Алматы облысының ӘКІМДІГІ алматы облысының МӘдениет, МҰРАҒаттар жәНЕ



жүктеу 43.01 Kb.

бет2/29
Дата09.01.2017
өлшемі43.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Эвакуацияланған  адамның  40  пайызы  4  оңтүстік  облыстарда  –  Алматы, 
Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қоныстандырылды.
1942  жылдың  1  шілдесіндегі  мәлімет  бойынша  Қазақстанға  сол  кезде  111 
балалар үйі, 12 969 адаммен көшіп келеді.
Келген  балалардың  негізгі  бөлігі  оңтүстік-шығыс  аудандарға  бөлінеді. 
Соның ішінде Алматы облысына 1544 бала орналастырылады. 
Тыл  мен  майданның  арасындағы  байланысты  нығайтуда  әскери  бөлімдер  мен 
құрамаларға қамқорлық жасау жұмысы маңызды роль атқарды.
Мысалы, республика Орел облысын қамқорлыққа алса, Алматы облыстық және 
Алматы қалалық ЛКЖО комитеттері Қазақстан ЛКЖО бюросының 1943 жылғы 
17 мамырдағы қаулысымен Қызыл тулы «Киров» крейсерін өз қамқорлықтарына 
алды (№ 68 құжат). 
Ұлы Отан соғысы жылдары кеңестік патриотизмнің жарқын бейнесі майданға 
жалпы  халықтық  көмек  көрсетуде  көрінді.  Соғыстың  бірінші  жылының  өзінде 
республика бойынша Қорғаныс қорына 110 820 мың сом (ал 1945 жылдың аяғында 
– 3 181 395 сомға жеткен), 108 300 әр түрлі ауылшаруашылық өнімдері түскен. Екі 
жылда әскер үшін 109 мың қысқа тон, 308 жұп пима, 476 мың жұп қолғап, 123 мың 
жылы киім, 220 мың бас киім және басқа жылы заттар жіберілген.
Елде  өз  еріктерінше  танк,  ұшақ  салу  үшін  қаражат  жинау  бастамасы  шыға 
бастайды.  Осы  жерде  әйгілі  күрішші  Шығанақ  Берсиевтің,  Қажымұқан 
Мұңайтпасовтың, Алматы облысының Қаратал ауданы «Қызыл Бұлақ» колхозының 
төрағасы  О.  Бүкенбаевтың,  Алматы  ауданы  “Қарасу”  колхозының  төрағасы 
А.  Абдрамановтың,  Қаратал  ауданы  «Дальный  Восток»  колхозының  төрағасы 
Шин Хен Мунның, Іле ауданындағы “Казахстанская правда” колхозының мүшесі 
М.  Орынбетовтың,  Панфилов  ауданы  “Красный  Восток”  колхозының  төрағасы 
Н.  Головацкийдің  танк  колоннасын,  авиақұрама  салуға  жіберген  қаражаттары, 
Талдықорған  ауданы  «Сарыбұлақ»  колхозының  төрағасы  Е.  Берліқожановтың 
ұшақ  сатып  алып,  Мәскеуге  жібергені,  басқа  да  адамдардан,  жер-жерлерден, 
кәсіпорындардан жиналған ақшаларға да біршама техника салынғаны белгілі (№59, 
61 құжаттар).
Майданға 10 кавалерия дивизиясын жасақтаған 110 мың ат, 2 млн жылы киім-
кешек, 1600 вагон сыйлық жөнелтілді, Қорғаныс қорына жекелей берген көмектің 
өзі 1 млрд сомнан аса болды.
Қазақстанның  еңбеккерлері  бауырлық  көмектерін  құрсауда  қалған 
ленинградтықтарға, гитлерлік оккупанттардан босатылған жерлерге де берген. 
Жаудан тазартылған аудандарға Қазақстаннан 115 агроном, 3879 трактористер, 
593 трактор бригадаларының бригадирлері, 106 механиктер жіберілді; 6111 трактор, 
90 комбайн, 1184 автомашина, 30318 ат жөнелтілді.
Жаудан босатылған аудандарға колхоздар 133 мың бас ірі қара, 173 мың қой мен 
ешкі, 12500 жылқы сатқан. Бұл жерде Ақмола, Шығыс-қазақстан, Қостанай, Семей 
және Талдықорған облыстары алдыңғы қатарда болды. 
Республика халқы жараланған жауынгерлерге, майдангерлердің отбасыларына, 
жетім  қалған  балаларға  көп  көңіл  бөлді.  1945  жылдың  басында  майдангерлердің 

1945-2015
12
отбасылары  мен  Ұлы  Отан  соғысының  мүгедектеріне  көмек  көрсету  айлығы 
өткізілді. 
Қазақ  КСР  Әлеуметтік  қамсыздандыру  министрлігінің  есебі  бойынша,  1946 
жылғы  1  қаңтардағы  жағдаймен  есептегенде  республикада  146508  зейнеткерлер, 
оның  99581  Ұлы  Отан  соғысының  мүгедектері  мен  әскери  зейнеткерлер  болған. 
Олардың  жұмыс  істеуі  мен  жаңа  мамандықтарға  оқытылуы,  денсаулықтарын 
қадағалау да үкімет тарапынан бақыланды. 
Ұлы  Жеңіске  жету  үшін  аянбай  еңбек  еткен  халық  Берлиннің  құлағаны  және 
гитлерлік  Германияның  капитуляцияланғаны  туралы,  артынан  империалистік 
Жапонияны да жеңгені туралы хабарды зор қуанышпен қарсы алды.
* * *
Ұсынылып отырған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты құжатты жинақ 
ҚР Президенті мұрағатында (ҚР ПМ), ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатында (ҚР 
ОММ),  Алматы  облысы  бойынша  қорғаныс  істері  жөніндегі  департамент  пен 
оның  аудандық  бөлімдерінің  ведомстволық  мұрағаттарында,  Алматы  облысының 
мемлекеттік  мұрағатында  (АОММ)  және  Талдықорған  мемлекеттік  мұрағатында 
(ТММ)  сақтауда  жатқан  1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысына  қатысты 
фотоқұжаттар, құжаттар, құжаттар жинақтары негізінде құрастырылды. Оған қоса 
жинаққа  сол  кездегі  мерзімді  басылымдарда  жарияланған  мақалалар,  естеліктер 
енгізілді.
Құжаттар тақырыптық бөлімдермен, ал бөлімнің ішінде хронологиялық тәртіппен 
орналастырылды. Жинақ 6 бөлімнен тұрады.
  1-ші  бөлім  –  «КЕҢЕС  ОДАҒЫНЫҢ  БАТЫРЛАРЫ  ЖӘНЕ  «ДАҢҚ» 
ОРДЕНІНІҢ ТОЛЫҚ ИЕГЕРЛЕРІ – ЖЕТІСУЛЫҚТАР» деп аталады. Бұл бөлім 
Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО Үкіметінің Жоғарғы наградалары – «Кеңес 
Одағының батыры» атағы және «Даңқ» орденіне ие болған батыр аталарымыз 
(14 адам) туралы мәліметтерден тұрады.
Бөлімге  Ұлы  Отан  соғысына  облыс  аумағында  тұрып  аттанған  және 
соғыстан кейінгі жылдары көшіп келіп тұрған Кеңес Одағының Батырлары – 
барлығы 58 батыр туралы деректер енгізілді.
  2-ші  бөлімнің  атауы  –  «ҰЛЫ  ЖЕҢІСТІҢ  70  ЖЫЛДЫҒЫ 
МЕРЕКЕСІ  ҚАРСАҢЫНДА  ОБЛЫС  АУМАҒЫНДА  ТҰРАТЫН  СОҒЫС 
АРДАГЕРЛЕРІ». 
Бұл бөлімде қазіргі таңда облыс көлемінде тұратын 367 ардагерлеріміздің тізімі* 
мен суреттері аудандар бойынша берілді.
  3-ші  бөлімге  құжаттар  «ҰЛЫ  ОТАН  СОҒЫСЫНЫҢ  БАСЫНДАҒЫ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ» деген тақырыппен жинақталды.
Бұл бөлімде Қазақстан КП (б) мен облыстық КП (б) сол кездегі әскери жағдайға 
байланысты ұйымдастырған іс-шаралары туралы құжаттар берілді.
Сонымен  қатар,  бөлімде  гитлерлік  Германияның  елімізге  соғыс  ашуы  облыс 
халқының ашу-ызасын келтіргені, жиналыстарда, митингілерде олар өз отандарын 
қорғауға дайын екендіктерін, өз күштерін фашистерді жеңуге аямай салатындықтары 
*Тiзiм 01.01.2015 ж. жағдай бойынша берілді.

1945-2015
13
туралы жариялаған құжаттары және облысқа эвакуациямен, қоныс аударумен келген 
халық, жетім балалар пен мекемелер туралы да құжаттар топтастырылды. 
  «ЖЕТІСУЛЫҚ  МАЙДАНГЕРЛЕРДІҢ  ҰЛЫ  ОТАН  СОҒЫСЫН-
ДАҒЫ ЕРЛІКТЕРІ» атты 4-ші бөлімде майдан жағдайы, ауыр шайқастардағы 
жерлестеріміздің  көрсеткен  ерліктері,  майдандангерлердің  суреттерімен 
танысасыздар.
  Жинақтың  тағы  бір  бөлімі  «ТЫЛДАҒЫ  ЖЕТІСУЛЫҚТАРДЫҢ 
ЖЕҢІСКЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСТЕРІ» деп аталады.
Соғыс  жылдары  тылдағы,  өнеркәсіп,  мекемелер  мен  ауылшаруашылық 
еңбеккерлеріне  үлкен  жауапкершілік  жүктелді.  Елдегі  ер-азаматтардың 
соғысқа  кетіп  азаюына  қарамастан,  майданды  азық-түлікпен,  киіммен 
қамтамасыз  ету  керек  болды.  Осы  арада  бастарына  күн  туғанда,  осындай 
ауыр жүкті мойындарына әйелдер мен жастар алды. 
Осы бөлімдегі құжаттар, сол кездегі облыс аумағында болған қызу еңбектен, 
қиын өмірден сыр шертеді. 
  6-шы  бөлім  –  «ҰЛЫ  ОТАН  СОҒЫСЫ  ЖӘНЕ  ЖЕТІСУЛЫҚ 
ДАҢҚТЫ  ТҰЛҒАЛАР»  деп  аталып,  оған  қиын-қыстау  кезеңді  халықпен 
бірге бастан кешірген жыр алыбы атанған Ж. Жабаев, К. Әзірбаев, Ү. Кәрібаев, Қ. 
Жапсарбаев, Қ. Терібаев, Ә. Сариев, Ә. Қастеев, Д. Қонаев, Н. Алдабергенов, 
Н.  Головацкий,  М.  Төлебаев,  Ә.  Қосбасаров,  Н.  Тілендиев  сынды  ұлы 
тұлғалардың жеңіске қосқан үлестері туралы мәліметтер енгізілді. 
Жинақтағы  құжаттардың  күні,  орындалған  жері,  аты,  қол  қойғандардың 
аты  жөні  мен  лауазымдары,  негіздемесі  көрсетілген.  Құжаттың  жазылған 
уақыты белгісіз болған жағдайда, күні мазмұнына қарап жобаланып қойылды 
және мәтінде қалып қалған сөздер, не дұрыс оқылмаған сөздер де мағынасы 
жобаланып  тік  жақшаларға  алынды.  Құжат  мәтіні  түпнұсқадағыдан 
өзгертілмеді. Қысқартулар да солай қалдырылды. 
Ғылыми-анықтамалық аппарат қысқартулар тізімінен, жинақта жарияланған 
құжаттардың тізбесінен, есімдер көрсеткішінен тұрады. 
Осы  жинақты  дайындауда  көрсеткен  көмектері  үшін  ҚР  Президентінің 
мұрағатына,  ҚР  Орталық  мемлекеттік  мұрағатына,  Алматы  облысының 
ардагерлер  кеңесіне,  Алматы  облысы  бойынша  қорғаныс  істері  жөніндегі 
департамент  пен  оның  аудандық  әскери  бөлімдеріне,  С.  Сейфуллин  атындағы 
Алматы  облыстық  әмбебап  кітапханасына,  М.  Тынышпаев  атындағы  Алматы 
облыстық  тарихи-өлкетану,  Жауынгерлік  Даңқ  мұражайларына  алғысымызды 
білдіреміз. 
 

1945-2015

I  БӨЛІМ
КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ 
ЖӘНЕ «ДАҢҚ» ОРДЕНІНІҢ 
ТОЛЫҚ ИЕГЕРЛЕРІ – 
Ж Е Т І С У Л Ы Қ Т А Р
1945-2015

1945-2015
16
28 ПАНФИЛОВШЫЛАР ҚАТАРЫНДАҒЫ 
КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ – 
ЖЕТІСУЛЫҚТАР 
ГЕРОИ СОВЕТСКОГО СОЮЗА – 
СЕМИРЕЧЕНЦЫ, В СОСТАВЕ 
28 ПАНФИЛОВЦЕВ
28  батыр-панфиловшылардың  ерлігі  тарихқа  енген.  КСРО  Жоғарғы 
Кеңесі Президиумының 1941 жылғы 21 шілдедегі Жарлығымен оларға Кеңес 
Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және «Алтын жұлдыз» медалі берілді. 
Олардың  құрметіне  Мәскеу  қаласының  Северное  Тушино  ауданындағы  бір 
көше  Батыр-панфиловшылар  көшесі  аталып,  онда  мемориал,  Нелидово 
деревнясында (Дубосеково темір жол айрығынан 1,5 шақырым жерде) батыр-
панфиловшыларға ескерткіш орнатылып, мұражай ашылды. Алматы қаласында 
28  гвардияшылар  атындағы  Саябақ  бар,  онда  оларға  арналып  монумент 
қойылған. Мұндай құрмет ескерткіштері батырлардың туған жерлерінде, облыс 
орталықтары мен қалаларда да орнатылған.
 БЕЗРОДНЫЙ ГРИГОРИЙ МИХЕЕВИЧ
 БОНДАРЕНКО ЯКОВ АЛЕКСАНДРОВИЧ
 ВАСИЛЬЕВ ИЛЛАРИОН РОМАНОВИЧ
 ДУТОВ ПЕТР ДАНИЛОВИЧ
 ЕСЕБОЛАТОВ НАРСҰТБАЙ (НҰРСҰЛТАН)
 КАЛЕЙНИКОВ ДМИТРИЙ МИТРОФАНОВИЧ
 ҚОЖАБЕРГЕНОВ (КӨЖЕБЕРГЕНОВ) ӘЛИАСҚАР
 ҚОСАЕВ ӘЛІКБАЙ (ӘЛМЕМБАЙ)
 МИТЧЕНКО НИКИТА АНДРЕЕВИЧ
 НАТАРОВ ИВАН МОИСЕЕВИЧ
 СЕҢГІРБАЕВ МҰСАБЕК 
 ШАДРИН ИВАН ДЕМИДОВИЧ

1945-2015
17
Кеңес Одағының Батыры генерал-майор 
И.В. Панфилов 1941 жыл. 
Кеңес Одағының Батыры 
генерал-майор 
И.В. Панфилов 8-ші дивизия 
командирлерімен. 
1941 жыл. 

1945-2015
18
КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 
1942 жылғы 21 шілдедегі Жарлығы

1945-2015
19
Генерал Панфилов атындағы 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы. 
Суретте гвардия майоры Б. Момышұлы, гвардия капитаны 
Дмитрий Снегин. 1942 жыл. 
28-панфиловшылардың 
қабірінде салют атылуда

1945-2015
20
Генерал Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 
жауынгерлері жерлестерінен сыйлық алуда. 1942 жыл.
Генерал Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы – 
гвардия майоры Логвиненко (сол жақта), 
гвардия майоры Бауыржан Момышұлы (отырған). 1942 жыл.

1945-2015
21
Генерал Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 
гвардия майоры Бауыржан Момышұлы офицерлер арасында. 
Калинин майданы. 1942 жыл.
Генерал Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 
гвардия подполковнигі Бауыржан Момышұлы. 
1942 жыл. 

1945-2015
22
Генерал Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 
командалық құрамы. Гвардия подполковнигі Бауыржан Момышұлы 
(ортада). 1943 жыл.

1945-2015
23
Кеңес Одағының Батыры
Герой Советского Союза
БЕЗРОДНЫЙ ГРИГОРИЙ МИХЕЕВИЧ
 Григорий Михеевич Безродный 1909 жылы Алматы облысы Андреев ауданы 
Глиновка селосында дүниеге келген. Ұлты украин, білімі 4 кластық. Қызыл әскер 
қатарына  шақырылғанға  дейін  «Қызыл  Октябрь»  ауылшаруашылық  артелінде 
жұмыс істеген. 
1941  жылдың  20  шілдесінде  әскерге  шақырылып,  316-шы  атқыштар 
дивизиясының 1075-атқыштар полкі 4-ші ротасының құрамына түседі. 
1941  жылғы  16  қарашадағы  Дубосеково  темір  жол  айрығындағы  шешуші 
шайқаста ерлікпен қаза табады. 
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 21 шілдедегі Жарлығымен 
Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 
Батырдың  аты  өшпес.  Үшарал  қаласындағы  көшеге,  Алакөл  ауданындағы 
Көктұма орта мектебіне батырдың есімі беріліп, мектеп қабырғасына мемориалдық 
тақта орнатылды.
  Григорий  Михеевич  Безродный  родился  в  1909  году  в  селе  Глиновка 
Андреевского  района  Алма-Атинской  области.  Украинец,  образование  4  класса 
сельской  школы.  До  призыва  в  Красную  Армию  трудился  рядовым  колхозником 
сельхозартели «Красный Октябрь». 
20 июля 1941 года Г.М. Безродный был призван в армию и в составе 4-й роты 1075-
го стрелкового полка 316-й стрелковой дивизии прибыл на фронт. В решительный 
момент боя 16 ноября 1941 года у разъезда Дубосеково Г. М. Безродный мужественно 
принял смерть. 
Указом Президиума Верховного Совета СССР от 21 июля 1942 года ему присвоено 
звание Героя Советского Союза.
Бессмертно  имя  Героя.  Именем  Героя  названа  Коктуминская  8-летняя 
школа Алакульского района и одна из улиц села Уч-Арал, где жил и трудился 
Г.М. Безродный до войны.

1945-2015
24
Кеңес Одағының Батыры
Герой Советского Союза
БОНДАРЕНКО ЯКОВ АЛЕКСАНДРОВИЧ
    Яков  Александрович  Бондаренко  1905  жылы  Дон  облысы  Позднивка 
селосында дүниеге келген. Ұлты украин. 
1913 жылы оның отбасы Қазақстанға Холмогоровка селосына көшіп келеді. 1927 
жылы Я. Бондаренко Қызыл әскер қатарына шақырылады, полк мектебінде оқиды. 
Әскерден келген соң ол Талдықорған облысы Қоғалы ауданы Холмогоровка селолық 
кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалады. 
1941 жылдың 17 шілдесінде неміс-фашист басқыншылардан отанымызды қорғау 
үшін Қызыл әскер қатарына шақырылады. 
1941  жылғы  16  қарашадағы  Дубосеково  темір  жол  айрығындағы  шешуші 
шайқаста ерлікпен қаза табады. 
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 21 шілдедегі Жарлығымен 
Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 
 
  Яков  Александрович  Бондаренко  родился  в  1905  году  в  селе  Позднивка 
Донской области. Украинец.
В 1913 году отец Якова - Александр Иванович Бондаренко переселился со своей 
семьей в Казахстан в село Холмогоровка. В 1927 году Бондаренко Я. был призван 
на  действительную  службу  в  Красную  Армию,  учился  в  полковой  школе.  После 
демобилизации,  осенью  1929  года,  Бондаренко  Я.А.  был  назначен  председателем 
Холмогоровского сельского Совета Кугалинского района Талды-Курганской области.
17 июля 1941 года Яков Александрович призван на защиту социалистического 
Отечества  от  немецко-фашистских  захватчиков.  16  ноября  1941  года  в  бою  у 
разъезда Дубосеково Я. А. Бондаренко со своими товарищами совершил подвиг и 
пал смертью героя. 
Указом Президиума Верховного Совета СССР от 21 июля 1942 года ему присвоено 
звание Героя Советского Союза.

1945-2015
25
Кеңес Одағының Батыры
Герой Советского Союза
ВАСИЛЬЕВ ИЛЛАРИОН РОМАНОВИЧ
  Илларион Романович Васильев 1910 жылы Кемеров облысы Крапивенский 
ауданы Лунчат селосында дүниеге келген. Партия мүшесі, ұлты украин.
Соғысқа  дейін  Алматы  облысы  Қоғалы  ауданы  №  2  МВД  совхозында  жұмыс 
істеген.
Ол  1941  жылғы  16  қарашадағы  Дубосеково  темір  жол  айрығының  маңындағы 
шешуші  шайқаста  тірі  қалғандардың  бірі.  Осы  қырғында  ол  сол  аяғы  мен  сол 
қолынан жарақаттанады, сол бүйірінен снаряд жарықшағы тиеді. Өліммен арпалыса 
отырып орманға әрең жетіп құлаған жерінен оны біздің жауынгерлер тауып алады. 
Госпитальде ұзақ емделіп, 1943 жылы әскерден демобилизацияланады, Қазақстанға 
қайтып келеді. 
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 21 шілдедегі Жарлығымен 
Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
1963 жылы Алтай өлкесіне қоныс аударады. 
  Илларион Романович Васильев родился в 1910 году в селе Лунчат Крапивенского 
района Кемеровской области. Член КПСС, русский.
До войны жил и трудился разнорабочим в совхозе № 2 МВД Кугалинского района 
Алма-Атинской области.
Он один из оставшихся в живых после боя 16 ноября 1941 года. В этом бою у 
Васильева  И.  были  перебиты  левая  нога  и  левая  рука,  он  получил  осколочное 
ранение в бок. Борясь со смертью, Васильев И. отполз в лес и был подобран нашими 
бойцами. 
Указом Президиума Верховного Совета СССР от 21 июля 1942 года ему присвоено 
звание Героя Советского Союза.
В начале 1943 года Герой Советского Союза Илларион Романович Васильев по 
состоянию здоровья был демобилизован, вернулся в Казахстан.
В 1963 году выехал в Алтайский край.

1945-2015
26
Кеңес Одағының Батыры
Герой Советского Союза
ДУТОВ ПЕТР ДАНИЛОВИЧ
    Петр  Данилович  Дутов  1916  жылы  Алматы  облысы  Қоғалы  ауданы 
Холмогоровка селосында дүниеге келген. Комсомол мүшесі, ұлты орыс. 1937 жылы 
Қызыл әскер қатарына шақырылып, Қиыр Шығыста болады. 
1939 жылы туған ауылына қайтып келеді. 
1941 жылғы соғыс басталған алғашқы күндерде ол өзінің үш бауырымен соғысқа 
аттанады. 316-шы атқыштар дивизиясының 1075-атқыштар полкі 4-ші ротасының 
құрамына түседі.
Осы  дивизияның  құрамында  жауды  Мәскеуге  жібермей,  1941  жылдың 
16  қарашасындағы  шешуші  айқаста  ерлікпен  қаза  табады.  КСРО  Жоғарғы 
Кеңесі  Президиумының  1942  жылғы  21  шілдедегі  Жарлығымен  Кеңес 
Одағының Батыры атағы беріледі. 
  Петр Данилович Дутов родился в 1916 году в селе Холомогоровка Кугалинского 
района Алма-Атинкой области.
Член  ВЛКСМ,  русский.  В  1937  году  Петр  Данилович  был призван  в  Красную 
Армию, служил на Дальнем Востоке.
После демобилизации в 1939 году вернулся в родной колхоз.
В  первые  дни  войны  Петр  Данилович  Дутов  с  тремя  другими  братьями  был 
мобилизован  на  фронт.  Он  был  зачислен  рядовым,  4-й  роты  1075-го  стрелкового 
полка 316-й дивизии. В составе дивизии с октября 1941 года П.Д. Дутов сражался 
на подступах к Москве. 16 ноября 1941 года в бою у разъезда Дубосеково совершил 
бессмертный подвиг. Погиб смертью героя.
Указом Президиума Верховного Совета СССР от 21 июля 1942 года ему присвоено 
звание Героя Советского Союза.
 

1945-2015
27
Кеңес Одағының Батыры
Герой Советского Союза
ЕСЕБОЛАТОВ НАРСҰТБАЙ (НҰРСҰЛТАН)
    Нарсұтбай  Есеболатов  1913  жылы  Алматы  облысы  Ақсу  ауданында  №  23 
ауылда дүниеге келеді. Қазақ. 1938 жылдан 1941 жылдың шілдесіне дейін Алматы 
қалалық трамвай тресінде жұмыс істейді.
1941  жылы  соғыс  басталғанда  Н.  Есеболатов  та  майданға  аттанады.  Жаумен 
соғысқан күннен бастап бірнеше мәрте ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсете 
жүріп, осы жылғы 16 қарашада Мәскеу облысы Волоколам ауданы Дубосеково темір 
жол айрығында жаудың бірнеше шабуылына тойтарыс беруде ерлікпен қаза табады. 
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 21 шілдедегі Жарлығымен 
Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 
  Нарсутбай Есебулатов родился в 1913 году в ауле № 23 Аксуского района 
Алма-Атинской  области.  Казах.  С  1938  года  до  июля  1941  года  работал  в  Алма-
Атинском городском трамвайтресте.
Грянула  Великая  Отечественная  война.  В  июле  1941  года  в  числе  первых 
мобилизованных в армию был Нарсутбай Есебулатов.
В  составе  своей  части  Есебулатов  Н.  прибыл  на  фронт  и  с  первых  же  дней 
сражений с врагом не раз показывал образцы мужества. Глубокое сознание своего 
долга перед Родиной привело его к совершению беспримерного подвига 16 ноября 
1941 года у разъезда Дубосеково. В неравной схватке во имя победы Есебулатов Н. 
бесстрашно принял смерть.
Указом Президиума Верховного Совета СССР от 21 июля 1942 года ему присвоено 
звание Героя Советского Союза.

1945-2015
28
Кеңес Одағының Батыры
Герой Советского Союза
КАЛЕЙНИКОВ ДМИТРИЙ МИТРОФАНОВИЧ
  Дмитрий Митрофанович Калейников 1910 жылы Воронеж облысы Россошь 
ауданы Стаценково селосында дүниеге келген. Ұлты орыс. 
Азамат  соғысы  жылдары  Д.  Калейниковтың  отбасы  Алматы  облысы  Қоғалы 
ауданы  Буденновское  селосындағы  туыстарына  көшіп  келеді.  4  кластық  ауыл 
мектебін бітіргеннен кейін ол жұмыс істейді. 1932 жылдан 1935 жылға дейін Қызыл 
әскер қатарында болады. 
Ауылына  қайтып  келген  соң  Қоғалы  ауданының  Буденновское  селосында 
ауылшаруашылық өнімдерін тұтынушылар одағының төрағасы қызметін атқарады.
1941  жылдың  шілдесінде  майданға  аттанып,  осы  жылдың  16  қарашасындағы 
Дубосеково маңындағы шешуші шайқаста, 28-панфиловшылар қатарында Мәскеуге 
жауды өткізбей, ерлікпен қаза тапты. 
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 21 шілдедегі Жарлығымен 
Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 
  Дмитрий Митрофанович Калейников родился в 1910 году в селе Стаценково 
Воронежской области. Русский.
В  годы  Гражданской  войны  семья  Дмитрия  Калейникова  переехала  к  своим 
родственникам в село Буденновское Кугалинского района Алма-Атинской области. 
Дмитрий  после  окончания  четвертого  класса  сельской  школы  пошел  работать. 
В 1932 году он был призван в Красную Армию, где прослужил до 1935 года. По 
возвращении  из  армии  Дмитрий  Митрофанович  работал  председателем  сельпо  в 
колхозе им. Буденного Кугалинского района.
В июле 1941 года Калейников был призван в армию. 16 ноября 1941 года в числе 
28 панфиловцев грудью преградил путь к Москве 50 вражеским танкам, совершив 
бессмертный героизм. 
Указом Президиума Верховного Совета СССР от 21 июля 1942 года ему присвоено 
звание Героя Советского Союза.

1945-2015
29
Кеңес Одағының Батыры

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал