Алматы «Жібек жолы» 2009



жүктеу 2.58 Kb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата25.01.2017
өлшемі2.58 Kb.
  1   2   3   4   5

Өлеңдер жинағы
É
À    ÍҰÐÛ
Алматы
«Жібек жолы»
2009

УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз 7-5
А 31
Кітап Қазақстан Республикасының 
Тұңғыш Президенті қорының қаржылық 
демеушілік көрсетуімен шығарылды
Жас ақындардың өлеңдер жинағын құрастырған –
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қоры 
жанындағы Шығармашылық жастар кеңесінің мүшелері
        
А 31      Ай нұры: Өлеңдер жинағы. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 
2009. – 200 бет.
ISBN 978-601-7152-62-8
Бұл жинаққа көптеген жыр мүшəйраларының жеңімпазы болған жас 
ақындардың  өлеңдері  топтастырылды.  Өмірдің  барлық  болмыстарын 
ақын жүректерімен кейде нəзік, кейде өткір толғайтын бүгінгі жастардың 
қаламдары жүйрік, ойлары батыл. Соған сай алғы күнге асқақ рухпен, нық 
сенімен,  бостан  санамен  жыр  керуендерін  жолға  салады.  Ал  өлеңсүйер 
көпшілік бұлардың жырларынан өздеріне керекті рухани олжаларын ала-
ры тағы да ақиқат. Олай болса, сыршыл да мұңшыл жырлардың тереңіне 
сүңгіп, қазына іздейік, ағайын!
Кітап қалың көпшілікке, жыр сүйер оқырманға арналады.
 
 
 
 
 
 
         УДК 821.512.122
 
 
 
 
 
 
         ББК 84 Қаз 7-5
 
 
А 
© ҚР Тұңғыш Президентінің қоры, 2009
ISBN 978-601-7152-62-8              © «Жібек жолы» БҮ, 2009
4702250202
430 (05) – 09

3
ЖАНАРБЕК ƏШIМЖАН
1976  жылы  Алматы  облысы  Кеген  ауданы  Жалаңаш  ауылында 
дүниеге  келген. 2002 жылы  Астанада  өткен  Халықаралық  «Шабыт» 
фестивалiнiң «Гран-При» иегерi. Республикалық жыл мүшəйраларының 
жеңiмпазы.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi.
Республикалық «Жас қазақ» газетiнде бас редактордың орынбасары 
болып қызмет атқарған. Қазір «Қаламгер Media» орталығының дирек-
торы.
АУЫЛҒА ХАТ
Қалай, бауыр, ауылда шал аман ба,
Ағашты ат қып мiнген бала аман ба?
Торайғырдың төсiнен қар кеттi ме,
Сал Қапез үнге қосқан дала аман ба?
Сенi ойласам, бөлiнiп санам мыңға,
Отырамын күбiрлеп ар алдында.
Топырағын өзгенiң жерсiнбейтiн,
Қолды болған торыңды таба алдың ба?
Тағы қандай шаруалар еңсерiлдi?
Ала алдың ба даярлап жем-шөбiңдi?
...Сендерде ғой адалдық, бекзадалық,
Жiгiттерi-ай ел жақтың ең сенiмдi!

4
Ауыл жақтан үн жетсе құлағыма,
Байыз таппай кетемiн тұрағымда.
Бақыл болсын... бiраз шал кетiп қапты,
Əлдилеген бiздердi тұмағына.
Жалаң жiбек жамылған қыздарымды,
Қылыш мiнез сағындым ұлдарымды.
Шалдарымды сағындым, бауларымды,
Солар едi киесi түзгi ауылдың.
Ауылда ғой гүл көктем, жайдары күз,
Құрақ ұшар атты да, жайдағыңыз.
Кер бестiнi сағындым, кең даланы,
Кеттiк, достым, ауылға, сайланыңыз!
Нарынқол, Жалаңашым – дала мекен,
Жаралы екен, осы өңiр жаралы екен.
Заманақыр зауалы таяғанда,
Бұл ел де жер түбiнде қала ме екен?..
Аға, сiз айтыңызшы пəтуəнi,
Туған ұл жерсiнбеп пе жат ұяны!
Құлағыңа жете ме бақи əнi?
Бiз топырақ iздеймiз. 
Кiм iздейдi?
Жолбарыс ұл жоғалса қапияда.
Опырылып отырам осыны ойлап,
Қонбады ғой тəңiрi, басыңа-ай бақ.
Тас-талқан қып кетедi аспанымды,
Кенеттен күн құбылып, жасын ойнап.

5
Жалаң жiбек жамылған қыздарымды,
Қылыш мiнез сағындым ұлдарымды.
Шалдарымды сағындым, бауларымды,
Солар едi киесi түзгi ауылдың.
Болмады ғой тiптi де өмiр – бұйым,
Үйiрiп тағы əкеттi жемiр-құйын.
Алматының аспаны ағыл-тегiл –
Тiк тұрып, құлап түстi көңiл-күйiм.

6
ЖҮРЕГIҢ БОЛСА КЕШЕ ЖҮРЕРСIҢ...
Алдыңда сенiң аласармадым, 
Демен өзiңмен жараса алмадым.
Жүйкемдi демде жүн қылып кеттi-ау –
Жүрегiңе сенiң жара салғаным.
Сезгенмiн алғаш табысқанымда,
Сезiмiңде өзге қағыс барына.
Жығылып барып, қайта жүзушi ем,
Қарашығыңның ағыстарында.
Бас бармақ болды бағалауым да,
(Сəлем айта жүр ана қауымға).
Мамырлап ұштым масаң сəт қана,
Əз жүрегiңнiң жағалауында.
Ғұмыр берген соң келтелеу қылып,
Кешiрек жаттым, ертелеу тұрып.
Қапелiмде екен көз жазып қалу –
Жаз жанарыңда еркелеп жүрiп.
Сəуiр де қалар, мамыр да қалар,
Алда əлi талай маусым жаңарар.
Бiреу бағалар, бiреу табалар,
...Күттiм бе, бiрақ осындай сəттi –
Құлақ түбiмнен дауысың жоғалар.

7
Арман да артта əдiрə қалған,
Дақ түсiрмегей арыңа жалған.
Жүрегiң болса кеше жүрерсiң,
Жарақатымды жаныңа салған.
Айтатын сырың қауымға даяр,
Асылым едiң барыңды жаяр.
...Аруана көрсем ботасын ерткен,
Жер таба алам ба жанымды қояр?

8
ЖОЛ
Есей Жеңісұлына
Бақилық пен фəни жалған арасы,
Жанарымнан ағып тұр ма, қарашы?
Жан сырымды саған айтқым келедi,
Көлбастаудың көл тауысар баласы.
Жалаңаштан неге кеттiк екенбiз?
Алматыға неге бiздер бөтенбiз?
Құлындарын шығарып сап тұрғанда ел,
Беттi сипап, жүрiп кеттiк екеумiз.
Əкемiздiң басқан жерi тақ бiлем,
Басымыздан неше айналды бақ күрең.
Екеумiздi жолға салып жiбердi,
Қара шалды орап кеткен ақ кiлем.
Қарайлаймыз өткенге де, кеткенге, 
Не жетедi əке иiсiн өпкенге?
Жетi жаста жiгiт болдық екеумiз,
Əкемiздi беткейге алып кеткенде.
Сапар шектiк бейбағыттау түзге ендi,
Қалдырып сəн, бал-балалық iздердi.
Алматыға лақтырып кеп жiбердi,
Жүргiзушi əкесi жоқ бiздердi.

9
Көктем едi, қапелiмде күз келдi,
Жан анамыз Жалаңаштан жүз келдi.
Тағамызды қағып бердi тал түсте,
«АНА» дейтiн үш-ақ əрiп бiздердiң.
Шалымыз жоқ, жоқ жəне де таяғы,
Бұл сапардың қалай болады аяғы?
Екеумiзге жалғыз ғана медетшi,
Паспорттағы жалғыз сурет баяғы.
Туған өлке қалды сонау қыратта.
Сүрiндiк те, алдық неше құлап та.
«Əкесiз» деп мүсiркедi неше адам,
«Жетесiз» деп айтқызбадық бiрақ та.
Жалған тағдыр жаралады жанымды,
Қайқы өмiр сiмiредi қанымды.
Жылап-сықтап барамыз бiз дөң жаққа,
Ал Құлпытас жаза ала ма тəнiмдi.
Жүрегiмдi өртеп жатыр мұң-күйiк,
Сол күйiктен жүрем кейде сыр түйiп.
Əкесі жоқ адамдардың тағдыры,
Əкесi бар адамдардан тым биiк.

10
АРМАН
Хиуадан туыс шақырып,
Қапталынан ұрысқа кiрiп,
Шiрей тартқан жебемнiң ұшы,
Ат үстiндегiнiң сауытын iреп,
Найзамның дүмiн жерге тiреп,
Дұшпанымды басымнан асыра лақтырып,
Лашығын отқа жақтырып,
Жер қайысқан қолменен,
Шығынсыз қайтар күн бар ма!?
Алты қырдың астындағы, 
Ел болмас ежелгi жаудың,
Батырын Жайыққа тұншықтырып,
Сардарын үсiкке ұрындырып,
Ханының басын берi бұрылдырып,
Бұрымдысын күң етiп,
Тұлымдысын құл етiп,
Байрақпен қайтар күн қайда!?
Қамығуымды Қаратау кептiрер,
Құлақкүйiмдi Алатау келтiрер,
Жон тiрерiм Шыңғыстау деп бiлер,
Ауыздығымды аларым нəн Балқашым болып,
Ұлытауымды Ұлар құсым көмiп,
Түмен-түмен қолменен,

11
Белес те белес өрменен,
Жөңкiле көшер күн қайда!?
Беткейге жылқы жаптырып,
Үш жүзден бəйге тарттырып,
Бiр сайға қазан астырып,
Сүйiншi сұрай келгенге,
Беткейдегi қалың жылқыдан,
Үшбұттап келiп тарттырып,
Қазысын қылғымай жұтып,
Жаяға толып ұртың,
Жазира көңiл жұртым,
Сала арасынан сорғалаған майды,
Қонышқа жағып,
Алаңсыз жүрер күн қайда!?

12
СЫР
Адасып шыққан ауылдан,
Бейбағыт бейбақ деме сен.
Қаламы қанға малынған,
Бейсауат адам емес ем.
Тұлыммен өскен тау ұлы,
Тауыңнан қашты демегiн.
Дəуiрдiң соққан дауылы,
Толарсағымнан кемеген.
Желменен бiрге бағыты,
Жүгенсiз кеттiң деме сен.
Зiлмауыр ойымды ағытып,
Кезеңiмменен егесем.
Маңдайға түскен иiрiм,
Өмiрiң болды деме сен.
Өткенiмдi ойға иiрiп,
Өткелiмменен кеңесем.
Ақ күмбездi анау қырқаға,
Қол бұлғап қош та демегем,
Ақтық мақамым шырқалар,
Топырақ болса керегем.

13
* * *
Қалқам, сенiң жанарыңнан,
Құлап кетiп барамын.
Тiрiлердiң аралынан,
Жылап кетiп барамын.
Қыли көздi кеңiстiктi,
Сынап кетiп барамын.
Жеңiс күткен жер үстiнен,
Жырақ кетiп барамын.
Жоқ iздеген ақ кимешек – 
Сұрақ кетiп барады.
Сұқ көздерден ұлын, сiрə,
Сұрап кетiп барады.
Шағалалар хат тасыған,
Бұл маң да ендi жат болар.
Жаза алмаған ғазалдарым,
Бақи жақтан басталар.
Бəрiн қойшы... жалқы өкiнiш,
Сəруар əлем саналы.
Иесi жоқ жəудiреген,
Өлең қалып барады.
Ақындықтан аласа ғой,
Тұл дүние, тiршiлiк.
Тағдыр кештiм аласармай,
Жалған күлiп... күрсiнiп.

14
КҮЙ
Дəуiр ағып барады жанарымнан, 
Сəуiр сырғып ағады сабағынан.
Тұрлауы аз дүние тұра қашты-ау,
Қондырып ап қаралы қабағына əн.
«Балбырауын» жылатты шанағынан,
Ғазиз жылдар құлатты қабағынан.
Қара өлең, неге ғана елес бердiң,
«Аққудың» алаңғасар сағағынан.
Қыз-жалған ойлы, қилы қыратты екен,
Көбеюде күн сайын сұрақ бөтен.  
Қобыз шалып отырған қоңыр қызды,
«Қоңыр қаз» неге ғана жылатты екен.
Уақыттың қомағай қылығы да,
Аруларды үйiрдi құрығына.
Құмыра бел қыздардың төгiлмейдi,
Қазанғаптың «Көкiлi» бұрымынан.
Сартоқа сайран салған сардалаға,
Бөкейден Дəулеткерей паң қараған.
Соны ойлап Алматыда мен жүремiн,
Жанымда сабаз күйшi, сардар ағам.

15
Санам жаңа сезгендей көкте iз барын,
Қырмызыға дүние төктi ызғарын.
Тағдыры теңбiл-теңбiл арулардың,
Жанарынан оқыдым қобыз зарын.
Дəуiр ағып барады жанарымнан, 
Сəуiр сырғып ағады сабағынан.
Тұрлауы аз дүние тұра қашты-ау,
Қондырып ап қаралы қабағына əн.
Уақыттың кəрiнен ықпайды арман,
Бұл да бiр шер екен ғой шыққа айналған.
Жүрекке күй боп кiрiп ақырында, 
Сұм жалған сырыңды ашам құсқа айналған.

16
КЕҢСАЙ. КЕНТАВРЛАР КӨШI
Тiрiлердiң жетсiн деп жетесiне,
Бақидың уын iшкен кесесiнен.
Жесiрлер жарын iздеп келе жатыр, 
Кеңсайдың көңiлсiздеу көшесiнен.
Жаңғырып жатады ылғи санам қырдан,
Байыз таппай жүргенде жарам жырдан.
Қара қобыз ысқышы мұң ағызса,
Қаралы иiс қаптайды қалампырдан.
Талмаусырап кеткенде сыз боп денем,
Күрең белге қарайлай күздi өткерем.
Алматыдан таппаған əулиенi,
Кең пiшiлген Кеңсайдан iздеп келем.
Мұқағали сиреньнен мұрап киiп,
Меңдекештiк мүсiнде мұрат биiк.
Жұматайдың тағдыры тасына ұқсас,
Елеусiздеу жерде тұр құрақ сүйiп.
Тосылуды бiлмейтiн, жосылуды,
Жан бiткенге осы дөң босын үлгi.
Түсiмде ылғи түнерiп кезiп жүрем,
Алматыдан асқақтау осы қырды.

17
Оралхан – Кербұғы, Алтай, атырап па?
Мына еңiс қой Жарасқан жосып аққан.
Бердiбек қой көнерген мына қоршау –
Мекен-жайы жазылған топыраққа.
Дүн-дүние дүрбелең ала шапқын,
Сана сатқан ордасы сан азаптың.
Пешенесi аласа пенде-өмiрде,
Кетер екен жүрекке жара сап кiм?..
Тiрiлердiң жетсiн деп жетесiне,
Бақидың уын iшкен кесесiнен.
Жесiрлер жарын iздеп келе жатыр,
Кеңсайдың көңiлсiздеу көшесiнен.
Мен сағынар бұл қырат, сен сағынар,
Патшалар да жол берер кең жарыла.
Беткей жаққа бет алған ұлы көште
Алтын жалды, ай тұяқ Кентаврлар.

18
МЫЛҚАУ ТАҒДЫР
Бiздiң көшеде Райхан есiмдi қыз бартұғын. 
Құдай оған тiл бермедi. Апасының тiрi шағында 
Райхан хан қызындай болып жүрушi едi...
Төрт мүшесi сау адамға жоқ дауа,
Балалық қой... ауласында топтала,
Үйiлiп ап тiлiн тартып ойнаушы ек,
Жазған қызды ортаға алып көп бала.
Мылқау тағдыр ермек болып бiр мезет,
Қылықтарын қызықтаймыз кимелеп.
Мұңлы тағдыр мың бұрала бергенде,
Қуалайтын мұң жамылған кимешек.
Ақ кимешек жұбанышы болатын,
Ақ кимешек қорғанышы болатын.
Апасы оның қызыл тiлi болатын,
Апасының қолғабысы болатын.
Жарық сəуле жайған кезде қанатын,
Қалың бала мылқау қызды табатын.
Қуанышты баяндаса жанары,
Қайғысы да жанарынан ағатын.
Ақ көңiл жан апасына көмек боп,
Масақ жиып келетұғын кенеппен.

19
Тағдырының күнi батып тал түсте,
Ақ кимешек ғайып болды кенеттен.
...Сан жыл өттi, елес болды бал жылдар,
Райхан гүл қауыз шашты сан қырға.
...Кеше кеште жұпынылау көшемен,
Тiлсiз бейне таратып жүр тандыр нан.

20
БIЗДIҢ АУЫЛ
Өлең секiлдi бұлағы мен туған жердiң,
Бiрiмен-бiрi жарысып, ұйқасып ағып.
Таулары анау бағзы бiр батырлардайын,
Таспа тiлетiн жауының құйқасын алып.
Бiздiң ауылдың тастары бəйiтке үтiр,
Болатұғындай қауқар бар сеземiн мен де.
Шайырлар дəйiм даламды көруге менiң,
Ағылып келiп жатады өзге өңiрлерден.
Бұлттардың қолын алады тауына шықса,
Бiздiң ауылдың аспанын жамылған адам.
Ақбас шыңдары алдыңнан малдасын құрып,
Əуезi ғажап əн шығар ағым даладан.
Күнiкей қыздай күнмен де көршi қылады,
Ере берсеңiз сезiммен жетегiндегi.
Көңiлдерiңдi сендердiң көтеру үшiн,
Теңiз деңгейiнен де тым биiк көтерiледi.
Кешi де сондай əсерлi туған өлкенiң,
Күн менен тəнi сүйiсiп, телiнiп бiр уақ.
Жан-жануарым кешқұрым тауымнан түсiп,
Iргеде жусап жатады желiнi сыздап.

21
Толағай болып бiр теңiз көшiре кеңдер,
Бiздiң ауылдың сағынып келушiлерi.
Өскелең өңiр өзен мен көлiне кемдеу,
...Бүтiндеп Тəңiр, əсiлi, берушi ме едi?

22
ТОҚТАРƏЛІ ТАҢЖАРЫҚ
1982 жылы Қытайдың Іле аймағы Күнес ауданында дүниеге келген. 
Бұған  дейін  «Жас  қазақ  үні», «Шетел  əдебиеті»  газеттерінде  жұмыс 
істеген. Қазір «Қазақ əдебиетінің» тілшісі.
ЖЫЛҚЫЛАР
Рысбек Дəбейге
Олар шұрқырап сұп-сұры тұманнан шығатын,
Қайтадан кіретін сұп-сұры тұманға.
Дүбірден дүниенің жүрегі дүрсілдеп тұратын,
Жаңғырып бейуақ кіл аңғар...
Қолымызға құрық ап құла дүзден іздейміз,
Іздейміз оларды –
Көшпенді жылқысын.
Құла ма, қоңыр ма, қылаң ба... білмейміз,
Біз үшін беймəлім түр-түсі.
Бізді де солардай барады жеміріп,
Уақыт пен қара жол –
Ирелеңдеген қос жылан!
Жалы мен құйрығы сусылдап, төгіліп,
Бұл күнде олар тек түсімде осқырар.

23
...Іңірде жатқан бір жандайын есінеп,
Тарихым ұмытқан олардың тұяғын.
Мен оны мінемін далалар төсінде,
Иə, бұл кəдімгі ақынның қиялы.
...Енді үнсіз отырмын
сағыныш сарғалдақтарын бүрлетіп санада,
жусаны бұрқырап
көктем ғой бұл мезгіл құлпырар.
Құлазу кейпіндегі 
мендік бұл қасіретті білмейді тағы олар,
Кісінегім келеді бейуақ... 
Шұрқырап...
...Қайда сол үйірлі жылқылар?!
                             
                         
2007 ж.

24
АЙ 
Іңір желі сұп-суық қарашығыма мұң үрлеп,
Лашығымда жатамын əлде нені күбірлеп.
Ұласқан бұл дүние жан толқытар уілге,
Құс жолының төсінен нұр төгілер сібірлеп...
Айдың нұры... Аспанға асып қойған шамшырақ,
«Жас жүрегім саусағын жаяр» көкке қалтырап.
Ойлар кезіп миымда оттай ыстық, (салқын əм),
Көкірегіме құйылған шымыр-шымыр тамшылар...
Шегірткелер шырылдап, бақалары шұрылдап,
Үндерінде балқыған ескілеу бір ұғымдар.
Қиялымда күн кешкен менің «құбыжығым» да,
Сенің жалқын нұрыңмен əлсін əлі құбылған.
Жалын атып мұңдарым жанарымның түбінен,
Арпалысқан жанымның ащы жасын сімірем.
Жазмышым жарқырап көлеңкемнің ізінен,
Өзім қашып өзімнен айғай салып жүгірем...
Долы дауыл буырқанып арнасынан тасар мың,
Малып аппақ қанатын Ай көгілжім шашар нұр.
Шашым қудай ағарып, ағарып һəм сақалым,
Теңіздердің үстімен ө-ө-ті-іп бара жатамын...

25
Басып өткен жолыма қасіретімнен гүл өніп,
Шиыр-шиыр ізіммен шимайлаймын жыр өңін.
Көкке ұлыған бөрідей көкжиектен нұр еміп,
Жапандағы жалғыз бір молаларға түнейім.
Жиям əзер есімді... Мұнар толы мұңлы алап,
Азалы бір музыка əуендері дулаған.
Жанарымның жалыны кеңістікті кезіп бір,
Күрсінемін тым ұзақ көкірегіме күн қадап...
Будақ-будақ бұлттардың бұтағында бүр жарған,
Көк жүзінде қалқисың жамалыңмен түнді арбап.
Саған қарап сол сəтте көзімді аршып булардан,
Жүзім тосып үн-түнсіз ұйып сүттей иманға,
Ұшқан əбден үрейі рухымды ілдəлдап;
Жазуларды оқимын жапырағында нұр жанған:
«Ла иллаһа иллаллаһ,
Ла иллаһа иллаллаһ,
Ла иллаһа иллаллаһ!...»
 

26
ЖОЛАУШЫ 
Бір сапарға шыққанмын, барар жерім белгісіз,
Қайдан шықтым?
Оны да айта алмаймын. (Сенгісіз).
Маңдайыма жазылған сұрқы бөтен сұрақтар,
Жан аурасы төзгісіз...
Жұлдыздардан тамады жалқын, жалқын, жалқын нұр,
Тоңазу бар бойымда, бар тағы да балқу бір.
Қанаттары қып-қызыл алауларға шарпулы,
Көз ұшында көлбеңдеп, көбелектер қалқып жүр.
Тұнжыр мұңлы көздерін түнге малып кісінеп,
О, киелі пырағым, қасіретіңді түсінем.
Мың жылғы бір мұңдары енгендейін түсіне,
Көкбөрілер ұлиды көгілдір тау ішінен.
Бал бұлақтың сыңғыры, байғыздардың «түн жыры»,
Оған көңіл елітпес. (Бұл не қылған мұңлылық!?)
Ұйықтап кетем иенде жауып қиял түндігін,
Түс көремін, түсімнен оянамын шыңғырып...
Жанымды жеп жегідей жалғыздықтың дауысы,
Қайдан шықтым, тəйір-ай, барар қайсы бағытым?
Айдың нұрын жамылып Аруағым жүр жарысып,
Мен келемін сүйрелеп рухымның табытын.

27
...Жандар біткен қарайды жанарларын мұң арбап,
Ынтызарлық һəм олар айырылған құмардан.
Іңірдегі сұп-суық иреңдеген жыландай,
Қарсы алдымда қап-қара жолдар жатыр шұбалған...
                                                  
22.09.2006 ж.
 

28
ҚОБЫЗ ҮНІ
Ез тірлікке кететіндей есем дүр,
Көңілімде секең қағып секем жүр.
Екі кештің арасында, япыр-ау,
Есі кетіп еңіреген не екен бұл?
Не екен бұл?
Сұмдық айтқан сұңқылдап,
Тұңғиықпен тілдесіпті мұңшыл бақ.
Өзегінің өзегіне өрт кетіп,
Жатыр екен кім тыңдап?!
Бара жатыр шырқымды ап.
Жұмыр жердің дірілдеткен жүрегін,
Бұл қобыз ба?
Иə, қобыз... білемін.
Көрін қазып жатырмысың біреудің,
О, ұлы өлім, ұлы өлім?!
Сүркей үннен сұрқы қашып бақтардың,
Қара таудың қабағында қатпар мұң.
Жұлым-жұлым жүрегімді жұлмалап,
Бұл қобызды тартқан кім?!
...Айтшы, досым, 
Оу, ізгі,
Боздатқан кім мынау боздақ қобызды?

29
Бұл жалғаннан мініп келмес кемеге,
Қанша жандар қапияда қол үзді?!
Əлде мынау қобызы ма Қорқыттың,
Қуғындаудан құтылған ба ол тұтқын?
Ол емес қой, ендеше мен несіне,
Көңілімді толқыттым?!
Нəлет айтып замананың зарына,
Өрт кеткендей көңілімнің бағына. 
Сол бір əуен сұңқылдайды тағы да,
Үрей келіп ұялайды жаныма.
Желмаясын мініп алып тайпалған, 
Сыбыр естіп сиқыры мол сайтаннан.
Қорқыт қашып құтылмаған ажалдан,
Ал мен қашып құтылам деп айта алман...
...Кемем əне шайқалған...
                                                  
2003 ж.

30
БОЗДАҚ
...Досым, мені тыңда сен,
Сайтанмен де көңілдес, 
Құдаймен де мұңдас ем.
Кеудемдегі жарамен қарсы алып ем таңды мың,
О, киелі Қара Өлең – Жалғандағы зарлығым,
Саған шақтым мұңымды,
Жаратушы Рабма болу үшін ұғымды.
Қылқобыздың қылы едім, Ұлы Оғыздың ұлы едім,
Жарып тастап жалғанның кетпек едім түнегін...
Сапарларым баянсыз, (Оны тым кеш ұқтым мен),
Соқпақ-соқпақ жолдармен сорға бола шықтым мен.
Жабылмастан есігі қалды артымда қожырам,
«Мен өмірді сүйем!» деп салғамын жоқ аз ұран.
Ол да бірақ жалған-ды.
Бəрін қойшы сірə да...
Сақал-шашы қылаулап,
Мені ертіп кетеді сəлден кейін кіл аруақ.
Тобырларды мендегі толғандырмас құса түк,
Есіне алмас ешкім де қырық шырақ тұтатып.
Көз алдымда мың елес билер қазір (түнгі би),
Қобызымды қолыма ап, тартам сонда мұңлы күй.
Аңыраған зарымды ұқпаса да басқалар,
Ай-арудың көзінен шым-шымдаған жас тамар.
Өйткені ол, əрине, соңғы түннің куəсі,
(Көбелектер көңілсіз күбірлесер дұғасын).

31
Сосын жасым сорғалап, мұңлы Ай жанып шекемнен,
Бұлың-бұлың көшемен бұлтқа сіңіп кетем мен.
...Жолдар күтіп тұр əне, қасіреттің иісі аңқып,
Қой, ішелік, құйсаңшы...  

32
ҚҰШТАРЛЫҚ
Сезім нұры жауғанда себелектеп,
Ермен мұңға мас болған ебелектеп.
Қызыл гүлдің жабысып қауызына,
Қонса жалғыз қоңырқай көбелек кеп...
Ол менмін ғой, 
Əлдене керек еткен.
 
Жетім көлшік бөленіп шұрылға сан,
 
Маңғаз тірлік айтқанда жырын масаң.
 
Бозала таң атқанда бозторғай кеп,
 
Терезеңе қонақтап шырылдаса,
 
Ол менмін ғой...
 
Қайтейін ұғынбасаң.
Тырналарын түн бойы тыраулатқан,
Мұңлы əуенге тұншығып мұнарлы аспан.
Қара жолдың үстінде қайғы құшып,
Жапырақты көрсең сен құлап жатқан...
Ол менмін ғой,
Сені ойлап жылап жатқан!
 
Қыңыр боран қымсынбай қыңсыласа,
 
Қыңсыласа,
 
Бір сəтке тыншымаса.
 
Сенің алма жүзіңді аяз келіп,
 
Ақырын шымшыласа...
 
Ол менмін ғой сүюге құштарланған,
 
Жүрегіңнен бір күні бүршік атам...
                                 
2003 ж.

33

Каталог: files -> attachments -> biblioteka -> books
files -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
books -> Содержание № Название статьи Стр
books -> Сборник статей (часть 2) общественные и гуманитарные науки алматы 2011 ббк 73 и 66
books -> О. Е. Есенгазиев родился 10 декабря 1922 года в поселке
books -> Сборник статей (часть 1) общественные и гуманитарные науки алматы 2011 ббк
books -> Алматы «Жібек жолы» 2009
books -> Совет молодых ученых инновационное развитие и востребованность науки в современном казахстане

жүктеу 2.58 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет