Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 5.75 Kb.
Pdf просмотр
бет6/20
Дата23.04.2017
өлшемі5.75 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

      5.Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары 
 
1.
 
Сатуга арналган айналымнан тыс активтердің танылуы және жіктелуі.  
2.
 
Сатуға арналған айналымнан тыс активтерді бағалау. 
3.
 
Сатуға арналған активтердің тобы. 
4.
 
Сатуға  арналған  айналымнан  тыс  активтердің  және  олардың,  топтарының 
қҧнсыздануынан зияндарды тану.  
5.
 
Сату жоспарының ӛзгеруі. 
 
6.Ҧсынылатын әдебиеттер 
Негізгі әдебиеттер 
1.ҚР 28-ақпан 2007-жылғы №234-III «Бухгалтерік есеп және қаржылық есептілік туралы» 
заңы.  
2. 27  ( IFRS) ХҚЕС «Шоғырландырылған қаржылық есептілік». Баспа ҧйі«Бико»,  Алматы -
2008ж. 
3.  ҚР  Ҧлттық  қаржылық  есептілік  стандарттары.  21.06.2007ж    ҚР  Қаржы  министрлігінің 
№217 бҧйрығы. Бухгалтердің анықтамасы №2 – 2007г. 
4.  Бухгалтерлік  есептің  типтік  жоспары.  23.05.2007  ж    ҚР  Қаржы  министрлігінің  №185 
бҧйрығы.  
5.  Бухгалтерлік  есептің  типтік  жоспары  және  шоттарының  корреспонденциялау  бойынша 
әдістемелік  ҧсынылымдар.  Бухгалтердің  және  кәсіпкердің  кітапханасы.  Баспа  ҧйі  «Бико»,  
Алматы -2007ж. 
6.ХҚЕС қолдану бойынша әдістемелік ҧсынылымдар. Алматы. 2007ж. 
 
Қосымша әдебиеттер 
1. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж. 
2. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж. 
3.Миржакыпова  С.  Т.,  Аппакова  Г.  Н.  и  др.  Основы  бухгалтерского  учета  по  МСФО.  – 
Алматы: Экономика, 2009 г. 
4.Назарова В.Л. «Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Учебник. Алматы, 2003. 
 
Интернет- көздері 
1.www.minfin.kz/structure/data/KAZ_2009_IFRIC%208.doc 
2. www.worldbank.org/ifa/rosc_aa_kaz_kaz.pdf 
3.  Айрих,  Н.  ХҚЕС  бойынша  шоттар  жоспарына  ӛту  [Текст]  /  Н.  Айрих.  ...  Кл.слова 
(ненормированные):  экономика  --  бухгалтерлік  есеп  --  шоттар  --  хқес  --  кесте,  ... 
www.webirbis.ksu.kz/.../cgiirbis_32.exe 
4.  МСФО  будет  звучать  так  -  Халықаралық  Қаржы  Есептілік  Стандарттары  -  ХҚЕС  
www.balans.kz/topic12972.html 
5.
 
www.uza.ucoz.kz/_ld/0/34___.doc 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
49 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1Бесінші  дәрістің  тақырыбының  атауы:  «Бағалау  міндеттемелері,    шартты 
міндеттемелер және шартты активтер ( ҚЕХС (IFRS) 37)» 
        2.Лекция мақсаты 
5-ші дәрістің мақсаты бағалау міндеттемелердің , шартты міндеттемелердің тәртібін 
және ақпаратты ашып кӛрсетуге қойылатын тиісті талаптарды белгілеу болып табылады 
 
      3.Лекция сҧрақтары 
1.Стандартындағы негізгі тҥсініктер 
2.Шартты оқиғалар және  міндеттемелер. 
 
   4.Лекция мазмҧны 
37  ҚЕХС  (IAS)    «Бағалаушылық  міндеттемелер,  шартты  міндеттемелер,  шартты 
активтер» стандартындағы негізгі тҥсініктер мен анықтамаларды қарастырайық. 
Бағалаушылық міндеттемелер- бҧл сомасы немесе мерзімі белгісіз міндеттемелер. 
Міндеттемелер – бҧл: 
1.
 
ҧйымның  бар  міндеттемелері  (бҧл  не  қҧқықтық  міндеттемелер,  не  тәжірибеден 
туындаған міндеттемелер); 
2.
 
ӛткен оқиғалардан туындаған міндеттемелер; 
3.
 
экономикалық олжа жасасқан ҧйымдардан келген ресурстарды реттеу. 
Міндеттемелерді есепте кӛрсету ҥшін мыналар қажет: 
1. алдағы уақытта экономикалық олжа жасасқан ҧйымдар  ресурстарды пайдаланып 
осы міндеттемелерді жабу (ақша қаражаттары немесе басқа да активтер); 
2. осы міндеттемелерді жабуға қанша  ресурстар қажет екендігін анықтау мҥмкіндігі, 
яғни оны бағалау. 
Міндеттемелердің  есебі  тек  оқиға  болған  жағдайда  ғана  кӛрсетілуі  мҥмкін,  егерде 
тҧрағына  міндеттемелері  бойынша  жабу  сомасын  жібере  алатындай  қарама-қарсы  жақ 
(кредитор) бар болса. 
Міндеттемелейтін  оқиғалар  –  бҧл  оқиғалар  не  қҧқықтық  міндеттемелер,  не 
тәжірибеден  туындаған  міндеттемелермен  байланысты  болса,  нәтижесінде  ҧйымның  бҧл 
міндеттемелерді жабуда нақты  альтернатива жоқ. 
Яғни,  ағымдағы    міндеттемелердің  пайда  болуына  әкелетін  ӛткен  оқиғалар 
міндеттемелейтін оқиғалар деп аталады. 
Мысалы.  Заң  бойынша,  алты  ай  ішінде  ӛндірістік  қалдық  шығаратын    ҧйым  
фильтрлер  қҧруы  керек.  Егер  бҧл  шарт  орындалмайтын  болса,  онда  ҧйымға  ӛндірісті 
жабуға  дейін  әкелетін  айып  салынады.  Мҧның  ӛзі  товар,  жҧмыс,  қызметті  орындаудағы 
кестені  бҧзуға  әкелсе  және  осыған  сәйкес  келісім-шарт  бойынша  да  айып  тӛлеуге.  Заң 
талаптарын бҧзу және сонымен қатар келісім талаптарының нетижесінде алдағы уақытта 
ҧйым белгілі бір шығындар шегеді. 

 
50 
Туындауы мҥмкін міндеттемелер. Тәжірибеден туындаған, ҧйымның қимылдарынан 
тҧрады, қашан: 
1.
 
ӛткен  тәжірибенің  бекітілген  қағидалары,  жҥргізіліп  отырған  саясаты,  жеткілікті 
әрекет жасайтын спецификалық бекітімдер бойынша ҧйым басқа тараптарға ӛзінің белгілі 
бір міндеттемелерін алатынын кӛрсетеді; 
2.
 
нәтижесінде  ҧйым  басқа  тараптар  осы  міндеттемелерді  орындауы  ҥшін 
негізделген уақыт берді. 
2.Шартты оқиғалар және  міндеттемелер. 
Шартты оқиғалар– бҧл алдағы уақытта бір немесе бірнеше белгісіз оқиғалардың тек 
болуы немесе болмауымен бекітілетін соңғы нәтижелі (пайда немесе шығын) шарт немесе 
жағдай  . 
Шартты міндеттемелер– бҧл: 
1.
 
ҧйымның  толық  бақылауында  емес  алдағы  бір  немесе  бірнеше  оқиғалардың  тек 
болуы  немесе  болмауымен  бекітілетін  ӛткен  оқиғалардан  туындайтын    мҥмкін 
міндеттемелер; 
2.
 
ӛткен  оқиғалардан  туындайтын,  бірақ  тӛмендегідей  салдармен  танылмаған 
ағымдағы міндеттемелер: 
а) мҥмкіндігі аз, бҧны орындауға  ресурстарды тӛгу қажет; 
б) сома тҥпкілікті сенімді ӛлшене алмайды. 
Шартты  актив  –бҧл  ҧйымның  толық  бақылауында  емес  алдағы  бір  немесе  бірнеше 
оқиғалардың  тек  болуы  немесе  болмауымен  бекітілетін  ӛткен  оқиғалардан  туындайтын  
мҥмкін актив. Егер, экономикалық олжа әкелетін ресурстардың келуі мҥмкін болса, онда 
ҧйым мыналарды ашуы керек: 
1.
 
шартты активтердің табиғатын қысқаша суреттеу  ; 
2.
 
олардың қаржылық  тиімділігін бағалау (егер мҥмкін болса). 
Уақыты  ӛткен  (обремененный)    келісім–  бҧл  келісім  бойынша  міндеттемелерді 
орындауы ҥшін жҧмсалған шығындар кҥтілетін  экономикалық олжа жоғары. 
Қайта қҧрылым (реструктуризация)  – бҧл бағдарлама жоспарланған және ҧйымның 
жетекшісінің бақылауында, ол не ҧйымның қызмет аясын, не осы қызметті жҥргізу әдісін 
ӛзгерте алады. 
Бағалаушылық  міндеттемені  басқа  міндеттемелерден  ажыратуға  болады,  олар 
міндеттемені  жабуға  қажетті  алдағы  шығындар  сомасының  немесе  уақытқа  байланысты 
белгісіздіктің  болуы  нәтижесіндегі  саудалық  операциялар  бойынша  кредиторлық 
қарыздар. Яғни, сома немесе уақыт белгісіз болса, онда ол бағалаушылық міндеттеме. 
Барлық  бағалаушылық міндеттеме шартты болып табылады, ӛйткені олардың жабу 
уақыты  немесе  сомасында  тҧрақтылық  жоқ.  Бірақ    «шартты»  термині  қаржылық  есеп 
беруде  келесідей  жағдайларға  байланысты  танылмаған  келесідей  міндеттемелер  мен 
активтерге қолданылады: 
1.
 
олардың  туындауы,  ҧйымдармен  бақыланбайтын,  алдағы  белгісіз  оқиғалардың 
нәтижесінде бекітілетін; 
2.
 
олар тану критериясына жауап бермейді. 
Бағалаушылық  міндеттемелер  барлық  келесідей  шарттар  орындалғанда  ғана 
танылады: 
1.
 
ҧйымның  ӛткен  оқиғалардан  (міндеттемелердің  туындауына  әкелетін  оқиғалар) 
туындайтын  ағымдағы  міндеттемелері  (қҧқықтық  міндеттемелер,  не  мҥмкін  тәжірибеден 
туындаған міндеттемелермен байланысты)  бар болса
2.
 
экономикалық  олжа  әкелетін  ресурстардың  кетуіне  қажет    міндеттемелерді 
жабуға арналған мҥмкіндік бар; 
3.
 
міндеттемелердің сомасын сенімді бағалау жҥргізілсе. 
Бағалаушылық  міндеттемелер  алда  болатын  шығындарды  танымайды,  ӛйткені 
қаржылық  есеп  беруде  алдағы  жағдай  кӛрсетілмейді,  тек  есепті  кезеңнің  соңындағы 
жайдайды ғана кӛрсетеді. 

 
51 
Бағалаушылық  міндеттемелер  танылады,  егер  оның  туындауының  мҥмкіндік 
дәрежесі ӛте жоғары болған жағдайда. Ресурстардың кету мҥмкіндігін бағалауда тек  дәл 
математикалық есеп қана емес, кәсіптілік тҧжырым да қажет. 
Кәсіптілік  тҧжырымды  пайдалану–  бҧл  ҚЕХС  қолданатын,  нҧсқаның  (подход) 
негізгі бір тҥрі. 
Кәсіптілік  тҧжырым–  бҧл  маманның  ӛз  іс-тәжірибесіндегі  және  білімімен 
негізделген пікірі. 
Мысалы.  Сот  болып  жатыр  және    компания    заңгері  қаржылық  есеп  беруді 
бекіткенге  дейін,  компанияның  бҧл  істі    (иск)  жеңетінін  жариялады.  Қаржылық  есеп 
беруде бағалаушылық  міндеттемелер танылмайды, ӛйткені  оқиғаның болу мҥмкіндігі аз. 
Ҧйым бҧл оқиғаны тҥсіндірме жазбада шартты міндеттемелер ретінде ашады. 
2  нҧсқа.  Компания    заңгері  қаржылық  есеп  беруді  бекіткенге  дейін,  компанияның 
бҧл  істен  (иск) жеңілетінін жариялады, және шығын $3000000 қҧрайды, онда ҧйым бҧл 
оқиғаны қаржылық есеп беруде бағалаушылық міндеттемелерді осы сомада таниды. 
Шартты  міндеттемелер  мен  шартты  активтер  қаржылық  есеп  беруде  танылмайды, 
ӛйткені  олардың  пайда  болуы  ҧйымның  толық  бақылауында  емес  алдағы  белгісіз 
оқиғалардың  болуы немесе болмауынан тәуелді. 
Бағалаушылық міндеттемелерді бағалауда ҧйым жетекшісі: 
1.
 
барлық тәуекелділік пен тҧрақсыздықты есепке алады
2.
 
ақшаның  әсері  салмақты  болған  жағдайда,  шығындарды  бағалаудағы  ең  кҥшті 
есепте  кӛрсетілмеген  ақшалардың  уақытша  қҧны  мен  міндеттемелерге  арналған  сол 
тәуекелділікті  ағымдағы  нарықтық  бағаларды  кӛрсететін,  салыққа  дейінгі  дисконталған 
ставкаларды  пайдаланумен  бірге  бағалаушылық  міндеттемелердің  келтірілген  есебін 
жҥргізеді; 
3.
 
заңның  ӛзгеруімен  және  жеткілікті  объективті  негізделген  технологиялық 
ӛзгерістер болуы мҥмкін осындай алдағы оқығаларды есепке алады; 
4.
 
активтердің кҥтілген есептен шығуынан тҥсетін пайда есепке алынбайды, тіпті ол 
бағалаушылық міндеттемелердің пайда болуына әкелетін оқиғалармен тығыз байланысты 
кҥтілген есептен шығарулар болса да. 
Мысалы.  Соттағы  істе  ҧйым  жауапты  тҧлға  болып  табылады.  Істің  максималды 
сомасы  5000000  теңге,  а  минималды  сома  3000000  теңгені  қҧрауы  мҥмкін.  Тәуелсіз 
эксперттердің  бағалауы  бойынша  істің  қанағаттандырылмауының  10%  мҥмкіндігі  бар 
(ҧйым  істі  ҧтады),  70  %  мҥмкіндігі-  істің  жартылай  қанағаттандырылуын  және  20% 
мҥмкіндігі- істің толыктай қанағаттандырылуын кӛрсеткен. Сонымен қатар эксперттердің 
шешімі  бойынша  75%  мҥмкіндігі  бойынша  істің  мӛлшері  максималды  соманы,  ал  25% 
мҥмкіндігі бойынша істің мӛлшері минималды соманы қҧрайды. 
Ҧйымның  бағалаушылық  міндеттемелерінің  сомасын  анықтау  ҥшін  істі 
қанағаттандыру  дәрежесінің  әртҥрлі  мҥмкіндігімен  байланысты  ҧйым  тӛлейтін  соманы 
есептеу қажет. 
12.1.-кесте. Бағалаушылық міндеттемелерінің сомасын анықтау 
 
Істі 
қанағат 
тан 
дыру 
мҥмкін 
дігі 
Істің 
сома 
сын 
жабу 
пайыз
ы 
Істің 
минимал
ды 
сомасы, 
теңге 
Есептеу 
Істің 
максималд
ы    сомасы, 
теңге 
Есептеу 
10% 


3000000*10%*0% 

5000000*10%*0% 
70% 
50% 
1050000 
3000000*70%*50% 
1750000 
5000000*70%*50% 
20% 
100% 
600000 
3000000*20%*100% 
1000000 
5000000*20%*100% 
Барлы 
ғы 
 
1650000 
 
2750000 
 

 
52 
 
Енді  мҥмкіндігімен  байланысты  істің    мӛлшері  максималды  соманы  және 
минималды соманы қҧрғандықтан, ҧйым искінің орташа кӛлемін есептеу қажет: 
1650000*25%=412500 
2750000*75%=2062500 
Барлық бағалаушылық міндеттемелердің сомасы  2475000 теңге тең. 
Кейбір бағалаушылық міндеттемелер алдағы уақытта, мҥмкін бірнеше жылдан кейін 
жабылатын  міндеттемелер  бойынша  қҧрылады.  Мҧндай  жағдайда,  бҧл  міндеттемелерге 
сәйкес  қҧрылған  резервтердің  кӛлемін  бағалауда,  уақытпен  байланысты  ақша  қҧнының 
ӛзгеруін есептеу қажет. 
Байқағанымыздай,  бірнеше  жылдан  кейін  жабылған  міндеттемелерге  қарағанда, 
баланс мерзіміне бірден жабылған міндеттемелерге номиналды қҧнымен аз ақша кетеді. 
Ақшаның  уақытша  қҧнын  назарға  ала  отырып,  резерв  сомасын  есептеуде  сол 
айырмашылықпен  ғана  бағалаушылық  міндеттемелерге  арналған  критериямен  резерв 
бағаланады. 
Резерв  салыққа  дейінгі  дисконт  ставкасын  есептеумен  байланысты,  ақша 
қаражаттарының  кҥтілген  шығымының  дисконталған  қҧнына  тең.    Резерв  сомасы  салық 
салғанға дейін бағаланады. 
Резерв танылғанда «Резерв» шоты кредиттеледі, ал мыналар  дебеттелуі мҥмкін: 
-  «Есепті  кезең  шығыстары»  шоты  (мысалы,  егер  резерв  соттың  араласуымен, 
кепілдік бойынша және басқалармен пайда болса), солай есепті кезеңдегі пайда азаяды 
  Есепті кезең шығыстары 
5000 
  Резерв  
 
5000 
-  «Негізгі қҧралдар» шоты немесе басқа да активтер (мысалы, мҧнай платформасын 
қҧрған кезде,  эксплуатация мерзімінің соңында, монтаж жасағанда қанша сома кететінін 
алдын- ала біледі), бҧл жағдайда, резерв кӛлемі  объектінің алғашқы қҧнын қҧрайды және 
келесі кезеңдерде  амортизацияны есептеу арқылы пайдаға жатқызылады. 
Негізгі қҧралдар 
 
5000 
Резерв   
 
5000 
Резервтер    әрбір  есепті  кезеңде  қайта  қаралуы  тиіс  және  ағымдағы  оптималды 
бағаны кӛрсету ҥшін тҥзетілуі керек. Егер экономикалық олжаны жасайтын ресурстардың 
шығуын  қажет  ететін  міндеттемелерді  реттеуге  арналған  мҥмкіндік  жоқ  болса,  онда  
резервтер компенсацияланады. 
Уақыт  факторын  кӛрсету  мақсатымен  дисконтауда  резервтің  баланстық  қҧны  әр 
кезең сайын кӛбейеді. Бҧл кӛбею займдар бойынша шығындар ретінде танылады. 
Бағалаушылық міндеттемелер тек алғашқы танылған шығындар бойынша қолдануы 
тиіс. 
Резервтерге  қарсы  тек  олар  алғашқы  қҧрған  шығындар  есептелінеді.  Алғашында 
басқа  мақсаттарға  қҧрылған  бағалаушылық  міндеттемелерге  қарсы  шығындарды  есептеу 
екі әртҥрлі оқиғалардың әсерін кӛрсетпейді. 
Мысалы.  «Юстас»  компаниясының  жетекшілері  2009  жылдың  желтоқсанында  
ӛздерінің  бір    филиалын  жабу  туралы  шешімдерін  қызығушы  тараптарға  жеткізді  және 
қабылдады.  37  «Бағалаушылық  міндеттемелер,  шартты  міндеттемелер  және  шартты 
активтер»  ҚЕХС  (IAS)  сәйкес  қайта  қҧрылым  бойынша    резерв  қҧрылды.  Дисконтау 
ставкасы   16,5 % тең. 
12.2.-кесте. 31.12.2011 жылындағы резерв қҧрылымы туралы мәліметтер 
 
Кӛрсеткіштер 
Жабу мерзімі  
Сомасы, мың а.ӛ. 
тӛленуге тиіс 
дисконталған 
Жҧмыстан 
шығуымен 
байланысты 
02.2011ж. 
40 
40 

 
53 
жҧмысшыларға тӛлем 
Сатып 
алушыларға 
айыппҧл 
санкцияларын 
тӛлеу  
12.2011 ж. 
150 
129 
Қызметкерлерді 
қайта 
оқытуға кеткен шығыстар  
2011  
жыл бойына 
70 

Қайта  қҧрылым  бойынша 
барлық резервтер  
 - 
190 
169 
 
70  а.ӛ.  мӛлшеріндегі  қызметкерлерді  қайта  оқытуға  кеткен  шығыстар  резервтерді 
есептеуге кірмейді. 
Сатып  алушыларға  айыппҧл  санкцияларын  тӛлеуді  дисконталған  сома  бойынша 
кӛрсету  керек,  ӛйткені  тӛлем  жасағанға  дейін  жыл  ӛтеді.  Уақыт  факторын  есепке  алу 
керек. 
Дисконталған қҧн мына формуламен есептелінеді: 
 
PV = FV * 1/(1+r)

,   (12.1.) 
 
где FV –n кезеңіндегі ақша қаражатының қҧны; 
PV –ағымдағы кездегі келтірілген қҧн FV ; 
r  -дисконт коэффициенті; 
n –дисконттау кезеңінің саны. 
Сондықтан,  ҚЕХС  –ның  талаптарына  сәйкес  дисконталған  бағаны  пайдалану 
есебімен резерв кӛлемі тҥзетілуі тиіс: 
150* 1/1,1651 = 129 мың а.б. (дисконталған бірліктер) 
2005 жылы нақты тӛлемдер қҧрады: жҧмысшыларға 30 мың а.б., сатып алушыларға 
– 150 мың а.б.   
Есепте келесідей жазба жазылады: 
1. 31.12.2010 жылындағы резерв қҧрылымы есептелінді. 
Есепті кезең шығыстары 
 
169 мың а.б.    
 
Қайта қҧрылым бойынша резервтер 
169 мың а.б. 
2. 2011 жылы қарызды пайдалануына байланысты пайыздық шығысты есептеу 
129*16,5% =21 мың а.б. тыс. д.е. 
Есепті кезең шығыстары 
 
21 мың а.б.  
   
Қайта қҧрылым бойынша резервтер 
21 мың а.б.  
3. 2011 жылы филиалды жабумен байланысты жасалған тӛлемдер. 
Дт Қайта қҧрылым бойынша резервтер / 
Сатып алушыларға айыппҧл санкцияларын тӛлеу 150 мың а.б.   
Дт Қайта қҧрылым бойынша резервтер / 
Жҧмыстан шығуымен байланысты жҧмысшыларға тӛлем 30 мың а.б.   
 
 
Кт Ақша қаражаттары 
 
 
180 мың а.б.  тыс. д.е. 
 
4.  Резервтің  жҧмсалмаған  сомасы  2005  жылдың  пайдасын  кӛбейте  отырып, 
қайтарылады. 
Дт Қайта қҧрылым бойынша резервтер / 
Жҧмыстан шығуымен байланысты жҧмысшыларға тӛлем  
10 мың а.б.    
 
Кт Қайта қҧрылым бойынша резервтің жҧмсалмаған  
                                                       сомасынан тҥскен пайда 
     10 мың а.б. 
 
37  «Бағалаушылық  міндеттемелер,  шартты  міндеттемелер  және  шартты  активтер» 
ҚЕХС  (IAS)  ҥш  жағдайда  бағалау  мен  тану  қағидасын  қолдану  бойынша    жетекшілік 
жасайды: алдағы операциялық шығындар,уақыты ӛткен келісімдер және қайта қҧрылым. 

 
54 
Уақыты  ӛткен  келісімдер  бойынша  ағымдағы  міндеттемелер  бағалаушылық 
міндеттемелер  ретінде  танылады  және  бағаланады.  Уақыты  ӛткен  келісім–  бҧл  келісім 
бойынша міндеттемелерді орындауы ҥшін жҧмсалған шығындар кҥтілетін  экономикалық 
олжадан жоғары.  
Мысалы.  Компания  ҧзақ  мерзімді  жалмен  алаңды  (помещение)  жалға  алады.  Жал 
мерзімі  5  жыл.  Жыл  сайынғы  жалдық  тӛлемдер  300000  теңгені  қҧрайды,  ҧйымның  жал 
келісімін  мерзіміне  дейін  бҧзуға  қҧқығы  жоқ.  Ағымдағы  жылы  ҧйымға  бҧл  алаң  керек 
болмай  қалды,  келісімді  бҧза  алмайды,  жалгерліктің  қалған    5  жылында  1500000  теңге 
(300000*5 жыл)  тӛлеуі. Сондықтан жал бойынша шығынды минималдау ҥшін, компания 
бҧл  алаңды басқа ҧйымға қайта жалға берді.  Қайта жалгерлік тӛлемдер жылына  250000 
теңгені  қҧрайды.  Яғни    компания  жыл  сайын  50000  теңге  (300000-250000)  кӛлемінде 
шығын шегеді, бес жылдық шығын 250000 теңгені қҧрайды. 
Алаңды  (помещение)  жалға  алу  келісімі  уақыты  ӛткен  келісім,  ӛйткені 
міндеттемелерді  (жалдық  тӛлемдер)  орындауы  ҥшін  жҧмсалған  шығындар  кҥтілетін  
экономикалық олжадан жоғары (қайта жалгерлікліктен тҥскен табыс). 
Ҧйымның  жал  келісімін  орындау  ҥшін  жҧмсалған  шығындарға  резерв  қҧру  керек. 
Бҧл жағдайда резервті тану ҥшін барлық шарттар сақталып тҧр: 
1. Ҧйымның алаңды (помещение) алғашқы жалға алу міндеттемелері ӛткен кезеңде 
туындаған және бҧл міндеттемелер міндетті болып табылады. 
2.  Экономикалық  олжа  әкелетін  ресурстардың  жыл  сайынғы  шығымы  бар,  ӛйткені 
ҧйым алаңды (помещение) алғашқы жалға алуы бойынша тӛлем жасауы керек.  
3.  Ресурстардың  жыл  сайынғы  шығымы  жоғары  дәрежелі  дәлдікпен  есептелуі 
мҥмкін (35000 тенге). 
        5.Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары 
1. Бағалау міндеттемелері  танылуы және бағалануы. 
2. Нақты міндеттеме. 
3. Ӛткен оқиғалар. 
4.Ресурстардың шығып кету мҥмкіндігі. 
5.Міндеттің  сенімді  бағалануы.. 
6.Шартты  міндеттемелер,   шартты жағдайлар,   қаржылық есептілікте ашып кӛрсетілуі. 
7.Киындық туғызатын шарттар.   Кайта қҧрылымы. 
 
    6.Ҧсынылатын әдебиеттер 
Негізгі әдебиеттер 
1.ҚР 28-ақпан 2007-жылғы №234-III «Бухгалтерік есеп және қаржылық есептілік туралы» 
заңы.  
2. 27  ( IFRS) ХҚЕС «Шоғырландырылған қаржылық есептілік». Баспа ҧйі«Бико»,  Алматы -
2008ж. 
3.  ҚР  Ҧлттық  қаржылық  есептілік  стандарттары.  21.06.2007ж    ҚР  Қаржы  министрлігінің 
№217 бҧйрығы. Бухгалтердің анықтамасы №2 – 2007г. 
4.  Бухгалтерлік  есептің  типтік  жоспары.  23.05.2007  ж    ҚР  Қаржы  министрлігінің  №185 
бҧйрығы.  
5.  Бухгалтерлік  есептің  типтік  жоспары  және  шоттарының  корреспонденциялау  бойынша 
әдістемелік  ҧсынылымдар.  Бухгалтердің  және  кәсіпкердің  кітапханасы.  Баспа  ҧйі  «Бико»,  
Алматы -2007ж. 
6.ХҚЕС қолдану бойынша әдістемелік ҧсынылымдар. Алматы. 2007ж. 
 
Қосымша әдебиеттер 
1. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж. 
2. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж. 
3.Миржакыпова  С.  Т.,  Аппакова  Г.  Н.  и  др.  Основы  бухгалтерского  учета  по  МСФО.  – 
Алматы: Экономика, 2009 г. 

 
55 
4.Назарова В.Л. «Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Учебник. Алматы, 2003. 
 
Интернет- көздері 
1.www.minfin.kz/structure/data/KAZ_2009_IFRIC%208.doc 
2. www.worldbank.org/ifa/rosc_aa_kaz_kaz.pdf 
3.  Айрих,  Н.  ХҚЕС  бойынша  шоттар  жоспарына  ӛту  [Текст]  /  Н.  Айрих.  ...  Кл.слова 
(ненормированные):  экономика  --  бухгалтерлік  есеп  --  шоттар  --  хқес  --  кесте,  ... 
www.webirbis.ksu.kz/.../cgiirbis_32.exe 
4.  МСФО  будет  звучать  так  -  Халықаралық  Қаржы  Есептілік  Стандарттары  -  ХҚЕС  
www.balans.kz/topic12972.html 
 
 
Алтыншы дәрістің тақырыбының:  
«Ақшаның уақытша құны» 
2. Лекция мақсаты 
6-ші  дәрістің  мақсаты  болып  ақша  ағынын  дисконттау,  ағымдағы  (дисконтталған) 
қҧн, аАннуитеттерді қолдануға ҥйрету. 
 
 3.Лекция сҧрақтары 
1.Ақша ағымын дисконттау.  
2.Пайыздар мен болашақ құн. Ағымдағы (дисконтталған) құн. Аннуитеттер. 
 
4.Лекция мазмҧны 
1.Ақша ағымын дисконттау  
Ақшалар мен уақыттың ӛзара байланыстығы: 
- пайданы тҥсіру  ҥшін ақшалар жҧмсалады;  
-  қаржылық  салымдар  қосыша  пайданы  немесе  ҥнемдеуді  алып  келуі  керек  (Бырақ 
пайданың мӛлшері жоғары болуы тиіс, ӛйткені аталған салымдарды тӛмендету ҥшін);  
-уақыттың ағымына сәйкес пайданы алып келетін қаржылық салымдар жасалуы тиіс.  
Ақша  ағымын  дисконттау  әдісі-бҧл  уақытпен  байланыстырылған  ақша  қҧнының 
ӛзгерістерін есептеуге алатын бағалау әдісі.  
Қаржылық  нарықтың  қиындылығына  байланысты  ақша  қаражаттарды  басқару  ӛте 
маңызды болып келеді. Бәсеке фирма қаржы таба алатындай және одан әрі дамитын, жаңа 
технологияларды  ендіре  алатын  қабілетін  талап  етеді.  Ақша  қаражаттың  және  оның 
баламларының  классификациясы  мен  дҧрыс  анықталуы  кәсіпорынның  ӛтімділік  бағасын 
нақты  анықтайды.  ―Ақша  қаражатының  қозғалуы  туралы  есепте‖  7  (  IAS)  ЕХС  ақша 
қаражаттарына  және  оның  баламаларына,  ақша  қаражатының  ағымына  келесі  анықтама 
берілген:  ақша  қаражаттар  ӛзіне  қолда  бар  ақша  мен  талап  етілгенге  дейін  салымдарды 
кіргізеді. Ақша шоты ӛзіне міндеттемелердің жедел тӛлеу атауларын ғана кіргізеді. Ақша 
қаражатына қаржылық мекемелердің ағымдағы шоттардың қалдықтары, нақты қолда бар 
қағаз  ақшалар,  монета,  валюта,  кіші  кассадағы  қолда  бар  ақша  және  кәсіпорынның 
кассасындағы  нақты  ақша  қҧжаттарының  берілуі,  қаржылық  мекемелермен  қабылданған 
жедел  депозиттер  мен  алымдар  жатады.  Бҧл  қарапайым  ақша  қҧжаттарына:  қарапайым 
чектер, кассалық ордер, клиенттердің чектері, ақша аударымдары және тағы басқа жатады. 
―Ақша  қаражат‖  –  баланстық  баптың  бҥкіл  ақша  шотының  атауларын  кӛрсетеді.  Ақша 
қаражатының  баламалары  –  қысқа  мерзімді,  ӛтімділігі  жоғары,  ақша  қаражатына  тез 
айналатын,  қҧндылығының  ӛзгеруінің  тӛменділігі  бар  салымдар  жатады.  Валюталық 
қазыналарға 
меншік 
қҧқығы 
Қазақстан 
Республикасында 
жалпы 
негіздерде 
қорғалады.Ақша қаражаттарын сақтау ҥшін және заңды тҧлғалар арасында есеп айырысу 
ҥшін  Қазақстан  Республикасының  банк  мекемелерінде  банк  шоттарын  ашады.  Банк 
шоттары  —  бҧл  банк  мен  клиенттер  арасындағы  келісім-шарттың  қатынастарын 
кӛрсететін  әдіс.  Банк  шоттары  теңгемен  де,  шетелдік  валютамен  де  жҥргізіледі  және  ол 
ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бӛлінеді. 

 
56 
Ақша  баламалары  инвестиция  емес  қысқа  мерзімді  ақшалай  міндеттемелерді 
қанағаттандыруға  бағытталған.  Инвестиция  ақша  баламасы  болуы  ҥшін  ол  ақша 
қаражатының белгілі сомасына тез айналатын, қҧндылығының ӛзгеруі тӛмен болуы керек. 
Мҧндай  кезде  инвестиция  ақша  баламасы  бола  алады,  егер  инвестиция  қайтару  мерзімі 
қысқа, мысалы 3 ай немесе одан да тӛмен болса. 
Бухгалтерияда ақша қаражатының есебі ең негізгі роль атқарады. Фирма банктегі есеп 
айырысу шоты арқылы да есеп айырысуы мҥмкін.  Банкі  шоттары теңгемен де, шетелдік 
валютасымен  де  ашылуы  мҥмкін.  Банк  келісім  бойынша  ағымдағы  немесе 
корреспонденттік  шоттарын  ашқан  кезде,  шот  иесінің  пайдасына  келіп  тҥсетін  ақшаны  
қабылдауды,  оның  ӛзіне  немесе  ҥшінші  тараптарға  (жақтарға)  тиесілі  ақша  сомаларын 
аудару (беру) жӛніндегі ҧйғарымын орындауды және басқа да қызмет тҥрлерін кӛрсетуді 
ӛз міндетіне алады.  
Қазақстан  Республикасында  валютаны  реттеудің  негізгі  органы  болып  Ҧлттық  Банкі 
саналады.  Кез  келген  валюталық  операцияны  ӛкілеттілігі  бар  банксыз  жасауға  рҧқсат 
етілмейді.  Осындай  операцияларды  жасау  ҥшін  ӛкілетті  банктер  заңды  тҧлғалар  ҥшін 
валюталық шоттар ашады. 
 
2.Пайыздар мен болашақ құн. Ағымдағы (дисконтталған) құн. Аннуитеттер. 
Пайыздар-бҧл ақшаны қарыздың әр турлі нысандарына (ссудалар, несиелер, және т.б.) 
капталды ҧсыну табыстары. 
Пайыздар 
                                          
 
 
1-ші схема. Пайыздардың тҥрлері. 
 
Барлық  шаруашылық  жҥргізуші  субъектілер  ӛз  ақша  қаражаттарын  банкі 
мекемелерінің  тиісті  шоттарында  сақтап  және  міндеттемелері  бойынша  тӛлемдерін, 
әдетте,  осы  мекемелер  арқылы  ақшасыз  нысанда,  ал  қажет  жағдайда  Қазақстан 
Республикасының  Ҧлттық  банкісінің  нормативтік  қҧжаттарымен  және  Қазақстан 
Республикасының  Азаматтық  Кодекспен  белгіленген  шегінде  нақты  ақшамен  есептесуді 
жҥзеге асырады. Қазақстан Республикасының ақша бӛлінісі теңге болып табылады. Теңге 
Қазақстан  Республикасының  бҥкіл  аумағында  ӛз  қҧны  бойынша  қабылдануға  міндетті 
заңды тӛлем қҧралы болып табылады.  
Болашақ қҧн-бҧл қазір инвестицияланған ақшалай қаражаттардың болашақ қҧны(1-ші 
формула). Оны С-3 кестесінде анықтайды. 
 
Каталог: accounting-and-auditing
accounting-and-auditing -> Статистика академиясы алматинская академия экономики и статистики
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»
accounting-and-auditing -> Статистика академиясы алматинская академия экономики и статистики
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит»
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені

жүктеу 5.75 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет