Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет13/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69

Әділов  Ике  –  кеңес  өкіметінің 

саясатына  қарсы  күрескен  қай-

раткер,  қазақ  байы.  Ол  1881  ж. 

бұрынғы  Семей  об.,  Семей  уезі, 

Шаған  болысында  туған.  Мұсыл-

манша, орысша оқыған. Шаған елі-

не болыс болған. Алаш қозғалысы-

на  белсене  атсалысып,  облыстық 

қазақ  сиезіне  қатысты.  Семейде 

құрылған Алаш әскеріне, Алашорда 

қажетіне қаржылай жәрдем көрсет-

ті. Кеңес өкіметі тұсында жүргізіл-

ген  әртүрлі  саяси-экономикалық 

шараларға  қарсылық  көрсетіп,  қа-

рулы  көтеріліс  ұйымдастырған  ел 

басшыларының бірі болды. 1938 ж. 

Қытайда  тұтқынға  алынып,  сол  ж. 

Семейде атылды.



Әйтиев  Әбдірахман  (21.ІІІ.1886, 

б.Орал  обл.,  Орал  уезі,  Қараоба  бо-

лысы,  Сүгірбай  ау.,  қ.Теректі  ауд.  – 

16.ХІ.1936)  –  мемлекет  қайраткері. 

Әкесі Әйтей Құлмағамбетұлы кедей 

шаруа болған.  Қараоба болыстық бір 

кластық орыс-қазақ мектебін бітірді 

(1901  ж.).  Орал  уезінің  1-учаскесі 

төбе биінің (мировой судья) жалдан-

ба  шабарманы  және  от  жағушысы 

(1904  ж.);  Орал  уезі  6-учаскесі  төбе 

биінің тілмәші, іс жүргізушісі (1906 

ж.); 1908-1910 ж. ауылында егін ша-

руашылығымен  айналысты;  Орал 

қаласында  төбе  бидің  аға  іс  жүр-

гізушісі  (1910-1913  ж.);  әскер  атта-

ры  учаскесінің  меңгерушісі,  аң-құс 

құтқару қоғамының және әуе әскери 

флотын  күшейту  қоғамының  мү-

шесі  (1913-1914  ж.).  1913  ж.  әскери 

күш-көлік  санағын  жүргізгені  үшін 

Ларго-Калуга поручигі Игнатьев та-

рапынан  марапаттауға  ұсынылған. 

Жалданба  ауыл  хаттаты  (писарі) 

(1914  ж.);  болыстық  писарь  (1915-

1917); 1910 ж. шамасында Б.Қаратаев-

тың көмегімен, «төлеңгіт ауылына» 

деп  қоныс  аударушылар  үлесімен 

жер  алып,  Теректі  маңынан  оты-

рықшы Сүгірбай поселкесін салуды 

ұйымдастырды. 1917 ж. қаңтарда бо-

лыс Бекше Қисықовпен бірге сайла-

уға түсіп, Қараоба болысының упра-

вительдігіне сайланды. 7 наурыздан 

меньшевиктер  мен  эсерлер  құрған 

Жайық  сырты  бөлігі  Революциялық 

комитетінің  кооптациялық  негіздегі 

төралқа мүшесі. 1917 ж. 20 наурызда 

комитет  құрамынан  шығып,  Б.Қара-

таев,  Д.Күсепқалиев,  Ы.Тоқберлинов, 

Ғ.Әлібековпен  бірге  Жайық  сырты 

бөлігі азаматтық комитетіне төралқа 



Алаш қозғалысы

90

мүшесі және ұйымдық хатшы болып 



сайланды. 1917 ж. сәуірде өткен І Қа-

зақ  Орал  облыстық  сиезін  ұйымда-

стырушылардың  бірі.  Сиезде  Б.Қа-

ратаев,  Т.Әйтиев,  М.Ипмағамбетов, 

М.Балтановпен  бірге  Х.  және  Ж.До-

смұхамедовтерге  наразы  топ  құра-

мына кірді. Жер мәселесін Құрылтай 

жиналысына  қалдырмай  дереу  ше-

шуді,  казактарға  кетіп  қалған  жерді 

қайтарып алуды жақтады. Оппозици-

ядағы топ атынан Ж.Досмұхамедовке 

барып  жолықты.  Принципті  мәселе-

лерде тіл табыса алмағанымен, соңғы 

айтылған  қайраткерге  ж.  ықыласын 

өмір  бойы  сақтады.  1917  ж.  жазда 

Қараоба  болыстық  земство  управа-

сының  мүшесі  және  управа  мили-

циясының  бастығы.  Жайық  өңірінде 

астықпен  алыпсатарлық  жасаушы-

ларға қарсы күрес ісін ұйымдастырды. 

1917 ж. шілдеде Ойыл бекінісінде өт-

кен ІІ Қазақ Орал облыстық сиездінің 

делегаты. Сол ж. күздегі земство меке-

мелерін сайлау және Құрылтай жина-

лысына делегат сайлау науқаны кезін-

дегі  пікір  алшақтығына  байланысты, 

М.Ипмағамбетовпен бірге Орал қала-

сында солшыл эсер Холостов, майдан-

герлер Плотников, Операйло құраған 

Солдат,  жұмысшы  және  шаруа  депу-

таттары кеңесіне барып қосылды. 1918 

ж. 18 қаңтарда Қаратөбедегі ІІІ Қазақ 

Орал  облыстық  сиезімен  бір  мезгіл-

де  өткізілген  Орал  уездік  жер  коми-

теттері  сиезінің  делегаты,  осы  сиезде 

казактар  иелігіндегі  жерді  қазақтар 

мен  орыс  шаруаларына  дереу  беруді 

ұсынды.  Орал  революциялық  коми-

тетінің  тағайындауымен  Жайық  сы-

ртқы бөлігінде Кеңестер ұйымдасты-

ру ісімен айналысты (1918, 20 қаңтар). 

Солдат, шаруа депутаттарының облы-

стық  сиезін  ұйымдастырушы  және 

сиезд  төралқасының  мүшесі  (1918, 

6  наурыз).  Осы  сиезде  Солдат,  жұ-

мысшы,  шаруа  және  қазақ  депутат-

тары  Орал  облыстық  кеңесі  атқару 

комитетінің  мүшесі  және  облатком 

төралқасы төрағасының орынбасары, 

халықтық  күзет  комиссары  болып 

сайланды. Наурыз айының ортасын-

да  әскерге  адам  алу  тапсырмасымен 

елге  шықты  және  сол  тұста  облат-

ком  төралқасы  мен  әскери  коллеги-

ясының  шешімімен  қудалауға  түсті. 

1918 ж. 29 наурыздағы Орал қаласын-

дағы төңкерістен кейін Орал Войско 

үкіметінің  әскери-дала  соты  тара-

пынан сырттай ату жазасына кесілді, 

осыған  байланысты  Қараоба  болы-

сындағы  Федоровка,  Богдановка  се-

лоларында, Жымпиты кенті түбінде-

гі Хакім Бекебасовтың үйінде жасы-

рынып жүрді. 1918 ж. шілдеде Жым-

питыдан  Темір  уезіне  өтті.  Осында 

Тәшкеннен  келе  жатқан  Мұстафа 

Шоқаймен  кездесті.  Темір  уездік 

земство  управасы  басшылары  С.Қа-

ратілеуов,  Ғ.Есенғұлов  және  Н.Ип-

мағамбетовтің  жәрдемімен  Жұрын 

стансасына келді, Жұрын, Ақбұлақ 

төңірегінде  Қызыл  армия  бөлім-

шелері  қатарын  толықтыру  ісімен 

айналысты,  Зиновьев  басқарған 

Ақтөбе  майданы  қызыл  әскерінің 

үгіт-насихат  бөлімінде  жұмыс 

істеді.  1918  ж.  тамыз-желтоқсан 

аралығында Орал ревкомы мен Қы-

зыл  армия  командованиесі  құрған 

Богдановка  астыртын  ұйымының 

жеті адамнан тұратын жауынгерлік 

барлау  тобының  мүшесі,  астыртын 

атқару  комитетінің  төралқа  мүше-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

91

сі.  25-Чапаев  дивизиясының  3-бри-



гадасының  саяси  бөлімінде  жұмыс 

істеді  (1919,  қаңтар);  Орал  ревко-

мы  үгіт-ұйымдастыру  қосалқы 

бөлімінің және әскер қатарына тарту 

бөлігінің  меңгерушісі  (1919,  ақпан); 

Орал  ревкомы  Ұлттар  коллегиясы-

ның  мүшесі  және  Қазақ  атты  әскер 

бригадасын  ұйымдастырушылардың 

бірі (1919, наурыз); Қызыл армияның 

1919  ж.  көктемгі  шабуылы  кезінде 

облыстық коммунарлар жасағы құра-

мында атты барлау жорықтарына қа-

тысты;  Орал  губерниялық  төтенше 

комиссиясының 

құпия-оперативті 

бөлімінің меңгерушісі (1919, мамыр); 

Жайық  сырты  бөлігінде  Кеңестер 

ұйымдастыру  бюросының  мүше-

сі  (1919,  шілде);  Чапаев  дивизиясы 

құрамындағы  Ілбішін  ревкомының 

төрағасы (1919, тамыз), Ілбішін село-

сында  ақ  казактар  жойып  жіберген 

Чапаев дивизиясынан тірі қалған үш 

адамның  бірі;  Орал  облысының  қа-

зақ бөлігі мен Бөкей ордасын басқа-

ратын  Қазәсревкомның  Орал  бөлім-

шесінің  мүшесі,  бөлім  меңгерушісі, 

төраға орынбасары (1919, қыркүйек); 

Қазақ  әскери-революциялық  коми-

тетінің  мүшесі  және  Қазақ  өлкелік 

ішкі  істер  комиссариатының  меңге-

рушісі  (1920,  қаңтар),  осы  қызметте 

Батыс  Алаш-Орда  үкіметін  тарату 

ісімен  шұғылданды,  оның  жауапты 

қызметкерлерін  пайдалану  мәселе-

сінде  Түркістан  майданы  командо-

ваниесінен  бөлек  пікірде  болды,  Ба-

тыс Алаш-Орданы жойып жібермей, 

Қазәсревкомға қосуды жақтады, кей-

інірек  бұрынғы  Алашорда  қызмет-

керлерін Кеңес ісіне пайдалану мәсе-

лесімен айналысып, Батыс Алаш-Ор-

даның  Б.Атшыбаев,  К.Жәленов, 

А.Кенжин  секілді  қайраткерлерін 

қызметке  алды,  Семей  ревкомы  мен 

5-армияның  Ерекше  бөлімі  қама-

уға  алған  Семей  алашордашыларын 

қорғауға  белсенді  қатысты;  ҚАКСР 

ОАК-тың  Сібір  ревкомындағы  өкілі 

(1920,  қазан);  Ақмола  губерниялық 

ревкомының  төрағасы  (1920,  сәуір); 

ҚАКСР Ішкі істер халық комиссары 

және ОАК төралқа мүшесі, Орталық 

әкімшілік  комиссиясының  төрағасы 

(1921,  қазан  –  1925,  қаңтар);  ҚАКСР 

Еңбек  халық  комиссарының  орын-

басары  және  еңбек  қорғау  бөлімінің 

меңгерушісі  (1925,  қаңтар);  Өлкелік 

кеңес-партия  мектебінің  Батыс  Қа-

зақстандағы революциялық қозғалыс 

жөніндегі  лекторы  (1925,  қыркүйек); 

«Сырье»  акционерлік  қоғамының 

бөлімінің басқарушысы (1926, қазан); 

РКФСР Мемлекеттік сауда басқарма-

сының Қазақстан және Батыс Қытай 

бойынша  уәкілетті  өкілінің  орынба-

сары,  оперативті  бөлім  меңгерушісі 

(1927,  қараша);  «Казторг»  қоғамы 

басқармасының  төрағасы  (1928,  нау-

рыз),  осы  қызметте  жүргенде  орын-

басары Деевтің (М.Қаратаевтың «Да-

ладағы  дабыл»  романының  кейіп-

кері) ұйымдастыруымен үстінен Ф.И.

Голощекиннің атына «домалақ арыз» 

түсіріліп, Қазақ зооветеринарлық ин-

ститутына  әкімшілік-шаруашылық 

бөлім  проректоры  етіп  жіберілді 

(1930, қазан); ҚАКСР Орталық музей-

інің  директоры  (1931,  ақпан);  ҚАК-

СР  Осоавиахим  Орталық  кеңесінің 

төрағасы (1932, сәуір); ҚАКСР Халық 

комиссарлары кеңесінде консультант 

(1933,  мамыр);  Алматы  Мемлекеттік 

қорығының директоры (1934, ақпан); 



Алаш қозғалысы

92

«Ақкөл»  курортының  директоры 



(1934,  қазан);  Әулие-ата  теміржол 

бөлімшесінің  фабрика-завод  мек-

тебінде  мұғалім  (1935,  қазан).  1936 

ж.  16  қарашада  Жамбыл  қаласында 

ұзаққа  созылған  науқастан  қайтыс 

болды. Ә. – Қазақстанның Батыс ай-

мағындағы  революциялық  қозғалыс 

және  азамат  соғысы  тарихын  алғаш 

зерделеген  авторлардың  бірі.  Оның 

қаламынан  20  ж.  туған  «Револю-

ционное  движение  в  Уральской  об-

ласти»,  «Октябрьская  революция  в 

Уральской области» мақалалары осы 

тақырыптағы  толымды  еңбектердің 

қатарында  саналады.  Ұлы  Тельман 

Әйтиев тарих ғылымдарының канди-

даты болды. Ә. атымен Алматы, Орал 

қалаларында көше аталған, Орал қа-

ласында  1992  ж.  Ә.  атындағы  көше 

алаңында  ескерткіші  (мүсінші  Ю.Д.

Баймұқашев) орнатылды. 

Әлжанов  Батырбек  (1892  ж.т., 

б.Орал о., Орал у., Қараоба б., Бұлақ-

сай а. – ө.ж.б.) – Жайық өңірінде бас-

пасөз  ісін  ұйымдастырушылардың 

бірі,  Азамат  соғысына  қатысушы. 

Ауыл  молдасынан  хат  танығаннан 

кейін орта рушдия медресе, болыстық 

орыс-қазақ  мектебін  бітірді.  Ауылда 

шаруашылықпен айналысты. 1917 ж. 

Ақпан  революциясынан  соң  болы-

стық  земство  управасы  жанындағы 

азық-түлік  бөлімінде  жұмыс  істеді. 

Әбдірахман  Әйтиев,  Сақыпкерей 

Арғыншиев,  Меңдігерей  Ипмағам-

бетовтардың ықпалында болды. Осы 

топ  азамат  соғысы  кезінде  ақ  казак-

тар  мен  большевиктер  текетіресінің 

соңын  баққан  алмағайып  кезеңде 

айтылмыш үштіктің тапсырмасымен 

астыртын мәлімет жинау жұмысына 

қатысты.  Орал  медресесінде  оқып 

жүрген  бөкейлік  төлеңгіт  болып, 

Ойыл  уәлаяты  аумағындағы  Өлеңті, 

Тұздыкөл  ауылдарында  бала  оқыт-

ты,  нағашысын  іздеген  болып  Ба-

тыс  Алаш-Орда  үкіметі  орналасқан 

Жымпиты атырабын аралап, мәлімет 

жинады.  1918  ж.  өзінде  Бұлдырты, 

Кеңащы,  Өлеңті,  Тұздыкөл,  Қашар-

сойған бағытында әлденеше рет бар-

лау  мақсатында  болып  қайтты.  1919 

ж.  бастап  Түркістан  майданындағы 

І  Қызыл  армияның  тапсырмаларын 

орындады.  Екі  рет  Алаш  милиция 

отрядының  қолына  түсіп,  қашып 

құтылды.  Азамат  соғысынан  кейін 

Орал  губерниялық  «Қызыл  ту»  га-

зетін  бастап  шығарушылардың  бірі. 

1920-1923 ж. айтылмыш газеттің жа-

уапты  хатшысы  болып  істеді.  1923-

1925 ж. республикалық «Жас қайрат» 

(«Лениншіл  жас»)  журналында  жау-

апты қызметтер атқарды. 1925 ж. Ем-

бі-Доссор  аудандық  кәсіподақ  коми-

тетінің  хатшысы  болды.  30-ж.  Орал 

губерниясында,  округінде  аудандық 

деңгейдегі әртүрлі қызметтер атқар-

ды. Жайық өңіріндегі революциялық 

қозғалыс,  азамат  соғысы  тарихынан 

естелік  жазып  қалдырды.  Ә.  естелі-

гі  идеологиялық  бұрмалаудан  ада 

шынайылығымен, объективтілігімен 

ерекшеленеді.  Атап  айтқанда,  1918-

1919  ж.  аумалы-төкпелі  қысталаң 

шақтарда  Меңдігерей  Ипмағамбето-

втың  Б.А-О.-ға  бейімділік  танытқан 

кезі болғанын, бұл орайда Х. және Ж.

Досмұхамедовтармен  арада  немере 

інісі  Н.Ипмағамбетов  арқылы  келіс-

сөз жүргізгенін анық жазды. 



Әлжанов 

Отыншы 

1873, 


бұрынғы Семей обл. Зайсан у. Нарын 

Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

93

болысы – 1918, Семей обл. Мақаншы 



кенті)  –  қоғам  қайраткер,  Алашорда 

үкіметінің  мүшесі,  ағартушы.  1887 

ж.  Зайсандағы  орыс-қазақ  мектебін-

де, 1890 ж. Омбы қазақ-орыс гимна-

зиясында, 1894 ж. Омбы мұғалімдер 

семинариясына  оқыған.  1894-1895 

ж.  Дала  генерал-губ.  кеңсесінің  іс 

жүргізушісі.  1895-1907  ж.  Ақмола 

облыстық  сотының  тілмашы  (ау-

дармашы).  1907-1909  ж.  Көкпекті 

орыс-қазақ  училищесінің  меңге-

рушісі.  1907  ж.  Петербургте  өткен 

бұратана  халықтардың  оқу  ісі  мен 

мектептері туралы Ережені қайта қа-

раған комиссияның жұмысына қазақ 

халқының  өкілі  ретінде  қатысады. 

Қыр елінің оқу-ағарту ісіне қатысты 

баяндама жасайды. Қазақ жеріндегі 

миссионерлік  бағыттағы  оқу  жүй-

есінің  зардаптарын  сынға  алады. 

Қазақ  жерінің  отарлануына  ашық 

наразылығын  білдіріп,  қысымдағы 

ұлтының  мұң-зарына  әлеумет  наза-

рын  аудартады.  Еркін  ойлы  азамат 

тұтқындалып,  5  жылға  Жетісу  об-

лысы  Лепсі  уезіне  5  жыл  мерзімге 

жер  аударылады.  1916  ж.  көтерілі-

сте  Алаш  баласына  тоқтау  айтып, 

қан  төгілуден  сақтандырады.  1917 

ж. Ақпан төңкерісінен кейін Жетісу 

облысындағы  Алаш  қозғалысы  же-

текшілерінің бірі. Уездік, облыстық, 

жалпықазақ  сиездеріне  қатысып, 

ұлт  мүддесінің  ұраншысы  болды. 

1917  ж.  5-13  желтоқсанда  Орынбор-

да өткен Екінші Жалпықазақ сиезіне 

қатысып, Алашорда үкіметіне мүше 

болып сайланады. Жетісу облыстық 

қазақ  сиездерін  ұйымдас тыруға  қа-

тысады.  Жетісуда  құрылған  Алаш 

әскерінің  қолбасшысы  бола  жүріп 

қазақ даласын қанға бөктірген боль-

шевиктер  билігіне  қарсы  соғысады. 

Алаш  автономиясының  қарулы  жа-

сақтарын  жасақтауға  ерен  еңбек  ет-

кен Ы.Жайнақов, С.Сабатаевпен бірге 

большевиктер  тарапы нан  тұтқын-

далады.  Алаш  қайраткерлерінің 

қажыр-қайратқа  толы  саяси  дипло-

матиясымен  абақтыдан  босатылады. 

Азамат  соғысы  ж.  жүдеп  жадаған 

Лепсі  еліне  көмек  көрсету  комитетін 

құрады. 1918 ж. 21 тамызда Семей об-

лысының Мақаншы ауылында қызыл-

дармен  болған  қақтығыста  қолынан 

мерт болды. «Абай» журналында жа-

зылған  азанама  мақалада  азаматтық 

тұлғасы,  өршіл  рухы  мәңгілікке  қат-

талып қалды.

Әлиханов  Фазылағзам  Ақа-

тайұлы  –  Алаш  қозғалысына  қаты-

сушы,  инженер-архитектор,  эконо-

мист.  1891  ж.  бұрынғы  Семей  обл., 

Өскемен уезі Себе болысында туған. 

Ауқатты  отбасында  дүниеге  кел-

ген. Әуелі Өскеменде, кейін Омбыда 

оқиды.  Сонда  жүріп  қазақ  жаста-

рының  «Бірлік»  қауымына  мүше 

болды.  1917-1919  ж.  Омбы,  Семей, 

Өскеменде Алашорда істеріне белсе-

не  араласты.  «Алаш»  партиясының 

жергілікті  ұйымдарының  қызметін 

жолға қоюға атсалысты. 1920 ж. Қаз-

ревком Өскемен уезі бойынша уәкілі, 

1922  ж.  Семей  губерниялық  атқару 

комитеті  төрағасының  орынбасары 

болды.  1930  жылға  дейін  Қазақстан 

астаналары  Орынбор,  Қызылорда, 

Алматыда әртүрлі басшы қызметтер 

атқарды. 1930 ж. Қазақ АКСР-і Тамақ 

өнеркәсібі  халық  комиссариатында 

инженер-экономист  болды.  Сәулет-

ші ретінде өндіріс орындарын салуға 


Алаш қозғалысы

94

көп  еңбек  сіңірді.  КСРО  Жоғарғы 



соты  Әскери  Алқасының  үкімімен 

«халық жауы» ретінде атылды. 



Әлібеков  Әлиасқар  (Ғалиа-

сқар)  Меңдиярұлы  (1893,  қазіргі 

Батыс Қазақстан обл. Жымпиты ауд. 

-  1937)  –  мемлекет  және  қоғам  қай-

раткері. Қазақ автономиясын құруға 

қатысушы.  Ақпан  төңкерісіне  дейін 

Саратов  түбіндегі  Марийнск  ауыл-

шаруашылық  мектебін  мелиорация 

мамандығы  бойынша  бітірген.  1932 

ж.  Ленинград  гидромелиорация  ин-

ститутын тәмамдаған. 1918 ж. ақпан-

да  Қаратөбеде  өткен  ІІІ  Қазақ  Орал 

облыстық  сиезіне  қатысады.  Сама-

рада  Құрылтай  жиналысы  мүше-

лерінің  Уақытша  комитеті  (Комуч) 

құрылып,  Батыс  Алаш  Орда  күшей-

ген  тұста  Е.Қасаболатов,  М.-Х.Мыр-

зағалиев,  Қ.Тәтібаевпен  бірге  Батыс 

Алаш  Орда  қызметіне  араласады. 

1920  ж.  РК(б)П  комитетінің  бюро 

мүшесі.  1920  ж.  4  шілдеден  Қазрев-

ком Ішкі істер бөлімінің комиссары. 

Аталмыш ж. 28 шілдесінде Ішкі істер 

комиссариатының  меңгерушісі,  8 

қыркүйектен Ішкі басқару бөлімінің 

меңгерушісі.  1920  ж.  қазан  айында 

Қазақ  өлкесінің  РСФСР  Ұлт  істері 

жөніндегі халық комиссариатындағы 

өкілі  болып  бекітіледі.  1923-1925  ж. 

Қазақ АКСР Жер шаруашылығы ха-

лық комиссариатында жауапты қыз-

метте. ОАК мүшесі. 1925 ж. наурызда 

Қазақ  өлкелік  комитеті  бюросының 

шешімімен  құрылған  Қазақстанда 

жерге орналастыру жөніндегі комис-

сия құрамына кірді. Орынбор губер-

ниясы мен Қазақ АКСР аумағын ме-

желеу жөніндегі Бүкілресей ОАК ко-

миссиясында Қазақ АСР өкілі болды. 

Аумақтық межелеу бойынша Мәскеу 

өкілдерімен  бөлек  айрықша  пікір 

ұстанды. Торғай облысын төңкеріске 

дейінгі  аумағында  қалпына  келтіру-

ді табанды түрде жақтады. Қостанай 

және Ақтөбе губернияларын РСФСР 

құрамында  Орынбор  губерниясына 

қосу  ұсынысына,  БООАК  комиссия-

сының  төрағасы  Сабыровтың  Орал 

губерниясына  қатысты  Елек  уезінің 

бір  бөлігін  Орынбор  губерниясына 

қосу жөніндегі пікіріне батыл қарсы 

шықты.  1925-1928  ж.  Жетісу  губер-

ниялық  атқару  комитетінің  төраға-

сы.  Ұлттық  мүддені  басты  орынға 

қойған Ә. Ф.И.Голощекин тарапынан 

қудаланып, Өзбекстанға кетеді. 1928-

1937  ж.  Ташкент  мақта-ирригация 

институтының ректоры. 1937 ж. «ха-

лық жауы» деп айыптаулармен БК(б)

П  қатарынан  шығарылғаннан  кейін 

өзіне-өзі қол салады. 



Әлібеков  Ғұбайдолла,  Ғабдол-

ла – Алаш қозғалысына қатысушы 

мемлекет  қайраткері.  Ол  1870  ж. 

(кей  деректерде  –  1872),  Жымпи-

ты  уезінде  туған. 

Жымпиты  уезінің 

(қазіргі 

Сырым 

ауданы) 


Қарасу 

болысында  мол-

дадан  хат  танып, 

Орал 


қаласын-

дағы  училищеде, 

Орынбордағы  мұғалімдер  даяр-

лайтын  семинарияда  білім  алады. 

Ауылдық  мұғалім,  Орал  уездік 

полиция  басқармасында  тілмаш, 

кейін  Ойыл  және  Соналы  болы-

старының  басқарушысы  қызметін 

атқарған.  1917  ж.  Ақпан  револю-

циясы  тұсында  ол  Халел,  Жанша 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

95

Досмұхамедовтермен  бірге  Алаш 



ісін  жандандыруға  кіріседі.  Осы 

ж.  наурыз-желтоқсан  айларында 

Орал  облыстық  қазақ  комитетінің 

төрағасы болады. 1917 ж. сәуір айын-

да жергілікті алаш қайраткерлерімен 

бірге  қазақтардың  облыстық  бірін-

ші  сиезін  ұйымдастыруға  кірісті. 

Бүкілресейлік  мұсылмандар  сиезіне 

делегат  болып  сайланды  (17.4.1917). 

Сол  ж.  Орынбор  қаласында  21-28 

шілдеде  өткен  бірінші  жалпықазақ 

сиезіне Ә. Орал облысы мен Маңғы-

стау  уезі  атынан  «Құрылтай  жи-

налысы  депутаттығына  кандидат» 

ретінде  бекітілді,  1917  ж.  5-13  жел-

тоқсанда  Орынбор  қаласында  өткен 

екінші жалпықазақ сиезінде Алашор-

да автономиясын жедел жариялауды 

жақтап  дауыс  берген.  1919  ж.  жазда 

большевиктер  жағына  шықты.  1920 

ж.  наурыздан  бастап  Қазревком  мү-

шесі.  Қазақ  АКСР-ін  құру  ісіне  бел-

сене араласып, қазақ халқының тари-

хи-этникалық жер көлемін мейлінше 

толықтай  сақтап  қалуға  мол  үлес 

қосты.  Бүкілқазақстандық  құрыл-

тай  сиезінде  республика  үкіметінің 

құрамына  сайланды.  1920  ж.  24  қы-

ркүйегінен  бастап  ол  Қазақ  АКСР-і 

юстиция халық комиссары, кейін бас 

прокурор  қызметіне  тағайындалды. 

Әлібеков  сот,  тергеу  ісін  жетілдіру, 

қылмысқа қарсы күрес шараларының 

жаңа  бағдарын  қалыптастыру  мәсе-

лелеріне жете көңіл бөлді. Сондай-ақ, 

алғашқы  құқықтық  құжаттардың 

жобаларын  әзірлеуге  басшылық  жа-

сап,  заң  үлгілерін  түзу  барысында 

жергілікті халықтың әдет-ғұрпы, та-

рихи таным-түсінігі ескерілуін талап 

етті.  1921  ж.  наурыз  айында  денсау-

лығының  нашарлауына  байланысты 

бастаған ісін аяқтай алмай, туған елі-

не оралды. 1922-1923 ж. Орал облысы 

Жымпиты  уезі  атқару  комитетінің 

төрағасы  қызметін  атқарып  жүрген 

шағында қайтыс болды.

Әлімбеков  Имам  –  Алаш  қозға-

лысының  қайраткері,  «Сарыарқа» 

газетінің  редакторы.  Ол  1885  ж. 

Қарқаралы уезінде туған. Ауыл мол-

дасынан  мұсылманша  хат  таныған 

соң,  Қарқаралыдағы  орыс-қырғыз 

мектебінде оқыған. Мұнан кейін Се-

мейге барып, Мұғалімдер семинари-

ясына  оқуға  түскен.  Осында  Әбікей 

Сәтбайұлымен  бірге  оқыған.  Семи-

нариядан  соң  аталған  оқу  орнында 

оқытушылыққа  қалдырылған.  1917-

1919 ж. жас оқытушы Алаш қозғалы-

сына белсене араласады. Ә.Бөкейхан, 

А.Байтұрсынұлы,  Х.Ғаббасұлы  сын-

ды  көшбасшы  тұлғалармен  етене 

араласып,  ағымдағы  жағдайға  сәй-

кес  тапсырмалар  алып,  оны  мұқи-

ят  орындайды.  1917  ж.  2-8  сәуірде 

Орынборда өткен жалпықазақ сиезін 

шақыру  жөніндегі  Торғай  қазақта-

ры  сиезіне  қатысып,  Ә.Бөкейхан,  А.

Байтұрсынұлы,  М.Дулатұлы  тәрізді 

қайраткерлермен бірге бюро құрамы-

на  сайланады.  Осы  ж.  12-13  қазанда 

Семей  облыстық  Алаш  комитетін 

құратын  жиынға  қатысып,  комитет 

мүшесі  болып  бекітіледі  (төраға-

сы  –  Х.Ғаббасұлы).  Алаш  партиясы 

басшылығының  ұйғарымымен  «Қа-

зақ» газетіндегі қызметінен жаңадан 

ашылған «Сарыарқа» газетіне редак-

тор болып ауысады. 1918 ж. тамызда 

Самарада өзін-өзі билеу мәселесін қа-

растырған  Сібірдің  төтенше  сиезіне 

қатысады.  Осы  аралықта  Алаштың 




1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал