Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені


Нақты ситуацияны талдау (Саsе-study)



жүктеу 1.25 Mb.
Pdf просмотр
бет8/13
Дата23.04.2017
өлшемі1.25 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Нақты ситуацияны талдау (Саsе-study) 

Нақты ситуацияны талдау  - оқушының іс-әрекеттегі белсенділігін ұйымдастыруда 

мәні  зор  тиімді  әдіс.  Ӛмір  мен

 

ӛндірістегі  міндеттерден  туындайтын  нақты  ситуацияны 



талдай  алудың  әдістерін  игеру  тұлғаның  қабілетін  дамытатын  жол.  Тұлға  нақты 

ситуацияға  кезіккенде  алдымен  мына  мәселені  айқындап  алуы  керек:  осындай  проблема 

бар ма, ол неліктен туып отыр және оған ӛзінің қарым-қатынасын белгілеуі қажет. 

Қазіргі  зерттеушілер  ситуацияны  мәні  мен  түріне  қарай  былай  топтастырып  жүр: 

проблемалық  ситуация,  ситуацияны  бағалау,  иллюстрациялық  ситуация,  жаттығу 

ситуациясы т.б. Осының кейбіреулеріне тоқталайық. 

Проблемалық ситуация - нақты ӛмірден жинақталған деректердегі шиеленіс. Әбден 

матаса  шиеленіскен  мәселені  шешуге  талаптанған  адам  оған  бейне  бір  актерше  қарап, 

ситуацияны  шешудің  ӛзіндік  жолын  ұсынады  немесе  мұны  шешу  мүмкін  емес  деген 

пайымдау жасайды. 

Ситуацияны  бағалау  -  оқиғаға  байланысты  мәселе  талданып,  ситуациядан 

шығудың  жолы  шешіліп  қойған.  Осыған  дейінгі  қабылданған  шешімге  жан-жақты  мән 

беріп,  сын  кӛзбен  қарай  отырып  баға  беріледі.  Болған  оқиғаға  байланысты  айғақтарды 

талдап,  дәлелдеп  қорытынды  жасайды.  Тыңдаушылар  мәселеге  араласпай,  тек  сырттай 

бақылаушы дәрежесінде қала береді. 

Иллюстрациялық ситуация - тиісті тақырыпқа байланысты күрделі мәселені шешу 

үшін  оқытушы  тапсырған  тапсырма  бойынша  жүргізіледі  де,  тиісті  тұжырымдама 

бойынша жасалады. Әрине, мұнда ӛзінше пайымдама шығаруға мүмкіндік аздау болады. 

Ӛйткені келтіріліп отырған мысал, дерек жӛніндегі ситуацияға баға беріліп, айқындалып 

қойғандықтан оны басқаша шешудің қажеті де бола бермейді. 

Жаттығу ситуациясы - оқушыға белгілі дәрежеде дағды қалыптастыру мақсатында 

жүргізіледі.  Ситуация  туғызған  проблеманы  шешуге  байланысты  шығарылған 

тұжырымдама жӛнінде ойланып, оны зерттеу тұлғаға белгілі дәрежеде мәселеге әр жақты 

қарау  дағдысын  қалыптастырады.  Бұл  әдіс  тиісті  тәжірибені  сараптап,  одан  қорытынды 

шығару дағдысына машықтандырады. Түрлі тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. 


Нақты  ситуацияны  талдауға  байланысты  әдістемелерді  жинақтай  келгенде 

бағдарды екі салаға бӛліп қараған жӛн: 

1.

 

Жеке  рольдерге  бӛліп  талдау.  Ситуацияны  талдауды  ойын  түрінде  рольдерге 



бӛліп  сараптауға  болады.  Мұндай  жағдайда  сабаққа  қатынасушылар    талқылануға  тиісті 

нақты  ситуацияны  алдын  ала  рольдерге  бӛліп,  әркім  ӛзі  атқаратын  роль  жӛнінде  талдау 

жасап пайымдау ұсынады. 

2.

 



Коллектив  болып  бірлесіп  талдау.  Шешілуге  тиісті  бір  мәселе,  нақты 

ситуацияны  айқындаудағы  әр  түрлі  талдаудың  жасалған  шешімімен  танысып,  оны 

ӛзгертуді ұсынып немесе толықтыру жасау жӛнінде айтып, тиісті баға беруге де болады. 

Нақты  ситуацияны  талдау  әдісінің  қазіргі  тәжірибеде  байқалып  жүрген  мәніне 

зейін  қойғанда  кӛзге  түсетін  ерекшелік  мынау:  қойылған  сұраққа  дәлелді  де  дәлді, 

байыпты  жауап  қайтару  үшін  теориялық  білімге  ұмтылу  қажеттігін  мойындата  түседі. 

Сондай-ақ,  бұл  әдістің  негізгі  мақсаты  -  оқушының  аналитикалық  қабілетін  дамытып, 

тарамдап  талдай  білуге  жетілдіру.  Айтылып  отырған  ақпараттық  хабарды  дұрыс 

пайдаланып,  оның  ӛзіндік  тұрғыдан  тұтына  білуге  және  соған  орай  шешім  қабылдауға 

ықыласты  болуға  қалыптастырады.  Ӛзіндік  тұрғыдан  шешім  қабылдай  білуге 

дағдыландырып, машықтандырады. 

                  СӚЖЖ тақырыбы: Оқытудың белсенді әдістері. 

1. Тұлғаның белсенділігін арттыру жолдары. 

2. Практикалық іс-әрекететгі оқушының белсенділігі. 

3. Оқытудың белсенді әдістері. 

 

                              Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сҧрақтар 

1. Оқытудағы белсенділікті қалай түсенесіз? 

2. Белсенділіктің қандай түрлері бар? Оларға сипаттама беріңіз. 

3. Дидактикалық ойынның мәні мен мазмұны неде? 

4. Нақты ситуацияны талдау дегеніміз не? 

                             Ӛз бетімен жҧмыс істеуге арналған тапсырмалар 

1. Пікір сайыстың мәні мен маңыздылығын анықтаңыз. 

2. Дебаттың пікір сайыстан айырмашылығын кӛрсетіңіз. 

3.  Айтарыңды  айтып  сал  («Мозговой  штурм»,  «Мозговая  атака»,  «Брейнсторминг» 

әдістеріне сипаттама беріңіз. Олардың айырмашалағын байқаңыз. 

                                Рефераттар тақырыбы 

1. Синетикалық әдәстің мәні мен мазмұны 

2. Пікір сайыстағы басқарушының рӛлі. 

3. Кӛпшілікке арналған пікір сайыстың тәртібі. 

                                               Әдебиеттер  

1. Үстеміров , Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. – А., 2006. 

 2. Беспалько  В.П.  Слагаемые педагогической технологии.М., 1989. 

 3.Ильина  Т.А.  Педагогическая  технология  //  Буржуазная  педагогика  на          современном  

этапе. Под ред. В.А. Мальковой, Б.Л.  Вульдсона. М., 1984. 

4.Кусаинов Г.М. Новая  педагогическая технология: методология  теория и практика. Усть 

– Каменогорск, 1997. 

5. Мировые образовательные  технологическое новые тенденции, проблемы адаптации и 

эффективность // Материалы респуб. науч. метод. конфер. 25 – 26 апреля;  Алматы, 1997. 

6.Педагогическая технология / Сост.Н.Е.  Щуркова, М., 1992. 

7.Педагогические    технологии  :  что  такое  и  как  использовать  в  школе.  Под  ред.  Т.И. 

Искаковой, П.И.  Третьякова. М.; Тюмень, 1994. 

8.Селевко Г.И.  Современные  образовательные технологии: Учебное пособие;М. , 1998. 

9.Смирнов С.  Технологии в образовании// высшее образование в России. 1999 № 

10.Хайруллин Г.Т. Технология и техника взаимодействия; Алматы; 1999. 

11.Хан Н.Н.  Сотрудничество в педагогическом процессе школы. Алматы, 1997. 



 

 

14 тақырып: Білімді бақылап тексерудің тҥрлері мен әдістері 

                                       ЖОСПАР 

3.

 



Оқушылардың білім деңгейін бағалау жолдары 

4.

 



Ағымдық, аралық іс-әрекетті бақылау 

Оқушылардың білімін тексеріп бағалау - педагогикалық үрдіске қатысты мәселені 

жинақтап  қорыту  болып  табылады.  Ӛйткені  оқыту  нәтижесінде  оқушының  меңгерген 

білім,  білік  дағдысы  қандайлық  дәрежеде  екендігін  айқындап,  олардың  алған  білімін 

тәжірибеде қолдана білу міндеттерін шешуге бағыттай алу үрдісін бақылап бағдарлаудағы 

негізгі сала екені белгілі. 

Бағалау  -  оқушының  меңгерген  білім  сапасы  мен  даму  деңгейінің  кӛрсеткіші. 

Әрине,  оқушының  дамуындағы  сапалық  деңгей  ӛлшеуішке  салып  дәлді  ажыратуға 

келмейтін  күрделі  мәселе  екені  рас,  солай  болғанымен  де  оны  есепке  алып,  тексеріп 

бағалау оқыту саласындағы басты істердің бірі болып саналады. 

Дидактикадағы  ежелден  бері  белгілі  дәстүрлі  бақылап,  бағалаудың  бірнеше  түрі 

бар.  Орта  оқу  орындарында  ағымдағы  бақылау,  кезендік  және  қорытынды  бақылау  деп 

жіктеледі. Ағымдағы бақылау нақты сабақ барысында ӛткен тақырып бойынша меңгерген 

нәтиже  тексеріліп  бағаланады.  Кезеңдік  бақылауда  оқылатын  пәннің  арнаулы  тараулары 

бойынша, немесе тоқсандық, жарты жылдық кӛлемдегі білім, білік дағдыларын меңгеруі 

бағаланады.  Қорытынды  бақылау  оқушыны  сыныптан  сыныпқа  кӛшіру  қарсанында 

ӛткізіледі және мұндағы басты мақсат  - оқушының алған білімін жинақтап, меңгергенін, 

алған білімін келешекте ілгері жалғастыру бағдары ӛзектілігі кӛзделеді. 

Білімді бағалау әдісі - бақылау арқылы және ауызша, жазбаша тексеріледі, сондай-

ақ сауалдамалық тест, тәжірибе жолымен жүргізіледі. 

Бақылау әдісінің міндеті оқушының күнделікті жұмыс үрдісінің нәтижесін байқап, 

даму  жүйесін  кадағалап,  білім  деңгейінің  дәрежесін  айқындау  болып  саналады. 

Бақылаудың кӛрсеткіші ресми құжаттарға түсіріліп, мұғалім жинақтап жалпы баға қоюда 

есепке алынады. 

Бағалауды ауызша ӛткізу оқушының сабақ барысында, емтиханда, сынақта мұғалім 

тарапына  қойылған  сұрақтарға  жауап  беру  арқылы  жүзеге  асырылады.  Сабақтың 

барысында  жүргізілетін  сұрақ  және  оқушыға,  топқа,  тұтас  сыныпқа  қою  арқылы 

ӛткізіледі.  Тәжірибелі мұғалімдер сұраудың жолдарын  түрлендіріп үлестірмелі  карточка, 

ойын, техникалық құралдарды қолдану арқылы да ұйымдастырады. 

Жазба  түрде  бақылау  бүгінде  сипатын  кеңейтіп,  оқушының  білімін  байқаудан 

мәнін  зорайтып  және  онын  тиімділігін  арттыра  түсуде.  Қазіргі  дидактикада  техникалық 

құралдардын  мүмкіндігі  артқан  сайын  оның  қолданыс  аясы  да  ӛрістей  түсті  де, 

автоматтық  бақылау,  перфокарта,  баспа  материалдарын  пайдалану,  басқа  да  сұрақтарға 

жауап беру, сұрақты ӛзінше талдап жазу т.б. жолдары ӛрістеуде. 

Бағалау  оқушының  білім  деңгейін  айқындаумен  қатар  тәрбиелік  мәні  зор 

болғандықтан  қай  кезде  де  оған  жауапкершілікпен  қарауды  талап  етеді.  Дәстүрлік 

бағалаудағы  бес  баллдық  жүйемен  қатар  пәннің  белгілі  тараулары  мен  тақырыптары 

немесе  тұтас  курс  бойынша  сынақ  (зачет)  тапсыру,  яғни  шәкірттің  тиісті  мәселені 

меңгеруі тұрғысындағы еңбегіне бақылау тұжырымдама жасалатын. Ал оның қорытынды 

кӛрсеткіші емтихан арқылы - бес баллдық мәндегі ӛте жақсы, жақсы, орташа, нашар, ӛте 

нашар деген атаулармен жинақталатын. 

Соңғы  он  жылдықтар  кезінде  әсіресе,  жоғары  дәрежелі  мектептер  мен  арнаулы 

орта оқу орындарында рейтинг жүйесі ӛрістеді. Рейтинг - ағылшын тіліндегі — «жетістік 

ӛлшемі»  «баға»  деген  мәнде  болса,  оқу  үрдісінде  шәкірттің  таным  сапасын,  нәтижесін 

бақылап, тексеріп қол жеткен табысын ілгері жетілдірудің жол-жосығын нұсқап, олардың 

жауапкершілікпен белсенді түрде еңбектенуіне бағдар берілетін әдіске айналды. 



Рейтинг  жүйесіндегі  модульдік  құрылым  оқу  материалын  логикалық  тұрғыдан 

бӛлшектерге  топтастырып  немесе  пәндік  тараулар  негізінде  блоктарға  біріктіреді. 

Модульдің  саны  оқу  пәнінің  мазмұнына  қарай  және  оның  кӛлемдік  мӛлшеріне  лайық 

белгіленеді. Сондай-ақ модульдік құрылым оқу материалының белгіді бір кесегі, бӛлшегі 

порциясы  болса,  оқушы  мұнда  кӛрсетілген  тапсырысты  міндетті  түрде  орындап,  жүзеге 

асыруға тиіс. Ал оны бақылау, тексеріп бағалау: 

а)күнделікті немесе ағымдық іс-әрекетті бақылау тұрғысында

ә) аралық (рубеждік) бақылау түрінде; 

б)қорытынды мәнде аттестациядан ӛтеді.  

Бұл жүйені тарамдай айтсақ мәні мынау: 

Күнделікті  немесе  ағымдағы  іс-әрекетті  бағалау  белгіленген  модуль  бойынша 

атқарылған    жұмыстын  барысы  мен  бағдары  қарастырылып,  тиісті  тапсырыстың  нақты 

орындалуы жӛнінде ұйымдастырылған жоба, жоспардың жүзеге асуына мән беріледі. 

Аралық  бақылау  әрбір  модуль  аяқталған  кездегі  коллоквиум,  реферат  қорғау, 

ӛзіндік жұмыстардың нәтижесін байқау тұрғысында жүргізіледі немесе тестілік сауалдама 

ӛткізіледі. 

Қорытындылық  бақылауда  -  ағымдағы,  аралық  бақылаудың  жесін  жинақтай 

отырып  сынақ,  емтихан  ӛткізіледі  немесе  тестілік  сауалдама  арқылы  шәкірттің  білім, 

білік, дағдысы жинақталып бағаланады. 

Тестілік  сауалдамаға  Қазақстан  Республикасында  ерекше  беріліп,  мемлекеттік 

тұрғыдағы  бақылау  бағалау  денгейіне  дейін  кӛтеріліп,  2004  жылы  орта  оқуын 

бітірушілерге  ұлттық  біріңғай  тестілеу  (ҰБТ)  ӛткізілді.  Білімнің  сапасын  сараптауға 

арналған ҰБТ-ге - 179 223 оқушы қатысты. 

Педагогика  ғылымындағы  тест  терминінің  кеңірек  қанат  жаюы  соңғы  жылдарда 

болғанымен  де  бұл  термин  психология  саласында  XIX  ғасырдың  орта  кезінен  бастап 

орныққан атау. 

Тест сӛзінің тӛркіні ағылшын тіліндегі бақылау, сынау деген мәнді білдірсе, бүгінгі 

ұғымдық мағынасы - іекерлікті, дағдыны, қабілетті, ынтаны анықтайтын кӛрсеткіш деген 

түсінікке  де  айналып  отыр.  Сонымен  қатар  оқыту  үрдісіндегі  білім,  білік,  тәрбие, 

дамуындағы  деңгейді  сипаттайтын  кӛрсеткішке  де  саналуда.  Әдетте,  тест  -  ойлау  мен 

әрекеттену  уақыт  шапшаңдығын  және  күш-жігердің  шамасы  мен  қарқынын  байқауда 

қолданылады. 

Тестті  орындалуға  тиісті  тапсырма  нысанасына  қарай  бірнеше  нұсқа  ұсынылады. 

Оқушы  ойда  кӛрсетілген  дұрыс  жауапты  айқындайды  немесе  нұсқалған  сауалдаманы 

шешеді.  Келтірілген  нұсқада  дұрыс,  қате,  ауытқу  түріндегі  жауап  келтіріледі.  Сол 

тұжырымдамаларды  ажыратуы  керек.  Тестіні  орындаушыға  баға  қойылмайды,  нәтиже 

алдын ала белгіленген ұпай бойынша жинақталады. Тестінің жасалуы да, қолданылуы да, 

шешілуге тиісті қойылған мақсатқа лайықты етіп құрастырылады. 

Сонымен  тест  білімнің  нәтижесін,  дәреже  деңгейін  есепке  алып,  статистикалық 

мәліметтер арқылы жинақтаудың тиімді жолы деп саналуда. 

Орта  оқу  орындары  мен  жоғары  мектептерде  білім  беру  мәселесінде  сабақтастық 

болуы  керек  екендігі  ескерілуге  тиіс.  Бірақ  бұл  саладағы  ағаттық  мынада  болып  отыр  - 

орта  оқу  орындарындағы  мұғалімдердің  абырой-даңқын  кӛтеру  мен  білім,  білік  деңгейі 

оның неше шәкіртті жоғары оқу орындарына түсе алғандығымен ӛлшенетін кӛрсеткішке 

айналып,  олар  келсін-келмесін  сабақ  жүргізудегі  әдістер  мен  тәсілдерін  жоғары  оқу 

орындарына  икемдеуге  бейімдеп  алған.  Мұнда  әкетіп  бара  жатқан  ауытқу  жоқ  деп 

қарағанымызбен де, негізгі мақсаттан ауытқудың зияны да аз емес. Атап айтқанда, жалпы 

білім беретін орта оқу орындарындағы мақсат - шәкіртті оқи білуге, тиісті деректі талдап, 

талқылап, ӛзінше ізденіп пайымдау жасай алуға, ойын дәлелді айтып, сауатты жаза білуге 

қалыптастыпу  болса,  жоғары  оқу  орындарының  басты  міндеті  -  тиісті  саладан  маман 

дайындап,  ӛндірістер  мен  қоғамдық  ғылымдарды  дамытуға  бағытталған  кәсіби  маман 

даярлау  екендігін  терең  ажыратып,  нақты  түйіндеу  жасау  екені  басты  бағдарда  ұстануға

 


тиіс.  Мұны  дәлді  ажыратпай  ұрандатқан  кӛрсеткішті  малдану  оқыту  мен  білімдендіру 

саласында педагогикалық қағидаларды орындауға бӛгет жасаған басқа пайданы шамалы, 

танымдық түсінік екенін берік тұтыну әрбір ұстаздың парызы. 

              



                                СӚЖЖ тақырыптары. 

1.Бағалауға – оқушының меңгерген білім сапасы мен даму деңгейінің кӛрсеткіші. 

2.Білімді бағалау әдісіне сипаттама. 

3.Рейтинг жүйесі туралы түсінік. 



 

    Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сурақтар 

1.Сыныптық сабаққа сипаттама бер. 

2.Аралас сабақтың ерекшеліктерін сабақтың басқа түрлерімен салыстыр. 

3.Оқушының білімін тексеру жолдарын сипатта. 

 

Ӛз бетімен орындауға арналған тапсырмалар 

1.

 



Бір сабақтың үлгі жоспарын жасап кӛр. 

2.

 



Оқушының білім деңгейі жӛніндегі ӛзіндік ой-түсінігіңді жазбаша тірке. 

3.

 

Педагогикалық диагностиканың мәні жӛнінде дәлелдер мен мысалдар келтір. 

 

Реферат тақырыптары 

1.

 



Оқу жұмысы ұйымдастырудың тиімді жолдары. 

2.

 



Сыныптық сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру. 

 

Әдебиеттер 

1.Махмутов М.И. Современий урок. Вопросы теории. М., 1985 

2.Дидактика средней школы (под.ред. М.Н. Скаткина) 

3.Педагогика (под.ред. Пидкасистого П.И.) М., 1996 

4.Педагогика (дәріс курсы) А.2003. 



 

15 тақырып: Қазақстан Республикасында білім беру жҥйесі 

                                  ЖОСПАР 

1.

 



Білім беру саласындағы қоғамның талабы туралы түсінік. 

2.

 



Білім беру мекемелерінің типтік жүйесіне сипаттама. 

 

Білім  беру  жүйесі  оқу  бағдарламасы  мен  мемлекеттік  стандарт  негізінде 

айқындалып,  оны  оқу  орындары  жүзеге  асырып,  тиісті  мекемелер  арқылы  басқарылады. 

Білім  берудің  сипатын  мемлекеттің  әлеуметтік  экономикасы,  саяси  құрылысы,  тарихи-

мәдени жағдайы мен ұлттық ерекшеліктері айқындайды. 

Білім  беру  саласындағы  қоғамның  талабы  мемлекеттің  білім  беру  саясатындағы 

принциптер негізінде жүзеге асырылады. 

Қазақстан  Республикасының  Ата  заңы  -  конституциясы  бойынша  Қазақстан 

Республикасының  «Білім  туралы»  заңы  қабылданды.  Заң  білім  беру  саласындағы 

мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын орнатты: 

1.

 

Қазақстан Республикасы азаматтары білім алуға тең құқылы. 



2.

 

Әбір азамат үшін интеллектуалдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке 



бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің саласының қол жетерлік болуы. 

3.

 



Білімнің зайырлығы. 

4.

 



Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау. 

5.

 



Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі. 

6.

 



Білім  беру  ұйымдарының  меншік  түріне,  оқыту  мен  тәрбиелеу  түріне, 

бағыттарына байланысты әр түрлі болуы. 

7.

 

Білім  беру  ұйымдарының  ӛкілеттілігі  және  оны  басқарудың  демократиялық 



бағытта болуы. 

8.

 



Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек. 

9.

 



Білімнің ғылыммен, ӛндіріспен байланысы. 

10.


 

Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу. 

11.

 

Білім беру саласының информатикаландырылуы. 



Бұл  принциптер  білім  беру  саясатын  айқындайтын  басты  да  негізгі  бағдар  болып 

табылады,  демек,  елімздегі  оқу  орындарының  мән-мазмұндық  бағдарын  сипаттайтын 

қағидалық таным. 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  ұйымдастыру  жүйесі  Білім  жӛніндегі 

заңын басшылыққа алып, онын меншігіне, типіне, түріне карамастан оқу бағдарламалары 

мемлекеттік  білім  беру  стандарты,  басқару  орындары  мен  оларға  бағынышты 

ұйымдардың  негізінде  құрылады.  Ұйымдастыруда  басшылыққа  алынатын  міндет  жеке 

тұлғаның


 

білім  алуы,  дамуы,  кәсіби  қалыптасуы,  ұлттық  және  азаматт  құндылықтарды 

қабылдап,  ғылыми-техникалық  жетістіктерінің  негіздерін  игеруді  қалыптастырып,  қажет 

жағдайда оларды жасай алуы кӛзделеді. 

Білім беру мекемелерінің типтік жүйесінін жалпы сипаты: 

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесі; 

Жалпы білім беретін орта оқу орындары:  

-

 



бастауыш мектеп;  

-

 



орта оқу орындары: лицей, гимназия, жалпы орта мектеп, кәсіптік орта мектеп; 

колледж т.б. 

• Жоғары мектептер: университет, академия, институт, консерватория. 

Қазақстан  Республикасында  мектепке  дейінгі,  мектептен  тыс,  арнайы  және  ата-

аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалар  мен  жетім  балаларға  арналған  білім  беріп, 

тәрбиелеу  мекемелер  бар.  Сондай-ақ  шетелдік  ұйымдар  мен  қорларының  қаржысымен 

ашылған  оқу  орындары  және  діни  бірлестіктерге  қарасты  медресе  т.б.  білім-тәрбие 

беретін мекемелер ӛз істерін жалғастыруда. 

Қазақстан  Республикасында  білім  берудің  жаңа  моделін  құрып,  оны  сынақтан 

ӛткізу мен ӛмірге енгізудің ауқымды жұмыстары жүріп жатыр, оның негізгі принциптері 

«Қазақстан 

Республикасының 

2015 

жылға 


дейінгі 

білім 


беруді 

дамыту 


тұжырымдамасында» кӛрсетілген. 

Қоғамдағы  қазіргі  кездегі  қайта  құрулар,  экономикалық  дамудағы  жаңа 

стратегиялық  бағдарлар,  қоғамның  ашықтары,  оның  жедел  ақпараттануы  мен  қарқынды 

дамуы білім беруде қойылған талаптарды түбегейлі  ӛзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің 

кӛпшілігінде  білім  беру  жүйесі,  білім  берудін  мақсаты,  мазмұны,  технологиясы  оның 

нәтижесіне  қарап  бағаланатындығын  және  ондай  жетістіктен  сырт  қалуға 

болмайтындығын  ӛмірдің  ӛзі  дәлелдеп  отыр.  Білім  берудің  бүгіні  мен  болашағы  білімді 

алып,  білік  пен  дағдылық  машыққа  қол  жеткізумен  шектелу  емес,  оны  ілгері  дамытып 

жетілдіру 

э

не ӛ'ідігінен іздеп тауып, уакытқа лайықты пайдалана білуде ербестік кӛрсету 



қажеттігі  кӛзделуде.  Осы  орайдан  техникалык  және  кәсіптік  білім  беру  жӛніндегі 

Лиссобон  декларациясын  қолдаған  бүкіл  дүниежүзілік  конференцияның  Болоньядағы 

келісіміне тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдерімен бірге Қазақстан да мақұлдап 

қол қойды. 

Тәуелсіздікке  жеткенге  дейін  кенестік  жүйедегі  білім  бсру  кеңістігінде  болған 

Қазақстан  тиісті  деңгейде  табысқа  жетіп,  игілікті  нәтижеге  ие  болды.  Бірақ  ол  ӛмірлік 

ӛлшем  емес,  уақыт  мәресінен  қарағанда  түрлі  кедергілер  мен  кемшіліктер  болды,  оның 

бастылары  деп  мыналарды  айтқан  жӛн:  білім  беру  шектен  тыс  саясаттандырылды, 

ӛмірден  және  әлемдік  тәжірибелерден  алшақ  болды,  тарихи-мәдени  құндылықтар, 

этнопедагогикалық  тағылымдар  ескерілмеді,  білімнің  мазмұнындағы  біркелкілік 

жаттандылыққа  ұрындырды.  Бұл  ағаттықтардан  айығу  үшін  түрлі  реформалар  жасау 

қажеттігі  туды.  Сонымен  бірге  Қазақстан  демократиялық  жолға  түскендіктен  ӛтпелі 

кезеңде  барлық  әлеуметтік-экономикалық  түбегейлі  ӛзгертулер  білім  саласында  қайта 


құру  қажеттігін  туғызды.  Осы  орайдан  тиісті  басқару  мекемелері  мен  мамандар  ғылым 

мен техниканың жетістіктерін, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын, дамыған 

елдердің  үздік  тәжірибелерін  ескере  отырып  оқу  орындарының  жүйесін  жетілдірудің 

тиімді  жолдарын  ұсынуда.  Негізгі  ұстаным  білім  мен  тәрбиені  гуманизациялау, 

гуманитаризациялау және демократияландыру идеясына бағытталуда. 

Білім беру жүйесіндегі жобалар мен жоспардың ӛмірге үйлесімді деңгейде жүзеге 

асуы мұғалімнің мультимедиялық (кеп жақты) ақпараттық құрылымды игеріп, оны нақты 

жағдайға байланысты қолдана білуімен шарттас. Ал оны жүзеге асыратын ұстаздар. Олай 

болса  мұғалім  -  білім-тәрбие  беріп,  оны  жетілдіру  саласының  жаңа  тұрпаттағы  маманы. 

Білім  -  тәрбие  берудің  қай  саласында,  қай  жүйесіңде  болмасын  оның  күрделі  де  бір-

бірімен  матасқан  түйіндерін  шешетін  де,  жүзеге  асыратын  да  мұғалім.  Сондықтан  оның 

алған  білімі,  жинақтаған  тәжірибесі,  әдістемені  меңгерудегі  шеберлігі  және  басқару 

жүйесіндегі адамдармен ортақ тіл табысып, шәкірттердің арман-мүддесіне лайықты іздене 

білуін дұрыс ұғына алуы кезек күттірмейтін қажеттілік. 

Ұстаз  еңбегі  педагогикалық,  психологиялық  теориялар  мен  деректерді  білу  ғана 

емес,  әдістемелік  даярлықты  тұрақты  жетілдіріп,  нәтиже  беретін  іс-әрекетке  сәйкестіріп 

жүзеге асыру сапасында еңбектену диагностикалық басқару бағдары оқушының тұрақты 

түсінік  таным  қасиеттерін  дамытып,  оны  қалыптастыруды  бағыттауға  мейлінше  кӛңіл 

бӛлінуге тиіс. Бүгінде педагогикалық терминге айналған диагноз деген грек сӛзінің түпкі 

мәні  -  танып  білу,  бағдарын  анықтау.  Ал  педагогикалық,  психологиялық  ғылыми 

зерттеулерде тиісті мәселенің құрылымдық,  функциялық  міндеттердің бағытын анықтап, 

бағдарын болжай білу деген мәнде қолданылып жүр. Бұл біртұтас үрдістің ретін, іс-әрекет 

нысандарының  болжамын  бағдарлаудағы  ұстаным  және  теориялық  білім  деңгейін 

ажыратып, практикалық қолданыс жобасын айқындайтын жолдар. Олай болса диагноздың 

анықтамасы  педагогикалық  процестің,  себеп-салдарын  анықтап,  оның  барысындағы 

құбылыстарды,  мұғалім  мен  оқушы  әрекеттеріндегі  мүмкіндіктерді  ажыратып 

жобалаудағы  нысандарды  болжап  бағдарлаудың  ұстанымы  болып  шығады.  Сонымен 

қатар қарым-қатынасты сипаттап, оның оңтайлы жақтарын жинақтайтын, себеп-салдарын 

ажырататын кӛрсеткіш деп танимыз. 

Белгіленген диагностиканы жүзеге асыру әдістеме мәселесіне тікелей байланысты. 

Сондықтан  мұғалімнің  әдістемелік  бірлестіктерге  белсенді  қатысуы  педагогикалық 

шеберлікті жетілдіруіне кеңірек мүмкіндік береді. Әсіресе, қабілетті мұғалімдердің алғыр 

ойлары, тәрбие мен білімдендіру саласындағы жаңалық пікірлері мен тиімді ізденістерін 

айқындай отырып, оны әріптестерінің игілігіне айналдырудың жолын ашады. Оқушының 

білім  сапасын  жетілдіріп,  іскерлік  таным  дағдылары  мен  әрекеттерді  меңгеру  тәсілдерін 

ӛркендетіп,  кӛзқарасын  қалыптастыру  мұғалімдердің  теориялық  және  тәжірибелік 

ізденістеріне  тәуелді  болуымен  қатар  олардың  педагогтік  шеберлігін  арттырудағы 

әрекетінің  орны  ерекше.  Ӛйткені  мұғалімнің  ұстаздық  тәжірибесі  оның  кәсіби  білімі, 

оқыту  шеберлігіне  тәуелді.  Оны  тиімді  денгейде  жетілдіру  жұртшылық  мойындаған 

алдынғы 


қатарлы 

педагогикалық 

тәжірибелер 

мен 


инновациялык 

мәндегі 


жаңашылдықтарды  меңгеріп,  оны  ӛзіндік  іс-әрекетке  сәйкестіре  пайдалана  білу  арқылы 

ӛріс  алып  ӛркен  жаятындығы  ешбір  далелдеуді  қажет  етпейтін  ақиқат.  Осы  орайдан 

кеңестік жүйедегі ізденістерден танымал болған ынтымақтастық педагогикасынан белгілі 

В.Ф.Шателов,  Е.Н.Ильин,  Ш.Амоношвили  т.б.  қатар  Қазақстандағы  А.Ысқақов, 

Қ.Бітібаева,  Қ.Айтқалиев  тәжірибелері  оқыту,  тәрбиелеу  ісіндегі  үлкен  жетістіктер  деп 

қарай  отырып,  оны  бүгінгі  қайта  құрылыстағы  әрекеттерімізге  тиімді  қолдану  діттеген 

мақсатқа  жетуге  игі  ықпал  ететіндігі  ешбір  дау  туғызбасқа  тиіс.  Қайта  сол  жол-жобаны 

уақытқа  үйлесімді  дамытып,  оны  ілгері  жетілдіре  түсу  басты  парыз.  Қазіргі  алдыңғы 

қатарлы  үздік  тәжірибелердің  бәрі  де  ғылыми  зерттеулерге  негізделген  педагогикалық 

инновациялық  саланы  ерістетіп  келеді.  Педагогикалық  инновация  болса  айтарлықтай 

тиімділікке  қол  жеткізетін  оқыту,  білімдендіру,  тәрбиелеу,  дамыту  технологиясының 

мазмұны  мен  әдістемесіне  ӛміршең  ӛзгерістер  кіргізіп,  іс-әрекетті  ӛркендететін 



жаңашылдық.  Инновациялық  үрдіске  шығармашылық  бағытта  жұмыс  істейтін  ұстаздар 

кеңінен  қатысуда.  Дүниежүзінің  алдыңғы  қатарлы  елдеріндегідей  Қазақстандағы  оқыту 

ағарту бағдарында альтернативтік мектеп жүйелері пайда бола бастады. Онда оқыту жаңа 

арнаға түсіп, білім беру мен тәрбиелеудің жаңа технологиясы ӛрістеп келеді. Педагогика, 

психология  саласындағы  ғалымдар  инновациялық  жаңашылдықты  зерттеп  кӛпшілік 

игілігіне айналдыру жұмысына кірісе бастағанымен әзірге нәтижесін кӛрсетерлік мәресіне 

жетпей жатыр. 

 


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 1.25 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет