Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.
Pdf просмотр
бет16/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   69

Барлыбаев  Ахметолла  Ақтай-

ұлы (1880-1937) – мұғалім, 1911-17 ж. 

Павлодардағы 2 сыныпты орыс-қазақ 

училищесінде  сабақ  берген.  1911-14 

ж. осы училищеде Қ. Сәтбаев, Ж. Ай-

мауытов және т.б. білім алған. 1917-19 

ж.  Семейдегі  Алаш  қозғалысының 

жұмыстарына  белсене  араласқан. 

Екінші жалпықазақ сиезіне қатысқан. 

Түрксіб  темір  жолы  Кеңестік  халық 

комитетінің прокуроры болған (1920-

37), 1937 ж. қуғын-сүргін құрбаны. 

  «Басқосу  турасында»  мақала-

сы  –  Жұбекен  Тілеубергеновтің  «Ай-

қап»  журналында  1913  ж.  шілдесінде 

жарияланған  мақаласы.  Қалыптасқан 

жағдайда  қазақ  халқының  тағдырына 

байланысты қазақ сиезін шақыруға ар-

налған ең алғашқы мақалалардың бірі. 

«Қазіргі күнде қазақ халқына бас қосу-

ды, сиез ашуды бек керек деп білемін. 

Бұрынғы  заманда  үш  жүздің  баласы-

ның бас адамдары талай орында бас қо-

сып кеңесіп, тарқаған екен» деп баста-

латын еңбекте сиез ашу қазақтың қазір-

гі халін түзеуге, мұң-мұқтажын білуге 

және  қам  қылуға  пайда  етері  айтыла-

ды. Автор сиезді Орынборда шақырып, 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

111


жер, дін, Думаға депутаттар сайлау, т.б. 

мәселелерді көтеру қажеттігін жазған. 



Басмашылар  қозғалысы  –  1918-

1923 ж. большевизмге қарсы Орталық 

Азияда жүргізілген күрес немесе бас 

көтеру.  Басмашы  құбылысы  туралы 

Германияда тұрған түбi түркiстандық 

ғалым Баймырза Хаит былай деп жаз-

ды: «Басмашылар қозғалысы – түркi 

халықтарының  ежелден  басқыншы-

ларға, отаршылдарға жан берiп, жан 

алысқан  ұлт-азаттық  күресiнiң  заң-

ды жалғасы. Басмашылар – өздерiнiң 

төл  мемлекетiн,  ұлтын,  елiн,  жерiн, 

отбасы  мен  ошақ  қасын,  еркiндiгi 

мен  азаттығын,  адамдық  хұқы  мен 

бостандығын  қорғаған  патриоттар». 

Мұстафа Шоқай төмендегіше баға бе-

реді: «Басмашы» аталып жүргендер – 

көтерiлiсшiлер мен Түркiстанда орыс 

диктатурасына  қарсы  күресушiлер, 

Түркiстанды  құтқару  жолында  қан 

төгiп, жан пида етушiлер». Тағы бiр 

материалында  ол:  «Сұлтанбек  Қо-

жанұлы,  Рақым  Анғамұлы,  Қады-

рғалиұлы, Қасымұлы, Мәнен Разым, 

Бату,  Смағұл  Сәдуақасұлы  және 

басқа  да  ондаған,  жүздеген  «көне 

коммунистер»  Мәскеу  саясатының 

Түркiстандағы  өткiр  қарсыласына 

айналып отыр. Шын мәнiнде бұл да 

«басмашылықтың» басқа түрдегi бiр 

көрiнiсi»,-  деп  жазады.  Зәки  Уәлиди 

естелігінде:  «Басмашыларға  ұлттық 

мiндеттердi  түсiндiру  үшiн  дәйектi 

мәслихат жүргiзу қажет болды»,-деп 

жазады.  Ал  осы  жұмысқа  өзбек, 

башқұрт, қазақ, татар зиялылары қа-

тар  жұмылыпты.  Бұқарада  жүрген 

тұтқын  түрiк  офицерлерiне  әскери 

оқу  орнын  ашу,  жасақ  құру  тапсы-

рылыпты.  «1921  ж.  ақпанда  бiзге 

(басмашыларға)  түркiмен  адвокаты 

Какаджан Бердиев, Алаш Орда өкiл-

дерi  Хайретдин  Болғанбаев,  Мұх-

тар  Әуезов,  Дiнше  (Әдiлұлы)  және 

тағы  екi  азамат  келдi.  ...Т.Рысқұлов 

қатаң  бақылауда  жүргендiктен,  мен 

онымен  жүзбе-жүз  кездесе  алма-

дым.  Ал  басқа  үкiмет  және  партия 

қайраткерлерiмен Самарқандта және 

басқа да жерлерде жиi кездесiп тұр-

дым. Тұрардан хабарды Ташкенттегi 

башқұрт  сарбаздары  мен  Дiнше  жi-

гiттерi  арқылы  алып  отырдым»,-деп 

еске алады ол. Түрiк халықтарының 

азаттық жолындағы сансыз күресiнiң 

бiр  айғағы  болып  табылатын  Б.қ.-на 

қозғалысына  қазақ  азаматтары  да 

қатысты.  Д.Әдiлұлы  осы  қозғалысқа 

Балқаш  маңынан  қырық  жiгiттi 

ертiп  апарған.  З.У.Тоған  дерегiне  қа-

рағанда,  Мәскеу  әскери  училищесiн 

бiтiрген  Қалқаман  есiмдi  азамат  бiр 

топ  ұлтшыл  жiгiттi  бастап  Ақмола-

дан барған. Ол Зәки Уәлидидiң серi-

гi  ретiнде  жұмыс  жасаған.  З.У.Тоған 

Қалқаман  туралы  «ақылды,  ақын-

жанды  едi»  деп  жазады.  Сондай-ақ, 

Бүркiт есiмдi Шығыс Бұқарадағы тек-

тi  тұқымнан  шыққан  қазақ-есiкаға-

басы басмашыларға Түркиядан жәр-

демге  келген  атақты  Әнуар-пашаға 

көмекшi  болған.  Самарқанд  аймағы 

басмашыларының  көсемi  Ашылбек 

өзiн «түркiстандық найманмын» деп 

есептеген. Самарқанд облыстық рев-

комының  басшысы  қазақ  Абылай 

Серғазиев  Ашылбекке,  З.У.Тоғанға 

көп  жәрдемдескен.  Бiр  «қазақ  юрисi 

басмашылар қозғалысы тұсында тәу-

елсiз  Түркiстанның  конституциясын 

әзiрлептi» (Серікбай Ақайұлы болуы 

мүмкін). Қазақтың Б.қ.-на иек артуы 



Алаш қозғалысы

112


–  оған  құлай  сенгенiнiң  яки  мұны 

бiрден-бiр  жол  деп  есептегеннiң 

дәлелi  емес,  күрестiң  бiр  жолы  деп 

ойлағанының  дәлелi.  Сонымен  бiр-

ге басмашылар күресi – большевизм 

тұсындағы түрiк бiрлiгiн дамыту мен 

түрiк халықтарын сақтауға жұмылу-

дың айғағы.



  «Батыс  Алашорда»  -  алашта-

нушы  ғалым  М.Тәжімұраттың  2003 

ж.  Ақтөбе  қ.  жарық  көрген  кітабы. 

Еңбекте Алашорданың Батыс бөлімі-

не  қатысты  оқиғалар  және  Алаш 

қайраткерлері  Жанша  және  Халел 

Досмұхамедовтер, У. Танашев, Ә.Әлі-

беков,  Б.Бейсенов.  М.Бекімов,  Ғ.Бер-

диев,  Ғ.Есенғұлов,  Б.Жанқадамов, 

К.Жәленов,  М.  Жолдыбаев,  Ғ.Жет-

пісов,  Н.Ипмағанбетов,  А.  Кенжин, 

Д.Күсепқалиев, Е.Қасаболатов, С.Қа-

ратілеуов,  И.Қашқынбаев,  А.Мәме-

тов,  Хасан  Хазірет  Нұрмұхамедұлы 

және  т.б.  ғылыми  мәліметтер  беріл-

ген. Жинақ Батыс Алашорданы зерт-

теуде дереккөздік мәнге ие. 

Батыс  Қазақстандағы  1916  ж. 

көтеріліс  –  он  алтыншы  ж.  Қа-

зақстан  мен  Орта  Азиядағы  ұлт-а-

заттық қозғалыстың құрамдас бөлігі. 

Көтеріліс  бұрынғы  Бөкей  ордасын, 

Орал  облысы  және  Торғай  облысы-

ның Ақтөбе, Ырғыз уездерін қамты-

ды.  Бұл  өңірде  көтеріліс  Ресей  пат-

шасы  жарлығына  наразылық,  бо-

лыс  басшыларына,  тыл  жұмысына 

алынатындардың  тізімін  жасаушы-

ларға қысым көрсету түрінде бастал-

ды. Бірақ қазақ зиялылары халықты 

қантөгістен  сақтандыруға  күш  са-

лады.  Осы  мақсатта  Б.Қаратаев  пен 

Ж.Сейдалин  Ресей  Мемлекеттік  ду-

масының  төрағасына  арнайы  хат 

арқылы  тыл  жұмысына  адам  алуды 

1917  ж.  17  мамырына  дейін  тоқтата 

тұру  керектігі  жөнінде  ұсыныс  жа-

сады.  Қазақ  зиялылары  тыл  жұмы-

сына адам беруді жақтағанымен кей 

жерлерде  қуғын-сүргінге  ұшырады. 

«Қазақтарды  үкіметке  бағынбауға 

шақырды»  деген  айыппен  Бөкей  ор-

дасында Б.Құлманов жер аударылды, 

ал  С.Меңдешев  абақтыға  жабылды. 

Сөйтіп,  Батыс  Қазақстан  аумағын-

дағы  көтерілісшілер  саны  ұлғая 

түсті.  Бөкей  ордасы,  Орал  облысы, 

Темір  уезі  көтерілісшілері  жазала-

ушы әскерлермен қарулы қақтығысқа 

түсті.  Бөкей  ордасындағы  көтеріліс-

шілерге  И.Тайманұлының  немересі 

Өтепқали  Дінбаянұлы  жетекшілік 

етті.  Ақтөбе  уезінің  көтерілісшілері 

темір жолды бұзып, поездарға бөгет 

жасады.  Ырғыз  уезі  көтерілісшілері 

Ресей  өкіметін  мойындаудан  бас 

тартып,  өз  хандарын  сайлады.  Осы-

лай  шоқпар,  мылтықпен  қаруланған 

көтерілісшілерді  жазалаушы  әскер 

күшімен басты.



Байменше  Серікқали  Ердіға-

лиұлы  (18.02.1956  ж.  Ақтөбе  обл. 

Шалқар  ауд.)  –  1972  ж.  қазақ  орта 

мектебін  бітірген.  1972-1977  ж. 

С.М.Киров  атындағы  Қазақ  мемле-

кеттік  университетінің  журнали-

стика  факультетінде  оқып,  жоғары 

білім алды. 1977-1983 ж. Ақтөбе обл. 

«Коммунизм  жолы»  газетінде  тіл-

ші,  бөлім  меңгерушісі  болып  істеді. 

1983  ж.  республикалық  «Лениншіл 

жас»  газетінің  Қазақстанның  батыс 

обл. бойынша меншікті тілшісі. 1986 

ж.  «Коммунизм  жолы»  газеті  редак-

торының  орынбасары.  1989-1991  ж. 

С.М.Киров  атындағы  Қазақ  мемле-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

113


кеттік университетінің аспиранты, 

аға оқытушысы, Қазақстан КП ОК 

Баспасөз  орталығының  консуль-

танты,  Қазақ  ССР  Сыртқы  істер 

министрлігінің  екінші  хатшысы. 

1991-2007  ж.  бұрынғы  Жоғарғы 

Кеңесте, кейін Парламентте, Сенат 

аппаратында  жауапты  қызметтер 

атқарды.  2007-2012  ж.  Қазақстан 

Республикасының Ресей Федераци-

ясындағы  Елшілігінің  бірінші  хат-

шысы, кеңесшісі. Б. 2012 ж. Сыртқы 

істер  министрлігі  аппаратында 

басқарма  басшысы.  1995  ж.  канди-

даттық, 2004 ж. докторлық диссер-

тация  қорғаған.  Ғылыми  зерттеу-

лерінің негізгі бағыты – Б.Майлин 

шығармашылығы.  Осы  тақырып-

та  «Бейтаныс  Бейімбет»,  «Май-

лының  Бейімбеті»,  «Бейімбеттің 

сөзстаны»  және  т.б.  еңбектері  жа-

рық  көрген.  Алаш  қозғалысы  қай-

раткерлерінің  бірі  –  белгілі  ақын 

Кенжеғали  Абдуллиннің  өмірі  мен 

шығармашылығын зерттеуде. 

Бейсенғали 

Зейнол-Ғабден 

Қабиұлы  –  ғалым,  филология 

ғылымдарының  докторы,  профес-

сор.  1950  ж.  21  қаңтарда  Атырау 

облысы  Құрманғазы  ауданы  Алға 

ауылында  туған.  1972  ж.  Қазақ 

ұлттық  университетін  бітірген. 

1972-1978  ж.  Қазақ  радиосында 

редактор,  1985-1986  ж.  «Мектеп» 

баспасында  аға  редактор  қызмет-

терін  атқарған.  1986  ж.  Қазақ  ұлт-

тық  университетінде  оқытушы, 

доцент, профессор, 1999 ж. «ҚазҰУ 

хабаршысы»  ғылыми  журналы  бас 

редакторының  орынбасары,  2001 

ж.  кафедра  меңгерушісі.  Зерттеу 

жұмыстары, негізінен, қазақ проза-

сындағы шеберлік мәселелерін тал-

дауға  арналған.  «Сиқырлы  қалам» 

радиопьесасы, «Түнгі керуен» атты 

радиосценитровкасы бар. 



Бейсенов Бақтығали (1889 ж.т., б. 

Орал о., Ілбішін у., Қызылжар б., 5-а. 

Қ.Тайпақ  ауд.  –  25.ІІ.1938)  –  Батыс 

Алаш-Орда  қайраткері,  алғашқы  қа-

зақ дәрігерлерінің бірі. Әкесі Бейсен 

көзі  қарақты,  дәулетті  адам  болған. 

Болыстық орыс-қазақ мектебін, қала-

лық Романов орыс-қазақ училищесін, 

осы  училище  жанындағы  жоғары 

оқу  орнына  даярлайтын  қосымша 

класс  бітірді  (1901  ж.).  1902-1910  ж. 

Орал  реальдық  әскер  училищесінде 

оқыды.  Училище  оқушылары  Ғұмар 

Есенғұлов, Иса Қашқынбаев, Ықылас 

Шұғыловтармен  бірге  Бірінші  орыс 

революциясы  тұсында  «Фикер»  га-

зеті маңына ұйысқан Қазақ кадеттер 

партиясына ниеттес болды, осы үшін 

жандарм  бақылауына  ілікті.  1910  ж. 

тамызда Саратов университеті меди-

цина факультетінің І курсына қабыл-

данды. Университет қоятын талапқа 

сәйкес 1911 ж. Орынбор халық ағарту 

округінің сынақ алу комитетінде ла-

тын тілінен балалар гимназиясының 

8-класы  көлемінде  сынақ  тапсырып, 

оқуын  жалғастырды.  Бірінші  дүни-

ежүзілік  соғысқа  байланысты  оқу 

курсының  тоғыз  семестрін  мерзімі-

нен  бұрын  аяқтады.  Университет 

сынақ  комиссиясының  1917  ж.  30 

сәуірдегі  қорытындысымен  «дәрі-

гер»  атағын  алып  елге  келді.  Орал 

обл.  13-Қызылкүлгін  ауылдық-дәрі-

герлік  учаскесінде  дәрігер  болып 

істеді.  Болыстық,  уездік  дәрежеде 

земство  мекемелерін  құру  қызметі-

не  қатысты.  Інілері,  Орал  реальдық 



Алаш қозғалысы

114


әскер  училищесінің  түлегі  Ишанға-

ли  Бейсенов  Жымпитыдағы  Ойыл 

уәлаятының прапорщиктер мектебін 

бітіріп, штаб офицері болып қызмет 

етті,  Зепқали  Бейсенов  Ойыл  юнкер 

мектебін бітіріп, Алаш полкінде жүз-

басы  болды.  Б.А-О.  таратылғаннан 

кейін  Б.  1920  ж.  бастап  Орал  о-ғы 

Калмыков  уездік  денсаулық  сақтау 

бөлімінің меңгерушісі болып қызмет 

атқарды. 1924 ж. Жымпиты уезінде-

гі  Байғұтты  ауруханасының  меңге-

рушісі.  Одан  кейінгі  ж.  Жымпиты 

уездік  ауруханасында  дәрігер.  1937 

ж. тұтқындалып, 1938 ж. 25 ақпанда 

КСРО Жоғарғы Соты Әскери колле-

гиясы  үштігінің  қаулысымен  Орал 

қаласында  атылды.  1958  ж.  14  мау-

сымда  Орал  облыстық  соты  қаулы-

сымен ақталды.



Бекметов Мұхаммед-Мақсұт Ха-

мидоллаұлы (1883, бұр. Семей обл., 

Қарқаралы  уезі  –  1912,  Орынбор)  – 

қоғам  қайраткері,  публицист,  Алаш 

қозғалысына  қатысушы,  «Қарқара-

лы  құзырхатын» 

дайындауға 

қа-

тысқан. Қарқаралы 



мен  Омбыда  білім 

алған.  1900  жыл-

дан  бастап  Омбы 

п о ч т а т е л е г р а ф 

кеңсесінің  қызмет-

кері  болған.  Елін 

азаттыққа шақырған іс-әрекеті үшін 

1906 ж. тұтқынға алынып, Қазан қа-

ласына жер аударылады. Осы кезден 

өмірінің  аяғына  дейін  полицияның 

бақылауында  болады.  Саяси-әлеу-

меттік,  мәдени  танымдық  мазмұн-

дағы  мақалалар  жазып,  қазақ  және 

орыс  баспасөзіне  белсене  араласқан. 

Екінші рет тұтқындалып, Орынборға 

жер  аударылды.  1909  ж.  Санкт-Пе-

тербургте  шығатын  «Речь»  газетін-

де Семей түрмесінде азап шеккен А.

Байтұрсынұлына бостандық берілуін 

талап еткен мақаласы басылады. Сол 

ж. Қазан қаласында «Қазақ өлеңдері» 

атты жинағы жарық көрді. 



Бекмұхамедов  Шафқат  Мұқа-

меджанұлы – Алаш қозғалысы кезін-

де ұлтшылдық бағыт ұстанып, қозға-

лысқа қатынасқан азаматтардың бірі. 

Ол  1892  ж.  Бөкей 

ордасының  2-теңіз 

жағалауы  округін-

де  туған.  Өз  зама-

нында белгілі мем-

лекет  қайраткері 

болған.  1903-1912 

ж. арасында Астра-

хан  ерлер  гимназиясында  оқып, 

1916  ж.  Қазан  университетінің  заң 

факультетін  бітірген.  Оқып  жүрген 

кезінде  студенттер  қозғалысына  қа-

тынасқаны үшін оқудан шығарылып, 

кейін  қайта  қабылданады.  1916-1917 

ж. тыл жұмысына алынған қазақ жі-

гіттеріне  көмек  көрсету  мақсатын-

да  қазақ  зиялыларымен  бірге  Бело-

руссияда  болған.  1917  ж.  2-6  сәуір 

аралығында  Орынбор  қаласында 

өткен  Торғай  облыстық  қазақтары-

ның сиезінде төралқа, хатшы болып 

қызмет  атқарады.  1917  ж.  21  сәуірде 

Бөкей ордасының болыстар сиезінде 

төралқаның орынбасары болады. Қа-

зақ халқының өкілі ретінде ресей мұ-

сылмандар сиезіне қатынасады. Ала-

шорда  таратылған  соң  амалсыздан 

кеңес үкіметіне қызмет етеді. Ол Бө-

кей ордасының алғашқы жер комис-

сары, губерниялық жұмысшы-шаруа, 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

115


қызыл  әскерлер  кеңесінің  төрағасы 

болады.  1918  ж.  әскери  комиссар-

дың орынбасары, 1919 ж. қарашадан 

бастап Қазақ төңкерістік комитетінің 

мүшесі  болған.  1921  ж.  қыркүйек-

те  екінші  жалпықазақтық  кеңестер 

сиезінде  халық  комиссариаты  құра-

мына сайланады. Қазақ АКСР-і кон-

ституциясын әзірлеу комиссиясының 

мүшесі  болады.  Кейін  мемлекеттік 

кеңестік мекемелерде жұмыс істеген. 

1958 ж. қайтыс болған. 



Бекімов  Молданияз  (12.09.1882, 

б.Орал обл., Ілбішін уезі, Жақсыбай 

болысы,  24-ауыл,  қ.Қаратөбе  ауд., 

Аққазы а. - ө.ж.б.) – арнаулы білімді 

алғашқы 

қазақ 


о ф и ц е р л е р і н і ң 

бірі, 


этнограф, 

фольклорист,  ау-

дармашы,  Алаш 

қ о з ғ а л ы с ы н ы ң 

қайраткері.  Әкесі 

Бекім орта дәулет-

ті шаруа адам болған. .Б. ауыл мол-

дасынан  сауат  ашты,  Жақсыбай  бо-

лыстық төрт класты орыс-қазақ мек-

тебін бітірді. 1895-1902 ж. аралығын-

да  Орал  реальдық  әскер  учили-

щесінде оқыды. 1902 ж. 28 тамызда 

әскери қызметке өз еркімен тіленген 

бұратаналар  қатарында  Қазан  жаяу 

әскер  юнкерлері  училищесіне  қа-

былданып,  оны  1905  ж.  22  сәуірде 

подпоручик шенімен бітірді. 6-Либа-

ва жаяу әскер полкында, 130-Херсон 

жаяу  әскер  полкында,  8-Закаспий 

атқыштар полкында және 1-Ташкент 

резерв  батальонында  кіші  коман-

дир  (1905-1906  ж.),  Түркістан  әске-

ри  округі  штабында  офицер  (1906-

1908  ж.),  1-Түркістан  атқыштар  ба-

тальонында  командирлік  қызметте 

(1908-1910  ж.),  Жаркент  қаласында 

жайғасқан  21-Түркістан  полкында 

рота  командирі  (1910-1914  ж.).  1909 

ж.  поручик,  1913  ж.  штабс-капитан 

әскери атағы берілді. 1914 ж. бастап 

Бірінші дүниежүзілік соғысқа қаты-

сты. 1915 ж. қаңтар, ақпан айларын-

да екі рет жараланды. Сол ж. ерлігі 

үшін 4-дәрежелі «Святая Анна» ор-

денімен, 4-дәрежелі «Святой Влади-

мир» орденімен және «Белый орел» 

орденінің лентасы бар жылтыр қола 

медальмен  марапатталды.  1915-1916 

ж.  Ташқорған  гарнизонының  ба-

стығы.  1917  ж.  Ресейдің  Еуропалық 

бөлігінде  әскери  қызметте.  1917  ж. 

жазда Уақытша үкіметтің Түркістан 

комитетінің  мүшесі  О.Шкапский-

дің  қаулысымен  Жетісу  облысы-

на  шақырылып,  осындағы  Нарын 

уезінің  комиссары  болып  тағайын-

далды.  Уездің  12  болысы  бойынша 

1916 ж. дүрбелеңі тұсында Қытайға 

ауған  қырғыз  босқындарына  көмек 

комитетінің  жұмысына  қызу  атса-

лысты. Осы еңбегін Жетісу облысы-

ның комиссары М.Тынышпаев газет 

бетінде жоғары бағалады. («Қазақ», 

1917, № 255). 1917 ж. желтоқсандағы 

ІІ  Жалпықазақ  сиезінде  Уақытша 

Ұлт кеңесінің (Алашорда) мүшелігі-

не кандидат болып сайланды. 20-ж. 

РКФСР-дің  Шығыс  Түркістандағы 

(Қытай)  консулдығы  қарамағында 

қызмет  істеп,  30-ж.  басында  елге 

оралды.  Кейінірек  ағасы  Қожанияз-

ды  сағалап,  Башқұртстанға  қоныс 

аударды.  Осы  ж.  психологиялық 

депрессияға  ұшырады.  Кейінгі  ж. 

Орынбор облысы аумағындағы Жа-

лайыр елінде, сонан соң Златоуст қа-



Алаш қозғалысы

116


ласы  маңында  тұрған.  Бұдан  соңғы 

тағдыры  мәлімсіз.  Зайыбы  Софья 

Иосифовна  Амалдықова.  Соңында 

ұрпақ  қалғаны  жөнінде  дерек  жоқ. 

М.Б.  Пушкиннің  «Капитан  қызы» 

романының  дауыстап  оқуға  арнап 

ықшамдалған  нұсқасын  қазақшаға 

аударып, 1903 ж. Қазан қаласындағы 

Харитонов баспасынан араб әрпімен 

жеке  кітап  етіп  шығарды.  Н.Ката-

новтың «Қырғыздың (қазақтың) ха-

лықтық  эпосын  зерттеуге  қатысты 

материалдар»  деген  алғысөзімен 

«Известия  общества  археологии, 

истории,  этнографии,  при  Импера-

торском  Казанском  университете» 

атты  басылымда  (1904,  т.20)  Б.-тің 

ел  аузынан  жинаған  алты  ертегісі, 

«Орал  облысы  қазақтарының  үйле-

ну  салты»  деген  мақаласы  жария-

ланды. Сондай-ақ, ол ауыз әдебиеті 

нұсқаларын жинап, «Средняя Азия» 

жинағында  ертегілер  мен  аңыздар, 

«Туркестанский  курьер»  газетінде 

мақал-мәтелдер,  «Киргизская  степ-

ная  газета»  мен  «Тургайская  газе-

та»  беттерінде  ертегілер  бастырды. 

1909  ж.  «Қазақ  тілін  оқып,  үйрену-

ге  басшылық»  кітабы  жарық  көрді. 

«Айқап»  журналында  (1912,  №  1) 

«Қазақ халқы жайынан» деген мақа-

ла  жариялаған.  Россия  ҒА-ның  ака-

демигі С.Венгеров 1915 ж. өзінде-ақ 

Б.-ты  қазақ  халқы  жайында  жазып 

жүрген этнограф деп таныған. Б.-тің 

еңбектерін  Б.Кенжебаев,  М.Ғабдул-

лин,  Ә.Дербісәлин,  Б.Аманшин,  т.б. 

ғалымдар  мен  қаламгерлер  жоғары 

бағалаған. 

Бердалин Қабыш – Алаш қозға-

лысының  қайраткері.  1868  ж.  Пав-

лодар  уезінде  туған.  Белгілі  би  Қа-

занғап Сатыбалдыұлының немересі. 

1898  ж.  Алтыбай  болысының  биі. 

Бұдан соң 1917 ж. дейін осы Павло-

дар  уезіндегі  Қараоба  болысының 

биі.  1917  ж.  18  наурызда  Павлодар 

уездік  комитетінің  мүшесі.  Осы  ж. 

Екінші  жалпықазақ  сиезіне  А.Бар-

лыбаев  екеуі  Павлодар  уезінен  де-

путат  болып  сайланған.  1918  ж.  15 

ақпанында  Павлодар  уездік  қазақ 

сиезінде  Алашорданың  уездік  ко-

митетінің  төрағасы  болып  бірауыз-

дан сайланды. Бұл сиезге Алашорда 

жетекшілерінің  бірі  Міржақып  Ду-

латов  қатысқан.  1918  ж.  13-26  мау-

сымында  Павлодар  уездік  екінші 

қазақ сиезінде бес адамнан тұратын 

Алашорда  кеңесі  құрылды.  Кеңес 

төрағасы болып Қ.Бердалин сайлан-

ды.  Ол  басқарған  Алашорда  кеңесі 

идеологиялық  жұмыстармен  бірге 

Алашорда билігінің Кереку өңірінде 

орнауына нақты жұмыстар жүргізді. 

Мәселен,  Павлодар  уезінде  больше-

виктермен күресу үшін 150 жігіттен 

тұратын Алаш отряды құрылды. 1918 

ж. Уақытша үкімет тұсында қалалық 

Дума мүшесі, Семей облыстық зем-

ство басқармасының мүшесі сияқты 

қызметтер  атқарды.  Уақытша  Сібір 

үкіметі  мен  Алашорда  арасындағы 

байланыстардың қалыптасуына үлес 

қосты. Сондай-ақ, ол діни істерге де 

араласты.  Орталық  мұсылмандар 

басқармасының  ұсынысымен  діни 

әрі  беделді  тұлға  ретінде  мухтасиб 

қызметіне  ұсынылды,  Бүкілресей-

лік  мұсылман  сиезіне  қатысады.  Б. 

шығармашылықпен  шұғылданған 

адам  ретінде  де  белгілі.  Ол  Зата-

евичпен  жақсы  қарым-қатынаста 

болған.  Тарихи  деректерге  қараған-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

117


да,  Естай  Беркімбайұлына  ұстаз-

дық еткен. Б өлеңдер, әндер жазған. 

Оның  бірқатар  шығармалары  ҚР 

Ұлттық ғылым академиясының кіта-

пханасында сақтаулы. Кейбір әндері 

авторы көрсетілмей халық әндеріне 

айналған. 1928 ж. Б. Ақтөбе округіне 

жер аударылған. 1930 ж. Сібірге жер 

аударылады. 1935 ж. Кемеров облы-

сының  Тайга  стансасында  қайтыс 

болады. 

Бердиев  Ғұбайдолла  (1885  ж.т., 

б.Орал  обл.,  Гурьев  у.,  Қарашыға-

нақ  а.  –  1921)  –  Алаш  қозғалысы-

ның  қайраткері,  қазақтың  жоғары 

білімді  алғашқы 

мал  дәрігерлерінің 

бірі.  Әкесі  Есқали 

оқығаны  болма-

са  да,  тоқығаны 

мол  кісі  болған. 

Атасы 

Мүсірәлі 



Есбол 

өңірінде 

болыс  болған  белгілі  қайраткер. 

Мүсірәлінің үлкен ұлы Досжан Бер-

диев  Орынбордағы  Неплюев  кадет 

корпусының  алты  класын  бітірген, 

Гурьев  уезі  бастығының  тілмәшы 

әрі қазақ істері жөніндегі көмекшісі 

болды.  Ғ.Бердиев  Есбол  көшесінде-

гі «Қызыл үй» аталатын екі класты 

орыс-қазақ  мектебін  бітіргеннен 

кейін  ағасы  Досжанның  көмегімен 

Гурьевтегі орыс-қазақ Романов учи-

лищесін  тәмамдады  (1909  ж.).  Одан 

кейін  Орал  реальдық  әскер  учили-

щесінде  төрт  жыл  оқыды.  Учили-

щені  толық  аяқтамастан,  1903  ж. 

Қазан  малдәрігерлік  институтына 

түсті.  Қазақ  қаласындағы  жасырын 

социал-демократтар  партиясының 

мұсылмандар  ұясына  кірді.  1905  ж. 

9-қаңтарда  Қазандағы  студенттер 

ереуіліне  қатысты.  Осы  үшін  қуда-

ланып, 1905 ж. Оралға келді. Реаль-

дық училищеде қатар оқыған Б.Бей-

сенов,  И.Қашқынбаев,  Ғ.Есенғұлов, 

Н.Ипмағамбетов, 

Ш.Күсепқали-

евтармен,  Дерп  ветеринарлық  ин-

ститутының  студенті  Ғ.Арықовпен 

жақын  араласып,  пікірлес  болды. 

1904-1905  ж.  Б.Қаратаевтың  бас-

шылығымен Оралда «Қазақ консти-

туциялық-демократиялық  партия-

сы»  деген  атпен  қазақтың  кадеттік 

үлгідегі  тұңғыш  ұлттық  саяси  ұй-

ымын  құру  қозғалысына  белсене 

қатысты. 1905 ж. желтоқсанда Орал 

қаласында  Қазақстанның  бес  облы-

сының  өкілдерінің  қатысуымен  өт-

кен  басқосуда  осы  саяси  ұйымның 

Орталық  комитетінің  құрамына 

Б.Қаратаев,  И.Тоқберлиев,  Х.Досмұ-

хамедов,  М.Мұқановтармен  бірге 

енді.  «Фикер»  газетінің  1905  ж.  25 

желтоқсандағы  №  5-нөмірінде  «Қа-

зақ конституциялық-демократиялық 

партиясының программасын» жари-

ялауға  қатысты,  бағдарламада  көр-

сетілгендей,  Ресейде  монархиялық 

билікті шектеген, пұрсаты конститу-

циямен тұжырылған жаңа тәртіп ор-

натуды жақтады. «Фикер» газетінің 

1906  ж.  біріктірілген  5-6-нөмірінде 

«Кадеттер  партиясына  қосылушы 

қазақтардың  бастапқы  жиылысы» 

деген мақала жариялап, бас қосудың 

жай-жапсарын  кеңінен  байыптады, 

қазақ кадеттерінің қатарына әлдеқа-

лай Краузе дейтін банк басқарушы-

сы  еніп  кеткенін,  ол  қазақтардың 

өзін-өзі басқаруға деген талпынысы-

на жан-тәнімен қарсы шығып, қазақ 

кадеттерінің бүкіл саяси іс-әрекетін 


1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   69




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет