел азаматта-

рына қажет түрлі көмек көрсету ісіне 

басшылық  жасады.  Осы  мақсатта 

1917  ж.  15  ақпанда  Минскідегі  зем-

ство  және  қала  одақтары  жанынан 

ашылған  бұратаналар  бөлімінің  ба-

стығы  қызметін  атқарды.  1917  ж.  20 

наурызда Уақытша үкіметтің Торғай 

облысы  комиссары  және  Түркістан 

кадетінің мүшесі қызметіне тағайын-

далды. Б. ескі патшалық биліктің ор-

нына келген Уақытша үкімет жағдай-

ында облыс басшысы дәрежесіне кө-

терілген  алғашқы  қазақ  болатын. 

Ұлттық  мемлекет  құру  Б.-ның  түпкі 

мақсаты болды. Ол Уақытша үкімет-

ке,  сондай-ақ,  кадет  партиясына  үл-

кен үмітпен қарады. Бірақ оның бұл 

үмітінің негізсіз екендігін көп ұзамай 

уақыттың өзі көрсетіп берді. Бұл Б.-

ның  кадет  партиясынан  шығуына 

алып  келді.  Оның  жетекшілігімен 

1917 ж. шілдеде бірінші жалпықазақ 

сиезі  өткізілді,  сондай-ақ,  «Алаш» 

партиясы  құрылды.  Б.  1917  ж.  күзі 

мен  қысында  мемлекеттік  бостан-

дыққа жетудің түрлі жолдарын қара-

стырды.  Г.Н.Потанин  бастаған  Сібір 

автономияшыларымен  қатынас  жа-

сап,  Сібір  автономиясы  құрыла 

қалған  күнде  Қазақстанның  оның 

құрамына  енуін  жақтады.  Бірақ, 

бүкіл империя көлемінде жағдайдың 

күн  өткен  сайын  шиеленісе  түсуіне 

байланысты,  бұл  пікірдің  іске  асуы 

екіталай еді. Міне, осындай жағдайда  

Б. мен Ахмет Байтұрсынұлы бастаған 

бір топ қайраткерлердің ұйымдасты-

руы бойынша 1917 ж. 5-13 желтоқсан-

да Орынбор қаласында қазақ мемле-

кеттігі  туралы  мәселе  қараған  жал-

пықазақ  сиезі  болып  өтті.  Сиездің 

күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәсе-

ле – кеңестік билікке қатынас жөнін-

де баяндаманы Б. жасады. Сиез қазақ 

облыстарын  бүліншіліктен  сақтау 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

125


мақсатында  уақытша  «Ұлт  Кеңесін» 

құрып,  оның  аты  «Алашорда»  бол-

сын  деген  шешім  қабылдады.  25 

орыннан  тұрған  бұл  үкіметтің 

төрағасы  болып  көпшілік  дауыспен  

Б.  сайланды.  Азамат  соғысы  баста-

лып  кеткеннен  кейінгі  кезеңде  Б. 

бастаған  Алашорда  өкіметі  кеңес 

билігіне  қарсы  күресіп,  ақ  казактар 

мен патша генералдарының жағында 

болды.  Большевиктер  партиясы 

ұсынған  бағдарламаны  қазақ  қоға-

мын  үлкен  апатқа  ұрындыруы  мүм-

кін эксперимент есебінде бағалап, ал 

қазақ коммунистерін орталық билік-

тің  қолшоқпары  ретінде  айыптады. 

1918-1919  ж.  аралығында  Алашорда 

жасақтары қызыл әскерге қарсы шай-

қастарға қатысты, кеңес билігін қол-

даған  қазақтарды  жазалады.  Кеңес 

өкіметі  1919-1920  ж.  аралығында 

Алаш  қозғалысына  қатысқандарға 

жариялаған 

кешірімнен 

кейінгі 

уақытта да  Б. өз принципіне сенімді 

күйде  қалды.  Кеңес  билігі  тұсында 

ол туған елі үшін белсенді қызметтен 

бас тартқан емес. 1920 ж. Қазақ АКСР 

Егіншілік  халық  комиссариаты  кол-

легиясының  мүшесі,  1922  ж.  ұлттар 

істері  жөніндегі  Халық  комиссариа-

ты  (Мәскеу)  жанындағы  Орталық 

баспаның ғылыми қызметкері, 1926-

1927  ж.  аралығында  Ресей  ҒА-ның 

ғылыми 


қызметкері 

болды. 


Өкініштісі, 

Сталин 


басқарған 

жоғарғы билік төңкеріске дейінгі қа-

зақ  зиялыларына,  оның  ішінде  Б.-ға 

сенімсіздік  танытты,  қоғамдық  қыз-

метін теріс бағалап, шектеп отырды. 

1925 ж. Қазақстандағы саяси билікке 

Ф.Голощекин  келгеннен  кейін  жүр-

гізген  оның  қоныс  аударушыларға 

кең  жол  ашу  саясатына  жол  бермеу 

үшін  қазақ  қожалықтарына  қажет 

жер  нормасын  анықтау  мақсатында 

КСРО  ҒА  жанынан  профессор 

С.П.Швецов  бастаған  экспедицияны 

құру  ісіне  белсене  араласып,  оның 

құрамына  өзі  де  енеді.  Қазақстанда 

қоныс  аударушыларға  жарарлық  ар-

тық  жер  жоқ  екендігін  ғылыми 

тұрғыда  негіздеп  берген  бұл  комис-

сияның  жасаған  тұжырымдары  мен 

ұсыныстары Ф.Голощекинге және ор-

талық мекемелерге ұнай қойған жоқ. 

1926 ж. Б.-ды Мәскеуден бақылаушы 

орындардың  рұқсатынсыз  шығып 

кеткені  үшін  ОГПУ  қызметкерлері 

Ақтөбеде  тұтқынға  алады  да,  кейін 

қайтарып,  Бутырка  абақтысына  жа-

бады. Бірақ оны 15 күннен соң шыға-

руға  мәжбүр  болады.  Зорлықшыл 

биліктің бұл қоқан-лоққысы күресте 

ширыққан  қайраткердің  жүрегін 

шайлықтыра  алған  жоқ  еді.  Келесі, 

1927  ж.  одақтың  Егіншілік  комисса-

риатында  ол  профессор  Швецов 

ұсынған  жер  нормасын  қорғап  сөз 

сөйлеп,  отаршыл  пиғылдағы  шене-

уніктерді  әшкерелеп  сынға  алды.  Б. 

1927 ж. 1 қазанынан бастап Мәскеу-

де,  ОГПУ  орындарының  бақылауы 

астында  тұруға  тиіс  болды.  Үкімет 

орындарының, жеке адамдардың оны 

Қазақстанда  тұрып,  қызмет  істеуіне 

рұқсат  сұрап  орталыққа  жасаған 

өтініштерінен нәтиже шықпады. 1928 

ж. және 1930 ж. екі мәрте Алаш қозға-

лысының  белсенді  қайраткерлері 

тұтқынға  алынып,  сотталғанда, 

ОГПУ  орындары  Б.-ды  бір-ақ  рет 

шақырып  түсінік  алумен  шектелді. 

ОГПУ орындарының Б.-ды да қамап 

қоймай,  сырт  қалдыруын  шамалап 




1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал