Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені



жүктеу 1.25 Mb.
Pdf просмотр
бет7/13
Дата23.04.2017
өлшемі1.25 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

                        СӚЖЖ  тақырыбы 

1.

 

Оқыту принциптеріне сипаттама. 



2.Оқыту принциптері оқушының оқу белсенділігіне әсері. 

3. Дидактиканың «алтын ережесіне» сипаттама. 

                           Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сҧрақтар 

1.Оқыту принциптері дегеніміз не? 

2. Оқыту принциптерінің оқу процесінде алатын орны. 

3. Оқытудағы ғылымилық, жүйелілік, бірізділік принциптері дегеніміз не? 

4. Теория мен практиканың байланыстылық принципіне мысал келтір. 



   

                   Ӛз бетімен жҧмы істеуге арналған тапсырмалар 

1.Оқушының оқуға деген белсенділігін кӛтеруге оқыту принциптерінің әсері. 

2. Оқыту принциптерін мысалмен түсіндір. 

                             



                                         Рефераттар тақырыбы 

1.Оқыта отырып тәрбиелеу принципінің негізі

2. Теория мен практиканың байланыстылық принципі. 

3.Педагогикалық процестегі бағыт бағдар сәйкестігі. 

 

                                                Әдебиеттер: 

 

Педагогика. Курс лекций. Алматы: ―Нұрлы Әлем‖, 2003 



2.  Вульфов Б. З., Иванов Б.Д. Основа педагогики (в лекциях, в                    ситуациях,        

в первоисточниках) Уч. пособие – М., 1997 г 

17.

 

Ильина Т.А. Педагогика.- М., 1984 



18.

 

Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999 



19.

 

Лихачев Б.Т. Философия воспитания. Спец. курс. Уч. пособие- М., 1995 



20.

 

Педагогика. Уч. пособие (Под. ред.  Т.Н. Пидкасистого-., 1998) 



21.

 

Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 1998 



22.

 

Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 1998 



 

      10 тақырып:  Оқыту технологияларының мазмҧны. 



                                          ЖОСПАР 

1. Оқыту технологияларына сипаттама. 

2. Оқыту технологияларының түрлері

 

Педагогика ғылымында оқытудағы жаңа бағдар, яғни технология ӛткен ғасырдың 

50 жылдарынан бастап кеңірек құлаш жайып, оқу үрдісін тиімді құрастыру жолдары мен 

обалауды  жетілдіру  арқылы  білімдендірудің  арнасы  кеңейтіле  түсті.  Педагогикалық 

технологиядағы негізгі идея - оқу үрдісін басқарып, жобалап, берілетін білімді оқушының 

нақты  меңгеруін  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  ету.  Ал  дәстүрлі  оқытудағы  әлсіздік  - 

қойылған мақсаттың жүзеге асу нәтижесі  күңгірт, оқыту әрекетін басқару  мен шәкірттің 

білімді қаншалық меңгергендігін ажыратуда кӛмескілік кӛп болатын, сондай-ақ тұлғаның 

қол жеткен табысын айқындап, оны бағалаудағы кері байланыс жеткіліксіз болатын. 

Оқыту технологиясына тән басты сипат мынада: 

-

 

Оқыту мақсатына байланысты қойылатын диагностика айқын болуға тиіс. 



-

 

Оқыту  барысында  атқарылатын  іс-әрекеттің  барлығы  да  оқу  мақсатының 



орындалуына кепілдік берерлік бағытта ұйымдастырылуға тиіс. 

-

 



Ағымдағы бақылау да, нәтижелік бағалау да түлғаның нені біліп ұғынғандығын 

айқындап отырарлықтай кері байланысқа негізделуі керек. 

- Оқыту барысындағы іс-әрекеттің бәрі де берілетін білімді меңгеруге бағытғалады. 

Оқыту  мақсатын  айқындаудағы  шарт  -  оқыту  диагностикасын  белгілеу.  Ӛйткені 

алдын  ала  жобалап,  мұғалімнің  атқарған  іс-әрекеті  оқушының  меңгерген  білімінен 

кӛрінетін болуға тиіс.  Шэкірттің алған білім деңгейі,  қойылған талап, нәтиже бағаланып 

отырады. Ал дәстүрлік оқытуда білімдік мақсат кӛрсетілгенмен де оқушының меңгерген 


білімінің  нәтижесі,  оны  қандайлық  дәрежеде  меңгергендігі  үнемі  айқыңдала  бермейді, 

дәлді  белгіленбей  күңгірт  күйінде  қалып  қояды.  Ал  мұнда  шәкірттің  оқуға  деген 

белсенділігін  жетілдіруде  мақсатқа  байланысты  диагностика  белгіленген  болса,  оқушы 

атқаруға  тиісті  іс-әрекетің  реті  белгіленіп,  олар  нені  біліп,  нені  ұққандығы  және  алған 

білігін жүзеге асырып, қолдана алуы кӛрсетіледі. 

Оқыту технологиясында окытылуға тиісті материалға байланысты іс-әрекет толық 

сипатталып,  оны  меңгерудегі  білімдік  мағлұмат  —  мақсаттың  орындалып  жүзеге  асу 

кепілдік  береді.  Қойылған  мақсаттың  диагностикасын  айқындағаннан  кейін  оқушы 

меңгеруге  тиісті  тұтас  материалын  топтастырады.  Сол  топтастыру  бойынша  оқушының 

қаншалық  меңгергендігін  тексеріп,  бақылап,  егер  толық  игермеген  жағдайда  қайталап 

оқуына,  пысықтауына  мүмкіндік  жасалады.  Кӛрсетілген  бӛлшекті  толық  меңгеруі  талап 

етіледі.  Ағымдағы  бағалауда  оқушы  «меңгерді»  «меңгерген  жоқ»  деген  тұрғыда 

белгіленеді.  Нәтижені  жинақтау  кезінде  әрбір  оқушынын  қаншалық  еңбектенгендігі  де 

айқын


 

болып  шығады.  Жекеден  тұтастыққа  кӛшу  қағидасы  ӛрістейді.  Әрине,  мұнда 

негізінен  репродуктивтік  жол  үстемдік  құрғанымен  де  тұтас  материалдың  бӛлшектерін 

білу арқылы оның тұтас жүйесін меңгеру мүмкіндігі туады. 

Репродуктивтік  біліктен  оқушыны  ӛзіндік  іс-әрекетке  баулып  дағдыландыруда 

мынандай тәсілдер де қолданылады: 

1.

 

Тиісті білімдік мағлұматты түсіндіру. 



2.

 

Репродуктивтік  жолмен  біліктік  дағды  қалыптастыру  барысында  мынандай 



тәртіп жүзеге асырылады: 

а)Тұтас  білімдік  мағлұматты  жеке  бӛлшектерге  бӛліп  беру  арқылы  біртіндеп 

білгізіп, ұғынған түсінігін түрлі жазу жолымен кӛрсетеді. 

ә)Ойды  бірден  күрделендірмей  қарапайым  мәнде  машықтандырып  жаттығу 

ұйымдастырылады. 

б)Бір-біріне  байланысты  мәселені  оқушының  ӛздігінен  атқаруы  ұйымдастырылып 

және оны жүзеге асыра алатындығына олар сенуге тиіс. 

3.Меңгерілген  білім  негізінде  оқушының  ӛздігінен  ізденуіне  бағдар  беріп,  тиісті 

нәтижеге жетуіне назар аударылуы керек: 

а)  Проблемалық  ситуация  туғызуды  ұйымдастырып,  нақты  міндеттерді  шешіп, 

тиісті модель құруға кӛңіл қойылады. 

ә) Оқушы сыныптастарымен, мұғаліммен бірлесе отырып ӛзі атқарған іс-әрекетіне 

талдау жасай білуге тиісті. 

Бұл  жүйе  оқытылатын  тақырып  пен  онын  тиісті  бӛлімдеріне  байланысты 

мұғалімнің  оқушыларға  бағдар  беріп,  олардын  ӛздігінен  ізденуіне  жол  сілтеп,  оның 

орындалуын қадағалаи білуге де қатысты. 

Оқыту технологиясында меңгерілуге тиісті мәселені оқушының игеруі үшін мына 

мәселелерге  мән  беріледі:  оқыту  мақсатын  айқындап,  меңгерілуге  тиісті  материалдың 

деңгейін алдын ала бағдарлап, оқу барысында атқарылатын іс-әрекеттің ӛзара байланысын 

және  оның  нәтижесін  бағалау,  соған  орай  жаңа  мақсаттар  белгіленуі  керек.  Мұндай 

жағдайда  оқу  үрдісі  модульдік  сипатқа  ие  болады  да  онда  оқылатын  тақырыптың 

әрқайсысы модульдік- блоктарға бӛлініп кӛрсетіледі. 

Оқыту технологиясындағы басты сипаттың бірі  - білімге шынайы бақылау жасап, 

кері байланысты қамтамасыз ету. Білімнің деңгейін айқындап, оны нақты бағалау мәселесі 

бүгінде  тиянақты  шешімін  таппағандығы  белгілі.  Оны  дәл  белгілей  қою  оңай  емес. 

Осыдан барып білімді бағалауда формализмге ұрынушылық та жиі ұшырасады. Ал білімді 

бағаламай  қоюға  тағы  болмайды.  Ӛйткені  оқушының  біліміне  баға  берілмесе,  оқытудын 

мән-мазмұнына  деген  олардың  сенімі  болмай  қалуы  да  ықтимал.  Екіншіден  бағалау  - 

оқыту жүйесіндегі дидактикалық үрдісті басқарып, бағдарлаудағы басты компоненттердің 

бірі екені белгілі. Мұны ескермеуге тағы болмайды. Бұл проблеманы шешуге байланысты 

әр түрлі ғалаптар жасалған. Оқыту технологиясында соңғы кезендерде ағымдағы білімді, 

стандарттық  тапсырмаға  байланысты  оқу  деңгейін,  ондағы  мақсаттың  орындалуына 



байланысгы  сауалдама-тест  жүйесі  ӛріс  алып  отыр.  Соның  нәтижесінде  2004  жылы 

Қазақстан Республикасында орта оқу орнын бітірушілер ұлттық бірыңғай тест тапсырды. 

Оқу  технологиясында  тест  жүйесінің  түрлі  жетісгіктерімен  бірге  оның  ӛзіне  тән 

кемшіліктері мен олқылықтары да бар. Дәлірек айтқанда, тұлғаның дербес ерекшеліктерін 

айқындап,  ішкі  түсініктерін  ашуға  мүмкіндік  бермейді,  сонымен  қатар  шәкіртті 

репродуктивтік жолға бейімделуге ұрындырып, жаттандылықтын шырмауында қалдыруға 

соқтырады.  Білім  алу  және  оның  нәтижесін  сынау  барысындағы  іс-әрекетке  оқушыны 

психологиялық  жағынан  бӛгеп,  еркін  ойлап  шығармашылыққа  бейімделуіне  тосқауыл 

жасауы да мүмкін. 

Қазіргі орта оқу орындарындағы оқыту жүйесі бойынша пәндік оқытудың мақсаты 

мен  мазмұны  тиісті  құжаттарда  айқын  кӛрсетілген.  Ал  ондағы  бағдарламалық 

талаптардың  деңгейін және  оны  меңгерудегі  оқушының  түсінігін дәлді  белгілеу  тестінің 

ӛзіндік  мәнін  тӛмендетпей,  барлық  мезгілде  болмағанымен  де,  тиісті  талаптарды 

айқындауда қолдану екендігі белгілі. 

Білімдендіру  барысындағы  оқыту  тәсілінде  «моделдік

 

ойлау»  амалын  мұғалімнің 



сабақ кезінде қолдана білуіцің де

 

мәні зор. Моделдік ойлауды жүзеге асыруда оқушының 



қиналуы да, қателікке ұшырауы да ықтимал, кейбір жағдайда ӛзіндік жол тауып, моделге 

байланысты жанаша пікір ұсына білуі де мүмкін. 

Оқытудың технологиясы дидактиканың қолданбалы жолдарын дамытуға әсер етіп, 

оқушылардың  бірыңғай  жаттанды  жолмен  кетпей,  ӛзінше  пікір  ұсынып,  ӛзінше  ойлана 

білуге  және  сол  ойына  орай  пайымдау  жасай  алуға  бағдарлайды.  Білімдік  деңгейдің 

нәтижелі болуына да ықпал етіп, оқушыны саналы түрде ойлана білуге баулиды. 

 

СӚЖЖ  тақырыбы: Педагогикалық технологиялар 

                                     Жоспар: 

В.Ф. Шаталовтың технологиясы 

М. Монтессори технологиясы 

С. Френе мектебі 

Р. Штейнердің ―Вольдорф мектебі‖ 

 

Ӛзін - ӛзі бақылауға арналған сҧрақтар. 

1.

 



―Технология ‖  ұғымына анықтама беріңіз.  

2.

 



Педагогикалық  технологиялардың мәнін ашып кӛрсетіңіз. 

3.

 



Дәстүрлі  оқыту технологияларының  концептуалдық анықтамаларын  атаңыз. 

4.

 



Ынтыматастық педагогикасы ӛкілдерін  атап  шығыңыз. 

5.

 



Қазақстандағы  авторлық    мектептерді  және  онда  қолданылатын  педагогикалық  

технологияларды атаңыз. 

 

Ӛз бетімен жҧмыс істеуге арналған тапсырмалар 

1.  Ғылыми    әдебиеттерден  ―технология‖,―  педагогикалық  технология‖,  деген  ұғымдарға 

берілген анықтамаларға талдау жасап, конспектілеңіз. 

2. ―Қазіргі  кезеңдегі педагогикалық  технологиялар‖  мәселесіне байланысты  әдебиеттер 

тізімін құрастырыңыз.  

 

Реферат тақырыптары 



 

1.

 



Педагогикалық технология және мұғалім шеберлігі. 

2.

 



Дәстүрлі технология және оның  негізгі  белгілері. 

3.Оқытудыњ  дәстүрлі формасының даму тарихы. 

4.Педагогикалық  технологиялардың негізгі сипаттары. 

5.Педагогикалық  іс - әрекет  творчестволық процесс. 

6.Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу және қолдану. 


7.Ынтымақтастық педагогикасы. 

8.Дамыта оқыту технологиясы. 

9.Мектептердің даму тарихындағы оқытуды ұйымдастырудың негізгі  фомалары. 

10.Қазіргі мектептегі педагогикалық  процесс  

11.Авторлық  мектептердің педагогикалық технологиялары. 

12.Г.К. Селевконың  оқытудғы ӛзін - ӛзі  дамыту технологиясы. 

 

 

Әдебиеттер : 



1. Үстеміров , Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. – А., 2006. 

 2. Беспалько  В.П.  Слагаемые педагогической технологии.М., 1989. 

 3.Ильина  Т.А.  Педагогическая  технология  //  Буржуазная  педагогика  на          современном  

этапе. Под ред. В.А. Мальковой, Б.Л.  Вульдсона. М., 1984. 

4.Кусаинов Г.М. Новая  педагогическая технология: методология  теория и практика. Усть 

– Каменогорск, 1997. 

5. Мировые образовательные  технологическое новые тенденции, проблемы адаптации и 

эффективность // Материалы респуб. науч. метод. конфер. 25 – 26 апреля;  Алматы, 1997. 

6.Педагогическая технология / Сост.Н.Е.  Щуркова, М., 1992. 

7.Педагогические    технологии  :  что  такое  и  как  использовать  в  школе.  Под  ред.  Т.И. 

Искаковой, П.И.  Третьякова. М.; Тюмень, 1994. 

8.Селевко Г.И.  Современные  образовательные технологии: Учебное пособие;М. , 1998. 

9.Смирнов С.  Технологии в образовании// высшее образование в России. 1999 № 

10.Хайруллин Г.Т. Технология и техника взаимодействия; Алматы; 1999. 

11.Хан Н.Н.  Сотрудничество в педагогическом процессе школы. Алматы, 1997. 

 

12  тақырып:  Оқытуды  ҧйымдастыру  формалары.  Сабақ-  оқытудың  негізгі  тҥрі. 



Сабақтың басқа тҥрлері. 

                                                  ЖОСПАР 

 

1.Оқытуды ұйымдастырудың түрлері туралы ұғым. 

2.Қазіргі мектептегі жұмысты ұйымдастырудың түрлері. 

3.Сабақтың жіктелуі және құрылымы. 

4.Мұғалімнің сабаққа дайындығы.  

Еліміздегі  қазіргі  орта  оқу  орындарының  кӛпшілігіндегі  оқытудың  негізгі  түрі  -  сабақ. 

Ӛйткені  сабақ жастары қатарлас топтағы оқушыларға бірыңғай бағдарламамен тиянақты 

күнтізбе бойынша білім берудің негізі  болып табылады. Сабақтың типі  жӛнінде ғылыми 

тәжірибелік  зерттеулер  де,  жүйелеулер  де  жетерлік.  Дидактикалық  мақсаттағы  әр  түрлі 

ойларды сараптай келгенде оны мына тұрғыда топтастырған орынды: 

Жаңа білім меңгеру сабағы. 

Іскерлік пен дағдыны қалыптастырып дамыту сабағы. 

Алған білімді жүйеге келтіріп тұжырымдау сабағы. 

Кайталау, пысықтау сабағы. 

Тексеріп алған білім сапасын айқындау. 

Аралас сабақ. 

Жинақтап қорыту сабағы. 

Сабақтың құрылымын, түрін жіктеп топтастыру шартты мәнде, ӛйткені  бұлардың 

мазмұны  мен  әдісі  бір-біріне  ұқсастығымен  қатар,  іштей  араласып  бір  арнада  соғысып 

жатады. Сол себепті мектеп тәжірибесінде бір типті сабак болмайды. Сабақтың қойылған 

дидактикалық  мүддеге  жетуі  оның  құрылысына,  оқылатын  тақырыптың  мақсатына, 

мазмұнына,  оның  әдіс-тәсіліне  және  оқушының  дайындық  деңгейіне  байланысты.  Оның 

айқын  мысал  үшін  аралас  сабақтың  құрылымдық  жүйесіне  назар  аударып  қараңыз,  ол 

бірден  байқалады.  Мұнда  сабақты  ұйымдастыру  кезеңі,  үй  тапсырмасын  тексеру,  ӛткен 



сабақты  пысықтау,  жаңа  сабақ,  оны  қайталау,  үйге  тапсырма  беру.  Оқытудағы  дәстүрлі 

бұл жол сабақтың тиімділігін арттыруда қазіргі ӛскелең талапты толық қамтамасыз етуде 

әлсіздік  кӛрсете  бастады.  Сондықтан  оның  құрылымын,  мәнін  жетілдіру  жӛнінде  түрлі 

ізденулер етек алуда. Педагогика саласын зерттеуші ғалымдар оны қалай топтастырса да 

сабақтың ең негізгі кӛрсеткіші тұрғысынан мына салаларды айқындап, соған жауап беру 

керек  деген  тоқтамды  ұсынады,  ол  мыналар:  дидактикалық,  әдістемелік,  психологиялық 

және  гигиеналық.  Сабаққа  қойылатын  талаптың  түйінін  шешетін  бұл  ұстанымдарын 

таратып айтсақ былай болып шығады - дидактикада қамтылатын логикалық бағдар:  

а) білімнің актуалдылығы және оны әрекетке айналдыру;  

ә) жаңа білімдік мағлұматты меңгеру және таным түсінікті жетілдіру;  

б) алған білімді пайдалану мен тиісті дағды қалыптастыру. 

Әдістемелік бағдарда шешілетін міндет пен орындалатын жаттығу және оқушының 

кайталайтын  жауабы  жобаланып,  сабақта  атқарылатын  іс-әрекет  нақты  жоспарлануы 

керек. Жаңа материалды түсіндірудің әдіс, тәсілдері керсетіліп, қойылып

 

отырған міндетті 



шешудегі  мұғалімнің  басшылығымен

 

атқарылатын,  оқушының  орындайтын  және 



ӛздігінен  атқаратын  жұмыстары  белгіленуге  тиіс.  Әдістемелік  жобаның  мән-мазмұндық 

құрылымынан қол жетуге тиісті мақсаттың тиімділік принциптері талап етіледі. Сабақтың 

психологиялық  бағдарында  қойылған  мақсатқа  орай  психологиялық  мотив  мәселесі 

барлық жағынан қарастырылып, оқушының жас ерекшелігі мен дара

 

ерекшелігімен санаса 



отырып, білімді меңгерудің психологиялы сипаттағы заңдылықтарына мән берілуі керек. 

Бұл  ұстанымдағы  сапалардың  бірі  гигиеналық  бағдар  болса,  мұның  да  ӛзіне  тән  қоятын 

талаптары  бар.  Ӛйткені  гигиена  ғылымы  сабақ  ақыл-ой  еңбегі  болғандықтан  оның  ӛзіне 

тән талаптарын ғылыми-танымдық тұрғыдағы жӛн-жосықты сақтауды міндеттейді. 

Сабақ  ӛткізу  алдымен  оқушының  іс-әрекетін  ұйымдастыру  болып  табылады. 

Мұның құрылымдық түрі - сыныптағы оқушылардың барлық құрамын және жеке тұлғаны 

жұпқа,  топқа  болу  арқылы  әрекетке  келтіру  негізінде  жүргізіледі.  Сараптай  айтқанда 

сыныптағы  барлық  оқушының  іс-әрекетін  мұғалім  басқарып  бағдарлайтын  бірлескен 

әрекет  болып  табылады.  Сондай-ақ  жеке  тұлғаның  әрқайсысы  ӛз  алдына  дара  да  дербес 

түрде  әрекеттенеді.  Сабақ  барысында  оқушыларды  топқа  бӛлгенде  4-5  шәкірт  бір  топ 

немесе  екі-екіден  бірлескен  топ  болып,  берілген  тапсырманы  мұндай  жағдайда 

орындаудын  натижелік  кӛрсеткіші  жоғарырақ  болады.  Ӛйткені  топтастыруда  үлгерімі 

бірыңғай  немесе  әр  түрлі  үлгерімдегі  оқушылар  болса  олар  бір-бірінен  жәрдем  алады. 

Ӛзара  пікірлесіп  еңбек  ету  барысында  нашар  оқитын  шәкірт  білімді  тиісті  деңгейде 

меңгерудің  жол-жосығын  құрбыларынан  үйреніп,  іс-әрекетке  ықыластана  кіріседі. 

Топтағы оқушылар бір-бірінен тәлім алып, белсенділігінің артуына ықпал етеді. 

Сабақтың теориясы мен тәжірибесінің жүзеге асып, табысқа жетіп нәтижелі болуы 

мұғалімнің  сабақка  дайындала  білуіне  тәуелді.  Ӛйткені  ӛтілетін  сабақтың  жүйесін 

айқындап, жоспарлау барысындағы үрдіс негізінде оқушының білім, білік, дағды меңгеруі 

психологиялық, жағынан шешуші сипатқа ие болатындығы ақиқат шындық.   

Саяхат сабағының мақсаты – ғылым саласындағы пәннен теориялық білімді нақты 

тәжірибеге  жалғастырып  кӛрсету.  Бұл  оқушының  түрлі  деректер  мен  құбылыстар 

жӛніндегі таным түсінік арнасын кеңейтуге мүмкіндік туғызу. 

Факультативтік  сабақтар  –  оқушылардың  сұранысы  бойынша  ұйымдастырылады. 

Сабақтың  бұл  түрінің  негізгі  мақсаты  –  оқушылардың  талап-тілегін  ескере  отырып, 

олардың  ғылыми-теориялық  білімін,  таным  түсінігін  дамытып  шығармашылық  жолдағы 

бағдарын  ашуға  жәрдемдеседі.  Сонымен  қатар  оқушының  бейімділігіне  қарай  кәсіби 

мамандыққа деген қызығушылығын тұрақтандыруға ықпал етеді. 

 

                           СӚЖЖ тақырыбы  

1.

 



Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы түсінік. 

2.

 



Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар. 

3.

 



Сабақтың дәстүрлі түрлері, құрылымы. 

4.

 

Мұғалімнің тақырыптық және жеке сабақтарының жоспары. 



 

Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сҧрақтар 

1.

 



Оқыту формасы дегеніміз не? 

2.

 



Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар. 

3.

 



Сабақтың негізгі түрлері, оның құрылымы. 

4.

 



Мұғалімнің сабаққа дайындалу тәсілдері. 

 

              Ӛз бетімен орындауға арналған тапсырмалар 



 

1.

 



Оқытуды ұйымдастырудың түрлеріне анықтама бер. 

2.Қазіргі Қазақстан мектептеріндегі негізгі оқытуды ұйымдастыру түрлері қандай? 

3.Аралас сабақтың негізгі құрылымын кӛрсет. 

 

Рефераттық тақырыптар 

1.Сабақ, оған қойылатын талаптар 

2.Оқытудың басқа формалары. 

3.Саяхат, оның түрлері, ӛткізу әдістері. 



 

Әдебиеттер 

1.Махмутов М.И. Современий урок. Вопросы теории. М., 1985 

2.Дидактика средней школы (под.ред. М.Н. Скаткина) 

3.Педагогика (под.ред. Пидкасистого П.И.) М., 1996 

4.Педагогика (дәріс курсы) А.2003. 

 

13  тақырып:  Оқытудың  белсенді  әдістері.  Оқытудың  инновациялық  және 



интерактивтік әдістері. 

                                   ЖОСПАР 

 

1.

 



Оқытуда тұлғаның белсенділігін арттыру проблемалары 

2.

 



Оқытудың белсенділігін кӛтеруде үш деңгей туралы түсінік 

3.  Оқытудағы интерактивтік әдістердің тиімділігі. 

Оқытуда  тұлғаның  белсенділігін  арттыру  –  психология,  педагогика  ғылымы 

саласындағы,  сондай-ақ  білімдендіру  практикасындағы  актуальдық  мәселенің  бірі. 

Педагогтер оқушылардың білім алуға деген самарқаулығын, оқуға құлықсыздығын, білуге 

деген  қызығушылығы  мен  құмарлығының  мәз  еместігін  байқап,  оны  болдырмас  үшін 

оқытудың тиімді түрлерін ізденіп, түрлі моделдер жасап, окытудың жаңа амал тәсілдерін 

қоймастан іздестіруде. Осы орайдан оқушылардың атқаратын жұмысына деген бақылауды 

да  күшейтіп,  берілген  ақпараттық  мағлұматты  қаншалық  меңгергендігіне  байланысты 

интенсификациялауда оқытудың техникалық құралдарын, компьютерлік жүйені де, түрлі 

психологиялық тәсілдерді де кеңінен қолдануда. 

Оқытуға  қойылатын  мақсатқа  жетудегі  басты  фактор  тұлғаның  белсенділігін 

арттыру  проблемасына  байланысгы.  Былайша  айтқанда,  тұлғаның  жалпы  дамуы, 

кәсібилікке  әзірлік  деңгейі,  ақыл-ой  жұмысына  бейімділігі,  оқыту  принциптеріне 

байланысты  білімнің  мазмұнын,  формасын,  әдістерін  менгерумен,  сондай-ақ  оқытудың 

стратегиялық  бағдарына  үйлесімділігін  арттырып,  олардың  белсенділігін  дамытып, 

берілегін  ақпараттың  кӛлемін  зорайтумен  қатар  оған  бақылауды  жетілдіруді  назарда 

ұстаумен  де  шарттас.  Ал,  игерілуге  тиісті  ілімнің  мәнін  кӛтеруде  дидактикалық, 

психологиялық  ахуалды  дұрыс  пайдалану  және  тұлғаның  дербестік  деңгейін  жетілдіру 

бір-бірімен іштесе байланысып жатқан мәселе. 



Тұлғаның  оқудағы  белсенділік  деңгейінің  ӛрістеуінде  оның  логикалық  дамуы  да 

ескерілуге тиіс. Сондай-ақ, тұлганың жеке басының ӛзіне ғана тән ерекшеліктерімен қатар 

оқуға деген ынтасы, мотиві айтарлықтай мәнге ие болады. 

Оқытудың  дәстүрлі  логикасындағы  негізгі  кезеңдеріне  мән  берсек,  оқушыға  олар 

білуге  тиісті  материал  таныстырылады,  ал  олар  қабылдап,  мәнін  үғынып,  ойлауымен 

қатар,  кӛңілінде  бекіту  әрекеттері  жалпы  тәртіпке  саналатыны  белгілі.  Әдеттегі 

практикалық іс-әрекетте оқушының белсенділігін кӛтеру 3 деңгейде қарастырылады: 

Қабылдау  белсенділігі  -  оқушының  ұғынудағы  талпынысын  сипаттайды  және 

білімді қабылдауы, еске сақтауы, меңгеру тәсілдерін біліп, үлгіні тұтына алу тұрғысынан 

қарастырылады. 

Интерпретациялық  белсенділік  –  шәкірттің  оқылған  материалдың  мәнін  ұғынып, 

ондағы  білімдік  түсінікті  ӛзгерген  жағдайға  үйлесімді  пайдалануымен  және  сол  тәсілді 

жаңғыртып қолдана алуы тұрғысынан ескеріледі. 

Шығармашылық  белсенділік  -  оқушынын  білімді  теориялық  жағынан  ұғынуға 

ұмтылып,  проблеманы  шешуде  ӛзіндік  ізденіс  танытып,  танымдық  қызығушылығын 

жетілдіріп

 

ӛркендетеді. 



Кӛрсетіліп  отырған  проблемаға  жасалған  теориялық  талдаулар  мен  алдыңғы 

қатарлы  педагогикалық  тәжірибелер  дәлелдеген  деректерге  сүйенгенде  шәкірттердің 

белсенділігі  педагогикалық,  психологиялық  жағдайға  тәуелді  екені  айқын  мәселе. 

Сонымен  қатар  оқытудағы  белсенділік  тұлғаның  ұстанған  тәсіліне,  ӛзін  субъект  ретінде 

кӛрсете  алмауымен  қатар,  ӛзіндік  "мендік"  әрекетіне  де  байланысты.  Осынын  бәрін 

сараптай  келгенде  тоғысар  арнасы  тұлғаның  оқудағы  белсенділігінен  бастау  алып  ӛркен 

жаяды. 


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 1.25 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет