Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет15/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69

Байғурин (Байғарин, Байғораев) 

Әлжан  Махмұтұлы  –  Алаш  қозға-

лысының  қайраткері,  ғалым,  дәрі-

гер, педагог. Ол 1896 ж. 10 маусымда 

бұрынғы Торғай обл., Қостанай уезі, 

Дамбар болысында туған. 1910 ж. Қо-

станайдағы  орыс-қазақ  училищесін 

және  1916  ж.  реалдық  училищені, 

1925 ж. Ташкенттегі Орта Азия мем-

лекеттік университетін бітірген. 1917 

ж.  көктем-жазында  1-дүниежүзілік 

соғыс  кезіндегі  қара  жұмысқа 

алынған  қазақтар  арасында,  Минск 

түбіндегі Бұратаналар бөлімінде қы-

змет  істеді.  Бірінші  жалпықазақ  си-

езінде  Бүкілресейлік  мұсылмандар 

кеңесінің  («Ислам  кеңесі»)  мүшелі-

гіне сайланды. Торғай қазақтарының 

2-облыстық  (Ақтөбе,  1917,  20-25  та-

мыз)  және  Қостанай  қазақтарының 

уездік  (1918,  14-17  қазан)  сиездерін 

өткізуге  белсене  қатысты.  1920-1922 

ж.  Мәскеу  университетінің  медици-

на және қоғамтану факультеттерінде 

қатар оқып, 1922 ж. жазда Орта Азия 

университетіне  (Ташкент)  ауысты. 

1922-1925 ж. «Ақжол» газетінің бөлім 

меңгерушісі, 1925-1929 ж. Қостанай-

да  дәрігер,  1929  жылдан  Қазақ  АК-

СР-і Денсаулық сақтау халық комис-

сариатында және тубдиспансерде қы-

змет атқарды. 1931-1935 ж. Ленинград 

медициналық  институтының  аспи-

ранты,  1935-1937  ж.  Алматы  меди-

циналық  институты  клиникасының 

дәрігері,  кафедра  меңгерушісі  қыз-

метін  атқарды.  1937  ж.  желтоқсанда 

тұтқындалып, саяси қуғын-сүргіннің 

құрбаны болды. 



Байділдин  Әбдірахман  –  Алаш 

қозғалысына қатысушы, ХХ ғ. басын-

дағы  қоғамдық  жұмыстарға  белсене 

араласқан, қазақтың білімді де іскер 

ұлдарының бірі. Ол 1891 ж. қаз. Сол-

түстік Қазақстан обл., Аққайың ауд.-

да  туған  екен.  Ол  өз  замандастары-

ның алды болып білім алған. Ауылда 

оқып сауатын ашса керек. 1917 ж. Ом-

быдағы  Мұғалімдер  семинариясын 

бітіреді.  «Бірлік»  ұйымы  құрылған-

да  оның  белсенді  мүшелерінің  бірі 

болып,  хатшылық  қызмет  атқарады. 

Оқып  жүрген  кезінен  бастап  оны 

қазақ  қоғамының  әлеуметтік  мәсе-

лелері,  ұлтының  болашағы  толған-

дырады.  Оның  «Бірлік»  ұйымына 

белсене  қатынасуы  да  содан  болса 

керек.  Қоғам,  заман  туралы,  патша 

үкіметінің  саясаты  туралы  көп  ой-

ланады,  көп  толғанады.  Әлеуметтік 

істер  жөнінде  өзінше  пайым  жасай-

ды. Сөйтіп, шындыққа көз жеткізеді. 

1917 ж. ақпан төңкерісінен кейін Ақ-



Алаш қозғалысы

104


мола  облысында  Қазақ  комитетін 

ұйымдастырушылардың  қатарында 

қазақ  елінің  әлеуметтік,  қоғамдық 

ұйымдарын  қалыптастыру  ісінде 

елге көшбасшы болады. Қазақ коми-

тетін  ұйымдастыру  барысында  сая-

си жақтан толысып, елшілдік сезімі 

күшейеді.  Сөйтіп,  елдің  арқасүйер 

сенімді  арысына  айналады.  Б.  1919 

ж. Алашорда делегациясының құра-

мында  Уфа  мен  Самара  қалаларына 

барады. Онда кеңестік билікке қарсы 

күштер  бас  қосып,  Кеңес  үкіметі-

не  қарсы  тұрудың  жолын  қарасты-

ру туралы жиналыс өткізеді, Б. осы 

мәжіліске  қатысады.  Алашорда  та-

ратылған соң, 1920 ж. РК(б)П коми-

тетінің  мұсылмандар  секциясының 

төрағасы болып сайланады. Бір жыл-

дай  осы  жұмысты  істеген  соң,  1921 

ж.  Орынборда  Қазақ  автономиялық 

кеңестік  республикасы  жер  комис-

сариатының алқа мүшесі болып сай-

ланады.  Оған  қоса  «Еңбекші  қазақ» 

газетінің редакторы болып тағайын-

далады. Өзіне жүктелген бұл міндет-

терді 1922 ж. дейін атқарады. 1923 ж. 

Орал  облыстық  партия  комитетінің 

үгіт  және  насихат  бөлімінің  мүше-

сі,  «Қызыл  ту»  газетінің  редакто-

ры  болады.  1923-1925  ж.  Мәскеуде 

Орталық  баспаның  қазақ  секция-

сында  қызметкер  болады.  1925-1926 

ж.  Қазақ  өлкелік  БК  (б)  П  комитеті 

баспасөз  бөлімінің  меңгерушілігі-

не  көтеріледі.  1926-1928  ж.  Респу-

бликалық  оқу-ағарту  қызметкер-

лері кәсіподағының төрағасы болып 

тағайындалады.  Үкіметке  жақпаса 

керек,  кейін  қызметі  төмендетіліп, 

басшылық  міндеттен  босатылады. 

1929  ж.  Қазақ  педагогика  институ-

тында  оқытушы  болады.  1929  ж. 

басталған  қуғын  -  сүргін  кезінде 

тұтқынға  алынып,  екі  жылдай  қа-

мауда болады. 1931 ж. ату жазасына 

кесіледі. 

Байтақов  Бақытжан  (1898  ж.т., 

б.Орал о., Темір у., Ойыл к., - 1938) - 

Б.А-О. қайраткері. Орынбор орыс-қа-

зақ  мұғалімдер  мектебін  (семинари-

ясын)  «Халық  мұғалімі»  атағымен 

бітірген.  Ойыл  өңірінде  болыстың 

және қалалық орыс-қазақ мектептері 

мен училищелерінде мұғалім болып 

қызмет етті. Ойыл өңірі делегаттары 

құрамында 1917 ж. сәуірдегі І Қазақ 

Орал сиезінде Орал облыстық қазақ 

комитетін, сол ж. шілдедегі ІІ Қазақ 

Орал  сиезінде  жергілікті  земство 

управалары  мекемелерін,  1918  ж. 

ақпандағы  ІІІ  Қазақ  Орал  сиезінде 

Жайық  сырты  қазақтары  облыстық 

земство  басқармасын,  сол  ж.  мамы-

рдағы ІҮ Қазақ Орал сиезінде Ойыл 

облыстық  Уақытша  үкіметін  (Ойыл 

уәлаяты үкіметін) сайлауға қатысты. 

1917  ж.  қарашада  Ойыл  бекінісінде 

өткен Жайық сырты қазақтары өкіл-

дері  кеңесіне  қатысушы.  Жымпиты 

сиезінің  қарарымен  Ойыл  облысы-

ның  (уәлаятының)  орталығы  болып 

белгіленген Ойыл бекінісінде үкімет, 

земство  мекемелерін  жайғастыру 

және т.б. Темір, Елек, Гурьев уездері 

шегіндегі Қиыл, Қарағанды, Құлын-

ды,  Жетікөл,  Жекенді,  1-Ойыл, 

2-Ойыл,  Қазбек,  Ақшатау,  Ақжал, 

Бестөбе,  Қарашағыр,  Жиренқұдық 

қазақ  болыстары  мен  Новокале-

динск,  Веселоводск,  Преображенск, 

Романов,  Шипов  орыс  болыстары 

есебінен  Ойыл  облысына  қарасты 

Ойыл  уезін  құру  ісімен  шұғылдан-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

105


ды.  Ойыл  уездік  сотының  төраға-

сы  болып  істеді  (1918-1919).  Майдан 

шебі  Ойыл  жеріне  ауысқан  1919  ж. 

аяқ шенінде жергілікті халықтың те-

кетірескен күштерден зардап шекпе-

уін  қадағалады.  Сол  ж.  қарашаның 

ортасында Ойыл бекінісін Қызыл ар-

мияның 3-Татар атқыштар полкі мен 

1-Кавбригадасы  алған  соң  Н.Қалме-

нов,  Ғ.Есенғұловтармен  бірге  Б.А-О. 

үкіметі  атынан  алғашқылардың  бірі 

болып  Кеңес  жағына  шығу  әрекет-

терін  жасады.  Татар  полкі  коман-

дирлерінің  Қызыл-Қоғадағы  Б.А-О. 

үкіметіне ұсынысы бойынша екі ара-

да  жүргізіле  бастаған  келіссөздерге 

қатысты.  1-желтоқсанда  басталған 

келіссөз  нәтижесінде  Қызылқоға-

да  тұрған  Елек  казак  корпусына  екі 

жақтан  бір  уақытта  соққы  беру  ту-

ралы келісімге келуде Ойыл мен Қы-

зыл-Қоға  ортасындағы  казак  әскери 

бөлімшелері  жайынан  толық  нақты 

мағлұмат  бере  білген  Б.  едәуір  рөл 

атқарды. Ол Б.А-О. үкіметі мен Кеңес 

басшылығы арасындағы алыстан ар-

басқан,  сенімсіздікке  толы  күрделі 

келіссөздер  тарихының  Қызыл-Қоға 

– Ойыл кезеңінің негізгі, екінші бөлі-

гінде  де  айтарлықтай  еңбек  сіңірді. 

1919  ж.  19  желтоқсанда  Н.Қалмено-

впен  бірге  Ойылдағы  3-Кавдивизия 

штабына  Б.А-О.  үкіметінің  10  жел-

тоқсан  күні  Қызыл-Қоғада  өткізген 

кеңесінің  қаулысын  әкеп  тапсырды. 

Соның  нәтижесінде  20  желтоқсанда 

Түркістан майданының қолбасшысы 

М.Фрунзе Б.А-О. үкіметімен арадағы 

келіссөзді  бұрынғыдан  нақтырақ 

жүргізуге бұйрық беріп, өзіне Б.А-О. 

делегаттары  келгенін  В.И.Ленинге 

хабарлады. Ол делегациямен арадағы 

келіссөз  әсерімен:  «Б.А-О.  үкіметі 

әскери жағынан әлсіз, бірақ олардың 

бізге берілуінің саяси және экономи-

калық астары күшті – сонда Каспийге 

дейінгі қазақ даласы біздің қолға кө-

шеді», - деген пікір түйді. 23-желтоқ-

санда Б. Н.Қалменовпен бірге Ақтөбе 

қаласына келіп, Қызыл-Қоғада өткен 

кеңес қаулысын осындағы Қызыл ар-

мияның  уәкілетті  өкілі  Лежава-Мю-

ратқа,  Қазәсревком  мүшелері  Ә.Әй-

тиев пен Б. Қаралдинге де табыстады, 

сәл бұрынырақ Ойыл уездік сотының 

мүшесі  С.Шектібаев  ауызша  айтқан 

хабардың  дұрыс  екендігіне  олардың 

көзін  жеткізді.  Соның  нәтижесінде 

Лежава-Мюрат  пен  Қазәсревком  мү-

шелері  «Алаш-Орданың  бүкіл  пәр-

менді  күштері  өлкені  басқару  орган-

дарының  қатарына  қосылатындығы» 

жөнінде  Б.А-О.  үкіметі  үшін  айрық-

ша  маңызды  шешім  қабылдап,  бұл 

шешімді  делегация  хат  түрінде  1920 

ж. 3 қаңтарда Қызыл-Қоғаға жеткізді. 

Б.А-О.  үкіметінің  бұған  толық  қосы-

латындығын  білдірген  және  өзінің 

Қазәсревкоммен  бірге  өлкені  басқару 

жүйесін  ретке  келтіруді  кезек  күт-

тірмес іс деп білетіндігі туралы ұсы-

ныс-пікірлері толық баяндалған 1920 

ж. 5 қаңтардағы маңызды жауап хатын 

табыстау міндеті де Б. - ға жүктелді. 

Осы келіссөз нәтижесінде Қызыл ар-

мия  мен  Қазәсревкомның  уәкілетті 

өкілдері Наумов пен Бегімбетов және 

Б.А-О.  үкіметі  мүшелері  қатысқан  11 

қаңтардағы  бірлескен  Қызыл-Қоға 

мәжілісінде Б.А-О. үкіметін Қазәсрев-

комға,  әскери  бөлімшелерін  3-Татар 

полкіне қосу, Қызыл-Қоғада арасында 

А-О. мүшелері бар Әскери бөлім құру 

туралы  Б.А-О.  үшін  қолайлы  шешім 



Алаш қозғалысы

106


қабылданды.  Әскери  бөлімге  1919  ж. 

20  желтоқсанға  дейін  Кеңес  жағына 

шыққан  алашордашылар  (А.Кенжин, 

М.Ғалиев,  т.б.)  кірді.  Осы  қатардағы 

Б.Б.-да  Ойыл  өңірінде  шаруашылық 

ісін  қалпына  келтіру  жұмысына  ара-

ласты.  1920  ж.  ақпанда  Мәскеуден 

Ойылға  келген  Берковскийдің  Жем 

(Ембі)  кәсіпшіліктерінен  орталыққа 

мұнай тасу жөніндегі арнаулы экспе-

дициясына  қолғабыс  беру,  аудандық 

мұнай  тасымалдау  басқармаларын 

құру,  мұнай  таситын  керуендер  жа-

сақтау  ісіне  қатысты.  Орал  губерни-

ялық партия комитеті жіберген Кир-

пичников,  Шнейдерман,  Финогенов 

сияқты  шовинистік  пиғылдағы  қыз-

меткерлердің жергілікті оқығандарды 

шетқақпайлауына,  Ойыл  уезін  Темір 

уезіне  немесе  жаңадан  құрылмақшы 

Адай уезіне қосу, сөйтіп б. Б.А-О. ор-

талығының  маңызын  әдейі  кеміту 

пиғылдарына қарсы тұрды. 1920-1921 

ж.  Ойыл  уездік  атқару  комитетінің 

еңбек  бөлімінде  қызмет  істеді.  1921 

ж. қыркүйекте С.Меңдешев пен М.-Х.

Мырзағалиевтің  ұсынуымен  РК(б)П 

Қазақ  облыстық  комитеті  Президиу-

мы  қабылдаған  шешім  бойынша  об-

ком жанындағы кеңес-партия мектебі-

не оқытушылыққа шақырылды. 1921 

ж. аяқ шенінде ағасы, халық мұғалімі, 

ойыл  уездік  атком  төрағасы  Ерғазы 

Байтақов  офицер  Далматовтың  Ата-

ман  полкінің  қолынан  қаза  тапты.  Б. 

1925-1935 ж. аралығында өлкелік дең-

гейдегі әртүрлі жауапты қызметтерде 

болды. 1935-1936 ж. БК(б)П Оңтүстік 

Қазақстан  облыстық  комитеті  ұйым-

дық-партия  бөлімінің  меңгерушісі. 

1936  ж.  тамыз  айынан  Қостанай  об-

лыстық атқару комитетінің төрағасы, 

ҚК(б)П  Орталық  Комитетінің  мүше-

сі. 1937 ж. партия қатарынан, сол ж. 26 

қазанда  ҚК(б)П  ОК  ІІІ  пленумының 

қаулысымен «халық жауы» деген ай-

ыппен ҚК(б)П Орталық Комитеті мү-

шелігінен шығарылып, ісі ІІХК орга-

нына тапсырылды. Осы оқиғадан кей-

ін  өзіне-өзі  қол  салды.  ІІХК  қызмет-

керлері ауыр жаралы күйінде тұтқын-

дап, алып кетті. КСРО Жоғарғы соты 

Әскери  коллегиясының  қаулысымен 

1938 ж. ақпанда атылды. Сол шамада 

туысқандары да қуғындалды – Батыс 

Қазақстан  облысы,  Қаратөбе  ауда-

нында  тұратын  Бисенғали  Байтақов 

1938  ж.  атылды,  Темірғали  Байтақов 

20 жыл мерзімге бас бостандығынан 

айрылды. 



Байтасов  Абдолла  (1901,  Ақмо-

ла  губ.  Петропавл  уезі  Ортақшыл-

дар  болысы,  қаз.  Ғ.Мүсірепов  ауд. 

Шұңқыркөл  а.  –  1941,  Қырғызстан, 

Фрунзе 

(Бішкек 


қ.) – қоғам қайрат-

кері,  Алаш  қозға-

лысына қатысушы. 

1917  ж.  Омбыдағы 

мұғалімдер  семи-

нариясын  бітірген. 

Алаш  қозғалысын 

қолдап,  Қазақ  комитеттерін  құруға 

қатысқан.  1921-1923  ж.  Петропавл 

қаласында  «Бостандық  туы»  газеті 

редакциясында  жұмыс  істеген.  Кей-

іннен  «Жас  Алаш»,  «Жас  қайрат», 

«Еңбекші  қазақ»  газеттерінің  бел-

сенді  авторларының  бірі.  1923  ж. 

Ташкенттегі  жұмысшы  факультеті 

мен Қазақ халық ағарту институтын-

да қызметте. 1924-1927 ж. Орта Азия 

мемлекеттік  университеті  шығыста-

ну  факультетінде  білім  алған.  1928 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

107


ж.  «Ақ  жол»  газеті  редакциясының 

ғылым-техника  бөлімінде  меңге-

руші.  Алаш  қайраткерлерімен  бірге 

«Алқа» әдеби ұйымын құруға қаты-

насқан. Бастауыш сыныптар үшін оқу 

бағдарламасын жасап, «Тіл тарихы», 

«Халықтың ауызша мәдениеті», «Өлі 

табиғат»  кітаптарын  жазған.  1929 

ж.  Ташкентте  тұтқындалған.  Ал-

маты,  Мәскеу  түрмесіне  қамалған. 

1930 ж. 4 сәуірде ОГПУ «үштігінің» 

шешімімен А.Байтұрсынұлымен Ар-

хангельскіге  жер  аударылған.  1939 

ж. рақымшылық бойынша азаттыққа 

шығарылады.  Фрунзе  қаласында 

оқытушы.


Байтұрсынұлы Ахмет  (05.09.1872, 

қазіргі  Қостанай  обл.  Жангелдин  а. 

Сарытүбек жері – 1938 ж. Алматы) – 

Алаш қозғалысының көсемі, ұлттық 

ғылымның  негізін 

салушы,  ақын,  ау-

дармашы.  1884  ж. 

ауыл 


мектебін, 

1891  ж.  Торғай-

дағы 

орыс-қы-


рғыз  училищесін, 

1895  ж.  Орынбор-

дағы  мұғалімдер  мектебін  бітіріп, 

өз  бетінше  көп  білім  жиған.  1895-

1909  ж.  Ақтөбе,  Қостанай,  Торғай 

уездерінің  мектептері  мен  учили-

щелерінде  мұғалім  болады.  1909  ж. 

патша өкіметінің шет ұлттарға қарсы 

әрекетіне көзқарасын білдіргені үшін 

Семей  абақтысына  жабылады.  Мұн-

да ол 1910  ж. басына дейін отырады.  

1910-1913  ж.  ағартушы  қатаң  бақы-

лау  жағдайында  болады.  1913-1917 

ж.  әйгілі  «Қазақ»  газетінің  редакто-

ры  қызметін  атқарады.  Осы  шақта 

ағартушы ұлттық Алаш  қозғалысын 

жандандыруға  атсалысады.  Алаш 

партиясы  құрылатын  І  жалпықазақ 

сиезінің  де,  Алаш  автономиясы  жа-

рияланатын    ІІ  жалпықазақ  сиезінің 

де  ұйымдастыру  және  өткізу  жұ-

мысына  белсене  қатысады.  І  сиезде 

негізгі  мәселелер  бойынша  хатшы 

болса,  ІІ  сиездің  шақыру  комисси-

ясына  енді.  1917  ж.  14  желтоқсан-

да  Орынборда  Алаш  партиясының 

Торғай облыстық комитеті ашылып, 

қайраткер төраға (Ә.Бөкейхан) орын-

басары болып сайланады. Ұлт кеңесі 

құрылатын  ІІ  сиезде  Оқу-ағарту  ко-

миссиясын  басқарады.  1919  ж.  ұлт-

тың  болашағы  үшін  кеңестер  шебі-

не  шығып,  Өлкелік  әскери  төңкеріс 

комитетінің  мүшесі  болады.  Жаңа 

өкiметпен  мәмiлеге  келу  туралы 

алғашқы ойын А.Б. Мәскеуде шыға-

тын  “Жизнь  национальностей”  га-

зетiнде жариялады (03.08.1919). Мәмi-

легерлiк ойды тиянақтаған “Төңкерiс 

және  қазақтар”  (“Революция  и  кир-

гизы”)  атты  мақаласында  қайраткер 

Алаш  пен  большевизм  арасындағы 

күрделi  түйiндi  шешпек  болады. 

“Ақылға салайықшы, кiмнiкi дұрыс, 

кiмнiкi бұрыс?” деген iзгi ойын ашық 

жазады.  “Большевиктер  қазақ  қай-

раткерлерiнiң  қызметiн  заңсыз  деп 

тауып, әрқайсысының басын алғанға 

25 мың рубльге дейiн ақша тағайын-

дады. Алаш Орда Орталық өкiметпен 

тiкелей  байланысқа  шығып,  келiс-

сөз  жүргiзбек  болды.  …Жобаға  жа-

уап болмады. Ол жоба кеңес өкiметi 

жариялаған  “Ресей  халықтарының 

хұқы”  Декларациясының  шеңберiн-

де  жасалған  едi.  …Бiз  әрi  қарай  не 

iстерiмiздi бiлмедiк”,- дейдi А.. Ағар-

тушы,  сондай-ақ,  қазақ  зиялылары 



Алаш қозғалысы

108


қиын кезде әрқашан сарабдал ақылға 

иек  артып,  бейбiт  шешiм  жағын-

да  болғандығын  ескертедi.  Аталған 

мақаланың  айрықша  жеңiсi  –  жаңа 

өкiмет  басшылығына  (“Жизнь  на-

циональностей”  газетi  –  ұлт  iстерi 

комиссариатының  үнi)  қазақ  халқы-

ның  төңкерiстi  қалай  қабылдағанын 

дәлелдi  түрде  жеткiзуi  және  болше-

визмнiң  қағидаларындағы  қателiк-

тердi  ұғындыруы дер едiк. Осы орай-

да А.Б. былай деп жазды: “Қазақтар 

ақпан өзгерiсiн зор қуанышпен, ал қа-

зан төңкерiсiн зор қорқынышпен қар-

сы алды. Алғашқысының қуанышты 

болатын  себебi:  бiрiншiден,  ол  ха-

лықты патшалық езгi мен зорлықтан 

құтқарды,  екiншiден,  елдiң  ежелден 

келе  жатқан  өзiн-өзi  билеу  арманын  

жүзеге  асыруға  деген  үмiттi  бекем 

еттi.  Екiншiсiнiң  түсiнiксiз  болаты-

нын дәлелдеу оп-оңай: қазақта капи-

тализм  де,  таптық    жiктелiс  те,  же-

кеменшiк  те  жоқ.  Мұнда  ел  мүддесi 

ортақ, игiлiк ортақ. Теория жүзiндегi  

социализм  мен  коммунизм  туралы 

бiз  ойланған  емеспiз,  өйткенi  тiптi 

патша өкiметi тұсында орыс тектi жұ-

мысшылар мен крестьяндар иеленген 

азаматтық хұқық қазақта iс жүзiнде 

болған  емес”.  Ағартушы  мақаласы-

ның түйiнi мынау: 1. жаңа өкiметтiң 

ұраны – iзгi, көздегенi – теңдiк болса, 

ол бәрiн тең дәрежеде -  шындықпен 

орайлас құрсын; 2. теория – тәжiри-

бенiң  арқасында  ғана  теория,  ол  қа-

тып-сембеуi керек, ендеше көп ұлтты 

мемлекет  құру  қисыны  негiзгi  ұлт-

тардың сұранымы мен мүддесiн еске-

руi  қажет.  А.Байтұрсынұлы  1920-

1921  ж.  Халық  ағарту  комиссары 

қызметін  атқарады.  1920  ж.  ол  ба-

сында «Ұшқын» газетінің, кейіннен 

аты  «Еңбек  туы»  боп  өзгерген  осы 

басылым  жалғасының  алқа  мүшесі 

болды. Осы ж. желтоқсанда Әлихан, 

Смағұл,  Жүсіпбек,  Хайретдиндер-

мен  бірге  «Қазақстан»  мемлекеттік 

баспасының  сарапшылар  алқасына 

енді.  1921-1922  ж.  Қазақ  халыққа 

білім  беру  институтында  (КИНО) 

ұстаздық  етеді.  Алаш    зиялылары-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

109


ның  патша өкiметi мен большевизм 

тұсындағы  тактикалық  әрекетін 

–  ұлттық  мүдде  принципi  деуге  не-

гіз  бар.  Төңкерiс  пен  Алаш  арасын-

дағы  “Қытай  қорғанын”  соңғысы-

ның  теңдiгiн,  мүддесiн  сақтай  оты-

рып қалай алып тастауға болатынын 

талқылаған 

А.Байтұрсынұлының 

бiр  елеулi  еңбегi  -  “Қалам  қайрат-

керлерiнiң  жайынан”  («Еңбекшіл 

қазақ» газеті, 08.07.1922). А.Б. – ағар-

тушы  күрескер.  Сондықтан  ол  жаңа 

өкiметке  және  рухани  мәселелердi 

саралауға  қабiлетi  аз  саясаткерлерге 

қазақ  қаламгерлерiнiң  қайдан  және 

қайтiп  шыққанын  қарапайым  тiл-

мен,  ретiмен  тәптiштеудi  артық  са-

намайды (ол шақта айрықша қазақша 

материалдар  билiк  басындағы  тiлдi 

бiлмейтiндерге аударылып берiлген). 

Қайраткер былай деп жазады: “1. Қа-

зақ  қалам  қайраткерлерi  орыстың 

қорлық  көрген, таяқ жеген, орыстың 

табанында  езiлген  жұрттан  туған; 

2.  Қазақ    қалам  қайраткерлерi  қазақ 

басына қиын-қыстау бар заман түсiп, 

үстiн  торлап,  қайғы  бұлты  қаптаған 

шақта  шыққан”.  Ағартушы  билiк 

басындағыларға  мынаны  ұсынады: 

1. қазақтың өз iшiн теңестiру – елге 

“жiк салу”, одан гөрi мәдениетiн өзге 

ұлттармен теңестiру қажет; 2. үкiмет 

“мәдениетi  жетiлгенше  қазақты 

басқалардың    зорлығынан  қорғауы” 

жөн;  3.  “қазақ  жем  болудан  түбiнде 

декрет қуатымен құтылмайды, мәде-

ниет қуатымен құтылады”; 4. “үкiмет 

мiндетi  -  қазақ  қаламгерлерiн  өзге 

жұмыстан алып, өз жұмысына салу”. 

Әрине,  ағартушы  бұларды  билiк 

тұтқасындағыларға ультиматум етiп 

қоймайды (жағдай мәлiм). Ұсынысты 

жеткiзу барысында “қазақтың жақсы 

болмағына сен де мүдделi болсаңшы” 

дейдi... А.Б. 1922-1925 ж. ХАК Ғылым 

комиссиясын  басқарады.  1926-1929 

ж.  Ташкенттегі  Қазақ  педагогика 

институтында,  Алматыдағы  Қазақ 

мемлекеттік  педагогика  институ-

тында  қызмет  атқарады.  Ағартушы 


Алаш қозғалысы

110


қайраткер  ғалым,  жаңа  отандық 

ғылымның  көшбасшысы  ретінде  қа-

лыптасты. Әдеби қызметі де қайрат-

керлігімен  біртұтасып  кеткен.  1909 

ж.  шыққан  «Қырық  мысал»,  1911  ж. 

жарияланған  «Маса»  жинақтары  ха-

лықты оятуға себепші болды. Ғалым-

ның «Оқу құрал» (1912), «Тіл құрал» 

(1914), «Әліпби» (1924), «Әдебиет та-

нытқыш» (1926), «Баяншы» (1926) ең-

бектері ұлт филологиясының негізін 

қалады.  Ол  1926  ж.  Бакуде  өткен  ІІ 

Түріктану  сиезіне  қатынасты.  Саяси 

себеппен 1929 ж. тұтқындалып, жер 

аударылды. 1937 ж. тағы да ұсталып, 

1938 ж. нақақ атылды. 



  «Балапан»  журналы  –  Омбы-

дағы  «Бірлік»  жастар  ұйымының 

1916-1918  ж.  жариялап  тұрған  қол-

жазба әдеби журналы. Редакторы – Қ.

Кемеңгерұлы.  М.Жұмабайдың  «Ба-

лапан» қанат қақты» атты аллегори-

ялық әңгімесі осы басылым туралы. 

Бұл  журнал  жөнінде  С.Сәдуақасұлы 

«бірыңғай  беллетристика  жариялай-

тын  басылым»  деп  көрсетеді.  Қ.Ке-

меңгерұлының  «Қазақ  тарихынан» 

атты  зерттеуінде  «Балапанның» 

1917  ж.  5-санынан  үзінді  келтіріл-

ген. Мұнда қоғамның ауыр халі ащы 

сыналады.  Бұл  журнал  Алашқа  ты-

ныс  болған  жас  толқынның  қалам 

тәжірибесін шыңдаған мектеп болып 

тарихқа енді.



Баржақсин Ахмет (Ақмола облы-

сы Атбасар уезі, Жезді болысы – 1935, 

Омбы) – қоғам қайраткері, ауыз әдеби-

еті  үлгілерін  жинаушы,  аудармашы. 

1920 ж. Ақмола уездік ревкомы қазақ 

бөлімінің, 1921 ж. Ақмола губерния-

сы атқару комитетінің, губерниялық 

ауыл кооперация одағының басқарма 

мүшесі, 1923-24 ж. Қазақ Тұтынушы-

лар одағының төрағасы, 1925 ж. ОАК 

жанындағы  Ұлт  бюросының  нұсқа-

ушысы, 1928 ж. Ақтөбе облысы ауыл 

шаруашылығы банкінің меңгерушісі 

болды.  1928  ж.  желтоқсанда  боль-

шевиктердің  партиясы  қатарынан  өз 

еркімен  шықты.  Осыдан  кейінгі  ж. 

бірнеше рет жер аударылып, 1935 ж. 

ОГПУ  «үштігі»  ату  жазасына  кесті. 

Әлеуметтік  төңкерістер  заманында 

өмір сүрген Б. өзінің қысқа ғұмырын-

да  артына  мол  әдеби,  ғылыми  мұра 

қалдырды. 




1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал