Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 5.75 Kb.
Pdf просмотр
бет8/20
Дата23.04.2017
өлшемі5.75 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

4.Лекция мазмҧны 
1.Шетелдік  қызметке  таза  нвестиция.  Ақшалай  баптар..  Кейінгі  есепті 
мерзімдерге  есеп  беру.  Бағамдық  айырмашылықтарды  тану.  Функционалды 
валютаны ауыстыру  
Валюталық  операциялар  тҥсінігінің  мазмҧны  мен  мәнін  толық  ашу  ҥшін  негiзгi 
терминдерге анықтама беру қажет. Соның iшiнде негiзгiсi шетел валютасы. 
Валюта  мемлекеттердiң  заңды  қҧралы  ретiнде  қабылдаған  ақша  бiрлiгi  немесе 
банкноттар,  қазынашылық  билеттер  мен  тиындар.  Сонымен  қaтap  айналыммен 
шығарылатын  бiрақ,  айырбастауға  жататын  aқшa  белгiлерi.  ҚР-ның  Ҧлттық  Валютасы 
тенге. Шетел валютасы шет мемлекеттердiң валютасы (доллар, евро, рубль). Валюталық 
қҧндылықтарға:  
1.
 
Шетел валютасы.  
2.
 
Шетел  валютасындағы  бағалы  қағаздармен  тӛлем  қҧжaттapы  (акция,  облигация) 
және басқа шетел валютасында кӛрсетiлген қарыз міндеттемелері. 
3.
 
Бағалы  металдар  -алтын,  кҥмic,  платиналық  ток  металдары  барлық  тҥрде  және 
жағдайда ювелир бҧйымдары.  
4. Табиғи бағалы металдар -алмаз, рубин, изумрудтар, жемжуг және       
     т.б. ҚР-ның валютасына кiредi. 
5. Айналымдағы сонымен қaтap айналымнан шығарылған бiрақ айырбастауға жататын 
ҚР-ның ҦБ-нiң билеттерi мен тиындары тҥрiндегi теңгелер. ҚР-ның банктерiндегi мен 
басқа да несиелiк мекемелерiндегi орналасқан теңгелей қаржылар.  
6. ҚР-дағы валютасындағы бағалы қағаздар, теңгеде кӛрсетiлген тӛлем қҧжаттарымен 
қарыз міндеттемелер.  
Ҧлттық  және  шетел  валютасындағы  операцияларды  жҥргiзетiн  субъектiлерге  қосып 
«резидент  пен  бейрезиденттер»  саналады.  «Резидент»  -  тҥсiнiгiнiң  қҧрамына  келесi 

 
64 
категориялы азаматтар мен мекемелер кіреді: 
1.
 
ҚР-ның территориясында тҧратын тҧлғалаp.  
2.
 
ҚР заңдарына сәйкес және ҚР территориясында орналасқан заңды тҧлғалар.  
3.
 
Заңды  тҧлғa  ретiнде  саналмайтын  бiрақ  ҚР-ның  заңына  Сәйкес 
қҧрылған мекемелер мен организациялар.  
«Бейрезидент» -тҧлғаларға жатады:  
1.
 
ҚР-нан  тыс  мемлекеттерден  тҧрақты  мекен  жайы  бар  заңды 
тҧлғалар, сонымен қaтap ҚР-ның уақытшa тҧлғалары.  
2.
 
Шетел  мемлекеттерiнiң      заңына  сәйкес  және  тҧрақты  мекен-жайы  жоқ  
тҧлғалар. 
3.
 
Заңды тҧлғa болып табылмайтын мекемелер мен организациялар.  
4.
 
ҚР-ның  территориясында  шетел  дипломатиялық  және  басқа  да  ресми 
представительствалар. 
Банк валюталық операцияларының келесi тҥрлерiн орындайды:  
1.
 
Валютаны сату және сатып алу.  
2.
 
Клиенттiң валюталық шоттарын жҥргiзу және депозиттер қабылдау.  
  3. Валютада халықаралық есеп айырысу. 
 4. Валюталық несиелер беру.  
Бiздiң елiмiзде валюталық операциялар 24.12.1996 жылы № 54 «ҚР валюталық реттеу 
туралы»  заңына  және  ҚРҦБ-ның  «валюта  операцияларын  жҥргiзу  ережелерi»  №115  
20.01.2001  ж.  негiзiнде  жҥзеге  асырылады.  Осы  заңмен  ережеге  сәйкес  ҚР-дағы 
резиденттер  және  бейрезиденттер  жҥргiзген  барлық  операиялар  тек  ӛкiлеттi  банктермен 
айырбастау пункттерi арқылы орындалады.  
Ӛкiлеттi  банктер  -  шетел  валютасы  мен  айырбастау  операцияларын  жҥргiзуге  ҚРҦБ 
лицензиясын алған банктер.  
Ӛкiлеттi мекемелер - нақты шетел валютасын айырбастау жҥргiзу ҚРҦБ лицензиясын 
алған мекемелер.  
Валюталық реттеу- ӛкiлеттi мемлекеттiк органдардың елдiң тӛлем балансын нығайту, 
Ҧлттық  валютаның  тҧрақтылығын,  iшкi  валюта  рыногын  дамытуды  қамтамасыз  ету 
мақсатында  валюталық  операциялар  жҥргiзу  тәртiбiн  белгiлеу  және  оның  сақталуын 
бақылау жӛнiндегi қызметi.  
Әрбір    ел  валюталық  реттеудiң  кӛмегімен  мемлекеттiң  бақылауына  валюталық 
операцияларды  шетелдің  заңды  және  жеке  тҧлғаларына  несие  мен  заемдарды  беру, 
валютаны шекарадан кiргiзу және шығару туралы операцияларды жоюға тырысады.  
Валюталық реттеудiң қажеттiлiгi - банктер мен мемлекеттердiң валюталық қауiптердi 
азайту мақсаты болып табылады. Валюталық әдетте халықаралық валюталық келiссӛздер 
жасалу мен нормативтi актiлердi шығаруды жҥзеге асырады.  
Валюталық бақылау.  
Валюталық бақылау органдары және оның агенттерi.  
Оның  мақсаты  -  валюталық  операцияларды  орындағанда  валюталық  заңдарында 
сақтауға бақылау жасау болып табылады.  
Валюталық бақылаудың негiзгi жолдары мынадай:  
1.
 
Ӛткiзiлген  валюталық  операциялардың  заңға  сәйкестiгiн  анықтау  және  қажеттi 
лицензиялар мен келiсiмдердiң бар екендiгiн анықтау.  
2.
 
Мемлекет  алдындағы  шетел  валютасындағы  резиденттердiң  мiндеттемелерiн 
ӛтегенін,  сонымен  қатар  ҚР  iшкi  валюталық  нарығында  шетел  валютасын  сату 
бойынша мiндеттемелерiн тексеру:  
а)      шетел валютасындағы тӛлемдердiң негiздiлiгiн тексеру;  
б)  валюталық  операциялар  бойынша  есеп  ақпардың  толықтылығымен 
объектiлiгiн тексеру;  
Валюталық бақылаудың  негiзгi органы -ҚРҦБ болып табылады. Оның міндеті:  
1.
 
Шетел валютасы мен шетел валютасындағы бағалы қағаздардың ҚР-да айналу 

 
65 
тәртiбi мен сферасын анықтайды.  
2.
 
Резиденттер  мен  Бейрезиденттер  тҧлғалар  ҥшiн  нормативтi  актiлер 
шығарады.  
3.        Валюталық операциялардың барлық тҥpiн орындайды.  
       4. Шетел  валютасы мен бағалы қағаздармен орындайтын операцияларға резиденттер 
мен бейрезиденттер тҧлғаларға жалпы ережелер анықтайды.  
       5.  Банктерге  және  басқа  да  несиелiк  мекемелерге                                          валюталық 
операцияларды орындау лицензияларын берудiң ережелерiн белгiлейдi.  
       6.     Есеп беру, ақпар, қҧжaттapдың бiр нысандылығын белгiлейдi.  
       7.    Басқа да қызметтердi орындайды.  
Коммерциялық  банктердiң  сыртқы  экономикалық  қызметi  тауарлар  мен  әрекеттердi 
экспорттау-импорттау,  Қазақстан  Республикасының  аумағында  шетел  валютасында 
оларды ӛткiзу, елiмiздiң iшiнде бейрезидент тҧлғалардың шаруашылықпен айналысудағы 
тауарлық  емес  сипаттағы  мәміле  кезінде  теңге  және  шетел  валютасында  банктiк 
операцияларды жҥзеге асырумен байланысты.  
2.Функционалды  валютадан  ерекшеленетін  ұсыну  валютасын  қолдану. 
Ұсынылатын  валютаға  қайта  есептеу.  Шетелдік  қызмет  жөніндегі  қаржылық 
есептілікті  қайта  есептеу.  Кез-келген  бағамдық  айырмашылықтың  салықтық 
салдарлары 
Әрбiр  егемендi  мемлекетте  заңды  тӛлем  туралы  ретiнде  сол  елдiң  ҧлттық  валютасы 
қолданылады.  Сондықтан  сыртқы  сауда,  қызмет,  несие,  инвестиция,  мемлекетаралық 
тӛлемдер  бойынша  есеп  айырысудың  қажеттi  жағдайы  тӛлеушi  немесе  сатып  алушылар 
шетел  валютасын  сатып  алу  немесе  сату  нысанында  бiр  валютаны  басқа  валютаға 
айырбастау  болып  табылады.  21  ҚEXC  сәйкес  валюталық  операция  -  бҧл  шетел 
валютасында деноминацияланатын немесе ондағы есепті талап eтeтін операция.  
Осындай  айырбастарды  жҥргiзу  ҥшiн  валюталық  нарық  қызмет  етедi,  яғни  сҧраныс 
пен ҧсыныс нәтижесiнде қалыптасатын бағам арқылы шетел валютасын ҧлттық валютаға 
айырбастау немесе сату жҥзеге асырудың ресми орталықтары.  
Институционалдық кӛзқарас тҧрғысынан валюталық нарық бҧл банктердiң, брокерлiк 
фирмалардың,  корпорациялардың,  әcipece  ҧлт  аралық  корпорациялардың  (ҦАТ) 
жиынтығы. Банктер банкаралық нарықта және тауарлы-ӛнеркәсiп клиентурасында 85-95% 
валюталық мәмiлелер жасайды.  
Валюталық  қатынастың  субъектiлерiне  Қазақстан  Республикасының  резидент  және 
бейрезидент тҧлғалары жатады.  
Валюталық  реттеулердiң  объектiлерi  валюталық  қҧндылықтармен  жҥргiзiлетiн 
операциялар  болып  табылады.  Оларға:  шетел  валютасы  және  бағалы  қағаздар  (акция, 
облигация, тӛлем қҧжаттары, қарыздық мiндеттеме, қымбат металдар ) жатады.  
Валюталық  қҧндылықтармен  жҥргiзiлетiн  операциялар  eкi  тҥрге  бӛлiнедi:  ағымдағы 
валюталық операциялар, олардың қҧрамына елден валюта аудару және керiсiнше валюта 
қабылдау, саудалық сипатқа жатпайтын аударымдар және тура инвестициялар, қаржылық 
несиелер және т.б. капитал қозғалысымен байланысты операциялар жатады.  
Екiншi  дҥние  жҥзiлiк  coғыстан  кейiн  валюталық  операциялардың  тҥрлерi  кеңiнен 
дамыды.  Елуiншi  жылдардың  аяғынан  бастап  ӛнеркәсiбi  дамыған  елдерде  валютаны 
жедел  ҧсыну  (спот)  және  мерзiмдi  (форвордтық)  мәмiлелер  кең  қолданылды,  соңғылары 
валюталық  реттеу  объектiлерi  болып  табылады.  Жетпiсiншi  жылдардан  бастап  биржада 
фъючерстiк  және  опционды  валюталық  мәмiлелер  дамыды.  Бҧл  алып-сатарлық  мәмiленi 
және  валюталық  тәуекелден  сақтандырудың  жаңа  нысаны.  Қолма-қол  валюталық 
операцияларды  кӛп  банктер  жҥзеге  асырады,  мерзiмдi  операциялар  мен  «своп» 
мәмiлелерiн  негiзiнен  ipi  банктер,  ал  опционды  операцияларды  iрiлендiрiлген  банктер 
жҥзеге  асырады.  Жедел  ҧсыну  (своп)  валюталық  операциялары  ӛте  кең  таралған  және 
тӛленген  мәмiле  кӛлемiнiң  90%  қҧрайды.  Олардың  мәні  мәмiленi  жасау  кезiндегi  бағам 
бойынша  мәмiлеге  отыру  кҥнінен  бастап  екiншi  кҥнi  валютаны  алып-сату  шартына 

 
66 
байланысты банк-контрагенттерінің оны жеткізуінде.  
«Свифт»  электрондық  байланыс  қҧралының,  банкаралық  электронды  аударымдар 
жҥйесiнiң, мысалы, АҚШ-та ЧИПС, Лондонда ЧАПС және т.с.с., компьютерлiк ӛңдеудiң 
кең таралуы  «бҥгiннен ертеңге дейiн» немесе  «ертеңнен келесi кҥнге дейiнгi» бiр кҥндiк 
депозиттерді орналастыру операцияларын тез жҥзеге асыру ҥшін айтарлықтай мҥмкiндiк 
бередi.  Алайда  дәстҥрлi  валюталық  операция  негiзiнде  «спот»  мәмiлесi  және  базалық 
бағам  ретiнде  «телеграфты  аударым  бағамы»  деп  аталатын  «спот»  бағамы  танылып 
қалады.  Осы  бағам  негiзiнде  валюталық  нарықта  басқа  мәмiле  бағамдары  анықталады: 
валютаны жеткiзудiң қысқа мерзiмiнде бiр реттiк мәмiле ҥшiн бағам peтіндe мерзiмдiк.  
Жедел  ҧсынумен  байланысты  валюталық  операциялар  валюталық  жайғасымның  ең 
мерзiмдi элементi болып табылады және белгiлi бiр тәуекелдi ӛз мойнына алады. Банктер 
«спот»  операциясының  кӛмегі  арқылы  ӛз  клиенттерінің  шетел  валютасындағы 
қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, капиталдардың, оның ішінде «қапыл»  ақшалардың бiр 
валютадан басқаға ауысуы тӛрелiк және алып-сатарлық операцияларды жҥзеге асырады.  
Шетел  валютасындағы  мерзiмдi  мәмiлелер  (форвардтық,  фьючерстiк)  -  шарт 
жасаған  кезде  тiркелген  бағам  бойынша  шетел  валютасының  сомасын  белгiленген 
уақыттан  кейiн  алып  келуi  туралы  eкi  жақтың  келiсуi  арқылы  жасалынатын 
валюталық  мәмiле.  Осы анықтамадан мерзiмдiк валюталық  операциялардың eкi  ерекше-
лiгi байқалады:  
1.
 
шарт жасау уақыты мен мәмiленi орындау арасында интервал бар, яғни валютаны 
жеткiзу. Ол мәмiленi жасау кҥнінен бастап кезең соңы peтіме (мерзiмi 1-2 апта, 1, 
2, 3, 6, 12 ай және 5 жылға дейiн) немесе мерзiм шегiндегi кез келген кезең.  
2. операция белгiлi мерзiмнен кейiн жасалса да, валюта бағамы мәміле жасалған кезде 
тіркеледі.  
«Спот»  және  «форвард»  мәмiлесi  бойынша  валюта  бағамының  арасындағы  айырма 
мерзiмдi  мәмiле  бағамы  тӛмен  кезде,  «спот»  бағамы  бойынша  жеңiлдiк  (дисконт  -  dis 
немесе депорт - D) peтінде немесе егер жоғары болған кезде сыйақы ретiнде анықталады. 
Сыйақы  мерзiмi  бойынша  жасалған  мәмiледе  валюта  қолма-қол  операцияға  қарaғaнда 
қымбат  айырбасталады  дегендi  бiлдiредi.  Дисконт,  форвард  операциялары  бойынша 
валюта  бағамы  қолма-қол  операцияға  қарағанда  тӛмен  екендiгiн  бiлдiредi.  Жалпы 
алғанда, жеңiлдiк немесе сыйақы кӛлемi «спот» бағамына қараrанда тҧрақты. Сондықтан 
банк  аралық  нарықта  мерзiмдi  мәмiлелердiң  бағамын  белгiлеу  кезiнде  кӛбiнесе 
сыйақымен дисконт анықталады. Валютаны жанама белгiлеу кезiнде дисконт қосылады, 
ал  сыйақы  «спот»  бағaмынан  шегерiледi.  Сыйақы  және  дисконт  әдiсi  бойынша  емес, 
сандық  белгiде  белгiленетiн  мерзiмдi  мәмiле  бойынша  валюта  бағамы  «аутрайт» 
бағамы деп аталады.  
Шетел валютасында жасалатын мерзiмдi мәмілелер келесі мaқcaттapғa жҥргізіледі:  

 
коммерциялық  мақсаттағы  валюта  айырбасталымы,  валюталық  тҥсiмдердi 
валюталық тәуекелдi сақтандыру ҥшiн қажет тӛлемдерді сатып алуы немесе сатуы;  

 
валюталық бағамының тӛмендеуiне байланысты болатын шығындардан шекарадан 
тыс жерде және тiкелей және қоржындық капитал салымдарын сақтандыру;  

 
бағам айырмасы есебiнен алып-сатарлық пайда алу.  
Валюталық опцион сатып алу-сату (лат. оріtо, options тaңдау) келiсiлген мерзiм 
аяқталғанға дейiн мәмiленi жасау кезiнде белгiленген бағам бойынша белгiлi бiр валюта 
көлемiн тараптардың бiр жағы сатып алу-сату мәмiлесi кезiнде сатып алу (саll мәмiлесi 
сатып алушы опционы) немесе сату (put мәмiлесi сатушы опционы) құқығын таңдауға 
мүмкiндiк  беретiн  белгiленген  комиссияны  (сыйақы)  төлеу  шарты  кезiндегi  келiсiм. 
Опцион жағдайындағы мәмiлелер банк ҥшiн тәуекелi  жоғары, сондықтан ол клиентке аз 
табысты  бағамын  белгiлейдi.  Опцион  бойынша  сыйақы  мӛлшері  опциондық  шарттық 
аяқталу  кҥніндегі  жедел  мәміле  бойынша  валюта  бағамының  есебi  арқылы  анықталады. 
Опционды мәмiлелер сыйақы кӛлемiнен асып тҥceтін, бағамдық ауытқулар кезiнде тиiмдi 
болады. Негiзiнен валюталы опцион валюталық тәуекелдi сақтандыру ҥшiн қолданылады. 

 
67 
Опциондармен  тек  қана  банкаралық  нарықта  ғaна  емес,  сонымен  қатар  биржаларда  қор 
және тауар биржасында саудаласады.  
Жетпiсiншi  жылдардан  бастап  батыс  елдерiнде  қалқымалы  валюталық  бағамға  ету 
барысында  валюталық  фъючерстер  дамыды.  Валюталық  фъючерс  –  мәмiлеге  отыру 
кезiнде алдын ала белгiленген бағам бойынша белгiлi бiр мерзімге белгiлi бiр валютаның 
стандарттық  көлемiн  сатып  алу  немесе  сату  мiндеттемесiн  бiлдіpетiн  келісім. 
Стандарттық шарттарда барлық жағдайлар реттелген: сома, мерзiм, кепiлдi депозит, есеп 
айырысу тәсiлi. Фъючерстермен сауда жасау клирингтiк ҥй арқылы жҥзеге асырылады: ол 
әрбiр сатып алушы ҥшiн сатушы, ал әрбiр сатушы ҥшiн сатып алушы болып табылады.  
Қолма-қол және мерзiмдi операцияларға сәйкес валюталық мәмiленің әр тҥрлi «свот» 
мәмiлесi болып табылады. «Своп» операциясы бойынша қолма-қол мәмiле «спот» бағамы 
бойынша  жҥзеге  асырылады.  Сонымен  бiрге  клиент  қолма-қол  мәмiле  бойынша  сатушы 
және  сатып  алушы  бағамының  арасындағы  айырма  маржа  кезiнде  ҥнемдейдi.  «Своп» 
операциялары  банктер  ҥшiн  ӛте  қолайлы  болып  табылады:  олар  ашық  позициясыз  ӛтедi 
(сатып  алу-сату  жабылады),  оның  тәуекелсiз  қажеттi  валютамен  уақытша  қамтамасыз 
етедi.  «Своп» операциялары тек валютамен ғана емес, сонымен қaтap пайызбен де жаса-
лынады.  «Своп»  мәмiле  нысанында  банктер  валюталарды,  несиелердi,  депозиттердi, 
пайыздық  мӛлшерлемелердi,  бағалы  қағаздарды  немесе  басқа  да  қҧндылықтарды 
айырбастауды жҥзеге асырады.  
Валюталық  операциялармен  байланысты  нарықтық  қызметтiң  белгiлi  бiр  тҥpi  -  бҧл 
тӛрелiк - пайда табу мақсатында валютаны бiр нарықтан сатып алу және сол уақытта оны 
сату.  Тӛрелiктiң  айтарлықтай  маңызды  нысаны  -  олардың  қамтамасыз  етiлу  икемдiлiгiн 
жоғарылату  ҥшiн  пайыздық  мӛлшерлеме  мен  форвардтық  сыйақы  немесе  дисконт 
айырмасы  арасындағы  қатынастарды  банктер  пайдаланатын  және  валюталық  айырбас 
тәуекелiне ҧшырамaғaн пайданы алу жағдайы кезiндегi пайыздық арбитраж.  
 Шетелдiк  валютамен  жасалатын  операциялар.  Шетелдiк  валютамен  жасалатын 
операция  есебi  Қазақстан  Республикасы  территориясында  операция  жасалған  кездегi 
нарық  белгiлеген  бағамды  қолданып,  Қазақстандық  теңгемен  есептелуге  тиiстi  ақшалай 
қаражатқа байланысты туындайтын қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының 
24.12.2001  ж.  №  278-11  «Салықтар  және  бюджетке  мiндеттi  басқа  тӛлемдер  туралы» 
кодекстi (Салық кодексiн) қабыдауға байланысты ҚР-ның кейбiр заң актiлерiне ӛзгерiстер 
мен  толықтырулар  енгiзу  туралы  заңымен,  Қазақстан  Республикасы  Азаматтық 
Кодексiнiң  282  бабымен,  Қазақстан  Республикасының  2002  ж.  24  маусымдағы  №  329-П 
«Бухгалтерлiк  есеп  пен  қаржылық  есеп  беру  туралы»  Заңымен,  Қазақстан  Республикасы 
Мемлекеттiк  Kipic  министрлiгiнi  2002  ж.  6  маусымдағы  №  ДМ-1-2-18/5689  «БВБ-да 
қолданылатын теңге бағамын қатысты» хатымен реттеледi.  
Осы  қҧжаттарға  сай  iшкi  қарыз  сомасын  немесе  тӛлемдi  шетел  валютасының  сәйкес 
баламасымен  кӛрсетуге  тыйым  салынған,  ӛйткенi  ҧлттық  валюта  бағамы  тҧрақтанды,  ал 
инфляция  болжанатын  болды  және  онша  кӛп  емес  (жылына  12-18%  сондай-ақ  ҧлттық 
валютаны нығайту мақсаты бар. Сонымен қатap Қазақстан Республикасының Азаматтық 
Кодексiнiң 127 б. l-тармағына сәйкес Республикадағы ақшалай бiрлiк болып тек ғанa теңге 
саналады,  ал  барлық  мiндеттемелер,  есептеулер  тӛлемдер  қандай  да  болсын,  шетелдiк 
валютаға әбден берiлмей, ҚР-ның ҧлттық валютасымен кӛрсетiледi және жҥргiзiледi. Тек 
ғанa  ҧзақ  мерзiмдiк  мiндеттемеде  ғана  тараптармен  келiсiлген  (ҚР  АК  282  б.  3  т) 
шарттарда тӛлемдi индекстеу қарастырылу мҥмкін.  
Сонымен  қатар  ҚР-ның  «Валюталық  реттеу  туралы»  Заңының  7  б.  5-тарауында) 
жалғыз-ақ,  егер  резидент  пен  бейрезидент  мәмiленiң  тораптары  болса,  операциялар 
бойынша шетелдiк валютамен тӛлем жҥргiзуге болады.  
 Бағамдық  айырма  тҥсінiri  және  оны  есепте  кӛрсету.  Валюталық  бағамның  ауытқуы 
бағамдық  айырма  сомасы  пайда  болуына  себепші  бaғамдық  айырмалар  -  волюталық 
активтер мен пассивтердi бухгалтерлік есеп оларды  тіркеу кезiндегi бағам бойынша және 
есеп  айырысулар  жҥзiнде  атқарылған  уақыттағы  бағалаулар  арасындагы  сомалық  

 
68 
айырмалaр.  
«Шетелдiк  валютамен  жасалған  операциялар  есебi»  №21  бухгалтерлiк  есеп  стан 
дарттарына  сәйкес  шетелдiк  валютамен  жасалған  операциялар  болып,  субъект  шетелдік 
вавалютаға мҥлiк сатып алатын немесе сататын шетелдiк волютамен кредиттер алатын не 
болмаса беретiн, шетелдiк волютаға активтердi ауыстырып, активтерде сататын мәмiлелер  
табылады.  Валютамен  операциялар  бойынша  бухгалтерлiк  есептегi  жазбалар 
атқарылған  операциялар  кезiндегi  нарықтық  бағам  бойышша  саналған,  Қазақстан 
Республикасының валютасымен шоттарда кӛрсетуі тиіс.  
Бағамдық  айырмалар  нарықтық  бағамдардың  шаруашылық  операциясын  жасау  мен 
есеп  айырысу  кезi  арасындағы,  яғни  дебиторлық  немесе  кредиторлық  берешектi  толық 
немесе жарым-жартылай ӛтеу кезеңiнде болған  ӛзгерiстердiң нәтижесiнде пайда болады. 
Бағамдық айырмалар мынандай жағдайда пайда болады:  
а)  импортық  операцияларда  ҧлттық  волютадағы  тауардың  мәмiлелiк  қҧны 
баламасының  шот-фактурада  (инвойсте)  кӛрсетiлген  уақытты,  ақшалaй  қаражатты,  оны 
бағалауға  дейiнгi  немесе    жабдықтаушылар  мен  мердiгерлермен  есеп  айырысу  бойынша 
пайда  болған  дебиторлық  немесе  кредиторлық  берешектi  кеміту  жолыменен  аудару  ай-
кҥнi, жылы арасында.  
Мысалы:  
Кәсіпорын  есеп  қҧжaттapын  жазған  кҥнiндегi  1  долларға  123,5  теңге  нарық  6ағамы 
бойынша 2000 долл. материал сатып алды.  
Материалдарды кіріске алғанда мынандай бухгалтерлiк жазбалар жасау қажет:  
«Материалдар» шот дебетi   
«Тӛленуге тиiстi шоттар» шот  кредитi 257000 теңге (2000 долл.·123,5).  
I нҧсқa:  
Тӛлем 1 долл. 124,2 теңге болған доллар бағамы кезiнде 20 куннен соң жасалды.  
«Тӛленуге тиiстi шоттар» шот дебетi 
 «Ел  iшіндегi  валюталық    шоттағы  ақша»  шот  кредитi  248400  теңге  (2000  долл. 
·124,2).  
Tepic бағамдық айырма пайда болды (шетелдiк жабдықтаушы алдындағы кредиторлық 
берешек 257 000 теңге, бағам ӛзгеруi  салдарынан 248 400 теңге нақтылай тӛленедi), бҧл 
бухгалтерлiк жазбада былайша кӛрсетiледi:  
 «Бағам айырмасы бойыша шығындар» шот дебетi  
 «Тӛленуге тиicтi шоттар» шот кредитi 1400 теңге (248 400-257 000= 8600)                  
 II нҧсқa:  
Егер тӛлем кҥнiнде доллар бағамы 1 долл. 123 теңге болса.  
«Тӛленуге тиicтi шоттар» шот дебетi  
 «Ел  iшiндегi  валюталық  шоттағы  ақша»  шот  кредитi  246  000  теңге  (2000  долл. 
*123). 
Бағамдық  айырма  оң    (шетелдiк  жабдықтаушы  aлдындaғы  кредиторлық  берешек  
257000  теңге  бағам  ӛзгеруi  салдарынан  246  000  теңге  нақтылай  тӛленедi)  бухгалтерлiк 
жазбада былайша кӛрсетiледi:  
 «Тӛленуге тиiстi шоттар» шот дебетi  
 «Бағамдар  айырмашылығынан  алынатын  кipic»  шот  кредитi  11000  теңге        (257  000  - 
246000 = 11000).  
ә)  экспорт  операциялары  бойынша  ӛткiзiлген  уақытымен  ҧлттық  валютадағы  келiсiм-
шарттық қҧн баламасы мен ақшалай қаражаттың тҥсуi арасында:  
Мысалы:  
Шетелдiк сатып алушыға 5000 долл. ӛнім 1 долларга 123,5 теңге бағамы бойынша  
есептiк-ақшалай қҧжаттар жазу уақытымен.  
Тауар қҧны 765 500 теңге.  
Ӛнімнің ӛзiндiк қҧны 405 000 теңге.                 
Тиелген ӛнімнің нақты ӛзiндiк қҧнынa.  

 
69 
 «Сатылған  дайын ӛнімнің ӛзіндік қҧны» шот дебетi  
«Дайын ӛнiм» шот кредитi 405 000 теңге.  
Тиелген ӛнімнің келiсiм-шарттық қҧнымен жабдықтаушыға шот қойылды:  
«Алуға арналған есептеулер» шот дебетi  
 «Дайын ӛнiмдi сатудан алынатын кipic» шот кредитi 617500 (5 000 долл.·123,5).  
І нҧсқа:  
Тӛлем 15 кҥннен соң атқарылды. Валюталық шотҚа қаражатты қосып есептелген кҥнi 1 
долл. бағамы 123,7 теңге қҧрады.  
 «Ел iшiндегi валюталық шоттағы aқшa» шот дебетi  
«Алуға арналған есептеулер» шот кредитi 618500 (5000 долл.·123,7).  
Оң  бағымдық  айырма  пайда  болды  (шетелдiк  сатып  алушының  дебиторлық  берешегi 
617500, бағам ӛзгеруi салдарынан ҧйымның шотына 618500 нақтылай тҥстi):                           
 «Алуға арналған есептеулер» шот дебетi  
 «Бағамдар айырмашылығынан алынатын кipic» шоты кредитi 1000 (617500 -618500).  
 ІІ нҧсқа:  
Егер  доллар  бағамы  тҥссе  және  валюталық    шотқа  қаражат  қосып  есептелген  кҥні  1 
долл. бағам 123,2 теңгенi қҧpaды.  
«Ел iшiндегi валюталық  шоттағы aқшa» шот дебетi  
 «Алуға арналған есептеулер» шот кредитi 616 000 (5000 долл.·123,2).  
 
5.Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары 
1.
 
Шетелдік қызметке таза нвестицияның есебі  
2.
 
Шетел валютасындағы операцияларды функционалды валютада бейнелеу 
3.
 
Шетел валютасындағы операцияларды бастапқы тану 
4.
 
Функционалды валютадан ерекшеленетін ҧсыну валютасын қолдану дың есебі 
5.
 
Ҧсынылатын валютаға қайта есептеу  
6.
 
Шетелдік қызмет жӛніндегі қаржылық есептілікті қайта есептеу  
7.
 
Кез-келген бағамдық айырмашылықтың салықтық салдарларының есебі 
8.
 
 Валюталық операциялар есебі 
9.
 
Бағамдық айырмашылықтар есебі 
10.
 
Шетелдiк валютамен жасалатын операциялардың есебі 
Каталог: accounting-and-auditing
accounting-and-auditing -> Статистика академиясы алматинская академия экономики и статистики
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»
accounting-and-auditing -> Статистика академиясы алматинская академия экономики и статистики
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит»
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені

жүктеу 5.75 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет