Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.
Pdf просмотр
бет11/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   69

«Астана. Мыңжылдық тарихы 

бар қала» фотоальбомы - алашта-

нушы  ғалым  М.Әбсеметтің  2009 

ж.  жарық  көрген  кітабы.  Фотоаль-

бомда  Алаш  қозғалысына  қатысты 

көптеген  фотосуреттер  қамтылған. 

Алаш  көсемдері  Ә.Бөкейханның, 

А.Байтұрсынұлының,  М.Дулатов-

тың,  М.Тынышбаевтың,  Ж.Досмұ-

хамедұлының, М.Шоқайдың, Х.До-

смұхамедұлының  және  т.б.  белгілі 

суреттерімен  бірге  Алаш  қозғалы-

сына  қатысушылар  А.Алдияров-

тың,  С.Лапиннің,  Ж.  Сәдуақасов-

тың  көпке  беймәлім  суреттері  бар. 

Сонымен  бірге  Алаш  қайраткері 

Ә.Ермековтің  отбасымен  түскен 

көпшілікке  белгісіз  суреті,  Алаш 

қайраткері  М.Дулатовтың  «Бақыт-

сыз Жамал» романы негізінде 1915-

1916 ж. пьеса қойған Атбасар музы-

калық - драма театры труппасының 

суреттері енгізілген.



Асфендиярова  Гүлсім  (1880  ж. 

Шымкент  қ.-сы  –  1941  ж.)  –  Қазақ 

әйелдері арасынан шыққан алғашқы 

дәрігерлердің бірі. 1899 ж. Ташкент-

тегі  әйелдер  гимназиясын,  1908  ж. 

Санкт-Петербург  әйелдер  медици-

на  институтын  бітірген.  Институт-

тан соң Шымкент уезінде, Ферхана 

обл.-да,  Ташкент  қ.-да  дәрігерлік, 

оқытушылық  қызметтер  атқарды. 

Түркістан  аймағы  қазақ-қырғы-


Алаш қозғалысы

76

здарының  атынан  Бүкілресейлік 



Құрылтай  жиналысына  депутат-

тыққа ұсынылған.



Асфендияров  Санжар  –  Алаш 

қозғалысына  қатысушы,  көрнек-

ті  мемлекет  және  қоғам  қайраткері. 

Ол  1889  ж.  Ташкент  қ.-да  зиялы-

лар  отбасында  туған.  1907  ж.  Таш-

кент  реалдық  училищесін,  1912  ж. 

Санкт-Петербор  әскери-медицина-

лық  академиясын  бітіреді.  Осында 

түрлі ұлттардың азаттыққа тілеуқор 

қайраткерлерімен  жолығып,  демо-

кратиялық,  ағарған  Ресейдің  келе-

шегі  туралы  ой  бөліседі.  1912-1917 

ж.  10-Түркістан  полкінің  әскери 

дәрігер  қызметінде  жүріп  Термез, 

Самарқант,  Лович,  Варшава  қалала-

рында болады. Яғни ол 1914-1916 ж. І 

дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1915 

ж. Лодзья маңында неміс тұтқынына 

түсіп, 1916 ж. басында келісімге сай 

босатылады.  Қайраткер  1917-1918  ж. 

Орта  Азиядағы  саяси  серпілістерге 

белсене  араласады.  Бұхара  мен  Са-

марқанттың жәдидшілдерімен ақыл-

дасып,  өңірді  жаңартудың  жобала-

рын  қарастырады. 

1917  ж.  қарашада 

Қоқан  қаласында 

Түркістан 

авто-

номиясын  жари-



ялаған  өлке  мұ-

сылмандарының 

төтенше 

сиезі 


жұмысына  қатысады.  1917-1918  ж. 

Ташкент  қалалық  денсаулық  сақтау 

бөлімінің санитарлық дәрігері болып 

қызмет  істейді.  Түркістанда  кеңес 

өкіметі орнағанда, Аштықпен күрес 

жөніндегі  төтенше  комиссияның 

Сырдария  облыстық  бөлімшесін 

басқарады.  1919-1920  ж.  Закаспий 

майданында  кеңестік  Түркістан 

полкінің дәрігері, 1920-1921 ж. Түр-

кістан  автономиялық  республикасы 

Денсаулық сақтау халық комиссары, 

Егін  шаруашылығы  халық  комис-

сарының  алғаш  орынбасары,  кейін 

комиссары,  Түркістан  ОАК  төраға-

сының  орынбасары,  1921-1922  ж. 

РКФСР үкіметі мен Ұлт істері халық 

комиссариаты жанындағы Түркістан 

ОАК-нің тұрақты өкілі, 1922-1923 ж. 

Түркістан  автономиялық  республи-

касы Егін шаруашылығы халық ко-

миссарының орынбасары, 1923-1924 

ж.  Денсаулық  сақтау  халық  комис-

сары,  1925-1927  ж.  Бүкілресей  ОАК 

хатшысының  орынбасары,  1927  ж. 

Н.Н.  Нариманов  атындағы  Мәскеу 

Шығыс  халықтарының  этникалық 

және  ұлттық  мәдениеті  институты-

ның  директоры,  1928-1931  ж.  Қазақ 

мемлекеттік  педагогика  универси-

тетінің  (1930  жылдан  кейін  мәрте-

бесі – институт) тұңғыш директоры, 

1930  ж.  соңынан  бастап  Қазақ  ме-

дицина  институтының  директоры, 

1931-1933  ж.  Қазақ  кеңестік  респу-

бликасы Денсаулық сақтау халық ко-

миссары, 1933-1937 ж. КСРО Ғылым 

академиясы  Қазақ  филиалы  төраға-

сының  орынбасары,  1933  жылдан 

Халық  ағарту  комиссарының  орын-

басары,  мұнан  кейін  Ұлттық  мәде-

ниет ғылыми-зерттеу институты та-

рих  бөлімінің  меңгерушісі  қызмет-

терін атқарады. Қайраткер – «Шатер 

мира»  повесі  мен  «История  Казах-

стана с древнейших времен», «Қазақ 

тарихының  очеркі»  зерттеулерінің 

авторы. Ол 1937 ж. тамызда ұсталып, 

1938 ж. ақпанда нақақ атылған.


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

77

Атшыбаев Беркінғали (1897 ж.т., 

б.  Гурьев  у.,  Қазыбек  б.,  Миялы  а.  - 

ө.ж.б.) – Б.А-О. қайраткері, қазақтың 

жоғары білімді тұңғыш мұнай барла-

ушы геологы. Бабасы Қазыбек (1760-

1824)  Кіші  жүздегі  белгілі  билердің 

бірі,  атасы  Атшыбай  1869-1870  ж. 

Кіші жүз қазақтары көтерілісінде қол 

бастаған  батыр,  өз  әкесі  Мұқаш  Ат-

шыбайұлы  Атырау  –  Орал  өңірінің 

көзі ашық, сауатты, әрі сауда капита-

лымен  айналысқан  дәулетті,  белгілі 

адамдарының бірі. А. 1905 ж. Гурьев 

у., Есбол болысына қарасты Қарақол 

бір  кластық  орыс-қазақ  мектебін 

(«Қызылүй  мектеп»),  Гурьевтегі  екі 

кластық  Романов  орыс-қазақ  учи-

лищесін (1908 ж.) бітіріп, мұнан соң 

Орал  реальдық  әскер  училищесінде 

оқыды  (1909-1916 

ж.).  1917-1918  ж. 

әкесінің 

жанын-


да  болып,  шару-

ашылық  жүргізу, 

сауда  жасау  ісін 

үйренді.  Оспанов, 

Домаланов,  Абы-

лаев, Балғымбаев, Қаржаубаев, Күсе-

пқалиевтар сияқты реальдық учили-

щенің,  мұғалімдер  семинариясының 

түлектерімен бірге ІҮ Қазақ Орал об-

лыстық сиездінің қарарымен 1918 ж. 

жазда  Жымпитыда  ашылған  Ойыл 

облысы  жігіттерінен  офицерлер  да-

ярлайтын алты айлық юнкерлер (кей-

ін  прапорщиктер)  мектебіне  түсті. 

Мектепті бітіріп, прапорщик шенінде 

Алаш-Орданың  Алаш  автономиясы-

ның батыс бөлігін басқару жөніндегі 

бөлімшесінің Бас интенданты болып 

тағайындалды.  1918  ж.  желтоқсан-

дағы Жымпиты Алаш гарнизонының 

бас  көтеруі  кезінде  Б.А-О.  үкіметі 

қаржысының  бір  бөлігін  жігіттердің 

талауынан  аман  алып  қалып,  Ой-

ылға жеткізді. Орал Войско үкіметін 

күш  көлік,  ет  малымен  жабдықтап, 

майдан  шығынын  көтеріп  отырған 

елдің  күшімен  Халық  әскерін  ұстау 

қиын  болатынын  түсінген  Б.А-О. 

үкіметі  Сібір  Уақытша  үкіметі  мен 

ағылшын  көмегіне  сүйенуді  ойла-

стыра  бастаған  1919  ж.  аяқ  шенінде 

А.  Халық  әскерінің  Форт-Алексан-

ровск  порты,  Гурьевтегі  Толстов 

әскері  арқылы  ағылшын  құрал-жаб-

дығымен  жабдықталуын  ұйымда-

стыру, екі арада кіре тарту, лау жүр-

гізу  ісімен  айналысты.  Сағыз  уездік 

земство  управасы  арқылы  Сібірдің 

оңтүстік-батыс астықты аудандарын-

дағы  кооперативтер  мен  жергілікті 

қазақтардың Ойыл, Ілбішін, Қаратө-

бе  базарларында  Доссор,  Мақат-

тың  шикі  мұнайын,  керосинін,  қара 

майын,  Жайықтың  бекіре  балығын 

азық-түлікке  баспа-бас  айырбастау 

ісін  жолға  қойды.  1919  ж.  күзде 

Б.А-О.  үкіметінің  негізгі  құрамын-

да Ойылға, сонан соң Қызыл-Қоғаға 

ығысып  келді.  Сол  ж.  желтоқсан-

да  Қызыл  армия  бөлімшелері  мен 

ақ  казактардың  осы  өңірдегі  ақтық 

шайқастарының  ортасында  болды. 

Бұрынғы Комуч Халық армиясының 

Орал  казактары  құрамындағы  пол-

ковник  Горшков  басқарған  отрядын 

қызылдар  жағына  шығарған  Ж.До-

смұхамедов  операциясына  қатысып, 

отряд құрамындағы бұрынғы Комуч 

үгіт және мәдени-ағарту бөліміне қа-

расты  Бұратаналар  қосалқы  бөлімі 

Орал бөлімшесіне меңгеруші болған 

В.А.Анзимировтың  боранда  адасып 



Алаш қозғалысы

78

кеткен зайыбын үйіне әкеп паналата-



ды,  сүзектен  сауықтырады.  Мұның 

аяғы  М.С.Анзимировамен  көңіл  қо-

сып, үйленуіне әкелді. Б.А-О. үкіметі 

тізе бүккеннен кейін, Түркістан май-

даны  басшылығының  І  армия  қол-

басшысына  Б.А-О.-ның  неғұрлым 

ықпалды  бірнеше  қайраткерін  кепіл 

ретінде  ұстап,  Орынборға  жөнелту 

жөнінде  құпия  берілген  нұсқауына 

сәйкес  оқшаулатылған  бес  адамның 

бірі.  1920  ж.  ақпанда  осы  топ  құра-

мында  Мәскеуге  әкетілді.  Осы  күн-

дері Ж. және Х.Досмұхамедовтермен 

бірге Кеңес басшылығына Б.А-О. қы-

зметі жөніндегі белгілі хат-баяндама-

ны әзірлеуге қатысты. Сол ж. мамыр-

да бестіктің алғашқысы болып Орын-

борға оралып, Қазәсревком Ішкі істер 

бөлімінің  меңгерушісі  Ә.Әйтиевтің 

қолдауымен  айтылмыш  бөлімге  іс 

жүргізуші  болып  орналасты.  Кей-

інірек  осында  Азаматтық  хал  ак-

тілерін тіркеу бөлімінің меңгерушісі 

болды,  комиссариаттың  қаржы-есеп 

бөліміндегі  А.В.Затаевичпен  бір-

ге  істеді.  А.В.Затаевич  А.  айтуынан 

жазып  алған,  Мұхит  Мерәліұлы-

ның  «Паң  көйлек»  әнін  (3-нұсқасы) 

өзінің  1925  ж.  жарық  көрген  «Қазақ 

халқының  1000  әні  мен  әуені»  кіта-

бында  «Щегольская  рубашка»  деген 

атпен,  нотасымен  қоса  жариялады. 

1920  ж.  аяқ  шенінде  Ішкі  істер  ко-

миссариатының  хатшысы  болды,  Іс 

басқарушысы міндетін атқарды. 1921 

ж.  күзге  қарай  ҚАКСР  Халық  ағар-

ту комиссары, ҚАКСР ОАК Балалар 

өмірін  жақсарту  жөніндегі  орталық 

комиссиясының төрағасы А.Кенжин-

нің ұсынуымен айтылмыш комисси-

яның  Түркістандағы  азық-түлік  са-

тып алу жөніндегі төтенше өкілі бо-

лып  тағайындалды.  Тәшкенге  келіп, 

ашығып  жатқан  қазақ  балаларына 

Түркістан  Республикасы  тарапынан 

көмек ісін ұйымдастырды. Ж.Досмұ-

хамедовпен бірге Қарақол, Тоқмақтан 

азық-түлік  іздеді.  1921  ж.  қарашада 

Самарқандқа 400 панасыз қазақ бала-

сын алып келген № 303 санитарлық 

поезбен  Қазақстанның  солтүстік  өл-

кесіне 5000 пұт бидай жеткізді. Кейін 

ҚАКСР  Халық  ағарту  комиссариа-

тында социалистік тәрбие кадрларын 

даярлайтын  курстардың  аймақтық 

меңгерушісі (1922, қыркүйек – 1923, 

тамыз),  Мәскеудегі  «Сантонин» 

тресінде  Іс  жүргізу  бөлімінің  мең-

герушісі,  екі  дүркін  «АРОСПА»  ак-

ционерлік  қоғамы  Тексеру  комисси-

ясының  мүшесі,  «Казкрайсоюздың» 

Мәскеу  өкілдігінде  экономикалық 

тексеруші (1924-1926 ж.) болып істеді. 

Мұнан соң РКФСР Жоғарғы сотында 

аудармашы болды (1926-1928 ж.). 1928 

ж.  Мәскеудегі  Тау-кен  академиясы-

ның (қазіргі Губкин атындағы Мұнай 

институты)  мұнай  факультетінің  ге-

ология  бөлімшесіне  түсті.  А.В.Зата-

евичпен  Арбат  ауданында  бір  үйде 

тұрды.  Затаевичтің  1930  ж.  қыркүй-

екте  сыртына  А.-ға  тілек-қолтаңба 

жазып  берген  ескерткіш  суреті  ҚР 

Мемлекеттік  Орталық  мұражайында 

сақтаулы. Б.А. 1930 ж. «алашордашы, 

жат элемент» деген айыппен Тау-кен 

академиясынан  шығарылды.  Сол  ж. 

Гурьев қаласына келіп, «Эмбанефть» 

тресіне қарасты геология-барлау кон-

торында  әуелі  геолог,  сонан  соң  да-

лалық  геологиялық-картировка  сек-

циясының меңгерушісі болып істеді. 

Осы саладағы еңбек жолы зерттелуі 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

79

кемшін,  игерілуі  кенже  болып  кел-



ген Жем (Ембі) мұнай алабының Ка-

спий  маңы  ойпатына  кіретін  байтақ 

аумағында  мұнай  іздестіру  жұмы-

сының етек ала бастауына тұспа-тұс 

келген  Б.А.  аз  уақытта  білімімен, 

тындырымдылығымен  П.Я.Авров, 

С.Ф.Горкин,  И.Г.Пермяков  секілді 

тәжірибелі  геологтардың  құрметіне 

ие болды. Осы қызметте мұнай көзін 

іздестірудің геофизикалық тәсілдері-

нен  бастап  микропалеонтологиялық 

талдау әдісіне дейінгі жаңашыл жол-

дарын  қолдана  отырып,  ықтимал 

мұнай  көздерінің  геологиялық  кар-

таларын  жасады.  Ел  аузында  «Мо-

сы-ағаш»  аталатын  бұл  белгі-баған-

дар,  олардың  түбінде  сақтаулы 

ақпар-мәлімет,  есептеулер  әлі  күнге 

геолог-барлаушылар  кәдесіне  жарап 

келеді. А. басқарған геологиялық-ге-

офизикалық  іздестіру  жұмыстары 

нәтижесінде  1931  ж.  Мұнайлы,  Ал-

тыкөл,  Ескене  мұнай  көздері  ашыл-

ды, 1933 ж. алғаш рет Қондыбай кен 

орнының  геологиялық  картасы  жа-

салды,  1934  ж.  Жолдыбайда  мұнай-

дың жүлгелі құрылымы бар екендігі 

анықталды.  1935-1936  ж.  Құлсары, 

Дүйсеке,  Шонай,  Қарашүңгіл,  Төлес 

нүктелерінде кешенді жүргізілген ге-

офизикалық барлау жұмыстары да  А. 

есімімен  байланысты.  1931  ж.  Адай 

көтерілісі  кезінде  Мұнайлы  нүктесі 

маңында  жүрген  И.Г.Пермяковтың 

экспедициялық партиясындағы орыс 

ұлты  өкілдерін  Құрмаш  жасағының 

жазалауынан алып қалды. 1935 ж. А. 

Гурьев тау-кен техникумының түле-

гі,  техник-геолог  Л.Г.Софенрейтер-

мен отау құрды. 1937 ж. қазан айында 

«Эмбанефть»  тресі  бойынша  Х.Ақ-

ботин,  Т.  Иманғазиевтармен  бірге  І. 

Құрамысовтың  «алашордашыл,  кон-

трреволюциялық ұйымына қатысты» 

деген айыппен тұтқындалды, сол ж. 

аяқ шенінде этаппен Орал қаласына 

айдалып,  хабарсыз  кетті.  Кейін  екі 

қаладағы  тиісті  орындардан  А.-ның 

үстінен  қозғалған  қылмыстық  істің 

материалдарын іздестіру нәтиже бер-

меді.  Ауызекі  деректерге  қарағанда, 

тергеушілер тарапынан болған қыса-

стықтан  түрме  ауруханасына  түсіп, 

қиналып  жан  тапсырған.  Алғашқы 

зайыбы – Мария Сергеевна Анзими-

рова  ұзақ  жыл  Мәскеу  қаласындағы 

Жазушылар  Одағының  Әдебиет-

шілер  үйінде  хатшы  болып  қызмет 

істеп, 1952 ж. қайтыс болды. Алғашқы 

некеден  көрген  ұлы  Георгий  Атшы-

баев «Огонек» журналының қызмет-

кері, журналист, 1981 ж. 56 жасында 

көз  жұмды.  Соңғы  некеден  Беркін 

есімді ұлы қалды, 1959 ж. Волгоград 

автомобиль тас жолдары институтын 

қатынас  жолдары  инженері  маман-

дығымен бітіріп, Қазақстан Автомо-

биль жолдары министрлігінде, «Каз-

дорпроект»  ғылыми-зерттеу  инсти-

тутында істеді. Анасы Лидия Георги-

евна  Софенрейтермен  бірге  Алматы 

қаласында тұрады. А. Оңтүстік-Орал 

әскери округі әскери прокуратурасы-

ның 1957 ж. 6 желтоқсандағы қаулы-

сымен ақталды. 

Атшыбайұлы  Мұқаш  (т.-ө.ж.б., 

б.Орал о., Темір у., Қазыбек б., Миялы 

а., қ.Атырау о., Қызыл-Қоға ауд.) – Ба-

тыс Алаш-Орда қайраткері, қазақтың 

алғашқы  саудагер-кәсіпкерлер  то-

бының  өкілі.  Атасы  Қазыбек  Жай-

ық өңіріне белгілі би, батыр болған. 

Ойыл  бекінісі  мен  Қызыл-Қоға  к-ті 



Алаш қозғалысы

80

аралығындағы  бір  болыс  Қазыбек 



атымен  аталған.  Өз  әкесі  Атшыбай 

да  1869-1870  ж.  «Ел  ауа»  аталған 

Кіші  жүз  қазақтары  көтерілісіне 

белсене қатысқан батыр. Айтылмыш 

төңіректе ел «Атшыбайдың көні» деп 

атайтын ата қоныс жұрты әлі де бар. 

А.  өмірінің  қарекетті  кезеңі  жұрт-

шылықтың  сұрауы  бойынша  1867 

ж.  Қазыбек  жайлауында  ашылған 

Ойыл (Көкжар) жәрмеңкесі ірі сауда 

орнына  айналған  ХІХ  ғ.  аяқ  шені-

не  тұспа-тұс  келді.  Ойыл  жәрмең-

кесінің  ашылуымен  өлке  қазақтары 

Орынбор,  Самар  және  Орал  сауда-

герлеріне  кіріптарлықтан  құтыл-

ды,  қазақтың  А.  секілді  көзі  ашық, 

еті  тірі  өкілдері  ұсақ  өндірушілер 

мен  жәрмеңке-базарлар  арасындағы 

делдалдық  сауда-саттықты  өз  қол-

дарына алды. Қазақ сауда-кәсіпкер-

лік  буржуазиясы  кейінірек  саудасы 

негізінен  қазақ  даласымен  байла-

нысты болған Жайық казактарымен 

тізе  қосып  отырып,  Орал  облысын-

дағы  бүкіл  сауданы  өз  қолдарына 

алды.  А.-ның  мекен-қоныстары  осы 

сауда  жолы  бойымен  жүйеленген: 

қыстауы  –  Тойсойған-Бүйрек  құмы, 

көктеуі – Миялы жайлауы, жайлауы 

–  Ойыл  маңындағы  Қазыбек  шұра-

ты, күздеуі – Ойыл мен казактардың 

Калмыков  (Кінәз)  к-ті  аралығын-

дағы  Тайпақ  жері,  оның  ішінде 

Масқардың Жаңакөлі. А. 1905 ж. 11 

желтоқсандағы Мемлекеттік Думаға 

сайлау  заңына  сәйкес  «шаруа»  со-

словиелік  куриясына  жатқызылған 

қазақтардың  әр  30  мыңы  сайлап 

шығарған сайлаушы (выборщик) бо-

лып, облыс бойынша І Мемлекеттік 

Думаға  қазақтан  депутат  сайлаған 

жиналысқа  қатысты.  Баламалы  не-

гізде  ұсынылған  присяжный  пове-

ренный Б.Қаратаев пен Темір уезінің 

чиновнигі  А.Қалменовтің  ішінен 

соңғы  кандидатты  жақтап  дауыс 

берді.  Қазақша-орысша  сауатты, 

үйінде  бай  кітапханасы  болған  А. 

балалары  Беркінғалиды,  Құсайын 

мен  Әжіғалиды  Гурьев,  Орал  қала-

ларында  арнайы  оқытқан.  1917-1918 

ж.  революциялық  қозғалыс  және 

азамат  соғысы  кезінде  Х.  Досмұха-

медовті  қолдады.  Оралда,  Ойылда, 

Қаратөбеде  өткен  облыстық  қазақ 

сиездеріне  қатысты.  Кейбір  дерек-

терге  қарағанда,  Ойыл  облысының 

Уақытша  үкіметіне  мүше  болып 

сайланған.  Ойыл  уәлаятын  қолда-

ушы көзі ашық дәулеттілермен бірге 

жаңа автономиялық құрылымды ша-

руашылық-экономикалық  жағынан 

дамытуға,  саудасын  жүргізіп,  күш-

көлікпен, азық-түлікпен қамтамасыз 

етуге  атсалысты.  Орал  реальдық 

әскер училищесін бітірген ұлы Бер-

кінғали  Атшыбаев  Б.А.О.-ның  Бас 

интенданты  болып  істеді.  Осы  ұлы 

арқылы  А.  1918  ж.  желтоқсандағы 

Жымпиты Алаш гарнизонының бас 

көтеруі  тұсында  облыстық  земство 

басқармасының  қаржы  қорының 

бір  бөлігін  талаудан  аман  алып  қа-

лып, Ойылға жеткізді. 1919 ж. күзде 

Ойыл түрмесінен Калмыков к-не ай-

далып бара жатқан М.Ипмағамбетов 

пен  оның  серіктеріне  Масқардың 

Жаңакөлінде  күздеуде  отырғанда 

жолығып,  қамқорлық  жасады.  1919 

ж. 10 желтоқсанда Қызыл-Қоға к-де 

өткен  Б.А-О.-ның  қалалық  және 

ауылдық  земстволары  өкілдері  мен 

ел  ақсақалдарының  кеңесіне  қаты-


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

81

сты.  Шамамен  20-ж.  басында  қай-



тыс  болды.  1937  ж.  туған-туысқан-

дары қудаланып, бірқатары Ақтөбе, 

Торғай  жаққа  жер  аударылды.  Ұлы 

Беркінғали  қуғын-сүргін  құрбаны, 

кіші ұлы Әжіғали 50- ж. Алматыда 

банк жүйесінде жұмыс істеді. Әми-

на Мәметова екінші рет осы Әжіға-

лиға  тұрмыстанды.  А.-ның  немере-

лері ішінен Сапар Мұқашев – Дүни-

ежүзі  қазақтары  қауымдастығының 

жауапты хатшысы, Кәрім Атшыбаев 

–  спектрлік  анализ  әдісін  тұңғыш 

ашқан  геолог  мамандардың  бірі, 

«Геоаналитика»  акционерлік  қоға-

мының президенті. 

Атылған, қуғындалған күйшілер 

–  30-ж.  репрессияланған  өнер  тұлға-

лары. Зұлматты жылдар қазақ музыка 

өнеріне  көп  зиянын  тигізді.  «Қобыз, 

домбыра  феодализмнің  қалдығы,  ән-

ші-күйші  –  ескі  өмірді  жырлаушы, 

жатыпішер»  деген  қаралаулар  жиі 

айтылды.  Атылып  кеткен  әнші-күй-

шілердің  қатарында  Тәттімбеттің 

күйшілік өнерін жалғастырушы Әбди 

Ырысбекұлы  мен  Сембек  Айдосұлы 

бар.  Естеліктерге  қарағанда,  Сембек-

ті күй тартып отырған жерінде атып, 

бұйрықты орындаушылар домбырасы 

мен саптама етігін алып кеткен. Әбди-

ді абақтыда атқан. Ерназарұлы Дайра-

бай  күйші  де  қуғындалып,  Арқадан 

Түркістан жаққа қашқан. НКВД ұстар 

алдында ғана көз жұмған. Күйші Ах-

метжан  Сармантайұлы  қуғындалған. 

Ахметжанның  «58-статья»  атты  күйі 

белгілі.  Өйткені  зиялылардың  көбі 

«кеңеске қарсы жұмыс істеді», «отан-

ды  сатты»  делініп,  58-статьямен 

тұтқындалған.  Қуғындалғандардың 

тізімі  ішіне  Махамбет  Бөкейханов, 

Әбікен  Хасенов,  Ахмет  Жұбановтар 

да  енеді.  Оларды  НКВД  талай  рет 

әуре-сарсаңға  түсірген.  Қуғын  көр-

ген күйшілерден Әлшекей Тәжікстан 

асып, Қорғантөбе маңында дүниеден 

өткен. Тауданбекұлы Дәуітбай есімді 

күйші де паналар жер таппай, Моңғо-

лияға  кетсе  де  1937  ж.  саясатының 

құрығына  ілінген.  1925  ж.  Парижге 

барғанда  Мұстафа  Шоқаймен  ди-

дарласып  үлгерген  әйгілі  Әміре  сол 

үшін қуғындалып, өлтірілді. Репрес-

сияланған  өнер  адамдарын  анықтау 

және  мұрасын  табу  бағытында  му-

зыка  зерттеушілері  Ахмет  Жұбано-

втың,  Александр  Затаевичтің,  Борис 

Ерзаковичтің жеке архивтерін ғылым 

және халық игілігін айналдыруы қа-

жет. Олардың тұсында саясаттың қа-

рауылы  мықты  болғандықтан,  мол 

«ақтаңдақ» дүние қозғаусыз қалғаны 

сөзсіз. 

Аштарға  жәрдем  комитеті  – 

Түркістан  қаласында  «Бірлік  туы» 

газеті атынан 1918 ж. ашылған жәр-

дем  комитеті.  Комитеттің  мақсаты 

–  Түркістан  өлкесіндегі  ашыққан 

адамдарға  көмектесу  болып  табыла-

ды. 

Ахмедов  Ғалым  Хәкімұлы 

(25.12.1906  ж.т.,  Ақтөбе  обл.  Алға 

ауд. 1-май а.) – жазушы-аудармашы, 

алаштанушы. 1925 ж. Орынбордағы 

Халық  ағарту  институтын  бітірген. 

1926 – 32 ж. Ақтөбе, Жамбыл облы-

старында  кәсіподақ,  шаруашылық 

қызметтерін атқарды. Қазақстан КП 

ОК-нің  нұсқаушысы  (1938ж),  Жам-

был  қалалық  партия  комитетінің 

бірінші  хатшысы  (1938ж)  болды. 

1944  ж.  Қазақ  мемл.  Біріккен  бас-

пасының  Бас  редакторы,  1950  ж. 


Алаш қозғалысы

82

көркем  әдебиет  (қазіргі  «Жазушы») 



баспасының  директоры  болып 

тағайындалып, әдебиетімізді өркен-

детуге белсене атсалысты. А. шығар-

машылық жолын аудармашы ретінде 

бастаған.  Орыс  және  шетел  әдеби-

еті  өкілдерінің  көптеген  прозалық 

шығармаларын қазақ тіліне аударған. 

А.-тің  1996  жылғы  «Жалын»  баспа-

сынан  жарық  көрген  «Алаш»  Алаш 

болғанда»  еңбегінде  Алаш  қозғалы-

сына байланысты көптеген құнды де-

ректер кездеседі. Еңбектің бірінші та-

рауында жалпы Алаш қозғалысының 

барысы,  Түркістандағы  ұлт-азаттық 

күрес,  А.  Байтұрсынұлына,  ХІХ  ғ. 

соңы мен ХХ ғ. басында жоғары білім 

алған қазақтарға, «Ғалия» медресесі-

не қатысты бағалы мәліметтер бар. 



жүктеу 6.87 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   69




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет