Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені



жүктеу 1.25 Mb.
Pdf просмотр
бет12/13
Дата23.04.2017
өлшемі1.25 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

 

Курстық жҧмысты қорғау кезінде: 

-  мазмұн мен тақырыптың сәйкестігімен  және алға қойған мақсаттың  

 айқындалып, міндеттің орындалуымен бағаланады; 

-

 ________________ 



пайдаланылған  әдебиеттер  мен  еңбектердің  қолданылу 

деңгейімен бағаланады; 

-

 ________________ 



зерттеу  барысында  есептегіш  немесе  эксперименттік 

техниканың пайдаланылуы есептеледі; 

-

 ________________ 



жұмысты орындау барысындағы ӛзіндік әрекеттің деңгейі; 

-

 ________________ 



ғылыми  жұмысты  жүргізу  дағдылары,  теориялық  талдау, 

қорыту және жұмысты дайындау жайы анықталады

-

 ________________ 



баяндаманың  мазмұны  және  қойылған  сұрақтарға  берілген 

жауаптар бағаланады; 

-

 ________________ 



жұмыс  туралы  жетекшінің  және  рецензенттің  пікірі 

ескеріледі. 

 

  Педагогикалық практиканы ӛткізудің әдістемелік нҧсқауы 

 

Мұғалімдерге  кәсіптік  білім  беру  жүйесінде  педагогикалық  практиканың  алатын 



орны  ерекше.  Ол  болашақ  мұғалімдердің  теориялық  дайындығын,  олардың  мектептегі 

оқу-тәрбие процесі барысындағы практикалық қызметімен ұштастыру болады. 

Педагогикалық  практика  –  студенттерді  ұстаздық  мамандыққа  дайындаудың  ең 

күрделі  бӛлігі.  Сондықтан  да  мектепте  студент  –  практиканттар  бірінші  күннен  бастап 

мұғалімдер ұжымының мүшесі екендігін іштей сезініп, соның жұмысына бар ынтасымен 

араласып  кетуіне  кӛңіл  бӛлу  керек.  Осындай  қамқорлық  арқасында  ғана  болашақ 

мұғалімде педагогтік сезім, нағыз мамандық ерекшеліктері қалыптасады.. 

Педагогикалық  практика  барысында  студенттердің  теориялық  дәріс  алу  кезінде 

алған  білімдері  нақтыланып  тереңдей  түседі,  оқу-тәрбиелік  тапсырмаларды  орындау 

кезінде  психологиялық-педагогикалық  және  арнаулы  білім  одан  әрі  тереңдетіле  түседі. 

Студент-практиканттарға  мектеп  ӛміріндегі  негізгі  педагогикалық  заңдылықтарды 


қадағалауға  жағдай  туғызылып,  жан-жақты  оқу-тәрбие  барысында  оқушының  білімін 

тереңдету  концепциясын  (тұжырымдамасын)  жүзеге  асыруды  қадағалауға  мүмкіндік 

туады және де оны жүзеге асыруға ат салысуға жағдай жасалады. 

Жоғары  білім  беру  жүйесіндегі  ӛзгерістер,  болашақ  мамандардың  ӛсіп-жетілуін 

жақсартуға  ықпал  етеді,  бұл  тек  рухани  дамыған  жан-жақты  мамандарды  әзірлеу  емес, 

сондай-ақ  ғылымның  және  техниканың  жаңалықтарын  шеберлікпен  пайдалана  алатын 

мамандар даярлау. 

Сондықтан  да  мектепте  ӛткізілетін  педагогикалық  практика  барысында  бүгінгі 

студент – ертеңгі ұстаздың белсенділігін арттыру, интелектуалдығын қалыптастыру, оқу-

тәрбие  процесін  ұйымдастыру,  оқытудың  тиімділігін  арттыру,  тәрбие  мәселелерін 

шешетін  әдістерді  талдап  керекті  жолдарын  табу  кӛңіл  бӛлетін  маңызды  мәселе  болып 

табылады. 

 Студент-практиканттардың педагогикалық практикасы мынадай негізгі міндеттерге 

бағытталған: 

 

Студенттердің педагогиканы, психологияны, әдістемені және негізгі сабақтарды 



оқу кезінде алған теориялық білімдері мен практикалық шеберлігін тереңдетіп бекіту. 

 



Студенттерді  практикалық  істерді  ӛз  бетінше  жоспарлауға  оқушылармен  оқу-

тәрбие  жұмысын  ӛткізуге,  жалпы  ісі  мен  білім  берудің  негізгі  мәселелерін  шешуге 

шығармашылықпен қарауға үйрету. 

 



Студенттерді оқушылар ұжымымен, жеке топтармен және  жеке оқушымен жұмыс 

ӛткізуде олардың жасындағы жекелік ерекшеліктерін ескеріп отыруға үйрету. 

 

Студент-практиканттарды педагогикалық мамандықты сүюге тәрбиелеу. 



 

Болашақ 



мұғалімдерді 

педагогикалық 

пән 

негізіндегі 



ғылыми-зерттеу 

жұмыстарына  қызығушылыққа  және  озат  мұғалімдердің  педагогикалық  тәжірибелерін 

талдап қорытуға дағдыландыру. 

 



Студент-практиканттарды  халық  арасындағы  қоғамдық  жұмыстарға  және  халық 

педагогикасын  насихаттауға  бейімдеу.  Пән  үйірмесін  ӛткізу,  жалпы  сыныптан  тыс 

жұмыстарды пән бойынша ұйымдастыру. 

 Пән және педагогика-психология әдіскерлерінің міндеттері:  

 

Студенттерде  мұғалім  мамандығына  деген  сүйіспеншілік  пен  тұрақты 



қызығушылығын ӛздігінен педагогикалық білім алу қажеттігін айқындау. 

 



Нақты  педагогикалық  міндеттерді  шешуде  қоғамдық-саяси,  психология-

педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалану, сол білімдерді тереңдету және баянды 

ету. 

 



Болашақ ұстаздарда кәсіптік шеберлік пен дағдының қалыптасып дамуы. 

 



Педагогикалық 

қызметке 

шығармашылық 

және 


зерттеушілік 

тұрғыдан 

дағдыландыру. 

 



Мектептегі  оқу-тәрбие  жұмысының  қазіргі  жайымен,  озат  педагогикалық 

тәжірибемен танысу. 

Студент-практикант  педагогикалық  практика  барысында  кәсіби-педагогикалық 

шеберліктің тӛмендегі негіздерін меңгеруі міндетті:  

 

Балалардың  жасы  және  ұжымның  әлеуметтік-психологиялық  ерекшелігін  ескере 



отырып, оқу-тәрбие жұмысының нақты міндеттерін анықтау. 

 



Оқушылардың  жан-жақты  дамуын  және  тәрбиені  байқау,  жобалау  мақсатында 

оқушылар ұжымы мен оқушының жеке басын зерттеу. 

 

Педагогикалық  қызметті  келешекте  заман  талабына  сай  іске  асыру  (пән  бойынша 



мектепте және сыныптан тыс істелетін жұмыстар балалардың әртүрлі әрекеттері т.б.). 

 



Оқушылардың  оқу-танымдық  әрекетіне  басшылық  етудің  түрлі  формалары  мен 

әдістерін  және  білімдік-тәрбиелік  міндеттерін  айқындау  (оқу  материалын,  ұйымдастыру 

түрлері мен оқыту әдістерін дәлелді түрде таңдап алу). 


 

Балалар  ұжымына  қойылған  міндеттерін  орындауға  ұйымдастыру,  оны  және 



ұжымды  тапсырмаларды  орындаудың  әдістеріне  үйрету,  актив  пен  ұжым  арасындағы 

ӛзара қарым-қатынасты үйлестіру, бақылауды іске асыру, қортындылау (жұмысқа талдау 

жасау). 

 



Бала  тәрбиесінде  мұғалімдермен,  сынып  жетекшілерімен,  тәрбиешілермен,  ата-

аналармен, тағы басқалармен бірлесіп жұмыс істеу. 

 

Оқу-тәрбие жұмысын бақылау, оған талдау жасау, ондағы істерді жетілдіру. 



 

Еңбек ұжымдарында, ата-аналар арасында педагогикалық үгіт-насихат жүргізу. 



 Педагогикалық  практика  студенттерді  ұстаздық  мамандыққа  дайындаудың  ең 

күрделі бӛлігі. Ол істің негізгі  мазмұны мына тӛмендегіше: 

 

Педагогика, психология курсынан алған теориялық білімін, әдістемесін мамандық 



пәндерін тексеріп, бекіту. 

а)Студенттерді оқу-тәрбие жұмысын ӛз бетінше ӛткізуге үйрету. 

ә)Педагогтік мамандыққа бейімділігін, ынта-ықыласын қалыптастыру. 

 



Педагогикалық  практика  кезінде  студент-практикант  мектептегі  педагогикалық 

ұжымның мүшесі болып саналады және мектеп тәртібін әкімшілік бұйрығын орындайды. 

а)Студент-практикант  бекітілген  мектептегі  жеке  сыныптың  оқу-тәрбие  жұмысын 

зерттеп-білуге міндетті. 

ә)Мамандық бойынша сабақ ӛткізу. 

б)Сынып  жетекшісінің  кӛмекшісі  ретінде  тәрбие  және  сыныптан  тыс  жұмыстарды 

жүргізу. 

 



Ең әуелі  студент-практикант мектеппен және ӛзіне бекітілген сыныппен танысуға 

міндетті,  ӛз  мамандығы  бойынша  тәжірибелі  мұғалімнің  8-10  сабағына,  ал  басқа  пән 

мұғалімдерінің  3-4  сабағына  қатысуға  тиіс.  Сабақтың  тақырыбын  студент  күнтізбелік 

жоспары бойынша пән мұғалімінен алып отырады. 

 

Студент ӛткізетін сабағының жоспарын кем дегенде екі күн бұрын әдіскер ұстазға 



кӛрсетуге  тиіс.  Жоспарды  мұғалім  және  топ жетекшісі  бекітеді.  Бекітілмеген  жоспармен 

студент  сабаққа  жіберілмейді.  Есеп  беру  сабағына  барлық  топ  студенттері  қатысады. 

Әрбір есеп беру сабағы сол күні талқыланады және бағаланады. 

 



Әрбір  студент  педпрактика  кезінде  ӛткізетін  сабағында  қолданылатын  немесе 

сыныптан  тыс  жұмысқа  арналған  1-2  кӛрнекі  құралдарды  дайындауға  міндетті  (кесте, 

сызба, альбом, т.б.). 

 



Практика кезінде студент мектептегі кезекшілікке қатысады. 

 



Сынып жетекшісінің кӛмекшісі ретінде студент тәрбие ісі бойынша 1-2 есеп беру 

жұмысын жоспарлап, оны жетекшіге ӛткізуге тиіс. 

 

Есеп  беру  тәрбие  жұмысы  топ  студенттерінің  қатынасуымен  ӛтеді,  соңынан 



талқыланады. 

 



Студент  педагогикалық  практика  кезінде  мектептің  барлық  оқу-тәрбие 

жұмысының іс-қағаздарымен танысуға тиісті. 

 

Әрбір студент практика кезінде күнделік жүргізеді, онда мектепке келген уақыттан 



бастап жүргізілген жұмыстарын кӛрсетеді. 

 



Топ  студенттері  жалпы  топ  жиналысының  хаттамасын  кезекпен  жүргізіп,  оған 

барлық талқыланған сабақтары мен есеп беру жұмыстарын жазады. 

 

Студент-практикант мектепте күніне 6 сағат жұмыс істеуге міндетті. 



 

Студенттердің  топ  басшысы  қатысу  журналын  жүргізіп,  практикаға  себепсіз 



қатыспаған, кешіккен студенттер туралы факультеттің деканына хабарлап отырады. 

Педагогикалық практиканы талапқа сәйкес ӛткізіп, жоғарыдағы берілген әдістемелік 

нұсқауларды  орындау  жоғары  деңгейдегі  маман  дайындауға  үлкен  септігін  тигізетіні 

анық.  


                                       

                                                       ГЛОССАРИЙ 



 Ғылым – нәтижесі жаңа білім болып табылатын адам қызметінің сферасы 

Педагогика- оқыту және тәрбиелеу заңдылықтары туралы ғылым 

педагогика объектісі – тәрбие 

педагогика пәні – тәрбиелеу мен оқыту барысындағы қарым- қатынас жүйесі 

педагогиканың  түсінік  аппараты-  педагогикада  қолданылатын  категориялар, 

түсініктер мен терминдердің тәртіпке келтірілген және қатаң сәйкестігі. 

Педагогика  категориясы  –  педагогикалық  шынайлықта  қолданылатын  жалпы  және 

нақты түсініктер 

 

 

Педагогика  –  жеке  адамды  тәрбиелеп  қалыптастыру  үшін  белгілі  мақсатқа 



бағытталған  жүйелі  тәрбие,  білім  беру  туралы  ғылым  саласы.  Педагогиканың  негізгі 

категориялары – жеке адамды қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру, білім беру, оқыту.  



Тәрбие  - жеке тұлғаның адамдық  бейнесін қалыптастырып, ӛмірге бейімдеу үшін 

жүргізілетін іс-әрекет. Халық тәрбиені бала құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тәрбиесі, 

балдырңан  тәрбиесі,  ӛрен  тәрбиесі,  жасӛспірім  тәрбиесі,  жастар  тәрбиесі  бір-бірімен 

жалғасып, ӛз ерекшеліктерімен іске асырылады. 



Оқу – оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдыларды мақсатты түрде 

меңгеру  процессі.  Мектеп  жағдайында  оқу  оқытумен  ӛзектес  жүреді.  Оқу  оқушының 

ақыл-ой және дене жұмысының жиынтығын бейнелейді. 

Білім  беру  -  қоғам  мүшелерінің  адамгершілік,  зияттық,  мәдени  және  дене  дамуы 

мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді  мақсат етеін үздіксіз тәрбиелеу 

мен оқыту процесі. 

Қалыптастыру  -  баланың  қоғамда  ӛздігінен  ӛмір  сүруге  қабілеттілігін,  ӛзінің 

тағдырына ӛзі үкім ете білуін және ӛз мінез-құлқын жӛнге сала білуін, сондай-ақ дүниенің 

ӛзімен қарым-қатынасын түсінуін меңгерту. 

Білім беру технологиясы – оқу процесін жоспарлау, оқушылардан тест алу  және 

білім  беру  жүйесі  ретінде  мектеп  іс-әрекетін  басқару  үшін  жүйелі  тәсіл  мен  ілеспелі 

тәжірибелік білім жиынтығын құру. 

Білім  беру  тҧжырымдамалары  -  әр  түрлі  оқу  орындарындағы  базалық  оқу 

пәндерінің  мазмұны  мен  оқылу  ұзақтығы  туралы  кӛзқарастар  жүйесі,  білім  беру 

бағдарламаларының  мақсаттарын,  міндеттерін,  ұйымдастырылуын  түсінудің  белгілі  бір 

әдісі. 


Білім  беру  философиясы  -  білімді  аксиология,  онтология,  гносеология, 

антропология  тұрғысында  әлеуметтік-мәдени  гуманитарлық  практиканың  ерекше  бір 

саласы деп қарастыратын жалпы теория. 

Білім  мазмҧны  –  жас  ұрпақтың  ӛркениетті  демократиялық  қоғамда  ӛмір  сүруі 

үшін, оған қазіргі кезеңдегі білім жүйесі мен дүниетанымды игерту. Білім мазмұны жаңа 

ақпарат  ағымын  саналы  түсіну,  оны  бағалай  білу,  кез  келген  жағдайда  шығармашылық 

шешім қабылдау, рухани адамгершілік қағидаларды игерту бағыттарын белгілейді. 



Білім  берудің  тиімділігі  -  қойылған  мақсатқа  сәйкес  ӛлшем  бойынша  білім  беру 

қызметінің  нәтижесін  сипаттайтын  бағалау  санаты.  Педагогиккалық  және  әлеуметтік 

мақсаттардың  мазмұнына  қарай,  сондай-ақ  қоғамдық  еңбек  бӛлінісі  жүйесіндегі 

әлеуметтік  институт  ретіндегі  білім  беру  жүйесінің  ӛзіндік  міндеттеріне  сәйкес  бірнеше 

түрге бӛлінеді. 

Білім  берудің  ізгі  сипаты  –  халықтың  әр  алуан  топтарының  қалаған  деңгейде 

білім алу құқықтарына ешбір  нұқсан келтірмейтін және кез келген білімділік сұранысты 

қанағаттандыра алатын оқу-тәрбие мекемесі жүйесі мен білімдік бағдарламалар құру. 

Білімді  меңгеру  –  ұзақ  уақытты  керек  ететін  күрделі  процесс.  Білім  жүйесін 

меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Ақыл-ойды 

меңгеру  арқылы  заттардың  байланыс  қатынастарын  ажыратуға  болады.  Бір  нәрсені 

екіншісімен  салыстырып  дәлелдеуге,  олардың  айырмашылықтары  мен  ұқсастықтарын 



кӛре  білуге  үйренеді,  мұндағы  себеп  пен  нәтиженің  заңды  байланысын  түсінеді.  Білімді 

меңгеруге  ұмтылдыратын  мотитвер  бірден  пайда  бола  қоймайды.  Жасы  ӛскен  сайын 

баланың мотивтерінің де мазмұны ӛседі. 

Ғаламдық  білім  –  оқушыларда  дүние  жүзін  біртұтастық  деп  ұғынушылық  пен 

гуманистік  кӛзқарас  тұрғысын  қалыптастыру.  Ғаламдық  білім  тұжырымдамасы 

оқушыларда жер шары планетаның барлық тұрғындары үшін ортақ мекен, барша адамдар 

бір  отбасы  және  әрбір  адам  дүниежүзілік  құрылымға  белсене  қатысуға  қабілетті  деп 

ұғынуды қалыптастыруға бағдарланған. 

Ғылыми  -  педагогикалық  зерттеу – педагогикалық  жаңа білімдердің қалыптасу 

процесі,  оқыту,  тәрбиелеу,  дамытудың  обьективтік  заңдылықтарын  ашуға  бағытталған 

танымдық  іс-әрекет  түрі.  Ғылыми  педагогикалық  зерттеулердің  үш  деңгейі  сараланады: 

эмпирикалық-  педагогика  ғылымында  жаңа  фактілер  белгіленеді;  теориялық-ашылған 

фактілерді  түсіндіруге  және  олардың  болашақтағы  дамуын  болжауға  мүмкіндік  беретін 

негізгі,  жалпы  педагогикалық  заңдылықтар  ұсынылып  қалыптастырылады;  әдістемелік-

тәжірибелік  және  теориялық  зерттеулер  негізінде  педагогикалық  құбылыстарды 

зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптастырылады. 



Ғылымилық  –  оқыту  принциптерінің  бірі,  ең  алғаш  оны  дидактикада 

тұжырымдаған М.Н.Скаткин (1950). Ғылымилықтың негізгі талаптары: білім мазмұнының 

қазіргі ғылым деңгейіне сәйкестігі; оқушыларда ғылыми танымның жалпы әдістері туралы 

түсінік  қалыптастыру;  таным  процестерінің  (теория,  оның  элементтері,  құрылымы  және 

функциясы  туралы  білім)  маңызды  заңдылықтарын  кӛрсету.  Ғылымилық  принципі 

оқытудың  барлық  процестік  жағын  (оқу  іс-әрекетін  ұйымдастыру  түрін,  сатыларын, 

әдістерін) реттейді. 

Диалектикалық  әдіснама  -  индукция  мен  дедукцияның,  анализ  бен  синтездің, 

абстрактілік  пен  нақтылықтың,  тарихилық  пен  логикалықтың  бірлігі.  Ғылыми 

зерттеулерде жеке пәндердің әдістерін дұрыс қолдану әдіснама ғылымына,яғни ақиқатты 

танудың диалектикалық заңдылығына сүйенеді. 



Дидактика  білім беру мен оқыту теориясы, педагогиканың саласы. 

Жеке оқыту – оқу сабақтарын ұйымдастырудың бір түрі. 

Жеке тәрбие  -  тәрбие жұмысын  ұйымдастырудың  бір  түрі.  Бұл  кезде  сыныптағы 

оқу-тәрбие  жұмысында  әрбір  баламен  жеке  педагогикалық  ӛзара  қарым-қатынас  жүзеге 

асырылады. Ол оқушының ӛзіндік ерекшелігі мен ӛмір жағдайына негізделеді. 

Инновациялық  процесс  –  білім  беру  ісіне  тұрақты  жаңа  элементтер  кіргізетін, 

жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға кӛшуіне апаратын жаңалық, жаңадан ендірілетін 

әрекет.  Білім  беру  ұйымдарының  жаңалықтарды  жасау,  меңгеру,  қолдану  және  таратуға 

байланысты қызметі. 



Қорытынды  тест  –  сыналушының  белгілі  бір  пән  бойынша  білім,  білік,  іскерлік 

дағдыларын анықтауға арналған тест. 



Қҧзыр,  білік  –  жалпы  алғанда  -  қайсыбір  тапсырманы  орындауға  қабілеттілік 

немесе бір нәрсені жасау. 



Қҧқықтық тәрбие – оқушыларға еңбек әрекеті саласында заңдар мен заңдық күші 

бар нормалар туралы мәліметтер беру. Құқықтық тәрбие адамның құқықтық мәдениетімен 

байланысты. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпыадамзаттық рухани мәдениет мазмұнына 

енеді.  Сондықтан  да  құқықтық  тәрбие  адамгершілікті  адам  тәрбиелеу  теориясының 

құрамды  бӛлігі  ретінде  қарастырылады.  Құқықтық  тәрбиенің  мақсаты  -  оқушыны 

мемлекет  заңдары  мен  қоғамда  ӛмір  сүру  ережелерін  құрметтеуге,  қоғамдық  тәртіпті 

сақтауға тәрбиелеу. 

Мектептану  -  мектеп  ісін  басқару  әдістерін,  мазмұнын,  міндеттерін,  білім  беру 

мекемелерінің басқару жүйесін зерделейтін педагогикалық зерттеулердің бағыты. 



Мектепішілік инновациялық жағдай - мектеп басқаруды қайта құруға жағымды 

не  жағымсыз  әсер  ететін  маңызды  жаңа  енгізулер  жиынтығы.  Оған  мемлекеттік  және 

әлемдік білім практикасындағы инновациялық процестер ықпал етеді. 


Мораль    адамгершілік,  адамның  қоғамға  және  ӛзіне  басқа  адамдарға  қатысты 

мінез-құлық нормалары мен принциптерінің жиынтығы, қоғамдық сананың ежелден бергі 

нысаны,  адамның  мінез-құлқын  реттеу  функцияларын  атқаратын  әлеуметтік  институт. 

Мораль тұлғаға қатысты адамгершілік тәрбие мазмұнының негізі болып табылады. 



Моральдық  нигилизм  –  адам  ӛмірінің  мағыналылығын,  барша  қабылдаған 

адамгершілік  және  мәдени  құндылықтардың  маңыздылығын  жоққа  шығаруға  саятын 

дүниетанымдық ұстаным. Қандай да болса беделді мойындамау. 

Оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік 

пен дағдылардың мазмұны мен кӛлемін айқындайтын құжат. 



Оқу жоспары – оқу орындарында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын, оның оқу 

жылы бойынша ӛту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мӛлшерін және 

оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат. 

Ӛзін-ӛзі бағалау - адамның ӛзіне сындарлы кӛзқараспен қарап, ӛз мүмкіндігін ӛмір 

талабына сәйкес бағдарлай білуі, ӛз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігі. 



Педагогикалық  жағдаят  –  педагогикалық  процесс  пен  педагогикалық  жүйенің 

ӛзектесе бір уақытта кӛрініс беруі. Педагогикалық жағдаятта тәлімгер мен оқушы қарым-

қатынасын қамтамасыз етуі тиісті барлық тәрбие факторлары табиғи түрде тоғысады. 

Педагогикалық  жобалау  –  оқушы  мен  тәлімгердің  алдағы  іс-әрекетінің  негізгі 

құрылымдарының  жасалымы.  Педагогикалық  жобалау  оқытушы  әрекетінің  тиімділігін 

арттырады. 

Педагогикалық  шеберлік  -  педагогикалық  қызметтің  жоғары  деңгейде 

меңгерілуі;  педагогтың  оқушылардың  оқу-танымдық  іс-әрекетін  пәрменді  басқарып, 

мақсаткерлік,  педагогикалық  әсер  мен  ӛзара  әрекеттестікті  жүзеге  асыруына  мүмкіндік 

беретін арнаулы білімдерінің, біліктері  мен машықтарының, тұлғалық,  кәсіптік маңызды 

қасиеттерінің кешені. 

Сауалнама  -  алдын-ала  әзірленген  сұрақтар  жүйесіне  жауап  алуды  кӛздейтін 

сауалпарақ.  Сауалнама  сауалданушыдан  қажетті  мәліметтер  алу  үшін,  сондай-ақ  үлкен 

әлеуметтік  топтардың  пікірін  білу  үшін  жүргізіледі.  Сауалнаманың  ашық 

(сауалданушының еркін жауабы), жабық (берілген жауаптардың біреуін ғана таңдау) және 

аралас түрлері болады. 

Тәрбие  технологиясы  –  процестегі  жеклеген  педагогикалық  міндеттерді 

орындауға  бағытталған  әдістер  жүйесі;  ұжымдық  жоспардың  орындалуын  ұйымдастыру 

тәсілі; оқушылармен байланыс орнату тәсілі; педагогикалық диагностика тәсілі. 

Тәрбиенің нәтижелілігі – тәрбиелік шаралардың ұйымдастырылуы мен атқарылуы 

арқылы алға қойылған мақсаттың орындалуы. 



Ҧлтжандылық - ӛз ұлтының тілін, ділін, дәстүрін сүюдің белгісі. Ұлтжандылық ӛз 

ұлтының  мәдениетін,  әдебиетін,  дәстүрін  қадірлейтін,  ұлттық  намысты  қорғай  білетін 

адамның қасиеті. 

Эксперимент  –  тәжірибе,  сынау.  Ғылыми  мәнде  жасалған  тәжірибе;  тәжірибе 

жүзінде бақылауды іске асыру. 



 

 

 

 

Педагогикалық әдебиеттер 

1.

 



Абишева  М.Т.  Роль  мотиваций  и  отношений  во  внедрении  инновационного 

педагогического опыта. - Алматы, 2002. 

2.

 

Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. –Алматы, 2004. 



3.

 

Әбенов С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -Алматы, 1999. 



4.

 

Азаров Ю.П. Искусство воспитывать. – М.,1979. 



5.

 

Амонашвили  Ш.  Воспитательная  и  образовательная  функция  учения  школьников.-М., 



1984. 

6.

 



Амонашвили Ш. Трактат ―Школа жизни. - М.: Изд. дом Амонашвили, 1998. 

7.

 



Адамгершілік  сабақтары.  Жеке  тұлғаны  рухани-адамгершілік  дамыту  бағытындағы 

авторлық  бағдарламалар  мен  оқу  тәрбие  іс  -  шараларының  үлгілері.  Құрастырушы 

Игенбаева Б.Қ. ―Мен –Адаммын‖ қоғамдық қоры. 

 –Алматы, 2001. 

8.

 

Бабанский Ю.К. Педагогика. М., 1988. 


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 1.25 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет