Аманбаева махаббат батырғалиқызы



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/17
Дата04.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

 
іс-әрекеттің 
кезеңдері 
 
Кезеңдер 
Зерттеушілік іс - әрекеттер 
Кіріспе кезеңі 
Насекомдар  (Insecta)  класының  биологиялық,  экологиялық, 
тіршілік  ерекшеліктерін  анықтауға  арналған
 
нақты  зерттеу 
тапсырмасын құру 
Насекомдардың  (Insecta)  биологиялық,  экологиялық,  тіршілік 
ерекшеліктерін  зерттеу  нәтижелері  бойынша  меңгерілген 
білім мен білікке талдау жасау 
Насекомдардың  (Insecta)  биологиялық,  экологиялық,  тіршілік 
ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінің тұжырымдамасын ұсыну 
Негізгі кезең  
(зерттеу) 
Насекомдар  (Insecta)  класының  биологиялық,  экологиялық, 
тіршілік  ерекшеліктерін  зерттеуді  анықтауға  арналған  әдістер 
мен құралдарды ірктеу 
Насекомдар  (Insecta)  класының  биологиялық,  экологиялық, 
тіршілік 
ерекшеліктерін 
зерттеу 
жұмыстарын 
ұйымдастырудың 
тиімді 
жолдарын 
іздестіру 
және 
зерттеушілік іс-әрекетті қалыптастырудың алгоритімін құру   
Жоспарға сәйкес зерттеу нәтижелерін талдау 
Қорытындылау кезеңі  Зерттеу нәтижелерін қорытындылау 
Зерттеу нәтижелерін ұсыну, кӛпшілік алдында қорғау 
Зерттеушілік  іс-әрекеттің  нәтижесі  жетістігін  оқу  үдерісінде, 
тәжірибеде, болашақ мамандығында пайдалану  
 
Сонымен  қатар,  кӛптеген  зерттеуші  ғалымдардың  еңбектерін  негізге  ала 
отырып 
[19-25], 
зерттеу 
тапсырмаларын 
күрделілігіне 
байланысты 
тапсырмаларды  үш  деңгейге  топтастырдық:  репродуктивті  -  күрделілігі  I 
деңгейдегі  тапсырмалар,  продуктивті  -  күрделілігі  II  деңгейдегі  тапсырмалар, 
шығармашылық мазмұндағы зерттеулер - күрделілігі III деңгейдегі тапсырмалар.      
 Репродуктивті  –  күрделілігі  I  деңгейдегі  тапсырмаларды  орындауда 
студенттер бұрынғы меңгерген білімін пайдалана отырып, оқытушының нұсқау 
бойынша,  қажетті  біліктерді  қалыптастыратын  репродуктивті  іс-әрекеттер 
орындайды.  Мұндай  тапсырмаларды  студенттерге  зертханалық,  практикалық, 
семинар, СӚОЖ, СӚЖ сабақтарына дайындалғанда ұсынуға болады. 
Мысалы,  «Омыртқасыздар  зоологиясы»  пәні  бойынша,  5В011300  –  
Биология мамандығында оқитын студенттер үшін, жұмыс оқу бағдарламасына 
сәйкес,  «Насекомдар  (Insecta)  класы»  тақырыбы  мазмұнын  нақтылау, 
толықтыру 
мақсатында 
студенттерге 
қосымша 
мынадай 
зерттеу 
тапсырмалармасын ұсындық: 
Зерттеу тапсырмасы: оқытушы нұсқауымен кафедраның оқу-тәжірибелік 
қорындағы  насекомдар  жинағы,  нақты  насекомдар  түрлерінің  тіршілік  ету 
ортасына  байланысты  сыртқы  және  ішкі  құрылысындағы  ерекшеліктерін 
анықтау. 
Зерттеу  тапсырмасын  орындау  нәтижесінде  студенттер:  бақылау, 
салыстыру,  сипаттама  беру,  анықтау  талдау  сияқты  іс-әрекеттері  орындау 

  
55
 
 
нәтижесінде,  бейімдеу  -  бағалау  және  талдау  -  жүйелеу  зерттеушілік 
біліктерінің қалыптасуына ықпал етеді. 
Продуктивті  –  күрделілігі  II  деңгейдегі  тапсырмалар.  Бұл  деңгейдегі 
тапсырмаларды  орындау  кезінде    студенттер  тақырыпты  ӛздері  таңдайды, 
зерттеу міндеттерін белгілейді, жұмысты жүргізудің әдіс-тәсілдерін анықтайды, 
оны орындаудың жолдарын болжап алады. Студенттердің танымдық  іс-әрекеті 
продуктивті сипатта болады. Мұндай жұмыстың қорытынды нәтижесі ғылыми 
баяндама,  студенттік  және  ғылыми-практикалық  конференцияларға  тезистер, 
мақалалар  дайындау,  курстық  жұмыс,  бітірушінің  дипломдық  жұмыс  жазу 
барысындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау болып табылады. 
Мысалы, 
жартылай 
қаттықанаттылар 
(Heteroptera) 
отрядының 
морфологиялық  және  анатомиялық  құрылысын  оқыту  барысында,  студенттер 
кесте  және  насекомдар  жинағын  пайдалана  отырып,  олардың  мофологиялық 
және  анатомиялық  құрылысын  зерттейді.  Мұндай  тапсырманың  мақсаты  – 
сыртқы  және  ішкі  құрлысының  ұқсастықтарына  байланысты  жартылай 
қаттықанатты  насекомдарды  түрлерге  жіктеуді  үйрену.  Тапсырманы  орындау 
барысында  студенттер  зерттеушілік  іс-әрекетінің  негізі  болатын  пәндік  білігін 
қолданады.  Оларға  салыстыру,  ерекше  белгілерін  нақты  кӛрсету,  зерттеу 
нәтижелерін бекіту.   
Сонымен  қатар,  жартылай  қаттықанаттылардың  анатомиялық  құрылысын 
зерттеу барысында студенттер  микрозерзаттар әзірлеу үшін түрлі зертханалық 
жабдықтарды пайдалануды үйренеді. Сабақ барысында студенттер микроскоп, 
бинокуляр  және  үлкейткішпен  жұмыс  жасауды  меңгерген  болуы  міндетті. 
Жұмыс  нәтижесі  сызбанұсқа,  кесте  түрінде  дайындалған  суреттер  әзірлеумен 
жалғасады.  Мұндай  ӛзбетімен  орындалған  жұмыстар  студенттердің 
әдебиеттерден  дайын  ала  салған  емес  ӛздерінің  зерттеушілік  іс  -  әрекетінің 
нәтижесі.           
Шығармашылық  мазмұндағы  зерттеулер  –  күрделілігі  III  деңгейдегі 
тапсырмалар.  Студенттердің  түрлі  деңгейдегі  білімін  жалпылап,  қолдануды 
қажет  ететін  тапсырмалар.  Зерттеу  тапсырмалары  шығармашылық  жағдайда  іс-
әрекеттерді  қажет  ете  отырып,  студенттерден  жаңашыл  ізденімпаз  бағытты 
таңдауды талап ететін іс-әрекетті қалыптастырады.  
Мысалы  тапсырма:  аймақтық  ерекшеліктеріне  байланысты,  белгілі  бір 
ауданның  (студенттің  таңдауы  бойынша)  насекомдар  класының  бір  туыс  ӛкілін 
зерттеп,  фаунистикалық,  экологиялық  ерекшеліктеріне  сипаттама  беру,  зерттеу 
нәтижелерін  ғылыми баяндама түрінде рәсімдеу. 
Біз 
жүйелеуді 
меңгерудің 
іс-әрекеттік 
құрамын 
тӛмендегідей 
топтастырдық: 
-  талдау  және  салыстыру  арқылы  насекомдардың  алуантүрлілігіне 
байланысты  олардың  ұқсас  белгісі  мен  арасындағы  айырмашылықтарын 
анықтау; 
-  насекомдар  (Insecta)  класын  жүйелеу  негіздемесін  (бір  немесе  бірнеше 
басты белгілеріне байланысты) таңдау; 
- осы негіздемелер арқылы таксондарға: отряд, тұқымдас, туыс, түрге бӛлу; 

  
56
 
 
-  қосымшаақпарат  кӛздері:  әдебиеттер,  энтомологиялық  анықтауыштар 
негізінде бӛлінген таксондарды қайта тексеру; 
- зерттеу тапсырмасын орындау арқылы насекомдар (Insecta) класы туралы 
меңгерілген жаңа білімін қорытындылау.  
Жалпы  зерттеушілік  тапсырмалардың басты  мақсаты  – білім  алу  үдерісін 
белсенділендіру  қажеттілігіне  деген  танымдық  мотивацияны  арттыру. 
Студенттердің  зерттеушілік  іс-әрекетін  шебер  ұйымдастыру,  оларды 
шығармашылыққа 
белсенді 
араластыру, 
зерттеу 
тапсырмаларына  
қызығушылықтарын  қалыптастыру  арқылы  ӛздігінен  зерттеулер  жүргізуге  
жағдай туғызады. Яғни, негізінен білім алуға деген қызығушылығын арттыру, 
зерттеушілік  іс-әрекетті  қалыптастыру  студенттерде  күнделікті  оқу  үдерісінде 
туындап  отыратындығы  анықталады.  Мұндай  мотивация  нәтижесінде 
студенттерде  меңгерілген  білімін  пайдалану,  қайта  жаңғырту,  түсіндіру  және 
белгілі  бір  деңгейде  болашақ  мамандығында  оқушыларға  бере  алу  қабілеттері 
артады [146].  
Демек,  студент  зерттеу  тапсырмаларын  орындаудың  ӛзіндік  бағытын, 
шешімін іздеу және жаңа іс - әрекет жүйесін табу керек болатын жағдайға тап 
болады.  Мұндай  іс-әрекет  жүйесінде  алдымен  ғылыми  болжам  туындайды, 
содан кейін зерттеу тапсырмасын шешу ұстанымы қалыптасады, жоспар құру, 
нәтижені  тексеру  пайда  болады.  Оқу  үдерісі  мазмұнын  осындай  іс-әрекет 
негізінде  ұйымдастыру  студенттің  нақты  пән  бойынша  нәтижелі  білім  алуына 
жағдай  тудырады.  Зерттеу  тапсырмаларын  орындауда  студент  ӛзі  үшін,  яғни 
субъективті  тұрғыда  зерттеу  нысаны,  іс  -  әрекет  әдісі,  құрылымы  туралы  ӛзі 
үшін  «жаңалық»  ашады.  Осы  мазмұнда  болашақ  биолог  мұғалімнің  тұлғалық 
даму және зерттеушілік білігі мен қабілеті белсенді түрде дамиды. 
Coнымeн,  болашақ  биолог  мұғалімдердің  зерттеушілік  іс  -  әрекетін 
қалыптастыруда  «Омыртқасыздар  зоологиясы»  пәнін  oқыту  мазмұнының 
мaқcaттapынa  бaйлaныcты,  насекомдар  (Insecta)  класының  туралы  білімдерін 
тереңдетуге бағытталған мaзмұны aнықтaлды.  
Жоғарыдағы аталған мазмұнға сәйкес, біз зерттеу тапсырмаларын орындау 
іс-әрекеттерін үш кезеңін және тапсырмалардың күрделілік деңгейлерін ескере 
отырып,  болашақ  биолог  мұғалімдердің  зерттеушілік  іс  -  әрекетін 
қалыптастыруға  арналған  тапсырмалар  құрылымы,  мазмұнына  және  алдына 
қойылған  міндеттеріне  байланысты  тӛмендегідей  топтастырып,  6  негізгі 
бағытқа жіктеп қарастырдық.  
1.  Аналитикалық  -  биологиялық  түсініктерді  анықтау,  жіктеу  және 
жүйелеуге  арналған  тапсырмалар,  яғни  насекомдардың  биологиялық, 
экологиялық,  тіршілік  ерекшеліктерін,  жүйеленуін  анықтау,  табиғи  ортадағы 
тірі  ағзалардың  тіршілігін  бақылау  және  биологиялық  мазмұндағы  теориялық 
материалдармен тиімді жұмыс жасау бағытталған тапсырмалар
2.  Проблемалық  -  мазмұны  проблемалық  мәселелерді  зерттеуге  арналған 
тапсырмалар;  ғылыми  тұжырымдамаға  негізделген  зерттеу  тапсырмалары; 
қарама  -  қайшылықтарды  шешуге  бағытталған  тапсырмалар;  бірнеше  шешімі 

  
57
 
 
бар проблемалардың ішінен дұрысын, тиімдісін табуға арналған тапсырмалар, 
және т.б. 
3.  Ынталандырушы    -  мотивациялық  –  болашақ  биолог  мұғалімдерді 
табиғат қорғауға атсалысуға мотивациялаушы зерттеу тапсырмалары; ғылыми -
практикалық 
конференцияларға, 
республикалық 
және 
халықаралық 
байқауларға  қатысуға  ынталандырушы  тапсырмалар;  ӛзінің  туған  жерінің 
табиғи  ерекшеліктерін  зерттеуге,  дамытуға,  насихаттауға  бағытталған,  туған 
ӛлкенің  биоалуантүрлілігін  тануға  арналған  аймақтық  табиғи  материалдарды 
зерттеу тапсырмалар; 
4. Жобалық - зерттеу жобасын құруға және қорғауға арналған тапсырмалар 
(ғылыми-зерттеу жобасы, моделдер, бизнес жоба, курстық жұмыс және т.б.); 
5.  Ситуациялық  -  білім  беру  жүйесінде  тіршілік  жағыдайында  кездесетін 
белгілі бір ситуацияға жақындатылған тапсырмалар; 
6.  Кешенді  -  зерттеу  проблемасын  анықтауда  бірнеше  зерттеу  әдістерін, 
формаларын, әр - түрлі шешу жолдарын ұсынуға болатын тапсырмалар (кесте 
3). 
 
Кесте  3  -  Бoлaшaқ  биолог  мұғалімдердің  зерттеушілік  іс-әрекетін 
қалыптастыруға арналған зерттеу тапсырмаларының үлгісі 
 
Тапсырмалары 
Қалыптасатын 
зерттеушілік 
біліктер 
 
 
 
К
үрде
ліл
ік
 
де
ңге
йі
 
Ұйымдастыру 
формасы 




АНАЛИТИКАЛЫҚ 
Насекомдардың  табиғаттағы  және  адам 
ӛміріндегі практикалық маңызына байланысты әр 
топқа салыстырмалы сипаттама беру және келесі 
топтар бойынша талдау жасап, ұсыныстар беру: 
а) жыртқыш – насекомдар; 
ә)  арамшӛптермен  табиғи  жолмен  күресуде 
пайдалы насекомдар; 
б)  ӛсімдіктердің  тозаңдануына  қатысушы  - 
насекомдар; 
в) пайдалы ӛнім ӛндіруші – насекомдар  
талдау-жүйелеу; 
құрылымдық - 
рәсімдеу 
   
IІІ 
Жеке 
тапсырма 
Ғылыми  -  теориялық  еңбектерді,  internet 
және  ӛзіндік  зерттеу  мәліметтерін  пайдаланып 
Қазақстандағы 
ерекше 
қорғалатын 
табиғи 
аумақтардағы 
насекомдар 
фаунасына  
статистикалық талдау жасау    
талдау-жүйелеу 
IІ 
Жеке 
тапсырма 
Бунақтылар 
типінің 
негізгі 
кластары: 
шаянтәрізділер, 
ӛрмекшітәрізділер 
және 
насекомдарға 
келесі 
белгілері 
бойынша 
салыстырмалы талдау жасау: 
 
талдау -жүйелеу; 
бейімдеу-
бағалау 
 

Топтық 
тапсырма 

  
58
 
 
3 - кестенің жалғасы  
 




а) дене бӛліктері; 
  ә) қозғалыс аппараттары; 
б) дене жабындары мен бұлшық еттері
в) асқорыту жүйесі; 
г) тынысалу жүйесі; 
д) қан айналу жүйесі; 
е) жыныс жүйесі; 
ж) жүйке жүесі.  
 
 
 
Translate these words and word – combinations 
into English in written form. 
Жыныс  диморфизмі,  паразиттік  тіршілік, 
ӛсімдіктердің 
зиянкестері, 
омыртқасыз 
жануарлар, 
филогенетикалық 
шығу 
тегі, 
қанатсыз  насекомдар,  қанатты  насекомдар,  
хитин қабығы, мальпиги түтiкшелерi  
талдау -жүйелеу 
 

Жеке 
тапсырма 
Complete  the  following  collocations  with  the 
necessary verbs: 
Insects are…; Insects have a…; the insect outer 
skeleton;  The  nervous  system   of  an  insect  can  be 
divided  into  a   … and  a …  The  respiratory  system 
is… 
талдау -жүйелеу 
 

Жеке 
тапсырма 
ПРОБЛЕМАЛЫҚ 
Қансорғыш  масалар  (Diptera: Culicidae)  – 
қоғамдық  денсаулық  сақтауда  маңызы  ӛте 
жоғары насекомдар. Масалардың бейімделушілік 
қасиеттерінің  жоғары  болуына  байланысты, 
әсіресе,  олардың  таралуының  негізгі  ошағы  –  су 
қоймаларына және басқада жерлерге осы уақытқа 
дейін  алуан  түрлі  химиялық  препараттарды 
қолданып  келгені,  олар  жалпы  қоршаған  ортаға 
орасан зор зиян келтіргені және олардың әсеріне 
кӛптеген  зиянкестердің  бейімделгендігі,  қазіргі 
жағдайда  қолдануға  болмайтындығын  дәлелдеп 
берді.  Сондықтан  химиялық  әдіске  балама 
болатындай  әдістерді  анықтау.  Насекомдардың 
табиғаттағы биореттеушілік рӛлін анықтау  
талдау –
жүйелеу; 
бейімдеу-
бағалау; 
жоспарлау-
рәсімдеу 
 
ІІ 
Топтық 
тапсырма 
Насекомдар 
кӛптүрлілігінің 
сандық 
динамикасына  антропогендік  фактордың  әсерін 
анықтау, сипаттама беру, дәлелдеу  
талдау –
жүйелеу; 
бейімдеу-
бағалау; 
жоспарлау-
рәсімдеу 
ІІ 
Топтық 
тапсырма 
Насекомдар (Insecta)
 
класының алуантүрлілігінің 
пайда  болу  механизмдерін  және  оған  қандай 
факторлар әсер ететінін  түсіндіру 
талдау –
жүйелеу; 
бейімдеу-
бағалау; 
жоспарлау-
рәсімдеу 
І 
Жеке 
тапсырма 

  
59
 
 
3 - кестенің жалғасы  
 
 
 
 




ЫНТАЛАНДЫРУШЫ-МОТИВАЦИЯЛЫҚ 
Кӛпшілікке  «Насекомдардың  табиғат  пен  адам 
ӛміріндегі  маңызды  әсері  туралы  білесіз  бе?» 
деген  сұрақ  қойып  шағын  әлеуметтік  зерттеу 
жүргізіңіз.  Зерттеу  нәтижесін  талдау,  түсіндіру 
және  неліктен  нақты  осындай  қорытынды 
алынғанына  ғылыми  болжам  жасау  ұсыныстар 
беру. 
талдау –
жүйелеу; 
бейімдеу-
бағалау; 
жоспарлау-
рәсімдеу; 
ұйымдастыру – 
комуникативті 
 
ІІІ 
Топтық 
тапсырма 
Насекомдар 
класының 
биологиялық, 
экологиялық,  тіршілік  ерекшеліктерін    зерттеу 
нәтижелерін 
оқу 
үдерісінде 
пайдалану 
мүмкіндіктеріне 
талдау 
жасау, 
ӛзіндік 
әдістемелік ұсыныстар беру 
талдау 

жүйелеу; 
бейімдеу-
бағалау; 
жоспарлау-
рәсімдеу 
ІІ 
Жеке 
тапсырма 
ЖОБАЛЫҚ 
Алтын  -  Емел  Мемлекеттік  Ұлттық  табиғи 
саябағындағы  саяхатшылар  (туристер)  жүретін 
бағыттарда  кездесетін  қансорғыш  масалардың 
биореттеушілері-насекомдарды  зерттеу  және 
іздестіру 
талдау –
жүйелеу; 
бейімдеу-
бағалау; 
жоспарлау-
рәсімдеу; 
ұйымдастыру – 
комуникативті 
 
ІІІ 
Топтық 
тапсырма 
Қазақстан  аумағындағы  ерекше  қорғалатын 
табиғи аумақтар энтомофаунасының кӛптүрлілігі 
және  таралу  ерекшеліктерінің  зерттелуі  мен 
зерттеу мүмкіндіктері 
талдау 

жүйелеу; 
бейімдеу-
бағалау; 
жоспарлау-
рәсімдеу 
ІІ 
Жеке 
тапсырма 
«Қазақстанның 
насекомдар 
алуантүрлілігі» 
тақырыбындағы  сурет  кӛрмесін  ұйымдастыру 
және  энсеклапедиялық  -  анықтамалық  құралына 
ақпараттар  дайындау     
талдау –
жүйелеу; 
бейімдеу-
бағалау; 
жоспарлау-
рәсімдеу; 
ұйымдастыру – 
комуникативті 
 
ІІІ 
Топтық 
тапсырма 
СИТУАЦИЯЛЫҚ 
Бір  апта  бойы  15

С  температурада,  жабық 
бӛлмеде  сақталған  бӛртпе  сүзегіне  шалдыққан 
адамнан  шешілген  киіміндегі  кӛйлек  биті 
(Pediculus  humanus  carporis)  қандай  деңгейде 
эпидемиологиялық 
қауіпті 
болатындығын 
түсіндіру 
талдау -жүйелеу; 
бейімдеу-
бағалау 
 

 

Жеке 
тапсырма 

  
60
 
 
3 - кестенің жалғасы  

 
 
 
 

 
 




Іле  ӛзенінің  су  жайылымында  тіршілік  ететін 
жартылай 
қаттықанаттылардың 
ересек 
дараларының  санын    арттырғанда  қансорғыш 
масалардыңсаны  тӛмендеді,  себебін  түсіндіру, 
дәлелдеу, ұсыныстар дайындау       
талдау –
жүйелеу; 
бейімдеу-
бағалау; 
жоспарлау-
рәсімдеу; 
ұйымдастыру – 
комуникативті 
 
ІІ 
Жеке 
тапсырма 
Насекомдардың  адам  ӛміріндегі  пайдалы  және 
зияанды әсері 
талдау –
жүйелеу; 
бейімдеу-
бағалау; 
жоспарлау-
рәсімдеу; 
ұйымдастыру – 
комуникативті 
 
ІІ 
Топтық 
тапсырма 
КЕШЕНДІ 
Насекомдардың  сыртқы  мүшелерінің  тіршілік 
ерекшеліктеріне 
байланысты 
бейімделуіне 
бақылау 
жүргізіу. 
Насекомдардың 
ауыз 
аппаратының  типтері:  кеміргіш  -  жалағыш, 
шанышқыш-сорғыш, сорғыш құрылысты түрлері 
кездеседі. 
талдау -жүйелеу; 
бейімдеу-
бағалау; 
жоспарлау-
рәсімдеу 
 
ІІ 
Жеке 
тапсырма 
Насекомдардың 
қоректену 
ерекшеліктеріне 
байланысты ауыз аппаратының типтері: кеміргіш 
–жалағыш, 
шанышқыш-сорғыш, 
сорғыш 
құрылысын 
анықтау, 
себебін 
түсіндіру, 
ерекшеліктеріне салыстырмалы сиппатама беру 
талдау -жүйелеу; 
бейімдеу-
бағалау; 
жоспарлау-
рәсімдеу 
 
IІ 
Жеке 
тапсырма 
Read  and  translate  the  sentences,  point  out  their 
subjects and predictates 
талдау -жүйелеу; 
бейімдеу-
бағалау; 
жоспарлау-
рәсімдеу 
 

Жеке 
тапсырма 
 
Тапсырмалар  тақырып  мазмұнына  сәйкес,  сұрақтар  ағылшын  тілінде  де 
құрастырылды.    
Қopытa  aйтқaндa,  «Омыртқасыздар  зоологиясы»  пәнін  оқыту  үдерісінде 
дәріс  caбaқтapындa  насекомдар  (Insecta)  класының  омыртқасыз  жануарлар 
әлеміндегі  орны  және  байланысы,  маңызды  әсеріне  талдау  жасалып, 
кӛpceтiлeдi.  Насекомдарды  туралы  білімді  қалыптастыру,  зерттеудің 
тexникaлық  құpaлдapын,  әдістерін  пaйдaлaну  мүмкiндiктepi  зepтxaнaлық  және 
СОӚЖ, СӚЖ caбaқтapы мазмұнында тaлқылaнaды.  

  
61
 
 
Бipaқ,  аталған  пән  мазмұнында  жалпы  омыртқасыз  жануарлар  туралы 
сипаттама беріледі, ал жануарлар дүниесiнде түрге ең бай және жер бетiнде кең 
таралған  тірі  организмдер  –  насекомдар  (Insecta)  класы  туралы  нақты 
мәліметтер  жеткіліксіз  екендігін  жоғарыда  атап  кӛрсеткенбіз.  Жаңа  ғылыми-
зерттеу  мәліметтермен  мысалы:  молекулярлы-генетикалық  және  ішкі,  сыртқы 
құрлысы,  тіршілік  ерекшеліктері,  адам  ӛміріндегі  пайдалы,  зиянды  әсері, 
Қазақстанда  таралған  насекомдар  класының  алуантүрлілігі  туралы  білімін 
тереңдетуге  арналған  материалдармен  толықтырулар  арқылы  бiлiм  бepу 
негізінде,  болашақ  биолог  мұғалімнің  зерттеушілік  іс-әрекетін  қалыптастыру 
қажет  екендігі  анық.  Себебі,  тәжірибелік-эксперименттік  зерттеу  нәтижелері 
кӛрсеткендей, оқытушылардың және студенттердің жүйлі түрде, жоспарлы оқу 
үдерісін  ұйымдастыру  үшін  аталған  проблема  бойынша  арнайы  әдістемелік 
нұсқаулықтың  жеткіліксіздігі,  сабақты  ұйымдастырудағы  уaқыттың  аздығына 
бaйлaныcты екені анықталды. Aл aтaлғaн мәceлeнi эпизoдтық қapacтыpу білім 
беру  үдерісінде  толық  нәтижелі  eмec.  Coндықтaн,  біз  жоғарыдағы 
кемшіліктердің орнын толтыру мақсатында және болашақ биолог мамандарды 
дайындауда  мақсатты  түрде  жоспарланған  зерттеушілік  іс  -  әрекетті 
қалыптастыруға  арналған «Энтомологиялық зерттеушілік іс - әрекет негіздері» 
элективті  пәнін  оқу  үдерісіне  бағдарламасын  ұсынып,  қалыптастыру 
экперименті  барысында  тәжірибелік  сынақтан  ӛткіздік.  Осы  аталған  пән 
мазмұнын ғылыми -теориялық ақпараттармен қатар, ӛзіміздің жүргізген зерттеу 
жұмыстарымыздың нәтижесінде алынған жаңа мәліметтермен толықтырдық. 
Насекомдардың 
(Insecta) 
тіршілік 
ерекшеліктерін 
зерттеу 
материалдары бойынша.  
2013, 2014 жылдардың маусым - шілде айлары аралығында  Қазақстанның 
ерекше  қорғалатын  табиғи  аймақтарының  бірі  -  «Алтын  -  Емел»  мемлекеттік 
ұлттық  табиғи  саябағы  аумағында  жиналып,  анықталған  отрядтар:  жартылай 
қаттықанаттылар 
(Heteroptera), 
дәуіттер 
(Mantoptera), 
тiкқанаттылар 
(Оrthoptera),  қаттықанаттылар  (Coleoptera),  қабыршаққанаттылар  немесе 
кӛбелектер  (Lepidoptera),  жарғаққанаттылар  (Hymenoptera),  торқанаттылар 
(Neuroptera),  инелiктер  (Odanata),  теңқанаттылар  (Homoptera),  қосқанаттылар 
(Diptera),  жалпы  зерттелген  насекомдар:  10  отряд,  50  тұқымдас.  Аталған 
зерттеу 
жұмысы 
барысында 
табиғи 
жағдайда 
насекомдардың 
алуантүрлiлiгiмен,  олардың  тiршiлiк  ету  ортасымен  танысу,  бақылау  жүргiзу, 
оларды  жинау  және  фиксациялаудың  арнайы  әдiстерiн  пайдалану, 
насекомдардың  жіктелуін  анықтау,  түрлерiне  морфологиялық  сипаттама 
беріліп,  жинағын  жасау,    жалпы  «Алтын  -  Емел»  мемлекеттік  ұлттық  табиғи 
паркінде  кездесетін  насекомдар  алуантүрлілігін  анықтау  жұмыстары 
орындалды.  Әрі  қарай  түрлерді  арнайы  анықтауыштардың  кӛмегімен 
анықталған насекомдарды нақтылау, тексеру жұмыстары орындалды [127-130; 
152, 153]. 
Тұрақты  түрде  жүргізілген  ғылыми  ізденістердің  нәтижесінде,  кӛптеген 
зерттеуші ғалымдардың ұсынған биологиялық күрес әдісінің маңызына талдау 
жасай отырып, зиянкес насекомдар популяциясы деңгейін тұрақты ұстап тұруға 

  
62
 
 
әсер  етуші  табиғи  биореттеушілер  -  жыртқыш  насекомдардың  маңызы  
анықталып, зертханалық зерттеу жұмыстары арқылы дәлелденді [109-114]. 
Зерттеуші – ғалымдардың еңбектері жинақталған 2016 – жылы ұсынылған 
««Алтын  –  Емел»  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  паркінің  еңбектері»  жинағында 
аталған  саябағы  аумағында  2009  -  2011  зерттеу  мәліметтері  бойынша, 
насекомдар  фаунасының  8  отрядының  1474  түрі  анықталған.  Саны  бойынша 
қосқанаттылар  және  қоңыздар  15%,  жарғаққанаттылар  -  14%,  тікқанаттылар 
және  қабыршаққанаттылар  -  13%,  жартылай  қатты  қанаттылар  -12%, 
шегірткелер - 10% және қалған отрядтар - 1-3% келеді [154].
 
Алайда, «Алтын – 
Емел»  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  саябағының  насекомдар  фаунасы, 
биологиясы,  экологиясы,  пайдалы  және  зиянды  әсерлері  әліде  болса  толық 
зерттеуді қажет етеді.  
Біз  зерттеу  жұмысымызда  Ж.Б.  Чилдибаев  және  П.А.  Есенбекованың 
кӛпжылдық  ғылыми  -  зерттеу  еңбектерін  негізге  аладық  [115-121,  131-133]. 
Осыған  орай,  біз  «Алтын  -  Емел»  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  саябағында 
кездесетін  жартылай  қаттықанаттылар  (Нeteroptera)  отряды  фаунасының 
алуантүрлілігін,  тіршілік  ерекшеліктері  мен  практикалық  маңызын  зерттеуге 
арнадық.  Себебі,  Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  туралы  Қазақстан 
Респуликасының    Заңына  сәйкес,    биоалуантүрлілікті  мониторингілеу  және 
сақтауға арналған зерттеулер жүргізу кӛзделді [156].  
Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақ  насекомдарының  таксономиялық 
құрамын,  тіршілік  ерекшеліктерін,  практикалық  маңызын  және  экологиялық 
факторлардың  түрлерге  әсерін  зерттеу  арқылы  салыстырмалы  мониторингтік 
баға  беру  мақсатында  «Алтын  -  Емел»  мемлекеттік  ұлттық  табиғи 
саябағындағы  жартылай  қаттықанатты  насекомдар  фаунасына  зерттеу 
жұмыстары жүргізілді. 
Зерттеу  барысында  жартылай  қаттықанатты  (Нeteroptera)  насекомдар 
номенклатурасы    Aukema  B.,  Rieger  C.  каталогына  сәйкес  берілді  [157]. 
Түрлерге жалпы биологиялық және экологиялық сипаттама И.М. Кержнер, Р.Б. 
Асанова, Ж.Б. Чилдибаев, П.А. Есенбекованың, т.б. еңбектер негізінде берілді 
[127-133].  
Зерттеу  жұмысында  пайдаланылған  әдістері:  насекомдарды  жинаудың 
жалпы энтомологиялық зерттеу әдістері (далалық, стационарлық, зертханалық)  
пайдаланылды  [158].    Жиналған  үлгілерді  анықтау,  ғылыми  жинақ  дайындау 
жұмыстары  ҚР  БҒМ  Зоология  институты  зертханасында  орындалды  және 
аталған институттың омыртқасыз насекомдар жинағы қорында сақталуда.   
Зерттеу  2013,  2014  жылдардың  маусым  -  шілде  айлары  аралығында  
жиналған  материалдар  нәтижесінде,  «Алтын  -  Емел»  мемлекеттік  ұлттық 
табиғи саябағы аумағында жартылай қаттықанаттылар (Нeteroptera) отрядының 
22 тұқымдасқа кіретін 174 түрі жиналып, талдау жасалды (кесте 4).  
 
 
 

  
63
 
 
Кесте  4  -  «Алтын  -  Емел»  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  саябағы  аумағындағы 
жартылай қаттықанаттылар (Нeteroptera) фаунасына 
 
Тұқымдас 
Туыс 
Түр 

Alydidae (Amyot, Serville, 1843) 


1.2 
Anthocoridae (Fieber, 1836) 


4.1 
Berytidae (Fieber, 1851) 


0.6 
Coreidae (Leach, 1815) 


1.2 
Corixidae (Leach, 1815) 


3.5 
Cydnidae (Billberg, 1820) 


0.6 
Gerridae (Leach, 1815) 


2.9 
Lygaeidae (Schilling, 1829) 
23 
30 
17.4 
Miridae (Hahn, 1833) 
30 
64 
36.6 
Nabidae (Costa, 1853) 


2.3 
Naucoridae (Leach, 1815) 


0.6 
Nepidae (Latreille, 1802) 


1.2 
Notonectidae (Latreille, 1802) 


0.6 
Pentatomidae (Leach, 1815) 
10 
17 
9.8 
Piesmatidae (Amyot & Serville, 1843) 


0.6 
Pleidae (Fieber, 1851) 


0.6 
Pyrrhocoridae (Amyot, Serville, 1843) 


0.6 
Reduviidae (Latreille, 1807) 


2.3 
Rhopalidae (Amyot, Serville, 1843) 


4.1 
Saldidae (Amyot, Serville, 1843) 


5.2 
Scutelleridae (Leach, 1815) 


0.6 
Tingidae (Laporte, 1832) 


3.5 
Барлығы: 22 
100 
174 
100 
 
Бұл  таксондық  құрамда  алуантүрлілігімен  ерекшеленген  тұқымдастар: 
Miridae  (64  түр),  Lygaeidae  (30  түр),  Pentatomidae  (17  түр),
 
Saldidae  (9  түр), 
Rhopalidae  және  Anthocoridae  (әрқайсысы  7  түрден),  Tingidae  және  Corixidae 
(әрқайсысы 6 түрден). Ал, түр саны сирек кездескен:  Gerridae (5 түр), Nabidae, 
Reduviidae  (әрқайсысы  4  түрден),
 
Coreidae,  Alydidae,  Nepidae  (әрқайсысы  2 
түрден), қалған 8 тұқымдастың әр қайсысынан 1 түрден жиналып, анықталды.  
Бұлардың  ішінде  біз  жүргізген  фаунистикалық  зерттеулер  нәтижесінде, 
«Алтын - Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы үшін алғаш рет жартылай 
қаттықанаттылар  (Нeteroptera)  отрядының  3  тұқымдасынан  8  түрі  анықталып 
(кесте 5), «Алтын - Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының омыртқасыз 
жануарлар тізіміне ендірілді [114, с. 298-299].  

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет