Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 5.75 Kb.
Pdf просмотр
бет7/20
Дата23.04.2017
өлшемі5.75 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

 FV 

PV ( 1+r)
n 
 
(1) 
 
Мҧнда: 
 
FV-инвестициялардың болашақ қҧны; 
 
PV-қазіргі уақытта  салынған сома; 
 
r-пайыздың қойылымы; 
 
n-есептелген мерзімдегі жылдардың саны 
 
Мысалы,  2000  теңгенің  5  жылдан  кейінгі  болашақ  қҧны  10%  қойылымы  бойынша 
алсақ, онда С-3 кестесі бойынша FV=2000*1,611=3222 теңге. 
Ағымдағы қҧн-болашақ ақшалай ағымның дисконтталған қҧны (1-ші 
формула). Оны С-3 кестесінде анықтайды. 
PV 

FV /( 1+r)
n 
 
(2) 
Ретроспективті тәсілдеме 
Перспективтi тәсiлдеме 

 
57 
Мҧнда: 
 
PV-қазіргі уақытта  салынған сома; 
 
FV-инвестициялардың болашақ қҧны; 
 
r-пайыздың қойылымы; 
 
n-есептелген мерзімдегі жылдардың саны 
 
Мысалы, инвестицияның қҧны 4 жылдан кейін 6% қойылымы бойынша 5000 теңгеге 
тең болуы ҥшін оның ағымдағы қҧны С-1 кестесі бойынша PV =5000*0,792=3960 теңге. 
Субъектінің  рҧқсатынсыз  шоттағы  қаражатты  есептен  шығаруға  соттың,  мемлекеттік 
салық  қызметінің  рҧқсатымен  және  қолданылып  жҥрген    зандарда  кӛзделген  басқа 
жағдайларда  ғана  жол  берілуі  мҥмкін.  Субъектілердің  шоттарынан  тӛлем  жасау,  егер 
зандарда ӛзгеше кӛзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жҥзеге асады. 
Аннуитеттер-белгіленген  мерзімде  бырыңғай  тӛлемдерді  жасайтын  бірбағыттық 
тӛлемдердің ағымы. 
 
                                          
 
 
 
 
 
2-ші схема. Аннуитеттердің тҥрлері. 
 
Ақша  қаражат  ағымы  ақша  қаражат  немесе  олардың  баламалары  арасындағы 
қозғалысын  қоспайды.  Ӛйткені  ол  кәсіпорынның  операциондық,  инвестициондық, 
қаржылық  қызметтің  бӛлімі  емес,  ақша  операцияларын  реттейтін,  бақылайтын 
компоненттердің негізі болып табылады.  
 
5.Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары 
1. Ақшалар мен уақыттың ӛзара байланыстығы және есепке әсері  
2. Қаржылық есептегі ақша ағымын дисконттау әдісі 
3. Ақша баламалары танылуы және есебі 
4. Пайыздар мен ақша ағымының байланыстығы 
5. Ақша ағымдарының болашақ қҧнын есептеу  
6. Ақша ағымдарының дисконтталған қҧнын есептеу 
7. Ақша ағымдарының қҧнын анықтауын есепте қолдану жағдайлары 
8. Ақша ағымдарының аннуиттетерін есептеу 
9. Ақша ағымдарының постнумерандасын есептеу 
10. Ақша ағымдарының пренумерандасын есептеу 
 
6.Ҧсынылатын әдебиеттер 
Негізгі әдебиеттер 
1.ҚР 28-ақпан 2007-жылғы №234-III «Бухгалтерік есеп және қаржылық есептілік туралы» 
заңы.  
2. 27  ( IFRS) ХҚЕС «Шоғырландырылған қаржылық есептілік». Баспа ҧйі«Бико»,  Алматы -
2008ж. 
3.  ҚР  Ҧлттық  қаржылық  есептілік  стандарттары.  21.06.2007ж    ҚР  Қаржы  министрлігінің 
№217 бҧйрығы. Бухгалтердің анықтамасы №2 – 2007г. 
4.  Бухгалтерлік  есептің  типтік  жоспары.  23.05.2007  ж    ҚР  Қаржы  министрлігінің  №185 
бҧйрығы.  
5.  Бухгалтерлік  есептің  типтік  жоспары  және  шоттарының  корреспонденциялау  бойынша 
әдістемелік  ҧсынылымдар.  Бухгалтердің  және  кәсіпкердің  кітапханасы.  Баспа  ҧйі«Бико»,  
Алматы -2007ж. 
Аннуитеттер 
Пренумерандо 
Постнумерандо 

 
58 
6.ХҚЕС қолдану бойынша әдістемелік ҧсынылымдар. Алматы. 2007ж. 
 
Қосымша әдебиеттер 
1. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж. 
2. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж. 
3.Миржакыпова  С.  Т.,  Аппакова  Г.  Н.  и  др.  Основы  бухгалтерского  учета  по  МСФО.  – 
Алматы: Экономика, 2009 г. 
4.Назарова В.Л. «Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Учебник. Алматы, 2003. 
 
Интернет- көздері 
1.www.minfin.kz/structure/data/KAZ_2009_IFRIC%208.doc 
2. www.worldbank.org/ifa/rosc_aa_kaz_kaz.pdf 
 
1.Жетінші  дәрістің тақырыбының атауы:  
«
Жал  есебі (17 (IAS) ЕХС)
» 
 
2.Лекция мақсаты 
7-ші  дәрістің  мақсаты  жалдау  шарттарына  қатысты  жалға  алушылар  және  жалға 
берушілердің қолдануы ҥшін тиісті есеп саясаты мен ақпаратты ашу ережелерін анықтау 
болып табылады. 
 
3.Лекция сҧрақтары 
1.Жалдың  жіктелуі.  Жал  алушылардың  қаржылық  есебінде  жалдың  бейнеленуі. 
Қаржылық жал. Бастапқы тану.  
2.Кейінгі  бағалау.  Операциондық  жал.  Жал  берушінің  қаржылық  есебіндегі  жал 
есебі. Кері жал бойынша сатып-өткізу операциясы. 
 
4.Лекция мазмҧны 
1.Жалдың жіктелуі. Жал алушылардың қаржылық есебінде жалдың бейнеленуі. 
Қаржылық жал. Бастапқы тану. 
 Жалгерлік-бҧл  активті  қолдану  қҧқығын  жалгерлік  тӛлем  арқылы  белгіленген 
мерзімге жалға берушіден жалға алушыға ауыстыру. 
Жалгерліктің келесі тҥрлері бар: 
1)
 
Мерзім бойынша: 
а)қысқа  мерзімді  (1  жылға  дейін);  б)ҧзақ  мерзімді  (1  жылдан  астам).  
2)Тағайындалуына қарай: 
А)  қаржылық  жал-активке  иеленуімен  қатар  жҥретін  барлық  тәуекелдер  мен 
пайдалары  елеулі  тҥрде  кӛтеретін  шарттар  бойынша  жалға  берушіге  ауысады. 
Қорытындысында қҧқықтық мәртебе берілуі де, сондай-ақ берілмеуіде мҥмкі; 
Б) операциондық жал-қаржылық жалдан ӛзгеше жал; 
В)  жойылмайтын  жал-жалдау  шартына  сәйкес  тек  мынадай  жағдайларда  ғана 
болады:  ықтималдығы  шамалы  оқиғаның  басталуы  жағдайында;  жалға  берушінің 
рҧқсатымен; егер жалға берушімен жалдау туралы жаңа шарт жасайтын болса; жалдаууды 
қабылдаған кҥні жалгердің тӛлеген қосымша сомасы ары қарай жалғасуына кепіл болған 
жағдайда, тоқтатылуы мҥмкін. 
3. Типтері бойынша:А)қаржылық жал, оның типтері; Б)кері жалгерлік. 
Жалгерліктің  қатынастарын  арнайы  келісім-шартпен  белгілейді.  Онда  келесі 
талаптар кӛрсетілуі тиіс: 
1.Жалгерлік  мерзімінің  басы-жалға  алынған  активтер  пайдалану  мҥмкіндігін  іске 
асыру  қҧқығын  алған  кҥн  болып  есептеледі.Бҧл  жалдауды  бастапқы  тану  кҥні  (яғни 
жалдаумен  байланысты  туындайтын  тиісті  активтердің,  міндеттемелердің,  табыстардың 
немесе шығыстардың танылуы. 

 
59 
2.Жалгерліктің мерзімі-жалгер шартқа сәйкес активті жалдауға алған қысқартылуға 
жатпайтынкезең,  сондай-ақ  бҧл  кезеңдерішінде,  егер  жалдау  мерзімінің  басында 
жалгердің осы қҧқығын іске асыруға жалгердің негізгі сенімі жалгердің қосымша мынадай 
ақы тӛлеумен ннемесе онсыз активті одан әрі жалдауға қҧқығы бар. 
3.Минималдық  жалгерлік  тӛлемдер  жалдау  мерзімі  бойындағы,  жалға  беруші 
тӛлейтін  және  оған  ӛтелетін  шартты  тҥрдегі  жалдау  ақысын,  қызмет  кӛрсетулері  салық 
тӛлемдері  бойынша  сомаларды  қоспағанда,  олар  мына  сомамен  бірге  жалгерден  талап 
етілуі немесе сҧратып алынуы мҥмкін. 
4.Әділетті  қҧн-келісім  жасау  барысында  жақсы  хабарды  алып,  осындай  келісімді 
жасауға  ниет  білдіпген,  бір-бірінен  тәуелсіз  екі  жақтың  активті  немесе  реттелген 
міндеттемні ауыстыруға болатын сома. 
5.Экономикалық қызметтің мерзімі-бҧл: 
А)бір немесе одан кӛп пайдаланатын активті экономикалық  пайда кҥтілетін   уақыт 
кезңі; 
Б)ҧйымның  активті  пайдалануынан  кҥтетін  ондіріс  бірліктерінің  кӛлемі  немесе 
осыған ҧқсас бірліктер. 
6.Пайдалы  қызметтің  мерзімі-ҧйымның  активінде  болатын  экономикалық  пайда 
алуды  кӛздейтін  жалдау  мерзімімен  шектелмейтін  жалдау  мерзімінің  басынан  қалған 
есепті кезең. 
7.Кепілденген қалдық қҧн-бҧл: 
А)жалгер ҥшін-жалгер  немесе осымен байланысты тараптың кепілдік берілетін жою 
қҧнының бӛлігі (бҧл орайда кепілдік сомасы кез-келген жағдайда тӛленуге тиісті болатын 
ең тӛмен сомаға тең. 
Б)жалға  беруші  ҥшін  кепілдік  бойынша  қаржы  қатынастарындағы  міндеттемелерді 
орындауға кепілді берілген сомасы. 
8.Кепілденбеген  қалдық  қҧн-жалға  алынған  активтің  жою  қҧныныңалуына  жалға 
берушіден кепілдік берілмеген  сома. 
9.Жалгерліктің жалпы инвестициялары: 
А)жалға берушінің қаржылық жалдау кезінде алынатын ең аз жалдау тӛлемдері; 
Б)жалға берушіге тиесілі кез-келген кепілдік берілмеген жою қҧының жиынтығы. 
 
1.2.Жалға берушінің  қаржылық есептілгіндегі жалгерліктің танылуы 
Жалға  берушіде  жалға  берілген  объектілер  бухгалтерлік  баланстың  активтері 
арасында  танылады,  ӛйткені  меншік  қҧқығы  ауысқан  жоқ,  тек  қана  қолдану  қҧқығы 
ауысты.  Сондықтан  бухгалтерияда  жалға  беруші    жал  бойынша  соманы  жалгерлік 
бойынша дебиторлық берешек ретінде таниды және олар жалгерлікке жасалған таза 
инвестицияларға  тең.  Сонымен  қоса,  жалға  берушінің  есебінде  жалгерлік  бойынша 
дебиторлық  берешекті  келесі  шоттарда  кӛрсетеді:1)шот  1260  «Жалдау  бойынша  қысқа 
мерзімді дебиторлық берешек»; 2)шот 2160 «Жалдау бойынша ҧзақ мерзімді дебиторлық 
берешек». 
Егер  қаржылық  жал  болса    жалгерлік  бойынша  барлық  тәуекелділіктер  мен 
сыйақыларды  жалға  алушыға  ауыстырады.  Ал  жалға  беруші  жалгерліктің  негізгі 
сомасының  дебиторлық  қарызын  және  қаржылық  табысты  таниды.  Бҧд  жерде  жалға 
берушіның  бухгалтериясында  қаржылық  кірістің  тусуі  бойынша  арнайы  график 
сызылады.  Аталған  графикте  жалға  берушідегі  орны  толтырылмаған  және  пайданың 
тҧрақты  нормасы  кӛрсетіледі.  Жалға  беруші  график  арқылы  кірісті  жҥйелендіріп 
рационалды  тҥрде  белгілеуге  тырысады.  Егер  жалға  беруші  ӛндіруші  немесе  диллерлік 
компания болса, онда жалгерліктің кірісі  және рәсімделуіне есептік саясатта белгіленген 
ережелер  қолданылады.  Осыған  байланысты  кей-кездерде  тӛмендеттірілген  қойылымдар 
қолдануы мҥмкін (коммерциялық пайыздық қойылым). Бҧл жерде жалға беруші  балансқа 
тҥсіндірме  хатында    келесі  кӛрсетілімдерді  ерекше  ашады:  жалға  алушымен  жасалған 

 
60 
салыстырмалы  актысының  нәтижелері;  алынбағана  қаржылық  кіріс;жепілдірілмеген 
қалдық қҧн; жинақталмаған резерв; шартты жалгерлік тӛлемдер. 
 
1.3.Жалға алушының қаржылық есептілігінде жалгерліктің танылуы 
Ӛзінің  қаржылық  есептілігіде  жалға  алушы  келісім-шарт  бойынша  жалға  алынған 
активтерді баланстан тыс шотта кӛрсетеді. Ал жалгерлік бойынша міндеттемелерін, яғни 
жалға берушінің алдындағы  кредиторлық берешегін, баланстың міндеттемелері арасында 
белгілейді және келеіс шоттарда кӛрсетеді: 
1)шот 3360 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»; 
2)шот 4150 «Жалдау бойынша ҧзақ мерзімді кредиторлық берешек». 
Жалға  алушы  минималдық  жалгерлік  тӛлемдерді  анықтаған  кезде,  дисконттау 
коэффициенті    жалгерліктің  пайызына  тең  болады.  Егер  жалгерліктің  келісім-шартында 
осы  пайыз  анықталмаған  болса,  онда  сәйкес  дисконттау  коэффициенті  тартылған 
капиталдың пайызына теңестіруге болады.  
Жалға  алушының  бухгалтериясында    жалгерлік  операцияларында  жал  бойынша 
шығыстарды  және  жалгерліктің  міндеттемелерін  таниды.  Ол  ҥшін  қаржылық  шығыстар 
жалгерліктің мерзімінде бірқалыпты бӛлініп таратылуы қажет. Ӛйткені әр мерзімге бірдей 
сальдо кӛрсетілуі тиіс. 
Амортизацияалық  шығыстарды  қаржылық  жалгерлікте  жалға  берушінің  мойынына 
арттырлады. Бҧл жерде бухгалтерия амортизациялық саясасатында  меншікті активтердің 
амортизациясы бойынша белгіленген ережелерді қолданады. 
«Жалгерлiк»  17  (IAS)  ЕХС  активтерді  жалдау  бойынша  қаржылық  есеп  берудегі 
операциялардың тәртібін, бағалауды, ашылуын реттейді. 
Қаржыландырылатын жал ӛз мәнi бойынша жалға алушының есебiнен ҧзақ мерзiмге 
алынатын несиелеудiң нысаны болып табылады.  
Қаржыландырылатын  жал  -  мҥлiкке  меншiктiк  қҧқығымен  байланысты,  жалға 
берушiнiң  олжасымен  қоса,  онымен  байланысты  болатын  тәуекелдiлiктiң  де  ҥлкен  бiр 
бӛлiгiн  жалға  алушы  ӛз  жауапкершiлiгiне  алады.  Бҧл  кезде  жалға  алушы  алынған 
мҥлiктердi ӛз балансында кӛрсетедi. Ал жалгерлiк кезеңдегi қҧқықтың ӛзi берiлуi немесе 
берiлмеуi мҥмкін.  
Жалға  алушының  қаржылық  есебiнде  келесi  жағдайлар  айқын  кӛрсетiлуi  тuic: 
қаржыландырылатын  жалгерлiкке  алынған  мҥлiктiң  жалпы  қҧны;  мҥлiктi  жалға  алу 
бойынша  ағымдағы  және  ҧзақ  мерзiмдi  мiндеттемелер;  қаржыландырылатын  жалгерлiк 
және мерзiмi бiр жылдан артық бiртҧтас (кepi қайтарымсыз) ағымдағы жалгерлiк кезiндегi 
ең тӛмЖалға берушідегі ен жалгерлiк тӛлемдер (тӛлемдердiң жҥзеге асырьrлу мерзiмi мен 
сомалары қысқаша формада кӛрсетiлуi тиiс) бойынша мiндеттемелер; жалгерлiктi немесе 
мҥлiктi  сатып  алу  уақытын  ҧзартуды  таңдау  қҧқығы,  келiсiм-шарттардан  туындайтын 
кҥтпеген жалгерлiк тӛлемдер және басқа да кҥтпеген жағдайлар.  
Жалға  берушiнің,  к,аржылық  есебiнде  келесi  жайттар  айқ,ын  кӛрсетiлуi  тuic: 
қаржыландырылатын  жалгерлiкке  жалпы  капитал  салымы  (ақша  қаражатын  жҧмсау); 
жалға берiлген мҥлiктен тҥскен пайдаланбаған табыс; активтердiң қҧны, сондай-ақ осыған 
байланысты  есептi  кезең  iшiндегi  активтердiң  тҥрлерi  бойынша  жинақталып  қалған 
амортизациялық аударымдар.  
Жалға  берiлген  мҥлiктiң  пайдалану  қҧқығының  басым  бӛлiгi  мынадай  жағдайда 
берiлуi мҥмкiн:  
-  жалға  алынған  мҥлiктi  тҧрақталған  (тiркелген)  бағасы  бойынша  немесе  жал 
соңында анықталған бағасы бойынша жалға алушының сатып алу қҧқығы бар болса;  
- егер де жалға берiлген мҥлiктiң пайдалану қызметiнiң мерзiмi 8O%-кe жетсе;  
- егер де негiзгi қҧралдың жал мерзiмi бiткен кезде бастапқы қҧны оның 20%-  
тiн ғана қҧраса;  
-  бҥкiл  жал  кезеңiнде  оның  дисконтталған  қҧны  тӛленетiн  жал  ақысының  90% 
қҧраса;  

 
61 
-  жал  мерзiмi  6iткeн  соң,  жалға  алушы  жалға  6ерушiден  негiзгi  қҧрал  о6ъектiсiн 
сатып алуға немесе алмауға қҧқығы 6ар болса.  
Қаржыландырылатын жал мерзiмiнiң iшiнде жалға 6ерiлген мҥлiк 6аланста 6ip ғана 
6аға бойынша кӛpiнic та6ады.  
Жал тӛлемi eкi тӛлемнен тҧрады: қаржыландырудан (яғни, пайыз бойынша тӛленетiн 
шығысынан)  және  жалгерлiк  мiндеттемесiнен,  демек  о6ъектiнiң  6аланстық  қҧнын 
азайтатын тӛлемнен (негiзгi мiндеттемесiн ӛтеуден).  
Жалгерлiк  тӛлем:  ағымдағы  6ағасы  бойынша  немесе  дисконтталған  қҧн  бойынша 
(активтi пайдаланғаны ҥшiн тӛленетiн пайызын ескере отырып) есептелiнуi мҥмкiн.  
 Дисконтталған  қҧн  бойынша  есептеген  кезде  жал  ақысының  ӛте  аз  (минималды) 
деңгейiн анықтау ҥшiн қарастырылған пайыздық мӛлшерлемесiн пайдаланады, ал егер де оны 
анықтау  мҥмкiн  болмаған  жағдайда  қарыз  капиталына  пайдаланатын  ӛсiп  (артып) 
отыратын пайыздық мӛлшерлемесiн қолданады.  
Жалға  беруші  мен  жалға  алушы  арасындағы  мәміле  жалдау  шартына 
негізделетіндіктен, олардың арасында келісілген анықтаманы пайдаланған дҧрыс болады. 
Осындай  анықтамаларды  жалға  беруші  және  жалға  алушының  бірдей  емес  жағдайларға 
қарай  қолдану  жалдаудың  бір  тҥрін  әртҥрлі  жіктеуге  әкеліп  соқтыруы  мҥмкін.  Мысалы, 
егер  жалға  беруші  жалға  алушымен  байланысты  емес  тарап  ҧсынған  тарату  қҧнының 
кепілдігінен пайда алған жағдайда орын алуы мҥмкін. 
2.Кейінгі бағалау.  Операциондық  жал.  Жал берушінің  қаржылық  есебіндегі  жал 
есебі. Кері жал бойынша сатып-өткізу операциясы. 
Жалға алушының қарыз капиталына ӛciп (артып) отыратын пайыздық  мөлшерлеме – 6ҧл 
пайыз  мӛлшерлемесi,  оны  осы  тәрiздес  жал  ҥшiн  жалға  алушы  тӛлейдi;  немесе  бҧл 
мӛлшерлеменi жалға алушы жал 6асында 6асшылыққа алады.  
Жалгерлiк мерзiмiнiң барысында келiсiм-шартқа сәйкес жалға 6ерушiге минималды 
жал ақысын тӛлейдi. Минималды жал ақысы  – бҧл тӛлем тҥpi, оны жалгерлiк мерзiмiнiң 
6арысында,  жал  ға  алушы  жҥзеге  асырады  (кӛрсетiлген  қызмет  қҧны  мен  салык  сомасы 
шегерiледi, негiзiнде олар жалға берушiге ӛтелуi керек).  
Қаржыландырылатын  жал  жағдайында  қа6ылданған  жалгерлiк  актив  "Жалгерлiк 
мiндеттемесi" шотының кредитi бойынша кӛpiнic та6ады.  
Жалгерлiкке  берiлген  активтер  ҥшiн  тӛленетiн  пайыздар  сомасына  "Пайыздар 
бойынша шығыстар" шоты де6еттелiп жене "Тӛленуi тиiс пайыздар" шоты кредиттеледi. 
Қаржыландырылатын жалдың жағдайы бойынша жалға алушы жалға алынған активтердiң 
тозуын есептеудi жҥзеге асырады.  
Лизингтiк  операция  бҥгiнгi  кҥні  Қазақстандық  экономикаға  ӛте  қажеттi  банктiк 
қҧрылымның  ӛндiрiстi  қаржыландыру  бойынша  iскерлiк  ортамен  бiрлесе  қызмет  етуіне 
әсер  eтeтін  операция.  Лизингтiк  бизнес  кәсiпкерлiк  қызметтiң  ерекше  саласын  ҧсынады. 
Лизингтi  белсендi  енгiзетiн  болса,  мҥмкiншiлiгiне  қарай  ӛндiрiстi  техникалық  қайта 
жарақтандырудың,  Қазақстан  экономикасын  қҧрылымдық  қайта  қҧрудың,  нарықты 
жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тынысы болуы мҥмкін. Бҥкiл әлемде кӛптеген 
кәсiпкерлер  бизнес  ҥшiн  қажеттi  мҥлiктердi  меншiкке  емес,  жалға  алғанды  жӛн  кӛредi. 
Жалгерлiк,  бiрiншi  кезекте  кепiл  есебiмен  (кепiлдiк,  тапсырыс)  несиелеу  элементтерi, 
дамыған  нарық  қатынасына  тән  әр  тҥрлi  қаржылық  механизмдер  және  қарыз 
мiндеттемелерi  бойынша  есеп  айырысулар  кездесетiн  келешектi  қаржыландырудың 
арнайы  қосымша  кезi  ретiнде  енгізіледі.  Әр  тҥрлi  белгiлерiне  қарай  лизингтiк 
операцияларды  келесi  тәртiппен  топтастыруға  болады.  Қатысушылар  қҧрамына  қарай 
мынадай болып бӛлiнедi:  
-
 
тура лизинг, бҧл кезде мҥлiк иесi ӛз epкімен объектiнi лизингке ӛткiзедi (eкi жақты 
келiсiм);  
-
 
жанама лизинг (ҥш жақты немесе кӛп жақты лизинг), бҧл кезде мҥлiктi беру делдал 
арқылы жҥзеге асырылады.  
Лизинг  дегенiмiз  -  қозғалмайтын  және  қозғалатын  мҥлiктердi  ҧзақ  мерзiмде  жалға 

 
62 
беру  бойынша  жасалатын  банктiң  қаржылық  операциясы.  Мҧнда  мҥлiк  лизингтiк 
келiсiмшартта кӛрсетiлген мерзiм iшiнде және олар аяқталғанша да, аяқталғаннан соң да 
банк меншiгi болып табылады.       Лизингтiк келiсiмшарт мерзiмi аяқталған соң:  
-Жалгерлiк тӛлемдердi толық тӛлеп, мҥлiктi банкке қайтара алады.  
-Жаңа лизингтiк келiсiмшарт жасау.  
-Жалға берушiмен келiсiлген бағамен мҥлiктi сатып алады.  
  Егер  кері  жалдаумен  жҥргізілген  сату  операциясы  операциялық  жалдауға  әкеп 
соқтыратын  және  шын  мәнінде  операция  әділ  қҧн  бойынша  жҥзеге  асырылатын  болса, 
онда туындайтын кез келген пайда немесе шығын дереу танылуы тиіс. Егер сату бағасы 
әділ  қҧннан  тӛмен  болса,  онда  кез  келген пайда  немесе  шығын,  осы  шығынға  нарықтық 
бағадан  тӛмен  баға  бойынша  болашақ  жалдау  тӛлемдерімен  ӛтем  ол  жасалатын 
жағдайларды қоспағанда, мерзімі кейінге қалдырылуға және активті пайдалану кӛзделетін 
кезең ішінде жалдау тӛлемдеріне тепе-тең амортизациялануы тиіс. Егер сату бағасы әділ 
қҧнынан  жоғары  болса,  онда  бҧл  артық  баға  мерзімі  кейінге  қалдырылуға  және  активті 
пайдалану кӛзделетін кезең ішінде амортизациялануы тиіс. 
5.Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары 
1.
 
Қысқа мерзімді жалгерліктің есебі 
2.
 
Жал алушылардағы операциондық жалдың есебі 
3.
 
Жал берушілердағы операциондық жалдың есебі 
4.
 
Жал алушылардағы қаржылық жалдың есебі 
5.
 
Жал берушілердағы қаржылық жалдың есебі 
6.
 
Кері жал бойынша операциялардың есебі  
7.
 
Кері операциондық және кері қаржылық жал  
8.
 
Жалгерліктің кейінгі бағалауы 
9.
 
Кері жал бойынша сатып-ӛткізу операциясы 
10.
 
Ҧзақ мерзімді жалгерліктің есебі 
 
6.Ҧсынылатын әдебиеттер 
Негізгі әдебиеттер 
1.ҚР 28-ақпан 2007-жылғы №234-III «Бухгалтерік есеп және қаржылық есептілік туралы» 
заңы.  
2. 27  ( IFRS) ХҚЕС «Шоғырландырылған қаржылық есептілік». Баспа ҧйі«Бико»,  Алматы -
2008ж. 
3.  ҚР  Ҧлттық  қаржылық  есептілік  стандарттары.  21.06.2007ж    ҚР  Қаржы  министрлігінің 
№217 бҧйрығы. Бухгалтердің анықтамасы №2 – 2007г. 
4.  Бухгалтерлік  есептің  типтік  жоспары.  23.05.2007  ж    ҚР  Қаржы  министрлігінің  №185 
бҧйрығы.  
5.  Бухгалтерлік  есептің  типтік  жоспары  және  шоттарының  корреспонденциялау  бойынша 
әдістемелік  ҧсынылымдар.  Бухгалтердің  және  кәсіпкердің  кітапханасы.  Баспа  ҧйі«Бико»,  
Алматы -2007ж. 
6.ХҚЕС қолдану бойынша әдістемелік ҧсынылымдар. Алматы. 2007ж. 
Қосымша әдебиеттер 
1. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж. 
2. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж. 
3.  Қ.К.Кеулімжаев,  Н.А.Қҧдайбергенов  «Бухгалтерлік  есеп:  теориясы  және  негіздері» 
Алматы, Экономика, 2006ж. 
4.Қ.К.Кеулімжаев,  Н.А.Қҧдайбергенов  «Бухгалтерлік  есеп:  теориясы  және  негіздері» 
Алматы, Экономика, 2006ж. 
5.Назарова В.Л. «Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Учебник. Алматы, 2003. 
6.Ә.Әбдіманапов  «Бухгалтерлік  және  қаржылық  есеп  беру  принциптері»  Алматы, 
Экономика, 2006ж. 
7.Кеулимжаев К.К и др. «Аралық қаржылық есеп» Алматы, 2003 г.  

 
63 
8.Тулешова  Г.К.  «Финансовый  учет  в  соответствии  с  международными  стандартами» 
(часть1, 2) Алматы, 2003 г., 2005г. 
9.Миржакыпова  С.  Т.,  Аппакова  Г.  Н.  и  др.  Основы  бухгалтерского  учета  по  МСФО.  – 
Алматы: Экономика, 2009 г. 
Интернет- көздері 
1.www.minfin.kz/structure/data/KAZ_2009_IFRIC%208.doc 
2. www.worldbank.org/ifa/rosc_aa_kaz_kaz.pdf 
3.  Айрих,  Н.  ХҚЕС  бойынша  шоттар  жоспарына  ӛту  [Текст]  /  Н.  Айрих.  ...  Кл.слова 
(ненормированные):  экономика  --  бухгалтерлік  есеп  --  шоттар  --  хқес  --  кесте,  ... 
www.webirbis.ksu.kz/.../cgiirbis_32.exe 
4.  МСФО  будет  звучать  так  -  Халықаралық  Қаржы  Есептілік  Стандарттары  -  ХҚЕС  
www.balans.kz/topic12972.html 
1.Сегізінші дәрістің тақырыбының атауы:  
«Валюталық бағамдар өзгерісінің 
әсері.  
 
2.Лекция мақсаты 
8-ші  дәрістің  мақсаты  -  шетелдік  валютамен  операцияларды  және  шетелдік 
қызметті  ҧйымның  қаржы  есептілігінде  кӛрсету,  сондай-ақ  қаржы  есептілігінің 
кӛрсеткіштерін ҧсыну валютасына қайта есептеу тәртібін орнату. 
 
3.Лекция сҧрақтары 
1.Шетелдік  қызметке  таза  нвестиция.  Шетел  валютасындағы  операцияларды 
функционалды валютада бейнелеу. Бастапқы тану 
2.Функционалды валютадан ерекшеленетін ұсыну валютасын қолдану. Ұсынылатын 
валютаға  қайта  есептеу.  Шетелдік  қызмет  жөніндегі  қаржылық  есептілікті 
қайта есептеу. Кез-келген бағамдық айырмашылықтың салықтық салдарлары.  
 
Каталог: accounting-and-auditing
accounting-and-auditing -> Статистика академиясы алматинская академия экономики и статистики
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»
accounting-and-auditing -> Статистика академиясы алматинская академия экономики и статистики
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит»
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені

жүктеу 5.75 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет