Алматы облысының ӘКІМДІГІ алматы облысының МӘдениет, МҰРАҒаттар жәНЕ



жүктеу 43.01 Kb.

бет28/29
Дата09.01.2017
өлшемі43.01 Kb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Дуйсенбай Шыныбеков
Газ. «Во славу Родины», 21 ноября 1942 г.

1945-2015
322
   
№ 89
АТТАНДЫРУ
Бұл өлеңді Жамбыл ақын өзінің ұлы Алғадайды 1942 жылдың жазында майданға 
аттандырарда айтқан. Бұл бата – жалғыз өзінің баласына ғана емес, мың сандаған 
жауынгерлерге Жыр алыбының берген батасы іспеттес.
Атаңнан бата ал, балам, 
Арғымақ атқа мін, балам.
Ақсақалым желбіреп,
Артыңнан қарап мен қалам.
Құлағыңда құлыным, 
Дауысым жүрсін жырлаған.
Алғадайым арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған.
Перзентімнің алды едің,
Көңілімді қимаған.
Аттандырдым майданға,
Аман-есен жүр балам!
Абыройға ие бол,
Ағат баспа бір қадам.
Атақ берген атаңа,
Ел қадірін біл, балам!
Ел ерлігі, бірлігі,
Сынға түскен бұл заман!
Саған айтқан сөзімнен,
Сабақ алсын тыңдаған.
Айтылған сөз деп ұқсын,
Аңғарлы жан «бұл маған»!
Хош, хош, балам! Хош айттым,
Қолымды, міне, шошайттым!
   
№ 90
ИЗ ПИСЬМА БОЙЦОВ И КОМАНДИРОВ ЧАСТЕЙ 
ГЕНЕРАЛА ГОРДОВА ДЖАМБУЛУ
4 июня 1942 года
 
Дорогой т. Джамбул! 
В дни горячих боев за освобождение Советской Украины вам, великому народному 
певцу казахского народа, бойцы, командиры, комиссары и политработники частей 
генерала Гордова шлют пламенный боевой привет.
Дружной  семьей  бьются  с  лютыми  врагами  Родины  воины  братских  народов 
Советского Союза, и среди славных героев почетное место принадлежит сыновьям 

1945-2015
323
отважного  казахского  народа.  Боец-казах  Уразбай  Олгаспаев  в  первом  же  бою 
уничтожил 20 гитлеровцев мерзавцев. 
Группа  бойцов-казахов  успешно  переправилась  через  реку  на  берег,  занятый 
раньше  немцами,  вступив  на  освобожденную  украинскую  землю.  Казахи 
прильнули  к  ней  губами.  Они  целовали  очищенную  от  врагов  землю.  Молодой 
боец-казах  Турдани,  пренебрегая  опасностью,  подносил  под  огнем  противника 
боеприпасы  к  миномету;  когда  не  хватило  повозок  и  лотков,  руками  переносил 
мины, в обыкновенных мешках и на руках. Кандидат партии Умурзаков на родном 
казахском языке кричал своим землякам: «Вперед, за Родину!» И за ним двинулась 
всесокрушающая лавина бойцов. 
Подвиги этих отважных богатырей достойны того, чтобы о них слагать песни 
и  поэмы.  Политотдел  просит  вас,  дорогой  Джамбул,  увековечить  имена  своих 
отважных земляков в пламенных стихах. Ваши стихи вдохновят бойцов-казахов и их 
фронтовых друзей русских, украинцев, узбеков, грузин, азербайджанцев на новые 
славные  подвиги,  окрылят  их  на  новые  победы,  на  полный  разгром  фашистских 
захватчиков. 
Просим вас написать стихи о героях-казахах и прислать их нам по телеграфу для 
опубликования в красноармейской газете нашего участка фронта «Боевой натиск».
Желаем вам бодрости и здоровья и новых творческих успехов на благо Родины, 
на страх ее врагам.
 
 Политотдел частей генерала Гордова
 Юго-Западный фронт
АП РК. Ф. 708. Оп. 6. Д. 1486. ЛЛ. 1-2. Подлинник.
Передано по телеграфу из штаба Юго-Западного фронта.
   
№ 91
ПИСЬМО ВОИНОВ-КАЗАХОВ
ЗАЩИЩАВШИХ СТАЛИНГРАД, ДЖАМБУЛУ
20 ноябрь 1942 жыл
Казахский народ вместе с русским народом выступил на защиту Сталинграда. 
Защищая этот город, мы защищаем Алма-Ату, честь и совесть казахского народа, 
своих детей, свои семьи. Ни один казах не может забыть, какую помощь оказали его 
родному  народу  русские.  Благодаря  братской  помощи  русского  народа  Казахстан 
превратился  в  цветущую  республику  высокой  культуры.  Как  дороги  нам  горы 
Алатау,  бескрайние  степи  Казахстана,  так  дороги  и  Волга,  донские  и  украинские 
степи.  Перед  нами  лежит  одна  дорога  –  вперед,  на  врага!  Поэтому  мы  вместе  с 
сынами других братских народов поднялись в поход против заклятых фашистских 
извергов.  Батыром  казахского  народа  показал  себя  бронебойщик  Ешмаханов.  Он 
уничтожил два немецких танка. 
Отважно  сражаются  бойцы  отделения  Арыса  Оразова.  В  одном  из  боев  сам 
командир сжег один танк, вслед за ним бойцы отделения уничтожили еще шесть 
бронированных  чудовищ.  Красноармеец  Ербатыров  в  схватке  с  гитлеровцами 
сперва взорвал танк, а затем меткой стрельбой из винтовки отправил на тот свет 
пять  вражеских  автоматчиков.  Алимбаев  попал  в  окружение  группы  немецких 

1945-2015
324
автоматчиков. Но он не растерялся, смело принял бой. Уничтожив 10 гитлеровцев, 
мужественный красноармеец прорвал кольцо окружения и вышел к своим.
Обращаясь к вам, даем обещание, что, не жалея сил и эенргии, не щадя своих 
жизней, усилим удары по врагу, в битве за Сталинград защитим честь и свободу 
казахского народа.
Письмо подписали несколько сотен воинов-казахов.
«Социалистік Қазақстан» газеті, 20 ноябрь, 1942 жыл.
   
№ 92
 МАЙДАНДАҒЫ БІР ТОП ҚАЗАҚ ЖАУЫНГЕРЛЕРІНІҢ 
ЖАМБЫЛҒА ЖАЗҒАН ХАТЫ
1 январь 1944 жыл
Ардақты  Жамбыл  ата!  Біз  майдандағы  қазақ  жігіттері  үлкен  қуанышпен  Сізге 
майдандық сәлемімізді жолдап отырмыз. Жау совет әскерінің қажырлы соққысына 
төзе алмай батысқа қарай шегінуде, даңқты Қызыл Армия алға басуда. Бұл алып 
жорықта  қазақ  халқының  ұлдары  тамаша  ерліктер  көрсетуде.  Ахметов,  Байтасов, 
Азизаев,  Анарбаев  бастаған  зеңбірекші  ерлерді  бөлімдегі  жауынгерлердің  бәрі 
жақсы біледі. Бұлар – сан рет жауға күйрете соққы берген батырларымыз.
Жамбыл ата, қанды ұрыстарда сіздің атыңыз, жалынды жырыңыз бізге күш беріп 
отырады.
Біз өткен бір ұрыста жау қоршауында қалдық. Жаумен арамыз 20 – 25 метрдей 
еді, немістер, жан-жағымыздан анталай, төніп келеді. «Беріліңдер!» деп айқайлады.
Жоқ,  қасық  қанымыз  қалғанша  қазақ  атын  қорламаймыз!  Берілмейміз  жауға! 
Қиыншылықты  жеңеміз.  Егер  біз  ерлікпен  қаза  тапсақ,  бұлбұлдай  сайрап  әнге 
қосатын, жыр ететін ұлы Жамбыл атамыз бар, кітап жазып шығартын ақын жазушы 
ағаларымыз бар.
Сын  сағатта,  өлім  мен  өмір  арпалысқан  сағатта  біздің  бойымызды  осы  сезім 
биледі.  Бұл  біздің  бойымызға  сарқылмас  күш  берді.  Жаумен  батыл  шайқасып, 
қоршауды бұзып шықтық. 
Жыр алыбы Жәке! Біз қазақ халқына берген сертті бір минут естен шығармаймыз. 
Жауды толық жеңгенше аянбай күресеміз. Жеңіспен қайтамыз! Біздегі күш, біздегі 
жігер, біздегі тілек – ел тілегі.
Отан үшін, гүлденген Қазақстан үшін алға басамыз. Біздің жігерімізді асытып, 
күш беретін асыл жырыңызды тасыта түсіңіз!
 Майдандық сәлеммен, жауынгерлер атынан: 
Нұрахмет Ибраев, Мәдемхан Жәнібеков, 
Тұрсын Байболов, О. Ахметов, К. Букетов. 
«Социалистік Қазақстан» газеті, 1 январь, 1944 жыл.

1945-2015
325
КЕНЕН ӘЗІРБАЕВ
Кенен  Әзірбаев  1884  жылы  Алматы  облысы  Жамбыл  ауданы 
Мәтібұлақ  ауылында  дүниеге  келген.  10  жасынан  бастап  қолына 
домбыра алып, ән сала бастаған. 13 жасында тұңғыш әні «Бозторғайды» 
шығарады. 
1919-1922 жылдары Қордай аудандық революциялық комитетінің 
төрағасы қызметін атқарды. 
1931-1933 жылдары ұжымдастыру саясатының куәгері болды.
1934 жылы Түрксіб теміржолында көшпелі театрда әнші болады. 
1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігіне 
қатысып, «Жаңа заң» әнін Кремльдің үлкен сарайында орындаған. 
1937  жылы  Жамбыл  Жабаевпен  бірге  Шота  Руставелидің 
«Жолбарыс  терісін  жамылған  батыр»  поэмасының  750  жылдығына 
арналған мерекеге қатысты. Осы жылы КСРО Жазушылар одағының, 
ал 1939 жылы КСРО Композиторлар одағының мүшесі болды. 
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде домбырасын қолға 
алып,  күндіз-түні  халқының  ортасында  болды.  Кенен  Әзірбаев 
жалынды  өлең  жырлары  мен  рухты  әндері  арқылы  Ұлы  Отан 
соғысында жеңіске жетуге зор үлесін қосты. Алапат соғыстың бірінші 
күні-ақ:
Біздің Отан жеңеді,
Гитлер өледі.
Қызыл ер, жауынгер,
Соққыны береді, - 
деп  саңқ  ете  қалған  дауысы  бүкіл  қазақ  жерін  шарлап  кетті.  Халықты  сабырға, 
шыдамдылыққа, жеңіске шақырған ақын үні бір сәтке толастамайды. Осы жылдары 
дүниеге  келген  «Қайран,  Шөкем!»,  «Жалғыз  қайным»,  «Ел  қуанышы»,  «Жеңіс 
жылғы шаттық ән» сияқты туындылары халықтың асыл қазынасына айналды.
1945  жылы  «Құрмет  белгісі»,  1967  жылы  «Еңбек  Қызыл  Ту»  ордендерімен 
наградталады.
1947 жылы Мәскеудің 800 жылдық мерейтойына қатысады. 
Облыстық 
ақындар айтысына 
қатысушылар. 
1963 жыл.

1945-2015
326
ҮМБЕТӘЛІ КӘРІБАЕВ
Үмбетәлі Кәрібаев 1886 жылы туылған. Халық ақыны, Қазақстан Жазушылар 
одағының  мүшесі.  Жамбыл  дәстүрін  жалғастырушы  ақын  әрі  оның  жақын  досы, 
шәкірті  болған.  Жетісуда  Кеңес  өкіметін  орнатуға  ат  салысқан,  Масанчи  мен  О. 
Жандосовтарға  көмектесіп,  ақ  бандыларға  қарсы  үгіттейтін,  ерлікке  шақыратын 
жырлар шығарған. 1920-1930 жылдары өзі тұрған ұжымшарға алғашқылардың бірі 
болып кіріп, еңбек еткен. Ұлы Отан соғысы жылдары және одан кейінгі жылдары 
ақын патриоттық жырлар шығарған. 
Ү.  Кәрібаев  айтыскер,  суырып  салма  ақын  ретінде  көзге  түскен.  Ақынның 
Нұриламен,  Арғынбаймен,  Нұрсапамен  айтыстары  сөз  өнеріне  жүйріктігін,  ел 
тарихын жақсы білетіндігін байқатады. 
Ол «Төрт өнерпаз хикаясы», «Патша мен ұрылар», «Қисық батыр мен Кемпірбай» 
атты және т.б. дастандардың авторы.
ҚАЛҚА ЖАПСАРБАЕВ 
Қалқа  Жапсарбаев  (1886–1976)  Талдықорған  облысы,  Киров  ауданы,  Карл 
Маркс атындағы колхозда туған. Қосшылар одағында, аудандық ұжымшар, кеңшар 
театрында, мәдени-үгіт бригадаларында жұмыс істеді (1938–1945). «Қалқаның әні», 
«Қалқаның желдірмесі», «Жайқоңыр» әндерін шығарды. Ертеректе Әжек, Құрама, 
Омарбек, Қайрақбай тәрізді ақындармен танысқан.
Ұлы Отан соғысының тұсы және одан кейінгі жылдарда Кенен, Үмбетәлі, Қуат, 
Есдәулет, Иманжан секілді замандастарымен өнер жарыстырды. Өлең-жырларымен 
қатар, «Орақ батыр», «Дана қыз», «Қарлығаш пен Дәуіт», «Тұрымбет туралы аңыз», 
Ұлы Отан соғысының батырлары «Партизан Шаймерден», «Мұсабек Сеңгірбаев» 
дастандары бар. «Жайқоңыр», «Таңдамалылар», «Жетісу жырлары» жинақтарында 
топтастырылды. «Мұсабек батыр» дастаны 1951 жылы жеке кітап болып басылды.
1945 жылы «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. 1961 жылы «Қазақ КСР-
інің халық ақыны» құрметті атағы берілген.
ҚУАТ ТЕРІБАЕВ
Қуат  Терібаев  (1891—1952)  Алматы  облысы,  Ақсу  ауданы,  Чапаев  атындағы 
ұжымшарда туған. 
1916  жылы  патшаның  июнь  жарлығымен  майданның  қара  жұмысына 
алынды. Қазан төңкерісінен кейін ауылдық кеңестің төрағасы болды. 1936 жылы 
республикалық  айтысқа  қатысып  жүлде  алды.  Сол  жылы  «Қазақ  КСР-нің  халық 
ақыны» деген құрметті атаққа ие болды.
Ақсу  ұжымшар-кеңшар  театрында,  қызыл  отауда  ұзақ  жылдар  еңбек  етті. 
Көптеген  жыр-терме,  толғау-дастандар  жазды,  айтыстарға  қатысты.  Пушкиннің 
«Евгений Онегин» романын дастанға айналдырып, өзінше жырлады. «Күнсағила», 
«Айжан–Жанша» дастандарын жазған. 
Ұлы Отан соғысы жылдарында үгіт бригадасын ұйымдастырды. Т. Көбдіковпен, 
Ж. Жантөбетовпен, Қ. Жапсарбаевпен айтысты («Айтыс», 3-т., 1966). 1951 жылы 
«Өмір жыры» деген атпен таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді.
1939  жылы  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  Құрмет  Грамотасымен,  1946  жылы 
«1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  қажырлы  еңбегі  үшін» 
медалімен марапатталды.

1945-2015
327
ӘБДІҒАЛИ САРИЕВ
Әбдіғали  Сариев  (1900-1964)  Алматы  облысы,  Жамбыл  ауданы, 
Амангелді  атындағы  кеңшарда  туған.  Сүйінбай,    Жамбыл  дәстүрінде 
тәлім  алған.  Ауыл  мектебінде  оқып  сауатын  ашқан.  Ұзынқарғалы 
болысында  комсомол  ұйымының,  Қарақастекте  ауылдық  кеңестің  хатшысы 
болды, коллективтендіру, сауатсыздықты жою науқанына қатысты. Ауылдық жер 
бөлімінде, қамсыздандыру мекемесінде, есеп-қисап жұмыстарында істеді.
Өлеңдері алғаш 1924 жылы Жетісу облыстық «Тілші» газетінде жариялайды. 
Содан бастап қырық жыл бойы аудандық, облыстық газеттерден қол үзген жоқ. 
Халық  ақындарының  республикалық  айтыстарына  (1930,1943)  қатысты.  Өлең-
жыр, толғау, дастандарын ауызекі шығарып, өзі қағазға түсіріп отырған («Қарасай», 
«Саурық», «Асу», «Алатау майданы », «Қойшы», Ұлы Отан соғысы тақырыбында 
«Капитан  Гастелло»  дастандары).  «Капитан  Гастелло»  дастаны  орыс  тіліне 
аударылып, үнтаспаға жазылды. Өлеңдер жинағы 1951, 1976 жылдары жеке кітап 
болып шықты.
«Қызыл Жұлдыз» орденімен, «1941- 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі 
қажырлы  еңбегі  үшін»  медалімен,  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  Грамотасымен 
марапатталды. 
ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ
Әбілхан Қастеев (1904-1973) Алматы облысы Панфилов ауданы Шежін ауылында 
дүниеге  келген.  1912-1926  жылдары  ауылда  мал  бағады.  1926-1928  жылдары 
Жаркентке  келіп  татар  байына  жалданады,  фотограф  С.  Саламатовпен  танысады. 
Ол Ә. Қастеевтің суреттерін Қызылордаға жібереді. 
1928 жылы Түрксіб темір жолына жұмысшы болып кіреді.
1929-1931  жылдары  суретші  Н.Г.  Хлудовтың  студиясында  бейнелеу  өнерінің 
негізгі мәнерлерін үйренеді.
1934-1936 жылдары Мәскеуде тұрып шеберлігін шыңдайды.
1937 жылы КСРО Суретшілер одағының мүшелігіне қабылданады.
1942 жылы шығармашылығының 15 жылдығына арналып Алматыда алғаш рет 
дербес көрмесі өтеді.
1944 жылы Қазақ КСР-нің Халық суретшісі атағы 
беріледі.
Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  елімізді  қорғаушы 
қаһармандарды  және  тылдағы  еңбек  ерлерін 
бейнелеген  «Торғай  жорығы»,  «Жас  Абай»  т.б. 
туындылар жасады.
1954-1956  жылдары  Қазақстан  Суретшілер 
одағының басқармасын басқарды.
1958  жылы  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің 
депутаты  болып,  1960  жылы  елімізде  бейнелеу 
өнерін дамытудағы қосқан елеулі үлесі үшін Еңбек 
Қызыл Ту орденімен наградталады.
1966 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ КСР 
Мемлекеттік сыйлығын алады.
1969 жылы Мәскеу қаласында көрмесі өтеді.
1973 жылдың 3 қарашасында қайтыс болды.

1945-2015
328
НҰРМОЛДА АЛДАБЕРГЕНОВ
Нұрмолда Алдабергенов ( 1906-1967) 1906 жылы Алматы облысы Кербұлақ 
ауданы Қарағаш ауылы Желдіқора қыстауында дүниеге келген.
1941 жылдың сәуірінде Кеңес әскері қатарына шақырылды. 
1942  жылы  Ұлы  Отан  соғыс  майданына  шақырылып,  56-шы  дивизияның 
62-ші артиллерия полкінде әскери міндетін атқарды. 
Ол Әскерге шақырылысымен әскери міндетін 1942 жылдың 7 шілдесіне дейін 
Аягөз қаласында өтеп жүріп, кейін майданға аттандырылды. Н. Алдабергеновтың 
соғыс кезіндегі оқиғасынан үзік әңгімесі: 
«1942  жылдың  9  шілдесінде  біздің  бөлім  бір  күнге  Алматы  қаласына 
тоқтады,  онда  бізді  жылы  қарсы  алып,  артынан  жақсы  тамақтандырды, 
ал  екінші  күні  майданға  аттандық.  Жолда  Жамбыл  қаласынан  жүрдік. 
Куйбышевтан Калининград қаласына дейін жаяу бардық. Біз 1800 адам едік. 
Артиллерист-оқтаушы болдық. Соғыста Холом мен Великие Луки қалаларын 
фашистерден азат еттік. 1943 жылдың 20 тамызында біздің бөлім Смоленск 
облысының  Беларус  майданына  бет  алды.  1943  жылдың  1  қыркүйегінде 
Смоленск  облысы  толығымен  фашистерден  азат  етілді,  біздің  артиллерия 
полкі осыннан Витебск қаласына жіберілді, бұл қаланы біз 24 сағаттың ішінде 
азат еттік. 1944 жылдың қарашасында Эстония, Латвия, Литва қалалары 
босатылды. 
1945  жылдың  басында  біздің  бөлім  Балтық  майданындағы  Кенигсберг 
қаласында 40 неміс полкін тұтқындады». 
Жауынгерлік тапсырманы үлгілі орындағаны үшін Н. Алдабергенов «Қызыл 
Жұлдыз»  орденімен,  «Жауынгерлік  ерлігі  үшін»,  «1941-1945  жж.  Ұлы  Отан 
соғысындағы ерлігі» медальдарымен марапатталды. 1945 жылдың қарашасында 
Ұлы Жеңіспен Кеңес әскері қатарынан оралды.
1948  жылы  және  1958  жылы  Н.  Алдабергеновке  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі 
Президиумының Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы 2 мәрте берілді.
Солдан оңға қарай: 
Ғабиден Мұстафин, 
Ғабит Мүсірепов, 
Сәбит Мұқанов, 
Нұрмолда 
Алдабергенов.

1945-2015
329
Колхоз  құрылысының  көрнекті  қайраткері  екі  Ленин,  Еңбек  Қызыл  Ту 
ордендерімен, КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің үлкен және 
кіші Алтын медалімен наградталды.
Ол КСРО Жоғарғы Кеңесінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 
Қазақстан КП ОК мүшесі, КПСС ХХ съезіне делегат болып қатысты.
Н. Алдабергеновтың өмірі мен еңбек жолы талай шығармаларға арқау болды. 
Жерлесі  М.  Мырзақұлов  «Өмір  дастаны»  повесін,  С.  Ильясов  «Алдабергенов 
Нұрмолда  туралы  ақиқат»  естелігін,  Ұ.  Доспанбетов  «Шың  мен  шыңырау» 
романын,  С.  Мұқанов  «Алдабергенов  туралы  аңыз»  поэмасын,  журналист-
жазушы Қ. Баяндин «Нар тұлға» романын жазды. 
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері 
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 
1930  жылы  мектеп  бітіргеннен  кейін  Қазақстан  өлкелік  жастар  комитетінің 
жолдамасымен  Мәскеу  қаласындағы  түсті  металл  және  алтын  институтында 
оқиды.  Оны  аяқтап,  1936  жылы  Балқаш  мыс  қорыту  комбинатының  Қоңырат 
кенішіне  жұмысқа  кіріп,  қарапайым  жұмысшыдан  осы  комбинаттың 
директорлығына дейін көтеріледі. 
1942-1952 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, 
1952 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының академигі, кейіннен оның президенті 
болып сайланды. Қазақстан ҒА дамуына зор еңбек сіңірді.
1955-1960,  1962-1964  жылдары  Қазақстан  Министрлер  Кеңесінің  төрағасы, 
1964-1986  жылдары  Қазақстан  КП  ОК  1-ші  хашысы  қызметін  атқарып,  ірі 
ұйымдастырушы және көрнекті мемлекет басшысы ретінде танылды. 
Ұлы  Отан  соғысы  басталған  кезде,  Д.  Қонаев  тылдағы  жұмыстарды 
ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түскен. Риддер кенішінің директоры болған. 
Соғысқа  сұранып  бармақшы  болғанмен,  өтініші  қабылданбайды.  Ол  кезде 
майданға  зауыттың  өнімі  керек  еді.  Сол  кездері  қорғасын  өндіру  алдыңғы 
1940  жылмен  салыстырғанда  21  пайызға,  қоспалы  қалайы  8  пайызға,  кадмий 
9  пайызға,  алтын  26  пайызға,  күміс  12  пайызға  арттырылып  шығарылады. 
Сұрапыл жылдары кеніште 3700 әйел жұмыс істеді, әйел түгілі жігіттің жігіті 
шыдас бермес ең ауыр жұмыс – бұрғылау ісімен – 110 әйел шұғылданады.
Соғыс  жылдары  шығарылған  әрбір  он  оқтың  Қазақстан  қорғасынынан, 
Лениногор  (бұрынғы  Риддер)  қорғасынынан  жасалғанын  мақтанышпен  айтуға 
болар еді. 
1942 жылдан бастап Қазақстан Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары 
қызметінде  жүргенде  Д.  Қонаев  одаққа  бағынышты  өнеркәсіп  орындарының 
жұмысымен  айналысады.  Атап  айтқанда,  Қарағанды  және  Ленгер  көмір 
басқармаларының,  Ақшатау  мен  Шығыс  Қоңыратта  вольфрам  мен  молибден 
концентратын  көбейтуге,  Ащысай  полиметалл  комбинатының,  Шымкент 
қорғасын зауытының, Гурьевтегі, Ақмоладағы, Балқаштағы ірі кәсіпрындардың 
жұмысын тікелей бақылап отырған.
Д. Қонаев 1955-1960 және 1962-1964 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 
төрағасы,  1960-1962  және  1964-1986  жылдары  Қазақстан  коммунистік 
партиясының  Орталық  комитетінің  бірінші  хатшысы  болды.  Ол  Қазақстанның 
экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін 
және ұйымдастырушылық қабылетін аянбай жұмсай білді.

1945-2015
330
Ол  бірнеше  мәрте  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  депутаты  болып  сайланды. 
СОКП-ның XIX съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. 
Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде 
болып  қайтты.  1956  жылдан  бастап  СОКП  Орталық  комитетінің  мүшесі. 
Партияның XXIII съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының 
мүшелігіне кандидат, ал XXIV съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы 
Кеңесі  Президиумының  және  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының 
мүшесі болды.
Д.  Қонаев  өз  заманының  ұлы  саясаткері  бола  білді.  Ол  билік  басында 
болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің 
экономикасын,  әлеуметтік  саласын,  ғылымын,  ұлттық  мәдениетін  дамыту 
ісіне  айтулы  еңбек  сіңірді.  Түрлі  деңгейдегі  партия  және  кеңес  қызметін 
атқара  жүріп,  Орталықтың  өктем  саясатының  ығымен  кете  бермей,  ел 
мүддесін,  болашақ  қамын  да  бір  сәт  естен  шығарған  жоқ.  Алпысыншы 
жылдардың  басында  Н.С.  Хрущевтің  озбырлығымен  Өзбекстанға  беріліп 
кеткен  қазақ  жерінің  біраз  бөлегін  қайта  қайтарып  алуы  соның  айқын  бір 
дәлелі еді.
1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің 
келуіне  байланысты  Д.  Қонаев  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің 
бірінші  хатшылығынан  босатылды.  Орталықтың  жүргізіп  отырған  әділетсіз 
саясатына  қарсы  республика  жастары  өз  қарсылықтарын  білдіріп  алаңға  шықты. 
Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.
Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаев  Республика  партия  ұйымын  басқарған 
ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді 
ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой 
өресі  биік  жан  екенін  көрсетті.  Кейін  мемлекет  ісінен  қол  үзген  кезде  де 
ол  білімдар  білікті  жан  ретінде  елде  жүріп  жатқан  реформа  бағыттарын, 
қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.
Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 
1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс 
болды.
 ГОЛОВАЦКИЙ НИКОЛАЙ НИКИТИЧ
Головацкий Николай Никитич 1912 жылы Житомир қаласында дүниеге келген.
1938-1943  жыылдары  Панфилов  ауданындағы  «Красный  Восток»  колхозының 
пердседателі болған.
1943-1950 жылдары шекара әскерлерінің қосалқы шаруашылығының директоры 
қызметін атқарды. 
Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  барлық  халықпен  бірге  майданға  көмегін  беру 
мақсатында аянбай қызмет еткен.
1950-1992 жылдары «Октябрьдің 40 жылдығы» атындағы қолхоздың председателі 
болды.
Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы ордендерімен наградталған.
1966 және 1985 жылдары Социалистік Еңбек Ері атағын 2 мәрте алды. 
1943 жылы жеке өз қаражатынан майданға көмек ретінде Қызыл Армия қорына 
100 000 сом ақша аударған.

1945-2015
331

1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал