Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі



жүктеу 6.87 Mb.

бет1/69
Дата09.01.2017
өлшемі6.87 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69

Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

1

қозғалысы



Энциклопедиялық анықтамалық

Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

Алматы, 2014  

«Сардар» Баспа үйі

Алаш


Алаш қозғалысы

2

УДК 94 (574) (03)



ББК 63.3  (5 Қаз) я 2

Т 93


Қазақстан Республикасы

Мәдениет министрлігі

Тіл комитетінің тапсырысы бойынша

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың

2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында

шығарылды

Пікір жазғандар:

Х.Әбжанов,  ҚР  ҰҒА  корреспондент  мүшесі  тарих  ғылымдарының  докторы, 

профессор

А.Еспембетов, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алаш қозғалысы. Энциклопедиялық анықтамалық. 

Алматы: Сардар, 2014, 528 бет. 

ISBN  978-601 – 7174 - 39- 2

Бұл  энциклопедиялық  анықтамалыққа  Алаш  қайраткерлері  мен  қаты-

сушылардың  өмірбаяны,  Алаш  қозғалысына,  партиясына  қатысты  ұғымдар 

мен атаулар, сол кезеңнің тарихи-қоғамдық, мәдени, әдеби дамуын байқататын 

мағлұматтар енгізілді. Алаш қозғалысына қатысқан тұлғалардың деректі тізімі 

жасалып  ұсынылды.  Сондай-ақ,  Алаш  қозғалысын,  оның  қайраткерлерінің 

өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүрген ғалымдар жөнінде де мәліметтер 

берілді. 

Анықтамалық  оқытушыларға,  ізденушілерге,  мектеп  оқушыларына,  сту-

денттерге, магистранттарға, ұлтының тарихын танимын деген жалпы көпшілік-

ке арналған. 

УДК 94 (574) (03)

ББК 63.3  (5 Қаз) я 2

ISBN  978-601 – 7174 - 39 - 2

© Е.Тілешов, 2014  

© Д.Қамзабекұлы, 2014

© «Сардар» баспа үйі,  2014

Т 93


Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

3

Алаштың баласы бұл жолы болмаса



жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар.

 Әлихан Бөкейхан.

АңдАТу

Алаш  –  Қазақстанның  «Мәңгі  ел»  ел  мұратын  саясат  пен  руханият 

тұрғысынан айқындаған, айшықтаған кезең атауы.

Алаш  –  Қазақ  елінің  мемлекет  құру  тәжірибесі  мен  мемлекетшілдік 

мүддесінің үзілмеген арқауы.

Алаш  –  Тәуелсіздік  жылдары  Қазақстан  Республикасының  батыл  да 

бастамашыл білік пен парасат, білім мен жауапкершілік тарихына қараған 

айнасы.

Жоғарыдағы  тезистерді  кең  таратып  жазуға  да  болады.  Бірақ 

қолдарыңыздағы еңбектің мақсаты бұдан сәл басқарақ. Нақты айтсақ, енді үш 

жылдан кейін Алашорда үкіметінің және Алаш автономиясының құрылғанына 

100 жыл толады. Мұның қапталында қазақ қайраткерлері құрылуына тікелей 

қатысқан  Түркістан  автономиясының  немесе  мұхтариятының  ғасырлық 

тарихын байыптаймыз. Осының бер жағында 2016 жыл - Алаш көшбасшысы 

Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы.

Бұл  аса  маңызды  тарихи  даталар  ұлт  мерейі  ретінде  мемлекетімізді, 

зиялыларымызды  қатты  толғандыруы  тиіс.  Оразды  жұрттарда  мұндай 

шараларға  кемі  5  немесе  10  жыл  бұрын  даярланады.  Жоспар  құрып,  бағыт-

бағдар түзейді. Оқығандары ақылдасады, саясаткерлері заңдастырады, халқы 

қолдайды, әлем әсерленеді.

Біз  де  жақсылықтан  үміттенеміз.  Өйткені  бастамашыл  ғалымдарды 

былай  қойғанда,  тарихқа  ынтызар,  елге  жауапкер  Елбасымыздың  «Тарих 

толқынында»  атты  кітабында:  «Алаш  зиялылары...  сол  айтулы  есімдердің 

білімдарлық һәм азаматтық тәлімдерінде кейде көріне бермейтін де арналар 

бар. Оның бағасын ұрпақтары, бүгінгі қазақ зиялылары беруге тиіс. ...Бұлар – 

тарих толқынындағы мәдениетіміздің кіндік тұлғалары» деп жазылған.Осы 

бірауыз сөзге көп мағына сыйып тұр. 

«Көріне бермейтін арналар...».

«Бағасын ұрпақтары мен зиялылар беруге тиіс...».

«Мәдениетіміздің кіндік тұлғалары...».

«Кіндік  тұлғалар»  дегеннен  бастайық.  Бұл  –  нағыздың  нағызы,  ұлттың 

жүрегі мен қаны, жаны мен ары деген сөз. Адамзаттың дамуы да, үрім-бұтағы 

да  кіндікпен  жалғасып,  кіндіктен  тарайды.  Алаш  тұсында  «центр»  дегенді 

«кіндік» деп аударған. Ол бұған да сәйкес келеді. Ендеше кіндік тұлғалар туралы 

мағлұмат алу, анықтама беру – маңызды іс.

Алаш зиялыларын біз қаншалықты бағаласақ, байыптасақ, ұлт тарихын да 

соншалықты бағалап, байыптай алғанымыз. Ал, егер оған атүсті қарасақ, бұл 

кезеңді «көп кезеңнің бірі» деп шешсек, онда өзіміздің жер болғанымыз. Тарихи 

баға туралы мағлұмат алып, анықтама беру де – жауапты жұмыс.

Алаш қозғалысы

4

Алаштың  көріне  бермейтін  арналары  шашетектен.  Ол  неге  көрінбейді? 



Немесе біз оны қалайша көре алмай жатырмыз? Көрінбейтін себебі – бүгінгі 

қоғамымызға оны көре алатындай сана, тіпті қарапайым көзілдірік жетпей 

тұр.  Бәлкім  бұл  да  асыра  айтқандық  шығар,  дұрысы,  ниет  болмай  тұр.  Ал 

жалпы жұрттың көруіне кедергі келтіріп отырған нәрсе – құлықтың жоқтығы, 

кең насихаттың жетімсіздігі, мәселеге кешенді түрде қарамаушылық. Әрине, 

таңның  ататыны  секілді,  бұлай  бола  бермейтіні  де  ақиқат.  Сондықтан  да 

Алаштың көріне бермейтін арналары туралы мағлұмат алып, анықтама беру 

жай талап емес, мемлекеттік һәм мемлекетшілдік талап.

Міне, Құдай бұйырып, осындай көп жоқтың бірін толықтыру мақсатында 

қолдарыңызға «Алаш қозғалысы» энциклопедиялық анықтамалығы тиіп отыр.

Шындығына келсек, бұл - аталған анықтамалықтың көп толықтырылған 

екінші  басылымы.  Осыдан алты жыл бұрын бірінші басылымы жарияланғанда 

(Алматы, «Сардар» баспасы, 2008); оны зиялы орта мен білім жүйесі жақсы 

қабылдады.  Қазіргі  интернет  кеңістігін  бір  шолсаңыз,  бұл  анықтамалыққа 

сілтеме  жасаған  дереккөздерін  молынан  ұшырастырасыз.  Сондай-ақ,  білім 

саласына  қатысты  БАҚ-тарда  да  осы  еңбекке  табан  тіреген  мұғалім,  білім 

алушылар аз кездеспейді.

Жаңа анықтамалықтың көлемі ғана 250 бетке көбейген жоқ, мән-мазмұны 

да елеулі толықтырылды, сапаландырылды. Дей тұрғанмен, қадірлі оқырман 

бұл жұмыстың энциклопедия емес, анықтамалық екенін ескеруі тиіс. 

Анықтамалықтың негізгі мақсаты – белгіленген тақырыпқа сәйкес елеулі 

оқиғалар мен тұлғалар, айшықты сәттер мен кезеңдер, айрықша еңбектер мен 

сөздер жөнінде мағлұмат беру. Сондықтан мұның әр басылымында ірі оқиғадан 

бастап  нақты  бірауыз  сөзге  дейінгі  ақпарат,  мәлімет  толығыа  береді  деген 

сенімдеміз.

Жалпы анықтамалық  даярлап, энциклопедия жинақтау – түйенің жүгінен 

де  ауыр  батпандаған  жұмыс.  Алаштың  дара  тұлғасы  Әлихан  Бөкейханнан 

қалған  мынандай  бір  сөз  бар:  «Өзің  түйеден  өткен  жетекшіл  болсаң,  саған 

ақыл не керек?». Мұның бүгінгі кері – Алаш туралы шектеушілікке барып, «ұлт 

тарихын  жақсы  білемін,  сондықтан  баға  бере  аламын»  деп,  жоғары-төмен 

жұртты алдаусырату.

Біздіңше,  халықтың  танымына  қолжетімді  форматтар  (анықтамалық, 

сөздік,  шағын  оқу  құралдары,  мультимедиалық,  анимациялық  дүниелер  т.б.) 

арқылы Алашты одан әрі таныта беру – Отан зиялыларының басым бағыты 

болуы тиіс.

Еңбекті  әзірлеу  барысында  құнды  пікір  айтып,  жинаған  және 

қорытындылаған  материалдарын  риясыз  ұсынған  ҚР  ҰҒА  корреспондент-

мүшесі,  тарих  ғылымдарының  докторы,  көрнекті  алаштанушы  Мәмбет 

Қойгелді және тәуелсіздік жылдары мәдени-рухани бағыттағы бірнеше газет-

журналдың бас редакторы болған филология ғылымдарының кандидаты, белгілі 

алаштанушы Мақсат Тәж-Мұрат мырзаларға ризашылығымызды білдіреміз.

Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

5

А



Абай  (Ибраһим)  Құнанбайұлы 

(10.8.1845,  қазіргі  Шығыс  Қазақстан 

обл. Абай ауд. Қасқабұлақ жайлауы – 

6.7.1904, сонда, Балашақпақ жайлауы, 

бейіті Жидебайда) – ұлы ақын, фило-

соф,  ағартушы.  Қазақтың  жаңа  көр-

кем  әдебиетінің  негізін  салушы.  Қа-

зақ әдебиетін мазмұндық, көркемдік, 

стильдік тұрғыдан жаңа деңгейге жет-

кізген суреткер. Алаш қайраткерлері 

үшін  А.-дың  шығармашылық  тұлға-

сы, негізінен, екі сипатта үлгі болды. 

Біріншіден, аса ірі ақын шығармала-

рының  идеялық-көркемдік  мазмұны 

Алаш  қайраткерлеріне  үлкен  әдеби 

мектеп  болса,  екіншіден,  А.-дың  ой-

шылдығы оның ұлтқа рухани көсем 

боларлық  тұлға  екендігін  аңғарт-

ты. А. айтқан қоғамдық, әлеуметтік, 

ағартушылық ойлар, ол жасаған әде-

би  бейнелер,  көркемдік  жаңалықтар 

алаштықтар  үшін  қазақ  қоғамын 

да,  сөз  өнерін  де  ілгері  бастайтын 

құбылыс  ретінде  бағаланды.  Ә.  Бө-

кейханның «Абай (Ибраһим) Құнан-

баев»,  А.Байтұрсынұлының  «Қа-

зақтың  бас  ақыны»,  М.Дулатовтың 

«Ибрагим  ибн  Құнанбаев»,  «Абай», 

С.Торайғыровтың  «Қазақ  тіліндегі 

өлең  кітаптары  жайынан»,  Р.Мәрсе-

ковтың  «Қазақ  әдебиеті  жайынан» 

мақалалары,  М.Жұмабаевтың  «Ал-

тын  хәкім  Абайға»,  С.Дөнентаевтың 

«Абайға»,  С.Торайғыровтың  «Абай-

ды оқы, таңырқа» өлеңдері Алаш қа-

ламгерлерінің  А.-ды  ақын  деп  қана 

емес,  жалпы  ұлтқа  тұтқа  боларлық 

құбылыс ретінде танығандығын көр-

сетеді.  Осылайша  мойындау,  тану 

А.-дың  Алаш  қозғалысының  мәде-

ни-рухани  бастауында  тұрып,  Алаш 

қаламгерлеріне  айрықша  ықпал  ет-

кенін  байқатады.  А.-ды  Ә.Бөкейхан-

ның  Еуропаның  үздік  ақындарына 

теңеуі,  А.Байтұрсынұлының  «Қа-

зақтың  бас  ақыны»  деп  бағалап, 

«Әдебиет танытқышта»: «Қазақ әде-

биетінің асылдануына, әсіресе, әсері 

күшті болған А. сөздері. А.-мен қатар 

басқалар  да  шыққанмен  олар  асыл 

сөздің  жаңа  сипатын  А.-дай  айқын 

көзге түсерлік етіп көрсете алған жоқ. 

Сондықтан қазақ әдебиетінің сындар 

дәуірі  А.  сөздерінен  басталады»  деп 

жазса, Р.Мәрсековтың: «Қазақ әдеби-

етін көркейтіп, көгертіп, түрлендіріп, 



Алаш қозғалысы

6

сөз қадірі кетіп бара жатқан уақытта 



сыртына өң беріп, ішіне жан кіргізіп, 

сөз  қадірін  танытқан  осы  А.  болды. 

А.  бұрын  қазақта  жоқ  үзіндерді  (қа-

лаулар)  білгізді.  Неше  түрлі  мақам-

мен  таныстырды,  сөздерін,  ойларын 

жұртқа  мирас  қылып  қалдырды. 

А.  марқұмнан  бері  қарай  қазақ  әде-

биетінің  үшінші  дәуірі  басталады» 

деуі  Алаш  қозғалысы  кезеңінде  да-

нышпан ақынның тұлғасы мен орны 

айқындалғанын  аңғарамыз.  Алаш 

қозғалысы тұсында оның қайраткер-

лер  тарапынан  А.-ды  көпке  таныту, 

насихаттау  да  басталғанын  аңғара-

мыз.  А.Байтұрсынұлы:  «Абай  қолы-

мыздан келген қадірді жұртқа таны-

ту үшін мұнан былай кейбір өнегелі, 

өрнекті сөздерін газетаға басып, көп-

ке  көрсетпекшіміз»  десе,  осыған  ұқ-

сас  ойларды  С.Торайғыров  өлеңінен 

де  көреміз.  Алаш  қайраткерлерінің 

қазақтың  мәдениет  тарихындағы 

алғашқы  әдеби  кешті  Семейде  А.-

ға  арнап  өткізуі,  «Қазақ»  газетінде 

ұлы  ақын  шығармаларын  жариялап 

тұруы,  алашшыл  жазушылар  Ж.Ай-

мауытұлы  мен  М.Әуезовтің  1918  ж. 

«Абай»  журналын  шығаруы  Алаш 

мұраттарындағы  А.-дың  зор  орнын, 

данышпан  ақын  мұрасының  айрық-

ша маңызын аңғартады.

Абай  дәстүрі  –  Алаш  қаламгер-

лері  шығармашылығындағы  кемең-

гер  ақын  дәстүрі.  Жаңа  реалистік 

көркем  әдебиеттің  негізін  салған 

ұлы  А.д.  ХХ  ғ.  басында  шығар-

машылықпен  игеріле  бастады.  Ел-

дік, бірлік, имандылық сияқты ұлт-

тық  деңгейдегі  мәселелер,  адамға 

қарата  айтылған  адалдық,  қанағат, 

рақым  т.б.  тұжырымдар  А.Байтұр-

сынұлы бастаған Алаш әдебиетінен 

көрініп,  А.  дәстүрінің  өміршеңді-

гін,  дәстүрлерін  аңғартты.  А.д.-ін 

жалғастырған,  өрістеткен  Алаш  қа-

ламгерлері қатарында алдымен Шә-

керімнің  аталары  сөзсіз.  Шәкерім 

поэзиясында,  әсіресе,  Абайдың  ой-

шылдық дәстүрлері дамытылды. Ал 

Абайдың  елшілдік  ағартушылық 

идеялары  А.Байтұрсынұлы  мен 

М.Дулатов,  М.Жұмабаев  пен  С.То-

райғыров  шығар-

м а ш ы л ы ғ ы н д а 

кеңінен  байқалды. 

А.Байтұрсынұлы-

ның  «Қырық  мы-

сал»,  «Маса»,  М.

Дулатовтың  «Оян, 

қазақ!»,  «Азамат», 

М.Жұмабаевтың  «Шолпан»  жи-

нақтарында  А.-дың  әдеби  дәстүрі 

жан-жақты  көрінді  деуге  болады. 

Айталық, 

А.Байтұрсынұлының 

«Жиған  терген»,  «Адамдық  дихан-

шысы»,  «Жұртыма»,  М.Дулатовтың 

«Қажыған көңіл», «Қиял», М.Жұма-

баевтың «Жазғы тұры», «Қазағым», 

«Күз»,  С.Дөнентаевтың  «Жүрек-

ке», «Кемшіліктер», «Күздің сыры», 

С.Торайғыровтың 

«Анау-мынау», 

«Қандай?»,  «Қымыз»,  Б.Күлеевтің 

«Жазғы  дала»,  «Жас  жүрегіме», 

«Қайда  екен»  т.б.  өлеңдерінде  іза-

шар  ақынның  суреткерлік  мұрат-

тарының  дәстүрі  байқалады.  Алаш 

қаламгерлері  поэзиясында  А.д. 

тақырыптық-идеялық  жағынан  да, 

көркемдік-стильдік ыңғайдан да ай-

қын  аңғарылады.  Әрқайсысы  –  өз 

бағыты, өз стилі бар, қазақ әдебиеті-

не үлкен жаңалық әкелген қайраткер 

қаламгерлер  А.  шығармашылықпен 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

7

игеріп,  кемеңгер  ақынның  елшіл, 



халықшыл  ойларын  ұлттық  тұтасу, 

ұлттық  ояну  идеяларымен  дамыту 

түсті.  Бұлармен  қатар,  не  бұларға 

ілесе  шыққан  ақын,  жазушылар  да 

аз емес екенін ескерсек, А.-дан кей-

інгі  қазақ  әдебиетінде  ұлы  ақын-

ның  ағартушылық,  адамгершілік, 

демократиялық  идеялары,  өмірді 

көркемдеп  бейнелеу  әдіс-тәсілдері 

жан-жақты жалғастық тауып, батыл 

шығармашылық  ізденістерге  тіреу 

болғаны айқындала түседі. А. тұлға-

сының  қазақ  үшін  мәңгілік  шығар-

машылық  үлгісінің  өміршең  бола-

рын  М.Дулатов:  «Зәредей  шүбә  ет-

пейміз, А.-дың өлген күнінен қанша 

алыстасақ, рухына сонша жақындар-

мыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық 

ағарар, өнер-білімге қанар, сол күн-

дерде А. құрметі күннен күнге арты-

лар, «Бірінші ақынымыз» деп қабірі-

не халқы жиі-жиі зират етер, халық 

пенен  А.  арасы  күшті  махаббатпен 

жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, 

бірақ  біздің  рухымыз  сезер,  қуа-

нар...»  деп  бағалаған  еді.  А.д.  мен 

үлгісін  әдебиеттану  ғылымында  ең 

алғаш  аңғартқан  еңбек  –  А.Байтұр-

сынұлының  «Әдебиет  танытқыш» 

еңбегі  болды  десек,  М.Әуезов  оған 

жан-жақты ғылыми сипаттама берді. 

Абайдың Семейдегі әдеби-мемо-

риалдық мұражайы– ұлы ақынның 

әдеби  мұрасын  сақтап,  насихатта-

уға  арналған  тарихи-мәдени  мекеме. 

Бұл  мұражай  алғаш  Әнияр  Молда-

баевтың  үйінде  ашылған.  Кейінірек 

Семей  облыстық  Алаш  комитетінің 

мүшесі,  Алашорда  үкіметінің  бас 

қазынашысы  болған  Ә.  Молдаба-

ев  1892  ж.  Семейдегі  Мемлекеттік 

банкке  қызметке  тұрғанда  Абай  өзі 

бас  болып  жақын  ағайындарын  жұ-

мылдырып  қаладан  үй  саттырып 

әперген.Бұл үйге кезінде  Абай, Шә-

керім,  Тұрағұл,  Кәкітай, т.б. түскен. 

Ә.  Молдабаевтың  екі  қабатты  осы 

ағаш  үйі  1940  ж.  сәуірде  Абайдың 

туғанына 95 жыл толу мерекесі қар-

саңында Қазақстан үкіметінің қаулы-

сымен  Абайдың  әдеби-мемориалдық 

мұражайына  айналдырылды.  1940  

ж. 16 қазаннан жұмыс істей бастаған 

бұл мұражай еліміздің тарихындағы 

тұңғыш  әдеби-мемориалдық  мұра-

жай  болды.  Кейінірек  мұражайға 

үлкен  ғимарат  берілді.  Мұражай 

Абайдың  150  жылдық  мерейтойы 

қарсаңында  (1996)  күрделі  жөндеу-

ден өткізіліп, өз алдына 7 тақырып-

тық көрме залдарына бөлінген. Олар: 

«Абай және оның дәуірі», «Жайлау», 

«Үш  қайнар  бұлақ»,  «Абай  шығар-

машылығы»,  «Абайдың  ақындық 

өнер айналасы», «Абайтану», «Қазақ 

халқы  ақын  атын  ардақтайды».  Бұл 

бөлімдерде Абай өміріне байланысты 

мұрағаттық  құжаттар,  қазақ  халқы-

ның  тұрмыстық-этнографиялық  ты-

ныс-тіршілігін  бейнелейтін  заттар, 

қолөнері мен бейнелеу өнерінің Абай 

тақырыбымен  өзектес  ілкі  туын-

дылары,  сирек  кездесетін  қолжазба 

мұралар, кітаптар, фотодеректер, т.б. 

құнды  мұрағаттар  қойылған.  Абай-

дың өзі 1885 ж. Семейдегі тарихи-өл-

кетану мұражайы қорына тапсырған 

байырғы  ұлттық  бұйымдар,  ақын 

шығармалары,  алғашқы  кітаптары, 

Абайдың  дүние  жүзі  халықтары  тіл-

деріне аударылған өлеңдері, Абайдың 

әдеби  мектебінің  аса  ірі  өкілдерінің 

шығармалары, сондай-ақ абайтанушы 


Алаш қозғалысы

8

ғалым-зерттеушілердің  бірегей  ең-



бектері сақтаулы тұр. Сонымен қатар 

мұражайда  Алаш  қайраткерлеріне 

арналған арнайы орын бар. Онда, не-

гізінен, Алаш қозғалысының Семей-

дегі  кезеңі  көрініс  тапқан.Сондай  – 

ақ,  бұл  мұражайда  Алаш  көсемі  А. 

Байтұрсынұлының  өз  қолымен  1929 

ж. жазылған өмірбаяны сақталған.



«Абай»  журналы  –  Семейде  1918 

ж.-ғы ақпан-қазан айларында 12 саны 

жарық  көрген  ғылыми-әдеби,  шару-

ашылық  журналы.  Шығарушысы  – 

«Жанар»  ұйымы  және  «Уақ  қарыз» 

серіктігі.  Редакторы  –  Жүсіпбек  Ай-

мауытұлы.  Жауапты  шығарушылар-

дың  бірі  –  М.Әуезов.  Журнал  ақын, 

ойшыл  Абайды  –  ұлттың  биігі,  ке-

меңгері  деп  есептеп,  ел  және  руха-

ният  жайын  осыған  сай  байыптауды 

көздеген.  Оны  Ж.Аймауытов  жазған 

журналдың  алғашқы  санындағы: 

«Журналдың атын «Абай» қойған соң 

әдеби  жолын  ғана  тұтыну  керек  еді 

дер  біреу.  Оған  айтатынымыз:  Абай 

жалғыз ғана ақын (литератор) болды 

деуге болмайды. Әдебиетімізге де не-

гіз салған Абай, адамшылық, тәрбие, 

ғылым, өнеркәсіп деген сөздерді терең 

ойлап,  тексерген  де  Абай.  Қазақтың 

тұрмысын,  өмірін,  мінезін  айқын  су-

реттеп, кемшілігін көрсеткен де Абай. 

Солай  болған  соң  журналды  Абайға 

арнағандық, Абайды қай жөнінен бол-

сын ұстаз қылып, бетке ұстап, жастар 

шәкірт болып, соңынан жүруге талап-

танғандығын  көрсетеді»  деген  бета-

шар мақаладан оқимыз. Мұнда Ж.Ай-

мауытұлы,  М.Әуезов,  М.Дулатұлы, 

Ғ.Қараш,  М.Тұрғанбайұлы  т.б.  автор-

лардың мақалалары жарияланған. 



Абай  кеші  -  1914  ж.  26  қаңтарда 

императорлық  орыс  географиялық 

қоғамының Семей бөлімшесі ұйымда-

стырған этнографиялық әдеби-музы-

калық  кеш.  Кешті  ұйымдастырушы 

Алаш  зиялылары  Нұрғали  және  Нә-

зипа Құлжановтар, Абайдың балала-

ры. Кеште «Қырғыз ақыны Ибрагим 

(Абай) Құнанбаев және оның поэзия-

сы» тақырыбында Н.Құлжанова орыс 

тілінде  баяндама  жасаған.  «Айқап» 

журналында  бұл  баяндама  туралы: 

Абайдың  орысша  жазылған  ғұмыр-

намасы  (биографиясы)  оқылды,  ара-

сындағы өлеңдері қазақша жазылған 

еді.  Бұл  ғұмырнаманы  мұнан  бір-

неше  жыл  бұрын  Әлихан  орысшаға 

көшірген екен. Көпке оқушы семина-

рия учителі Н.Құлжановтың жамаға-

ты  Назифа  ханым  болды»  делінеді. 

Абайға  арналған  бұл  кеш  ХХ  ғ.  ба-

сындағы  Алаш  қозғалысының  тари-

хи – рухани шарасы болды. 

Абайтану  –  қазақ  әдебиеттану 

ғылымының  саласы.  А.  кемеңгер 

ақынның  өмірі  мен  шығармашылық 

өнері,  философиялық,  қоғамдық, 

эстетикалық  көзқарасы,  қазақ  поэ-

зиясындағы  өлең  жүйесін,  ақындық 

тілді  дамытудағы  үлесі,  музыкалық 

мұрасы  жайлы  сан-салалы  зерт-

теу  еңбектерді  қамтиды.  Абайдың 

өмірі  мен  шығармашылық  мұрасын 

зерттеу  шын  мәнінде  Ә.Бөкейхан, 

А.Байтұрсынұлы,  М.Дулатов  мақа-

лаларынан  басталды  деуге  болады. 

Ең  алғаш  Абайға  арналған  еңбектің 

авторы  –  Алаш  көсемі  Ә.  Бөкейхан. 

Оның 1905 ж. «Семипалатинский ли-

сток»  газетінде  жарияланған  «Абай 

(Ибраһим) Құнанбаев» мақаласы А.-

ды ғылыми танудың басы болды. Бұл 

мақаласында  автор  алдымен  А.-дың 



Е.Тілешов, Д.Қамзабекұлы

9

өмірбаянымен  таныстырып,  ақын 



шығармаларының елеусіз жатқанын, 

егер көпшілікке танылса Еуропаның 

ең таңдаулы ақындарының қатарын-

да тұратынын жазады. А.-ға арналған 

бұдан  соңғы  еңбек  М.Дулатовтың 

1908 ж. Уақыт газетінде жарияланған 

«Ибрагим ибн Құнанбаев» атты мақа-

ласы. Осы мақаладағы А. жөнінде ай-

тылған:  «Адамшылық  ой-қиялы  өте 

таза,  ұлтжанды,  елін-жерін  сүйген 

кісі еді» деген пікірі назар аудартады. 

Абайға мейлінше тарихи баға берген 

еңбек  –  А.  Байтұрсынұлының  1913 

ж.  «Қазақ»  газетінде  басылған  «Қа-

зақтың  бас  ақыны»  атты  еңбегі.  «Онан 

асқан  бұрынғы-соңғы  заманда  қазақ  ба-

ласында  біз  білетін  ақын  болған  жоқ» 

- деп, Абайды аса жоғары бағалаған бұл 

еңбекте  данышпан  ақынның  өмірі  мен 

шығармашылығының  негізгі  қырлары 

сол кезеңнің өзінде-ақ ашып көрсетілген. 

Сондай-ақ,  Алаш  қаламгерлері  С.Торай-

ғыровтың  «Қазақ  тіліндегі  өлең  кітап-

тары  жайынан»,  Р.Мәрсековтың  «Қазақ 

әдебиеті жайынан» мақалалары да А.-ғы 

алғашқы  еңбектер  қатарынан  орын  ала-

ды. 

А.  шығармаларын  жинап,  қағазға 



түсіріп,  реттеп  баспаға  дайындау 

ісі  ақын  қайтыс  болған  соң  ұза-

май-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін 

нақтылы  деректер  жетерлік.  Жарық 

көруінен  бірнеше  жыл  бұрын  құра-

стырылып, 1909 ж. Санкт-Петербург-

те  басылған  Абай  өлеңдерінің  жи-

нағында  ақынның  жүз  қырықтай 

өлеңі (аударма өлеңдерін қосып са-

нағанда) мен «Ескендір», «Масғұт» 

поэмалары  басылғаны,  яғни  осы 

күнгі  белгілі  поэзиялық  шығар-

маларының  көрнектілері  түгелге 

жуық  қамтылғаны  айрықша  атап 

айтарлық.  Бұл  тұңғыш  жинақты 

дайындаған,  бастырып  шығарған 

Кәкітай  Ысқақұлы  мен  Абайдың 

баласы  Тұрағұл  болатын.  Абай 

шығармаларының  осы  тұңғыш  ба-

сылымының  жүзеге  асырылуы-

на  Ә.Бөкейханның  әсері  болған. 

А.-танудың  бастамасы,  алғашқы 

деректік  арнасы  ретінде  осы  1909 

ж.  жарық  көрген  Абай  шығарма-

ларының  тұңғыш  жинағын,  оған 

кірген  Кәкітай  жазған  ақынның 

тұңғыш  өмірбаянын  айтуымыз  қа-

жет. Абайдың көзі тірісінде жарық 

көрген  шығармалары  бірді-екілі 

ғана  екенін  және  ақынның  өз  қол-

жазбалары  сақталмай,  шығарма-

лары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бі-

кеұлының  қолжазбалары  арқылы 

жеткенін  ескерсек,  бұл  тұңғыш 

жинақтың мәні зор екені анық. А.-

ды  дербес  арналы  ғылым  ретінде 

қалыптастыруда,  әлбетте,  М.Әу-

езовтің  еңбегі  аса  ерекше.  Оның 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал