Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 5.75 Kb.
Pdf просмотр
бет12/20
Дата23.04.2017
өлшемі5.75 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

 
5.Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары 
1.
 
Бірлескен қызмет нысандарының есебі 
2.
 
Бірігіп бақыланатын операциялардың есебі 
3.
 
Бірігіп бақыланатын активтердің есебі 
4.
 
Бірігіп бақыланатын міндеттемелердің есебі 
5.
 
Бірігіп бақыланатын ҧйымдардың есебі 
6.
 
Бірігіп бақыланатын ҧйымдардың қаржылық есептілігін ҧсыну 
7.
 
Бірігіп 
бақыланатын 
ҧйымдардың 
есептілігін 
пропорционалды 
шоғырландыру  
8.
 
Бірігіп  бақыланатын  ҧйымдардың  есебіндегі  ҥлестік  қатысу  бойынша 
есептеу әдісі 
9.
 
Бірігіп бақыланатын операциялар типтерінің ортақ сипаттамалары 

 
90 
10.
 
 Бірігіп бақыланатын операциялардың танылуы және ҧсынылуы 
 
6.Ҧсынылатын әдебиеттер 
Негізгі әдебиеттер 
1.ҚР  28-ақпан  2007-жылғы  №234-III  «Бухгалтерік  есеп  және  қаржылық  есептілік 
туралы» заңы.  
2.  27    (  IFRS)  ХҚЕС  «Шоғырландырылған  қаржылық  есептілік».  Баспа  ҧйі«Бико»,  
Алматы -2008ж. 
3.  ҚР  Ҧлттық  қаржылық  есептілік  стандарттары.  21.06.2007ж    ҚР  Қаржы 
министрлігінің №217 бҧйрығы. Бухгалтердің анықтамасы №2 – 2007г. 
4.  Бухгалтерлік  есептің  типтік  жоспары.  23.05.2007  ж    ҚР  Қаржы  министрлігінің 
№185 бҧйрығы.  
5.  Бухгалтерлік  есептің  типтік  жоспары  және  шоттарының  корреспонденциялау 
бойынша  әдістемелік  ҧсынылымдар.  Бухгалтердің  және  кәсіпкердің  кітапханасы.  Баспа 
ҧйі«Бико»,  Алматы -2007ж. 
6.ХҚЕС қолдану бойынша әдістемелік ҧсынылымдар. Алматы. 2007ж. 
 
Қосымша әдебиеттер 
1. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж. 
2. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж. 
3.  Қ.К.Кеулімжаев,  Н.А.Қҧдайбергенов  «Бухгалтерлік  есеп:  теориясы  және 
негіздері» Алматы, Экономика, 2006ж. 
4.Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Қҧдайбергенов «Бухгалтерлік есеп: теориясы және негіздері» 
Алматы, Экономика, 2006ж. 
5.Назарова  В.Л.  «Шаруашылық  субъектілердегі  бухгалтерлік  есеп».  Учебник. 
Алматы, 2003. 
6.Ә.Әбдіманапов  «Бухгалтерлік  және  қаржылық  есеп  беру  принциптері»  Алматы, 
Экономика, 2006ж. 
7.Кеулимжаев К.К и др. «Аралық қаржылық есеп» Алматы, 2003 г.  
 
1.Оң ҥшінші  дәрістің  тақырыбының атауы:  
«Акциядан  пайда (ҚЕХС 33)» 
 
2.Лекция мақсаты 
13-ші дәрістің мақсаты акцияға келетін пайданы анықтау және ҧсыну принциптерін 
белгілеу,  оның  ӛзі  тҥрлі  ҧйымдардың  сол  бір  есепті  кезеңдегі    қызметінің  нәтижелерін, 
сондай-ақ сол бір ҧйымның тҥрлі есепті кезеңдердегі   қызметінің нәтижелерін салыстыру 
сапасын  арттыруға  мҥмкіндік  береді.  Акцияға  келетін  пайда  туралы  ақпараттың 
―пайданы‖ анықтау кезінде пайдаланылатын есепке алу саясатындағы айырмашылықтарға 
байланысты  кейбір  кемшіліктерге  қарамастан,  бірыңғай  әдістеме  негізінде  есептелген 
бӛлгіш  қаржы  есептілігінің  сапасынан  асып  кетеді.  Лекцияның  негізгі  мәні  -  акцияға 
келетін пайданы есептеу формуласындағы бӛлгіш.   
 
3.Лекция сҧрақтары 
1. Акциядан базалық пайда. Бағалау. 
2. Опциондар, варранттар және олардың баламалары.  
3.Төлемдері  қарапайым  акциялар  және  ақша  қаражаттары  арқылы  жүзеге 
асырылатын келісім шарттар 
4.Лекция мазмҧны 
1. Акциядан базалық пайда. Бағалау. 
Жай акциялары немесе әлуетті жай акциялары рынокта айналымда болатын ҧйымдар 
акцияға келетін пайданы анықтауы ҧажет. Ол ҥшін «Акцияға келетін пайда» 33(IAS) ЕХС 
қолданылады.  Акцияға  келетін  пайда  туралы  ақпараттың  ―пайданы‖  анықтау  кезінде 

 
91 
пайдаланылатын  есепке  алу  саясатындағы  айырмашылықтарға  байланысты  кейбір 
кемшіліктерге  қарамастан,  бірыңғай  әдістеме  негізінде  есептелген  бӛлгіш  қаржы 
есептілігінің сапасынан асып кетеді. Стандартты қараудың негізгі  мәні  - акцияға келетін 
пайданы есептеу формуласындағы бӛлгіш.   
Акцияға  келетін  пайданы  ӛзінің  жеке  қаржы  есептілігі  негізінде  ашып  кӛрсететін 
ҧйым ондай ақпаратты тек пайда мен залал туралы есепте ҧсынуға міндетті. Ҧйым акцияға 
келетін  пайда  туралы  ондай  ақпаратты  шоғырландырылған  қаржы  есептілігінде  ҧсынуға 
қҧқылы емес.   
Жай  акция  –  ҥлескерлік  қҧралдардың  барлық  басқа  сыныптарына  неғҧрлым  тӛмен 
статусы бар ҥлескерлік қҧрал. 
Әлуетті жай акция - ӛз иесіне жай акцияларды иелену қҧқығын бере алатын қаржы 
қҧралы немесе ӛзге шарт. 
Жай  акцияларды  ҧстаушылар  кезеңдегі  пайданы  бӛлуге  тек  артықшылықты 
акциялар  сияқты  басқа  акция  тҥрлері  иелерінен  кейін  ғана  қатысады.  Ҧйымда  жай 
акциялардың бірнеше сыныбы болуы мҥмкін. Бір сыныптағы жай акцияларды ҧстаушылар 
дивидендтер алуға тең қҧқылы. Әлуетті жай акциялардың мысалдары:  
  (а) 
қаржы  міндеттемелері  немесе  ҥлескерлік  қҧралдар,  соның  ішінде  жай 
акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялар
  (b) 
опциондар мен варранттар; 
  (с) 
шарт  келісімдерінде  кӛзделген  талаптар  орындалғаннан  кейін,  мысалы, 
кәсіпорын немесе басқа активтер сатып алу кезінде шығарылатын акциялар.   
Ҧйым  басты  ҧйымның  жай  акцияларын  ҧстаушыларға  келетін  пайда  немесе  залал 
жӛнінде  және,  ҧсынылған  жағдайда,  одан  әрі  жалғастырылатын  қызметтен  сол 
акцияларды  ҧстаушыларға  келетін  пайда  немесе  залал  жӛнінде  акцияға  келетін  негізгі 
пайда  есебін  шығаруға  міндетті.  Компаниялар    ӛздерінің  қаржылық  есептіліктерінде 
акцияға  келетін  негізгі  және  таратылған  пайданы  есептеуі  тиіс.  Аталған  пайдаларды 
есептілікте акцияға келетін залал пйда болған мерзімдер бойынша ғана кӛрсетеді. 
1)Акцияға  келетін  негізгі  пайда  басты  ҧйымның  жай  акцияларын  ҧстаушыларға 
келетін  пайданы  немесе  залалды  (алымы)  айналымдағы  жай  акциялардың  кезең  ішіндегі 
орташа ӛлшенген санына (бӛлгіші) бӛлу жолымен есептелуге тиіс (1-ші формула)
   
Акцияға  
келетін  негізгі 
пайда 
 
 

Ҧйымның  жай  акцияларын  ҧстаушыларға 
келетін пайда (залал) 
 
(1) 
Айналымдағы  жай  акциялардың  кезең  ішіндегі 
орташа ӛлшенген саны 
 
Акцияға келетін негізгі пайда туралы ақпарат басты ҧйымның әрбір жай акциясының 
ҧйымның  есепті  кезеңдегі  қызметінің  нәтижелеріне  қатысуының  ҥлесін  анықтау 
мақсатында  ҧсынылады.  Бҧл  жерде  аталған  кӛрсеткішті  есептеу  ҥшін    жай  акциялардың 
саны  кезең  ішіндегі  айналыстағы  жай  акциялардың  орташа  алынған  санына  тең  болуға 
тиіс.  Кезең ішінде айналыста болатын жай акциялардың орташа алынған саны  кезеңнің 
бас  кезінде  айналыста  болатын  жай  акциялардың  кезең  ішінде  сатып  алынған  немесе 
орналастырылған  жай  акциялар  саны  бойынша  тҥзетілген,  орташа  алынған  уақыт 
коэффициентіне кӛбейтілген санына тең болады (2-ші формула)
 
Кезең  ішінде 
айналыста 
болатын жай 
акциялардың 
орташа 
алынған саны   
 
 
 
 

 
Кезеңнің  бас 
кезінде 
айналыста 
болатын жай 
акциялар 
 
 

 
Кезең 
ішінде 
сатып 
алынған 
немесе 
орналастырылған 
жай 
акциялар 
саны 
 
 

 
Орташа  алынған 
уақыт 
коэффициенті 
 
 
 
(2) 

 
92 
 
Кӛптеген  жағдайларда,  жеткілікті  негіздер  бар  болған  жағдайда,    орташа  алынған 
кӛрсеткішті шамамен есептеуге жол беріледі. Акциялар айналыстағы акциялардың орташа 
алынған  санының  есебіне,  әдетте,  оларды  ӛтеу  жӛніндегі  дебиторлық  берешек  пайда 
болған  сәттен  (әдетте  олар  орналастырылған  кҥннен)  бастап  қосылады  Орташа  алынған 
уақыт  коэффициенті  акциялар  айналыста  болатын  кҥндер  санын  есепті  кезеңдегі 
кҥндердің жалпы санына бӛлудің бӛліндісі ретінде айқындалады (3-ші формула).  
 
  Орташа 
алынған 
уақыт 
коэффициенті 
 

Акциялар  айналыста  болатын  кҥндер 
саны 
 
(3) 
Есепті кезеңдегі кҥндердің жалпы саны 
 
Аталған  формула  бойынша  жай  акцияларды  айналыстағы  акциялардың  орташа 
алынған    санының  есебіне  қосу  сәті  оларды  шығаруға  және  орналастыруға  байланысты 
жағдайлармен  айқындалады.  Акцияларды  орналастыруға  қатысты  кез  келген  шарттың 
мазмҧнын тиісті тҥрде ескеру қажет. 
Мысалы:Ҧйым  акциясының  нарықтық  бағасы  кӛтеріледі  деп  болжайды.    Жай 
акцияларын ҧстаушыларға келетін пайда-5000 000 теңге. Айналымдағы жай акциялардың 
кезең ішіндегі орташа ӛлшенген саны-200 акция. Онда акцияға келетін негізгі пайда (1-ші 
формула  бойынша) 5000 000/200 =25000 тенге. 
2)Акцияға  келетін  таратылған  пайданы  есептеу  ҥшін  ҧйым  басты  ҧйымның  жай 
акцияларын ҧстаушыларға келетін пайдаға немесе залалға және айналыстағы акциялардың 
орташа  алынған  санына  таратылған  әлуетті  жай  акциялар  ықпалын  ескере  тҥзетуге 
міндетті.. 
Ҧйым басты ҧйымның жай акцияларын ҧстаушыларға келетін пайда немесе 
залал  жӛнінде  акцияға  келетін  таратылған  пайданы  және,  ҧсынылған  жағдайда,  одан  әрі 
жалғастырылатын  қызметтен  сол  акцияларды  ҧстаушыларға  келетін  пайданы  немесе 
залалды  есептеуге  міндетті.  Акцияға  келетін  таратылған  пайда  акцияға  келетін  негізгі 
пайда  сияқты  анықталады,  нақты  айтқанда,  әрбір  жай  акцияның  ҧйым  қызметінің 
нәтижелеріне қатысуының ҥлесін кезең ішінде айналыста болған таратылған әлуетті жай 
акциялар ықпалын ескере анықтау керек. 
Тарату -  акцияға келетін пайданы кеміту немесе акцияға келетін залалды ҧлғайту, 
бҧл  айырбасталатын  қҧралдарды  айырбастауға  қатыстырудың,  опциондар  немесе 
варранттар  орындау  немесе  белгілі  бір  жағдайлар  орындалғаннан  кейін  жай  акциялар 
шығару нәтижесі болып табылады. Нәтижесінде: 
(а) 
басты  ҧйымның  жай  акцияларын  ҧстаушыларға  келетін  пайдаға  немесе 
залал  таратылатын  әлуетті  жай  акциялар  бойынша  кезең  ішінде  есептелген  дивидендтер 
мен пайыздардың салықтан кейінгі сомасына ҧлғайтылады және  пайдада немесе шығыста 
таратылатын  әлуетті  жай  акцияларды  жай  акцияларға  айырбастау  нәтижесінде  пайда 
болатын кез келген ӛзгерістерді ескере  тҥзетіледі; 
 (b) 
айналыстағы  жай  акциялардың  орташа  алынған  саны,  егер  әлуетті  жай 
акцияларды  жай  акцияларға  айырбастауға  рҧқсат  етілетін  болса,  айналысқа  тҥсетін 
қосымша жай акциялардың орташа алынған санына кӛбейеді.  
 
2. Опциондар, варранттар және олардың баламалары  
Опциондар, варранттар және олардың баламалары - ӛздерін ҧстаушыға жай акциялар 
сатып алу қҧқығын беретін қаржы қҧралдары.  Опцион-белгіленген баға бойынша негізгі 
активті  сатып  алу  (call  опцион)  немесе  сату(put  опцион)    қҧқығын  иеленушісіне  беретін 
қаржылық  қҧрал.Мысалы,    компанияның  акциялары  5500  тенге  турады  бір  данасы.  Ал 
3000  тенгеге  сіз  опцион  сатып  алуға  мҥмкіншілігіңіз  бар  және  осы  опцион  арқылы  3  ай 
ӛткен соң аталған компанияның 10 акциясын 5600 тенгеге бір данасының бағасы бойынша 
сатып  аласыз.    Осындай  келісім  пайдалы  ма?  Ол  3  айдан  кейінгі  акцияның  бағасына 
байланысты: 

 
93 
1)
 
Егер  3  айдан  кейінгі  баға    5600  тенгеден  жоғары  болса,  онда    сіз  (S  -  5600)*10  – 
3000 тенге пайда тҥсіресіз 
2)
 
Егер  3  айдан  кейінгі  баға    5600  тенгеден  тӛмен  болса,  онда    сіз  3000  тенгені 
жоғалтасыз. 
  Варрант  –айналымға  шығарылуына  дейін  номиналдық  бағасымен  матып  алуға 
мҥмкіншілікті беретін тҧынды қаржылық қҧрал.  
Акцияға  келетін  таратылған  пайданы  есептеу  мақсатында  ҧйым  ӛзінде  бар  
таратушы  ықпалы  бар  опциондар  мен  варранттардың  орындалғаны  туралы  болжамды 
қабылдауға  тиіс.  Осы  қҧралдардан  болжалды  тҥсімдер  жай  акциялар  шығарудан  жай 
акциялардың кезең ішіндегі орташа рыноктық бағасы бойынша алынған тҥсімдер ретінде 
қаралуға  тиіс.  Орналастырылатын  жай  акциялардың  саны  мен  жай  акциялардың  кезең 
ішіндегі  орташа  рыноктық  бағасы  бойынша  орналастырылуға  тиісті  жай  акциялар  саны 
арасындағы  айырмашылық  жай  акцияларды  әлдебір  ӛтем  тӛлеусіз  орналастыру  ретінде 
ескеріледі. 
Опциондар  мен  варранттардың  нәтижесі  жай  акциялардың  кезең  ішіндегі  орташа 
рыноктық  бағасы  бойынша  жай  акциялар  шығару  болса,  олардың  таратушы  ықпалы 
болады.  Тарату  кӛлемі  жай  акциялардың  кезең  ішіндегі  орташа  рыноктық  бағасы  мен 
орналастыру  қҧны  мен  бағасы  арасындағы  айырмашылыққа  теңеледі.  Сонымен,  акцияға 
келетін  таратылған  пайданы  есептеу  ҥшін  әлуетті  жай  акциялар  тӛмендегі  шарттардан 
қҧралған акциялар ретінде ескеріледі: 
(а)  жай  акциялардың  белгілі  бір  санын  олардың кезең  ішіндегі  орташа  рыноктық 
бағасы  бойынша  орналастыру  шарты.  Ондай  жай  акцияларға  белгіленген  баға  әділ  деп 
саналады,  сондықтан  олар  таратылатын  немесе  таратылуға  қарсы  болып  саналмайды. 
Олар акцияға келетін таратылған пайданы есептеу кезінде ескерілмейді.   
(b) 
қалған  жай  акцияларды  қандай  да  болсын  ӛтемді  тӛлеу  шарты.  Мҧндай  жай 
акциялар ешқандай тҥсім келтірмейді және айналыстағы жай акцияларға келетін пайдаға 
немесе  залалға  ешқандай  ықпал  етпейді.  Демек,  мҧндай  акциялар  таратылатын  болып 
табылады,  сондықтан  олар  акцияға  келетін  таратылған  пайданы  есептеу  кезінде 
айналыстағы жай акциялар санына қосылады.  
Опциондар  мен  варранттар  жай  акциялардың  кезең  ішіндегі  орташа  рыноктық 
бағасы  сол  опциондар  мен  варранттарды  орындау  асып  кеткен  (яғни,  олар  «ақшада» 
болған» жағдайда ғана таратушы ықпалда болады. Есептілікте бҧрын кӛрсетілген акцияға 
келетін пайда сомасы жай акцияларға бағаның ӛзгеруін кӛрсету ҥшін ӛтіп кеткен кҥнмен 
тҥзетуге жатпайды.  
Акцияларға опциондар және ӛздеріне 2-«Ҥлескерлік қҧралдар негізіндегі тӛлемдер» 
IFRS  қолданылатын  ҥлескерлік  қҧралдар  негізіндегі  тӛлемдер  туралы  ӛзге  де  келісімдер 
ҥшін  46-параграфта  айтылған  орналастыру  бағасына  және  47-параграфта  айтылған 
орындау  бағасына  ҧйымға  болашақта  акцияға  опциондар  бойынша  немесе  ҥлескерлік 
қҧралдар  негізіндегі  тӛлемдер  бар  басқа  келісім  бойынша  жеткізілуге  тиісті  кез  келген 
тауарлардың немесе қызметтердің әділ қҧны қосылуға тиіс.   
Қызметкерлер ҥшін акцияларға нақты немесе белгіленетін шарттары бар  опциондар 
және  ҥлескерлік  меншікке  берілмеген  жай  акциялар  акцияға  келетін  таратылған  пайда 
есебіне,  тіпті,  мҧндай  табыстау  кепілдікті  болып  табылмайтынына  қарамастан, 
қабылданады. Олар ҥлестік қҧқық  берілген кҥнде айналыста болатын опциондар ретінде 
ескеріледі.  Қызмет  нәтижелеріне  негізделген,  қызметкерлер  ҥшін  акцияларға  опциондар 
орналастырылуы  кейінге  қалдырылған  акциялар  ретінде  ескеріледі,  ӛйткені  олардың 
шығарылуы  белгілі  бір  уақыттың  ӛтуіне  қоса  белгілі  бір  шарттардың  орындалуына 
байланысты.     
Айырбасталымды  артықшылықты  акциялардың  ағымдағы  кезеңде  жарияланған 
немесе  жай  акцияға  ағымдағы  кезеңде  жинақталған  мҧндай  акциялар  бойынша 
дивидендтердің  айырбастау  жолымен  алуға  болатын  кӛлемі  акцияға  келетін  негізгі 
пайдадан  асып  кететін  барлық  жағдайларда  таратылуға  қарсы  ықпалда  болады.Нақ 

 
94 
осылайша,  ауыстырылатын  қарыз  қҧралында,  ол  бойынша  жай  акцияға  есептелетін 
(салықтарды  және  кіріс  пен  шығыстағы  басқа  ӛзгерістерді  ескерместен),  айырбастау 
негізінде  алуға  болатын  пайыз  акцияға  келетін  негізгі  пайдадан  асып  кететін  барлық 
жағдайларда таратылуға қарсы ықпалда болады. 
Айырбасталымды  артықшылықты  акциялардың  ӛтелуі  немесе  лажсыз  айырбаста-
луы  тек  айырбасталымды  артықшылықты  акциялардың  бҧған  дейін  айналыста  болған 
бӛлігіне  ғана  ықпал  ете  алады.  Мҧндай  жағдайларда  17-параграфта  айтылған  ӛтемді 
тӛлеудің  кез  келген  артығы  қалған  артықшылықты  акцияларда  таратылуға  қарсы 
ықпалдың  бар  екенін  немесе  жоқ  екенін  анықтау  мақсаттарында  ӛтелетін  немесе 
айырбасталатын  осы  акцияларға  жатады.  Ӛтелген  немесе  айырбасталған  осы  акциялар 
ӛтелмеген немесе айырбасталмаған акциялардан бӛлек қаралады.  
Егер  кезеңде  пайданың  нақты  кӛлеміне  жету  немесе  оны  қолдау  орналастырылуы 
кейінге  қалдырылған  акциялар  шығарудың  шарты  болса,  егер  ондай  кӛлемге  есепті 
кезеңнің  аяқ  кезінде  қол  жеткен  болса,  бірақ  ол  кезең  аяқталғаннан  кейін  де  қолдау 
жасауға тиіс болса, акцияға келетін таратылған пайданы есептеу кезінде ондай қосымша 
жай  акциялар,  егер    таратушы  ықпал  орын  алатын  болса,  айналыстағы  акциялар  ретінде 
ескеріледі. Бҧл жағдайда акцияға келетін таратылған пайданы есептеу есепті кезеңнің аяқ 
кезіндегі  пайда  кӛлемі  тиісті  шарттар  қолданылатын  кезеңнің  аяқ  кезіндегі  пайданың 
кӛлеміндей  болған  кезде  шығарылатын  жай  акциялар  санына  негізделеді.  Пайда 
сомасының болашақ кезеңдер ішінде ӛзгеруі мҥмкін болғандықтан, акцияға келетін негізгі 
пайда  есебіне  орналастырылуы  кейінге  қалдырылған  мҧндай  жай  акциялар,  қажетті 
шарттардың  бәрі  бірдей  орындалмағандықтан,  тиісті  шарттар  қолданылатын  кезең 
аяқталғанға дейін қосылмауға тиіс.  
Орналастырылуы кейінге қалдырылған жай акциялар саны жай акцияларға болашақ 
рыноктық бағаға байланысты болуы мҥмкін. Бҧл жағдайда, таратушы ықпал орын алатын 
болса,  акцияға  келетін  таратылған  пайданы  есептеу  есепті  кезеңнің  аяқ  кезіндегі 
рыноктық  баға  тиісті  шарттар  қолданылатын  кезеңнің  аяқ  кезіндегі  рыноктық  бағадай 
болған  кезде  шығарылатын  жай  акциялар  санына  негізделеді.  Егер  шарт  есепті  кезең 
аяқталғаннан  кейін  жалғасатын  уақыт  кезеңі  ҥшін  орташа  нарықтық  бағаға  негізделсе, 
онда  ӛткен  кезең  ҥшін  орташа  мӛлшер  пайдаланылады.  Рыноктық  бағаның  болашақ 
кезеңдер  ішінде  ӛзгеруі  мҥмкін  болғандықтан,  акцияға  келетін  негізгі  пайда  есебіне 
орналастырылуы  кейінге  қалдырылған  мҧндай  жай  акциялар  тиісті  шарттар 
қолданылатын кезең аяқталғанға дейін қосылмауға тиіс, ӛйткені қажетті шарттардың бәрі 
бірдей орындалмаған.  
Орналастырылуы кейінге қалдырылған жай акциялар саны жай акцияларға болашақ 
пайдаға  және  жай  акцияларға  болашақ  бағаларға  байланысты  болуы  мҥмкін.  Бҧл 
жағдайда, акцияға келетін таратылған пайданың есебіне қосылған жай акциялар саны екі 
жағдайға да (яғни ағымдағы сәттегі жағдай бойынша пайда сомасына және есепті кезеңнің 
аяқ  кезіндегі  жағдай  бойынша  ағымдағы  рыноктық  бағаға)  негізделуге  тиіс. 
Орналастырылуы  кейінге  қалдырылған  жай  акциялар,  егер  екі  шарт  та  орындалмайтын 
болса, акцияға келетін пайданың таратылған пайдасының есебіне қосылмайды. 
 
3.Қарапайым акциялардың төлемдерінің есебі және ақша қаражаттары арқылы 
жүзеге асырылатын келісім шарттар 
Ҧйым  ӛзі  бойынша  тӛлемдерді  ӛз  қалауынша  жай  акциялармен  немесе  ақшалай 
қаражатпен  тӛлей  алатын  контракт  шығарған  кезде  ол  сол  контракт  бойынша  тӛлемдер 
жай  акциялармен  тӛленетінін,  ал  тартушы  ықпал  бар  кезде  пайда  болатын    әлуетті  жай 
акциялар  міндетті  тҥрде  акцияға  келетін  таратылған  пайда  есебіне  міндетті  тҥрде 
қосылатынын  негізге  алуға  міндетті.    Мҧндай  келісім-шарт  есепке  алу  мақсаттарында 
актив немесе міндеттеме ретінде пайдаланылатын немесе ӛзіне ҥлескерлік компонентті де, 
міндеттеме  компонентін  де  қамтитын  кезде  ҧйым  пайдада  немесе  залалда  есепті  кезең 

 
95 
ішінде  болатын,  шарт  тҥгелдей  ҥлестік  қҧрал  ретінде  сараланған  кездегі  барлық 
ӛзгерістерді ескере алым ретінде тҥзетуге міндетті.  
Ҧстаушының  қалауы  бойынша  тӛлемдерді,  жай  акциялармен  немесе  ақшалай 
қаражатпен  жасауға  болатын  контрактіге  қатысты  акцияға  келетін  таратылған  пайданы 
есептеу  кезінде  ақша  қаражаты  тӛлемдері  мен  акция  тӛлемдері  таратылуының  неғҧрлым 
елеулі деңгейі ескерілуге тиіс.  
Ӛзі  бойынша  тӛлемдерді,  жай  акциялармен  де,  ақшалай  қаражатпен  де  жасауға  
болатын  контракт,  мысалы,  ӛтем  мерзімі  басталған  кезде  ҧйымға  қарыздың  негізгі 
сомасын  ақша  қаражатымен,  не  ӛзінің  жай  акцияларымен  ӛтеуге  шексіз  қҧқық  беретін 
қарыз қҧралы бола алады. Басқа  мысал, сатуға жазып берілген опцион болып табылады, 
ол  ҧстаушыға  жай  акциялармен  тӛлеу  мен  ақша  қаражаттарымен  тӛлеудің  арасында 
таңдау мҥмкіндігін береді. 
Сатуға сатып алынған опциондар және сатып алуға сатып алынған опциондар (яғни, 
ҧйым ӛзінің жай акциялары есебінен ие болатын опциондар) акцияға келетін таратылған 
пайда  есебіне  қосылмайды,  ӛйткені  олардың  есепке  қосылуы  таратуға  қарсы  ықпал 
туғызуы  мҥмкін.  Сатуға  арналған  опцион  -  тек  оны  орындау  бағасы  рыноктық  бағадан 
жоғары,  ал сатып алуға арналған опцион  оны орындау бағасы рыноктық  бағадан тӛмен 
болған жағдайда ғана атқарылады.   
 
5.Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары 
1.
 
Акциядан базалық пайданы есептеу және бағалау. 
2.
 
Опциондар және олардың баламаларының есепте бейнеленуі.  
3.
 
Қарапайым акциялардың тӛлемдерін есепке алу. 
4.
 
 Аақша қаражаттары арқылы жҥзеге асырылатын келісім шарттарды есепке алу 
5.
 
Варранттар және олардың баламаларының есепте бейнеленуі.  
6.
 
Акцияға келетін таратылған пайданы есептеу 
7.
 
Орналастырылуы кейінге қалдырылған жай акциялардың есебі 
8.
 
Сатуға арналған опционның операциялар есебі 
9.
 
Шарттары бар  опциондардың операциялар есебі 
10.
 
 Айырбасталымды  артықшылықты  акциялардың  ӛтелуінің  есебі  Табыс  салығының 
бюджетке тӛленуінің есебі 
 
6.Ҧсынылатын әдебиеттер 
Негізгі әдебиеттер 
1.ҚР 28-ақпан 2007-жылғы №234-III «Бухгалтерік есеп және қаржылық есептілік туралы» 
заңы.  
2.  21    (  IFRS)  ХҚЕС  «Валюталық  бағамдар  ӛзгерісінің  әсері.  Шетелдік  қызмет».  Баспа 
ҧйі«Бико»,  Алматы -2008ж. 
3.  ҚР  Ҧлттық  қаржылық  есептілік  стандарттары.  21.06.2007ж    ҚР  Қаржы  министрлігінің 
№217 бҧйрығы. Бухгалтердің анықтамасы №2 – 2007г. 
4.  Бухгалтерлік  есептің  типтік  жоспары.  23.05.2007  ж    ҚР  Қаржы  министрлігінің  №185 
бҧйрығы.  
5.  Бухгалтерлік  есептің  типтік  жоспары  және  шоттарының  корреспонденциялау  бойынша 
әдістемелік  ҧсынылымдар.  Бухгалтердің  және  кәсіпкердің  кітапханасы.  Баспа  ҧйі«Бико»,  
Алматы -2007ж. 
6.ХҚЕС қолдану бойынша әдістемелік ҧсынылымдар. Алматы. 2007ж. 
 
Қосымша әдебиеттер 
1. Аппақова Г.Н. «Қаржылық есеп 2» Алматы «Әрекет-Принт», 2010 ж. 
2. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп» Алматы 2007ж. 
3.  Қ.К.Кеулімжаев,  Н.А.Қҧдайбергенов  «Бухгалтерлік  есеп:  теориясы  және  негіздері» 
Алматы, Экономика, 2006ж. 

 
96 
4.Қ.К.Кеулімжаев,  Н.А.Қҧдайбергенов  «Бухгалтерлік  есеп:  теориясы  және  негіздері» 
Алматы, Экономика, 2006ж. 
5.Назарова В.Л. «Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Учебник. Алматы, 2003. 
6.Ә.Әбдіманапов  «Бухгалтерлік  және  қаржылық  есеп  беру  принциптері»  Алматы, 
Экономика, 2006ж. 
7.Кеулимжаев К.К и др. «Аралық қаржылық есеп» Алматы, 2003 г.  
8.Тулешова  Г.К.  «Финансовый  учет  в  соответствии  с  международными  стандартами» 
(часть1, 2) Алматы, 2003 г., 2005г. 
9.Миржакыпова  С.  Т.,  Аппакова  Г.  Н.  и  др.  Основы  бухгалтерского  учета  по  МСФО.  – 
Алматы: Экономика, 2009 г. 
Интернет- көздері 
1.www.minfin.kz/structure/data/KAZ_2009_IFRIC%208.doc 
2. www.worldbank.org/ifa/rosc_aa_kaz_kaz.pdf 
3.  Айрих,  Н.  ХҚЕС  бойынша  шоттар  жоспарына  ӛту  [Текст]  /  Н.  Айрих.  ...  Кл.слова 
(ненормированные):  экономика  --  бухгалтерлік  есеп  --  шоттар  --  хқес  --  кесте,  ... 
www.webirbis.ksu.kz/.../cgiirbis_32.exe 
4.  МСФО  будет  звучать  так  -  Халықаралық  Қаржы  Есептілік  Стандарттары  -  ХҚЕС  
www.balans.kz/topic12972.html 
5.
 
www.uza.ucoz.kz/_ld/0/34___.doc 
                                        
Каталог: accounting-and-auditing
accounting-and-auditing -> Статистика академиясы алматинская академия экономики и статистики
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»
accounting-and-auditing -> Статистика академиясы алматинская академия экономики и статистики
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит»
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені

жүктеу 5.75 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет