Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет10/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69

Аманжолов  Садық  Аюкеұлы 

(1885 ж. Алматы обл. Шелек ауд. Қа-

ратұрық а. – 05.12.1941 ж. Ташкент қ.) 

– Алаш қозғалысына қатысушы қай-

раткер. Балалық шағы туған ауылын-

да өтеді. Арманшыл әке Аюке бала-

сынан  үлкен  үміт  күтсе  керек,  оны 

жастайынан  үлкен  істерге  дайын-

дап  кесек  мінез  қалыптастыруына 

себепші  болады.  С.  білімге  құштар 

болып өседі. Әкесі оны Верныйдағы 

(Алматы) ұлдар гимназиясына оқуға 

береді.  Ол  мектепті  1902  ж.  бітірген 

екен.  Бірақ,  өзінің  алған  білімін  қа-

нағат  тұтпайды.  Еліне  адал  қызмет 

ету  үшін  әлі  де  көп  білім  керек  еді. 

Осыны жақсы түсінген ол Қазандағы 

император  университетінің  заң  фа-

культетіне  оқуға  түседі.  Универси-

теттен  өзіне  керекті  мол  білім  ала-

ды. 1910 ж. университетті тәмамдап, 

елге оралады. Алғашында өз маман-

дығы  бойынша  жұмыс  істейді.  А. 

1917 жылға дейін Жетісу облысының 

(Аягөз, Үржар) заң орындарында қы-

змет атқарады. Бұл жұмысты ол тын-

дырымды да әділ атқарады. Кейін Үр-

жар уезінде қазақ комитетінің төраға-

сы болады. А.-ның ұлт үшін күрескен 

өмірінде  бұл  кездің  орны  бөлек  еді. 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

69

Осы  жұмыста  жүріп  ол  Алаш  зи-



ялыларымен  жақын  танысып,  ойы 

ұшталып,  кемелдене  түседі.  1917  ж. 

21-26  шілде  аралығында  Орынборда 

бірінші  жалпықазақ  сиезі  өткенде, 

сол  сиезге  А.  да  қатысады.  Сиезге 

жиналған  қазақ  зиялыларының  ұй-

ғаруымен  Бүкілресейлік  құрылтай 

жиналысына  депутат  болып  сайла-

нады.  Бұл  бірінші 

жалпықазақ  сиезі-

не  жиналған  қа-

зақ  көсемдерінің 

А.-ның  білімі  мен 

біліктілігін  баға-

лап,  Бүкілресейлік 

құрылтайда  қазақ 

халқының  мүддесін  қорғай  алаты-

нына  сенгендігі  еді.  Бүкілресейлік 

сиезде  А.-ның  өз  ұстанымын,  ұл-

тының  аманатын  қалай  қорғағаны 

туралы  дерек  жоқ.  Сиезден  кейінгі 

атқарған  жұмыстарына  қарағанда 

Алаш  көсемдерінің  күткен  жерінен 

шыққаны  анық.  А.  Бүкілресейлік 

сиезден  кейін  «Алаш»  партиясының 

жергілікті ұйымдарын құру ісіне ара-

ласып, мәнді әрі ауыр міндетті мой-

нына  алады.  Жетісу  өңірінде  Алаш 

ұйымдарының  құрылуы  мен  оның 

қызметінің  тыңғылықты  жүруіне  А. 

бір кісідей тер төкті. 

Екінші  жалпықазақ  сиезінде  А. 

Ұлт  Кеңесіне  мүше  болып  сайлан-

ды.  Бұл  мәртебелі  орын  халықшыл 

азаматтың  сенімін  бекемдеп,  бел-

сенді  де  пәрменді  қызмет  істеуіне 

түрткі болғаны айтпасақ та түсінікті. 

А.  Жетісуда  Алашорда  жасақтарын 

құру ісінде ұйымдастырушылық қа-

білетімен  көзге  түссе  керек.  Кейін 

Шыңжаңның  Шәуешек  қаласында 

Алашорда  жасақтарын  құруға  же-

текшілік  етеді.  Алашорда  көсем-

дерінің  бәрі  де  өздері  үлгі  көрсете 

алатын,  жан-жақты  жетілген  кемел 

азаматтар  еді.  Бұл  қасиетті  А.-  дан 

да  көреміз.  Ол  кезінде  әділ  заңгер, 

талантты  ұйымдастырушы,  білік-

ті  басшы  болды.  Алаш  әскері  қата-

рында  қолына  қару  алып,  майданға 

шықты.  Кеңес  әскерлерімен  болған 

шайқаста  ауыр  жарақат  алған.  Ала-

шорда  үкіметі  таратылғаннан  кейін 

кеңес  үкіметі  алашордашыларға  бі-

раз  уақыт  еркіндік  бергені  белгілі. 

Сол тұстарда (1923-1930 ж.) А. Қазақ 

автономиялық  социалистік  кеңестік 

республикасы заң халық комиссари-

атында  қызмет  атқарады.  Жасынан 

әлеуметтік қызметпен шұғылданған, 

кәсіби  маман  А.-ның  бұл  жұмысты 

аса  тыңғылықты  атқарғанында  дау 

жоқ.  Алайда,  елшілдік  бағыт  ұста-

нып, туған халқының азаттығы үшін 

күрескен азаматтың кеңестік дәуірде 

қайдан  жолы  болсын,  1930  ж.  зоба-

лаңы  басталғанда  оның  да  тағдыры 

тәлкекке  түседі.  А.  Қазақстаннан 

қуғындалады. Басында жан сауғалап 

Мәскеуге барады. Алайда Ресей аста-

насы  ұзақ  мекен  бола  алмайтынын 

түсініп,  Бішкекке,  одан  Ташкентке 

кетеді.  Ол  жақта  қалай  өмір  өткіз-

гені туралы нақты дерек аз. Ұзын да, 

қысқа да емес, қиындығы мен қызығы 

бірдей,  арманға  толы  56  жыл  өмір 

сүріпті.  Осы  өмірінің  ішінде  қазақ 

халқы  үшін  оның  ұлттық  мемлекеті 

– Алашорда үкіметі үшін бір кісідей 

үлес қосып, елеулі еңбек етеді. 



Аңсағаев  Әбілқасен  –  Алаш 

қозғалысына  қатысушы.  Ол  1895  ж. 

қазіргі  Ақмола  об.  Жарқайың  ауд.


Алаш қозғалысы

70

Гастелло  кеңшарында  дүниеге  кел-



ген. Бұл ауыл ХХ ғ. отызыншы ж.на 

дейін  «Аңсағай-Кенжебай  ауылы» 

деп  аталған.  Бірінші  жалпықазақ 

сиезінен  кейін  жер-жерлерде  Алаш 

партиясының  бөлімдері  құрылғанда 

ол Атбасар уездік Алаш комитетінің 

мүшелігіне  кірген.  Оның  өмір  жолы 

туралы  деректер  сақталмаған.  1930 

ж.  ұжымдастыру  саясаты  тұсында 

ол  кулактар  қатарына  жатқызылып, 

қазіргі Ақтөбе облысының Темір қа-

ласына жер аударылған. Онда екі-үш 

жыл болып, фамилиясын «Танабаев» 

деп  өзгертіп,  Қырғызстанға  кеткен. 

Отбасымен, ағайын-туысқандарымен 

Рыбачье  қаласында  тұрады.  Онда 

кондитер  фабрикасының  директо-

ры  болады.  Өмірінің  соңғы  кездері 

Тәжікстанның Ленинабад қаласында 

тұрады. 1949 ж. сал ауруынан қайтыс 

болады.  Тілеміс,  Әділхан,  Асылхан 

деген  балалары  Ұлы  Отан  соғысына 

қатысқан. Немерелері қазір Қырғыз-

станның Рыбачье қаласында тұрады. 



Арабаев Ишанғали – Алаш қозға-

лысына қатысушы қазақ пен қырғы-

зға ортақ азамат. Ол 1911 ж. Уфадағы 

Шарқ  баспаханасынан  белгілі  қазақ 

ағартушысы  Қ.  Сәрсекеевпен  бір-

лесіп  «Әліппе»  (Төте  оқу)  жазады. 

1912  ж.  қазақ  тілінде  «Жазу  өрнек-

тері» атты оқулығы жарық көреді. А.

Байтұрсынұлының ықпалымен қазақ 

баспасөзінде  «Қырғыз»  деген  бүр-

кеншік атпен мақалалар жазады. 1916 

ж.  қырғынға  ұшыраған  елін  бастап 

Қытайға қоныс аударып, 1917 ж. қай-

та оралады. 1917 ж. «Қазақ» газетін-

де  «Бейшара  қырғыз  бауырларың-

ды  ұмытпаңдар»  деген  хаты  жарық 

көреді. Осы хатты оқыған қазақ жұр-

ты қырғыздарға көп көмек жасайды. 

1920-1923 ж. Алматыда Қосшы одағы 

төрағасының  орынбасары  болып 

істеп,  1923  ж.  Х.Досмұхамедұлы-

ның  шақыртуымен  Ташкентке  ба-

рып, 

Түркістан 



АКСР-і  ғылым  ор-

талығының  жетек-

шісі  болады.  Сол 

кезде  Орта  Азия 

университетінде 

қырғыз  тілінен  са-

бақ  береді.  1924 

ж.  маусымда  өткен  Қырғыз-қазақ 

білімпаздарының  бірінші  сиезін  ұй-

ымдастырушы  топтың  ішінде  бол-

ды.  1926  ж.  Бакуде  өткен  Түріктану 

сиезінде  қырғыз  халқының  өзін-өзі 

басқару құқын іске асыру үшін күре-

седі. 1924 ж. Қарақырғыз автономия-

сы құрылғанда облыстық төңкерістік 

комитеттің мүшесі, облыстық ғылым 

комиссариатының  төрағасы  болады. 

1924  ж.  жазған  «Қырғыз  әліппесі» 

–  қырғыз  мектептеріне  арналған 

тұңғыш  оқулық.  Қырғыз  тілінде 

шыққан  алғашқы  газет  «Еркин  тоо-

ның»  (Еркін  тау)  редакторы  болған. 

Манас  эпосының  қағазға  түсуіне 

басшылық етіп, Семетей жырын жа-

зып алып, алғаш жарыққа шығарған 

осы кісі екен. 1925 ж. Ресей компар-

тиясының  Қырғызстандағы  саяса-

тын  сынға  алған  «Отыздың  мәлім-

демесі»  аталған  құжаттың  авторы 

ретінде қуғындалады. 1933 ж. Тұран 

әлеуметтік  партиясының  ісі  бойын-

ша  тұтқындалып,  түрмеде  белгісіз 

жағдайда қаза табады. 

Арғыншиев  Сахыпкерей  (1887, 

б.  Орал  обл.,  Орал  уезі,  Қараоба  б. 

3-ауыл,  қ.Теректі  ауд.  –  15.2.1938) 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

71

–  мемлекет  қайраткері,  Батыс  Қа-



зақстандағы  революциялық  қозға-

лысқа белсене қатысушы. Әкесі Жар-

ма  кедей  шаруа  болған.  Арғынша 

әулеті  Қараоба  атырабындағы  бел-

гілі  әулеттердің  бірі.  Немере  ағасы 

Жайтілеу  Арғыншиев  Ақпан  төң-

керісіне  дейін  Қараоба  болысының 

управителі  болған.  Б.Қаратаевпен 

бірге  Қазақ  конституциялық-демо-

кратиялық  партиясын  құруға  атса-

лысқан,  «Фикер»  газетінің  (Орал) 

авторы.  Немере  ағасы  Ермұхамед 

Арғыншиев 1917 ж. наурызда Жайық 

сырты бөлігі азаматтық комитетінің, 

сол  ж.  сәуірде  Орал  облыстық  қа-

зақ  комитетінің  құрамына  кірді.  А. 

Қараоба  болыстық  орыс-қазақ  мек-

тебін  және  Орал  қолөнер  мектебін 

бітірді  (1904  ж.).  1904  ж.  Орал  об-

лыстық  денсаулық  сақтау  бөлімінің 

стипендиясымен Воронеж ер балалар 

фельдшерлік  мектебіне  түсті.  Оқып 

жүргенде  лаңкестік  (террорлық) 

бағыттағы 

социалист-революцио-

нерлердің Иванов басқаратын «Лига 

красного  шнура»  атты  жауынгерлік 

тобының  құрамына  кірді.  Воронеж 

губернаторы  Бибиковке  қастандық 

жасау  әрекетіне  қатысты.  Астыртын 

ұйым әшкереленген соң фельдшерлік 

мектептегі  серіктері  Алексей  Куте-

лев, Аверкий Адодин және Ливенцо-

впен бірге ауылға келіп жасырынды. 

Інісінің идеяларына, іс-әрекетіне на-

разы  болған  немере  ағасы,  Қараоба 

болысы  Ермұхамед  Арғыншиевтің 

уез  бастығының  көмекшісі  Каймаш-

никовке  көрсетуімен  1907  ж.  жазда 

А.Кутелев  екеуі  тұтқындалды.  Ел 

ағаларының  «басбұзарлық  ойдан» 

бас  тарту  жөніндегі  ағасы  Ахмелге-

рей  жеткізген  ұсынысын  қабылда-

мады.  Қазан  округтік  әскери-дала 

сотының  үкімімен  кәмелетке  тол-

мауына байланысты екі ж. кемітіліп 

алты жыл каторга жұмысына кесілді. 

Иркутск қаласында каторга мерзімін 

өтеген соң Иркутск губерниясы Вер-

холенск  уезіне  қатысты  Косостенск 

болысының Косая степь елді мекені-

не мәңгіге жер аударылды. Елге 1917 

ж.  Ақпан  төңкерісінен  соң  оралды. 

Иркутскіде  жүріп  үйленген  ұлты 

бурят  зайыбын  ала  келді  («Зингер» 

фирмасының  Туруханск  өлкесіндегі 

өкілінің  қызы,  қазақша  аты  Мағри-

фа). Жайық өңіріндегі революциялық 

қозғалысқа бірден араласқан А. эсер-

лер мен меньшевиктер блогы бірлесіп 

құрған Орал облыстық Уақытша ко-

митеті құрамында жұмыс істеді. 1917 

ж.  жазда  Орал  уездік  жер  комитеті 

төрағасының орынбасары болып сай-

ланды.  1918  ж.  наурыздың  басында 

Б.Қаратаев,  Ә.Әйтиевтің  ықпалымен 

большевиктер  жағына  шықты.  Сол 

ж.  6  наурызда  өткен  облыстық  Сол-

дат, жұмысшы, шаруа және қазақ де-

путаттары кеңесінің құрылтай сиезі-

не қатысып, облыстық Совдеп атқару 

комитетінің мүшесі болып сайланды. 

Казак  Войско  үкіметі  төңкеріс  жа-

саған 29 наурызға қараған түні Б.Қа-

ратаевпен  бірге  шанадағы  киіздің 

астына  тығылып  қашып  құтылды. 

Жымпиты  түбіндегі  Өлеңті  болы-

стық земство управасының хатшысы, 

жақын ағасы Хакім Бекебасовты, Ба-

тыс  Алаш-Орда  үкіметі  жанындағы 

Дін  істері  жөніндегі  комиссия  хат-

шысы,  немере  інісі  С.  Жайтілеуовті 

паналады. Осында 1918 ж. аяқ шенін-

де  М.  Шоқайды  іздеп  келген  Мария 



Алаш қозғалысы

72

Шоқай-Горинамен кездесті, оған жөн 



сілтеп, көлік табуына көмектесті. Фе-

доровка  с-да  жасырынған  Ә.Әйтиев, 

М.Ипмағамбетовке  жазалаушы  от-

рядтар шыққанын хабарлап отырды, 

кейін  олардың  Темір  уезіне  өтуіне 

жәрдемдесті.  1919  ж.  басында  Орал 

қаласы казактардың босап, жеңіс Қы-

зыл армия жағына ойысқанда Қарао-

ба атырабында жасағын құрып, жеті 

ауылда  шегініп  келе  жатқан  казак 

әскерлерін  қарусыздандыру  ісін  ұй-

ымдастырды.  1919  ж.  ақпан  айында 

Оралға келді. Орал ревкомының ұлт 

істері бөлімі меңгерушісінің орынба-

сары, кейінірек ұлт істері коллегиясы 

ұйымдастыру-үгіт  бөлімінің  меңге-

рушісі болып тағайындалды. Сол ж. 

ақпанда  Ұлт  істері  бөлімінің  меңге-

рушісі  Б.Қаратаевтың  2-Қараоба  бо-

лысы Құмақсай поселкісіндегі Батыс 

Алашордаға  іш  тартатын  адамдар-

ды  тұтқындау,  мал-мүлкін  тәркілеу 

жөніндегі  тапсырмасын  орындады. 

Б.Қаратаев, Ә.Әйтиев, М.Ипмағамбе-

товтармен  бірге  қазақ  халқын  Кеңес 

өкіметі  жағына  шығуға  шақырған 

үндеухат  таратты.  1919  ж.  жазда 

Орал  ревкомының  агентура-барлау 

бөлімінің  меңгерушісі  болып  тағай-

ындалды.  Орал  қаласы  қорғанысы-

на қатысты. 1919 ж. 13 шілдеде Орал 

ревкомының  шешімімен  құрылған 

Жайық  сырты  Кеңестерін  ұйымда-

стыру  бюросының  мүшесі.  Бюро 

құрамында  Жайық  сырты  бөлігінде 

Кеңес  өкіметі  органдарын  ұйымда-

стыру,  ақ  гвардия  отрядтарын  жою 

ісімен  айналысты.  Орал  облыстық 

ревкомының 1919 ж. 11 қыркүйектегі 

қаулысымен Қазәсревкомының Орал 

облысының  қазақ  бөлігі  мен  Бөкей 

ордасын  басқаратын  Орал  бөлімше-

сінің  мүшесі  болып  тағайындалды. 

Сол ж. қазан айында Орал Қазәсрев-

комының  шешімімен  Бөкей  ордасы-

на жіберіліп, ондағы Кеңес құрылы-

сын тексерді. 1920 ж. басында Қазақ 

әскери-революциялық  комитетінің 

мүшесі  болып  тағайындалды.  Сол 

ж. 12 сәуірдегі Қазақ өлкесінің РК(б)

П  облыстық  бюросының  құрыл-

тай мәжілісінде бюро мүшесі болып 

тағайындалды.  Маусым  айының  ба-

сында Орынбор-Торғай губерниялық 

ревкомының құрамына РК(б)П облы-

стық бюросы атынан кірді. 1920 ж. 8 

шілдеде РК(б)П облбюро шешімімен 

Қазәсревком  төрағасы  Пестковский-

дің  орынбасары  болып  тағайын-

далды.  Пестковскийдің  Мәскеуге 

қызметке  ауысуымен  Қазәсревком 

төрағасы  міндетін  атқарды,  яғни  А. 

Қазақстан  Республикасы  тарихында 

қазақтан  қойылған  алғашқы  үкімет 

басшысы.  1-Бүкілқазақ  кеңестері 

құрылтай  сиезі  қарсаңында  ішінде 

Ә.Жангелдин,  С.Меңдешев,  Ә.Бө-

кейхан, Ә.Ермеков бар қазақ делегет-

тарының басын қосып, коммунистер 

мен партияда жоқтар фракциясының 

сиездегі позициясын талқылады, қа-

зақтың  ұлттық,  тұрмыстық,  шару-

ашылық  ерекшеліктері  сиез  шешім-

дерінде  ескерілуі  үшін  бірлесіп  да-

уыс  беру  жөнінде  келісім  жасалды. 

Айтылмыш  сиезде  А.  алғаш  рет 

Қазақ  үкіметі  атынан  есепті  баян-

дама  жасады,  ҚАКСР  ОАК  мүшелі-

гіне  сайланды.  1920  ж.  8  қыркүй-

ектен  бастап  ҚАКСР  Халық  шару-

ашылығы  комиссариаты  денсаулық 

сақтау  бөлімінің  меңгерушісі,  қазан 

айынан  әлеуметтік  қамтамасыз  ету 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

73

халық комиссары. 2-Бүкілқазақ кеңе-



стер  сиезінде  (1921,  қазан)  ҚАКСР 

Жоғарғы  революциялық  трибуна-

лының  төрағасы  болып  сайланды. 

Юстиция  халық  комиссариатының 

алқа  мүшесі  болды.  1922  ж.  қазан 

айында 3-Өлкелік Кеңестер сиезінде 

қызметтен  босатылып,  РК(б)П  обл-

бюросы жанындағы Бақылау комис-

сиясының ұсынуымен Гурьев уезінде 

саяси жұмыс жүргізу үшін Орал губ-

комының қарамағына жіберілді. 1923 

ж.  ауылында  болды.  1924  ж.  бастап 

ҚАКСР  Жоғарғы  трибуналының 

төрағасы болып қайта сайланды. Го-

лощекиндік  саясат  тұсында  қызмет-

тен босатылып, қудаланды. 1927-1937 

ж.  Алматы  зооветеринарлық  инсти-

тутының ректоры, «Қазақжүн» қоға-

мының төрағасы, Шымкент түйе ша-

руашылығы  зауытының  директоры, 

Ақтөбе  облысы  Темір  ауданындағы 

Жұрын  малшаруашылығы-тәжірибе 

стансасының  директоры.  1937  ж.  14 

тамызда  соңғы  қызметте  жүргенде 

тұтқындалып,  КСРО  Жоғарғы  соты 

Әскери коллегиясы үштігінің қаулы-

сымен 1938 ж. 15 ақпанда Ақтөбе қа-

ласында  атылды.  Мәйіті  Ақтөбе  қа-

ласынан 25 шақырым Түйетөбе деген 

жерде.  Екінші  зайыбы  –  татар  қызы 

Бибіғайша.  Алғашқы  зайыбынан 

Қазбек есімді ұл қалды. 



  «Арыстары  Алаштың»  –  С.Өз-

бекұлының  кітабы.  1998  ж.  «Жеті 

жарғы»  баспасынан  жарық  көрген, 

көлемі  9,81  б.т.  Бұл  кітапта  ХХ  ғ. 

басындағы  Қазақстандағы  саяси-и-

деялық  ахуал,  А.Байтұрсынұлы, 

Д.Сұлтанғазин,  Ғ.Қарашев,  Б.Қа-

ратаев,  Ж.Сейдалин,  Б.Сыртанов, 

Ғ.Мұсағалиев,  Р.Мәрсеков,  Б.Құлма-

нов,  Ш.Қосшығұлов,  И.Меңдіханов, 

Ы.Дүйсенбаевтардың 

ұлт-азаттық 

қозғалыс  дәуіріндегі  саяси  қызмет-

тері  мен  қайраткерлік  көзқарастары 

қарастырылған. 

Асанғазы  Оразкүл    (22.02.1952, 

Жамбыл об. Шу ауд.) мемлекет және 

қоғам  қайраткері,  руханияттанушы. 

Еңбек  жолын  Оңтүстік  Қазақстан 

об.  Сарыағаш  ауд.  мұғалімдіктен 

бастаған. Әр ж. осы ауд. мектеп ди-

ректоры,  Бәйдібек  аудандық  атқару 

комитетінің  төрайымы,  Сарыағаш 

ауд.  әкімі,  Оңтүстік  Қазақстан  об. 

әкімінің  орынбасары,  Жоғары  Кеңес 

депутаты,  Астана  қаласындағы  Са-

рыарқа  ауд.  әкімінің  орынбасары, 

Тіл басқармасының бастығы қызмет-

терін атқарған. Қазір ҚР Парламенті 

Мәжілісінің  депутаты.  Алаш  қозға-

лысының  90  жылдығына  арналған 

шараларды  алғаш  рет  Астана  қала-

сында  ұйымдастыруға  ұйытқы  бол-

ды  және  Шымкент,  Астана  қаласы 

көшелеріне  Алаш  қайраткерлерінің 

есімдерін  беруге  үлес  қосты.  Алаш 

зиялыларының  қоғамдық,  педагоги-

калық  көзқарастары  туралы  мақала-

лардың авторы. 



Асанов  Қалдыбай  (1892  ж.т., 

Жымпиты  у.,  4-а.  –  15.ХІ.1937)  – 

Б.А-О. қайраткері, қазақтың алғашқы 

жоғары білімді экономистерінің бірі.  

Кедей  шаруа  отбасында  туып-өскен. 

Әкесі  ерте  қайтыс  болып,  ағалары-

ның қолында тәрбиеленген. Жымпи-

ты к-дегі бір кластық орыс-қазақ мек-

тебінде, екі кластық орыс-қазақ учи-

лищесінде  оқыған.  Саратов  универ-

ситетінің  экономика  факультетінің 

түлегі  (1909-1914).  1916  ж.  тылдағы 

қара жұмысқа алынды. 1917 ж. жазда 


Алаш қозғалысы

74

елге  оралысымен  Жымпиты  уездік 



атқару комитетінде, кейін уездік зем-

ство  басқармасында  жұмыс  істеп, 

білімдарлығымен,  белсенділігімен 

көзге түсті. 1918 ж. мамырда өткен ІҮ 

Қазақ Орал облыстық сиезі төралқа-

сына К.Жәленовпен бірге хатшы бо-

лып сайланды. Осы сиезде құрылған 

Жайық  сырты  қазақтары  облысы-

ның  –  Ойыл  уәлаятының  Уақытша 

үкіметі құрамына сайланды. Айтыл-

мыш  сиез  қаулысына  орай  ІІ  Жал-

пықазақ  сиезінің  шешімі  негізінде 

Ойыл  уәлаяты  жігіттерінен  Халық 

әскерін  құруға  белсене  қатысушы. 

Ойыл  уәлаяты  Уақытша  үкіметінің 

және  Әскери  бөлім  бастығы  Ж.До-

смұхамедовтің  шешімімен  «Ха-

лық  милициясы»  деген  атпен  жа-

сақталған Халық әскерін құру кезін-

де  ауыл-болыстардың  халық  мили-

циясы жігіттерін атпен, ат әбзелімен, 

ер-тоқыммен  жабдықтауына  жауап 

берді.  Уездік  атқару  комитетіндегі, 

земство  басқармасындағы  қызмет 

тәжірибесін  пайдалана  отырып,  ай-

тылмыш  мекемелер  қарамағындағы 

қоғамдық азық-түлік қорын, босалқы 

астық  мөлшерін  және  астық  сақтай-

тын дүкендерді әскер қажетіне жара-

ту, сондай-ақ уәлаят шегіндегі Сарғо-

жин, Шолақов, Көпжасаров, Төбетов, 

Есенаманов, Ығылманов, Омаров, Ер-

мұхамед Қоқанов, Құмай Байтөлеков, 

Нұрым Қабашев, Сатыбалды Асанов, 

Мұқаш Атшыбаев сиякты малмен, әрі 

сауда  капиталымен  айналысқан  дәу-

лет иелерімен арада байланыс орнату 

міндеттерін шешті, олардан негізінен 

астық және жылқы сатып алуды жолға 

қойды.  Ақпан  революциясынан  соң 

құрылып,  кейінірек  тоқтап  қалған 

аудандық  кооперативтер  жұмысын 

жандандыруға  атсалысты.  Жымпи-

тыға Орынбордан, Самардан ығысып 

келген  ақ  офицерлерден  қойылған 

интенданттардың  тікбақай  іс-әре-

кеттері  мен  азық-түлік,  құрал-жаб-

дықпен жабдықтау ісіне салғырт қа-

рауы салдарынан 1918 ж. желтоқсанда 

Халық әскерінің Жымпиты гарнизо-

нында орын алған бас көтеруден соң 

Б.А-О.  әскерінің  интенданты  болып 

тағайындалды.  Әскери  шені  –  пра-

порщик. Б.А-О. үкіметі тізе бүккенге 

шейін Халық әскерін Сібір Уақытша 

үкіметі тарапынан және 1919 ж. жаз-

дан бастап Деникиннің Ерікті арми-

ясы  есебінен  жабдықтау  ісіне  қаты-

сты.  Шыншыл,  жүрек  жылуы  мол 

К.А.  Б.А-О.  қызметіне  қатысушы-

лардың  бірі  Ш.Жантілеуов  1919  ж. 

күзде  ауылға  қайта  алмай  тарығып 

тұрған кезде астындағы атын ер-тұр-

манымен  қоса  түсіп  беріп,  иығы-

на  шинелін  жауып  жібереді.  1920 

ж.  қаңтарда  Қызыл-Қоғада  Б.А.-О. 

үкімет  мүшелерімен  бірге  тұтқын-

далды. Қазәсревком мүшесі С.Меңде-

шев пен әскери инспектор Г.Ивановқа 

Б.А.-О.  қызметі  жөнінде  егжей-тег-

жейлі  мәлімдеме  тапсырды.  1920  ж. 

ауылды кеңестендіру жұмысына ара-

ласып, Жымпиты уездік атқару коми-

тетінің мүшесі, лекторы болды. Сол 

ж. Жымпиты уревкомы төрағасы М. 

–Х.Мырзағалиевтің кепілдік етуімен 

Коммунистік  партия  қатарына  өтті. 

Сол  1920  ж.  Б.А-О-дағы  қызметіне 

байланысты істі болып, С.Омаровпен 

бірге Орал концентрациялық лагері-

не  қамалды,  үстінен  қылмыстық  іс 

қозғалды.  Жаза  мерзімін  өтеген-

нен кейін, 1921 ж. партия қатарынан 


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

75

шығарылды.  30-ж.  губерниялық 



қаржы  саласында  қызмет  атқарды, 

губерниялық  қаржы  бөлімінде  бас 

экономист  болды.  Орал  педагогика 

техникумында  орыс  тілінен  сабақ 

берді.  Осында  жүргенде  «алашор-

динцы»  деген  айыппен  қызметтен 

шығарылды.  «Орал  қаласындағы 

Кожевенная  көшесіндегі  үйінде  қо-

нақтарының  алдында  КСРО-ның 

жаңа  Конституциясын  ұлтшылдық 

ыңғайда  бұрмалады,  кеңестік  демо-

кратизм, жеке бас бостандығы прин-

циптерін сынға алды және кейінірек 

Жер органдары одағы клубында пар-

тия  ұйымдарын,  Сталинді  тілдеді» 

деген  айып  тағылып,  1937  ж.  ПХК 

округтік  басқармасы  тарапынан 

тұтқынға алынды. Тергеу барысын-

да Оралда С.Тұрымбаев, Ғ.Манкеев, 

Х.Ищанов,  Б.Жанқадамов  секілді 

бұрынғы  Б.А-О.  қайраткерлерімен 

араласып  тұрғаны  қосымша  айып 

болып  жамалды.  1937  ж.  маусым 

айында  Батыс  Қазақстан  облыстық 

сотының  арнаулы  коллегиясы  үш 

жылға  бас  бостандығынан  айыруға 

үкім шығарды. 1937 ж. тамызда Қа-

зақ КСР Жоғарғы соты үкімді қайта 

қарап, жұмсақ деп тауып күшін жой-

ды. 1937 ж. қазанда облыстық сот бес 

жылға  азаматтық  құқын  жоя  оты-

рып алты жылға бас бостандығынан 

айыру жөнінде қайыра үкім шығар-

ды.  Қазақ  КСР  Жоғарғы  сотының 

арнаулы  коллегиясы  үкімді  күшін-

де  қалдырғанымен,  ПХК  басқар-

масы  үштігінің  қаулысымен  1937 

ж.  15  қарашада  атылды.  Қазақ  КСР 

Жоғарғы соты Президиумының 1957 

ж.  15  шілдедегі  қаулысымен  ақтал-

ды. Бауыры Дуанабек Асанов Батыс 

Қазақстан  облысындағы  б.  Камен 

ауданында  «Камен»  ет  кеңшарында 

жұмыс істеген. Зайыбы «Жібек Аса-

нова.  Соңында  жеті  жасар  Әлфия, 

бес  айлық  Гүлнар  есімді  екі  қызы 

қалды. Әлфия Асанова-Құрманғази-

ева Орал қ.-сы маңындағы Желяево 

стансасында тұрады. 



1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал