Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 5.75 Kb.
Pdf просмотр
бет9/20
Дата23.04.2017
өлшемі5.75 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

 
6.Ҧсынылатын әдебиеттер 
Негізгі әдебиеттер 
1.ҚР 28-ақпан 2007-жылғы №234-III «Бухгалтерік есеп және қаржылық есептілік туралы» 
заңы.  
2.  21    (  IFRS)  ХҚЕС  «Валюталық  бағамдар  ӛзгерісінің  әсері.  Шетелдік  қызмет».  Баспа 
ҧйі«Бико»,  Алматы -2008ж. 
3.  ҚР  Ҧлттық  қаржылық  есептілік  стандарттары.  21.06.2007ж    ҚР  Қаржы  министрлігінің 
№217 бҧйрығы. Бухгалтердің анықтамасы №2 – 2007г. 
4.  Бухгалтерлік  есептің  типтік  жоспары.  23.05.2007  ж    ҚР  Қаржы  министрлігінің  №185 
бҧйрығы.  
5.  Бухгалтерлік  есептің  типтік  жоспары  және  шоттарының  корреспонденциялау  бойынша 
әдістемелік  ҧсынылымдар.  Бухгалтердің  және  кәсіпкердің  кітапханасы.  Баспа  ҧйі«Бико»,  
Алматы -2007ж. 
6.ХҚЕС қолдану бойынша әдістемелік ҧсынылымдар. Алматы. 2007ж. 
 
Қосымша әдебиеттер 
1. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж. 
2. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж. 
3.  Қ.К.Кеулімжаев,  Н.А.Қҧдайбергенов  «Бухгалтерлік  есеп:  теориясы  және  негіздері» 
Алматы, Экономика, 2006ж. 

 
70 
4.Қ.К.Кеулімжаев,  Н.А.Қҧдайбергенов  «Бухгалтерлік  есеп:  теориясы  және  негіздері» 
Алматы, Экономика, 2006ж. 
5.Назарова В.Л. «Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Учебник. Алматы, 2003. 
6.Миржакыпова  С.  Т.,  Аппакова  Г.  Н.  и  др.  Основы  бухгалтерского  учета  по  МСФО.  – 
Алматы: Экономика, 2009 г. 
Интернет- көздері 
1.www.minfin.kz/structure/data/KAZ_2009_IFRIC%208.doc 
2.  Айрих,  Н.  ХҚЕС  бойынша  шоттар  жоспарына  ӛту  [Текст]  /  Н.  Айрих.  ...  Кл.слова 
(ненормированные):  экономика  --  бухгалтерлік  есеп  --  шоттар  --  хқес  --  кесте,  ... 
www.webirbis.ksu.kz/.../cgiirbis_32.exe 
 
  1.Тоғызыншы дәрістің тақырыбының атауы: 
«Табысқа салынатын салық 
(ҚЕХС 12) 
    2.Лекция мақсаты 
9-ші  дәрістің  мақсаты  пайдаға  салынатын  салықтарды  есепке  алу  тәртібін 
анықтаудан  тҧрады.  Пайдаға  салынатын  салықтарды  есептеудегі  басты  мәселе  қазіргі 
және келешектегі салық салдарын есепке алуда: 
(а)   ҧйым балансында танитын активтердің (міндеттемелердің) баланстық қҧнының 
орнын болашақта толтыру (ӛтеу);  
(b)   ҧйымның  қаржы  есептілігінде  танитын  операциялар  және  ағымдағы  кезеңнің 
басқа да жағдайлары. 
3.Лекция сҧрақтары 
1.Табыс  салығының  анықтамасы,есептік  және  табыс  салынатын    пайдалардың 
арасындағы айырмашылықтар 
2. Табыс салығының есебі 
4.Лекция мазмҧны 
1.Табыс салығының анықтамасы,есептік және табыс салынатын  пайдалардың 
арасындағы айырмашылықтар. 
Салық  салынатын  пайда  (залал)  -  бҧл  пайдаға  салық  тӛлеуге  (орнын  толтыруға) 
қатысты  салық  органдары  белгiлеген  ережеге  сәйкес  анықталатын,  кезең  iшiндегi  пайда 
(залал)  сомасы.  Оны  ҧйымдар  есептік  мерзімдегі  табыстың  жалпы  сомасынан  барлық 
кәсіпкерлік  қызметтің  шығыстарын  шегеріп  анықтайды.  Табыстар  мен  шегерімдердің 
тҥрлерін  салықтық  заңнамаларында  бекітілген.  Осы  нормативтік  актілер  бойынша, 
тӛленуге  тиісті  табыс  салығы  ретінде  осы  есептік  мерзімде  тӛленетін  және  салық 
салынатын табысқа есептелген салықтың сомасы қарастырылады. 
Қаржылық  есеп  2-де  салық  салынатын  және  есептік  табыстардың  арасында 
айырмашылықтар бар, олар тҧрақты және уақытша болып бӛлінеді (1-ші схема). 
 
Салық салынатын және есептік табыстардың арасындағы айырмашылықтар 
 
                                          
 
 
 
 
1-ші схема. Салық салынатын және есептік табыстардың арасында 
айырмашылықтардың  тҥрлері 
 
Бҧл жердеесептiк пайда - бҧл салық тӛлеу бойынша шығыстарды шегергенге дейiнгi 
кезең  аралыгындағы  таза  пайда  немесе  залал.  Аталған  айырмашылықтар  себептерінің 
біреуне  кейбір  баптардың  бір  есептеулерге  кіргізілуі,  ал  екінші  есептеулерден  шегерілуі 
табылады.  Мысалы,  белгіленген  шығыстарды  салық  салынатын  пайданы  анықтағанда 
Тҧрақты айырмашылықтар 
Уақытша айырмашылықтар 

 
71 
шегеруге болмайды, ал есептік пайданы кӛрсеткенде  осы шығыстарды шегереді. Мҧндай 
шығыстарды тҧрақты айырмашылықтар деп атайды.  
Тҧрақты айырмашылықтар - бҧл ағымдағы есептi кезеңде туындайтын жене бҧдан кейiнгi 
есептi  кезеңдерде  жойылмайтын    салық  салынатын  және  бухгалтерлiк  табыстар 
арасындағы айырмашылықтар. Тҧрақты айырмаға келесi жағдайларды қатыстырады:  
1)жылдық  жиынтық  табыспен  де,  шаруашылық  жҥргiзушi  субъектiнiң  кәсiпкерлiк 
қызметiмен  де  байланысты  емес  шығыстар  (демалыс  ҥйлерiне  жолдама  алу,  бассейiнге 
абономенттердi  алу,  спорт  кҧрал-жабдыктарын  алу  және  т.б.),  бҧл  аталған  шығыстар 
бухгалтерлiк  есепте  шығысқа  жатқызылады,  ал  салық  есебiнде  олар  шегерiм  ретiнде 
танылмайды;  
2)бюджетке  тӛленетiн  айыппҧл  санкциялары  бухгалтерлiк  есепте  жылдық  табыстан 
шегерiледi, ал салық есебiнде ол шегерiлмейдi;  
3)нормадан жоғары белгiленген iс-сапар мен ӛкiлдiлiк шығындары бухгалтерлiк есепте 
кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебiнде ол шегерiм қҧрамына енгiзiлмейдi.  
4)қоршаған  ортаны  ластаудан  тазартуға  кеткен  шығындар  бухгалтерлiк  есепте  кезең 
шығыстарына  жатқызылады,  ал  салық  есебiнде  ол  жылдық  жиынтық  табыстан  шегеруге 
жатпайды;  
5)марапаттау  бойынша  шығыстар  толық  кӛлемде  бухгалтерлiк  есепте  шығысқа 
жатқызылады, ал салық есебiнде - белгiленген шектеулер шегiнде ғана ескерiледi;  
6)несие бойынша, соның iшiнде қаржылық лизингi бойынша да, депозит бойынша да, 
сондай-ақ  сенiмдi  басқаруға  алынған  мҥлiктер  бойынша  да  Қазақстан  Республикасының 
Ҧлттық  банкiсiнiң  белгiлеген  қайта  қаржыландыру  коэффициентiнiң  1,5  есе  еселенген 
ресми мӛлшерлемесiнiң шегiндегi сомасымен есептейдi, ал егер де ол шетелдiк валютада 
орналастырылса, онда Лондондық банкаралық нарықтық 2 есе еселенген мӛлшерлемесiнiң 
негiзiнде есептелiнедi. 
Келтірілген  айырмалар  жиынтық  табыс  салығының  есптелуіне  ғана  әсер  береді. 
Осындай тҧрақты айырма ретінде келесі жағдайларды атауға болады: 
А)  мемлекеттік  облигациялар  бойынша  алынған  пайызды  жиынтық  табыс  салығының 
есптелуіне  әсер  беретін  тҧрақты  айырма  деп  қарастыру  керек,  ӛйткені  аталған  пайыз 
есептік  табыстың  бӛлігі  болады,  бырақ  мемлекеттік  салық  заңнамасы  бойынша    табыс 
салығымен салынбайды). 
Б)гудвилл  амортизациясының  шығыстары  есептік  табыстан  шегеріледі,  ал  салық 
салынатын табыстан шегерілмейді. 
Сонымен,  тҧрақты  айырмалар  жиынтық  табыс  салығына  ғана  әсер  етеді  және  табыс 
салығын  бӛліп  таратуға  тәжірбиелік,  теориялық    мәселелерді  тҧғызбайды.  Осы  себептен 
тҧрақты  айырмашылықтар  бухгалтерлер  әсерінің  сферасынан  тыс  болады  деп  есептеп, 
ары қарай  тҧрақты айырмашылықтардың сомасына есептік табыстың тҥзетілуі жҥргізілді 
деп санаймыз. 
Уaқытшa айырмашылықтар - бҧл активтiң немесе міндеттеменің баланстық қҧны мен 
олардың  салық  базасы  арасындағы  айырмашылық.  Уақытша  айырмашылық  мыналар 
болуы мҥмкін:  
а)  активтiң  немесе  міндеттеменің  баланстық  қҧныны  орны  толтырылатын  немесе 
ӛтелетiн  алдағы  кезеңдердiң  салық  салынатын  пайдасын  (салықтық  залалын)  анықтау 
барысында салық салынатын соманың пайда болуына (желетiн, уақытша айырма жататын 
салық салынатындар; немесе  
(ә)  тиiстi  активтiң  немесе  мiндеттеменің  баланстық  қҧнының  орны  толтырылатын 
немесе ӛтелетiн алдағы кезеңдердiң салық салынатын пайдасын (салық салуда eскepiлетiн 
залалын)  анықтау  барысындағы  шегерiмге  жатқызылатын  уақытша  айырмашылық  - 
шегерiлетiндер.  
1-ші кесте-Уақытша айырмашылықтардың пайда болатын жағдайлары 
 
Жағдайлар 
Қолданылатын әдістер 

 
72 
қаржылық  есептіліктің  мақсаттары 
ҥшін 
салық салу ҥшін 
1)Шығыстардың 
танылуы 
Есептеу  және    мерзімі  ҧзарту 
әдістеріне  сәйкес  тану  (болашақ 
мерзімінің  шығыстары;  болашақ 
тӛлемдердің резервтері) 
Қҧжаттардың  негізінде  нақты 
шығыстардың тану 
2)Сатып 
алушылардың 
дебиторлық 
берешегі 
Кҥмәнді    берешектердің  бойынша 
жеңілдіктердің  және  резервтердің 
қолданылуы 
Кҥмәнді  берешектердің  табыс 
ретінде танылуынан кейін  екі 
жыл  бойы  тікелей    есептен 
шығарылуы 
3)Қҧнды 
қағаздар 
Сәтті зияндардың танылуы 
Ӛзге  қҧнды  қағаздарды  ӛткізу 
қҧнының  ӛсімінен  5  жыл 
аралығында 
зияндардың 
ӛтелуі 
4)Негізгі 
қҧралдар 
Жӛндеуге  лимиттелген шығыстар. 
Жойылу сәтіндегі есептен шығару. 
Жылдың  соңындағы  топтың 
қҧндылық  баланстынан  10% 
мӛлшерінде  шегерілуге  тиісті 
жӛндеу  шығыстары.  100  МЕК 
(минималдық 
есептік 
кӛрсеткіштен)  тӛмен  емес 
қҧндулық тобы шегерілуі тиіс.  
5)Амортизация 
Ҧйымдардың  есептік  саясатында 
белгіленген әдіс 
Қҧндарының  жедел  есептен 
шығару әдістері 
Уақытша  айырмашылықтар  бірнеше  есептік  мерзім  ағымдары  бойында  пайда  болуы 
немесе жойылуы мҥмкін. Осы айырмашылықтар жәйлі ақпараттар қаржылық есептіліктің 
пайдаланушылары  ҥшін  қажет,  сондықтан  бухгалтер  бҧл  мәліметтерді  келесі  әдістер 
арқылы тіркей алады: 
1)қаржылық есептіліктің тҥсіндірме хаттамасына ақпараттарды кіргізу әдісі бойынша
2)уақытша  айырмашылықтардың  салықтық  эффектісін  белгілейтін  бухгалтерлік  есеп 
әдісін қолданып. 
Уақытша айырмашылықтардың әсерінен табыс салығының тӛлеу  мерзімі ҧзартылған 
сомаларын бӛлек белгіленеді (1-ші формула): 
 
Пайдаға 
салынатын 
салықтың төлеу 
мерзімі 
ұзартылған 
сомалары 
 

 
Табыс  салығы 
бойынша 
шығыстар 
 
— 
 
Тӛленуге 
 тиісті табыс салығы  
 
(1) 
 
Аталған  сомалар  кейiнге  қaлдырылған  салық  талабы  болып  қарастырылады.Олар 
алдағы кезеңде мыналарды кіргізеді:  
а) шегерiлген уақытша айырмашылыққа;  
ә) салықтық залaлға қабылданбай, алдағы кезеңге ауыстырылғандарға;  
б)  салық  кредитiне  пайдаланылмай,  алдағы  кезеңге  ауыстырылғандарға  байланысты 
алдағы кезеңде орны толтырылатын пайдаға салынатын салық сомасы.  
 
Мысалы,  Есептік  мерзімде  табыс  салығының  қойылы-30%.  Фирма  бойынша  келесі 
мәліметтер бар: 
 
Кӛрсеткіштер 
Сомалар (теңге) 
1)Бухгалтерлік  есеп  мақсаты  ҥшін    фирманың  есептеу  әдісін   

 
73 
қолданылады:  
А) Салық салуға дейінгі табыс  
100 000 
Б)Табыс салығының мӛлшері 
20 000 
2)Салықтарды  есептеу  мақсаттары  ҥшін  фирманың  кассалық 
әдісін қолданылады: 
 
А)Салық салынатын табыс 
20 000 
Б)Табыс салығының тӛлемдері бойынша ағымдағы берешегі 
4 000 
 
ШЕШІМІ: 
 
 
 
1)Табыс салығының шығыстары: 20%*100000=20000(теңге) 
2)Тӛленуге тиісті табыс салығы: 20%*20000=4000(теңге) 
3)Табыс салығының тӛлеу мерзімі ҧзартылған сомалары:  
20000-4000 =16000 (теңге) 
 
Сонымен,  фирма    қазіргі  сәтте    4000  теңгені  тӛлеуі  тиіс,  ал  қалған  16000  теңгені  болашақ 
мерзімдерде тӛлейді. 
  
2. Табыс салығының есебі 
Есептік мерзімде табыс салығы бойынша шығыстарды уақытша айырмашылықтардың 
салықтық эффектісі есебінің негізінде анықтау қажет. Бҧл жерде табыс салығының есебін 
ҧйымдастыру  ҥшін  мерзімді  ҧзарту  әдісі  немесе  міндеттемелердің  әдісі  қолданылады.  
Бірінші әдіске (яғни, мерзімді ұзарту әдісіне) сәйкес табыс салығы мекеменің кәсіпкерлік 
қызметіндегі  жҧмсалған  шығыстары  ретінде  танылады  және  пайда  болған  мерзімінде 
шоттардың  типтік  жоспарындағы  7710  «Корпорациялық  табыс  салығы  бойынша 
шығыстар»  шотында  есепке  алынады.  Ал  осыған  сәйкес  пайда  болатын  уақытша 
айырмашылықтың салықтық эффектісі қаржылық есептіліктерде келесідей кӛрсетіледі : 
-Пайдалар және зияндар тҧралы есептілікте шығыстар бабында; 
-Бухгалтерлік  баланста    «Мерзімі  ҧзартылған  салықтар»  бабында  және  есепте 
шоттардың  типтік  жоспарындағы  4310  «Корпорациялық  табыс  салығы  бойынша  кейінге 
қалдырылған салықтық міндеттемелер» шотында тіркеледі. 
 Міндеттемелер  әдісінде  ағымдағы  уақытша  айырмашылықтың  салықтық  эффектісі 
бухгалтерлік баланста келесі баптардың біреуінде кӛрсетілуі мҥмкін: 
1)міндеттемелер арасындағы «Мерзімі ҧзартылған салықтар» бабында; немесе 
2)активтер  арасындағы  «Мерзімі  ҧзартылған  салықтар-шығыстар»  бабында  және 
шоттардың  типтік  жоспарындағы  2810  «Корпорациялық  табыс  салығы  бойынша  кейінге 
қалдырылған салықтық активтер» шотында белгіленеді. 
Табыс салығының есебі 12 «Пайдаға салынатын салықтар» атты Есептің халықаралық 
стандартымен реттелінеді. Осы әдіске сәйкес келесі салықтық эффекті анықталады: 
 
Мысалы. Компания есептік жылы 3000000теңге бухгалтерлік кірісті тҥсірді. Пайдаға 
салынатын салық бойынша айырмашылықтар фирмада келесі деңгейде: 
1.Активтердің амортизациясы (теңге) 
(500000) 
2.Бағалы қағаздарды ӛткізуден орны толтырылмаған зиян(теңге) 
400000 
3.Тҧрақты айырмашылықтар(теңге) 
200000 
 
Салықтық 
эффект 
 

 
Активтердің 
амортизаци
ясы 
 

Бағалы 
қағаздарды 
ӛткізуден 
орны 
толтырылмағ
ан зиян  
*  Есептік    мерзімнің 
(немесе 
келесі 
мерзімнің 
-егер 
өзгерсе 
ғана) 
пайдаға  салынатын 
салықтың 
қойылымы 
 
(2) 

 
74 
4. Пайдаға салынатын салықтың қойылымы(%) 
 
А)есептік мерзімнің 
30 
Б)келесі жылдың 
35 
5.Мерзімі  ҧзартылған  пайдаға  салынатын  салықтың  кредиттік  сальдосы 
(теңге) 
90000 
5а)Уақытша айырмашылықтың эффектісі (теңге) 
300000 
Мәліметтер  негізінде  пайдаға  салынатын  салық  бойынша  тӛлемнің  компоненттерін 
анықтаймыз 2-ші формула бойынша және ӛткізбені береміз: 
1)
 
Пайдаға салынатын салық бойынша төлемнің компоненттерінің есептемесі 
*(есептеме-ведомость) 
Пайдаға салынатын салық 
бойынша тӛлемнің 
компоненттері 
Есептелуі 
Сома 
(теңге) 
1.Салық салынатын кіріс 
3000000+200000+400000-500000=3100000 
3100000 
А)тӛленуге 
тиісті 
пайдаға 
салынатын салық 
3100000*30%=930000 
930000 
2.Салықтық эффект 
(400000+ (-500000))*35%=35000  
35000 
3.Мерзімі 
ҧзартылған 
тӛлемнің тҥзету 
300000*35%-300000*30%=15000 
15000 
4.
 
Пайдаға  салынатын  салық 
бойынша шығыстар 
930000+35000+15000=980000 
980000 
 
2)
 
Пайдаға салынатын салық есептелінді 
Шоттардың корреспонденциясы 
Сома 
Дебет 7710 «
 
Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар» 
980000 
 
Кредит 3110 «Төленуге тиісті корпорациялық табыс салығы» 
930000 
 
Кредит  4311  «Корпорациялық  табыс  салығы  бойынша  кейінге 
қалдырылған  салықтық  міндеттемелер-уақытша 
айырмашылықтар» 
35000 
 
Кредит  4312  «Корпорациялық  табыс  салығы  бойынша  кейінге 
қалдырылған 
салықтық 
міндеттемелер-
қойылымның өзгерулері» 
15000 
 
Aктивтің  немесе  міiндеmmеменің  салық  базасы  -  бҧл  салық  салудың  мақсаты  ҥшiн 
активтi немесе мiндеттеменi eскepeтiн сома.  
Бҧрын  салық  салудың  мақсаты  тҧрғысынан  актив  немесе  мiндеттеме  ескерiлмеген 
болатын әpi талданбай келдi.  
Осыған  орай,  бухгалтерлiк  баланста  кӛpiнic  тапқан  актив  сомасы  келешектегi 
салықтың  салдарды  есептеу  барысында  осы  активтiң  салықтың  базасы  тҧррысынан 
талдануы керек.  
Ескерiлген  активтің  бҧл  шамасы  одан  ары  салық  салудың  базасына  қызмет  етедi, 
дәлiрек айтқанда, салық салынатын табыстың сомасына әсepiн тигiзедi.  
Акmuвтiң  салық  базасы  -  бҧл  кәсiпорын  активтің  баланстың  қҧнының  орнын 
толтыpғаннан  кейін  ғана  алатын,  кез  келген  салық  салынатын  экономикалық  пайдадан 
салық салу мақсатында шегерiлетiн шама.  
Егер  бҧл  экономикалық  пайдаларға  салық  салынбайтын  болса,  онда  активтің  салық 
базасы  оның  баланстық  қҧнына  теңеседi.  Яғни,  бҧл  болашақта  салық  салынатын  табыс 
сомасын  кeмiтyi  ықтимал  активтердің  бухгалтерлiк  балансында  eскepiлетiн  шама.  Бҧл 
салық салынатын табысты анықтау барысында шегеруге жататын активтің қҧны.  
Жекелеген активтердiң қҧнын есептен шығарудың реттәртiбi мен бухгалтерлiк есепте 
шығын  ретiнде  және  салық  салу  мақсаты  ҥшiн  шегерiлетiн  шегерiм  ретiнде  тиiстi 
танудың тiзбектiлiгi бiрдей емес, салықтың әсердi  уақытша айырмашылықтан анықтауға 

 
75 
болады.  
Мiндеттеменiң  салық  базасының  баланстық  қҧны  алдағы  кезеңде  осы  мiндеттемеге 
қатысты  салық  салудың  мақсаты  ҥшiн  шегерiлетiн  кез  келген  соманың  шегерiмiне 
теңеседi.  
Аванспен  алынған  тҥciм  жағдайында  пайда  болған  міндеттеменің  салық  базасының 
баланстық  қҧны  алдағы  кезеңде  салық  салынбайтын  кез  келген  тҥciм  сомасының 
шегерiмiне теңеседi.  
Яғни,  бҧл  мiндеттеменiң  бухгалтерлiк  балансында  ескерiлген,  осы  мiндеттемеге 
қатысты салық салудың мақсаты ҥшiн шегерiлетiн шама.  
12 «Пайдаға салынатын салық» атты қаржы есептемесінің халықаралық стандартында 
мынадай анықтамалар келтiрiлген:  
Салық төлеу бойынша шығыстар - бҧл ағымдағы және кейiнге қалдырылған салыққа 
қатысты  кезең  iшiндегi  таза  пайданың  немесе  залалдың  есебiне  (есеп  айырысуына) 
қосылған жиынтық шама.  
Ағымдағы  салықтар  -  бҧл  кезең  iшiндегi  салық  салынатын  пайдаға  (салық  салу 
барысында  ескерiлетiн  залалга)  қатысты  тӛлемге  (орнын  толтыруға)  арналған  пайдаға 
салынатын салықтың сомасы.  
Кейiнге  қалдырылған  салық  мiндеттемелерi  -бҧл  салық  салынатын  уақытша 
айырмашылықпен байланысты алдағы кезеңде тӛлеуге жататын пайдаға салынатын салық 
сомасы.  
Активтің немесе мiндеттеменiң салық базасы - бҧл салық салу мақсаты ҥшiн активке 
немесе мiндеттемеге берiлетiн шама.  
Активтің  салық  базасы  -  бҧл  компания  активтiң  баланстық  қҧнының  орнын 
толтырғаннан  кейін  ғана  алатын  кез  келген  салық  салынатын  пайдаға  салық  салу 
мақсатында  шегерiлетiн  сома.  Шаруашылық  жҥргiзушi  субъектiлер  аяқтаған  барлық 
операциялар  кipicтep  мен  шығыстар  туралы  есеп  берудiц  не  баланстың  шоттарында,  не 
транзиттiк шоттарында бухгалтерлiк есепте кӛpiнic табуы тиiс.  
Аяқталған операциялардың бiр бӛлiгi есептiк кезеңнiң еңбекпен келген табыстарының 
немесе  жҧмсалған  шығыстарының  қҧрамындa  танылмай,  баланстың  баптардың 
қҧрамында капиталдандырылған болса, онда келешекте баланстық баптар қҧнының орнын 
толтыру алдағы кезендердің қаржы нәтижелерiне әсер етедi.  
Әpi  12  «Пайдаға  салынатын  салық»  халықаралық  стандартына  сәйкес  салық  әcepi 
транзиттiк  шотта  кӛpiнic  табатын  және  баланстық  шотта  да  әзгерiс  тудыратын  операция 
бойынша танылуы керек.  
Халықаралық  стандарттарды,  оның  iшiнде  12  «Пайдаға  салынатын  салық» 
халықаралық  стандартын  нақты  ic  жҥзiне  асыру  мақсатында  активтер  мен  мiндeттeменi, 
бiздiң ойымызша, eкi категорияда шектеу қажет:  

 
Келешекте салықтық салдары болатын активтер мен мiндеттемелер;  

 
Келешекте салықтық салдары болмайтын активтер мен мiндеттемелер.  

 
Келешекте  салықтық  салдары  болатын  активтер  мен  мiндеттемелер  -  бҧл  танылу 
мерзiмi уақыттан тыс (уақытпен санаспай) ҧзартылған, ағымдағы есептiк кезеңнiң 
баланстық  баптарында  капиталдандыруға  жататын  кipicтep  мен  шығыстар. 
Аяқталған  операциялардың  келешектегi  салык  әcepiн  тану  мaқсаты  ҥшiн 
активтердi, бiздiң ойымызша, мына категориялар бойынша топтастыру керек:  

 
Капиталдандырылған шығындар (Мерзiмi ҧзартылған шығыстар);  

 
Есептелген табыстар (Алу шоты бойынша сауда-саттық  
дебиторлык, берешегi);  

 
Басқадай дебиторлық берешек;  

 
 Қаржы активтерi.  
Бухгалтерлiк  баланстың  активтер  қҧpaмындaғы  капиталдандырылған  шығын  мен 
мерзiмi -ҧзартылған табыс бойынша салық әcepi «мерзiмi ҧзартылған табыс салығы» бабы 
бойынша бухгалтерлiк баланста да кӛрiнic табуы қажет.  

 
76 
Шаруашылық  жҥргiзушi  субъектiлер  аяқталған  барлық  операциялар  мен  мәмiлелер 
кіpicтep мен шығыстаp (пайда мен залал) туралы есеп берудi және бухгалтерлiк балансты 
ӛзгертудiң  мына  тҧрпаттарының  кӛмeгiмен  олардың  есеп  объектiлерiне  әсер  eтeтін 
сипаты бойынша бухгалтерлiк баланста сипатталуы және тiркелуi керек.  
Бҧл  арада  мынаны  ескерген  жӛн:  салық  (жедел)  есебiнде  жиынтық  жылдық  табыстан 
(негiзгi  қҧрал  -  жабдықтарды  амортизациялау,  негiзгi  кҧрал  -  жабдықтарды  жӛндеу, 
проценттер және тағы басқалары бойынша) ҧстап қалулар (жеңiлдiктер) туралы, сондай-ак 
табыстар  туралы  (ҥйлердi,  ғимараттарды)  сату  кезiндегi  қҧнның,  сондай-ақ  ақша 
қҧнсыздануына  тҥзетулердi  есепке  ала  отырып  амортизациялауға  жатпайтын 
алашақтардың ӛcyi; кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге келiскенi және кәсiпорынды жапқаны 
ҥшiн тағы басқалары жӛнiнде хабарлама қалыптасады 
 
5.Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары 
1.
 
Табыс  салығының  анықтамасы,есептік  және  табыс  салынатын    пайдалардың 
арасындағы айырмашылықтар 
2.
 
Тҧрақты айырмашылықтардың есебі 
3.
 
Табыс салығының есебі 
4.
 
Уақытша айырмашылықтардың есебі  
5.
 
Табыс салығы есебінің мерзімді ҧзарту әдісі  
6.
 
Табыс салығы есебінің міндеттемелер әдісі 
7.
 
Кейінге қалдырылған абыс салығының есебі 
8.
 
Ағымдағы табыс салығының есебі 
9.
 
Корпорациялық табыс салығының есебі 
10.
 
Табыс салығының бюджетке тӛленуінің есебі 
Каталог: accounting-and-auditing
accounting-and-auditing -> Статистика академиясы алматинская академия экономики и статистики
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»
accounting-and-auditing -> Статистика академиясы алматинская академия экономики и статистики
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит»
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені

жүктеу 5.75 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет