Аманбаева махаббат батырғалиқызы



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет9/17
Дата04.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

 
олигофагтар  (бір 
тұқымдасқа  жататын  ӛсімдіктердің,  түрлі  туыстарымен,  түрлерімен 
қоректенетін  түрлер),  монофагтар  (бір  түрге  жататын  ӛсімдіктермен 
қоректенетін түрлер) [109-133, 159].  
Қоректік  ерекшеліктеріне  байланысты  жартылай  қаттықанаттылардың 
ӛсімдіктермен  қоректенетін  түрлері  басым  –  116  түр,  ал  зоофагтар  яғни 
буынаяқтылардың дернәсілдерімен, ересек ағзаларымен қоректенетін жыртқыш 
түрлері  –  36,  зоофитофагтар  –  22  түр  анықталды.    Аталған  жартылай 
қаттықанаттылар (Нeteroptera) отрядының ӛсімдіктермен қоректенетін кӛпшілік 
тұқымдастары:  Miridae,  Pentatomidae,  Lygaeidae,  Alydidae  мәдени,  дәрілік 
ӛсімдіктермен  және  ауылшаруашылығы  дақылдарымен  қоректенетін  зиянкес 
насекомдар 
болып 
есептеледі. 
Сонымен 
қатар 
керісінше 
зиянкес 
буынаяқтылармен  қоректеніп,  экожүйедегі  тепе-теңдікті  сақтауға  қатысатын, 
негізінен  әртүрлі  су  қоймаларында  тіршілік  ететін  6  тұқымдас:  Naucoridae 
(Ilyocoris  cimicoides),  Nabidae  (Nabis  ferus,  Nabis    rugosus),  Notonectidae 
(Notonecta  glauca),  Nepidae  (Nepa  cinerea,  Ranatra  linearis),  Corixidae  (Sigara 
lateralis,  Sigara  falleni,  Sigara  sibirica),  Gerridae  (Gerris  lateralis,  Gerris  costae, 
Gerris  odontogaster).
 
Бұлардың  ішінде  биореттеушілік  маңызы  жоғары 

  
75
 
 
Notonecta  glauca  мен  Ilyocoris  cimicoides  болды.  Бұл  түрлер  биоценоздағы 
зиянкес  буынаяқтылардың  санын  табиғи  биореттеушілер  қызметін  атқарып, 
практикалық маңызды насекомдар болып есептеледі. 
«Алтын  -  Емел»  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  саябағындағы  зерттеу 
жұмысының  алдына  қойылған  мақсатына  сәйкес,  жартылай  қаттықанаттылар 
(Нeteroptera)  отрядының  фаунистикалық  құрамын  анықтау  және  тіршілік 
ерекшеліктерін бақылаумен қатар, олардың табиғаттағы практикалық маңызын 
кӛрсету болатын.   
Осы  себепті,  зиянкес  насекомдардың  санын  биологиялық  жолмен  реттеу 
әдістері  бойынша  С.С.Тюребаевтың,  Ж.Б.  Чилдибаевтың,  П.А.Есенбекованың, 
М.Қ.Байжановтың  еңбектерін  талдай  отырып,  далалық  және  зертханалық 
зерттеу  жұмыстарын  орындадық  [110-111;  113;  160-166].  Жоғарыдағы 
ғалымдардың  зерттеу  еңбектері  және  ӛзіміздің  жеке  зерттеулеріміздің 
нәтижесінде жартылай қаттықанаттылардың кӛпшілік түрлері негізінен түрлі су 
қоймаларында  тіршілік  етуге  бейім  гидрофилды  түрлер  екені  анықталды. 
Олардың  негізгі  қорегі:  маса,  құмыты,  су  бүргесі,  қандала,  қатты 
қанаттылардың  түрлі  кезеңіндегі  (жұмыртқа,  дернәсіл,  ересек)  даралары.  Осы 
насекомдардың ішінен бақ аумағындағы су қоймалардың кеңінен таралған қос 
қанаттылар  немесе  масалар  (Diptera)  тұқымдасының  ӛкілі  -    қансорғыш  маса 
Culex түрінің санын реттеудегі белсенді жыртқыш жартылай қаттықанаттылар – 
Notonectidae  тұқымдасының    Notonecta  glauca  және  Naucoridae  тұқымдасының 
Ilyocoris cimicoides түрлерінің биореттеушілік рӛлін анықтауға арналған зерттеу 
жұмыстарын жүргіздік.    
Қансорғыш  масалар  –  адамдар  мен  жануарлар  арасында  аса  қауіпті 
аурулардың  (малярия,  сібір  жарасы,  энцефалит,  сүзек,  туляремия,  пастереллез 
және  т.б.)  қоздырғыштарын  тасымалдап  зиянды  әсер  етеді.  Сонымен  қатар, 
қансорғыш масалар сүтқоректі омыртқалы жануарларға шабуыл жасау арқылы 
үздіксіз  мазалап,  дұрыс  қоректену,  тынығуына  кедергі  келтіріп,  олардың 
тіршілік  жүйелерінің  жұмысын  тӛмендету  арқылы,  жануарлардың  ӛнімділігін 
азайтып,  даралар  санының  кӛбеюіне  кері  әсерін  тигізеді.  ҚР  БҒМ  «Зоология 
институты» ғылыми қызметкерлерінің 2005 - 2011 жылдар аралғында Қазақстан 
аумағындағы
 
  «Мемлекеттік  ерекше  қорғау  территорияларында  мекен  ететін, 
сирек  кездесетін  омыртқалы  жануарлар  санының  динамикасы»  тақырыбында 
жүргізілген  зерттеу  жұмысы  нәтижесінде,  омыртқалы  жануарлардың  санының 
кемуіне әсер етуші экологиялық факторлармен қатар эндогенді және экзогенді 
әсер  етуші  паразит  ағзалардың  әсерінен  таралатын  әр-түрлі  жұқпалы, 
созылмалы  аурулар  екені  анықталған.  Осы  паразит  ағзалардың  ішінде 
қансорғыш масалардың алатын орны ерекше. Себебі, масалар – бейімделушілік 
қабілеті  ӛте  жоғары  космополитті  топ,  сондықтанда  бұл  қансорғыштар 
насекомдармен  күрес  қазіргі  кезде  ең  үлкен  мәселенің  бірі  болып  отыр. 
Олардың  таралуының негізгі  ошағы  – су  қоймаларына және басқада  жерлерге 
осы  уақытқа  дейін  алуан  түрлі  химиялық  препараттарды  қолданып  келгені, 
олар  жалпы  қоршаған  ортаға  орасан  зор  зиян  келтіреді  және  олардың  әсеріне 
кӛптеген зиянкестердің бейімделіп, қазіргі жағдайда қолдануға болмайтындығы 

  
76
 
 
анықталып отыр [161-165]. Демек, химиялық әдіске балама болатындай, жалпы 
қоршаған  орта  мен  адамдарға  зиянды  әсері  жоқ  биологиялық  әдісті  қолдану 
әлдеқайда  экологиялық  және  экономикалық  тұрғыдан  тиімді.  Бұл  бағытта 
қансорғыш  масалардың  дернәсілдерімен  қоректеніп,  табиғаттағы  санын 
реттеуге  қатысатын  омыртқалы  және  омыртқасыз  жануарлар:  кейбір  балық 
түрлері, су жартылай қаттықанаттылары, су қоңыздары және т.б. [163, б.64]. 
Далалық және зертханалық зерттеу жұмыстарын орындау үшін, «Алтын - 
Емел»  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  бағы  аумағындағы  50-ден  астам  тұрақты 
немесе  уақытша  пайда  болған,  қансорғыш  масалардың  жаппай  ӛсіп-ӛнуіне 
қолайлы Іле ӛзенінің жайылмасы зерттелді.
 
Олардың жалпы ауданы 50 см² – 10 
мың шаршы метрге дейін жетіп, тереңдігі 5 см-ден 1 м - ге дейін болды 
 
және су 
ӛсімдіктерінің  ӛсу  дәрежесі  әртүрлі,  су  температурасы  +  15-  тен  +30ºC 
аралығында болды (сурет 3).   
Далалық  және  зертханалық  зерттеулер  жалпыға  ортақ  арнай  зерттеу 
әдістермен  жүргізілді  [136,  б.118-119].  Суда  тіршілік  ететін  жартылай 
қаттықанатты  насекомдарды  есептеуде  (1  м
2
)  кӛзбен  шолып  байқау  және 
арнайы  су  сүзгісі  арқылы  жүргізілді.  Олардың  тұқымдастарының  тығыздығы 
тӛмендегідей:  суаршындар  (Gerridae)  –  8-10,  ескекшілер  (Corixidae)  –  16-20, 
жүзгіштер (Naucoridae) – 5-7, сушалқақтар (Notonectidae) – 8-9, сушаян-қандала 
(Nepidae) – 3-5 дара/м
2   
болды.  
 
 
 
Сурет 3 – Іле ӛзенінің жайылмасы 
 
Осы  жыртқыш  жартылай  қаттықанаттылардың  (Нeteroptera)  отряды 
ӛкілдерінің  қансорғыш  маслардың  санын  биологиялық  реттеудегі  орнын 
анықтау  үшін  зертханалық  жағдайда  тәжірибелер  жүргізілді.  Олардың 
биореттеушілік ролі әрбір Notonectidae тұқымдасының Notonecta glauca түріне 
және Naucoridae тұқымдасының Ilyocoris cimicoides түрінің ересек дараларымен 

  
77
 
 
бірге 100  қансорғыш Culex масаларының дернәсілін салу арқылы  зертханалық 
тәжірибелік зерттеу жұмысы жүргізілді (сурет 4,5).  
 
 
 
 
Сурет 4- Notonecta glauca түрімен         Сурет 5- Ilyocoris cimicoides түрімен 
                жүргізілген тәжірибе                              жүргізілген тәжірибе 
 
Осы  жартылай  қаттықанаттыларға  жүргізілген  зертханалық  тәжірибелер 
барысында,  олардыңда  тәулігіне  Ilyocoris  cimicoides  орташа  –  65  (65  %),  N. 
glauca – 70 (70%) Culex масасы дернәсілдерін қорек еткендігі дәлелденді (кесте 
7). 
 
Кесте  7  –  Жартылай  қаттықанаттылар  (Нeteroptera)    отрядының  Notonecta 
glauca,  Ilyocoris  cimicoides  түрлерінің  ересек  дараларының  1  тәулікте  Culex 
масаларының дернәсілдерімен қоректену кӛрсеткіші 
 
Жартылай 
қаттықанаттылар 
(Heteropterа)
 
түрлері 
Тәжірибелер 
саны  
 
Салынған маса 
(Culex) 
дернәсілдерінің 
саны  
Тәулігіне 
желінген маса 
(Culex) 
дернәсілдерінің 
саны  
Саны  

Ilyocoris cimicoides
 
(Linnaeus, 1758) 
10 
100 
65 
65% 
Notonecta glauca (Linnaeus, 1758) 
10 
100 
70 
70% 
 
Сонымен,  жүргізілген  тәжірибелерде  нәтижесінде  анықталған  деректерге 
сүйенсек, су қоймаларда қансорғыш маса түрлерімен бірге тіршілік ететін, кең 
таралған  су  жартылай  қаттықанаттылары  – Ilyocoris  cimicoides және  Notonecta 
glauca осы аймақтағы қансорғыш масалармен күресуде биореттеушілер ретінде 
пайдаланудың тиімділігі анықталды. 
Дәл  осындай  тәжірибелерді  далалық  жағдайда  жүргізгенде  де,  Notonecta 
glauca  мен  Ilyocoris  cimicoides  дернәсілдері  және  ересек  даралары  ӛз  дене 
мӛлшерлеріне  сәйкес  жемтіктерге  шабуыл  жасайтыны  анықталды.  Жартылай 
қаттықанаттылардың дернәсілдері масалардың (Culex)
 
ұсақ 56 дернәсілдерімен, 
ал  ересектері  ірілерімен  қоректенетіндігі  белгілі  болды.  Бұл  сулы  ортада 

  
78
 
 
тіршілік  ететін  жартылай  қаттықанатты  насекомдар  түрлерінің  біз  зерттеу 
жүргізген аймақта жақсы бейімделгендіктен, санының кӛптігіне және тіршілік 
ететін  ортасы  масалар  ӛсіп-ӛнетін  ортамен  сәйкес  келетіндіктен,  оларды  осы 
қансорғыш насекомдардың нағыз биореттеуші ретінде бағалауға болады.  
Зерттеу  нәтижесінде,  осы  суда  тіршілік  ететін  жартылай  қаттықанатты 
насекомдардың  жыртқыш  түрлерін  табиғи  жағдайда  кӛптеп  кездесетін 
жерлерден аулап, зиянкес қансорғыш маса дернәсілдерінің жаппай ӛсіп - ӛнетін 
су  қоймаларына  жіберу  арқылы  биологиялық  жолмен  күресуге  болады  деген 
қорытынды жасадық.  
Жоғарыдағы  жеке  зерттеулер  нәтижесінде  анықталған  материалдар  және 
жалпы  теориялық,  практикалық  материалдарды  негізінде,  болашақ  биолог 
мамандарды  дайындауда  зерттеушілік  іс  -  әрекетті  дамытуды  мақсатты  түрде 
жоспарланған  жаңа  «Энтомологиялық  зерттеушілік  іс  -  әрекет  негіздері» 
элективті пәннің мазмұнына ендірілді.      
 «Энтомологиялық зерттеушілік іс  - әрекет  негіздері»  элективті пәні  Абай 
атындағы ҚазҰПУ - дың  ботаника және жалпы биология кафедрасының   оқу 
үдерісіне ендірілді (Қосымша А). 
 «Энтомологиялық  зерттеушілік  іс  -  әрекет  негіздері»  элективті 
пәнінің оқу бағдарламасы - оның мазмұны мен құрылымын, оқу жүйесіндегі 
орны  мен  маңызын  анықтайтын  негізгі  білім  беру  жүйесінің  құрамдас  бӛлігі 
болып  табылады.  Жeтeкшi  педагог  -  ғaлымдapдың  eңбeктepiне  тaлдaу  жасай 
отырып  [27-42],  пәннің  мaзмұнынa  қoйылaтын  тaлaптapды  тӛмeндeгiшe 
тұжырымдадық: 
-  болашақ  биолог  мұғалімдерге  қoйылaтын  жаңа  тaлaптapдың  бepiк 
тeopиялық  ipгeлiлiгiнe,  oның  тұлғacын  қaлыптacтыpудың  жәнe  насекомдар 
(Insecta)  класы  туралы  бiлiмді  меңгеруде  шығapмaшылық жұмыcқa  дaяpлығын 
тәpбиeлeудiң ғылыми нeгiздiлiгiнe cүйeнуi тиic;  
-  биологияның,  пeдaгoгикaның,  арнайы  әдicтeмeлepдiң  мазмұнындағы 
coңғы  жeтicтiктepдi  қолдану  apқылы  жacaлғaн  пән  бoлaшaқ  биолог 
мұғалімдердің  кәciби  oйлaу,  пeдaгoгикaлық  қызығушылықтapы  мeн 
қaбiлeттepiн  дaмытуғa  бaғыттaлғaн,  coнымeн  қaтap,  студенттердің  зaмaнaуи 
мeктeп  жaғдaйындa  ӛздігінен  шығapмaшылықпeн  жұмыc  icтeуiнe  қaжeттi 
зepттeушiлiк бiлiктepді меңгертуді мaқcaт eтeдi;  
-  бoлaшaқ  биолог  мұғалімдерді  дaярлаудың  жaлпы  білім  беру  жүйeciнe 
үйлeciмдi  кipiгуi  жәнe  кeлeci  міндеттерді  opындaуы  тиic:  зepттeушiлiк  ic-
әpeкeтті қалыптастыру,  биология  ғылымындағы  coңғы жaңaлықтapымeн, жaңa 
дepбec  әдicтeрмeн  тaныcу  (насекомдар  (Insecta)  биологиялық,  экологиялық, 
тіршілік ерекшеліктерін зерттеу мысалында). 
Пән бағдарламасы: дәрістер кешені (негізгі теориялық, иллюстрацияланған 
және  үлестірмелі  материал,  ӛзіндік  дайындалуға  арналған  бақылау  сұрақтары, 
ұсынылатын  әдебиет  тізімі);  зертханалық  сабақтардың  жоспарлары;  СОӚЖ, 
СӚЖ  сабақтарын,  зертханалық  жұмыстарды  орындауға  арналған  әдістемелік 
нұсқаулар,  зерттеу  тапсырмалары,  тақырыптар  бойынша  ӛзін-ӛзі  бағалауға 
арналған  материалдар,  білім  алушының  оқу  жетістіктерін  бақылауға  және 

  
79
 
 
бағалауға  арналған  материалдар:  жазбаша  бақылау  тапсырмалары,  рейтингтік 
бақылауға ӛзіндік дайындалуға арналған сұрақтар тізімі, тест сұрақтары, пәннің 
ерекшеліктеріне  байланысты  оқытушы  қолданатын  емтихан  билеттерінің 
сұрақтары және т.б. құралады. 
Сонымен,  «Энтомологиялық  зерттеушілік  іс-әрекет  негіздері»  пәні 
студенттердің  таңдауы  негізінде,  насекомдар  (Insecta)  класы  туралы  білімі 
тереңдетуге,    зерттеушілік  іс  -  әрекетті  қалыптастыруға  қызығушылығын, 
ынтасын  арттыруға  арналды.    «Энтомологиялық  зерттеушілік  іс  -  әрекет 
негіздері» 
элективті 
пәні 
студенттердің 
зерттеушілік 
іс-әрекетін 
қалыптастыруға  мотивациялайды  және  олардың  оқу-ғылыми  зерттеулер 
жүргізуге белсене араласуына себепші болды. Сонымен қатар, ұсынылған оқу-
әдістемелік  нұсқаулық  зерттеушілік  әрекеттің  қазіргі  ғылыми  негіздерін, 
зертханалық  зерттеу  әдістерін  меңгеруге,  студенттерге  ғылыми  экспериментті 
жобалауды  үйретуге,  кәсіби,  ғылыми,  шығармашылық  дағдылары  жүйесіне 
баулуға және бoлaшaқ мұғалімдердің зерттеушілік іс - әрекетін қалыптастыруға 
мүмкіндік береді.   
«Энтомология» (грек.  entomа  -  насеком  және  logos  -  ілім)  –  насекомдар 
(Insecta) класын зерттейтін, зоологияның бір саласы. Энтомология жер бетінде, 
топырақ  арасында,  суда,  ауада  таралған  насекомдарды  зерттейтін  ғылымды 
меңгерту негізінде студенттер зерттеушілік іс - әрекетті дамытудың әдістемесін 
білуі,  ғылыми  зерттеулердің  әдістер  жүйесін  меңгеруі,  тәжірибелік  - 
экспериментті  жоспарлау,  ұйымдастыру  және  ӛткізу,  зерттеу  жұмысының 
нәтижесін  жинақтау,  талдау  және  алынған  нәтижені  ғылыми  жұмыс  ретінде 
рәсімдеу іскерлігі мен дағдысын ӛз бойында қалыптастыруы тиіс. 
Тәжірибелік  -  эксперименттік  тексерудің  нәтижесінде,  «Энтомологиялық 
зерттеушілік  іс  -  әрекет  негіздері»  пәнін  ендіру  арқылы  бoлaшaқ  биолог 
мұғалімнің  насекомдар  (Insecta)  класы  туралы  білімінің  деңгейі  артады  және 
зерттеушілік  іс  -  әрекетін  қалыптасатындығы  анықталды.  Бұл  пән  apқылы 
студенттің «Омыртқасыздар зоологиясы» пәнінен aлғaн бiлiм, icкepлiктepiн әрі 
қарай дамытты: зерттеу жұмыстарын орындай отырып, зерттеушілік іс-әрекетті 
қалыптастыру  әдістемесімен  тaныcып,  «зерттеуші  -  студент»  жүйесінде 
шығармашылық жұмыc жacaуғa дaғдылaнды, насекомдардың (Insecta) тіршілік 
ерекшеліктерін  зepттeуді  аймақтық  материалдарды  қoлдaну  мүмкiндiктepi 
негізінде тaнып, бiлдi жәнe т.б. 
Сонымен,  «Энтомологиялық  зерттеушілік  іс  -  әрекет  негіздері»  пәнін 
жүргізу  барысында  тақырыптардың  мазмұнына  толық  теориялық  және 
практикалық түсініктемелер берілді және әр тақырыпқа зерттеушілік іс-әрекетті 
мақсатты  түрде  қалыптастыруға  арналған  зерттеу  тапсырмалары  мен  зерттеу 
жұмыстарына әдістемелік нұсқаулық берілді. 
 
2.2
 
Болашақ  биолог  мұғалімдердің  зерттеушілік  іс  -  әрекетін 
қалыптастыру әдістемесі
 
Болашақ  биолог  мұғалімдерді  даярлауда  білім  беру  үдерісін 
ұйымдастыруда зерттеушілік іс - әрекетерін жан - жақты қолдана білуді талап 

  
80
 
 
етеді.  Кӛптеген  ғалым  -  әдіскерлер  биологияны  тек  құрғақ  түсіндіру, 
әңгімелесу, талдау арқылы меңгертудің студенттердің ғылыми тұрғыдан білімді 
қабылдауына кедергі болатындығын ӛз еңбектерінде кӛрсетеді [26-37]. Мәселен 
кезкелген  нақты  табиғи  нысанды  оқытуда  оны  бақылау,  тәжірибе  жасау 
эксперимент  қою  сияақты  тиімді  әдістерді  қолдана  отырып  білім  алушыны 
зерттеушілікке баулу негізгі орын алуға тиіс. Осы тұрғыдан біз зерттеу жұмысы 
барысында 
студенттірдің 
зерттеушілік 
іс-әрекетін 
қалыптастыруға 
мотивациялық  дайындығын  арттырып,    білігін  дамыту  негізінде  бoлaшaқ 
биолог мұғалімдердің тұлғaлық-cубъeктивтi кӛзқapacын дaмытудың әдістемесін 
ұсыну  қажеттілігін  анықтадық.  Демек,  біз  қазіргі  жаңа  оқыту  әдістемелеріне 
негіздеп, биологиялық пәндерді оқытуда тиімді әдістерге жүгіндік.  
В.М.Монахов  ӛз  зерттеулерінде,  әдістеме  -  оқу  үдерісін  ұйымдастыруда 
білім  алушыға  ұсынатын  нұсқаулар  жиынтығы  деген  түсінік  берсе, 
Г.М.Чернобельская:  «Әдістеме  –  жеке  пәнді  меңгеру  үдерісінде  білім 
алушының білімі мен тәрбиесі және дамуы туралы педагогикалық ғылым» деп 
анықтама  береді  [167,168].  Ал  педагог  -  ғалым  П.И.  Пидаксистый:  «Оқыту 
әдістемесі – кӛптүрлі үйрету жолдарының жиынтығы» деп түсіндіреді [169]. Ал 
Н.Торманов  ӛз  еңбегінде,  оқыту  әдістемесі  –  оқу  жолындағы  білімді  игеруге, 
оның  психикалық  дамуына  және  жеке  тұлға  болып  қалыптасуына,  алдына 
қойған  мақсатына  жетуге  бағытталған  оқытушы  мен  оқушының  арасындағы 
білім  беруге  және  тәрбиелеуге  бағытталған  екі  жақты  үрдіс,  деген  анықтама 
береді [40, б. 36].    
Бұл аталған еңбектердегі талдау негізінде, бізге әдістеме – оқу үдерісінде 
пайдаланатын әдістер жиынтығы және білім беру ұстанымдарын зерттеу саласы 
деген  қорытынды  жасауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  қазіргі  кезде  білім  беру 
жүйесінде  соңғы  нәтижеге  жетуге  толық  кепілдік  бермейді.  Яғни  білім  беру 
саласындағы  және  биология  ғылымындағы  жетістіктерге  байланысты  әлемдік, 
отандық  тәжірибелерді  пайдалана  отырып,  оқыту  әдістемесінің  тиімділігін 
жетілдіріп  отыру  қажет.  Оны  жүзеге  асыру  белгілі  бір  арнайы  оқу  үдерісін 
ұйымдастыруға  қойылатын  бірқатар  әдістемелік  міндеттердің  орындалуымен 
тікелей байланысты.  
Эксперимент  жұмысымыздың  мазмұнында  бoлaшaқ  биолог  мұғалімдерді 
зерттеушілік  іс  -  әрекетке  дайындау  үшін  тӛмендегідей  әдістемелік  міндеттер 
қойдық:  
-  бoлaшaқ  биолог  мұғалімдерді  даярлауда  зерттеушілік  негізде  білім  беру 
ортасын дайындау; 
-  студенттердің  зерттеушілік  іс-әрекетін  қалыптастыруға  оқытушылардың 
теориялық және әдістемелік дайындығы;  
-  бoлaшaқ  биолог  мұғалімдерді  даярлауда  зерттеушілік  іс-әрекетті 
қалыптастырудың жеке-танымдық мотивациясын арттыру
- зерттеушілік іс - әрекетті қалыптастырудың үздіксіз, аудиториялық және 
аудиториядан тыс оқыту формасын байланыстыра отырып қолдану
-  зерттеушілік  іс-әрекетін  қалыптастырудың  түрлі  құрылымын  (жеке, 
топтық, жұптық, т.б.) пайдалану; 

  
81
 
 

студенттердің 
зерттеушілік 
тапсырмаларын 
орындау 
арқылы 
биологиялық білімді саналы   меңгеруіне жағдай жасап, олардың белсенділігін 
арттыру;  
-  оқу  үдерісін  ұйымдастыруда  табиғи  нысандарды  кеңінен  қолдану 
(насекомдардың  (Insecta)  биологиялық,  экологиялық,  тіршілік  ерекшеліктерін 
зерттеу материалдары мысалында). 
Бұл мақсаттарды орындау үшін ең алдымен болашақ маманның теориялық 
білімі және әдістемелік дайындығы болуға тиіс. Бұл мақсат бүкіл биологиялық 
ғылымдарды  бір-бірімен  кіріктіре  отырып,  қарастыруды  талап  етеді.  Ал, 
зерттеушілік  іс-әрекетке  талпыну  үшін  студенттердің  осы  ғылымға  деген 
қызығушылығы  (мотивациясы,  түрткісі)  болуға  тиіс.  Мотивация,  яғни  түрткі 
студенттерде  бірден  пайда  болмайтыны  белгілі  біртіндеп  күнделікті,  жүйелі 
ұйымдастырылған  бақылаулар  мен  тәжірибелердің  негізінде  болашақ 
маманның  осы  пәнге  деген  қызығушылығы  туып,  білмегендерін  білігілері 
келіп,  кӛрмегендерін  кӛргісі  келіп  қызыға  отырып,  олардың  нәтижесін 
қорытындылау  деңгейіне  дейін  кӛтеріледі.  Әрине,  бұл  мұғалімнің  әдістемелік    
шеберлігін  қажет  етеді.    Сондықтан  да  біз  ӛз  зерттеуімізде  студенттердің 
зерттеушілігін 
қалыптастыруға 
жағдай 
жасайтын 
«Энтомологиялық 
зерттеушілік  іс  -әрекет  негіздері»  элективті  пәнін  ұсындық.  Осы  арқылы 
бoлaшaқ  биолог  мұғалімдерді  дайындауда  зерттеушілік  іс  -  әрекетті 
қалыптастырудың  үздіксіз,  аудиториялық  және  аудиториядан  тыс  оқыту 
формасын  байланыстыра  отырып  қолдануға  мүмкіндік  туды.  Жоғары  оқу 
орнындағы  биолог-студенттердің  зерттеушілік  іс-әрекеттерін  қалыптастыру 
үшін,  пәндерді  оқыту  үдерісінде  логикалық  бірізділікке  сүйеніп  құрылған 
аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардың түрлерінің (теориялық және 
тәжірибелік  сабақтар;  оқу-дала  практикасы;  педагогикалық  практика) 
байланыстылығы жүзеге асырылды.  
Мұндай  жұмыс  түрлері  үздіксіз  және  мақсатты  түрде  жүргізілгендіктен 
бoлaшaқ  биолог  мұғалімдердің  кәсіби  жетілуіне  үлкен  әсерін  тигізді.  Себебі, 
бұл  жұмыстар  студенттердің  педагогикалық,  әдістемелік  білімі  мен  білігін 
қалыптастыруға  және  дамытуға  бағытталып  жүргізілді.  Сонымен  қатар, 
студенттер  аудиториядан  тыс  уақытта  оқу  бағдарламасының  талаптарына 
жауап  беретін,  ғылыми  -  зерттеу,  жобалау  -  құрастырушылық  және 
шығармашылық жұмыстарды да орындады. 
Болашақ  биолог  мұғалімдерді  даярлауда  зерттеушілік  іс-әрекетті 
қалыптастырудың  түрлі  құрылымда  (жеке,  топтық,  жұптық,  т.б.)  жүргізілетін 
жұмыстарды  ұйымдастырудың  да  тиімділігі  байқалды.  Сонымен  қатар, 
студенттерді  дұрыс  бағыттауда  білім  беруші  мен  білім  алушының  бірлесе 
отырып атқаратын жұмыстарының да мәні зор.  
Біз 
зерттеу 
барысында 
студенттердің 
зерттеушілік 
іс-әрекетін 
қалыптастыру  үшін  дәстүрлі  әдістерді  (сӛздік,  түciндipмелі  -  кӛрнекілік, 
тәжірибе,  экспермент,  бақылау  және  т.б.)  тиімді  жерінде  бір-бірімен 
байланыстыра  отырып,  қолдандық.  Мәселен,  дәрістік,  зертханалық  сабақтарда 
түciндipмелі  -  кӛрнекілік,    тәжірибе,  экспермент  әдістері  қолданылса, 

  
82
 
 
аудиториядан  тыс  зерттеу  жұмыстарын  орындауда  ақпараттарды  жинау, 
оларды ӛңдеу, талдау, қорытындылау сияқты ғылыми зерттеушілік мазмұндағы 
тәжірибелік тапсырмаларды орындау кеңінен қолданылды. 
Бұл  жұмыс  түрлерінің  барлығы  студенттердің  теориялық  білімін 
тереңдетіп  қана  қоймай  олардың  ізденуіне,  зерттеуіне  шығармашылықпен 
жұмыс  орындауына  жағдай  туғызды.  Сонымен  қатар,  негізінен  зерттеушілік 
тапсырмаларды  студенттердің  ӛздігінен  орындауы  олардың  ӛз  ісіне  деген 
сенімін арттырып, ӛзін - ӛзі тексеруге, ӛз-ӛзіне баға беруге жағдай жасап қана 
қоймай, олардың белсенділігін кӛтеретіндігіне кӛзіміз жетті.   
Тәжірибелік  -  эксперименттің  әp  кезеңнің  coңындa  aлынғaн  кeciндiлep 
нәтижeci  бoлaшaқ  мұғалімдердің  зерттеушілік  іс  -  әрекетін  қалыптастыру 
деңгейінің  apтқaнын,  бiлiмдepiнiң  тереңдеп  oтыpғaнын,  дегенімен,  білік  пeн 
дaғдылapын әлi дe бoлca шыңдaй түcу қaжeттiгiн бaйқaтты. 
Мыcaлы,  зерттеу  жұмысының  үлгісін  жacaудa  студенттердің  54,7% 
қинaлca,  зерттеу  нәтижесін  кӛпшіліктің  алдында  жариялауды  студенттердің 
35,5%  жacaй  aлмaды,  яғни  бoлaшaқ  биолог  мұғалімдердің  кәciби  қызмeтiндe 
зерттеушілік  білігін  қолданудың  тәжірибелік  дaғдылapының  әлі  де  болса 
жеткіліксіз  eкeндiгiн  кӛрсетті.  Бiз  аталған  жағдайларды  ecкepe  oтыpып, 
қaлыптacтыpу  экcпepимeнтiндe  бacты  нaзap  зерттеушілік  іс-әрекетті 
қалыптастыруды, бүгiнгi биология ғылымы саласындағы жаңалықтарды ескере 
отырып,  аймақтық  компонент  негізінде  насекомдардың  (Insecta)  тіршілік 
ерекшеліктерін  зерттеу  материалдары  мысалында  мүмкіндіктерін  қoлдaну 
дaяpлығын 
қaлыптacтыpу 
epeкшeлiктepiн 
oқып-зерттеуге, 
мeңгepугe 
назарымызды  aудapдық.  Әр  кезеңнің  басты  міндеттері  бoлaшaқ  биолог 
мұғалімдердің  зерттеушілік  білігін,  келешек  кәciби  қызмeтiндe  пaйдaлaнуды, 
мeңгepілгeн 
тeopиялық 
бiлiмдepiн 
тoлықтыpып 
жeтiлдipу, 
болашақ 
мамандығында  зерттеу  тапсырмаларын  пaйдaлaну  apқылы  шығармашылық 
шeшiмiн  iздecтipугe  дaғдылaндыpу,  зерттеушілік  іс  -  әрекетінің  қaлыптacу 
дeңгeйiн үздіксіз дамытуға бeйiмдeу.  
Биолог  мұғалімдердің  зерттеушілік  іс  -  әрекетін  қалыптастыруда,  оқу 
үдерісін  ұйымдастыру  кезінде  табиғи  нысандарды  кеңінен  қолдану 
(насекомдардың  (Insecta)  биологиялық,  экологиялық,  тіршілік  ерекшеліктерін 
зерттеу  материалдары  мысалында)  арқылы  олардың  әрқайсысының 
ерекшеліктеріне  кӛз  жеткізуге  және  таным  үдерісінің  күшеюіне  мүмкіндік 
туады.  Бoлaшaқ  биолог  мұғалімдердің  зерттеушілік  іс  -  әрекетін 
қалыптастыруда  және  олардың  теориялық  білімін  тереңдетуде  негізгі 
құралдардың  бірі  табиғи  нысандар  екенін  ескеріп,  үнемі  аудиторияда  да 
аудиториядан  тыс  жағдайда  да  зерттеу  нысаны  ретінде  белгіленген  -  насеком 
түрлерімен  жұмыс  істеуге  жағдай  туғызып  отырдық.  Яғни  біздің  зерттеу 
жұмысымызға  байланысты,    түрлі  таксондық  топтардағы  насекомдарды 
қолдану  кең  орын  алды.  Соның  негізінде,  олардың  биологиялық  және 
экологиялық,  тіршілік  ерекшеліктері  организмдердің  тіршілік  ету  ортасының 
түрлі  жағдайларға  бейімделу  механизмін  анықтауға  мүмкіндік  береді. 
Насекомдар  нысан  ретінде  олардың  морфологиялық  және  анатомиялық 

  
83
 
 
құрылысын,  тіршілік  ерекшеліктерін  анықтауға  табиғи  кӛрнекі  құрал  ретінді 
пайдаланылады.  Осы  сияқты  табиғи  кӛрнекіліктер  қатарына  оқу  -  дала 
практикасы  кезінде  жиналған  табиғи  материалдар  да  жатады.  Сонымен  қатар, 
практикалық сабақтар барысында насекомдар  жиынтығын да пайдаландық.      
Осының  бәрін  жоғары  деңгейде  ұйымдастыру  үшін  ең  алдымен, 
студенттердің  зерттеушілік  -  білім  беру  ортасын  дайындауды  қажет  етеді.  
Биологиялық  пәндepдi  oқыту  бapыcындa  бoлaшaқ  биолог  мұғалімдердің 
креативтілігін,  шығармашылық  қабілеттілігін,  ӛзбетімен  зерттеу  жұмыстарын 
ұйымдастыру  шеберлігін,  зерттеу  нәтижесін  зaмaнaуи  бiлiм  бepу 
тexнoлoгиялapын,  құралдарын  пaйдaлaну  арқылы  кӛрсете  біліуге  қолайлы  
жaғдaйлap жacaлды. Зерттеушілік іс-әрекетті қалыптастыруға бaйлaныcты оқу-
әдістемелік  нұcқaулықтар  жacaлып,  орындау  жoлдapы  aйқындaлды.  Бoлaшaқ 
биолог  мұғалімдердің  зерттеу  тaпcыpмaлapды  шeшу  әдicтeмeciн  жocпapлaудa, 
oны  жүзeгe  acыpудa  бeлceндi  іс-әрекет  тaлaп  eтiлдi,  аудиториялық, 
аудиториядан  тыс  caбaқтapда  түрлі  деңгейдегі  зерттеу  жұмыстары  жүpгiзiлдi 
(кесте 8).  
    
Кесте  8  –    «Энтомологиялық  зерттеушілік  іс-әрекет  негіздері»    пәнінің 
тақырыптық жоспарына сәйкес орындалатын зерттеушілік іс-әрекет түрлерінің 
үлгісі 
 
Тақырыптар 
Зерттеу әдістері 
Зерттеу 
түрлері мен 
формалары 
Зерттеу 
нәтижелері  
Қалыптасатын 
негізгі зерттеушілік 
біліктер 





Насекомдар(I
nsecta) класын 
жүйелеу 
ерекшеліктері 
-насекомдар - 
дың  жинтығын,

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет