Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені



жүктеу 1.25 Mb.
Pdf просмотр
бет3/13
Дата23.04.2017
өлшемі1.25 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Сҧрақ-жауап  әдістері.  Олардың  ерекшелігі  педагогикалық  жағдайлардың 

элементтерінің  объективті  қасиеттерімен  қоса  ӛзара  байланысты  «субъект  –  субъект‖ 

жүйесінің  қасиеттері  танылып,  есепке  алынады.  Эмпирикалық  зерттеу  тәртіптерін 

құрастыру  кезінде  субъектінің  ӛз  іс-әрекетінің  жағдайын  оның  сол  іс-әрекет  туралы 

түсінігі ретінде қабылдайтынына сүйену керек. Бұл ретте ―түсінік‖ терминінің мағынасы 

‖білім‖  терминіне  қарағанда  кеңірек.  ―Түсінік‖  ғылымында  субъектінің  танымдық 

педагогикалық  жағдайды  қабылдау  ерекшілігі  дұрысырақ  беріліп,  нақты-сезімдік  пен 

абстрактілі-түсініктемелік  бейненің  бірлігі  белгіленеді.  Сұрақ-жауап  әдісінің  мақсаты 

бірлі-жарым және жекелеген белгілердің жоғалып кетпеуін қадағалайды, ӛйткені олар жоқ 

болса, жалпы абстрактіге айналуы мүмкін. 

            Қазақ елінің мемлекеттік тіліндегі «әдіснама» термині кӛптеген әдебиеттерде 

«методология» түрінде де жазылып келе жатқаны белгілі. Қалай атаған күнде де бұл 

терминнің нақты мәні-«әдіс туралы ғылым» деген ұғымдық түсінікті білдіреді. Ӛйткені 

қандай ғылым болмасын оның негізгі белгілі бір теорияны, ережені, тұжырымдаманы 

басшылыққа алады. Педагогикалық идеяларды талдаудың объективтік негізі философия 

болып табылады. Сол себептен педагогика ғылымының әдіснамалық негізі философия 

ілімінің жалпы заңдарына, танысдық әдістеріне сүйеніп, оны басшылыққа алады. 

Философияның энциклопедиялық сӛздігінде методология бұл – «система принципов и 

способов организации и построения теоретической и практической деятельности» 

(М.,1983.-365 бет) деп кӛрсетілген. Демек, әдіснама дегеніміз – іс-әрекетті құрудың 

теориялық және практикалық жолын ұйымдастыру тәсілдері мен принциптерінің жүйесі 

болып шығады. Ендеше, педагогиканың да, басқа ғылымдардың әдіснамасы ғылыми 

зерттеудің танымдық жүйесін ұйымдастырумен бірлікте жүреді. Зерттеудің бағыт –

бағдарындағы болжамға үйлесімді және жасалатын қорытынды педагогиканың теориясы 

мен технологиясына сай болса, оның нәтижесі де ӛміршең болатындығы ақиқат.  


       Педагогика ғылымы – зерттеу әдістері негізінде дамып, үнемі жетіліп отырады. 

Зерттеу әдісі – нақты табысқа жету тәсілі. Педагогикалық әдіснама мен әдіс бір-бірімен 

тығыз байланысты. Ғылымдардың бәріне ортақ жалпы әдістермен қатар қоғамдық 

ғылымдар саласындағы педагогиканы зерттейтін ғылымға тән зерттеу әдістері бар. 

Оларды топтастырғанда теориялық, эмпирикалық, математикалық әдістер деп жіктеуге 

болады. 


       Теориялық әдіс – талдау, жинақтау, тұжырымдау, салыстыру, классификациялау, 

моделдеуге құрылады. 

       Эмпирикалық әдіс – деректер жинау, сұрыпталған фактілерді ғылыми жүйеге келтіру. 

Бұл әдіске бақылау, қажетті құдаттарды зерттеу, әңгімелесу, анкета, сұхбаттасу, т.б. 

кіреді. Жобалық болжамды тиянақты айқындай түсу үшін эксперименттер қолданылады. 

       Математикалық әдіс – құбылыстар мен қолданыстағы жүйенің ара қатынасындығы 

межелік айырымды сандық сапа арқылы белгілейді. Бұл әдіске регистрациялық тіркеу, 

шкалалық кӛрсеткіш, кӛлемі мен дейгейіне қарай сапқа түзу т.б. кіреді. 

Педагогикалық зерттеулер әдістемесі: 

1.Бақылау 

2.Әңгімелесу 

3.Сауалнама жүргізу 

4.Тестілеу 

5.Педагогикалық эксперимент 

6.Моделдеу 

7.Бағалау 

 

Реферат тақырыптары 

1. Эксперименттің құрылымы мен формалары. 

2. Практика мен ғылыми таным ара қатынасының қарама-қайшылықтары. 

3. Шығармашылық пен ғылыми танымның ӛзара байланысы. 

4. Ғылыми таным кезеңдері мен деңгейлері. 

5. Эмпирикалық зертеулердіңнегізгі әдістері. 

 

 Әдебиеттер 



1. Журавлев Я.И. Педагогика в системе наук о человеке. М., 1990. 

2.  Педагогика.  Абай  атындағы    Ұлттық  педагогикалық  университет.  Дәрістер  курсы.  - 

Алматы ―Нұрлы әлем‖ 2003. 

3. Пидкасистый П.И. Педагогика. Учебное пособие. – М.:1995. 

4. Проблемы методологии педагогики и методики исследований. Под ред. М.Н.Данилова, 

Н.И.Болдырева. М.:Педагогика 1971. 

5. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003. 

6.  Таубаева  Ш.Т.  Исследовательская  культура  учителя:  от  теории  к  практике.  –  Алматы 

―Гылым‖ 20001. 

 

3 тақырып:  Педагогика ғылым ретінде. 



 Педагогикалық теория мен практиканың бірлескен әрекетінің диалектикасы 

                                   

Жоспар: 

1. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы.  

2. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы.  

3. Тұтас педагогикалық процесс теориясы 



Негізгі  ҧғымдар:  тұлға,  іс-әрекет,  құндылықтар,  басқару,  тұтас  педагогикалық 

процесс теориялары. 



Ғылыми  теория  -  білімдердің  жүйесі  бола  отырып,  айналадағы  обьективті 

шындықты  танудың  негізгі  құралы  болады.  Ғылыми  теория  мұғалімнің  іс-әрекетін 



танымдық  деңгейде  талдап,  педагогикалық  құбылыстардың  ӛзара  байланыстылығын 

сипаттайды. Осының негізінде кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің теориялық негізі туралы 

ұғымды,  теория  мен  практиканың  ӛзара  әрекеті  негізінде  оны  одан  әрі  дамыту 

мүмкіншілігін айқындап тереңдетеді. 



Педагогикалық  теория  дегеніміз  педагогикалық  сан  алуан  құбылыстарды 

зерттейтін,  бейнелейтін  және  түсіндіретін  білімдер  жүйесі,  Педагогикалық  теория  оқыту 

мен тәрбиелеудің нәтижесін тек практикаға ғана қатысты емес, оны зерттеу нәтижесінде 

пайда болатын теорияны алдын-ала болжауға мүмкіндік береді. Сонымен, педагогикалық 

теория мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады. 

Педагогикада  тұлғалық-бағдарлық,  іс-әрекеттік,  құндылықтар,  мектепті  басқару, 

тұтас  педагогикалық  процесс,  т.б.  теориялар  білім  беру  ұйымдарында  кеңінен  қолданыс 

тауып отыр. 

 Тҧлғалық-бағдарлық  теория  адамның  тұлға  ретінде  әлеуметтік,  әрекеттілік  және 

шығармашылық  мәні  туралы  мәселені  қарастырады.  Ол  тұлғаны  тарихи-қоғамдық  даму 

нәтижесі және мәдениет жаршысы ретінде таниды. 

Тұлғалық-бағдарлы  теория  педагогикалық  процесті  жобалап,  бағдарлауда  тұлғаны 

мақсат,  субьект,  оның  нәтижесі  мен  негізгі  ӛлшемі  ретінде  қарастырады.  Тұлғалық 

кӛзқарас  негізіне,  сонымен  бірге  бала  жайында  терең  білімді,  оның  ӛз  басына  тән 

қасиеттері  мен  мүмкіндіктерін,  қабілеттерін  жетік  білу  және    оны  басқалар  немесе  ӛзі 

қалай  қабылдайтыны  жайлы  кӛзқарастар  жүйесі.  Сондықтан  да  ұстаз  осы  бағыттағы 

қандай да болмасын ӛзінің әрекетінде тұлғаның дара екрешелігін тануды мақсат етеді. 

Іс-әрекеттік теория - тұлға дамуының негізі, құралы және шешуші факторы болып 

есептелінеді.  Бұл  сана  мен  әрекеттің  бірлігі  идеясына  негізделіп,  тәрбиеде  жаңа  жүйені 

қалыптастырады. Мұндай кӛзқарас педагогикалық зерттеу жұмыстары және практикалық 

әрекеттер  барысында  тұлғалық-бағдарлық    ұстаныммен  тығыз  қарым-қатынаста  болып, 

оның жүзеге асуына тікелей ықпал етеді. 

Іс-әрекеттің  мақсаты  -  адамдардың  ақиқат  ӛмірін  қайта  жаңғыртуға  бағытталады. 

Сондықтан адамның барлық деңгейдегі заттық және рухани әрекеті еңбек негізінде пайда 

болып,  оның  негізгі  ерекшелігін  бойына  сіңіріп,  айналадағы  ӛмірді  шығармашылықпен 

қайта жаңғыртады. 

Қҧндылықтар  теориясы  -  нақтылы  ғылыми-әдіснамалық  таным  ретінде  және 

педагогикалық  шындықты  жаңғыртуда  ӛзінің  негізгі  аксиологиясы  -  жалпы  адамзаттық 

мәдени  құндылық  (заттық  және  рухани)  жайында  оқу  болып  табылады.  Ол  жалпы 

адамзаттық  мәдени  құндылықтарға  негізделіп,  оған  қайшы  келмейтін  ұлттық  мәдениет 

пен  дәстүрлерді  қамтиды.  Сондықтан  да  тұлғаның  ӛз  ұлты  және  туысқан  халықтар 

мәдениетін  оқып-білуі,  одан  әрі  жалпы  адамзаттық  мәдениетпен  танысуы  арқылы  ӛзінің 

мәдени  дамуын  қамтамасыз  етеді.  Түйіндей  келе,  құндылық  жүйесінде  мәдениетті 

меңгеру,  біріншіден,  адамның  ӛзінің  даму  жағдайын,  екіншіден,  шығармашылыққа 

қабілетті тұлға ретінде қалыптасуын іске асырады. 

Мектепті  басқару  теориясы.  Мектепті  басқару  жұмыстары  мектептану  деп 

аталады.  Қазіргі  заман  мектебі  күрделі  жүйе  болғандықтан,  ол  оқушылардың,  оларды 

оқытып-тәрбиелейтін  мұғалімдердің,  мектеп  әкімшілігінің,  оқу-тәрбиелік  қызмет 

кӛрсететін  ұстаздардың  іс-әрекеттерінен,  мектеп  алдында  тұрған  жалпы  міндеттерді 

шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. 

Ғылыми  басқару  –  белгілі  нәтижеге  жету  мақсатында  жоспарланған  жүйелерді 

басқару.  Ғылыми  басқарудың  мынадай  белгілері  бар:  жалпы  таным  мен  обьективтік 

заңдылықтарды  саналы  пайдалану;  басқару  ықпалының  үздіксіздігі  мен  жүйелілігін 

қамтамасыз  ету;  басқарылатын  обьектілер  мен  процестерді  моделдеу;  құбылыстардың 

сандық ӛлшемдерін қолдану. 

Мектепті басқарудың басты мәні - педагогтардың педагогикалық процесте ең жақсы 

нәтижеге жету мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарының іс-әрекетін мақсатты 

басқару. 


Басқару  теориясының  нәтижесі  –  мектепті  тиімді  басқарудың  жаңа  заңдарының 

пайда  болуы,  практикалық  іс-әрекетте  жүзеге  асырылатын  заңдармен  жетілдіру, 

принциптер, ережелер, тұжырымдар. 

Педагогикалық  процесті  ғылыми  негізде  басқару  мұғалімнен  басқару  теориясын 

игеруді талап етеді, жалпы және арнайы ұйымдастыра білу білім деңгейін кӛтеруді, оның 

барлық  бӛліктерін қажетті  мәліметтермен қамтамасыз етуді, басқару  обьектісінің ӛзіндік 

ерекшеліктерін бейнелейтін басқару әдістерін игеруді  талап етеді. 

Тҧтас  педагогикалық  процесс  теориясы.  Біртұтас  обьектінің  теориясын  жасау 

диалектикалық  материализмнің  белгілі  бір  методологиялық  мақсаты-құбылыстардың 

ӛзара  байланыстылығы  туралы  күрделі  құбылыстарды  жүйе  ретінде  қарастырумен  және 

нақтылы  жағдайда  жүйелі  тәсілді  практикалық  тұрғыдан  жүзеге  асырумен  тікелей 

байланысты. 

Жеке  тұлғаның  қалыптасуы  біртұтастықта  іске  асады.  Сондықтан  мұғалім 

дайындығына  кешеді  тәсіл  қажет,  мұғалімде  педагогикалық  процесс  туралы  біртұтастық 

туралы түсінік болуы керек. Біртұтастықты түсіну үшін оның кішкентай құрамды бӛлігін 

білу  де  маңызды.  Жүйелі  кӛзқарас  тұрғысынан  ―қарапайым  бірлік‖  моделін  жасауға 

болады.  Қарапайым  бірлік  арқылы  қайшылыққа  толы  біртұтастықты  елестете  отырып, 

нақтылы  обектіні  зерттеуге  қажетті  белгілі  бір  жағдайды  білуді  талап  етеді. 

Абстракциядан  нақтылыққа  кӛтерілу,  яғни  теориялық  ойдың  нәрсені  бейнелеуде  бірті-

бірте  толық,  жан-жақтылыққа  және  біртұтастыққа  қозғалысы,  ғылыми  әдістің  бірқатар 

анықтамаларын логикаға келтіруге мүмкіншілік береді. 

Абстрактылықтан  нақтылыққа  кӛтерілуді  былай  сипаттауға  болады:  таным 

барысында  нақтылы  нәрсеге  тән  әртұрлі  заңдылықтар  ашылады  және  ол,  сол  нақтылы 

нәрсенің  белгілі  бір  даму  сатыларынан  табылып,  бірізді  қалыптасып,  категория  ретінде 

кӛрінеді, оның ӛзінде даму үстіндегі бірте –бірте жетілген және дамыған формалары мен 

қатынастары бейнеленеді. 

Сондықтан  талдаудың  мақсаты  -  абстракцияны  кӛрсету  арқылы,  оның  маңызды 

қырларын  анықтап, біртұтастықты қайтадан жасауға болады.  Демек  ―негізгі  абстракция‖ 

бірқатар  талаптарға  сай  болуы  тиіс:  ол  нәрсенің  мәні  мен  себебін  кӛрсетуі  керек;  ол 

шектеулі болуы тиіс, сондай абстракция ғана құбылыстың басқа қырлары мен қасиеттерін 

жанастырады. 

 

МӚЖЖ тақырыбы: Педагогикалық теория мен практиканың ӛзара бірлескен 

әрекетінің диалектикасы 

Жоспар: 

1.Қоғамның қазіргі жағдайындағы педагогика ғылымының міндеттері. 

2.Мұғалімді кәсіби дайындаудағы педагогикалық теориялардың маңызы. 

3.Педагогика курсының маңызы. 

 

Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сҧрақтар 

1. Ғылыми теорияның мәнін түсіндіріңіз 

2. Педагогикалық теорияның ерекшелігін кӛрсетіңіз. 

3. Іс-әрекеттік теорияның маңызы неде? 

4. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар мұғалімнің тәрбиелік қызметінде қандай 

рӛл атқарады? 

5. Мектепті басқару теориясының мақсатын ашып кӛрсетіңіз. 

6.Тұтас педагогикалық процестің мәне неде? 

7. Педагогика курсының мазмұнында қандай мәселелер қарастырылады? 

 

Ӛз бетімен жҧмыс істеуге арналған тапсырмалар 

1. Педагогикалық теориялардың практикаға тигізетін ықпалы. 

2. Педагогика ғылымының қазіргі міндеттерін кӛрсетіңіз. 


3. Мұғалімнің кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптарды сипаттаңыз. 

 

Реферат тақырыптары 

1. Мұғалімнің теориялық білімін жетілдірудегі негізгі педагогика категорияларының рӛлі. 

2. Педагогикалық процестің мақсаттары мен міндеттері. 

3. Іс-әрекет тәсілдерін игерудің педагогикалық процестегі оқушылардың белсенділігінің 

дамуына ықпалы. 

 

Әдебиеттер 

1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы ―Дарын‖ 2004. 

2.  Педагогика.  Абай  атындағы    Ұлттық  педагогикалық  университет.  Дәрістер  курсы.  - 

Алматы ―Нұрлы әлем‖ 2003. 

3. Пидкасистый П.И. Педагогика. Учебное пособие. – М.:1995. 

4. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. М.: Асадема 2003. 

5.Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: от теории к практике. – Алматы 

―Гылым‖ 20001. 

6. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. –Алматы ―Ғылым‖ 

2002. 


7. Сериков В.В. Образование и личность. Теория и практика проектирование 

педагогических систем. –М.: ―Академия‖ 2002. 

 

4.

 

Жоғарғы білім беру жҥйесін фундаментализация, гуманизация және 

гуманитаризация мәселелері.  

Нақты педагогикалық зерттеуді ҧйымдастыру мен жҥргізудің әдістемесі 

                                                   Жоспар: 

1. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері және зерттеу әдістерінің мәні. 

2. Педагогикалық зерттеу әдістерің жіктемесі. 

Негізгі  ҧғымдар:  зерттеу  мәселесі,  қайшылық,  зерттеу  мәселесінің  шынайылығы, 

жетекші идея, болжам, педагогикалық эксперимент. 

Педагогикалық  зерттеудің  әдіснамалық  негіздері  және  зерттеу  әдістерінің  мәні. 

Зерттеу  мәселесін  таңдау  және  негіздеу:  кез  келген  зерттеудің  нәтижелі  аяқталуы, 

проблеманы  дұрыс  таңдап,  оған  негіздеме  жасай  білуге  байланысты.  Кӛптеген  зерттеу 

жұмыстарында  зерттеу  проблемасы  дұрыс  анықталмағандықтан,  зерттеуде  тек  жаңа 

фактіні айтып кӛрсету орын алады да, ғылымға ешқандай жаңалық қосылмайды. Ӛкінішке 

орай,  сондай  жұмыстар  кӛп  кездеседі.  Зерттеудегі  қойылған  проблеманың  шешілуі, 

ғылымға жаңалық қосып, оны жетілдіреді. 

 Зерттеу жұмыстары теориялық және практикалық болып екіге бӛлінеді, екеуінің де 

ӛзіндік  мәні  бар.  Кейбір  теориялардың  жүзеге  асуына    белгілі  бір  уақыт,  жағдай  керек. 

Сонымен  қатар,  педагогикадағы  кейбір  теориялардың  практика  жүзінде  толықтай  іске 

аспайтындары да болады. 

Зерттеу  проблемасын  таңдау  және  оны  негіздеу  ӛте  күрделі  мәселе.  Дж.Бернал 

стратегиялық бағыттағы теорияны анықтау, оны іске асырудан күрделі дейді. 

Зерттеу  проблемасы  қайшылық  ретінде:  зерттеу  мәселесінің  табиғаты  күрделі, 

сондықтан зерттейтін танымдық  проблема ескі  білімді  жаңа білімге алмастыруы тиіс, ал 

жаңа  ӛзінің  кемелденген  қалпына  әлі  жете  қоймағандықтан,  осы  қайшылық  танымды 

дамытып, жаңа ғылыми нәтиже әкеледі (Мочалов И.И.).  

Зерттеу проблемасы ғылым мен практика арасындағы қайшылықты кӛрсетеді. Оның 

табиғаты  диалектикалық  таным  заңдылығы  арқылы  түсіндіріледі.  Ғылыми  танымның 

дамуы қалыптасқан теория мен қазіргі практика арасындағы қайшылықты кӛрсетеді. 

Ғылыми  білімнің  дамуы  барысында  қайшылықты  тенденция  пайда  болады: 

біріншіден  -  ескі  түсінікті  жаңа  болжам  негізінде  ӛзгертіп,  екіншіден  -  бұрынғы 

теорияның  іргелі  негіздерін  сақтап  қалу  қажет.  Жаңа  мен  ескінің  арасындағы 


қайшылықты,  ескіні  қажетсіз  деп  тусінуге  болмайды.  Педагогикалық  зерттеулер  -  оқыту 

мен  тәрбиенің  жаңа  тиімді  мақсаттарын  жүзеге  асыруды  кӛздеуі  шарт.  Жаңа  ӛзінен-ӛзі 

пайда болмайды, ол ескінің орнында пайда болады. 

Зерттеу  проблемасының  шынайылығы:  зерттеушінің    ашқан  белгісіз  жаңалығы  шын 

мәнінде жаңа ма? Зерттеушінің  тұспалы бойынша зерттелген ауқымдағы ғылымға белгісіз 

заңдылық шын мәнінде бар ма? Зерттеуші ғылым мен практиканың қажеттілігін шешуді 

кӛздеу керектігін шын мәнінде түсіне ме? 

Міне,  осы  ӛлшемдер  ескерілсе  ғана,  проблеманың  мәні  мен  оның  шынайылығы 

анықталады. 

Зерттеу жүргізу үшін педагогикалық процесті біртұтас кӛре білу керек. 

Тарихилық  және  қисындылықтың  қарым-қатынасы:  кез  келген  зерттелетін 

проблеманың  мәні,  оның  тарихи  дамуымен  тығыз  байланысты.  Тарихилық  пен 

қисындылық  принципі  барлық  психологиялық  және  педагогикалық  зерттеулерге  тән. 

Проблеманы  таңдап,  оны  негіздеуде  тарихилық  пен  қисындылық  принциптерді  дұрыс 

қолдана білу керек. 

Жетекші  идея:  егер  проблема  дұрыс  қойылған  болса,  онда  оның  басты  бағыты 

белгіленіп  тұр  деген  сӛз.  Қойылған  проблеманы  шешу  үшін  бірнеше  жылдар  зерттеу 

жүргізу қажет пе? - деген сұрақ болуы мүмкін. Проблеманы шешу, оның идеясымен және 

зерттеуімен анықталады. Жетекші идея зерттеудің ең басты мәселесі. 

Кейде  жетекші  идея  тек  бір  қырынан  ғана  зерттеліп,  оған  қайшы  құбылыстар  мен 

процестер  ескерілмей  қалады.  Осыған  орай  жетекші  идеяны,  қойылған  мақсатқа 

байланысты жан- жақты талдау қажет. 

Жетекші идея мен зерттеудің жалпы бағыты – зерттеудің басты координаты, оның 

«даралығынң  сипаттайды.  Ғылымның  дамуына  ықпал  ететін  -  іргелі  зерттеулер  мен 

маңызды идеялар. Идеялар ғылымның алтын қоры десек те болады. 

Проблеманы  таңдау:  оқу-тәрбие  жұмысына  қажеттілігіне,  адам  тәрбиелеудегі 

қоғамның  перспективалық  талабына,  педагогика  ғылымының  жалпы  және  жеке 

салаларының дамуына және зерттелмеген тың мәселелерді ескеруге байланысты. 

Ғылым  саласында  және  жеке  зерттеулерде  де,  келешек  пен  сабақтастық 

заңдылықтары  сақталуы  тиіс.  Проблеманы  анықтау  -  зерттеу  логикасын  іске  асырады. 

Зерттелетін  проблема  нәтижелі  болу  үшін  педагогикада  және  онымен  шектес  ғылым 

салаларында зерттелейін деген мәселе белгілі деңгейде зерттелген болуы тиіс. 

Практика мен ӛмірдің қажеттілігін, бұрынғы зерттеушілердің зерттеулерін талдау, 

нақты  зерттеу  мақсатын  қою,  проблеманы  анықтауға  кӛмектеседі.  Проблеманың 

құндылығын практика анықтайды. Қазіргі кезеңдегі  педагогикалық  проблеманы анықтай 

білудің мәні орасан зор. 



 Болжамның рӛлі: педагогикалық зерттеуде шындыққа жету үшін, болатын нәрсені 

ойда  түйіндеп,  оны  іске  асыру  жолдары  мен  алынатын  нәтижелері  болжанады.  Болжам 

ғылыми  зерттеудің  тірек  кӛзі.  Болжам  құра  білу  ӛте  күрделі.  Болжам  жетекші  идеямен 

бірге  туындайды  және  проблеманың  мәнін  түсіну  барысында  дамиды.  Алғашқы  жұмыс 

болжамы,  уақытша  бар  фактіні  жүйеге  келтіру  үшін  қолданылады.  Ал,  ғылыми  немесе 

шынайы  болжам  ауқымды  материал  жинақталғаннан  кейін  жасалады,  ол  логикалық 

тұрғыдан қорыту, кейбір түзетулер арқылы ғылыми теорияға айналады. 

Алғашқы  жұмыс  болжамы  мен  ғылыми  болжам  арасындағы  ерекшелік 

салыстырмалы нәрсе. 

Қарапайым тұспалдан болжамның ерекшелігі: 

Ұсынылған  болжамның  фактіге  сәйкес  келуі,  оны  тексеруге  болатындығы, 

ауқымды құбылыстарға қолдануға болатындығы, мүмкіндігінше қарапайым болуы. 

Болжам екі бӛліктен тұрады: бірінші  - кейбір қағидаларды ұсыну, онан кейін оны 

логикалық және практикалық жағынан дәлелдеу. 

Зерттеудің  негізгі  кезеңдері:  ғылыми  зерттеу  ӛте  күрделі,  әр  жағдайда  ӛз 

логикасымен, зерттеу әдістерімен және ұйымдастырылуымен ерекшеленеді. 



Біріншіден,  зерттеудің  нақты  міндеттерін  анықтау.  Ол  үшін  негізгі  ғылыми 

әдебиеттерді  оқып,  оның  зерттелу  жәйін  анықтау  шарт.  Зерттеудің  теориялық, 

практикалық жақтары жан-жақты ескерілуі тиіс. 

Екіншіден,  бар  материалдарды  жинақтау  және  оларды  есепке  алу.  Олар: 

проблеманың  тарихы  мен  теориялық  жағдайын  сипаттайтын  әдебиеттер;  мектеп  және 

мұғалім  тәжірибесін  ескеру;  педагогикалық  құжаттар;  оқу  шылардың  шығармашылық 

және оқу-тәрбие істері; тәжірибеліе жұмыс және педагогикалық эксперимент. 

Осы  жұмыстардың  барлығы  педагогикалық  процестің  бір-бірімен  байланысын 

және оқушылардың даму заңдылықтарын анықтауға кӛмектеседі. 

Барлық материалдарды жинақтап, оларды есепке алып, талдап, қорытындылау: 

Біріншіден, фактілерден идеяларға. Фактілер дәлелді және шынайы болулары тиіс. 

Фактілер теорияға негіз болу үшін ғылыми танымдық жағынан ескерілу қажет. 

Екіншіден, эксперименттік тексеру және ұжымдық талқылау. 

Үшіншіден,  ғылыми  нәтижелерді  жүйелеу,  жазу.  Зерттеу  нәтижесі  түйін  мен 

қорытындыда беріледі. Бұл зерттеудің түйіні, теорияны байытатын ең маңызды нәрсе, оны 

нақты, негізделген түрде жазу қажет. 

Тӛртіншіден,  практикаға  ендіру,  екі  түрлі  болады:  тікелей  нұсқау  арқылы  және 

ғылыми эксперимент арқылы. 

Педагогикалық зерттеулердің әдістері: педагогикалық құбылыстарды тану процессі 

логикалық танымдық әдістерді қолдануды қажет етеді.  

Педагогикалық зерттеу әдістерін үш топқа бӛлуге болады: 

Мазмҧнды  әдістер:  Фактілерге,  бақылау  нәтижелеріне,  тәжірибеге  абстракция, 

анализ,  синтез  арқылы  жүгіну.  Бұл  педагогикадағы  мазмұнды  әдіс.  Педагогикалық 

құбылыстар  мен  процестерді  зерттеудің  қатарында  педагогикалық  бақылау, 

педагогикалық  тәжірибелік  жұмыс,  пікірлесу,  анкета  жүргізу,  оқушылардың  жазба 

жұмыстарын  талдау,  мектеп  құжаттарын  зерттеу,  педагогикалық  эксперимент, 

педагогикалық әдебиеттерге талдау жүргізіледі. 



Формальді,  қарапайым  әдістер:  құбылыстар  мен  процестер  абстрактіленіп 

қолданылады.  Олар  мазмұнды  әдістердің  негізінде  іске  асады.  Мысалы,  педагогикалық 

құбылыстарды,  процестерді  сандық  жағынан  модельдеу,  кибернетикалық  жағынан 

моделдеу. 



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 1.25 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет