Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені



жүктеу 1.25 Mb.
Pdf просмотр
бет9/13
Дата23.04.2017
өлшемі1.25 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

                       СӚЖЖ тақырыбы 

 

1. Қазакстанның Ата заңындағы білім беруге байланысты принциптер.  



2

 

Қазақстандағы оқу орындарының типтері туралы. 



 

                             Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сҧрақтар 

3

 

Қазақстан тауелсіздікке жеткенге дейінгі білім берудегі кемшіліктерді кӛрсет. 



4

 

Мұғалімге қойылатын талап және оның еңбегін сипатта. 



 

        Ӛз бетімен орындауға арналған тапсырмалар 

1.

 



Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасын сипатта. 

2.

 

Білім берудің стратегиялық бағыттарын айқындайтын құжаттар туралы ойлан. 



 

                        Реферат тақырыптары 

1.

 



Қазақстандағы білім берудің ерекшеліктері. 

2.

 



Мұғалімнің қоғамдағы орны және қызметі. 

3.

 



Білім берудегі мультимедиялық бағдар. 

 

Әдебиеттер 

 

16 

тақырып:  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жҥйесіндегі  

нормативтік қҧжаттарға сипаттама.  

 

                                        Жоспар: 

1.

 

Жалпы білім беретін оқу орындарына қажетті норматитік құжаттар. 



2.

 

Қазақстандағы мектеп түрлері, оларға қысқаша сипаттама. 



Негізгі  ҧғымдар:  нормативтік  құжаттар,  білім  беру  стандарты,  базистік  оқу 

жоспары, әр түрлі үлгідегі мектептер. 



Жалпы білім беретін оқу орындарына қажетті нормативтік қҧжаттар.   

Қабылданған  нормативтік  құжаттар  еліміздің  негізгі  заңдарының  ережелеріне 

сүйенеді,  олар  Қазақстан  Республикасының  Ата  заңы  мен  1999  жылы  7  маусымда 

қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралың заңы. 

ҚР «Білім заңынаң сәйкес елімізде білім стандарттары қабылданған.  

«Стандарттың  сӛзі  латын  тілінен  алынған,  «үлгі‖,  «ӛлшемі‖  деген  мағынаны 

білдіреді.  Білім  стандарты  мағынасы  жағынан  білімділіктің  ӛлшемі  ретінде  қабылданып, 

қоғамдық мұратқа орайластырылған, әрі нақты тұлға мен білім жүйесінің мүмкіндіктерін 

ескерген  сол  мұратқа  жетудің  негізгі  талаптар  жиынтығын  қамтиды.  Білім  саласындағы 

стандарттаудың  негізгі  нысандары-стандарт  құрылымы,  оқу  жүктемелерінің  мазмұны, 

кӛлемі  және  оқушыны  дайындау  деңгейі.  Стандарт  бойынша  белгіленген  деңгей, 

дәрежелер мен талаптар білім сапасын бағалау мен білімдену процесінің негізгі қырларын 

сараптауды мызғымас шек (эталон) сипатында қабылданады. 

Білімді  стандарттаудың  қажеттігі  қоғамдық  құбылыс  ретінде  танылған  білім 

саласындағы  түбегейлі  ӛзгерістерге  сәйкес  туындап  отыр.  Қазақстан  Республикасының 


егеменді  елдер  қатарында  демократияға,  нарықтық  қатынастарға,  тұлғаның  құқы  мен 

еркіндігіне  бетбұрысы  білім  аймағындағы  саясатты  қайта  қарастырып,  жаңа  заман 

талабына сәйкес түсінуді қажет етеді. Білім саласы енді ең алдымен жеке тұлғаның рухани 

қасиеттерін қамтамасыз етуге бет бұрды. Бұл ӛз кезегінде оқу процесін ұйымдастыру, оқу-

оқыту  формалары  мен  әдістерін  таңдау  және  білім  мазмұнын  іріктеу  істеріне  кӛптеген 

ӛзгірістердің енуіне себепші болды. 

Стандарттау  сонымен  бірге  білім  саласындағы  кӛптеген  жаңашыл  қадамдарға 

байланысты қажет болып отыр. Мәселен, 

- мектептегі оқу процесінің жаңа еркін ұйымдастыру формаларына ӛтуі; 

- кӛптеген мектептердің құқықтық дәрежесінің ӛзгеруі; 

- тың оқу жоспарларының енгізілуі; 

- мектептердің оқу пәндері мен олардың игерілу кӛлемін ӛз қалауымен   

  таңдауы; 

  - баламалы оқулықтардың қосылуы

  -  оқудың  жаңа  технологияларының  жасалуы;  кӛп  деңгейлі  және  жіктемелі  оқуға 

ӛту. 


Демек, аталған демократиялық қадамдар ӛткендегіміздей тезге салынған бір сарында 

(шаблон) оқу жүйесіне тосқауыл қойып, әрқандай жәйт, жағдайларды ескеріп, білім беру 

процесіне шығармашылдықпен қатынас жасау қажеттігін айғақтауда. 

  Мемлекеттік  міндетті  стандарттар  10  жылда  бір  рет  қайта  ӛңделіп,  қажетті 

түзетулер енгізіліп, мемлекеттік заңмен бекиді. 

 Жалпы  білім  беруші  мекемелердің  білім  стандарты  үш  бӛліктен:  а)мемлекеттік, 

ә)ұлттық-аймақтық,  б)мектептік  болып  құралады.  Стандарттың  мемлекеттік  бөлігі 

(инвариант)  елдегі  білім  кеңістігінің  біртұтастығы  мен  тұлғаның  әлемдік  мәдениет 

жүйесіне енуін қамтамасыз етеді.  

Ұлттық-аймақтық  елді  мекеннің  ӛзіндік  ерекшелік,  талаптарына  (тілі  мен 

әдебиетіне, мәдениеті мен ӛнеріне және т.б.) байланысты анықталады. 



Мектептік  білім  мазмұны  нақты  оқу  орнының  бағыт-бағдарына  сәйкес  оқу 

пәндерінің енгізілуімен белгіленеді. 

Оқу  жоспары  –оқу  орнында  игерілетін  оқу  пәндерінің  құрамын,  оларды  меңгеру 

бірізділігі мен кезек тәртібін, әр пән бойынша жылдық, апталық бӛлінген сағат санын, оқу 

жылындағы апта мен айларды анықтап беретін құжат.  

Оқу  жоспары  түбір  (типтік)  және  нақты  оқу  мекемесі  тарапынан  жасалған  оқу 

жоспары  болып  бӛлінеді.  Түбірлі  оқу  жоспарында  мектеп  (ЖОО)  қабырғасында  оқу 

жылдарына  сәйкес  жүргізілетін  барлық  оқу  пәндерінің  тізімі  беріледі.  Игерілуі  қажет 

пәндер оқу жоспарында үш топқа бӛлінеді: 

а) міндетті (базалық-мемлекеттік бӛлік); 

ә) оқушылардың қалауы бойынша (аймақтық бӛлік); 

б) мектеп (ЖОО) кеңесінің бекітуімен ӛтілетін пәндер (мектептік (ЖОО) бірлік). 

Жалпы білім беретін оқу орындарының  базистік оқу жоспары  негізгі  нормативтік 

құжаттың  бірі  болып  табылады  және  ол  жұмыстық  оқу  жоспарларын  жасауға  негіз 

болады. Базистік оқу жоспары тұрақты және жылжымалы болып екіге бӛлінеді. Тұрақты 

жүктеме құрамындағы пәндер жалпы орта білім беретін мектептердің барлық түрлерінде 

(бағдарлы  мектеп,  гимназия,  лицей,  жеке  меншік  мектеп)  оқылып,  оқушыларды  жалпы 

мәдени және ұлттық мәні бар құндылықтарға баулып, қоғамдық мұраттарға сәйкес келетін 

жекебастық қасиеттерді қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Жылжымалы бӛлім оқушылар 

дамуының  жеке  сипатын  жетілдіретін,  олардың  жекебастық  ерекшеліктерін,  мүдделері 

мен бейімділіктерін дамытуға, бар ынтасымен қызығып оқитын пәндерді жете тереңдетіп 

білуге мүмкіндік жасайды. Ол таңдамалы пәндер мен факультатив курстарынан құралады. 

Оқу  бағдарламалары  түбірлі  (типтік),  оқу-жұмыс  (рабочие)  және  авторлық  болып 

бӛлінеді.  



Түбір  (типтік)  бағдарламалары  Мемлекеттік  білім  стандарты  негізінде  нақты  пән 

бойынша құрастырылады. 

Оқу-жұмыс  бағдарламалары  түбір  жоспары  негізінде  түзіліп,  мектептің 

педагогикалық кеңесінің (ЖОО-да жетекші кафедра) шешімімен бекиді. 

 Авторлық  оқу  бағдарламасында  білім  стандартының  талаптары  міндетті  түрде 

сақталады,  оқу  материалын  ұсынуда  оқып-зерттелетін  құбылыстар  мен  процестерде 

автордың тарапынан ӛзіндік кӛзқарасы болуы мүмкін. 

Оқу-әдістемелік кешен жүйесінің әр пән бойынша негізгі құрамы бағдарлама болып 

табылады. Оқу бағдарламасы әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білім мазмұны мен 

мӛлшерін,  білік  пен  дағдыларды  жаңа  оқу  жылы  бойынша  бӛлінген  бӛлімдермен 

тақырыптардың  мазмұнын  және  мұғалімдер  мен  оқушылардың  іс-әрекетін  анықтайтын 

нормативтік құжат болып табылады. Бағдарлама білім мазмұны арқылы оқыту мақсаттары 

жүзеге  асырылатын  нормативтік  құжат  белгісі  түрінде  және  сабақта  мұғалімнің  сол 

мазмұнды ашатын қызмет құралы. 

 Қазақстандағы мектеп түрлері, оларға қысқаша сипаттама

 Қазақстандағы  жаңа  типті  мектеп  түрлері:  1)  жалпы  білім  беретін  мектеп; 

2)гимназия; 3)лицей; 4)шағын жинақталған мектеп. 

 -  жалпы  білім  беретін  мектеп,  ол  негізгі  және  қосымша  жалпы  білім  беретін  үш 

сатылы  (бастауыш,  негізгі,  жоғары)  бағдарламаларды  жүзеге  асырады;  жалпы  білім 

беретін мектеп, шағын мектеп болуы мүмкін, яғни оқушылар санының аздығына сәйкес, 

қосылған сыныптар жұмыс істейді

 -  гимназия  негізгі  және  қосымша  оқыту  бағдарламасын  жүзеге  асырады, 

оқушылардың  қабілеті  мен  икемділігіне  байланысты  арнайы,  терең,  кәсіптік  оқытуды 

кӛздейді; 

 -  лицей  кәсіптік  бағытталған  оқушыларды  оқытуды  жүргізетін,  негізгі  және 

қосымша бағдарламаларды жүзеге асырады, бастауыш және орта кәсіптік оқыту. 

 -  шағын  жинақталған  мектеп  сынып  жинақтамалары  аралас  және  оқу  сабақтарын 

ұйымдастырудың ӛзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп. 

Шағын  жинақталған  мектептің  ерекшелігі  мұғалімнің  қызметіндегі  кӛп  пәнділік,  мектеп 

басшыларының әкімшілік міндттерді қоса атқаруы болып табылады. Шағын жинақталған 

мектептердің негізгі құрылымдық компоненті –бір ғана оқытушы басқаратын жинақталған 

сыныптар. 

Мұндай  жаңа  типті  мектептердегі,  мектеп  кеңесінің  шешімімен  жаңа 

перспективалық  бағыттар  жӛнінде  мектеп  директорының  ғылыми  істер  жӛніндегі 

орынбасары  қызметі  енгізілуде.  Мысалы,  сондай  жаңа  қызметтің  бірі-мектеп 

директорының  ғылыми  істер  жӛніндегі  орынбасары  жоғары  оқу  орындарының 

ғалымдары,  оқытушыларымен,  ғылыми  орталықтармен  байланыс  орнатып,  оларды 

мектептегі  педагогикалық  жұмысқа  тартады,  мұғалімдердің  тәжірибе-эксперименттік 

жұмыстарына кӛмектеседі. 

Жаңа  типті  мектептердегі  оқу-тәрбие  беру  жүйесінің  қызметін  ұйымдастыруда 

әлемдік  тәжірибеге  сүйенеді.  Оқыту  процесіндегі  субьектілердің  (білім  беру  жүйесінің 

қызметкерлері,  оқушылар  мен  тәрбиеленушілер  және  олардың  ата-аналары)  әлеуметтік 

кепілдері мен олардың құқықтары, міндеттері ескерілген. 

Білім  беру  мекемелерінде  педагогикалық  қызметпен  айналысуға,  тек  соған  сәйкес 

білімі бар азаматтар ғана құқылы. Олар кәсіби қызметін жүргізуге жағдай жасауды талап 

етуге,  білім  берудің  мемлекеттік  стандарттарын  сақтай  отырып,  педагогикалық 

қызметтерінің  әдістері  мен  түрлерін  еркін  таңдауға,  ғылыми  зерттеулердің  бағыты  мен 

олардың нәтижесін педагогикалық тәрбиеде қолдауға құқылы. 

 

 

СӚӚЖ  тақырыбы:  Мектеп  туралы  нормативтік  қҧжаттар  мен  жаңа  типтік 

мектептерге сипаттама 

  Жоспар: 


1. Білім беру мазмұнын анықтайтын нормативтік құжаттар. 

2. Мемлекеттік білім стандартының міндеті неде және оған қойылатын  талаптар. 

3. Оқу бағдарламасы дегеніміз не және оның түрлерін атаңыз.  

4. Қазақстандағы типтік мектеп түрлерін атап, оған сипаттама беріңіз.  



Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сҧрақтар 

1.

 



Білім берудің мемлекеттік стандарты дегеніміз не және оған қандай талаптар 

қойылады? 

2.

 

Қазақстандағы білім жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын  атаңдар.  



3.

 

«Білім туралың заңдағы типтік мектептерді қолдау.    



Ӛз бетімен жҧмыс істеуге арналған тапсырмалар 

1.

 



Білім беру орындарының қызметін реттейтін нормативті құжаттармен танысу: 

- ҚР «Білім туралың заңы. 

- Мемлекеттік «Білім туралың бағдарламасы. 

- Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. 

- Орта білімнің мемлекеттік стандарты. 

 

Реферат тақырыптары 

1.  ҚР  «Білім  туралың  заңының  «Егемен  қазақстанның»  білім  жүйесін  дамытудағы 

пәрменділгі. 

2.

 



Білім стандарты «Мемлекеттік маңызды құжат». 

3.

 



Типтік мектептердегі білім жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары.  

Әдебиеттер 

1.

 



Мемлекеттік «Білімң бағдарламасы. Алматы,2000. 

2.

 



Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. Алматы,1998. 

3.

 



Қазақстан Республикасының «Білім туралың заңы. Алматы, 2000. Қазақстан 

Республикасының Ата заңы, 1995. 

4.

 

Проблемы и тенденции развития школы в современным мире. М.,1988. 



5.

 

Жалпы педагогика. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Алматы, 2005 



6.

 

Основы школоведения. Караев Ж.А., Шахгулари В.А., Иманбаева С.Т. Алматы, 2006. 



7.

 

Қазақстан Республикасы шағын жинақталған мектептерді дамыту  



тұжырымдамасы. Алматы, 2003.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ 

 

 

 

 

 

 



Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 

 «ПЕДАГОГИКА» пәнінен магистранттарға арналған 



СИЛЛАБУС 

 

мамандықтар: 

6М 0506- ЭКОНОМИКА - (ГОСО РК 7.09.020-2008); 6М 0602- ИНФОРМАТИКА- (ГОСО 

РК 7.09.025-2008); 6М 0903- БАҒАЛАУ  - (ГОСО РК 7.09.072-2008); 6М 0508- ЕСЕП және 

АУДИТ- (ГОСО РК 7.09.097-2008); 6М 0511-МАРКЕТИНГ- (ГОСО РК 7.09.023-2008); 6М 

0509- ҚАРЖЫ -  (ГОСО РК 7.09.096-2008) 



 

 

Ғылыми-педагогикалық 



 

Кредиттер саны 

Курс 


Семестр 


Емтихан (семестр) 

Барлық сағаттар саны, 



оның ішінде: 

 

Дәрістер (сағат) 



30 

Практикалық  (семинарлық) 

сабақтар (сағат) 

15 


Лабораториялық сабақтар (сағат) 

ММӚЖ сағат) 



30 

МӚЖ (сағат) 

60 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ, 2012 

 

 

 

 


«Педагогика»  пәнінің  силлабусын  дайындаған    психология  ғылымдарының  докторы, 

профессор  Мұқан Әтенұлы Перленбетов    

(оқытушының аты жӛні, ғылыми дәрежесі, атағы) 

 

 



Силлабус (2008 ж.) мамандықтардың МББС стандарттары мен экономика саласындағы 

«Психология» пәнінің типтік оқу бағларламасына сәйкес құрастырылған. 

 

 

 



ӘГП кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілген,  № 1 хаттама «27» тамыз 2012 ж. 

 

 



 

Кафедра меңгерушісі «__________»  _____________  п.ғ.к., профессор Айжанова Г.К.                     

                                                (қолы)        (аты жӛні, ғылыми дәрежесі, атағы) 

 

 



 

Академияның оқу әдістемелік кеңесінде талқыланып, бекітілген, № 1хаттама    

«   » ___ ___ 2012 ж. 

 

 



 

 

 



ОӘК тӛрайымы, оқу ісі жӛніндегі проректор__________  _п.ғ. к., проф., Машанова Р.К                                                     

(қолы)        (аты жӛні, ғылыми дәрежесі, атағы) 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



   

 

                                   1. Пән туралы мәлімдеме. 

«Жоғары  мектептегі  педагогика»  курсы  экономика,  қаржы,  заң  саласында  білім 

алатын  магистранттар  үшін  дайындалған.  Бұл  курсты  оқу  процесінде  магитранттар  ӛз 

кәсіптік  іс-әрекетінде  қажетті  педагогикалық  білім  мен  іскерлік  жүйесін  меңгеруі  тиісті, 

себебі  осы  заман  педагогикасы  психологиямен  тығыз  байланысты.  Педагогика  курсын 

оқыту процесінде педагогика ғылымы мен практикасының түрлі бағыттары туралы түсінік 

беріліп және жоғарғы оқу орнында жиі кездесетін әлеуметтік – педагогикалық мәселелер 

қозғалады.  Оқыту,  тәрбиелеу,  білім  берудің  дәстүрлі  мәселелері  қарастырылып  қана 

қоймай,  отбасында,  ӛндірісте,  мектепте  немесе  жоғары  оқу  орнында,  кӛшеде, 

замандастары  арасында  ӛзара  қарым-қатынастық  тәсіл  таңдаушы  қазіргі  заман  адамына 

педагогикалық бағыт  беріледі. Педагогикалық мәселелердің ӛмірде де жалпы мәдениетте 

де маңызы зор. Болашақ маман иесі  бұл курстан адамды тәрбиелеу жолдары мен тәсілдері 

туралы,  мінез-құлық  түрлері  жӛнінде  ақпарат,  оқыту  мен  тәрбиелеу  формалары, 

тәрбиелеудің ықпалы ұтымды болу тәсілдері,  ӛзара әрекеттердің түсінік, ынтымақтастық 

жағдайында  жасау  жолдары  туралы  мәлімет  алуына  болады,  ал  ол  үшін  ақпаратты 

жолдау, алмасу, қатынас-байланыстың (коммуникация) негізгі тәсілдерін меңгеру қажет.  

 

Сонымен,  қатар  магистранттар  қазіргі  заман  жоғары  оқу  орнында  мемлекеттік 



білім стандартын іс жүзінде орындайтын болашақ маманның жалпы мәдениетін құрайтын 

педагогика мәдениеті элементтерін бойына сіңіреді.  

 

Ұсынылып 



отырған 

тақырыптар 

студенттердің 

ӛз 


бетімен 

жасайтын 

шығармашылық  ізденістерін  және  оқытушы  басқарумен  студенттер  орындайтын  ӛзіндік 

жұмысты да белгілейді.  

 

 

1.1. Пәннің мақсаты мен міндеттері. 



 

 

Мақсаты:  оқыту    мен  тәрбиелеудің  жаңа  жоғары  деңгейлі  болашақ  мамандары 

қазіргі  педагогика  ғылымының  теориялық  негізінен  терең  білім  беруді  және 

шығармашылық 

жұмысты 

тиімді 


ұйымдастыру 

үшін 


қажетті 

дағдыларды 

қалыптастыруды мақсат етеді.  

 

Міндеттері:  

-

 

курстың  болашақ  мамандарды  қазіргі  заман  талабына  сай  әлеуметтік-кәсіби 



дайындығының зор маңызын кӛрсету;  

-

 



магистранттардың  ӛз  бетімен  және  оқытушы  басқарумен  орындайтын  ӛзіндік 

жұмыстарының кәсіби дайындығындағы рӛлін айқындау;  

-

 

педагогика  теориясының  және  психологиялық-педагогикалық  қарым-қатынастың 



болашақ педагогтарды әлеуметтік – кәсіби дайындығындағы рӛлін ашу;  

 

-



 

педагогика  ғылымының  жалпы  негіздері  :  педагогика  пәні  және  оның  міндеттері, 

педагогикалық  зерттеулердің  тәсілдері,  даму  процесінің  жалпы  заңдылықтары,  

дамудың  жастық  және  ӛзіндік  ерекшеліктері,    тәрбиелеудің  ӛзекті  мәселелері, 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесі  мен  оның  құрылымдық 

принциптері туралы студенттердің түсінігін қалыптастыру.  

 

 

                                       1.2. Пән элементтері. 

 

 



Дәрістер  магистранттарға оқу – бағдарлық негізін қалыптастыруына бағытталған, 

бұл оқу ісінің әлеуметтік – кәсіби мағынасын меңгеруіне және ұсынылған әдебиетпен ӛз 

бетімен жұмыс істеу дағдыларын игеру үшін қажет.  

 


 

Семинарлар  пәнді  тереңдетіп  оқытуға,  студенттердің  оқытумен  бірігіп  отырып 

қойылған  практикалық  міндеттерді  шешу  үшін  алған  білімін,  білік,  дағдыларын 

қолдануына жағдай жасау үшін арналған.  

 

 



Магистранттың  өзіндік  жұмыстары  әдебиетпен  ӛз  бетімен  жұмыс  істеуіне, 

ағымды және кейінгі мәселелерді шешу үшін жауапкершілік алуына, сындарлы шешімдер 

табуына,  дағдарысты  психологиялық-педагогикалық  ахуалдардан  ұтымды  шығу 

жолдарын іздеуіне дағдыларын қалыптастыру үшін арналған.  

 

 

Магистранттың  оқытушы  басқарумен  орындайтын  өзіндік  жұмысына 



оқытушының  студенттерге  баяндама,  реферат,  хабарлама  дайындау  кезеңде  беретін 

кеңестері,  тақырып  бойынша  жұмыс,  сабаққа  дайындалатын  тапсырмаларды  орындау 

үстіндегі  әдістемелік  нұсқаулары  оның  бәрін  ӛз  практикалық  ісінде,  зерттеу 

жұмыстарында, студенттер ұжымының қоғамдық ӛмірінде қолдана алатыны да жатады.  



 

 

2. Оқу уақытының қҧрылымы. 

 

Оқытушының аты-

жӛні 

Уақыты мен ӛтілу орны 

Дәрістер 

МОБОӚЖ 

 Байланыс                               

ақпараты 

Перленбетов Мҧқан 

Әтенҧлы 

 511, 513, 406 

ауд. 

 Кесте бойынша 

 

 т: 8701 3562213 

           

 

Дәрістік  және  семинарлық  сабақтар  кесте  бойынша  жүргізіледі.  Семинарлық 



сабақтарға  келгенде  алдын  ала  мұғалім  берген  тапсырмаларға  дайындалып,  қысқаша 

баяндамасын  әкелу  керек  .  Сабаққа  10  минуттан  астам  кешіккендер  жіберілмейді.  Дәріс 

және семинарлық сабақтарда ұялы телефондарды қолдануға болмайды. 

 

Практикалық  сабақтарда  (практикум,  семинар)  алдын  ала  (1  апта  бұрын)  5-7 



кӛлемінде  мәселелік  сұрақтар  таратылып,  оларға  жазбаша  тезис  және  ауызша  баяндама 

дайындалады.  Бұл  тапсырмаларда  магистрантқа  керекті  дереккӛздер  белгіленіп, 

баяндаманың уақыты 

5-7 минут екендігі айтылады.

 

Ӛз  бетінше  бақылау  жұмысын  орындау  үшін  (реферат,  баяндама,  эссе  ж.т.б.)  10 



күн  уақыт  беріледі.  Жазбаша  жұмыстардың  тақырыптары  мұғалім  мен  магистранттың 

келісімімен жүргізіледі. Жұмыс кӛлемі 10-12 бет, титулдық бет - 1 бет.,  мазмұны - 1 бет., 

жұмыстың мәтіні – 7-9 бет, қорытынды — 1 бет, Текст мәтіні 44-45  жолдан, 14 шрифтпен 

терілуі тиіс.

 

 

Бұл  курс  бойынша  магистранттардың  міндеттті  білу  керегі:педагогиканың  негізгі 



ұйымдары,  оқыту  мен  тәрбиелеудің  түрлері,  әдістері,  мазмұны;  алған  білімдерін 

практикада  шығармашылық  тұрғыдан  қолдана  білу;  ой  еңбегінің  мәдениетін  және 

психологиялық-педагогикалық,  әлеуметтік-кәсіби  білімдерін  ӛз  бетімен  меңгеру 

процесін білу қажет. 

Бұл  пәнді  игеру  оқыту  негіздері  мен  оқытушы  тұлғасын  тәрбиелеу  процесін  жан-

жақты зерттеп білу үшін және студенттердің мектептегі педагогикалық практикасында 

қажет. 

Бақылау  жұмыстары,  баяндамалар,  рефераттар,  басқа  жазба  жұмыстары  түрлері 



магистранттар  ӛз  бетімен  орындалады,  ал  жұмыстарында  олар  зерттеп  жатқан 
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет