Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені


Магистранттардың білімін бағалау жҥйесі



жүктеу 1.25 Mb.
Pdf просмотр
бет2/13
Дата23.04.2017
өлшемі1.25 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Магистранттардың білімін бағалау жҥйесі 

Бағалаудың формалары мен әдістері: 

Ағымдағы бағалау  қадағалау және сұрау  (семинарлық-практикалық сабақтарда), тестілеу 

арқылы жүргізіледі.  



Аралық бағалау (РК)  семестр бойынша екі рет ӛткізіледі: 7 және 15 аптада.  

Кредиттік технология бойынша ағымдағы және аралық бағалау нәтижелері 60% құрайды. 



Қорытынды аттестациялау емтихан түрінде, жазбаша немесе тестілеу арқылы ӛткізіледі 

және соңғы бағаның 40 % құрайды. 

 

9.2 Білімді бағалау процедурасы (балл) 

 

Бақылау тҥрі 

апта 

  1 

РК 

апта 



РК 

Бар

лығ

ы 







1



1

1



1



1

1





 

Сабаққа 


қатысуы 

















15 

ММӚЖ (МӚЖ) 









21 







20 

41 

Аралық бағалау 

















Барлығы  

















30 

















30 

60 

 

РК 1.(аралық бағалау) – макс.30 балл =100% 



РК 2.( аралық бағалау) – макс.30 балл =100% 

РК1+РК2=60 балл – 100% 

ЭО (емтиханның бағасы)- макс. 40 балл = 100% 

 

9.3 Оқу нәтижесін бағалау критерийлері 



 

Әріптік 

Балл 

%-ое  

Дәстҥрлі баға 

А 

4,00 

95-100 

Ӛте жақсы 

А- 

3,67 

90-94 

В+ 

3,33 

85-89 

Жақсы 

В 

3,00 

80-84 

В- 

2,67 

75-79 

С+ 

2,33 

70-74 

Қанағаттанарлық 

С 

2,00 

65-69 

С- 

1,67 

60-64 

D+ 

1,33 

55-59 



1,00 

50-54 



0,67 

0-49 

Қанағаттанарлықсыз 

 

 



Ағымдағы  және  аралық  бағалау  нәтижелері 

офис  тіркеушімен

  емтихандық

 

ведомосттарға және компьютерлік базаға енгізіледі. 



 

Академиялық тәртіп пен әдеп саясаты:  

Академияда мынадай ережелерді сақтауыңыз керек: 

 



 



Сабаққа кешікпеуге және қалмауға  

 



Сабақ кезінде басқа жұмыспен айналыспау, сӛйлеспеу, ұялы телефонды ӛшіру 

 



Қалған сабақтарды оқытушының белгілеген уақыты бойынша орындау  

 



Тапсырманы орындамаған жағдайда қорытынды баға тӛмендейтінін білу  

 



Үй тапсырмаларын уақытында және тиянақты орындау  

 

 



 

                                 ЛЕКЦИЯЛАРДЫҢ ТЕЗИСТЕРІ. 

 

              1 тақырып: Жоғары мектеп педагогикасының пәні, мақсаты, міндеттері  



Жоспар: 

1. Педагогика пәні және оның міндеттері

2.

 

Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым. 



3.Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі  педагогика ғылымының алатын орны, оның басты 

ерекшеліктері. 

4.Педагогикалық ғылымдар жүйесі және олардың сипаты.  

            Педагогика – тәрбие және білім берудің негіздері туралы пән. Осы саладағы іс-

әрекет пен оның заңдылықтарын зерттеп, жүзеге асыру жолдарын таныстырады. Екінші 

сӛзбен айтқанда, педагогика пәні – тәрбие туралы ілім және терминнің шығуы гректің 

paides – бала, ago – жетектеу, ал сӛзбе сӛз мәні «пайдагогос» - «бала жетектеу» ұғымынан 

бастау алған. Кейіннен «педагогиканың» мән-мағыналық ауқымы кеңейіп баланың ӛсу, 

ӛркендеу жолын түсіндіретін ӛнер ретінде танылып, оларды оқыту, тәрбиелеу арқылы 

рухани жетілуін білдіретін және оған бағдар беретін ұғымға ие болды. Осы түсінік ХХ 

ғасырдың орта тұсына дейін кӛрсетілген шеңберде шектелсе, соңғы жылдар ішінде 

танымдық деңгейін, ауқымын кеңейтіп, тек баланың ғана емес, ересек адамдардың 

мамандық саласындағы танымына жетекшілік ететін пәнге айналды.  

       Педагогиканың ең басты міндеті – адам тәрбиелеу туралы туралы танымдық білім 

жүйесінде қол жеткен ұстанымды ғылыми тұрғыдан саралап, оның практикалық жолдары 

туралы бағдар нұсқау. Тәрбие мәселесі қай заманда болмасын күн тәртібінен түспейтін 

мәңгілік категория. Педагогика пәні – тұлғаның дамуын танып, білуді қамтамасыз ететін 

тәлім-тәрбиелік қарым-қатынасты білуге, меңгеруге, зерттеуге жол ашады, оқыту мен 

білім беру, ӛзін-ӛзі жетілдіріп, ӛрістетуге бағдар беріп, бұл саладағы тағылымдар мен 

оның әдіс-тәсілдерімен таныстырады. Білім берудің игі тәжірибелерін, теориясын білдіру 

арқылы адамның рухани байлығын табиғат пен қоғамдағы қарым-қатынаста белсенділік 

танытып, шығармашылыққа бейімделуіне дем береді. Тұжырымдай келгенде педагогика - 

әрі ғылым, әрі ӛнер. Бір жағынан теориялық, екінші жағынан тәжірибемен қауышатын 

практикалық мәндегі пән. 

       Педагогика пәнін меңгеру мен зерттеудегі басты проблема: 

-

 



Тұлғаның дамуы мен қалыптасу негізіндегі заңдылықтары және оған тәрбиелеу 

ықпалдарын ұғындыру. 

-

 

Тәрбиенің мақсат, міндеттерін айқындау. 



-

 

Тәрбиелік жүйенің мазмұнын талдап беру. 



-

 

Тәрбие әдістерін, білім беру мен оқытуды зерттеу және оның тиімді тәсілдері мен 



жолдарын ашу. 

-

 

Оқыту процесіндегі заңдылықтар мен әдістемелер және оған қойылатын басты 



талаптар. 

       Педагогика  пәнінің  негізі  –  тәлім-тәрбиелік  іс-әрекет  пен  педагогикалық  жүйе. 

Тұлғаның  сапалық  қасиеттерінің  қалыптасуына  әсер  етуге  бағытталған  ӛзара  бір-бірімен 

байланысты  әрекет  құралдары  мен  әдістері  және  тиісті  процестегі  ықпалдастығының 

кӛздеген  мақсатқа  орай  ұйымдастырылуы  –  педагогикалық  жүйе  болып  табылады. 

Педагогика  ғылымында  бір-бірімен  тығыз  байланысты  педагогикалық  жүйеде  алты 

құрылым  бар.  Олар  мыналар:  1.Оқушылар;  2.Тәлім-тәрбиелік  мақсат;  3.Оқыту; 

4.Тәрбиелік  мазмұн;  5.Дидактикалық  процесс;  6.  Мұғалім.  Педагогикалық  жүйенің 

бағдарлық  негізі  қоғамның  мақсатына,  білім-тәрбие  беретін  мекеменің  мүддесіне, 

оқытылатын пәннің талабына үйлесімді құрылады. 

Тәрбие  -  әрбір  болашақ  ұрпақтың  қоғамдағы  ӛз  орнын  табуы  үшін  ӛткен 

ұрпақтардың  жинақтаған  әлеуметтік  тәжірибесін  меңгеру.  Адамзат  қоғамының  дамуына 

қарай, тәрбиенің мазмұны мен  әлеуметтік маңызы  арта түседі. Еңбек түрінің жіктелуіне 

қарай, ―тәрбиенің‖ қызметін жүзеге асырумен  байланысты, онан кәсіби іс-әрекет бӛлініп 

шықты.  Ӛсіп  келе  жатқан  балаларға  әлеуметтік  тәжірибені  меңгерту  үшін,  оларды 

тәрбиелейтін тәрбиеші, мұғалім керек болды. 

Педагогика  -  қоғамның  тәрбиелік  қызметін  жүзеге  асыратын  ғылым.  Демек, 

педагогикалық  іс-әрекет,  объективтік  шындықтың  барлық  қырлары,  педагогиканың 

обьектісі болады. 

Педагогика  пәні  –  индивидтің  (биологиялық  жан  иесінің)  ӛткен  ұрпақтардың 

әлеуметтік  тәжірибесін  меңгеруі,  оқу  және  оқудан  тыс  уақыт  бірлігіндегі  -  біртұтас 

педагогикалық  процесс  болып  табылады.  Ұстаздар  оқушыларға  әлеуметтік  тәжірибенің 

мазмұнын меңгерту іс-әрекетін ұйымдастырушы болып табылады. Тұлғаның қалыптасуы 

- олардың белсенді танымдық әрекетпен қарулануына байланысты. 

Бір элемент пен кӛп элементтердің қосылуы барысында жүйе пайда болады. 

Педагогикалық шындықтағы ―ұстаздар - оқушылар‖ жүйесі, жетекші педагогикалық 

жүйе деп аталады. 

Кез  келген  жүйенің  (биологиялық,  техникалық,  әлеуметтік)  ӛзгеру  жағдайы  - 

процесс  деп  аталады.  ―Мұғалім  -  оқушылар‖  жүйесінің  ӛзгеру  жағдайы  -  педагогикалық 

процесс  деп  аталады.  Тек  қана  педагогикалық  процестегі  ұстаздар  мен  оқушылардың 

ӛзара әрекетінде тұлғаның ӛзгеруі жүзеге асады. Педагогикалық шындық - педагогиканың 

категориялары,  яғни  ұғымдары  жүйелер  арқылы  бейнеленеді.  Жас  ұрпақтың  әлеуметтік 

тәжірибені меңгеруі біліммен қарулануына байланысты. 

Индивидтің  жеке  тұлға  және  азамат  ретінде  дамуы,  әлеуметтік  белсенділік  пен 

анықталатын  белгілі  бір  әлеуметтік  ортадағы  іс  -  әрекеттерді  талап  етеді.  Осыған  орай, 

әлеуметтену - ең маңызды категорияға жатады, ол тұлғаның ӛзін-ӛзі сезінуі, ―ӛз менінен‖ 

басқа  ―менге‖,  яғни  әлеуметке  енуі.  Әлеуметтендірудің  негізі,  ол  белгілі  бір  білімдер, 

құндылықтар, мінез-құлық нормалары жүйесін меңгеру дегенді білдіреді. Ол тұлғаға сол 

қоғамның  толық мүшесі ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Тұлғаның әлеуметтенуі 

ұйымдаспаған түрде болуы мүмкін, онда оның нәтижесін болжау қиын және қоғам үшін 

зиянды болуы мүмкін. Демек, ұстаз әлеуметтендірудің мәнін түсіне отырып, оқушыларды 

«біздің  деген  ынтымақтастыққа  келтіру  үшін  қажетті  байланыстарды  орнықтырып, 

оқушылардың оқуы мен отбасында осы мәселені шешуге кӛмектесе алады және  «ӛзіндік 

мендің оқу барысындағы және оқудан тыс іс - әрекеттері арқылы қамтамасыз ете алады. 

 Педагогика категорияларының құрамы: тәрбие, педагогикалық процесс, білім беру, 

оқыту,  әлеуметтендіру,  тұлға,  іс-әрекет,  даму,  қалыптастыру,  т.с.с.  жалпы  ғылыми 

ұғымдар кіреді, олар алдыңғы тарауларда қарастырылады. 

Адам  туралы  ғылымдар  жүйесіндегі  педагогика  ғылымының  алатын  орны,  оның 

басты  ерекшеліктері.    Педагогика  -  білім  беру,  педагогикалық  шындық  туралы  ғылым 

ретінде,  педагогикалық  процестің  дамуы  мен  қызмет  етуінің  заңдылықтарын  зерттейді, 

теориялық білімдерді жинақтап, жүйеге келтіреді, педагогикалық шындықтың тәжірибесін 


зерттейді.  Сондықтан  осы  аталған  ғылыми-зерттеулер  практикалық  бағытта  да  жүзеге 

асырылады.  

Педагогика  гуманитарлық  білімдер  жүйесімен  тығыз  байланыста  дамиды. 

Педагогика  -  адам  туралы  ғылымдар  жүйесінің  құрамына  енуіне  қарай,  педагогикалық 

мақсаттылық  пен  тұлғаның  қалыптасуына  ықпал  ететін,  педагогикалық  басшылықты 

зерттейтін бірден бір ғылыми пән болып саналады. 

  Адамзаттың даму тарихына назар аударсақ, алғашқы кезеңде педагогикалық ой 

жалпы философиялық білімдер жүйесі мен діни ілімдерден басталып, кейіннен олардан 

бӛлініп, басқа ғылым салаларымен байланыста дамыды. Педагогиканың ғылым ретінде 

бӛлініп шығуы ХVІІ ғасырдан басталып, педагогика ғылымдары жүйесінің дамуына 

алып келді. Онан кейінгі кезеңдерде педагогика мен басқа да ғылым салаларының 

қарқынды дамуы, педагогиканың ғылым аралық байланыстарының орныға бастағанын 

кӛрсетеді (И.П.Пидкасистый). 

 Педагогика психологиямен тығыз байланыста қызмет атақарады. Психология адам 

психикасының  даму  заңдарын,  ал  педагогика  –  тұлғаның  дамуын  басқаруды  зерттейді. 

Ақыл-ой  іс-әрекеттерін  мақсаттылықпен  ӛзгерту,  психологиялық  біліммен  тығыз 

байланысты. Педагогикада психологиялық білімдермен бірге, педагогикалық міндеттерді 

шешу  үшін  тұлғаны  зерттеу  әдістері  (рейтинг,  психометрия,  салыстыру  және  т.б.) 

пайдаланады. 

 Педагогика  физиологиямен  де  тығыз  байланысты,  атап  айтқанда  жоғарғы  нерв 

қызметінің заңдылықтарына (И.П. Павлов, П.К. Анохин) сүйенеді. Физиологиялық білімді 

меңгеру, танымдық іс-әрекет пен жеке тұлғаның әлеуметтену үрдістерінің мәнін түсінуге 

мүмкіндік береді. 

 Педагогиканың әлеуметтанумен жан–жақты байланысы ӛте маңызды. Әлеуметтану 

ғылымын  қоғам  туралы  біртұтас  жүйе  ретінде  қарастырсақ,  онда  оған  ықпал  ететін 

әлеуметтік  жағдай,  түрлі  топтар  және  т.б.  ескеріледі.  Педагогика  әлеуметтік  жүйелерді 

ескере  отырып,  білім  социологиясы,  студенттер  социологиясы  және  т.б.  социологиялық 

зерттеулер  арқылы  педагогтар,  қоғамның  әлеуметтік–экономикалық,  құқықтық, 

демографиялық және мәдени ортаның жағдайы туралы біліммен қаруланады. 

 Педагогика  ғылымдарының  даму  мүмкіндіктерінің  маңыздылығы,  олардың 

медицинамен  байланыстылығында,  себебі  педагогикалық  шындықтың  бірқатар 

құбылыстарын  (тәртіпсіздік,  жалқаулық,  еріксіздік,  олақтық)  балалардың  денсаулығын 

зерттеу  барысында  ғана  түсіндіруге  мүмкін  болады.  Сонымен  бірге  созылмалы  дертке 

шалдыққан  балалар  үшін,  арнаулы  оқыту  және  тәрбиелеу  жүйесі  қажет.  Мұндай 

мәселелерді кешенді зерттеулер арқылы ғана шешуге болады. 

Бүгінгі  философия  ғылымының  педагогика  үшін  әдіснамалық  маңызы  ерекше. 

Педагогика жеке пән ретінде философия және оның салалары – білім беру фиолософиясы, 

ғылымдар философиясы, тәрбие философиясы, мәдениет философиясының жетістіктеріне 

сай терең мәндегі ұғым нәтижесінде  шешімін табады. 

 Педагогика ғылымының байланыстары, белгілі бір  мәселелерді зерттеу барысында 

басқа  ғылым  салаларына  да  (тарихқа,  этнология,  этнография,  құқық,  экономика, 

демография, экологияға және т.б.) таралады. 

 Адамды  зерттейтін  ғылым  аралық  пәндердің    (синергетика,  жүйелер  теориясының 

негізі,  кибернетика,  информатика,  басқару  теориясының  негіздері)  жетістіктері, 

педагогикалық  ғылыми  зерттеулердің  тиімділігін  арттырады.  Мәселен,  Гурова  Р.Г.  

педагогиканың  басқа  ғылымдармен  ӛзара  байланысы  қандай  бағытта  іске  асатындығын 

былай түйіндейді: басқа ғылымдардың  негізгі идеяларын, теориялық анықтамалары мен 

жалпы  қорытындыларын,  педагогиканың  қолдануы  -  гуманитарлық  ғылымдарда 

қолданылып  жүрген  зерттеу  әдістерінің  шығармашылық  тұрғыдағы  қосымшасы  ретінде 

қолдануға  болады.  Барлық  ғылым  салаларында  алынған  нақтылы  зерттеу  нәтижелерін 

педагогикада  қолдануға  болады;  педагогтар  адам  мәселелері  бойынша  кешенді 

зерттеулерге қатысады. 



       Педагогика пәнінің құрылымдық жүйесі бірнеше салаға бӛлінеді. Олардың негізгілері: 

педагогика тарихы – тәлім-тәрбие мен білім берудің теориялық және практикалық 

жолдарының қай кезде қандай дәрежеде  болғандығын, оның ӛрістеуіне ықпал еткен жеке 

тұлғалар және олардан мұра болып қалған еңбектер мен даналық тәжірибелердің ежелгі 

дәуірден бастап күні бүгінге дейінгі кезеңдерін зерттейді. Сондай-ақ, пренатальная 

педагогика (құрсақ педагогикасы), мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, 

жоғары мектеп және кәсіби техникалық мектеп педагогикасы, әскери педагогика

заңгерлер педагогикасы, ӛнер педагогикасы т.б. Педагогикалық теория саласындағы 

тәрбие теориясы мен оқыту теориясы, яғни дидактика деп аталып отырған ғылыми 

құрылымдық саланың ішкі ерекшеліктеріне үйлесімді талданады.Осы жүйемен ӛзектес 

жеке пәндік әдістеме, кейде пәндік дидактика деп те аталады.Осымен қатар әлеуметтік 

педагогика, дефектология, коррекциялық педагогика  салаларынан тұрады. 



 

                                    МӚЖЖ тақырыбы 

 

1. Педагогика ғылымының мақсаты мен міндеттері 



2. Педагогика мәнәнәің мазмұны және басқа ғылымдамен байланысы 

3. Педагогика ғылымының құрылымдық жүйесі мен әдіснамасы. 

4. Педагогика ғылымының зерттеу әдіснамасы. 

5. Педагогика гуманитарлық, антропологиялық білім саласы ретінде 6. 6. 6. 6.Педагогика 

ғылымдарының жүйесі. Адам жӛніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны.‖ 

 

Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сҧрақтар  



 

1.Педагогика нені зерттейді? 

2Сіздің ойыңызша педагогика ғылымының объектісі  болып не саналуы керек? 

3Педагогика қандай міндеттерді шешеді? 

4.Педагогикалық ғылымдар жүйесін сипаттаңыз. 

5.Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының негізгі түрлері қандай? 

6.Педагогика деген не : ғылым ба, әлде ӛнер ме? 

7Педагогиканың негізгі категорияларының қарым- қатынасы.  

8.Педагогика 

ғылымының 

қызметтері: 

теориялық 

практикалық 



және 

прогностикалық. 

9.Қазіргі заман мұғаліміне педагогика ғылымы не береді  

 

                           Ӛз бетімен жҧмыс істеуге  арналған тапсырмалар 

1.Педагогиканы ғылым және ӛнер ретінде анықтаудың түрлі жолдары. 

2.―Педагогика‖  деген  түсініктің  мәні,  оның  объектісі  мен  пәні,  3.Педагогиканың 

негізгі қызметі мен міндеттері; 

4.Педагогиканың негізгі категориялары; 

5.Басқа ғылымдар жүйесіндегі педагогика ғылымының орнын; 

педагогика ғылымдарының жүйесін. 

    6.Берілген тақырып бойынша әдебиеттерден 7-10 библиографиялық кәртішке жазыңыз, 

таңдап алған басылымдарға ӛз аннотацияңызға қараңыз.  

Тӛменде  берілген  тақырыптардың  біріне  әдеби  және  ғылыми  мәтіндерден  үзінділер 

таңдап алыңыз; 

7.Педагогика қазіргі заман әлемінде 

8.Гуманды педагогика идеяларының дәстүрлері 

9.Педагогиканың  философиямен  ,  социологиямен,  медицинамен,  психологиямен 

және басқа ғылымдармен байланысы. 

10―Білім беру‖, ―оқыту‖, ―Жеке тұлғаны дамыту‖, және ―тәрбие ‖ деген түсініктердің 

ӛзара байланысын бақылаңыз. Оларды сызба кӛмегімен қалай кӛрсетуге болады?  



11.―Педагогикадағы  пәнаралық  түсініктер‖  тақырыбына  мини  –  реферат  жазыңыз. 

Осыған  байланысты  қандай  пәнаралық  ішкі  пәндік  байланыстырады  бақылауға 

болады?. 

12.Гуманды педагогиканың 10 негізгі ережесін анықтаңыз және дәлелді етіңіз ( бала 

құқықтары туралы конвенция бойынша) 

13.Қазіргі мектепте гуманды педагогикалың қай ережелері сақталады? 

 

                         Реферат тақырыптары 

 

1.Педагогиканың гуманитарлық пәндермен байланысы. 

2.Педагогикалық ғылымдар жүйесінің құрылымы.  

3.Педагогика  басқа  ғылымдардың  категориялары  мен  түсініктерін  пайдаланады  (ӛз 

зерттеулеріңнің нәтижелерін қатыстыра отырып) 

     4. Гуманды педагогика идеяларының дамуындағы дәстүр 

                                                                Әдебиеттер 

Педагогика. Курс лекций. Алматы: ―Нұрлы Әлем‖, 2003 

2.  Вульфов Б. З., Иванов Б.Д. Основа педагогики (в лекциях, в                    ситуациях,        

в первоисточниках) Уч. пособие – М., 1997 г 

32.

 

Ильина Т.А. Педагогика.- М., 1984 



33.

 

Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999 



34.

 

Лихачев Б.Т. Философия воспитания. Спец. курс. Уч. пособие- М., 1995 



35.

 

Педагогика. Уч. пособие (Под. ред.  Т.Н. Пидкасистого-., 1998) 



36.

 

Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 1998 



37.

 

Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 1998 



 

 

2 тақырып: Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері 

 

Жоспар: 


1. Ғылыми - зерттеу жұмысының жалпы әдіснамалық негіздері 

2. Жүйелі тәсілдердің негіздері - философиялық категориялар. 

3. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері. 

4. Теориялық деңгей әдістері. 



Негізгі  ҧғымдар:  ғылыми  зерттеу  әдістері,  ғылыми  дәлел,  заңдылық,  ғылыми 

ақпараттың анықтығы, жүйе, модель. 

Ғылыми  -  зерттеу  жұмысының  жалпы  әдіснамалық  негіздері.  Әдіснама,  әдіс  пен 

теория  әрқашан  бір-бірімен  тығыз  байланысты.    Методология  ‖грек  тілінен  аударғанда 

―әдіс  туралы  ғылым‖  деген  мағынаны  береді.  Сондықтан  методология  –  зерттеу  процесі 

туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. 

Теория - педагогикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және 

сол  әдістеменің  кӛмегімен  табылған  фактілер  арқасында  кеңейеді.  Теория  –  таным 

процесінің  нәтижесі,  ал  әдіснама  болса  осы  танымға  жету  мен  оны  құру  тәсілі  болып 

табылады.  Бұл  –  теориялық  және  практикалық  ғылыми-танымдық  іс-әрекетті 

ұйымдастыру мен құрастырудыңнегізі мен тәсілдер жүйесі. 

Таным  теориясы  тұтас  танымдық  іс-әрекет  процесін  және  оның  мазмұндық  негізін 

зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен 

жолдарына кӛп кӛңіл бӛледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.  

Кез-келген  әдіснамалық  мәселелерді  шешу  белгілі  бір  гносеологиялық  принциптер 

негізінде қаралған бастапқы әдіснамалық  тұжырымда жүзеге асады.  Адамның танымдық 

іс-әрекетініңжалпы  заңдылықтарын,  оныңдаму  заңдарын  қалыптастыру  философия 

ғылымының  мәселесі.  Білімді  философиялық,  аксиологиялық  түсіну  философияға  тән 

және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді.  


Зерттеушінің    әдіснамалық  тұжырымдамасы  -  ғылыми  білімді  құру  мен  дамыту 

теориясы болып табылады, ӛйткені ол психологиялық-педагогикалық ғылымға және оның 

тарихына  негізделеді.  Әрбір  әдіснамалық  тұжырымдама  психологиялық-педагогикалық 

теориялар негізінде қарастырылады.  

Әдіснамалық 

тұжырымдамалар 

ғылымның 

философиялық 

негіздері 

мен 


педагогикалық 

ғылымның 

зерттелетін 

саласының 

жетістіктеріне 

байланысты 

ажыратылады.  Зерттеушінің  әдіснамалық  тұжырымының  қалыптасуына  бұған  дейін 

қалыптасқан және басқа да психологиялық-педагогикалық тұжырымдар әсер етеді. Жаңа 

әдіснамалық  тұжырым  оған  дейінгі  пайда  болған  әдістемелік  концепциялар  желісінде 

пайда болып дамиды, ол нені және қалай іздеу керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді.  

 Зерттеу жұмыстарына араласу үшін зерттеуші ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы 

тұрақты  философиялық  және  теориялық  тұжырымдар  мен  қортындыларға  сүйенеді. 

Эмпирикалық  деңгейдегі  білім  қайта  қарылып,  теориялық  білім  мен  нақты  шындықтың 

ӛзара  қатынасы  саласындағы  теориялық  қортындыларды  тұрақтандыруды  қарастыру 

қажет. 

Теориялық білім - белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және 



түсіндіруге бағытталған ғылыми кӛзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Теорияның 

тар  мағынасы,  педагогикалық  іс-әрекеттің  зерттелініп  жатқан  саласының  заңдылықтары 

мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы.  

Теория кӛбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың қалыптасқан 

тәжірибесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық 

тәжірибені қортындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын 

анықтайды. 

Теория  ӛзара  байланысты  білімдер  жиынтығы  ғана  емес,  сонымен  қатар,  ол  –  осы 

білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түрінде құралуының тетігі. Теориялық білім 

зерттеушіге  оның  не  нәрсені  біле  алатынын  кӛрсетсе,  практикалық  білім  оныңне  істеу 

керектігіне  бағыттайды.  Кез-келген  теорияның  ақиқаттылығының  белгісі  –  болмыстың 

практикалық  ӛзгерісі.  Практика  теориялық  түсінікке  қарағанда  әлдеқайда  кеңжәне 

күрделі. 

Философия  –  білімдердің  даму  сатыларының  әдіснамасының  негізі,  уақыт  ӛте  келе 

қортындыланып,  шығармашылықпен  қайта  құрылып,  бұл  күндері  жалпы  сипатқа  ие 

болып  отырған  және  ғылыми  білімнің  зерттелінетін  саласына  қатысты  нақтыланатын 

диалектикалық-материалистік әдіснаманы ұйымдастыратын бастауға айналып отыр.  

Қазіргі кезеңде ғылымның әдіснамасы, білімнің жеке бір саласы ретінде дамып отыр. 

Кейде  әдіснаманың  философиялық  және  нақты-ғылыми  дейгейлері  теңдестіріледі,  ал 

олардың  шынайы  мүмкіндіктері  мен  шектерін  ғылыми  зерттеулердің  әдіснамалық  негізі 

болып табылатын материалистік диалектика ғана анықтай алады.  

Ғылымның  қазіргі  заманғы  әдіснамасында  ғылыми  теорияларды  талдау,  олардың 

қызметтері,  ғылыми  заңдылықтары,  ғылыми  теорияларды  тексеру  тәртібі,  зерттеудің 

заңдылықтары мен болжамдарын дәлелдеу немесе жоққа шығару, ғылыми-педагогикалық 

зерттеу әдістерін таңдау, ғылыми-педагогикалық білімнің қалыптасуы мен дамуын ескеру, 

оныңқайта  құрылуы,  теория  мен  әдістер  арасындағы  қатынастар  сипатын  анықтау, 

танымдағы практиканың рӛлі мен зерттеу объектісінің ӛзгеруі сияқты мәселелер алдыңғы 

қатарға шығып отыр.  

Қазіргі  ғылыми-педагогикалық  және  әдіснамалық  зерттеулер  ғылыми  білімнің 

жалпы құрылысында ерекше орын алып, диалектикалық материализмнің дамуына белгілі 

ықпал етіп отыр. Бұл ретте әдіснамалық зерттеулер әртүрлі философиялық мектептер мен 

бағыттар негізінде жүзеге асырылады. Алайда ғылыми нәтижелер, кӛп ретте, зерттеушінің 

философиялық  бағыттылығына  байланысты  емес,  олардың  жалпы  ғылыми  құндылығы 

болып, педагогика ғылымы әдістемесінің дамуына ӛз үлестерін қосулары қажет.  

Әдіснама  -  әдістер  туралы  ілім,  оларды  зертттеушінің  ойлау  сипатын,  оның 

танымдық  процесінің  дамуының  жолын  анықтаушы  ретінде  қарастыру  қажет.  Оқыту, 



тәрбиелеу  мен  дамыту  теориялары  педагогика  ғылымы  әдістерінің  негізгі  мазмұнын 

құрайды.  Кез-келген  мұндай  теория  зерттеу  әдісі  қызметін  атқара  алады,  басқа 

теориялардың құрамды бӛлігі  болып табылады. Қазіргі  уақытта таным әдістері, олардың 

қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен ӛлшеудің анық ғылыми нәтиже 

бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан ғылыми-

педагогикалық  зерттеу  әдістерініңдамуы  мен  жетілуі  тұтас  педагогикалық  ғылымның 

дамуының ең басты құрамды бӛлігі болып табылады.  

Таным  әдістерінің  кӛптеген  жіктемелері  бар,  оларды  қолдану  мақсатқа,  объектіге 

және  пәнге,  сонымен  қатар  зерттеу  әрекеттеріне  және  ғылыми  іс-әрекет  пен  зерттеу 

болжамдары жүзеге асатын жағдайларға негізделеді.  

Ғылыми  зерттеудегі  әр  түрлі  әдістердің  ӛзара  байланысы  кӛкейкесті  мәселеге 

айналып  отыр.  Зерттеушінің  теориялық  ойлауының  негізінде  материалистік  диалектика 

әдісі  жатыр,  ол  ізденушіні  ғылыми  фактілерді  жинастыру  мен  түсіндірудегі  субъективті 

кӛзқарастан, олардың бір жақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи 

анализ  жасауға,  оның  дамуының  тенденциясы  мен  заңдылықтарын  табуға,  таным  мен 

болмыстағы қарама-қайшылықтарды шешудіңтәслдерін ашуға шақырады. Бұл объективті 

заңдылықтармен  анықталатын  білім  мен  ақиқатты  ңәр  түрлі  формаларының  ӛзара 

байланысын  анықтауға,  қоғамдық  және  жаратылыстану  ғылымдарын  дамытатын 

ойлаудың басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге кӛмектеседі. 

Ғылымның қазіргі әдіснамасы, соның ішінде педагогикалық әдіснама да, теорияның 

негізін құрайтын бірнеше құрамдардан тұрады: 

фактологиялық  материалдың  бастапқы  эмпирикалық  негізі,  ол  теориялық 

түсіндірмені талап етеді;  

 бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы болжамдардан 

және теориялық тұжырымдардан тұрады

 теорияның логикасы мен құрылысы;  

 эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; 

педагогикалық  теорияны  қалыптастырудың  әдіснамалық  негізі,  ол  зерттелетін 

объект  пен  оның  теориялық  моделін  суреттеумен  байланысты.  Бұл  ретте  зерттелетін 

объектіні  қарастыруды  кез-келген  педагогикалық  теорияны,  оның  байланыстарын, 

заңдылықтарын,  болжамдарын,  анық  білімдерге  жету  принциптері  мен  тетіктерін 

қарастырудың қажетті шарты ретінде қарастырылады.  

Таным  процесінде  белгілі  бір,  нақты  ғылымдарды  зерттеудің  жекелеген,  арнайы 

әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де 

кездеседі,  олар  барлық  дерлік  ғылымдарда  қолданылады:  байқап-бақылау,  теңеу,  талдау 

мен жинақтау, ӛлшеу,  эксперимент, абстрактылықтан нақтылыққа алмасу, индукция мен 

дидукция.  Сонымен  қатар,  ғылыми  әдістер  ғылыми  танымның  эмпирикалық  және 

теориялық әдістері болып екіге бӛлінеді.  

Зерттеу  әдісі  -  күрделі  таным  сатыларының  реті,  ал  олар  болса  зерттеудің  таным 

операцияларының  іске  асуыныңбелгілі  бір  тәртібін  белгілейтін  әртүрлі  әдіс-тәсілдерінің 

жиынтығынан тұрады 

Зерттеу  әдістері  педагогикалық  ғылым  дамуыныңбасты  құрамды  бӛлігі  болып 

табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімніңдамуы педагогикалық 

зерттеу  әдістерініңдаму  деңгейіне  байланысты.  Ғылыми  нәтижелердің  анықтығы, 

алғашқы  ақпаратарды  алудың  жолдары  мен  тәсілдеріне  және  зерттеу  әдістерінің 

сенімділігіне  байланысты.  Кез-келген  педагогикалық  зерттеу  белгілі  ғылыми  білімдерді 

дәлелдеуді  білдірмейді,  ол  –  жаңа  білімді  түзу  процесі.  Ол  адамныңзерттеу  объектісі, 

заттары  мен  құбылыстарының  мәнін  ашуға  бағытталған  жан-жақты  танымдық  іс-

әрекетініңбір түрі.   

Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері. Педагогикада зерттеудіңүш деңгейі 

бар:  эмпирикалық,  теориялық,  әдіснамалық.  Эксперименталды-эмпирикалық  деңгей 

әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Empeіrіa – тәжірибе).  



Бақылап-зерттеу әдісі – заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды 

іріктеп  жинау,  кӛзбен  кӛргенді  сезім  мүшелерімен  қабылдау  және  санада  бұл  ақпаратқа 

талдау  жасау;  зерттеу  объектісінің  сыртқы  жақтары,  қасиеттері  мен  белгілері  туралы 

мәлімет  алу.  Бақылап-зерттеуге,  еңалдымен,  бақылаушының  ӛзі,  зерттеу  объектісі, 

бақылап-зерттеу шарттары, сондай-ақ бақылап-зерттеу құралдары – видеоаспаптар, аспап-

құралдар мен ӛлшеу құрал- жабдықтары жатады.  

Бақылаушының  бастапқы  мақсаты  нені  бақылау  керек  және  қандай  құбылыстарға 

кӛңіл бӛлу керектігін анықтайды. Түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа 

бақылап-зерттеуде зерттеушінің ӛзіндік қабілеті де маңызды болып саналады.  

Зерттеу  барысында  бақылап-зерттеу  түрлерініңәр  алуан  жіктемесі  ажыратуға 

болады: 

-  тікелей  бақылап-зерттеу,  мұғалім-зерттеуші  оқу-тәрбие  жұмысының  тікелей 

басшысы;  сонымен  қатар  ол  тікелей  зерттеуші  бола  тұра  бейтараптық  сақтауы  тиіс; 

мұғалімнің  зерттеу  жұмысына  твғвз  араласуы.  Мұғалімнің  зерттеуге  қатысуына 

байланысты  эмпирикалық  фактілерді  жинақтаудың  техникасы  мен  әдісі  таңдалып 

алынады; 

-  жанама  бақылап-зерттеу,  ол  тікелей  бақылап-зерттеуді  толықтырады  және  ол 

зерттеушімен  бірге  және  оның  бағдарламасы  бойынша  жұмыс  істейтін  ӛкілдер  арқылы 

жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады; 

-  жасырын  немесе  елеусіз  бақылап-зерттеу  тұйық  теледидар  желісі  және  сынып 

бӛлмелерінде  телекамералары  бар  мектептерде  жүргізіледі.  Сабақты  жасырын  бақылап-

зерттеу  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетінің  және  мұғаліммен  ара  қатынасы  туралы 

шанайы  мәлімет  алуға  мүмкіндік  береді.  Жасырын  бақылап-зерттеу  зерттеушіге  құнды 

мәліметтер  береді,  егер  оқушылар  ӛздерін  бақылап  отырғанын  кӛрсе  ӛздерін  басқаша 

ұстайды.  Оқушылар  мен  мұғалімдердің  бір-бірімен  оңаша  кезіндегі  мінез-құлқы  оларды 

бӛтен біреулер бақылап отырған кездегі мінез-құлқынан әлдеқайда ӛзгеше болады: 

-  үздіксіз бақылап-зерттеу  оқыту процесін,  екі-үш оқушының  сабақтағы, ойындағы, 

сыныптан тыс, мектептен тыс – оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-

құлқын зерттеуге үшін қолданылады; 

-  дискретті  (үзік-үзік)  бақылап-зерттеу  объектіні  ұзақ  уақыт  бақылайтын  кезде 

қолданылады.  Бақылап-зерттеу  ұзақ  уақытқа  созылуы  мүмкін  –  жарты  жыл  немесе  бір 

жыл. Бақылап-зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады; 

-  монографиялық  бақылап-зерттеу  бір  адамды  немесе  бір  затты  бақылау  кезінде 

қолданылады;  

-  бір  бағытты  бақылап-зерттеу  жалпы  тұтастықтан  бақылап-зерттеу  мақсатына  сай 

бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады; 

- бақылап-зерттеу және іздеу кӛп деректер арасынан зерттеуші ӛзіне керек деректер 

мен  құбылыстарды  іздеген  кезде  қолданылады.  Мұндай  бақылап-зерттеу  үшін  біршама 

уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.  

Педагогикалық құбылыстар мен деректердің сандық және сапалық суреттемесі мен 

ӛлшемінің  тәртібі  бақылап-зерттеудің  негізін  құрайды.  үлшем  –  зерттеу  объектісін 

сипаттайтын  белгілі  бір  ӛлшем  шамасының  бірлік  ретіндегі  басқа  біртекті  шамаға 

қатынасын  анықтау  процесі.  Сандық  бақылап-зерттеулер  мен  ӛлшемдер  оларды 

математикалық ӛңдеуге жол ашып, теориялық болжамдардың эксперименталды тексеруін 

тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  

Педагогикалық  эксперимент  –  танымның  эмпирикалық  дейгейіндегі  зерттеудің 

негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардыңұту барысының нақты тіркелген 

жағдайларында  зерттеуге  бағытталған.  Эксперимент  жағдайларында  құбылыстың 

күнделікті  жағдайларда  бақылап-зерттеуге  болмайтын  қасиеттерін  ашуға  болады. 

Эксперимент  зерттеу  құбылыстарын  басқа  шарттар  мен  жағдайлардан  біліп  алып, 

құбылыстар  мен  деректерді  ―таза‖  күйінде  зерттеуге  мүмкіндік  береді.  Эксперимент 

ғылыми 


зерттеудіңтеориялық 

және 


эмпирикалық 

деңгейлері 

арасындағы 


байланыстырушы буын болып табылады. Оныңмақсаты ғылыми теория немесе болжамды 

растау немесе жоққа шығару, сондай-ақ эмпирикалық заңдылықтардың фактуалды мәніне 

жету мен қалыптастыру. Эксперименттіңтағы бір мақсаты білімді жетілдіру, оқушыларды 

оқыту, тәрбиелеу және дамыту тәжірибесін жаңарту. 

Эксперимент  пен  практикалық  іс-әрекеттің  басқа  формалары  арасындағы 

шектеулер әр түрлі, сондықтан эксперимент таным әдісі де, оқу-тәрбие процесін үйлестіру 

әдісі де бола алады.  

Педагогикада  эксперименттің  бірнеше  түрі  бар:  қалыпты  -  оқыту  мен  тәрбиенің 

күнделікті  жағдайларында  жүзеге  асады;  лабораториялық  –  оқушылардың  белгілі  бір 

топтарын  бӛлу  арқылы  жүзеге  асады.  Сондай-ақ,  эксперименттің  белгілеп-анықтайтын 

түрі  бар,  ол  зерттеу  объектісінің  педагогикалық  жүйесінің  бастапқы  күйін  белгілеп, 

кӛрсетеді; қалыптастыратын түрі – зерттеу объектісін қайта құруға бағытталады. 

Эксперимент  жаңа  зерттеу  материалына  қол  жеткізуге  бағытталған.  Ол  тәжірибе 

арқылы  теориялық  болжамдарды  тексеріп,  ол  болжамдарды  дәлелдеуі  немесе  жоққа 

шығаруы мүмкін. 

Педагогикалық  эксперименттің  ерекшелігі  –  зерттеуші  оқушылармен  жұмыс 

істейді және оның, әсіресе оқытуда, теріс нәтиже алуына болмайды, ӛйткені зерттеушінің 

құрастырған сәтсіз бағдарламасынан оқушылар зиян шегеді Бұл қоғамның құқықтық және 

адамгершілік қалыптарының бұзылуыны әкеліп соғады.  

Эксперименттік  жұмыстың  жоспары,  мақсаты  болуы  қажет,  эксперимент  түрі 

таңдалып,  оның  мүмкін  нәтижелері  де  ойластырылады.  Зерттеу  құбылыстары  мен  оның 

қасиеттеріне  ықпал  ететін  факторларды,  сондай-ақ  эксперименталды  жұмыс  кезінде 

бақылануы тиіс мүлшерлерді бӛліп алған жӛн. Қазіргі экспериментті жүргізу бақылаудың 

техникалық  құралдарынсыз  және  ӛлшеу  жабдықтарынсыз  ӛткізу  мүмкін  емес  және  де 

олар  практикада  тексерілген,  теориялық  тұрғыдан  дәлелденген,  зерттеу  мәселесін  дұрыс 

шеше алатын болуы тиіс.  



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 1.25 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет