Алматы облысының ӘКІМДІГІ алматы облысының МӘдениет, МҰРАҒаттар жәНЕ



жүктеу 43.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/29
Дата09.01.2017
өлшемі43.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, МҰРАҒАТТАР ЖӘНЕ 
ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ
ТАЛДЫҚОРҒАН МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫ
Алматы, 2015
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай
Ұлы Отан соғысының отқа оранған майданында өшпес ерлік өнегесін, 
жанқиярлық пен табандылыққа толы тылда қажырлы еңбек үлгісін көрсетіп, 
Ұлы Жеңіске жеткен аға ұрпаққа мың тағзым!

Кешегі  қан  майданда  ерен  ерліктің  үлгісін  көрсетіп,  болашақ  ұрпаққа 
азаттық пен бақыт сыйлап кеткен ардагер аталарымыз бен аналарымыз 
қандай да болсын құрметке лайық. 
Ендігі  біздің  міндетіміз  осы  игілігімізді  еселей  түсіп,  тәуелсіз  елдің 
жалынды ұл-қыздарын тәрбиелеу болмақ!
Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ
,
Қазақстан Республикасының Президенті
Пока  мы  будем  чтить  наших  ветеранов,  пока  память  об  их  подвиге 
будет жива, мы будем способны отражать любые вызовы и угрозы. Пусть 
они будут примером во всем – в скромности, в стойкости, в патриотизме.
Нурсултан Абишевич НАЗАРБАЕВ
,
Президент Республики Казахстан

1945-2015
4
Құрметті Ұлы Отан соғысының  ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Т
арихта уақытқа бағынбайтын, халық жадынан өшпейтін кезеңдер болады. Майдан алаңында 
қаншама  жауынгерлердің  жанын  қиған,  тылда  тынымсыз  еңбек  етуге  мәжбүрлеген  Ұлы 
Отан соғысы осылардың қатарына жатады.
Сол кездегі қайғылы түндер мен күңіренген күндерден бері 70 жыл өтіпті. Сондықтан бүгінгі 
ұрпақ  тыныш  та  еркін,  әрі  қауіпсіз  өмір  үшін,  қол  жеткен  тәуелсіздік  пен  бейбіт  заман  үшін 
ардагер аталарымызға өздерінің шексіз алғыстарын білдіреді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаев  ардагерлерді  қоғамның  басты  құндылығы  деп  атап,  ол  туралы:  «Біздің  әкелеріміз, 
аталарымыз кейінгі ұрпақтың бейбіт күнде өмір сүруі үшін осындай жағдай жасады, қазір біз 
жаңа Қазақстанды құрып, болашаққа сеніммен қараймыз», – деді.
Сол  сұрапыл  кезеңде  Отанды  қорғау  үшін  Алматы  облысы  аумағынан  120  мыңнан  астам 
адам аттанған болатын. Олардың екіден бірі сол ұрыс далаларында қаза тауып, бірқатары хабар-
ошарсыз кетті.
Соғыста  көрсеткен  ерліктері  мен  қайсарлығы  үшін  біздің  54  жерлесіміз  Кеңес  Одағының 
Батыры атанып, 14-і «Даңқ» орденінің иегері атанды.
Бүгінгі күні олардың кез келгені барлық мадақтаулар мен шынайы құрметке сөзсіз лайық. Осы 
үшін де бүгінгі жастар соғыста жеңген ата-әкелеріне бастарын иіп, тағзым етеді.
Уақыт  өте  келе,  ұлы  Жеңіс  күні  тарих  қойнауына  ене  бермек.  Бірақ  ол  туралы  естеліктер 
ешкімнің санасынан өшпейтіні анық.
Біз  әрқашанда  соғыста  қаза  тапқан  отандастарымыздың  есімдерін,  олардың  ерліктерін 
ойымыздан бір сәтке де шығармаймыз. Отан үшін от кешкен, елдің бейбіт болашағы жолында 
жанын қиған батырлардың үлгісі мен өнегесін ұрпаққа паш ету, жастарды отансүйгіштікке баулуда 
темірқазық ету – біздің парызымыз.
Гүлденген  Қазақстанның  келешегін  бірге  қалыптастырамыз,  ал  кейінгі  ұрпақ  аталарының 
жеңісті жолын лайықты жалғастырады деп сенемін.
Мың алғыс Сіздерге, құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!
Алматы облысының әкімі        А. БАТАЛОВ
ҰЛЫ ЕРЛІККЕ – 
МӘҢГІЛІК ТАҒЗЫМ
Ежелден ер тілегі – ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
Қол жайып шын ниетпен берген бата,
Шаршаған жауынгерге бел тірегі.
                                       Б. Момышұлы

1945-2015
5
Дорогие ветераны, участники Великой Отечественной войны и труженики тыла!
Е
сть события, над которыми время не имеет власти, которые навсегда остаются в  народной 
памяти. Именно таким событием стала Великая Отечественная война, небывалая по своим 
масштабам, лишениям, нечеловеческому героизму на полях сражений, самоотверженному 
труду в тылу. 
Прошло уже 70 лет со дня окончания тех трагических дней и ночей, но в сердцах каждого из нас 
живет огромная благодарность за спокойную, свободную и безопасную жизнь. Глава государства 
Нурсултан Абишевич Назарбаев назвал ветеранов достоянием общества, говоря о них: «Наши 
отцы и деды сделали так, что мы живем сегодня под мирным небом, строим Казахстан и радуемся, 
с уверенностью смотрим в будущее».
В те суровые военные годы на защиту Родины из Алматинской области ушло на фронт более 
120 тысяч человек. Из них почти каждый второй погиб или пропал без вести. 
За мужество и смелость, проявленных в боях за Родину, 54 наших земляков стали Героями 
Советского Союза, 14 – кавалерами ордена «Славы».
Все они достойны всяческих благ и глубочайшего уважения. Мы – дети победивших отцов и 
дедов, преклоняем перед ними колени, ведь благодаря их бессмертному подвигу существует наше 
настоящее.
Проходит время, все дальше и дальше, вглубь времен уходит великая Победа. Но память о ней 
навсегда остается ярким примером беззаветного служения народа своему Отечеству.  
Мы всегда будем помнить имена и подвиги наших соотечественников. Тёплое чувство сыновней 
благодарности – это наш светлый дар и почётный долг потомков героям, сражавшимся за мирное 
и счастливое будущее Отечества.
Вместе  мы  продолжим  строить  процветающее  будущее  Казахстана,    а  наши  дела  будут 
достойны подвига поколения победителей!
Низкий поклон Вам, дорогие ветераны и труженики тыла! 
Аким Алматинской области      А. БАТАЛОВ
ВЕЧНАЯ ПАМЯТЬ 
ВЕЛИКИМ ПОДВИГАМ
Задохнулись канонады,
В мире тишина, 
На большой земле однажды
Кончилась война.
Будем жить, встречать рассветы, 
Верить и любить. 
Только не забыть бы это,
Не забыть бы это,
Лишь бы не забыть!
                                                    Р. Рождественский

1945-2015
6
АЛҒЫ СӨЗ
О
сыдан 70 жыл бұрын адамзат тарихындағы сұрапыл және қанды соғыс 
аяқталды. Ел басына қатер төнген қиын-қыстау жылдары Кеңес Одағының 
халқы тілі мен дініне қарамай «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», 
өз  Отанын  фашистік  езгіден  қорғап  қалды.  Сөйтіп  миллиондаған 
боздақтардың қаны мен шексіз ерліктерінің арқасында Ұлы Жеңіске қол жеткізілді. 
Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлердің ерлігі тарих беттерінде өшпестей алтын 
әріптермен жазылды.
Алматы  облысынан  майданға  120  мыңнан  астам  адам  аттанып,  олардың 
57  мыңнан  астамы  ұрыс  далаларында  ерлікпен  мәңгілікке  көз  жұмды.  Хабар-
ошарсыз кеткендері де мыңдап саналады. Біз бүгінде хабарсыз кеткендерді де, 
Отан үшін ерлікпен қаза тапқандар қатарына қосып, белгісіз сарбаздың қабіріне 
гүл қоямыз, қадірлеп, мақтан тұтамыз.
Кеңес  халқы  мен  оның  атақты  Қарулы  Күштері  бүкіл  Батыс  Европаның 
материалдық ресурстарына ие гитлерлік Германияның басқыншылық әрекеті мен сол 
кездегі биліктің әскери-стратегиялық жағдайды дұрыс бағаламауы себепті, жаудың 
бетін  бірден  қайтаруға  қажетті  шаралардың  уақытында  жасалмауы  салдарынан 
болған соғыстың алдыңғы кезеңіндегі ауыр сәтсіздіктерден өтті.
Халық өзінің Отаны үшін көтерілді, бүкіл елдің өмірі соғыс жағдайына көшірілді, 
қоғамның моральды-саяси бірлігі арта түсті. 
Әскери комиссариаттарға соғысқа жіберуді сұрап бірнеше мыңдаған өтініштер 
түсіп жатты. 
Олардың  арасында  революция  ардагерлері  де  болды.  Мысалы,  солардың  бірі 
партия  және  мемлекет  қайраткері  Әліби  Жангельдин  сол  кездегі  КСРО-ның 
Қорғаныс халық комиссары С.К. Тимошенкоға өзін майданға алу туралы хат жазған 
(№9 құжат). 
Көп  ұлтты  Отанымыздың  халқы  да  бауырлас  елдердің  халықтары  сияқты  осы 
Жеңіске өз үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер майданда ерлікпен соғысса, 
Қазақ елі сол кездегі үлкен Кеңес елі үшін маңызды тылдағы база болды.
Қазақстан  коммунистік  партиясының  басшылығымен  республиканың  барлық 
күші мен ресурстарын соғысты жүргізу үшін - әскери бөлімдерді құру, еңбеккерлерді 
жалпыға ортақ әскери іске үйрету, ауылдарда, қалаларда кеңінен саяси жұмыстар 
жүргізу бойынша әрекеттер жасалып жатты. Еліміздің астанасы Алматыда, басқа да 
қалаларда әскери бөлімдер мен бөлімшелер құрылды. Соғыстың бірінші жылының 
өзінде елу мыңға жуық коммунистер әскер қатарына алынды. Республикада жасы 
16-дан 50-ге дейінгі ер-азаматтарға әскери істі үйрету ұйымдастырылды. Майданға 
көмек беру үшін еліміздің өнеркәсібі, көлік, ауылшаруашылығы соғыстан туындаған 
міндеттерді орындауға кірісті. 
Қызыл  әскер  қатарына  ер-азаматтардың  көптеп  алынуына  байланысты, 
Қазақстан  КП  (б)  ОК  мен  республиканың  ХКК  өнеркәсіп,  көлік  және 
ауылшаруашылығы  үшін  білікті  кадрларды  әйелдер  арасынан  дайындау  туралы 
қаулы  шығарды.  Мыңдаған  әйелдер  станоктар  мен  машиналар,  тракторлар  мен 

1945-2015
7
көліктерді  жүргізуге  машықтанды.  Жұмысшылар  қатары  кәмелетке  жастары 
толмағандармен де толықтырылды.
Республика  жұмысшылары  мен  колхозшылары,  интеллигенциясы  халық 
шаруашылығы мен мәдени жұмыс саласында да ерен еңбек үлгілерін паш етті. 
Жалпы Қазақстаннан соғысқа 1 млн 196 мың адам аттанған. «Еңбек армиясында» 
денсаулығына  байланысты  әскерге  алынбаған  ер-азаматтар,  қыз-келіншектер, 
әйелдер, еңбекке жарамды балалар, қарттар, жалпы алғанда, тұтас ел болып еңбек 
етті. 
Майданға және қорғаныс өнеркәсібіне еліміздің әрбір төртінші адамы ат салысты.
Қазақстанда  12  атқыштар,  4  кавалерия  дивизиялары,  7  атқыштар 
бригадасы, 50 аса жеке полктер мен батальондар жасақталды. 42 мыңға жуық 
қазақстандықтар әскери оқу орындарына жіберілді. 
Генерал-майор  И.В.  Панфилов  басшылық  еткен,  Алматыда  жасақталған 
316-шы  атқыштар  дивизиясы  Мәскеу  қаласына  жауды  жібермей  ұстады.  1941 
жылдың 16 қарашасындағы Дубосеково темір жол айрығындағы болған шешуші 
шайқастағы 28-панфиловшылардың ерлігі өшпес ерлік болды.
Полковник  И.В.  Капров  басқарған  1075-ші  атқыштар  полкінің  Бауыржан 
Момышұлы  басқарған  атқыштар  батальоны  қаһармандық  пен  ерліктің  үлгісін 
көрсетті.  Осы  жылдың  17  қарашасында  316-шы  атқыштар  дивизиясы  8-ші 
гвардиялық  дивизия  болып  аты  өзгертіліп,  Қызыл  Ту  орденімен  наградталды. 
Генерал-майор  И.В.  Панфилов  ерлікпен  қаза  болғаннан  кейін  оған  оның  аты 
берілді. Панфиловшылар арасында 12 батыр Алматы облысынан әскер қатарына 
шақырылған  жауынгерлер  Г.М.  Безродный,  Я.А.  Бондаренко,  И.Р.  Васильев, 
П.Д.  Дутов,  Н.  Есеболатов,  Д.М.  Калейников,  Ә.  Қожабергенов  Ә.  Қосаев, 
Е.А. Митченко, И.М. Натаров, М. Сеңгірбаев, И.Д. Шадрин еді.
Тула  маңындағы  күрестерде  де  Қазақстаннан  жасақталған  238-ші  атқыштар 
дивизиясы (басқарған полковник Г. П. Коротков), Малоярославль маңында полковник 
А.Ф. Наумовтың 312-ші, Волхов ауданында 310-шы, Свири өзенінің маңында 314-ші 
атқыштар дивизиялары ерлікпен көзге түсті. 
1941  жылдың  аяғындағы,  1942  жылдың  басындағы  жауды  шегіндіріп  қуу 
қимылдарында  238-,  387-,  391-ші  атқыштар  дивизиялары  қатысты.  1942  жылдың 
16  наурызында  генерал  Панфилов  атындағы  8-ші  гвардиялық  дивизия  Ленин 
орденімен,  1942  жылдың  3  мамырында  238-ші  атқыштар  дивизиясы  Қызыл  Ту 
орденімен наградталды.
Қызыл әскердің қысқы шабуылдары жауды Мәскеуден алшақ алып кетіп, Мәскеу, 
Тула  облыстарын,  Калинин,  Ленинград,  Смоленск,  Орел  облыстарының  біршама 
аудандарын азат етті. 
Ұлы  Отан  соғысында  Волгада  болған  шайқастар  ерекше  маңызды  болып 
саналады. Себебі осы айрықша ұлы шайқас Отан соғысы ғана емес жалпы екінші 
дүниежүзілік соғыстың барысын өзгертті. Кеңес әскері стратегиялық бастаманы 
өз  қолына  алды  және  жалпы  барлық  майдан  бойынша  шабуылдық  әрекеттерді 
бастады. 
Волгада болған ұлы ұрыстарда Қазақстанда жасақталған бөлімшелер қатысты. 
29-шы  және  38-ші  атқыштар  дивизиясының  бөлімдері  Волга  маңындағы 
Котельников  және  Абтанеров  ауданын  қырағылықпен  қорғады.  Волгаға 
өтпекші  болған  фельдмаршал  Манштейннің  тобын  күл-талқан  еткен  генерал 
Р.Я.  Малиновскийдің  2-ші  гвардиялық  армиясының  құрамында  Қазақстанда 
жасақталған 387-ші атқыштар дивизиясы болды.
Волгадағы ұрыстарда ерекше ерлік көрсеткендері үшін жоғарыда аталған 29-шы 

1945-2015
8
және 38-ші атқыштар дивизиялары 1943 жылдың 1 наурызында 72-ші және 73-ші 
гвардиялық дивизиялар болып өзгерді. 
Волгадағы  жеңістен  кейін  Солтүстік  Кавказ  және  Дон,  Воронеж  және  Брянск 
майдандарында,  кеңес-герман  майданының  орталық  бөліктерінде  шабуылды 
әрекеттер басталды. Брянск майданында қазақстандық 8-ші атқыштар дивизиясы, 
Калинин  майданында  100-ші  және  101-ші  жеке  атқыштар  бригадалары 
жанқиярлықпен күресті.
1943  жылдың  қаңтарында  Ленинград  блокадасын  бұзудың  үлкен  әскери  және 
саяси маңызы болды. 16 ай жау блокадасында болған Ленинград халқын құтқаруда 
Ленинград, Волхов майданы мен Қызыл Тулы Балтық флотының ерлігі де тарихта 
қалды. Осы құтқару операцияларына қатысқан кеңес әскери күштерінің құрамында 
қазақстандық 314-ші атқыштар дивизиясының да орыны ерекше аталды. Ленинград 
блокадасын бұзуда көрсеткен ерлігі үшін Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылынан 
майданға кеткен К.К. Шестаков Кеңес Одағының Батыры атанды.
Курск доғасындағы шайқаста та Белгород ауданында қазақстандық 72-ші және 
73-ші гвардия дивизиялары, Малоархангельск – Поныри ауданында 8-ші атқыштар 
дивизиясы жаудың көптеген әуе, жаяу әскерінің шабуылына төтеп берді. 
Осы  жылдың  5  тамызында  Орел  және  Белгород  қалалары  жаудан  азат  етіліп, 
алғаш рет жеңіс салюты атылды. Орелді азат етуде сарқандтық М.М. Чепрасов ерлік 
көрсетіп Кеңес Одағының Батыры болды. Курск доғасында болған шайқастарда 
Гитлердің әскері күл талқан жеңіліске ұшырады, осыдан кейінгі үлкен майдандағы 
жаңа шабуылдар Ұлы Отан соғысының және жалпы екінші дүниежүзілік соғыстың 
тағдырына үлкен өзгеріс әкелді. Стратегиялық бастама кеңес қолбасшылығына өтті. 
Гитлерлік Германияның әскери тұрғыда толығымен жеңілетіні белгілі болды.
Қызыл  Әскердің  жалпы  шабуылдарында  Қазақстанда  жасақталған  72-ші 
және  73-ші  гвардиялық  дивизия  Харьков  пен  Красноградты  азат  етуде,  387-ші 
атқыштар  дивизиясының  бөліктері  Оңтүстік  Украинаны  азат  етуде,  Днепрден 
өткенде,  30-шы  гвардиялық  Қызылтулы  атқыштар  дивизиясы  Батыс  майдан 
әскерлерінің  құрамында  Смоленскіні,  Ельнаны  азат  етуде  ерлікпен  шайқасты. 
Осы  шайқастарда  жерлестеріміз  М.  Бәйісов,  В.Д.  Беленко,  Г.Д.  Будник, 
А.Ф.  Воронин,  Қ.  Кенжебаев,  И.В.  Косенков,  И.Г.  Малин,  А.В.  Матвеев, 
А.Ф. Петров, В.Н. Тощенко, А.С. Тулинцев, Н.А. Турченко, С.М. Шахворостов 
Кеңес Одағының Батырлары атағын алды. 
Гитлерлік  Германиямен  болған  ұрыстарда  кеңес  жауынгерлері  қайтпас 
қайсарлықтың  және  ерліктің  үлгісін  көрсетті.  500-ге  жуық  қазақстандық 
жауынгерлер  Кеңес  Одағының  Батырлары  атанды.  Қазақ  қыздары  Мәншүк 
Мәметова  мен  Әлия  Молдағұлованың  ерліктері,  Екі  мәрте  Кеңес  Одағының 
Батырлары С.Д. Луганский, Т.Я. Бигельдинов, И.Ф. Павлов, Л.И. Беданың, генерал 
И.В. Панфиловтың атақты 28-панфиловшыларының ерліктері, жеке батырлықтары 
мен  әскери  бөлімдерді  біліктілікпен  басқарған  генералдар  Г.Б.  Сафиулин, 
С.А.  Козак,  А.И.  Лосев,  Г.П.  Коротков,  А.Ф.  Наумов,  полковниктер  Бауыржан 
Момышұлы, П.М. Гудзь, И.В. Капров және басқа офицерлер С. Нұрмағанбетов, 
В.М.  Шатилов,  И.И.  Гарварта  (Громов),  Г.  Лукманов,  А.Д.  Тимошенко,  И.К. 
Коваленко,  Б.  Доскенов,  М.К.  Меркуловтың  тәжірибелері  мен  қайсарлықтары, 
ұшқыш қызымыз Х. Доспанова ел есінде мәңгі қалды.
Гастеллоның ерлігін қайталаған Алматы облыстық қаржы бөлімінде инспектор 
болып  қызмет  атқарған  жерлесіміз  С.И.  Морозовтың  да  аты  өшпес  әріптермен 
тарихқа жазылды.
Соғыстың  шешуші  шабуылдау  шайқастарында  ерлік  көрсеткен  жерлестеріміз 

1945-2015
9
Қырым түбегіндегі Сапун тауға Қызыл Ту ілген Д. Бабажанов, осы жерде ерлігі 
еленген Қ. Тышқанбаев, Одер, Висла, Варта өзендерінен өткенде ерлік көрсеткен 
И.Ф.  Беляков,  Г.М.  Вожакин,  Х.Қ.  Көбіков,  И.А.  Кузьмин,  И.М.  Ладушкин, 
С.  Лутфулин,  А.П.  Пащенко,  Украинаны,  Польшаны,  Чехословакияны  азат 
етуде  ерлік  жасаған  Н.С.  Иванов,  В.С.  Иванилов,  Р.  Тоқатаев,  П.В.  Хмелев, 
Калининград түбіндегі шайқаста ерекше ерлік көрсеткен Т. Қабылов, Ленинград 
маңындағы Моторово, Посудово елді мекені үшін болған шайқаста ерлік жасаған 
Ж. Қайыпов, Е. Сыйқымов, Литвада ерлік көрсеткен И.В. Каратаев, Германия 
аумағындағы шайқастарда ерлігімен көзге түскен С.М. Бендиков, С.Е. Новиков, 
Н.И. Терехин Кеңес Одағының Батырлары атанды. 
Соғыс  кезіндегі  партизан  қозғалысына  қатысқан  қазақстандықтардың 
ішінде Халық қаһарманы Қасым Қайсенов, белгілі ақын Жұмағали Саин, Петр 
Шленский,  Дмитрий  Сачава,  Ғалым  Ахмедияров,  Әди  Шәріпов,  Тоқтағали 
Жангельдин, Вали Оразбаев, Нұрым Сыдықов, Михаил Стрельников, Балқыбек 
Ахметов, партизан қыздарымыз Н. Байсейітова, Т. Жұмабаева, танкшы қыздар - 
Ж. Байтасова, К. Тоқбергенова, К. Талқанбаева және т.б. болды. 
Рейхстагқа  Жеңіс  туын  алғаш  ілген  лейтенант  Рақымжан  Қошқарбаев  пен 
Геннадий Булатов болды.
Орал маңындағы әскердің офицерлері Кенжебай Маленов пен Р. Қарамановтың 
Берлин ратушасының төбесіне бірінші болып 1008-ші полктің туын тіккендерін де 
көп адам білмейді.
Соғыс  жылдары  Қазақстанның  халық  шаруашылығы  да  майданның  қажетіне 
қарай қайта құрылды. Өнеркәсіп бірінші кезекте әскерге, флотқа керекті өнімдерді 
шығарды. Жұмыс күндері ұзартылды, жұмыстан тыс міндетті жасалатын жұмыстар 
енгізілді. Жұмысшы класының еңбектегі ерлігі қорғаныс өнімдерін, стратегиялық 
материалдарды, отын мен металды өндіруді үздіксіз өсіруді қамтамасыз етті. Еңбек 
өнімділігі артты. Елдің әскери экономикасында Қазақстанның орны ерекше болды.
Донбасс  пен  оңтүстіктегі  металлургиядан  уақытша  айрылуымызға,  Солтүстік 
Кавказға Гитлер әскерінің енуіне байланысты Қарағанды көмір бассейнінің маңызы 
арта түсті.
Жалпы  соғыс  жылдары  Мәскеудің  40,  Украинаның  70,  Белоруссия,  Ленинград 
және  басқа  жерлерден  барлығы  220  фабрика,  зауыттар  мен  артельдер  көшіріліп 
әкелінді. 
Солардың бірі, Харьков көз институтының экспериментальды оптикалық 
шеберханасы  Алматы  мединститутының  ғимаратына,  Алматы,  Жамбыл 
және  Шығыс  Қазақстан  облыстарына  барлығы  14  қант  өнеркәсібі 
кәсіпорындары көшіп келді. Осы келген жабдықтың негізінде Алматы және 
Қарабұлақ қант зауыттары салынды. Лозинск шеге-шайба жасау зауыты 
Лепсі  стансасына,  Мәскеу  авиация  институтының  оқу  шеберханалары 
Матай  стансасына  көшірілді.  Әлемге  аты  әйгілі  қару  жасағыш  – 
өнертапқыш  М.Т.  Калашников  өзінің  атақты  пистолет-пулеметін  осы 
Матай стансасының депо жұмысшыларымен бірге жасап шығарды.
Соғысты жүргізу үшін қазақстандық түрлі-түсті металлургия саласының маңызы 
да  айрықша  болды.  Шымкент,  Лениногор  қорғасын  зауыттарының,  Өскемен 
қорғасын-мырыш  комбинатының,  Балқаш  және  Қарсақпай  мыс  еріту  зауытының 
ұжымдары ерекше көзге түсті. Солардың қатарында 1942 жылы іске қосылған 
Текелі  қорғасын-мырыш  комбинатының  да  үлесі  зор  болды.  Балқаш  зауыты 
металды  еріту  бойынша  міндеттемелерін  асыра  орындағандары  үшін  1943  жылы 
Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің ауыспалы Қызыл туын жеңіп алды. 
Қазақстан  соғыс  жылдары  майданның  басты  арсеналына  айналды,  себебі  біз 

1945-2015
10
жалпы  кеңес  елі  бойынша  шығарылатын  қорғасынның  85  пайыздан  астамын, 
мыстың 90 пайызынан астамын, көмірдің 1/8, молибденнің 60 пайызынан астамын, 
полиметалдың 70 пайызын шығардық. Жалпы алғанда Қазақстан өнеркәсібі өнім 
шығаруды 1,5 есе арттырды. 
Темір жол және су көлігі саласының қызметкерлері де тынбай еңбек етті. Сол 
жылдары Жамбыл – Шолақтау, Талдықорған – Текелі, Ақмола – Қарталы темір жол 
желілері Түрксиб және Қарағанды темір жолдарының қуатын күшейтті. 
Мұнай өндіру де республикада кеңейтілді. 
Машина жасау өнеркәсібі жаңадан құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты 
т.б. өнеркәсіптер отанға қажетті тауарларды артығымен өндіріп беріп жатты.
Сұрапыл жылдары ауылшаруашылық еңбеккерлеріне де айрықша жауапкершілік 
жүктелді.
Ер-азаматтардың азаюына, техниканың жетіспеушілігіне қарамастан майданды 
нанмен, етпен, басқа да ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету керек еді. 
Осындай қиын жұмысты жасау әйелдер мен кәмелетке жастары жетпеген кіші буын 
жастарға жүктелді. 
Соғыс кезінде қазақ елі Отанға 4 миллион 829 мың тонна егін, 1 миллион 
193 мың тонна қант қызылшасын, 600 мың тонна ет берді.
Еліміздің егістік жері 842 мың гектарға кеңейтілді, яғни ол бүкіл КСРО-дағы егіс 
алаңының 30 пайызын құрады. 
Мал  шаруашылығын  дамытқаны  үшін  Қазақ  КСР-і  1943  жылдың  сәуірінде 
Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің ауыспалы Қызыл туын алды. 
Гитлерлік Германияны жеңуде кеңес интеллигенциясы да өз үлесін қосты. 
1942  жылы  мамырда  ұйымдастырылған  КСРО  Ғылым  академиясының 
комиссиясы  Орал,  Батыс  Сібір  және  Қазақстанның  ресурстарын  зерттеу 
бойынша,  оның  ішінде  академик  Қаныш  Сәтпаев  басқарған  КСРО  Ғылым 
академиясының Қазақ филиалы, сондай-ақ В.И. Ленин атындағы Бүкілодақтық 
ауылшаруашылық  ғылымдары  академиясының  Қазақ  филиалының  табысты 
ғылыми  зерттеулері  Қазақстанның  табиғи  ресурстарын  неғұрлым  тиімді 
игеруде,  өнеркәсіптің,  егін  өнімдерінің,  мал  шаруашылығының  дамуына 
айтарлықтай көмегін тигізді. 
Соғыс  жылдары  Қазақстанда  бірнеше  жаңа  –  химия  ғылымдары,  металлургия 
және тау-кен, энергетика, жер ғылымдары, ботаника, тарих, архелогия, этнография, 
тіл және әдебиет ғылыми институттары ашылды. 
Қазақстанның  жазушылары  мен  композиторлары  да  патриотизмге,  отан 
сүюшілікке, халықтар достығына шақыратын туындылар шығарып жатты. 
Соның ішінде халық ақыны Ж. Жабаевтың, Н. Байғаниннің, К. Әзірбаевтың, 
О. Шипиннің көрнекті шығармаларын айтуға болады. 
Жыр  алыбы  Жамбыл  атаның  майдандағы  жауынгерлерге  арнап  жазған 
өлеңдері  («Ата  жаумен  айқастық»,  «Өлім  мен  өмір  белдесті»,  «Аттан,  батыр 
ұрпағым», «Москва – менің қамалым», «Москваға», «Ленинградтық өренім» т.б.), 
жауынгерлердің Жамбыл бабаға жазған хаттары соғыс жылдары жауынгерлерге рух 
беріп, ерлікке жетелеген, ұран болғандығы да тарихи дерек.
Театр және кино қызметкерлері үлкен идеялық-тәрбие жұмыстарын жүргізді. 
Сол  кезде  Алматыға  қоныс  аударған  Алматы  көркем  фильмдер  студиясымен 
бірлесіп  «Мосфильм»,  «Ленфильм»  киностудиялары  Алматы  көркем  фильмдер 
студиясымен  бірлесіп  қазақтың  кино  саласын  дамытуда  ерекше  роль  атқарды. 
1945 жылы «Абай әні» фильмі (реж. Г. Рошаль, Е. Арон) жарық көрді. 
1941-1942  жылдары  біздің  елімізге  КСРО-ның  батыс  аудандарынан  532  506 

1945-2015
11
адам  және  970  мың  репатриацияланған  поляктар  мен  репрессияланған  немістер 
эвакуацияланды. 
1944 жылы Солтүстік Кавказ бен Қырымнан күштеп көшірілген 507 мыңнан астам 
– қалмақтар, қарашайлар, ингуштар, шешендер, татарлар, гректер, болкарлар, түрік-
месхетиндер,  болгарлар,  армяндар,  әзірбайжандар  және  т.б.  ұлттар  Қазақстаннан 
екінші отандарын тапты.

Каталог: uploads -> files
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
files -> Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі -2014» байқауының ережесі
files -> 11 бет 3 стр. №16 (109) 20 тамыз, 2015 жыл АҢдатпа
files -> Жұмыс бағдарламасы Алматы, 2014 / бет
files -> Жұмыс бағдарламасы Алматы, 2014 / бет
files -> Жұмыс бағдарламасы Алматы, 2014 ф-пр-02 2-05-2014-02 Жұмыс бағдарламасы
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
files -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013
files -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012

жүктеу 43.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет