«Ахаңның елу жылдық тойы» –
Орынборда 1923 ж. Алаш көсемі А.
Байтұрсынұлының мерейтойында
оқылған баяндама, тұңғыш рет 1923
ж. 4 ақпанда «Ақжол» газетінде жа-
рияланған. А. Байтұрсынұлының бұл
мерейтойы, жалпы қазақ тарихында
аталып өтілген тұңғыш мерейтой.
Баяндамада мерейтой иесінің ұлт-а-
заттық көтерілісінің көсемі болғаны,
«Қазақ» газетінің Алаш жұртына
әсері, ұстаздығы, ақындығы, елдің
жаппай сауатын ашқан оқу құрал-
дары жөнінде баяндамашы аса те-
реңдікпен, әрі көркемдікпен айтқан.
Ахмет Байтұрсынұлының ал-
тын жетоны – 50 жылдық мерей-
тойына байланысты ұлт ұстазының
Түркістан зиялыларынан алған ма-
рапаты (наградасы). Ол қайраткерге
1922 ж. 2 тамызда Ташкент қаласын-
да тапсырылған. Салтанат Ташкент-
тегі халық ағарту институтында
(Киринпрос) өткен. Артынан ресми
қонақасы берілген. Оған қазақ, қыр
ғыз, түрікпен, башқұрт, өзбек, тәжік,
ноғай, орыс ұлтының өкілдері қа-
тысқан. Шараны Серікбай Ақайұлы
жүргізген. Бірінші сөзді Иемберген
Табынбайұлы сөйлеп, А.Байтұр-
сынұлына Түркістан оқығандары
атынан алтын жетон тапсырған. Же-
тонның бір бетіне: «Ақа! Күшті сенің
қаламың. Халық ісі – сенің тамағың.
Жаса, ұлт мектебінің жүрегі!» деп,
екінші бетіне: «Түркістан зиялы-
ларынан белгі. 1922 жыл 2 ауғыст»
деп жазылған. Ағартушы марапатты
алған соң, ризашылығын білдіріп сөз
айтқан. Мұнан кейін Түркістан қай-
раткерлері, ғалымдары лебіз білдір-
ген. Алтын жетонның кейінгі тағды-
ры белгісіз.
Ахмет Байтұрсынұлының мұра-
жай-үйі – Алматы қ.-дағы Алаш қай-
раткерінің мұражайы. Ол Алматы
қ. әкімінің 1992 ж. 18 қыркүйекте-
гі №413 шешімі негізінде ашылған.
Мұражай-үй төрт бөлме және бір
жертөледен тұрады. Оның бір бөлмесі
– ахметтану дәрісханасы. Үш залда
ғалымның шығармашылық ғұмыры-
на қатысты экспонаттар жасақталған.
Бірінші зал: «Ұлттық рухымыздың
қайта оралуы», Екінші зал: «Қазақ
санасының шамшырағы», ал Үшінші
зал «Саясат құрбаны» деп аталып,
онда ғалымның істі болған, түрмеде-
гі кезеңдері қамтылған. Мұражай-үй-
дің қорында ғалым өмірі мен шығар-
машылығына қатысты 500-ге жуық
ресми құжаттар, 300-і мемлекеттік
мұрағаттан алынған түпнұсқалар.
Тарихи тұлға тұтынған мүліктер:
жазу машинкасы, мөртабан, қалам-
Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы
83
сап, қол шемодан, самаурын, жезта-
бақ, сандық қойылған. Қорда ғалым
еңбектерінің түпнұсқалары: «Қырық
мысал», «Маса», «Оқу құралы» 3
кітап; «Тіл – құрал» 3 кітап; «Баян-
шы», «Әліпби» әліппе, «Ер Сайын»,
«Әліппе астар», «Сауаташқыш», «23
жоқтау», «Әдебиет танытқыш», «Тіл
жұмсар» атты кітаптарының көшір-
мелері жасақталған. Жалпы, осы
кітаптардың әр ж. жарық көрген сан-
дарымен қоса есептесек, 17 туынды-
сы 46 рет басылым көрген. Кітаптар-
дың түпнұсқалары Республикалық
Ұлттық кітапхананың сирек қорлар
бөлімінде тіркелген әрі сақталған.
Б.-ның шығармашылығына қатысты
2000-ға жуық ғылыми мақала (қазақ,
орыс, ағылшын тілдерінде), 50-дей
монография, 5-6 халықаралық ғылы-
ми конференция материалдары 10 ре-
спубликалық ғылыми конференция
материалдары жарық көрді. Бұл жи-
нақтардың барлығы мұражай қоры-
ның асыл қазыналары. Мұражай жа-
нынан 500 жуық кітап, 200-дей әдеби
журналдар, 50-дей түрлі конферен-
ция материалдары және апталық га-
зет тігінділері қамтылған кітапхана
жұмыс істейді.
Ахмет Байтұрсынұлының Таш-
кент сапары – қайраткер-ағартушы-
ның 50 жылдық мерейтойына бай-
ланысты Түркістан зиялыларының
шақыруымен 1922 ж. тамызда Таш-
кент қаласына ат басын бұруы. «Ақ
жол» газетінде жарияланған «Лай-
ықты қошемет» атты осы сапар ту-
ралы жазылған мақалада (10.09.1922):
«Келген жұмысы – Түркістандағы
екі облыс қазақты Қазақстанға қо-
сып, қазақ елін біріктіру» делінген.
Қайраткерді күтіп алуға түркістан-
дықтар мұқият дайындалған. Оған
Ташкенттегі елшілік, өкілеттік бас-
шылары, еуропалық ғалымдар қа-
тысқан. Салтанат Ташкенттегі халық
ағарту инситутында (Киринпрос)
өткен. Төрге төңкеріс көсемдерімен
бірге Абай мен Ахметтің портреттері
ілініпті. Жастар ұлт ұстазын «Жа-
сасын қазақ!», «Жасасын қазақтың
қаһармандары!», «Жасасын қазақтың
көсемі Ахмет ағай Байтұрсынұлы!»
деген жалынды сөздермен қарсы
алған. Мұнан кейін қайраткердің
құрметіне концерт қойылған. Өлең-
деріне жазылған әндер шырқалған.
Артынан ресми банкет беріліп, арнау
сөздер сөйленген. Оны С.Ақайұлы
ашқан. И.Табынбайұлы арнайы ба-
яндама жасаған. Ол қиын заманды,
Алаш тұлғаларының қайсарлығын
айта келіп: «бірінші рет басталған,
бұрын ешкім ескермеген жұмыстың
бар ауыртпалығы Ақаңның басына
түсты: ойға-қырға қуылды, түрмеге
түсті. Бірақ Ақаңның қайраты таспа-
са қайтпады, ақылы аспаса саспады.
Өзінің тізесін, түрменің терезесін
үстел қылып, Ақаң қаламын тартпай
жазумен болды» дейді. Сөйтіп дара
тұлғаның қайраткерлік еңбегін са-
намалап жіктейді. Сөзінің соңынан
Ақаңа оқығандар атынан алтын же-
тон тапсырады. Бұған жауап ретін-
де Б.: «Мен – халық мұғалімімін.
Оқуым көп емес, аз. Бірақ білімімді
халық мақсаты үшін жұмсағаным
рас. Менің істеген аз жұмысым сен-
дердің де қолдарыңнан келеді. Мен
де өздеріңдей адаммын» дейді. Бұ-
дан кейін Башқұртстанның толық
құқықты елшісі Әміров, Түркістан
Алаш қозғалысы
84
мемлекеттік Білім кеңесінің басшы-
сы Хожаев, Күншығыс институты-
ның бастығы профессор Шейдт, Түр-
кістан Халық ағарту комиссарының
серігі Голиков сөз алып, қайраткер
туралы ж. лебізін білдіреді. Б. осы
сапарында Ташкентте орныққан зи-
ялылармен кездесіп, негізгі мәселе
бойынша пікір алмасады, ой бөліседі.
Ахметов Қадыр Әбілжанұлы
(31.01.1953, Солтүстік Қазақстан обл.,
Шал ақын (бұрынғы Сергеев) ауд.,
Социал а.) – тарих ғылымдарының
докторы, профессор. Ол өзінің еңбек
жолын ауылдық мектепте мұғалім
болудан бастаған. 1976 ж. С.М. Ки-
ров атындағы ҚазМУ-ды бітірген
соң ҚазССР Жоғарғы және орта
арнаулы оқу орындары министр-
лігінің жолдамасымен Целиноград
инженерлік-құрылыс институтында
оқытушы болып істеді. Содан кейін
ҚазМУ-дың аспирантурасын бітіріп,
кандидаттық диссертация қорғады.
1991-1996 ж. Абай атындағы Алма-
ты мемлекеттік университетінде
доценттік қызмет атқарды. 1996-
2004 ж. Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінде
тарих факультетінің деканы, кафе-
дра меңгерушісі қызметтерін, 2004
ж. наурызынан бері Еуразия гума-
нитарлық институтының оқу және
ғылыми жұмыс жөніндегі прорек-
торы қызметін атқарып келеді. 2003
ж. «ХХ ғ. 20-30-ж.ндағы Қазақстан
мәдениеті («мәдени революцияның»
концепциясы, идеологиясы, жүзеге
асырылуы)» атты тақырыпқа Отан
тарихынан докторлық диссертация
қорғады, 2006 ж. профессор атағы
берілді. Ғылыми ізденістері мәде-
ниет, интеллигенция және білім са-
ласының тарихына арналған. Өзінің
педагогикалық қызметін ғылыми
жұмыстармен ұштастыра отырып,
ол «Қазақстан мәдениетінің қилы
тарихы» атты монографияның, 4 оқу
құралы және 90-нан астам ғылыми
мақалалардың авторы. Оның зерттеу
еңбектерінде Алаш қайраткерлері,
олардың XX ғ. 20- ж.ндағы еліміздің
мәдени-рухани салаларындағы қа-
рымды қызметі, қайраткерлік істері
туралы архив құжаттары негізінде
зерделенген.
Ахметов Ілияс (1987, Қараған-
ды обл., Шет ауд., 4.) – журналист,
зерттеуші. 1919 ж. Семей педаго-
гикалық курсын бітірген. Еңбек
жолын бастауыш қазақ мектебінде
мұғалім болып бастаған. Мәскеу-
дегі Н.Нариманов атындағы Шығы-
стану институтының жапон бөлім-
шесін бітірген. Осында оқып жүріп
«Еңбекші қазақ» газетінің Мәскеу
мен Орынбордағы тілшісі қызметін
атқарды. І.Ахметов 1926-1928 ж.
«Еңбекші қазақтың» тілшісі, бөлім
меңгерушісі. 1928-1931 ж. аймақтық
курстың оқытушысы, меңгерушісі
(Қызылорда), Қазақ мемлекеттік
университеті жанындағы жұмыс-
шы факультетінде ұстаз, әрі Респу-
бликалық кітап палатасының қыз-
меткері болды. 1931-1933 ж. Казпед-
техникумда (Ташкент), 1934-1936 ж.
Мемлекеттік орталық кітапханада
(Алматы) қызмет атқарды. Ахметов
ұстаздықпен қатар, зерттеу жұмы-
старымен айналысты, оқулықтар
жазды. 1934 ж. «Қазақ» сөзінің
шығу тегі туралы» зерттеу жазды.
Жарық көрмеген бұл еңбектің (6,5
Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы
85
баспа табақ) қолжазбасы сақтаулы.
І.Ахметов 1936 жылдан бастап сая-
си қуғынға ұшырап, тұрақ-мекенін,
жұмысын жиі ауыстырып отырды.
Ақыры 1938 ж. наурызында тұтқын-
далып, «Алашорда партиясының
құрамында болып, кеңес үкіметін
құлатуға бағытталған белсенді жұ-
мыс жүргізді» деген жазамен атыл-
ды.
Ә
Әбдешев Марат Ескендірұлы –
белгілі зерттеуші, мұражайтанушы.
1945 ж. Шығыс Қазақстан облысы,
Марқакөл ауданында туған. Әл Фа-
раби атындағы ҚазМУ-дың тарих
факультетін бітірген. Қазақстанның
мемлекеттік орталық мұражайын-
да 30 жылдан астам еңбек етіп, қа-
зақтың көптеген көне мұраларын
жинап, зерттеп, анықтаған. 100-ден
астам ғылыми-танымдық мақалалар-
дың, Базарбай Мәметов, Сатылған
Сабатаев, Мұхаметжан Тынышба-
ев, Уәлитхан Танашев, Ғұбайдолла
Бердиев, Шафқат Бекмұхамедов т.б.
Алаш қайраткерлерінің өмірі мен
шығармашылығына қатысты көпте-
ген энциклопедиялық мақалалардың
авторы.
Әбдиманұлы Өмірхан (1953 ж.
Жамбыл обл. Тұрар Рысқұлов ауд.
Жақсылық а.) – әдебиеттанушы ғалым,
филология ғылымдарының докторы,
профессор. әл-Фараби атындағы Қа-
зақ ұлттық университеті журналисти-
ка факультетінің деканы. 1976 ж. С.М.
Киров атындағы Қазақ мемлекеттік
университетінің филология факуль-
тетіне түсіп, үздік білім деңгейін көр-
сеткені үшін М.В. Ломоносов атын-
дағы Москва мемлекеттік универси-
тетінің журналистика факультетіне
ауыстырылып, оны 1982 ж. бітірген.
Университеттен соң Жезқазған об-
лыстық «Жезқазған туы» газетінде
әдеби қызметкер болып істеген. 1983
ж. қыркүйек айынан әл-Фараби атын-
дағы Қазақ ұлттық университетінде
Алаш қозғалысы
86
оқытушылық қызмет атқарып келеді.
1983-1988 ж. журналистика факуль-
теті телерадио журналистикасы ка-
федрасының оқытушысы, 1988-1991
ж. ҚазҰУ-дің филология факуль-
тетінің аспирантурасында оқыған.
1992 ж. Ахмет Байтұрсынұлының
шығармашылығы бойынша «А. Бай-
тұрсынұлының әдеби-публицисти-
калық мұрасы» атты кандидаттық
диссертация қорғады. 1993-1995 ж.,
2001-2003 ж. филология факультеті
деканының орынбасары қызмет-
терін атқарған. 2007-2012 ж. қазақ
әдебиеті кафедрасының профессо-
ры, меңгерушісі. 2012 ж. ҚазҰУ-дің
журналистика факультетінің деканы.
2007 ж. «Ұлт-азаттық идеяның ХХ
ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде-
гі көркемдік мәні мен жаңашылдық
сипаты» атты тақырыпта доктор-
лық диссертация қорғады. Ә. Алаш
қозғалысы кезеңіндегі әдебиетті,
оның көрнекті өкілдерінің шығар-
машылығын зерттеуге үлес қосып
келеді. Осы ғылыми бағытта «Қа-
зақ газеті», «Ахмет Байтұрсынұлы»,
«Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азаттық
идея», «Қазақ әдебиетіндегі ұлтттық
рух» атты монографиялық зерттеу-
лері және ғылыми мақалалары бар.
Сонымен бірге ғалымның жоғары
оқу орындарының филология, жур-
налистика факультеттеріне арналған
«ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби-
еті» оқулығында Алаш қаламгерлері
Ш. Құдайбердіұлы, М-Ж. Көпейұлы,
А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, М.
Жұмабаев, Ж. Аймауытов, т.б. өмірі
мен шығармашылығы баяндалған.
Әбдіғазиұлы Балтабай 1952 ж.
Қарағанды об. Жаңаарқа ауд. туған.
Ғалым, филология ғылымдарының
докторы, профессор. 1974-1978 ж.
Әдебиет және өнер институтын-
да ғылыми қызметкер, 1978-1987 ж.
аралығында «Лениншіл жас», «Со-
циалистік Қазақстан» газеттерінде
бөлім меңгерушісі, «Жалын» жур-
налының жауапты хатшысы қызмет-
терін атқарған. 1987-1990 ж. ҚазҰПУ-
дың аспиранты, 1990-1992 ж. до-
центі, 1992-1998 ж. аралығында сол
университеттің деканы болды. Қазір
осы университеттің кафедра меңге-
рушісі. Шәкәрім шығармашылығы-
на арналған ғылыми еңбектердің
авторы. Алаш қайраткерлері көркем
шығармашылығына бойынша мақа-
лалар жазған. Бірнеше ғылыми-зерт-
теу еңбектердің, оқулықтар мен оқу
құралдарының авторы.
Әбдірахманов Бейсенғали (1888
ж.т., б.Орал о., Ілбішін у., Жұбанышкөл
б., қ.Қаратөбе а. – 1960 ж.) – алғашқы
қазақ дәрігерлерінің бірі, Қазақстан-
да денсаулық сақтау ісін ұйымдасты-
рушы. Кедей шаруа отбасында туып-
өсті. Болыстық орыс-қазақ мектебін
бітіргеннен кейін мұғалім И.К.Маль-
ковтың көмегімен Орал қаласындағы
қолөнер училищесіне түсіп, ат әбзел
цехы бөлімін «әбзелшінің қолқана-
ты» мамандығымен бітірді (1902-1907
ж.). Орынбор мұғалімдер мектебі-
не түсе алмағаннан кейін Оралдағы
әк зауытында жұмыс істеді, ауылға
келіп мал бақты. 1909 ж. облыстық
денсаулық сақтау бөлімінің сти-
пендиясымен Воронеж ер балалар
фельдшерлік мектебіне түсті. Фельд-
шерлік мектепті 1911 ж. бітіріп, 1914-
1917 ж. ІІ учаске аталған алты болыс
Қаратөбе елінде фельдшер болып
Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы
87
істеді. Ақпан революциясынан соң
М.Жолдыбаев, Ж.Нияров, Ү.Жама-
нов, О.Исаев, Х.Сағындықовтармен
бірге Алаш қозғалысына қатысты,
Досмұхамедовтер мен Әлібековтер
тобынан бейтарап ауыл интелли-
генциясы құрамында болды. Азамат
соғысы кезінде Х.Сағындықовпен
бірге елді текетірескен күштерден
қорғайтын Қорғаныс комитетін құр-
ды, 70 адамнан тұратын халық жа-
сағын ұйымдастыруға қатысты. 1920
ж. қаңтарда Қызыл армияның 5-бри-
гадасы Қаратөбеде ұйымдастырған
учаскелік әскери-революциялық ко-
митеттің хатшысы болды. Сәл кейін
Жымпиты уездік денсаулық сақтау
бөлімінің санитарлық-эпидемиоло-
гиялық бөлімінің меңгерушісі болып
тағайындалды. 1922-1930 ж. Орал
губерниялық, округтік денсаулық
сақтау бөлімінің дәрі-дәрмекпен жаб-
дықтау қосалқы бөлімінде қызмет
істеді. 1930-1931 ж. ҚАКСР Денса-
улық сақтау халық комиссариаты-
ның төрағасы. Осы қызметте респу-
бликаның медициналық жоғары оқу
орындарының тұңғышы – Алматы
медицина институтын ұйымдасты-
ру ісінің басында тұрды, өнеркәсіп
орындарында – Успен кенішінде,
Қоңыратта, Қарағанды облысында
жаңадан ауруханалар ашу, жұмыс-
шыларға дәрігерлік көмек көрсету
ісін ұйымдастырды.
Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы
(11.10.1953, Қарағанды обл., Атасу
кенті) – тарих ғылымдарының док-
торы (1992), профессор (2007), ҚР
ҰҒА мүше корреспонденті (2013).
Қазіргі әл-Фараби атындағы Қа-
зақ ұлттық университетінің тарих
факультетін 1976 ж. бітірген. Ең-
бек жолын Целиноград инженер-
лік-құрылыс институтында филосо-
фия және ғылыми коммунизм кафе-
драсының оқытушысы қызметінен
бастады. 1977-1979 ж. әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық универси-
тетінде КСРО тарихы кафедрасының
оқытушысы. 1979-1993 ж. аралығын-
да ҚР ҰҒА Ш. Уәлиханов атындағы
Тарих және этнология институтында
қызмет етіп, аға лаборанттан бөлім
меңгерушісіне дейінгі жолдардан
өтті. 1993-1999 ж. Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық уни-
верситетінде тарихнама және де-
ректану кафедрасын меңгерді. 1999-
2009 ж. Астана қаласындағы Л.Н.
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінде кафедра профессо-
ры, кафедра меңгерушісі, «Еуразия»
гуманитарлық зерттеулер ғылыми
орталығы жетекшісінің орынбасары;
2009-2011 ж. Мемлекет тарихы ин-
ституты директорының 1- орынба-
сары; 2011 жылдан ҚР БҒМ Ғылым
комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы
Тарих және этнология институты-
ның директоры. «Учебное пособие
по истории Казахстана с древнейших
времен до наших дней» (1992), «Қа-
зақстан тарихы. Очерк» (1994), «На-
ука и техника СССР. Хроника» (1987,
1988 ж. Москвада жарық көрген),
«Современный Казахстан. Стратегия
успеха» (2008), «Большой Атлас исто-
рии и культуры Казахстана» (2008),
«Астана. Энциклопедия» (2008),
«История Казахстана» (т.4. 2010),
«Қазақ хандығы тарихы: құрылуы,
өрлеуі, құлдырауы» (2011) ұжым-
дық зерттеулерді жазуға атсалысты.
Алаш қозғалысы
88
600-ден астам ғылыми және ғылы-
ми-көпшілік зерттеулердің авторы. Г.
Назарбаевамен бірлесіп жазған «Қа-
зақстан: тарих пен тағдыр» (2003),
«Қазақстан: тарих, тұлға, теория»
(2004). Д. Қамзабекұлымен, М.Серға-
лиевпен бірге шығарған «Тіл саясаты:
тағылым мен тәжірибе» (2005) кітап-
тары бар. «Сельская интеллигенция
Казахстана в условиях совершенство-
вания социализма» (1988) моногра-
фиясы, «Қазақстан: тарих, тіл, ұлт»
(2007), «Түркі әлеміндегі Қазақстан:
іргелі тарих және методология»
(2011), «Қазақстан: ұлттық тарих,
идея, методология» (2014) кітаптары
Отан тарихының іргелі мәселелерін
зерттеуге арналған. Зерттеулерінде
Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, С.Ас-
фендияров сынды тұлғалардың тари-
хи көзқарастарын, Алаш қозғалысы-
ның ұлттық идеясын зерттеді.
Әділов Байсейіт – Алаш қозға-
лысына қатысушы қайраткер. Ол
1887 ж. бұрынғы Ақмола об. Ақмола
уезінде туған. Ақмоладағы бастауыш
училищені, Омбы мұғалімдер семи-
нариясын бітірген. Омбыда, Ақмола-
да уездік және болыстық кеңселер-
де хатшылық қызмет атқарған. «Ақ
Байсейіт» атанып, ел-жұртына бедел-
ді болды. Ауыл балаларын мектеп-
ке тарту ісінде көп еңбек етті. «Жас
қазақ» ұйымын құрушылардың бірі.
Ол 1917 ж. сәуір айында Ақмола об.
қазақтарының сиезінде облыстық
комитет мүшелігіне сайланған. Осы
ж. Жалпы мұсылман сиезіне Ақмо-
ла облысынан делегат ретінде ұсы-
нылған. Осы тұста Алаш қозғалы-
сы қайраткерлерімен бірігіп, іргелі
қоғамдық жұмыстарға атсалысты.
Ақмоладағы кеңес өкіметін орнатуға
қатысып, уездік депутаттар кеңесінің
алғашқы құрамына мүше, уездік ми-
лиция бастығы болды (1917-1918).
1918 ж. жазы мен күзінде ақ гварди-
яшылар тұтқынға алды. Қазақ кеңе-
стерінің Құрылтай сиезінде ҚАК-
СР-ы ОАК-нің мүшесі болып сай-
ланды. Кейінірек, кеңес өкіметінің
әділетсіз саясатына наразылық біл-
діргені үшін қызметінен қуылып,
тұтқынға алынды. Абақтыдан боса-
тылғанымен, 1928 ж. желтоқсанында
ОГПУ жасағының тағы да тұтқында-
мақ болған әрекеті кезінде қарсылық
көрсетіп, оққа ұшты.
Әділов дінмұхамед (Дінше,
Мұқыш) (1900, бұр. Сырдария обл.
Сарысу у. Шу бойы – 21.04. 1930, Ре-
сей Федерациясы, Мәскеу). – қоғам
қайраткері, ағартушы. 1909-1913 ж.
Ақмола баста-
уыш училищесін-
де, 1913-1918 ж.
Омбы гимназия-
сында, 1919-1920
ж. Ташкент уни-
верситетінде білім
алған. 1914-1918 ж.
Омбыдағы «Бірлік» ұйымының мү-
шесі. 1917 ж. көктемде облыстық қа-
зақ комитетінің жолдамасымен жер-
гілікті қазақ комитеттерін құруға
атсалысты. Ақмоладағы «Жас қа-
зақ» ұйымын ашуға қатысады. 1918
ж. Азамат соғысына қатысады. 1919-
1920 ж. аралығында Ташкенттегі Қа-
зақ ағарту институтының оқытушы-
сы. Жетісу облыстық оқу бөлімінің
меңгерушісі, РК(б)П Семей губкомы
қазақ бөлімінің жауапты қызмет-
кері. 1920 ж. қазан айында өткен
Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы
89
Қазақстан кеңестерінің Құрылтайы
сыртынан Қазақ мүшесі етіп сайла-
ды. 1920-1921 ж. Қазақ Ішкі істер хал-
комының орынбасары. 1921-1923 ж.
Түркістан Республикасы ОАК, Сы-
рдария облаткомының және Әулие-
ата уездік аткомының уәкілі ретінде
ас маңызды еларалық мәселелерді
реттеуге жетекшілік жасайды. 1923-
1925 ж. Қазақ ағарту институтының
оқытушысы, директоры. ТүркАКСР
Халық ағарту халкоматында, Сыр-
дария облаткомы мен губерниясы
сотында, Қазақ АКСР Халық ағарту
халкоматында қызметте. 1925-1926
ж. тұңғыш Қазақ ұлттық театрын
(қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақ
мемлекеттік академия драма театры)
ұйымдастырушысы, директоры. 1928
ж. «Алаш ісі» бойынша тұтқындала-
ды. 1930 ж. Мәскеудегі Бутырка түр-
месінде атылған. Қазақ КСР Жоғарғы
Сотының 1988 ж. 4 қарашадағы
шешімімен ақталды.
Поделитесь с Вашими друзьями: |