Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені



жүктеу 1.25 Mb.
Pdf просмотр
бет6/13
Дата23.04.2017
өлшемі1.25 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

                              Реферат тақырыптары 

 

1.Оқу жұмысын басқарудағы мұғалімнің жетекшілігі. 

2. Проблемалық оқытудың ерекшеліктері. 

 


                                                Әдебиеттер: 

 

1.Педагогика. Курс лекций. Алматы: ―Нұрлы Әлем‖, 2003 



2.Вульфов Б. З., Иванов Б.Д. Основа педагогики (в лекциях, в                    ситуациях,        

в первоисточниках) Уч. пособие – М., 1997 г 

3.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 1984 

4.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999 

5.Лихачев Б.Т. Философия воспитания. Спец. курс. Уч. пособие- М., 1995 

6.Педагогика. Уч. пособие (Под. ред.  Т.Н. Пидкасистого-., 1998) 

7.Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 1998 

8.Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 1998 

 

                8 тақырып: ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ  СТРУКТУРАСЫ 

1.Оқыту процесінің структурасы туралы түсінік. 

2.Білім алудың мотиві мен мақсатын анықтау. 

3.Жаңа оқу материалын қабылдау. 

4.Білімді бекіту. 

5.Оқу және баланың ақыл-ой қабілітінің дамуы. 

 

         Оқу процесінің мақсаттарына сәйкес баланың оқуы белгілі жүйедегі іске айналады. 



Мұндай жүйені оқу процесінің с т р у к т у р а с ы дейді. Басқаша айтқанда, оқу процесінің 

структурасы деп мұғалімнің басшылық ету әрекеті мен оқушылардың таным әрекетінің 

ерекшеліктеріне байланысты оқытудағы қалыптасқан басшылық жасау жүйесін айтады. 

Оқыту процесінің, негізінен, үш түрлі структурасы қалыптасқан: түсіндірмелі-

иллюстрациялы(дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік). 1 – мұндай 

оқытудың структуралық белгілері мыналар: мұғалум білімді түсінікті де дәйекті етіп 

айтады. Кӛрнекілікпен кең түрде жұмыс істелінеді. Оқушылар материалды түсініп, 

ұққанынте қалдаруға тырысады. Оқытудың мұндай сипаты оқушылардың есте қалдыру 

қабілітімен қатар, ойлау қабілітінің дамуына да әсер етеді. Оқушылар ӛткен материалдың 

мән-мағанасын түсініп, ӛз сӛздерімен қорытып, еркін айтып беруге үйренеді. Алған 

білімдерін практикада қолдануға, ӛздігінен түрлі жұмыстар орындауға (мысалы, 

жаттығулар, графикалық жұмыстар, шағармалар жазу т.б.) бейімделеді. 2 – бағдарламлы 

оқытудың негізгі мақматы – оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеріден ӛзін-ӛзі 

тексеруге, оқытудан ӛзін-ӛзі оқытуға кӛшу. Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу 

материалы жеке логикалы бӛлшектерге бӛлінеді; әр бӛлімді меңгерген соң оқушы 

ӛздігінен тест-сұрақтарға жауап береді, дұрыс жауап берілсе, келесі бӛлімге ӛтеді. 

Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар: сызықты, тармақты және аралас. Сызықты 

бағдарламада оқу материалы бірізділкпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы 

мақсатқа ӛз жолымен келеді. Қате жауап берген кезде оқушы керекті тармаққа ӛтіп, 

қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтадан 

оралады. Мықты оқушылар  негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарга кіру 

арқылы нәтижеге жетеді. 3 – Проблемалық оқытуды оқытудың жекетүрі, әрі оның бір 

кезеңі ретінде қарауға болады. Оның оқытудың бір кезеңі ьолатын себебі: ол жаңа оқу 

материалын түсіндіру процесінде  жиә қолданылады. Мұндай оқытудың ерекшеліктері: 

оқушыға дайын білім берілмейді, ол проблемалық ситуация жағдайында берілген оқу 

міндеттерін, проблемаларды ӛзі іздену арқылы шешуге тиіс. Проблемалық оқытудың 

ерекшелігі оқушылардың, әсіресе логикалық ойлау қабілітін арттырады, оларды ӛздігінен 

творчестволық жұмыс істеуге тәрбиелейді. Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру 

үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін шығарып жасап шығу қажет. 

Ескеретін жағдай: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың 

жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде міндетті түрде ӛзі іздеуі шарт. Ол 

сұрақ баланың сана сезіміне қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген  о й л а у   



қиыншылығы проблемалық ж а ғд а я т  деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан 

қиын болуы, екінші жағынан, оқышының шамасына лайық болуы керек. 

                  Оқыту процесінің структурасы дидактикалық белгілі буындардан немесе 

кезеңдерден құралады: 

1)

 

оқушыларға берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды 



әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай, оқу міндеттерін 

(тапсырмаларды) белгілеу. Ол үшін проблемалық ситуациялар тудырып. 

проблемалы міндеттер қою. 

2)

 



оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдауға; 

3)

 



оқушының санасында  білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың 

қалыптасу процесіне; 

4)

 

берілген білімді бектуге; 



5)

 

білімді практикада қолдануға басшылық ету. 



6)

 

оқушылардың білімі мен дағдысын есепке алу, тексеру және бағалау. 



           Қандай да болсын адамның әрекеті мотивтен туып, белгілі мақсатқа жетуге 

бағытталады. Сол сияқты оқушының білім алудағы әрекеті де мотив пен мақсатқа сейкес 

іске асады.  М о т и в  - әрекеттің себебін, оны неге жасау керек екенін, ал  м а қ с а т - 

әрекеттің нәтижесі қандай болуға тиісті екенін анықтайды. 

           Оқушылардың білімді меңгеруі жаңа оқу материалын қабылдауынан басталады. 

Мұғалім ӛз сӛзін (баяндауын) балалардың қабылдау әрекетімен ұштастыруға міндетті. 

Оқушылардың бұрынғы алған білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып, мұғалім оларды 

жаңа матриалдың мазмұнын белсенді түрде қабылдауға дайындайды. Ол үшін 

қабылдаудың міндеті мен мақсатын нақтылап, оқушылардың бақылау әрекетін 

ұйымдастырады:  кӛріп тұрған нәрселер мен құбылыстардың белгілерін анықтап, оларды 

салыстыру арқылы негізгі белгілері мен қасиеттерін айыруға, топтастыру және 

тұжырымдар жасау сияқты амалдарды қолдануларына басшылық етеді. 

           Білімді ойша қорыту және ұғыну. Білімді терең меңгеру және ұғыну үшін оқу 

материалын қабылдау-бақылау жеткіліксіз. Одан әрі оқушылар қабылдаған-

бақылағандарын ойша талдап, қорытындылар жасауға тиіс. Бұл – оқушылардың білімге 

жете түсініп, ұғынуы және белсенді терең ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана іске асады. 

Осындай әрекеттің нәтижесінде оларда ойлаудың негізгі бір формасы – ұғым пайда 

болады.  Ұ ғ ы м  деп заттар мен құбылыстарға тән ортақ ең негізгі белгілер туралы жалпы 

ойды айтады. Мысалы, «адам» деген ұғымға барлық адамдарға тән және ең негізгі 

мынадай белгілер жатады: еңбек әрекеті, еңбек құралдарын жасау, сӛйлеу т.б. Ұғымның 

мазмұны сӛзбен беріледі.. Оған түсіну үшін анықтама беру керек. Мысалы, «ӛсімдік», 

«құс», «кітап»,»перпендикуляр» деп нені айтамыз деген сұрақтарға жауап беру – ұғымға 

анықтама беру деген сӛз. 

              Ұ ғ ы м   негізінен, қ а р а па й ы м  және  ғ ы л ы м и  ұғым болып екіге бӛлінеді. 

Қарапайым ұғым дегеніміз баланың оқуда емес, ӛмірден кӛріп-білгендерінен туатын, әрі 

түрлу жағдайлар жӛніндегі түсінігі. Ұғымның қалыптасуы -ӛте күрделі процесс, ол 

оқушылардан белгілі ойлау операцияларын (амалдарын) қолдануды талап етеді.  Ойлау-

талдау (анализ), синтез, дерексіздендіру (абстракция) жалпылау сияқты операциялардан 

тұрады. 

             А б с т р а к ц и я л а у  деп әр нақты затқа тән қасиетті, оның ӛзінен бӛліп алып, 

кейін осыларды біріктіріп, жалпыламы ұғым құру, яғни абстракциялау деп  заттардың 

негізгі қасиеттерін, оның екінші дәрежелі қасиеттерінен бӛліп алып, жалпылап қарауды 

айтады. Мысалы, нақты заттардың, айталық, адамның, арбаның, машинаның т.б. 

қозғалатын қаситені талдай отырып, осының бәрін біріктіріп алады, сӛйтіп бір сӛзбен 

айтқанда, «қозғалыс» деген ұғым жасауға болады. 

            Абстракциялау операциясына қарама-қарсы операцияны  н а қ т ы л а у  дейді.  Оқу 

материалын баяндауда қолданылатын негзгі екі жол бар: индукциялық (жеке фактілердін 


жалпыға қарай қорытындылар жасауға кӛшу жолы)  және д е д у к ц и я л ы қ  (жалпы 

ережелерден, принциптерден жеке фактілрге кӛшу жолы). 

           Оқыту процесінде оқушылардың алған білімдерін бекітіп отырудың маңызы зор. Ол 

үшін ӛтілген матриалды тиісті бӛліктерге бӛліп, қайталап отрыу қажет. Мұны күнделікті 

қайталау дейді. Одан әрі ӛткен матриалды белгілі жүйеге келтіру үшін тақырыптық 

қайталау қолданылады. Оқу материалын бекітуде оны пәннің негізгі, жетекші идеясына 

қарай қарастырған маңызды. Бекітуді ұйымдастырғанда әр түрлі әдістер мен құралдарды 

(түрлі жаттығулар, пәндік дидактикалық ойындар, экскурсиялар, кӛрнекі және техникалық 

құралдарды) пайдаланған жӛн. Сабақты бекіту барысында оқушыларда түрлу икемлілік 

пен дағды қалыптасады.  Д а ғ д ы н ы   қалыптастыру жолы, негізінен, тӛрт кезеңнен 

тұрады: 1.танысу (дайындық); 2) талдау (анализ)3) біріктіру (синтез); 4) автоматтау 

кезеңдері. 

           Оқу – мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті. Баланың ойлау қабіліті оқу 

процесінде ерекше дамиды. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар. Оқушының 

ақыл-ой қабілетін қалыптастыру үшін білім мен ойлудың ӛзара әсері мен ӛзара байланыс 

ерекшеліктерін білген жӛн. Білім мен ойлау ақыл-ой тәрбиесінің негізгі шарты мен 

құралдары деуге болады. Балалардың ойлау қабілеті олардың оқу әрекеті және мектептегі 

ғылыми білім беру процесінде қалыптасады. Балалардың оқу әрекеті мазмұнына мыналар 

кіреді: ғылми ұғымдар мен ғылыми заңдарды түсіну және практикалық міндеттерді 

шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру. Оқу әрекетінің белгілі 

құрылымы мыналар: 

1)

 



оқу міндеттері (немесе тапсырмалары); 

2)

 



оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл-

амалдары); 

3)

 

бақылау (оқушылардың ӛзін-ӛзі қадағалап, тексеріп отыруы); 



4)

 

бағалау (мұғалімнің және оқушының ӛзіне-ӛзі берген бағасы). 



Осындай күрделі оқу әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады. 

         Ойлау деген не, бала ойлауының ерекшеліктері қандай.  Ойлау – баланың таным 

әрекетінің ең жоғарғы формасы және күрделі психикалық процесс. Ойлау арқылы 

оқушылар кӛзге кӛрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік 

байланыстарды, заңдылықтарды ұғынады. Ойлау сӛйлеумен тығыз байланысты. Ол- 

белсенді сӛйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау нақтылы сұрақтар қоюдан, оларға 

жауап беруден басталады. Ойлау белгілі міндеттерді: теориялық немесе практиалық 

мәселелерді шешуге бағытталады. Баланың ойлау әрекеті ӛзінен-ӛзі қалыптаспайды. 

Олардың ойлауын ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдерді қолданып, арнай жұмыстар 

жүргізу қажет.Ойлау процесі ӛзіне тән логикалық амалдардан : анализ, синтез, салыстыру, 

топтастыру, жалпылау, тұжырымдар жасау т.б.тұрады. 

                     СӚӚЖ тақырыбы 

2.

 

Оқыту процесінің құрылымы туралы түсінік. 



3.

 

Қызығу – баланың оқудағы негізгі мотиві. 



4.

 

Ұғым – ойлаудың негізгі формасы. 



5.

 

Дағдыны қалыптастыру жолдары.  



 

               Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сҧрақтар 

1.Қызығуды туғызатын қандай шарттар бар? 

2.Білім алудың мотиві мен мақсатын қалай анықтайсыз? 

3. Абстакциялық ойлау дегеніміз не? 

4. Ұғымның қандай түрлерін білесіз? 

 

               Ӛз бетімен жҧмыс істеуге арналған тапсырмалар

1. Білім мен дағдына практикада қолдау. 

2. Оқу процесінің структурасына сипаттама (мысал келтір) 



3. Қызығуды тудыратын шарттар 

 

                                               Әдебиеттер  

1.Педагогика. Курс лекций. Алматы: ―Нұрлы Әлем‖, 2003 

2.  Вульфов Б. З., Иванов Б.Д. Основа педагогики (в лекциях, в                    ситуациях,        

в первоисточниках) Уч. пособие – М., 1997 г 

11.


 

Ильина Т.А. Педагогика.- М., 1984 

12.

 

Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999 



13.

 

Лихачев Б.Т. Философия воспитания. Спец. курс. Уч. пособие- М., 1995 



14.

 

Педагогика. Уч. пособие (Под. ред.  Т.Н. Пидкасистого-., 1998) 



15.

 

Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 1998 



16.

 

Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 1998 



 

 

9 тақырып: Оқыту принциптері. 

1. Оқыту принциптері туралы. 

2. Оқыту принциптеріне сипаттама 

Оқыту  принципі  дегеніміз  дидактикалық  үрдісті  жүзеге  басшылыққа  алынатын 

жетекші  идея мен оны дастырудағы қағидалық  ұстаным және тиісті деңгейлік мӛлшерге 

қойылатын негізгі заңдылық талаптар. Бұл оқыту әдісін реттеп, ереже белгілеп, деңгейін 

айқындауға  ортақ  жалпылама  нұсқау  арқылы  сипатталады.  Оқыту  принципінің 

дидактикасын белгілейтін педагогикалық зерттеу барысында жасалған ғылыми талдаулар 

мен оқыту үрдісінің зандылықтары болып табылады. 

Оқыту  принципі  қабылданған  дидактикалық  тұжырымдамаларға  байланысты. 

Қазіргі егемендік алған қазақ еліндегі дидактиканың принциптік жүйесі бұрыннан белгілі 

классикалық негізге құрылған және оның ғылыми теориялық, практикалық дамуы әлемдік 

педагогикалық  таным-түсінік  зандылықтарымен  сабақтас.  Оның  негізгі  таралым-

тармақтары мынау: 

Оқыта отырып тәрбиелеу принципі; 

Оқытудағы ғылымилық принципі; 

Теория мен практиканың байланыстылығы; 

Жүйелілік пен бірізділік, тиімділік; 

Шамаға лайықтылық, түсініктілік; 

Кӛрнекілік; 

Саналылық, беріктік, белсенділік; 

Педагогикалық  үрдістегі  бағыт-бағдар сәйкестігі. Оқыту принциптері  ілкі  тарауда 

кӛрсетілген және осы саладағы оқулықтар мен оқу құралдарында жан-жақты сипатталған. 

Сондай-ақ  бір  орталыққа  бағынған  кеңестік  кезеңдегі  оқытып  білім  берудің  бірыңғай 

жүйесі  бойынша  жазылған  педагогикалық  еңбектер  мен  ғылыми  зерттеулерде  оқыту 

принциптерінің қағидалары мен заңдары және оның бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтары 

әрбір саладан ашылған. Уақыт кеңістігін кӛктей ӛтіп бізге жеткен білім берудегі байырғы 

қағидалар  мен  теориялардың  және  үздік  тәжірибелердің  ӛміршең  тұжырымдамаларын 

бүгінгі талапқа сәйкестілерін пайдалану басты міндеттің бірі. Ӛйткені педагогика ғылымы 

дәстүрдің  озығын  ӛнеге  етіп,  жаңаның  ӛміршең  қағидаларын  бойға  сіңіру  арқылы 

ӛрістейтіндігімен  қатар  бұл  әрбір  тұлға

 

тіршілік  тынысынан  кӛрініс  табатын  құбылыс. 



Оқыту  тәрбиемен  іштесіп  жатқан  бірлігі  тұлғаны  дамытудьщ  басты  принципі 

болғандықтан онын кейбір саласына шолу жасап кӛрейік. 

Оқытудың  тәрбиелік  қызметі  ілгері  тарауда  сӛз  етілгендей  оқыту  тек  білімдік 

түсінік  пен  мағлұматтарды  қабылдау  ға,  емес,  тұлғаны  тәрбиелейтін  принцип.  Халық 

даналығымен айтқанда: Білімсіз – тәрбие жоқ, тәрбиесіз - білім жоқ. Егіздің сыңарындай 

бірлікте  дамиды.  Сондықтан  оқыта  отырып  тәрбиелеу  педагогика  саласындағы  басты 

принципке саналады. 


Оқытудағы  ғылымилық  принцип  оқушыға  берілетің  білімнің  мазмұны  ғылымның 

қазіргі  даму  дәрежесіне  сәйкес  деректерді,  теорияны,  заңдарды  қамтырлықтай  болуын 

талап  етеді.  Бұл  принцип  оқу  бағдарламасында,  оқулықтарда  және  оқылатын  басқа 

материалдарда  да  кӛрініс  табатын  болса,  оқыту  барысында  оларға  ғылыми  әдістеме  мен 

ғылыми зерттеудің қарапайым жолдарын да білгізу керек. 

Оқытуда  теорияның  тәжірибемен  байланыстылық  принципі  -оқушының  оқу 

үрдісінде  меңгерген  білімін  тәжірибедегі  міндеттерді  шешуге  ынталандыруға  тиіс. 

Сонымен  қатар  ӛзін  қоршаған  шындықка  талдау  жасап,  оған  жаңалықтар  кіргізіп 

ӛзгертуге  және  алған  білімін  ӛмірде  қолдануға  бейімдеп,  ӛзіндік  кӛзқарас  қалыптастыру 

керек.  Ол  үшін  оқушыны  қоғамдық  орындармен,  ӛндірістермен  таныстырып,  нақты 

ӛмірден кӛрген мысалдары мен ситуацияларға талдау жасау басшылыққа алынады. 

Оқытудағы  жүйелілік  пен  бірізділік  принципі  -  берілетін  білімнің  белгілі  жүйеге 

құрылып,  оқу  үрдісінде  меңгерілетін  білімнің  логикалық  жағынан  бірізділік  тәртібін 

сақтау ғалап етіледі. Мұның жүзеге асуы үшін түрлі педагогикалық ережелерді сақтаумен 

қатар, тиісті жүйедегі бірізділік тәртіп болуы шарт: 

-

 



Оқылатын материалды жоспарлағанда тиісті тәртіпті сақтап, логикалық жағына 

бӛлімдерге,  тарауларға,  тақырыптарға  бӛліп  және  оны  ӛтудің  әдістемесін 

белгілеу керек. 

-

 



Әрбір тақырыптың мазмұндық түйінін айқындап, сабақта ӛтілетін материалдың 

жүйесін  сақтап,  ондағы  басты  ұғым,  идеяны  ерекшелеп  кӛрсетуге  назар 

аударылады. 

-

 



Ӛтілетін  пәнге  байланысты  деректердің,  зандардың,  теориялардың  ӛзара  ішкі 

және сыртқы байланыстары сақталады. 

Оқытудағы  түсініктілік  принципінде  оқушының  дербес  екшелігіне  байланысты 

шама мүмкіндігі есепке алынады да, жұмысын ұйымдастыруда сол ерекшелікке орай оқу 

материалы  талдап,  талқыланады.  Бұл  оқушыны  орынсыз  қинамаудын  және  моральдық 

жағынан күйзелтпеудің тиімді жолы. Мұндағы негізгі ұстаным: 

-

 

Белгіліден белгісізге, түсініктіден күрделілікке кӛшу; 



-

 

Жеңілден ауырға, таныстан бейтанысқа ауысу.  



Педагогика  тарихында  Я.А.Коменскийден  бастау  алған  бұл  принципті  кӛрнекті 

кеңес  зерттеушісі  Л.В.Занков  жаңа  идеямен  толықтырып,  оқушыға  белгілі  деңгейде 

қиындық  туғызу  олардың  ізденуіне,  ойлануына  деген  мүмкіндікті  кеңейтетіндігін 

айқындап берді. 

Кӛрнекілік  принципі  -  дидактика  саласындағы  әріден  келе  жатқан  байырғы 

принциптердің  бірі.  Кӛрнекілік  адамның  тиісті  түсінікті  қабылдауына,  терең  сезінуіне 

әсер етуімен бірге сол мәселені пайымдау жасай білудің арнасын кеңейтеді. Педагогикада 

дидактиканың  «алтын  ережесі»  деп  аталған  бұл  принцип  оқыту  үрдісінде  оқушының 

кӛрнекілікті  бақылап,  байқап,  кӛріп,  қолымен  ұстап,  танып-білуі  олардың  ойлануына 

деген мүмкіндікті арттырады, сабақ барысында қолданылатын сурет, сызба модель, құрал-

жабдықтар  шәкірттің  ақиқат  шындықты  нақты  танудан  абстракты  ойлауға  және 

логикалық  дамуына  жол  ашатын  тиімді  амал  болып  табылады.  Содықтан  білімдендіру 

саласында кӛрнекілік ешуақытта ӛзінін мән-мағынасын тӛмендетпейтін ӛміршең принцип. 

Оқытудағы  саналылық  пен  белсенділік  принципі  -  қазіргі  дидактика  саласындағы 

басты  мәселенің  негізгілерінің  біріне  саналады.  Ӛйткені  оқушының  ынталанып 

әрекеттенуі, белсенділігі білімдегі саналылықты жетілдіріп, жақсы нәтиже беретін тиімді 

жол.  Білімді  оқушы  неғұрлым  саналы  меңгерсе,  оның  нәтижесі  де  соғұрлым  табысты 

болатындығы  оның  әрбір  іс-әрекетінен  байқалып  тұрады.  Алдымен  оқудың  мақсатын 

айқын  түсініп,  соған  лайықты  ӛзінің  атқаратын  іс-әрекетін  жоспарлап,  оны  қалай 

орындауды  тиімді  ұйымдастырады.  Білімді  меңгеру  барысында  туған  проблемеларды 

шешіп

 

атқарған  жұмысын  тексеріп,  ӛзіне-ӛзі  баға  беріп,  білімді  игерудегі  саналылық 



дағдысын  дамытады.  Оқушының  ӛміріне

 

жалғаса  кететін  белсенділікке  дәстүрлі 



дидактикада  онша  зейін  аударыла  бермейді.  Ал  педоцентристік  педагогикада 

белсенділікті  тым  асыра  бағалайды.  Қазіргі  педагогикада  белсенділік  мұғалімнің  оқыта 

білудегі  табысқа  жетіп  оқушының  саналылығын  арттырудың  тиімді  жолының  біріне 

саналады. Мұғалімнің оқушы белсенділігін кӛтеріп саналылығын жетілдірудегі ұстанымы: 

-

 



Оқушының  білуге  деген  ынтасына  мән  бере  отырып,  оның  ілімге  деген 

танымын қалыптастырып, кәсіби бейімділігін, қызығушылығын  жебеу  арқылы 

белсенділігін дамыту. 

-

 



Оқушыны проблемалық ситуацияны шешуге, проблемалық оқуға қатыстырып, 

олардың  іздену  барысындағы  еңбегін  ғылыми  және  практикалық,  мәселелерді 

шешуге бағыттау. 

-

 



Оқытудағы  белсенділікті  арттыратын  тиімді  әдіс  -дидактикалық  ойындарға, 

пікір  сайысына,  оқылатын  пәннін  тиісті  тақырыбына  үйлесімді  жобалар 

жасауға т.б. оқушыларды кеңінен қатыстыру. 

-

 



Сабаққа  байланысты  оқушылардың  атқарған  істері,  меңгерген  білімі  жӛнінде 

сыныптық  ұжымды  жаппай  қатыстырып,  ӛзара  ой  бӛліну  —  шәкірт 

белсенділігін арттыруға ықпал етеді, алған білімнің саналы болуына әсері мол. 

Бұл принциптің жүзеге асуы оқушының білімдік дамуын қамтамасыз етумен қатар 

тәрбиелік  мәні  де  зор  екендігін  және  болашақ  еңбеккердің  сапалық  қасиеттерінің  негізі 

осыдан бастау алатындығы ескерілуге тиіс. 

Оқытудағы  беріктілік  принципі  —  алған  білімді  оқушы  есіне  сақтап,  ӛзінің  іс-

әрекетіне,  мінез-кұлқына  терең  сіңіріп,  санасына  берік  бекітуді  талап  етеді. 

Психологиялық тұрғыдан қарасақ — тиісті мағлұматты еске сақтап, білумен ғана шектелу 

емес, оның мән-мағынасын берік те тиянақты түсіну - оқушының танымдық талпынысына 

қозғау  салып,  ілгері  іздентеді.  Алған  білімнің  беріктігі  оны  кеңейтіп,  жаңа  үйлестіре 

дамытуда  танымдық  кӛзқарасты  ӛрістетудің  жолын  аша  түседі.  Бұл  принципке 

байланысты қағидалық ұстаным: 

-

 



Егер  оқушы  танымдық  белсенділік,  дербестік  кӛрсете  алса,  оның  меңгерілген 

білімнің беріктігі, тиянақтылығы арта түседі. 

-

 

Білімнің беріктілігі оны дұрыс ұйымдастыра  алуға да тәуелді,  егер  оқушының 



дербес  ерекшелігіне  үйлесімді  қайталау,  жаттығу  дер  кезінде  ӛткізілсе, 

білімдегі беріктіліктің сапасы жетіле түседі. 

-

 

Білімді  меңгерудегі  логикалық  жүйе  ретті  сақталып  негізгі  ой  қазығы  болған 



басты  мәселе  ерекшелендіріп  кӛрсетілсе,  алған  білімдегі  беріктілік  нығая 

түседі. 


-

 

Алған  білімнің  нәтижесі  жүйелі  түрде  бақыланып,  тексеріліп,  бағаланып 



отырса, білімнін беріктігін қамтамасьгз етудегі тиімділік арта түседі. 

Оқытып,  білім  берудегі  қазіргі  дидактика  оқыту  принциптерін  бір-бірінен  бӛлмей 

бірлікте  қарайды.  Педагогика  ғылымындағы  біртұтастық  тұрғысынан  мән  берсек 

оқытудың басты принциптерін әр түрлі жүйеге жіктегенімізбен де педагогикалық үрдістің 

бағдар  бағыты  сақталады.  Айталық  тәрбиелей  отырып  оқытуды  және  ондағы 

ғылымилықты, теория мен тәжірибенің байланысын, жүйелілік пен бірізділік, түсініктілік, 

кӛрнекілік,  саналылық  пен  белсенділік,  беріктік,  шамаға  лайықтық,  тиімділік  пен 

сәйкестілікті  үйлесімді  қолдана  білу  мұғалімнің  қабілетіне,  кәсіби  шеберлігіне 

байланысты.  Осы  орайдан  келгенде  педагогика  әрі  ғылым,  әрі  ӛнер  екендігін  бірден 

аңғаруға  болады.  Ал  оқыту  үрдісін  жүзеге  асыруда  оқытудың  жаңа  технологиясы  және 

электронды  оқулықтар,  компьютер  дәстүрлі  оқытудағы  негіздер  мен  мұғалімнің 

жетекшілік ролін кеміте алмайды. Қайта сол  жаңалықтарға байланысты мүғалімнің жан-

жақты  ізденісін  ӛмірдің  ӛзі  талап  етіп

 

отырғаны  шындық.  Бұл  мұғалімнен  уақытқа 



үйлесімді зейінділікті, зеректікті, алғырлықты талап етеді. 

 


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 1.25 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет