Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет14/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69

Алаш қозғалысы

96

атты әскер полкін жасақтау мен жа-



рақтау  ісіне  атсалысады.  Бұл  шақта 

қайраткердің  қаламгерлігі  де  таны-

ла  бастайды.  С.Сәдуақасұлы  1919  ж. 

орыс тілінде жарияланған «Киргиз-

ская литература» атты очеркінде оны 

болашағынан үміт күттіретін қалам 

иесінің  қатарында  атайды.  Кеңес 

билігі  толық  орнаған  соң,  қайрат-

кер  амалсыз  жаңа  қызметке  кіреді. 

Қарқаралы уездік оқу бөлімінің мең-

герушісі,  әдіскер-нұсқаушы,  педа-

гогикалық  техникум  оқытушысы, 

мектеп  мұғалімі  жұмыстарын  атқа-

рады.  1926  ж.  кеңестердің  Қарқара-

лы  уездік  сиезінде  атқару  комитеті 

төралқасына мүшелікке өтеді. 1920-

1928  ж.  аралығында  Қарқаралыға 

қарасты Бесоба, Милыбұлақ, Қу т.б. 

ауылдарда мектеп, қызыл отау ашуға 

атсалысады.  1930  ж.  М.Жұмабай-

ұлының  шақыруымен  Петропавлға 

қоныс  аударып,  осындағы  ауылша-

руашылығы  техникумында  ұстаз-

дық етеді. 1933 ж. «Кеңес өкіметіне 

қарсылық  көрсеткен»  деген  айып-

пен  10  жылға  сотталды.  Бірақ  жа-

зықсыз  күйгені  туралы  Мәскеудегі 

Қызыл  крест  қоғамына  (басшысы 

М.Горькийдің  әйелі)  өтініш  түскен 

соң,  екі  жылдан  кейін  мерзімінен 

бұрын  босатылады.  Абақты  аза-

бынан құтылып, Қарқаралыға келіп, 

Бесоба  мектебінде  мұғалім  болады. 

Осында  жүрген  жерінен  1937  ж.  17 

наурызда  «үштіктің»  шешімімен 

қайта ұсталып, сол ж. 17 қыркүйекте 

нақақ атылады.

Әнес  Ғарифолла  –  тілші-ғалым, 

Қазақстан  Журналистер  одағының 

мүшесі  (1992).  ҚазМУ-ды  бітірген 

(1979).  1957  ж.  Құрманғазы  ауд., 

Балқұдық  а.-да  туған.  ҚР  ҰҒА-ның 

Тіл білімі институтында ғылыми қы-

зметкер  (1980  жылдан),  «Ана  тілі» 

газетінде бөлім меңгерушісі. Репрес-

сияға ұшыраған Қазақстан зиялыла-

рының  мұрасын  зерттейтін  «Арыс» 

қорының  президенті  (1992  жылдан). 

Ғылыми  жұмыстары  қазақ  тілінің 

тарихына,  этимология  мен  лексико-

логия,  Махамбет  шығармаларының 

тілі мәселелеріне арналған. Х.Досмұ-

хамедовтың «Аламан» және «Исатай 

– Махамбет» жинақтарын, «Наурыз: 

жаңғырған  салт-дәстүрлер»,  «Бекет 

ата»  кітаптарын  құрастырып,  шыға-

рушылардың  бірі.  Алаш  зиялыла-

рының  тағдыры  туралы  деректерді 

жинастырып, бірнеше кітаптар құра-

стырды («Ақ жол», «Тіл тағылымы» 

т.б.) 


Әнесұлы  Ғұбайдолла  –  қа-

зақ  халқының  азаттығы  жолында 

күресіп, шәйіт болған жас қайраткер. 

1923 ж. бұр. Орал обл., Қазталов ауд., 

Жалпақтал  а.-да  туған.  Қарапайым 

отбасынан  шыққан.  Жастайынан  зе-

рек  болып  өскен  Ғұбайдолла  білікті 

азаматтардан,  ескі  газет-журналдар-

дан Алаш зиялыларының аяусыз жа-

залануын, ұлт құқының аяққа тапта-

луын  естіп,  оқып,  қайраткер  болып 

жетіледі.  Мектепте  жүріп  өлең  жа-

зады,  құрбы-құрдастарын  жырымен 

рухандырады.  «Қарап  жатпа!»  атты 

поэма шығарады. Мектепті экстерно 

(9-10  сыныпты  қатар  оқып)  бітіріп, 

Орал Мұғалімдер институтының фи-

зика-математика  факультетіне  сту-

дент  болып  қабылданады.  1940-1941 

ж. бірнеше пікірлестерімен бірге «Қа-

зақ халқын қорғау одағы» атты ұйым 

құрады.  Ұйымның  мақсаты  –  қазақ 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

97

халқының  рухани  қажеттерін  өтеуі-



не толық жағдай жасау, қазақ тілі мен 

тарихының мәртебесін көтеріп, жап-

пай  оқыту,  республика  атауындағы 

«қазақ» сөзін шынайы ету, осы орын-

далмаған  жағдайда  жастарды  ұй-

ымдастырып, қарсылық көрсету. Осы 

мақсатта  мемлекет  және  республика 

басшыларына хат жазылады, листов-

калар  таратылады.  1941  желтоқсан-

да  Ғұбайдолла  және  оның  достары 

тұтқындалады.  КСРО  Ішкі  істер 

халық  комиссариатының  жергілік-

ті  айрықша  кеңесінің  («үштігінің») 

шешімімен  1943  ж.  13  қаңтарда  ату 

жазасына кесіледі. КСРО құлағаннан 

кейін 1993 ж. Қазақстан Бас прокура-

турасы Ғ.Әнесұлын толық ақтайды.

Әсет  Найманбайұлы  (1867  ж. 

қаз.  Шығыс  Қазақстан  обл.,  Үржар 

ауд.,  Бақты  а.-да 

–  23.03.1922,    Қы-

тай,    Құлжа  қа-

ласы)  –  көрнекті 

ақын,  әнші,  ком-

позитор, 

Алаш 

қозғалысына  қа-



тысушы,  қозғалыс 

көсемі А.Байтұрсынұлымен пікірлес 

болған.  Ә.  кеңес  үкіметі  орнаған-

да  Қытайға  өткен  (1920-21  жылдар 

шамасы).  Жастайынан  ән  салып, 

халық  аузына  іліккеннен  бастап  ол 

ән  шығара  бастаған.  «Інжу  –  Мар-

жан»,  «Мақпал»,  «Қарагөз»,  «Майда 

қоңыр»,  «Гауһар  қыз»,  «Қоңыр  қаз», 

«Қисмет»,  «Әпитөк»  тағы  басқа  ән-

дері  белгілі.      «Салиха  –  Сәмен», 

«Ағаш  ат»,  «Перизат»,  «Үш  жетім 

қыз»,  «Нұғыман  –  Нағым»,  «Мәлік 

– Дарай», «Жәмсап», «Кешубай» си-

яқты бірқатар қисса-дастандары бар.  

Әсет – айтыс ақыны да. Ол Ырысжан, 

Бақтыбай,  Кәрібай,  Әріп,  Қали, 

Сәмет, Қосымбай, Қызыр, Кемпірбай, 

және  Мәлике  қызбен  айтысқан.  1918 

жылы  Ә.Алашорда  үкіметі  атынан 

А.Байтұрсынұлы,М.Дулатов  Қытай 

қазақтарына барған.Ә. осында Алаш 

көсемдерімен  кездескен.Осы  кезде 

соңғы  уақытқа  дейін  белгісіз  болып 

келген  «Алашқа»  толғауын  шыға-

рады.  Ә  тің  Алаш  қайраткерлерімен 

түскен суреті сақталған.

Әскери  кеңес  –  1918  ж.  маусым 

айында  Алашорда  төрағасы  Ә.Бө-

кейханның  және  мүшелері  М.Ты-

нышпаев  пен  Х.Ғаббасовтың  қол 

қоюымен  шыққан  қаулы  бойынша 

құрылған  комитет.  Қаулыда  Ә.  к.-ке 

Әскери  министрліктің  қызметі  жүк-

телетіндігі  және  Кеңестің  облыстық 

және  уездік  кеңестері  ашылатын-

дығы  айтылған.  Сондай-ақ,  Кеңеске 

большевиктермен күресу үшін Алаш 

әскері  қатарына  жігіттерді  шақыру 

міндеті де жүктелген. 

Әскери  кеңес  құру  туралы  қа-

улы  –  Алашорда  үкіметінің  1918  ж. 

11-24  маусымында  шыққан  қаулысы. 

Қаулыда  Алашорда  үкіметі  жанын-

да үш адамнан тұратын әскери кеңес 

құрып  оған  әскери  министрлік  қыз-

метін жүктеу жөнінде және осы кеңе-

ске  Алашорданың  облыстық,  уездік 

әскери кеңестерін ашуға міндет жүк-

телген.  Сондай-ақ  қаулыда  бұл  әске-

ри  кеңеске  большевиктермен  күрес 

үшін жігіттерді шақыру міндеті де ар-

тылған. Қаулыға Алашорда төрағасы 

Ә.Бөкейхан, мүшелері М.Тынышбаев, 

Х.Ғаббасов қол қойған.



Әскери-саяси  келісімшарт  – 

Орал  казак  әскері  мен  Алашорда-



Алаш қозғалысы

98

ның  Батыс  бөлімі  арасында  1918 



ж.  сәуір  айында  жасалған  келісім-

шарт.  Бұл  келісімшарт  осы  жыл-

дың мамыр айында Жымпитыдағы 

сиезде  ратификацияланған. Бұл құ-

жатта біріккен саяси талаптар шегін-

де  Қазақ  өлкесін  іс  жүзінде  басқару 

өзіндік  сипат  алғаны  және  оған  жеті 

облыстың және бір губерния бөлігінің 

енетіндігі  айтылып,  мұның  екінші 

жалпықазақ  қаулысына  сәйкес  ке-

летіндігі, сонымен бірге қалыптасқан 

жағдайда  облыста  (Орал  облысында) 

казактардың  билігі  артқандығы  ай-

ылады.  Орал  әскери  үкіметіне  және 

Дутовқа жіберілген сиез хаттамасын-

да  кеңестік  автономия  түрі  қабыл-

данбайтыны,  өйткені  Кеңестер  ұлт-

тық  мүдделерді  теріске  шығаратыны 

және  бұл  елді  саяси  басқарудың  на-

шар  түрі  екендігі  айтыла  келіп,  сиез 

мынадай  қаулы  қабылдады  делінеді: 

«Қазақ  халқына  ешқандай  жағдайда 

Кеңестік  билікті  мойындамау  және 

оған  бағынбау;  советтік  билікті  қал-

пына  келтіруге  барлық  мүмкіндік-

терді  пайдаланып  күресу;  Кеңестік 

билікпен күресіп жатқан Орал әскері-

не қызу қолдау жасау; қазақтарға өзін-

өзі  басқару  мүмкіндігі  орныққанша 

бізбен (казактармен) бірге болу». Со-

нымен бірге келісімшартта егер жал-

пыресейлік  сипаттағы  күрес  өз  об-

лысының (Орал облысының) шегінен 

шыққанда қазақтар күрестен шығып, 

бейтарап  жағдайға  көше  алады  деп 

жазылған.  Бұл  құжат  Алашорданың 

Батыс  бөліміне  кеңестік  билікпен 

күресу  үшін  белгілі  бір  кезеңде  ка-

зак  әскерлеріне  сүйенуге,  олардан 

соғысқа  қажетті  қару-жарақ  алуға 

мүмкіндік берді. 

Әуезов  Мұхтар  Омарханұлы 

(1897  ж.  қазіргі  Шығыс  Қазақстан 

обл.  Абай  ауд.)  –  әйгілі  жазушы, 

қоғам  қайраткері,  ғалым,  ХХ  ғ.  бас 

ширегінде  Алаш  қозғалысына  қа-

тысқан  тұлға.  Ауылда  мұсылманша 

хат танығаннан кейін 1908 ж. Семей-

дегі  Камалиддин  хазірет  медресесін-

де  оқыған.  1910  ж.  Семей  қалалық 

бес кластық училищеде орысша оқи-

ды.  1915  ж.  осы  қаладағы  Мұғалім-

дер  семинариясына  түседі.  Осында 

Ж.Аймауытұлы,  Ә.Марғұлан  сынды 

болашағынан үміт күттіретін жастар-

мен  қатар  оқиды.  Жастай  шығар-

машылықпен шұғылданады. Семина-

рияда оқып жүріп Шәкәрім қажының 

«Жолсыз  жаза»  дастаны  негізінде 

«Еңлік-Кебек» атты пьеса жазып, оны 

1917 ж. Ойқұдық деген жерде сахнала-

уға ұйытқы болады. Мұхтар өз қата-

рынан қалмай, халықты ағарту қозға-

лысына  белсене  қатысады.  1917-1919 

ж.  Алаш  қайраткерлері  бастаған  ел-



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

99

шіл істерді ортасында жүреді. Жүсіп-



бек Аймауытовпен бірге Алаштың үні 

–  «Абай»  журналын  ашып,  халықты 

ояту мен ағартуға байланысты бірне-

ше  мақала  жариялайды.  1918  ж.  5-13 

мамырда Омбы өткен қазақ жастары-

ның  құрылтайына  қатысып,  барлық 

ұйымдардың басын қосқан «Жас аза-

мат» орталық атқару комитетінің мү-

шесі болып сайланады. 1919 ж. семи-

нарияны бітіріп, қызметке араласады. 

Семей  губревкомының  жанындағы 

қазақ  бөлімінің  меңгерушісі  және 

«Қазақ  тілі»  газетінің  ресми  шыға-

рушысы болады. 1921 ж. мамыр айын-

да  Семейге  С.Сәдуақасұлы  губерния 

басшысы болып келеді. Екі тұлғаның 

«Жас азаматта» басталған байланысы 

арта  түседі.  Ж.Аймауытұлы  да  қы-

зметке  тартылады.  Осы  ж.  М.  Қазақ 

АКСР-і  Орталық  атқару  комитетінің 

төралқа 

мүшелігіне 

сайланады. 

Смағұлдың  Семейдегі  отарсыздан-

дыру  саясатын  сынаушыларға  қарсы 

шығады.  Орынбор  билігі  қатуланған 

тұста Алаш зиялыларымен бірге Таш-

кентке  қоныс  аударады.  Қайраткер-

лердің  тапсырмасымен  Х.Болғанбай 

екеуі большевиктерге қарсы тұрушы-

лармен  (басмашы)  келіссөз  жүргізіп 

қайтады. Ташкенттегі Орта Азия уни-

верситетіне тыңдаушы болып қабыл-

данады.  Х.Досмұхамедұлы  құрған 

«Талап» ұйымының басқарма мүшелі-

гіне  өтеді.  1923  ж.  Ленинград  мем-

лекеттік  университетінің  қоғамдық 

ғылымдар  факультетінің  тіл-әдебиет 

бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 ж. 

Семейдегі мұғалімдер техникумында 

оқытушы болады. Сонда жүріп «Таң» 

журналын шығарады. 1925 ж. Ленин-

градқа  қайтып  барып,  оқуын  жалға-

стырады. 1926 ж. жазда Семей өңіріне 

арнайы ғылыми экспедиция ұйымда-

стырып,  оның  материалдары  негізін-

де «Әдебиет тарихы» атты еңбек жа-

зады.  Ол  1927  ж.  жеке  кітап  болып 

шығады.  Қайраткер  Т.Рысқұловпен 

тығыз  байланыста  болып,  1927  ж. 

жазда Жетісу өңіріне сапармен барып, 

Ілияс  Жансүгіровпен  бірге  болашақ 

шығармаларына  материал  жинайды. 

Ленинградқа  қайтып  оралысымен, 

осы  материалдар  негізінде  Тұрардың 

әкесі  Рысқұл  туралы  «Қараш-Қараш 

оқиғасы»  повесін,  1916  ж.  көтеріліс 

жөнінде «Қилы заман» романын және 

«Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 ж. 

Қ.Кемеңгерұлы екеуі Орта Азия мем-

лекеттік  университетінің  аспиранту-

расына қабылданды. Қосымша Қазақ 

ағарту институтында сабақ берді. Ә. 

20-ж.  кейін  қазақ  әдебиетінің  алтын 

қорына  кірген  «Қорғансыздың  күні», 

«Қыр  суреттері»,  «Қыр  әңгімелері», 

«Үйлену»,  «Оқыған  азамат»,  «Кім 

кінәлі»,  «Заман  еркесі»  («Сөніп-жа-

ну»), «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы 

сұлу»,  «Ескілік  көлеңкесінде»,  «Жу-

андық»  атты  әңгімелер  жазып,  биік 

суреткерлік  деңгейін  көрсетті.  1928 

ж. С.Сәдуақасұлы М.дың бірнеше әң-

гімесін  аударып,  Мәскеуде  шыққан 

«Молодой  Казахстан»  атты  жинағы-

на  енгізді.  Қаламгер  ұлттық  драма-

тургия  саласына  белсене  араласты. 

Жазушы 30-ж. біршама қуғын-сүргін 

көрді.  Алаш  қозғалысының  көсем-

дерімен  бірге  1930  ж.  тұтқындалып, 

1932  ж.  дейін  Алматы  абақтысында 

отырды.  Түрмеден  босағаннан  соң 

Қазақ  педагогика  институтының 

оқытушы  болып  қызмет  атқарды. 

Бірақ саяси себептермен қаламын кең 


Алаш қозғалысы

100


көсілтіп жаза алмады. Осы ж. «Абай» 

романын  жазуға  даярланды.  Заман 

шындығын беретін форма, бейне іздеу 

қажет  болды.  1942  ж.  «Абай»  рома-

ны жарық көріп, ел мәдени өміріндегі 

құбылыс  ретінде  бағаланды.  1943  ж. 

«Абай» романын талқылау үлкен сая-

си науқанға айналды. Романның екін-

ші  кітабы  1947  ж.  жарық  көрді.  1950 

ж.  романның  «Ақын  аға»  атты  үшін-

ші  кітабы  жарияланды.  Соғыс  жүріп 

жатқан  уақытта  халық  бұл  шығарма-

ны  жақсы  қабылдады.  Қаламгер  1943 

ж. Қазақ мемлекеттік университетінің 

қазақ әдебиеті кафедрасына профессор 

болып  орналасты.  1946  ж.  Қазақстан 

Ғылым академиясы құрылғанда, оның 

толық мүшелігіне сайланады. Алайда 

1951-1954  ж.  бір  топ  ғалым,  жазушы-

лармен бірге идеологиялық қуғын-сүр-

гінді  тағы  да  бастан  кешірді.  1953  ж. 

Мәскеу  оқығандарын  барып  панала-

ды.  Мәскеу  мемлекеттік  универси-

тетінде «КСРО халықтары әдебиетінің 

тарихы»  атты  арнайы  курстан  дәріс 

оқыды.  1954  ж.  елге  оралып,  «Абай 

жолы»  роман-эпопеясын  толық  жа-

зып  бітіріп,  халыққа  ұсынды.  Жылы-

мықтан  кейін  жазушының  абыройы 

артып,  даңқы  әлемге  жайла  бастады. 

Шетелдерде  болып,  қазақ  мәдениетін 

насихаттады.  1958  ж.  Ә.Бөкейханның 

қызы, С.Сәдуақасұлының жары Елиза-

вета Ә.-ті шақырып, сақтап келген от-

басылық қолжазба-мұраны өз қолымен 

аманаттап тапсырды. Осы ж. жазушы 

айдаудан  келген  ақын-жазушыларға, 

Алаш  ұрпағына  моральдық  тұрғы-

дан жәрдемдескені белгілі. Ол талант-

ты  жастарға  көп  үміт  артты.  Халық 

жазушыны  классик  деп  қадірледі.  Ә. 

1961  ж.  Мәскеуде  Кремль  аурухана-

сында қайтыс болды. Сүйегі Алматыға 

жеткізіліп, бұрынғы Ташкент даңғылы 

бойындағы зиратқа қойылды.

Әулиеата уездік сиезі – 1917 ж. 27 

желтоқсанындағы  Әулиеата  қаласын-

дағы сиез. Сиезге 200-ге жуық ауқат-

ты  адамдар  жиналды.  Сиезде  ашар-

шылыққа көмек мәселесі көтерілді. 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

101


Б

Базарбаев  Мүсілім  –  көрнекті 

қоғам және мемлекет қайраткері. Фи-

лология  ғылымдарының  докторы, 

профессор.  1927  ж.  Қызылорда  обл., 

Сырдария  ауд.-да  туып,  1995  ж.  Ал-

матыда қайтыс болған. 1948 ж. Қазақ 

мемлекеттік университеті филология 

факультетінің журналистика бөлімін 

бітірген.  «Лениншіл  жас»  газетінде, 

ҚазКСР ҒА Тіл және әдебиет инсти-

тутында қызмет істеген. 1956-1961ж. 

ҒА  Тіл  және  әдебиет  институты  ди-

ректорының орынбасары, 1961-1970ж 

аталған  институттың  директоры. 

1970-1976 ж. ҚазКСР Мәдениет мини-

стрі,  1976-1981  ж.  Сыртқы  істер  ми-

нистрі. 1981 ж. ҒА Әдебиет және өнер 

институтының директоры, 1988-1995 

ж.  осында  қазіргі  әдебиет  бөлімінің 

меңгерушісі.  «Живые  традиции», 

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», 

«Эстетическое  богатство  нашей  ли-

тературы»  т.б.  зерттеулер  мен  мек-

теп  оқулықтарының  авторы.  1980-ж. 

аяғында Алаш арыстары ақталғанда, 

ғалым  М.Жұмабайұлының  академи-

ялық  жинағын  құрастырумен,  ақын 

туралы  зерттеулер  жазумен  айна-

лысты.  Мағжанның  1992  ж.  «Таңда-

малысы»,  1995-1996  ж.  үш  томдығы 

М.Базарбаевтың  алғысөзімен  және 

редакциясымен  жарияланды.  Сон-

дай-ақ,  ғалым  С.Жүсіппен  бірге 

Ә.Бөкейханның  «Таңдамалысына» 

алғысөз жазды. Әсіресе, оның жалпы 

редакциялық  басқаруымен  шыққан 

«20-30 ж. қазақ әдебиеті: жаңаша ба-

жайлау»,  «30-40  және  50-  ж.  қазақ 

әдебиеті:  жаңаша  пайымдау»  атты 

ұжымдық  монографиялары  бүгін-

гі  әдебиеттанудағы  айрықша  серпін 

еді. Өмірінің соңғы ж. жазған «Көрік-

ті ойдан – көркем сөз», «Замана туды-

рған әдебиет» атты зерттеулерінде де 

Алаш тұсының дарынды тұлғалары, 

көркем де сырлы сөзі жаңаша көзқа-

распен байыпталған.

Байгурина  Гүләйім  Ахметқы-

зы  –  1898  ж.  Торғайда  Ыбырай  Ал-

тынсариннің шәкірті болған мұғалім 

Балғымбаев  Ахметтің  отбасында 

дүниеге  келген.  Орынбор  гимна-

зиясын  бітірген,  мектептерде  орыс 

тілінен  сабақ  берген.  Белгілі  ғалым, 

қуғын-сүргін  құрбаны  болған  Бай-

гурин Әлжан Махмұтұлының жары. 

«Қазақ»  газетінде  «Г...ді»  жұбату 

деген  тақырыппен  Ахмет  Мәметов 

өлең арнаған.

Байғалиев  Бейсенбай  –  белгілі 

мұрағатшы-ғалым, 

мәтінтанушы. 

1944  ж.  Шығыс  Түркістанның  Шәу-

ешек  қ.-да  туған.  «Жылымықтан» 

кейін  алғашқы  көшпен  Қазақстан 

жағына  өтіп,  Семейдің  Мақаншы-

сында орта білім алып, азамат болған. 

Абай  атындағы  Қазақ  мемлекеттік 

педагогика институтының филология 

факультетін  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

мамандығы  бойынша  тәмамдаған. 

Ұзақ  жыл  Алматының  үй-құрылыс 

комбинатында  жұмыс  істеген.  Қа-

зақ  елордасында  ескіше  хат  танитын 

мамандар қажет кезде ҚазКСР Орта-

лық мемлекеттік мұрағатына қызмет-

ке  шақырылған.  Осында  1983-1989 

ж.    аралығында  аға  мұрағаттанушы, 

аға  ғылыми  қызметкер  жұмыстарын 

атқарған.  Алаш  арыстары  ақталған 

80-ж. аяғында баспасөзде жиі деректік 



Алаш қозғалысы

102


мақала  жариялап  жүрген  ғалымды 

академик  С.Қирабаев  ҚР  ҰҒА  М.О. 

Әуезов атындағы әдебиет және өнер 

институтына  қызметке  шақырған. 

Ол  осында  ақын  Абайдың  150  жыл-

дығына арналған жаңа академиялық 

жинағын даярлайтын ғылыми топқа 

тартылған. Ғалым Әдебиет және өнер 

институтында 1990 ж. 1998 ж. дейін 

қызмет  істеді.  Алаш  қайраткерлері 

туралы  айрықша  мақалалар  жазды, 

Абай  шығармаларының  Мүрсейіт 

нұсқасын  қайта  қалпына  келтіруге 

көп қайрат жұмсады. Зерттеуші 1998 

ж.  6  шілдеде  дүниеден  озды.  Алма-

тының  «Арыс»  баспасы  Б.  соңында 

қалған  «Абай  өмірбаяны  архив  де-

ректерінде»  атты  кандидаттық  дис-

сертациясының қолжазбасын 2001 ж. 

кітап етіп жариялады.



Байғасқаұлы Есім – Алаш қозға-

лысына қатысқан қайраткер, отандық 

баспасөз және оқу-ағарту ісі ұйымда-

стырушыларының  бірі.  1893  ж.  Ақ-

мола  обл.,  Көкшетау  уезіне  қарасты 

Ақсу-Сарысу  жерінің  Тораңғыкөл 

маңындағы бұрынғы №5 а.-да туған. 

Ауыл  молдасынан  хат  танығаннан 

кейін  1914-1918  ж.  Омбы  гимнази-

ясында  оқиды.  Осында  жастардың 

«Бірлік» ұйымының жұмысына қаты-

сады. Төңкерістер уақытында 1918 ж. 

5-13  сәуірде  Омбы  қаласында  өткен 

алашшыл жастардың тұңғыш сиезіне 

қатысады. Жаңадан өсіп келе жатқан 

С.Сәдуақасұлы, Қ.Кемеңгерұлы сын-

ды қатарлас қайраткерлермен достық 

байланыста болады. Ол аталған сиез-

де  құрылған  «Жас  Азамат»  ұйымы-

на  кіреді.  Алаш  қозғалысы  қарқын 

алған ж. Ақмола облыстық Алаш ко-

митеті жұмысына атсалысады. Кеңес 

билігі  толық  орнағанда,  Ақмола  об-

лыстық  атқару  комитетінде  қызмет 

атқарады. Қазақ секциясының нұсқа-

ушысы, халық ағарту бөлімінің қыз-

меткері болады. 1924 ж. Түркістанға 

қоныс  аударып,  Ташкенттегі  Орта 

Азия университетінің экономика фа-

культетіне оқуға түседі. Оны 1928 ж. 

бітіріп  шығады.  Осында  жүріп,  «Ақ 

жол» газетімен, Қазақ халыққа білім 

беру институтымен тығыз байланыс 

орнатады.  Аталған  екі  мекеменің 

бірінде журналист, бірінде оқытушы 

болды.  1925  ж.  Мәскеуден  Қ.Кемең-

герұлының  жетекшілігімен  шыққан 

«Қазақша-орысша  тілмаш»  сөздігін 

құрастыруға  М.Бұралқыұлы,  А.Бай-

тасұлы,  Ғ.Дәулетбекұлы,  М.Сәрсен-

байұлы  сынды  азаматтармен  бірге 

қатысады.  Оқуын  тәмамдаған  соң 

«Средазбюрода»,  аудандық  атқа-

ру  комитетінде  жауапты  қызметтер 

атқарады. 1932 ж. Шымкентте жұмыс 

істейді,  ал  1934  ж.  Алматыға  қоныс 

аударып, зооветеринарлық институт-

тың  директоры  қызметін  атқарады. 

Осы кезде Алаш қайраткерлері жап-

пай репрессиялана бастағаны мәлім. 

Е.-нің бұл шақта айтқан бір әңгімесі 

қазір  аңыз  болып  айтылады.  Бірде 

ақын-жазушылар  бір  үйде  бас  қоса 

қалады. Сірә, бұл дәстүрлі соғым кезі. 

Ет  желініп  болады.  Ол  кезде  бүгінгі 

майлық қағаз жоқ, сондықтан қолды 

алғаш  газет-қағазбен  сүртсе  керек. 

Сонда «Социалды Қазақстанның» ре-

дакторы Ғабит Мүсірепов: «Қол сүр-

тетін  қағаздарың  кәні?»  депті.  Осы-

ны  күткендей  өжет  Е.:  «Социалды 

Қазақстанды әперіңдер!» деген екен. 

Мұнысы – Алаш қайраткерлерін күн-

де жалған айыппен жосықсыз сынап 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

103


жатқан  газетке  берген  бағасы-тын. 

Әлгі  жауапты  естіген  ресмилеу  Ға-

бит: «Өйт, алашординец!» деп, жатып 

кеп  ашуланыпты  (деректі  жеткізген 

Ғаббас  Дәулетбекұлының  әйелі  Ха-

бибжамал). Бір қызығы, қайраткердің 

жары Құсни кейінірек «Социалистік 

Қазақстан»  газетінде  машинист-

ка  болып  жұмыс  істепті.  Б.  1937  ж. 

қазан  айында  тұтқынға  алынып, 

кешікпей атылған. Гүлнар Міржақы-

пқызының  дерегіне  қарағанда,  күй-

еуі ұсталғаннан кейін Құсни НКВД-

ға  жұбайымен  жолықтыруды  өтініп 

хат жазған. 5-6 айдан соң оны ерімен 

кездестірген.  Сонда  әйелі  Е.-нің  әб-

ден азапталғанын өз көзімен көрген. 

Ал,  Құсниды  шиеттей  балаларынан 

бөліп «халық жауының әйелі» ретін-

де алғаш сол Есім жатқан түрмеге қа-

мап, кейін «Карлагқа» айдаған. 



1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал