Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені


СӚЖЖ  тақырыбы:  Студенттердің  оқытушымен  бірігіп  атқаратын  ӛзіндік



жүктеу 1.25 Mb.
Pdf просмотр
бет5/13
Дата23.04.2017
өлшемі1.25 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 СӚЖЖ  тақырыбы:  Студенттердің  оқытушымен  бірігіп  атқаратын  ӛзіндік 

жҧмыстарыны 

 

1.



 

Педагогикалық үрдістің заңдылықтарының мәні мен мазмұны.  

2.

 

Педагогикалық үрдістің компоненттерінің орны.  



3.

 

Педагогикалық үрдістің ерекшеліктері. 



4.

 

Мақсат және міндеттің педагогикалық үрдістегі маңыздылығы.  



5.

 

Тұлғалық қарым-қатынастың іс-әрекеттегі алатын орны. 



 

Ӛзін - ӛзі бақылауға арналған сҧрақтар. 

1.

 



―Заң‖  ,  ―  заңдылық‖,  ―принцип‖  деген  ұғымдарының  мазмұнын  анықтаңыз  .  Бұл 

ұғымдарды ― тәрбие‖, ―педагогикалық процесс‖ деген ұғымдарымен не байланыстырады? 

2.

 

Мұғалімнің  педагогикалық  процесті  ұйымдастырудың,  заңдылықтарын  және 



принциптерін білуі неге қажет? 

3.

 



Педагогикалық процестің заңдылықтарының ролін нақты жағдай арқылы кӛрсет. . 

4.

 



 Ұстаздар  мен  оқушылардың  іс  -  әрекетін  педагогикалық  процестің  қай  бӛліктері 

кӛрсетеді ? 

5.

 

Қоғамдық тәжирбенің мазмұны неден тұрады? 



6.

 

 Жеке тұлға әлеуметтік нормативтік мәдениетті қалай меңгереді? 



7.

 

Педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктеріне сипаттама беріңіз. 



8.

 

Оқушылардың бір-бірімен ӛзара әрекетінің механизмі қандай.  



 

Ӛз бетімен жҧмыс істеуге арналған тапсырмалар 

1.

 



Педагогикалық  ұғымдарының  дамуының  мазмұндық  хронологиялық  кестесін 

жасаңыз. 

2.

 

Педагогикалық процестің заңдылықтарына ситуацияларды талдап алыңыз. 



3.

 

 Ӛзін 



талдау  схемасын  мұғалімнің  педагогикалық  процесті  ұйымдастыру 

принциптерін басшылыққа алып жасаңыз. 

4.

 

 Оқушылардың сыныптары мен ӛзіне қатынасын бағалау үшін керекті тапсырмаларды 



құрастырыңыз. 

5.

 



Социометриялық зерттеу жүргізу үшін анкета, талдау дайындаңыз. 

6.

 



Социограмма  негізінде  сыныптағы  тәрбиелеуші  тетіктердің  әсерінің  педагогикалық 

міндеттерін үйлестіріңіз. 

 

Реферат тақырыптары. 

1.

 



 Мұғалім мен  оқушылардың ӛзара әрекеттерінің мәні және маңызы.. 

2.

 



 Заңдылықтардың педагогикалық процестегі ролі. 

3.

 



 Заңдар мен заңдылықтардың ӛзара байланыстылығы. 

4.

 



Іс-әрекеттер  тәсілдерін  меңгерудің  оқушылардың  педагогикалық  процестегі 

белсенділігін дамытуға әсері. 

5.

 

Педагогикалық үрдістің компоненттері. 



 

Әдебиеттер  

1. Педагогика. Дәріс курсы. Авторлар ұжымы – Алматы; 2003. 

2 Вопросы обучения и воспитания / сост. Э.Г. Костеликин. М., 1972. 

3. Ленин В.И. Философские тетради ПСС, т. 29. 

4.

 

Макаренко А.С. Проблемы школьного советского воспитания. Собр. Соч. В 7 т. Т.5 М., 



1958г. 

5.

 



Проблемы методологии педагогики, методологического исследования /  Под ред. М.А. 

Данилова и Н.И Болдырева М., 1971. 

6.

 

Хмель  Н.Д.  Теоретические  основы  профессиональной  подготовки  учителя.  –  Алматы; 



Ғалым, 1 

 

 



 6 тақырып:    Педагогикалық іс әрекеттің қҧрылымыДидактиканың 

теориясы мен міндеттері. 

                                          ЖОСПАР 

1. Дидактикалық жүйе туралы, оған сипаттама 

2. Дидактикалық категориялар 

3.Дидактикалық негізгі тұжырымдамалар. 

Дидактика — педагогика ғылымының жетекші салаларынын бірі. Дидактика оқыту 

мен  білім  берудің  теориясы  болғандықтан  оның  негіздерін  талдайды.  Дидактиканың 

қарастыратын басты мәселелері мынау: оқытудың заңдылықтары мен үрдістері (процесі), 

оның  мақсаты,  білімдендіру  мазмұнының  ғылыми  негіздері,  әдістемелері,  оқытудың 

формалары мен құралдары. Ал жалпы педагогиканың қарастыратын негізгі мәселелері — 

барлық  пәндерге  ортақ  және  оның  деңгейіне  үйлесімді  тәсілдері  мен  жолдары  және 

оқытудың  мақсатына  қарай  нені  оқыту  мен  қалай  оқытудың  теориялық  негіздері  болып 

табылады.  Сондай-ақ  жалпы  педагогика  жеке  пәндерді  оқыту  мен  білім  беру  әдістерін 

қоса  қамтып,  яғни  бастауыш  мектеп,  орта  оқу  орындары  мен  жоғары  мектептерде  білім 

беру жолдарын  бірлікте зерттейді. Жинақтай айтқанда, жалпы педагогика жеке пәндерді 

оқытудың теориялық негіздерін білгізумен қатар, сол жүйеде жүргізілген ғылыми зерттеу 

нәтижелеріне  сүйеніп  нақты  тұжырымдық  қорытынды  жасайды.  Дидактиканың  негізгі 

міндеті мынау: біріншіден, оқыту үрдісін (процесін) түсіндіру, сипаттау және оны меңгеру 


мен  жүзеге  асыру  жолдарын  кӛрсету,  екіншіден,  оқыту  үрдісін  ұйымдастырудың  тиімді 

жолдарын, амал-тәсілдерін, ең жаңа жетілген технологиялық жүйелерді білгізу. 

Педагогика  пәнін  терең  түсіну  үшін  оның  дидактикалық  категорияларын  ұғыну 

керек.  Ал  дидактикалық  категорияның  бастау  бұлағы  —  педагогикалық  жүйе  болып 

табылады.  Сонда  дидактикалық  категорияның  негізін  айқындайтын  құрылымы  мынау: 

білім  беру,  оқыту,  мақсаты,  мазмұны,  міндеттері,  дидактикалық  үрдіс  (процесс), 

әдістемелері,  құралы,  оқыту  формасы,  окытудың  заңдылықтары,  принциптері  және 

оқытудың нәтижесі. 

Дидактикалық  жүйе  негізінен  теориялық  және  қолданбалы  практикалық  мәнде 

болғандықтан  педагогика  ғылымының  аумағы  кең,  қамтитын  деңгейі  қарқынды  сала 

болып  табылады.  Ӛйткені  дидактика  оқыту  мен  білім  беру  негіздерінің  терең  де

 

жан-



жақты  болуына  мән    береді.  Сондай-ақ  оқыту  үрдісін  талдап,  оның  әрбір  кезеңдері  мен 

қарым-қатынас  ерекшеліктеріне  мән-мағына  беріп,  зерттеп,  тұлғаны  терең  де  тиянақты 

білімдендіру  жолдарын  нақтылайды.  Мұнымен  қатар  оқу  үрдісін  жобалау,  оның  нақты 

мән-мазмұндық  сипатын  анықтау  білімдендірудің  негіздерін  дәлді  белгілеу    мәселелерін  

қоса қамтиды. 

Оқыту  процесі  педагогикалық-психологиялық  тұжырымдамаларға  негізделеді  де 

содан бастау алады, сондықтан да қазіргі кезеңде дидактикалық жүйе немесе оқыту моделі 

деп  аталады.  Мұндағы  басты  ерекшелік  оқытудың  принциптерін,  мақсатын,  мазмұнын, 

оқыту  құралдарын  сипаттау.  Дидактика  саласында  алуан  түрлі  жүйелер  болған,  оны 

саралай    келгенде  үш  топқа  топтастырған  орынды:  1.  Дәстүрлі  жүйе.  2.  Педоцентристік 

жүйе.  3.  Қазіргі  дидактикалық  жүйе.  Бұл  жүйелердің  әрқайсысының  ұстаған  бағыт-

бағдары  бар  және  теориялық  ұстанымы  оны  ӛмірге  әкелген  ғалымдардың  кӛзқарасына, 

кӛрсеткен  жол-жобасына  байланысты.  Сонымен  қатар  оқыту  үрдісі  дидактикалық 

тұжырымдамадан  туындайтын,  содан  бастау  алатын  және  жүзеге  асатын  құбылыс. 

Топтастырылған жүйенің әрқайсысына тән  басты сипаттары мыналар: 

1.

 



Дәстүрлік  жүйеде  оқыту,  білім  беруде  мүғалімнің  әрекеті  шешуші  роль 

атқарады.  Дидактикалық  бұл  тұжырымдама  педагогика  тарихына  Я.Коменский,  

И.Песталоцци және И.Гербарт арқылы ӛріс алды. 

2.

 



Педоцентристік  жүйеде  оқып,  білім  беруде  мұғалімнің  жетекшілік  назары 

шәкірттің  іс-әрекетіне  бағдарланады.  Бұл  жүйе  негізінен  Д.Дьюиден  басталып,  еңбек 

мектептері  саласында  Г.Кершенштейнер  арқылы,  ал  XX  ғасырдың  алғашқы  кезеңіндегі 

мектеп реформасына байланысты В.Лаяның педагогикалық теориясы бойынша ӛркендеді. 

3.

 

Қазіргі  дидактикалық  жүйе  —  оқыту  мен  білімді  меңгеру  бірлікте 



қарастырылады.  Демек,  оқыту  үрдісіндегі  екі  жакты  іс-әрекеттің  бір  арнадан  тоғысуы 

дидактикалық  пәндік  негізіне  саналады.  Ал  қазіргі  дидактикалық  тұжырымдамада 

бірнеше  бағдар  бар.  Олар  мыналар:  программалап  оқыту,  проблемалық  оқыту,  дамыта 

оқыту — бұл жүйенің бастаушылары П.Гальперин, Л.Занков, В.Давыдов т.б. когнитивтік 

психология  (Дж.  Брунер);  Кеңестік  жүйеде  80  жылдары  етек  алған  ынтымақтастық 

педагогикасы мен педагогикалық технология. 

       Дидактикалық  дәстүрлі  жүйе.  Еуропа  елдерінде  бұл  жүйе  неміс  ғалымы 

И.Ф.Гербарттың  идеяларынан  бастау  алып,  бүгінгі  күнге  дейін  жалғасын  табуда. 

Гербарттың  ұстанған  жолы  –  оқытудағы  басты  мақсат  –  тұлғаны  қалыптастыратындай 

теориялық  білім,  білік  беріп,  ұғым  түсінігін  дамыту.  Сонымен  бірге,  ол  оқыта  отырып 

тәрбиелеу  принципін  енгізді.  Демек,  оқытуды  ұйымдастырудағы  негізгі  бағдар  тұлғаны 

қалыптастыру  болса,  әрбір  оқушы  адамгершілік  жағынан  жетіліп  шығады  деген  ойды 

қуаттады.  Оқыту  процесінде  Гербарт  мынадай  басқыштық  жүйе  қолданды:  тиісті 

материалды  оқушыға  түсіндіру,  ұғындыру,  тұжырымдау,  іс-әрекетке  келтіру.  Ұсынылып 

отырған бұл жүйе міндетті түрде сақталуға тиіс, орындау міндет болғандықтан, оқылатын 

пәннің деңгейіне қарамастын бұл шартты жүзеге асыру заңдылық болып саналды. Әрине, 

бұл  теория  білім  беруді  ұйымдастыруда  мұғалімнің  іс-әрекеті  негізінде,  арнайы  түсінік 

қалыптасып,  ұғымды  нақтылауда,  оқушының  тиісті  материалды  түсініп,  қойылған 



міндетті  меңгеруіне  және  жүзеге  асыруына  мүмкіндік  береді.  Күні  бүгінге  дейін  жаңа 

сабақты түсіндіру, бекіту, пысықтау, қайталау, жаттығу жүйесі сақталып келеді. Сабақтың 

логикалық  жүйесін  құруда  және  оны  жүзеге  асуын  орындауда  ӛзіндік  мәнін  жоғалтқан 

жоқ. 


             Солай болғанымен де ХХ ғасырда бұл жүйе қатаң сынға ұшырады. Дидактикалық 

дәстүрлі  жүйені  сынаушылар  мұндағы  кемшілік  –  кітаптағыны  ауызша  қайталап  беру, 

тыңдаушының дербес ерекшелігімен есептеспеу, дайын түсініктерді меңгерумен шектелу 

болғандықтан  оқушының  ойлау  белсенділігіне  ықпалы  аз,  оларды  ақыл-қабілетін 

жетілдіре  алмайды  деп  қарады.  Сондай-ақ,  бұл  жүйе  әміршілдік  бағдарда  болғандықтан 

оқушылардың  ӛзіндік  ойлауы  мен  ӛзінше  ізденуіне  деген  ынта-ықыласын  тежейді  деп 

тұжырымдама жасады. 

           Дидактикалық педоцентристік жүйе.  Батыс Еуропа елдеріндегі, әсіресе, АҚШ-тағы 

мектептерге  ықпал  еткен  американдық  педагог  Д.Дьюи  болды.  Оның  іскерлікке 

бағытталған  оқыту  теориясы  тез  қанат  жайды.  Д.Дьюидың  теориясы  бойынша  оқыту 

процесі оқушының қабілетіне, қызығушылық ынтасына, қажеттілігіне үйлестіре құрылуы 

керек  деген  идеяға  бағытталады  да,  бұл  ұстаным  білімдендірудің  негізгі  талабына 

айналды.  Оқытудың  мақсаты  балаға  әртүрлі  білік  дағдыларын  қалыптастырып,  ақыл-ой 

қабілетін  жан-жақты  дамыту  деп  қарады.  Осы  орайдан  білім  беруде  оқушыға  тек  дайын 

білімді  меңгертіп,  оны  қайталаумен  шектелмей  оқушының  ӛзіндік  ізденісіне,  ӛзіндік 

әрекеттенуіне  бағдар  беріп,  оны  іштей  сезіндірсе,  кӛңіліне  қондыруды  қалыптастыру 

кӛзделеді.  Бұл  жүйедегі  оқыту  процесінің  құрылымдық  жолы  мынау  -    іс-әрекеттегі 

қиындық  пен  күрделілік  неде  екенін  түсіну,  шешілуге  тиісті  қандай  проблема  бар  және 

осы  орайдан  кездесіп  отырған  бӛгет  пен  тосқауылдардың  мәнін  айқындай  алу.  Оқыту 

процесінің  орындалу  кезеңдері  ғылыми  зерттеушілік  тұрғыдағы  ізденіс  негізінде  жүзеге 

асырылады.  Әрине,  мұндай  жол  адамның  таным  белсенділігін  жігерлендіріп,  ойлау 

қарқыны мен деңгейін кӛтеріп, қойылған проблеманы шешу дағдысын ӛркендетеді. 

               Қазіргі  дидактикалық  жүйе.  Мұғалім  оқушының  білім  жолындағы  таным-

түсінікті  меңгеруін,  іс-әрекетін  басқарып,  оны  тиімді  ұйымдастыруға  жетекшілік  ете 

отырып, оларды ӛздігінен әрекеттенуге ынталандырып, қазіргі замандағы білімдендірудің 

жаңа  технология  жетістіктерін  пайдалана  білуге  дағдыландырады.  Сонымен  қатар 

дәстүрлі  дидактиканың  және  зерттеуге  бағытталған  ізденушілікке  ынталандыратын  әдіс-

тәсілдердің  тиімді  жолдарын  қолданып,  білімдену  құрғақ  жаттау  емес,  ой-толғаныссыз 

қайталау  емес,  саналылыққа  негізделген  терең  түсінікті  меңгеру  екендігі  ескеріледі. 

Екінші  сӛзбен  айтқанда,  тек  репродуктивті  әдіспен  шектеліп  қалмай,  әрбір  тұлғаның 

ӛздігінен іздене білуге, шығармашылыққа машықтана білуге жіне оның тиімді жолдарын 

табуға баулитын бағдар беру басты шарттқа айналды. Уақыт талабына сай компьютерлік 

жүйе қосылып, ізденістің жаңа жолдарын ӛрістету кеңінен орын алды. 

 

                                 СӚЖЖ тақырыбы



 

 

1.

 



Дидактика – білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін педагогика саласы. 

2.

 



Оқыту процесі – мақсатты, жоспарлау процесі. 

3.Дидактикалық тұжырымдамаларға сипаттама. 

 

Ӛзін-ӛзі бақылау сҧрақтары 

 

1.Дидактикадағы дәстүрлі жүйені сипатта. 

2.Дидактика қандай мәселелерді қарастырады.  

3.Оқыту процесі туралы түсіндіріңіз. 

4.Оқыту заңдылықтары туралы.  

5.Оқыту ұстанымы дегеніміз не?  

 

Ӛз бетімен жҧмыс істеуге арналған тапсырмалар 


1.

 

Дидактика зерттейтін негізгі мәселелер. 



2.

 

Оқыту процесінің білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары. 



3.

 

Оқытудың негізгі заңдылықтарын атаңыз. 



 

                                             Рефераттар

 

1.Дидактиканың даму тарихы. 



2.Жалпы дидактика және жеке пәндік әдістеме. 

        3.Дидактиканы компьютерлік жүйеге кіргізу 

        4.Қазіргі дидактикадағы оқыту мәселелері.  

        5.Оқыту ұстанымдары.  

        6.Оқыту процесінің танымдық іс-әрекеті.  

 

                                             Әдебиеттер: 

 

Педагогика. Курс лекций. Алматы: ―Нұрлы Әлем‖, 2003 



2.  Вульфов Б. З., Иванов Б.Д. Основа педагогики (в лекциях, в                    ситуациях,        

в первоисточниках) Уч. пособие – М., 1997 г 

5.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 1984 

6.

 



Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999 

7.

 



Лихачев Б.Т. Философия воспитания. Спец. курс. Уч. пособие- М., 1995 

8.

 



Педагогика. Уч. пособие (Под. ред.  Т.Н. Пидкасистого-., 1998) 

9.

 



Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 1998 

10.


 

Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 1998 

 

 

7  тақырып:  Оқытудың  философиялық  және  психологиялық  негіздері. 



Оқытудың тҥрлері. 

                                       

                                          ЖОСПАР 

1. Оқу процесі туралы түсінік 

2. Оқу процесінің жүйесі 

3. Оқытудың жүйесі мен оның түрлері. 

Ілім - танымдық үрдісті дамытатын қозғаушы күш. Оқушының алған ілімдік білімі 

оның  дүниетанымдық  кӛзқарасын,  нанымын,  сенімін  қалыптастырады.  Ал  ғылыми 

кӛзқарас,  дүниетаным  тұлғаның  ӛзін  қоршаған  ӛмірді,  құбылыстарды  тануға,  оған 

объективтік баға бере білуге мүмкіндік жасайды. Тұлғаның дүниетанымы тиісті түсінікті 

игеруге  бағыттап,  айқындап,  бағдарлаудың  кӛрсеткіші  негіздеріндегі  идеялық,  ғылыми 

және имандылық, адамгершілік, эстетикалық дамуын қалыптастыратын ынта-ықыласына, 

мұратына  жол-жосық  сілтейтін  құбылысқа  айналады.  Мұның  сапалық  кӛрсеткіші 

оқушының  болашақ  тағдырына  жалғасып,  оның  ӛмірге,  қоғамға,  табиғатқа,  қоршаған 

ортасына, адамдарға деген ӛмірлік позициясын, сенімін, мұратын, іс-әрекетін айқындауға 

ықпал  етеді.  Ал  ғылыми  дүниетанымнын  құрылымдық  компоненті  -  ғылыми  зерттеудін 

нәтижелік  кӛрсеткішіне,  былайша  айтқанда,  ғылыми  білім  жүйесіне,  сеніміне,  тұлғаның 

мұраты  мен  дүниетаның  түсінігіне  тәулді  деп  білсек,  оның  объективтік  негізін 

бейнелейтін  адамнын  тәжірибесі,  нақты  әрекеті  болып  табылады.  Тұлға  білім  арқылы 

адам табиғатын, қоғамдық құбылыстарды, ондағы объективтік заңдылықтарды зерттейді, 

түсінеді,  ұғынады,  қабылдайды,  кӛзқарастық  сенім  қалыптастырады  да  сол  түсінігі 

негізінде қарым-қатынасқа келіп, әрекет етеді, пайымдау жасайды, танымдық тұжырымға 

келеді.  Ғылыми  білімді  қабылдау  тұлғаның  сенімін  бекітіп,  тиянақты  ой  қорытындысын 

жинақтап, шындықты терең тануға жол ашады. Түсінігінің кемелді, мұратының мақсатты, 

әрекетінің нәтижелі болуына бағдар береді, мақсатқа қол жеткізуіне мүмкіндік туғызады. 


Әрине,  дүниетанымның  қалыптасуы  ұзақ  және  күрделі  процесс.  Әрбір  тұлғаның 

кӛзқарасы,  сенімдік  жүйесінің  қальштасуы  және  сапалық  деңгейі  оның  ӛмірлік 

тәжірибесіне,  ғылыми  әзірлігіне  т.б.  факторларға  байланысты.  Мұның  бәрінің 

философиялық  негізі  -  оқушыны  енбеккерлікке  жауапкершілікке,  ӛздігінен  әрекеттене 

білуге баулып, ізденісі мен атқарған ісіне сын кӛзбен қарап, баға беріп, тұжырым жасай 

білумен сабақтас екендігін мойындата алумен шарттас. 

Педагогика саласындағы оқулықтар мен оқу құралдарында «педагогикалық үрдіс» 

- «процесс» деген латын сӛзінен бастау алған термин арқылы жазылып келеді. Терминнің 

дәл  мағынасы  -  ілгерілеу  (продвижение),  әрекеттің  нәтижеге  жетуі  болса,  мұның  жүзеге 

асуына  жетекшілік  ететін  бастаушы  мұғалім  екені  белгілі.  Осы  орайдан  мақсатқа  жетіп 

ілгерілеудегі  педагогикалық  үрдістің  іс-әрекетке  айналудағы  заңдылықтарға  мұғалімнің 

мұқият қарауына және оның белсенділігі мен бейілділігіне байланысты. 

Психологиялық  тұрғыдан  алғанда  оқыту  үрдісі  -  оқушынын  оқу  жүйесіндегі  іс-

әрекеті.  Оқыту  үрдісінін  логикалық  құрылымын  айқындайтын  танымдық  іс-әрекет. 

Былайша айтқанда, танымдық ойды түсіну, қабылдау, ұғыну, білімдік дағдыны меңгеріп, 

сананы  жетілдіріп  және  оны  практикада  қолдана  білу.  Сондай-ақ  білімдік  түсінік  пен 

іскерлікті  талдап,  тексеріп,  бағалау  және  қабылдаған,  ұғынған  таным-түсініктерін  ӛз 

бетінше қайталап дамытуға машықтану. 

Оқыту үрдісіндегі негізгі зандылық: нақты аңғарудан абстракты ойлауға және одан 

практикаға кӛшу - ақиқатты танудың объективтік реалдықты білудің диалектикалық жолы 

екендігін  мойындауда.  Олай  болса,  оқыту  үрдісі  білім  жүйесіндегі  мотивке  де 

байланысты. Ӛйткені себепсіз салдар болмайды ғой. Ендеше мотив - адамның объективті 

қажеттігін,  мұқтаждығын  және  ынтасьш  бейімдейтін  әрекеті,  іштей  талпынысы  мен 

талабы. Мұны сезіну оқуға, білуге деген ықыласты кӛтереді. Мотив оқушының білім алуға 

деген  қызығушылығын  және  перспективтік  үміт  талабын  демеп,  ілгері  іздене  түсуге 

құлықтандырады.  Әрине,  мотив  оқушының  жас  ерекшелігіне,  білім  деңгейінің  дамуына 

байланысты  ӛзгеріп  отыратын  және  бағдарланып  басқарылатын  үрдіс.  Демек,  ілімді 

игерудін мәні - іс-әрекетпен шарттас деп қалсақ одан туындайтын үрдіс білімді ұғынумен 

қатар оны әлеуметгік тәжірибеде қолдануға да, меңгеруге де байланысты. 

 Оқытудың  жүйесі  мен  оның  түрлері.  Дидактикада  окытудың  теориялық 

негіздеріне байланысты үрдісті зерттеуші ғалымдар әр түрлі мәнде түсіндіреді және оның 

құрылымдық  жүйесі  жӛнінде  де  бірыңғай,  біртекті  ұғым  қалыптаспаған.  Ал  оқытудың 

түрлерін  белгілеу  окытудағы  іс-әрекет  пен  оның  сипатына  негізделеді.  Мұндағы 

оқытудын  мазмұны,  әдістемесі,  құралына  байланысты  басты  түрлері  мынау:  а) 

түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту; ә) проблемалық оқыту; б) бағдарлап оқыту т.б. 

Оқу  орындары  арқылы  білім  беру  тарихында  ұзақ  уақыттан  пайдаланып  келе 

жатқан және оқытудағы дәстүрлі жол -түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту. Мұның басты 

сииаты оқушыға жаңа  білімді  таныстырып, жаңа ұғымдар мен теориялар, заңдар туралы 

түсінік береді. Оқушылар дайын білімді қабылдап, жаттанды түрде меңгереді де, олардың 

ӛздігінен  ойлануына  кӛңіл  бӛлінбейді,  басқаша  айтқанда  тұлғаның  дербестігі  мен  ішкі 

мүмкіншіліктері ашылмай тек айтқанды орындау шеңберінде қалып қояды. 

Проблемалық  оқытуда  мұғалім  оқушыны  білім  жүйесін  ұқтыру  мен  іскерлік 

дағдысын  қалыптастырумен  қатар  шәкірттің  танымдық,  шығармашылық  бағдарда 

болуына  жол  нұсқайды.  Тиісті  тақырып  бойынша  проблемалық  сұрақтарды  шешудің 

варианттарын  қарастырып,  оны  шешу  шәкірттің  үлесіне  тиеді.  Жаңа  білімді  игеру 

барысында  оқушының  ӛздігінен  ізденіп  және  оны  практикада  қолдана  алу  бағдарында 

еңбектенеді. Проблемалық оқытуда оқушының ғылым негіздерін меңгерудегі дербестігін, 

қабілетін дамыту кӛзделеді. Оқушыны ойланту, іс-әрекеттегі ізденісі үшін репродуктивтік, 

продуктивтік және шығармашылық жолдар сәйкестіріле пайдаланылады. Репродуктивтік 

жолды  ұстанғанда  атқарылатын  іс-әрекет  үлгі,  алгоритм  бойынша  орындалса, 

продуктиктік жолда оқушы ситуацияны ӛзінше шешуге әрекеттеніп, жаңаша ізденуге мән 

береді.  Ал  шығармашылықта  эвристикалық  іс-әрекетке  кӛшіп,  проблеманы  шешуде 



кенеттен  келген  ойларын  ұсынып,  жұмысты  ӛзінше  орындайды.  Оқытудың  бұл  түрінің 

жетістіктері мен жеке олқылықтары тӛменде кӛрсетілген. 

Бағдарлы  оқытуды  ұйымдастыру  мақсатында  1962  жылы  Париж  қаласында  ӛткен 

ғалымдардың  халықаралық  конференциясындағы  пікірлесу  нәтижесінде  ЮНЕСКО 

мақұлдаған келісім бағдарлы оқыту жүйесін ӛрістетті. Мұндағы басты ерекшелік - оқыту 

үрдісін  басқару  жолы  жетілдірілген,  оқушы  ӛзін-ӛзі  тексереді  және  бағдарлы  оқытуға 

арналған  оқулық,  оқу  құралдары  мен  құжаттарда  берілген  мағлұматтарды  шәкірттің 

қаншалық  меңгергендігін  тексеруде  машина  қолданылады.  Сондай-ақ  материалы 

логикалық жағынан жеке бӛлшектерге бӛлінеді. Әрбір бӛлімді меңгерген соң оқушы алған 

білімі  бойынша  сұрақтарға  жауап  беріп,  тестілік  сауалдаманы  орындайды.  Жауаптары 

дұрыс  болса,  келесі  бӛлімге  ӛтеді,  ал  жауаптарында  қате  кетсе,  қайталап  оқып  толық 

меңгермейінше  жаңа  бӛлімге  ӛтуіне  болмайды.  Белгіленген  тәртіпті  сақтау  міндет. 

Тӛменде толық мағлұмат ұсынылған. 

Тҥсіндірмелі-иллюстративтік  оқыту.  Оқытудың  бұл  түрінің  басты  сипаты  - 

мүғалімнің  тиісті  материалды  талдап  түсіндіруін  оқушы  сол  дайын  күйінде  қабылдап, 

қайталап  беру  арқылы  білім  алады.  Дидактикалық  бұл  үрдіс  мұғалім  мен  оқушының 

бірлескен әрекеті  негізінде жүзеге асатындығын педагогика оқулықтары мен әдістемелік 

оқу  құралдарында  жан-жақты  баяндалған.  Оның  екі  жақты  әрекеттегі  жүйелілік  мәні 

мынау: 


 

 

 



Оқытудағы мұғалімнің іс-әрекеті 

Оқудаты оқушының іс-әрекеті 

1.

 

Білімдік жаңа түсінік беру. 



2.

 

Оқу  материалын  ұғынуды  ұйым-



дастыру. 

3.

 



Алған білімін пайдалана білуді ұйым-

дастыру. 

4.

 

Оқыту  материалын  бекітуді  ұйым-



дастыру. 

5.Алға білімін қолдана білуді, меңгерген 

деңгейін бағалауды ұйымдастыру. 

1.

 



Білімдік мағлұматты қабылдап түсіну. 

2.

 



Оқу  материалын  ойланьш,  ұғымдық 

түсінігін кеңейту. 

3.

 

Меңгерген  білімдік  материалдарын 



пайдалану. 

4.

 



Оқу  материалын  қайталап  бекіту, 

пысықтау. 

Алған  білімді  жаттығулар  негізінде, 

түрлі  тапсырманы  орындау  арқылы 

жүзеге асыру. 

 

Білім  беру  саласында  түсіндірмелі-иллюстративтік  оқыту  жолының  мәнділігі  ой-



пікір  айқын,  жүйелі  болғандықтан  ондағы  мағлұматты  оқушы  қиналмай-ақ  тез  ұғынады, 

сол  күйінде  қайталап  айтып  бере  алады.  Ал  мұндағы  әлсіздік  -  берілетін  білім-түсінік 

репродуктивтік, яғни қайталау түрінде келеді де, оқушының іс-әрекеттегі ӛзіндік ізденісі 

мен  ӛзінше  ойлануына  онша  мән  берілмейді.  Орта  оқу  орындарындағы  білімдендіру 

жүйесінде осы жол етек алған. Педагогика тарихында И.Гербарттық деп аталып дәстүрлік 

бұл  жолдан  кӛптеген  мқғалімдер  шыға  алмай  шырмалап  келеді,  ӛйткені  жаттандылық 

түріндегі оқытуға тым бейімделіп кеткендікпен қатар, екінші жағынан пәндік әдістемелік 

әдебиеттер осы жүйеге бағдарланған. 

Проблемалық  оқыту.  Проблемалық  оқытуда  мұғалім  оқушы  білуге  тиісті  таным-

түсінікті  ӛзі  айтып  бермейді,  қайта  шәкіртке  іздетеді.  Олар  ұғынуға  тиісті  заңдар  мен 

заңдылықтарды,  теориялық  танымды,  ақыл-ой  тұжырымдамаларды  оқушьшың  ӛздеріне 

іздету  арқылы  тапқызып,  деректерді  талдап  талқылау  арқылы  жеткен  нәтиже,  түсінік-

танымы тиісті білімді меңгеруі  болып шығады. Сонда бұл  жол проблеманы шешу, түрлі 

проблемалық  ситуацияны  талдау,  болжамды  айқындау,  күрделі  мәселе  түйінін  тарқату, 

мүмкіндігіне қарай тәжірибеде сынау нәтижесінде қол жеткен таным-түсінікті меңгеруді 

оқушының алған білімі деп танимыз. Мұндай іс-әрекет барысындағы жүйе мынау: 

 


Мұғалімнің іс-әрекеті 

Оқушыныц іс-әрекеті 

1.

 

Проблемалық ситуация туғызу. 



2.

 

Проблеманың  мән-мазмұны  туралы 



ойлауды ұйымдастырады. 

3.

 



Тиісті  қарама-қайшылыққа  байланыс-

ты туындап отырған  болжам жорамалды 

шешуді ұйымдастырады. 

4.

 



Болжам  жорамалды  тексеріп  кӛруді 

ұйымдастырады. 

5.Жүзеге 

асырылмақ 

нәтижеге 

байланысты 

тұжырымдама 

жасауды 


уйымдастырады. 

1.

 



Кедергі  мен  қайшылық  неде  екенін 

аңғарып, оны зерттеп білу. 

2.

 

Шешуге 



тиісті 

проблеманы 

айқындайды. 

3.

 



Тиісті  мәселеге  байланысты  ӛзінше 

болжам,  жорамал  жасап  оны  шешуге 

талпынады. 

4.

 



Болжам  жорамалға  талдау  жасап, 

қойылған  міндетті  шешуді  тәжірибеде 

сынап байқайды. 

5.Қол  жеткен  нәтижені  талдап,  тиісті 

қорытынды  жасап,  алған  білімін  жүзеге 

асырады.  

 

Проблемалық  оқытудың  пайдалы  жағы  оқушыны  шығармашылыққа  бейімдеп, 



күрделі  мәселені  шешу  жолындағы  ізденіске  құлшындырып,  ойлау  кабілетін  дамытады. 

Оқушының ойлауын жетілдіріп, ой еңбегіне қызықтырып, ақыл санасын ӛрістетуге ықпал 

етеді. 

Проблемадан  туған  кедергіні  жеңу  жолындағы  ізденісі  мен  талпынысы  шәкірттің 



білім білігінің нәтижелі, таным-түсінігінің жоғары деңгейге кӛтеріле түсудегі мүмкіндігін 

арттырады.  Оқушыны  ой  еңбегі  саласында  тиісті  дәрежеге  жеткізеді,  іздеп  таба  білуге 

машықтандырады. 

Әрине,  проблемалық  оқытуды  білім  берудін  мінсіз  түрі  деп  келмейді.  Мұндағы 

басты кемшілік оқытылуға тиісті материалдың сипатына байланысты оқытудың бұл түрін 

үнемі  найдалана  беруге  келмейді.  Ӛйткені  оқушының  әзірлік  деңгейі  және  мұғалімнің 

кәсіби ізденісі үнемі сәйкес келе бермеуі де

 

ықтимал. Сонымен бірге проблемалық оқыту 



кӛп  дайындықты,  жан-жақты  ізденісті  талап  ететін  білімдендірудің  күрделі  түрі  және 

оның  әдістемелік  моделі  оқытылатын  пәннің,  тиісті  тақырыптың  ыңғайына  қарай 

жасалады. 

                                      СӚЖЖ тақырыбы 

1.Ілім – танымдық процесті дамытатын қозғаушы күш. 

2.Оқытудың жүйесі мен оның түрлері 

3. Оқу процесінің жүйесі. 

                                 

                          Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сҧрақтар. 

1.

 



Түсіндірмелі-иллюстративті оқыту дегеніміз не? 

2.Оқытудағы мұғалімнің іс-әрекеті мен оқудағы оқушының іс-әрекетінің айырмашылығы 

неде? 

3.Проблемалық оқытуды қалай түсінесің? 



4. Бағдарламалап оқытудың ерекшелігі неде? 

 

              Ӛз бетімен жҧмыс істеуге арналған тапсырмалар 



1. Оқыту процесінің мән-мағынасын сипатта. 

2. Оқыту жүйесі мен түрлерін сарапта. 

3. Дамыта оқытудың мәнін ашып кӛрсет. 

 


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 1.25 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет