Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет9/17
Дата29.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

 
3.  Қорларды бағалау әдістері 
 
Материадцық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады: 
1   Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі 
2.
 
Орташа ӛзіндік құнын есептеу әдісі 
3.
 
ФИФО әдісі 
Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі 
Арнайы  сәйкестірілген  есептеу  әдісі  әдетте  бірімен  бірін алмастыруға болмайтын 
немесе  кәсіпорында  ерекше  тәртіппен  пайдаланылатын  (асыл  металдардың,  асыл  тас-
тардың  т.б.)  нақтылы  бір  материалдық  қорлардың  бағасын  есептеуге  арналған.  Бұл  әдіс 
жұмсалынған  материалдар  мен  істелінген  жұмыстардың  нақты  ӛзіндік  құнын  есептеп 
шығаруды  кӛздейді.  Сондай-ақ  бұл  есептеу  әдісі  сатылып  алынғанына  немесе 
кәсіпорынның  ӛзінде  ӛндірілгеніне  қарамастан  арнаулы  жоспарлауға  арналған 
материалдардың ӛзіндік қүнын есептеуге арналған. 
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі 
Орташа  ӛзіндік  қүнын  есептеу  әдісі  бойынша  кәсіпорынға  кіріске  алынған  әрбір 
материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша  бағасын 
анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының (түрінің) 
орташа  ӛзіндік  құны  ұйымдағы  материалдардың  есепті  айдың  басындағы  қалған 
қалдығының  құнымен  ай  бойы  кіріске  алынған  материалдар  құнының  жиынтығын 
(қосындысын) материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай  бойы кіріске 
алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бӛлу арқылы анықталады. 

 
62 
ФИФО есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске 
алынғандарының ӛзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы 
бойынша  материалдық  қорлардың  бірінші  кезекте  кіріске  алынғаны,  алғашқы  болып, 
яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша  айтатын болсақ, барлық 
келіп  кіріске  алынған  материалдар  бірінен  соң  бірі  кіріске  алынғандағы  кезегі  бойынша 
шығыс  етіледі  деп  есептелінеді.  Бұл  жағдайда  ай  соңында  кәсіпорынның  қоймасында  қалған 
материалдардың ӛзіндік қүны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады. 
ФИФО әдісі бойынша: 
Бірінші  кіріс  етілгендер,  соның  ішінде:  айдың  басындағы  кәсіпорынның 
қоймасындағы  материалдардың  қалдық  саны  50  дана  сомасы  5000  теңге,  бірінші 
топтамада  кіріске  алынғаны  100  дана  сомасы  11000  теңге,  екінші  топтамада  кіріске 
алынғаны  80  дана  сомасы  9600  теңге,  үшінші  топтамада  кіріске  алынған 
материалдардың  тек  қана  20  данасы  сомасы  2600  теңге  шығыс  етіледі.  Барлығы  250 
(50+100+80+20) дана, сомасы 28200 (5000+11000+ +9600+2600) теңгенің материалдары. 
Материалдар  баланста  нақты  ӛзіндік  құны  бойынша  керсетіледі.  Сонымен  қатар 
материалдар  ӛздерінің  топтамалық  (синтетикалық)  есебінде  нақты  ӛзіндік  құнымен 
кӛрсетіледі  де,  ал  талдамалық  (аналитикалық)  есебінде  жоспарлы  есептеу  бағасымен 
немесе  келісілген  бағасы  бойынша  кӛрсетіледі.  Егер  кәсіпорын  материалдық  қорлардың 
талдамалық  (аналитикалық)  есебін  келісілген  бағасы  бойынша  есептейтін  болса,  онда 
олардың нақты қүны материалдық қорлардың сатылып алынған құны мен дайындау-
тасымалдау  шығындарының  қосындысынан  тұрады.  Бұлардың  құрамына  теміржол 
тарифы, кӛлік, ұшақ басқа да тасымалдау құралдарының тарифтері, жарналар, материалды 
тиеуге,  түсіруге  кеткен  шығындар,  материалдық  қорларды  дайындаушылардың  іссапары 
шығындары,  қамсыздандыруға  тӛленген  тӛлем  және  басқа  да  шығындар  жатады.  Егер 
материалдық  қорлардың  талдамалық  (аналитикалық)  есебі  жоспарлы  есептеу  бағасы 
бойынша есептелетін болса, онда олардың нақты ӛзіндік құны жоспарлы есептеу құнына 
баға ӛзгеруінен болатын ауытқуларды қосу немесе алу арқылы анықталады. 
Бұл бағаны кәсіпорынның немесе ұйымның ӛзі жоспарланған дайындау-тасымалдау 
шығындарын ескере отырып есептеп шығарады. Жалпы материалдық қорларды есептеуде 
заттай және ақшалай ӛлшемдер қолданылады. 
 
4. Материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі 
 
Қоймалардан  түскен  құжаттар  жік-жігімен  жинақталып,  жӛнелту  қағаздарымен 
жабдықталып,  содан  соң  олардың  деректерін  бухгалтериядағы  мәліметтерімен 
салыстырады. Құжаттардың бірінші даналары кейінгі есептік ӛңдеуге пайдаланылады, ал 
екінші даналары материалдар сақталатын орындарда қалады, олар құндылықтар топтары 
және  номенклатуралық  нӛмірлер  бойынша  орналасады.  Олар  анықтамалық  мақсаттарда 
және  қоймалар  мен  бухгалтериядағы  есеп  деректерін  салыстырып  тексеру  үшін 
пайдаланылады. 
Салыстырудан  кейін құжаттардың  деректері  кәсіпорында  белгіленген  есеп  топтары 
бойынша  /материалдар,  ағаш  материалдары  және  т.с.с./  материалдарды  жинақтап  есепке 
алудың  жинақтаушы  тізімдемесінде  топтастырылады,  ол  тауарлық-материалдық 
құндылықтарының  кірісі  мен  шығысы  бойынша  «Материалдар»  1310-шы  және 
«Тауарлар»  1330-ші  ішкі  бӛлімдердің  жинақтаушы,  шоттары  материалдар  топтары 
бойынша жүргізіледі.  
Бухгалтерияда  материалдың  жинақтама  есебінің  жинақтаушы  тізімдемесінің 
негізінде /сальдо әдісі қолданылғанда/ немесе материалдық жағынан жауапты адамдардың 
материалдық құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы есеп берулерінде /егер 
сальдо әдісі қолданылмаса/ «Материалдардың ақша түріндегі қозғалысы» деген тізімдеме 
жасалады. Бұл тізімдемеде материалдық құндылықтардың қоймалар немесе материалдық 
жауапты  адамдар  арасындағы  қозғалысы  кӛрсетіліп,  нақты  ӛзіндік  құны  мен  есептік 
бағалары  бойынша  бір  айдағы  материалдық  құндылықтардың  қалдықтары  мен  кірісі 
туралы  деректерге  орай  КДШ-ың  орташа  процентін  /нақтылы  ӛзіндік  құнының  есептік 

 
63 
бағадан  ауытқүын  +,--/  есептеп  шығарады.  Табылған  процент  бойынша  жұмсалған 
материалдық құндылықтардың құны нақты құн деңгейіне дейін жеткізіледі. Тізімдеме екі 
бӛлімнен тұрады. 
Бірінші  бӛлімде  кәсіпорынға  нақты  ӛзіндік  құны  мен  есептік  құны  бойынша 
материалдардың  түсуі  туралы  деректер  жинақталады,  КДШ  немесе  ауытқулардың  /+,--/ 
сомасы  мен  проценті  айқындалады,  есептен  шығарылуға  тиіс  материал  қалдықтарына 
КДШ /ауытқу/ сомасы болады. 
Тізімдеменің  екінші  бӛлімінде  «Материалдық  жинақтама  есепке  алудың 
жинақтаушы  тізімдемесі»  немесе  материалдық  жағынан  жауапты  адамдар  жасаған 
материалдық  құндылықтардың  қалдықтары  мен  қозғалысы  туралы  есеп  берулер 
деректерінің  негізінде,  құндылықтардың  есептік  бағасы  мен  нақтылы  ӛзіндік  құны 
бойынша  қалдықтары  мен  қозғалысы  туралы  деректердің  жиынтығы  жасалады.  Бұл 
бӛлімнің деректері «Материалдар» 1310-шы немесе «Тауарлар» 1330-ші ішкі бӛлімдердің 
шоттары жӛніндегі Бас кітаппен салыстырылады. 
 
Ӛзін- ӛзі бақылау сҧрақтары: 
1.Қорлар анықтамасы, жіктелуі; 
2.Қорлардың қозғалысының есебі; 
3. Қорларды құжаттау; 
4. Қорларды бағалау; 
5. Қорларды есепке алу жүйелері 
 
Пайдаланылған  әдебиеттер 
1.Кеулимжаев К.К., Кудайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері                       
2008ж. 
2.Кеулимжаев К.К.т.б «Кәсіпорындағы қаржылық есеп», Алматы, Экономиа 2009; 
 
3.В.Л. Назарова «Шаруашылық субъектілерінің бухгалтерлік есебі» Алматы, 
Экономиа 2010;Оқулық  
4.В.К. Радостовец  «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»  Алматы 2008 
 
          Тақырып 8. Ҧзақ мерзімді активтердің есебі 
Дәріс  мақсаты:  Негізгі  құралдар  мен  материалдық  емес  активтер  жайлы  түсінік 
беру, олардың түрлерін айқындау және де ұйымда есебін дүргізі тәртібін ұғындыру  
Дәріс сҧрақтары: 
1. Негізгі құралдар және олардың жіктелуі мен бағалануы 
2. Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі 
3. Негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясының есебі 
4. Негізгі құралдарды жӛндеудің есебі 
5. Материалдық емес активтер есебі 
 
Дәріс мазмҧны: 
         1. Негізгі құралдар және олардың жіктелуі мен бағалануы 
 
Ұйымда  негізгі  құралдардың  есебі  №2  ҰҚЕС  және  16-ҚЕХС-на  сәйкес 
ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын 
меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды. 
Инвентарлық  объектілер  негізгі  құралдың  есеп  бірлігі  болып  табылады. 
Инвентарлық  объект  күрделі  әрі  жай  болып  келеді.  Негізгі  құралдың  есебін  дұрыс 
ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады. 
Ӛндіріс  процесіне  қатысу  сипатына  байланысты  негізгі  құралдар  ӛндірістік  және 
ӛндірістік емес болып екіге бӛлінеді. 
Негізгі өндіріс құралдарына ӛндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, 
олардың  кӛмегімен  ӛнімді  әзірлеген  кезде  еңбек  құралдарына  (машина,  құрал-жабдық, 

 
64 
құрал-саймандар  т.б.)  әсер  ету  жүзеге  асады  немесе  ӛндірісті  жүргізу  үшін  қажет 
материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар, ӛткізгіш қондырғылар). 
Негізгі  ӛндірістік  құралдардың  пайдалануын  сипаттайтын  шолушы  экономикалық 
кӛрсеткіші  —  қор  қайтарымы  болып  табылады,  ол  негізгі  құралдардың  бір  ӛлшеміне 
шаққандағы ӛндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі ӛнімді кӛрсетеді. 
Өндірістік  емес  негізгі  құрал-жабдықтар  —  тұтынуға  арналған  құрал-жабдықтар. 
Олар  ұжымның  мәдени-тұрмыстық  (ғимараттар,  тұрғын-үй  коммуналдық 
шаруашылық,  денсаулық  сақтау  мүлкі,  т.б.)  қажеттіліктерін  ұзақ  мерзім  бойы  ӛтеуге 
арналған. 
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бӛлінеді. Меншікті 
дегеніміз  —  субъектіге  тиесілі  және  оның  балансында  кӛрініс  табатын  негізгі  құралдар. 
Белгіленген  мерзімге  шарт  бойынша  басқа  субъектіден  алынған  негізгі  құралдар,  жалға 
алынған  құралдар  болып  саналады.  Оларды  жалға  берушінін  балансында  есептейді, 
жалға алушы 001-ші "Жалға алынған негізгі құралдар" баланстан тыс шотында есептейді. 
Жалға  алу  мерзімі  аякталған  соң  немесе  ол  аяқталмай  тұрып,  жалға  алушы  келісілген 
бағамен сатып алуына болады.  
Оларды  
2411-ші "Жер",  
2412-ші "Үйлермен ғимараттар",  
2413 "Меншік және құрал-жабдықтар, ӛткізгіш   қондырғылар",  
2414-ші "Кӛлік құралдары", 
2415-ші  "Басқа  да  негізгі  кұралдар"  шоттарының  тиісті    аралық  шоттарында 
есептейді. 
Пайдалану  сипатына  қарай  негізгі  құралдар  жұмыс  істеп  тұрған,  істемей  тұрған 
(тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бӛлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп 
тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар — 
бұл  жұмысы  тоқтатылған  немесе  басқа  жағдайларға  байланысты  уакытша 
пайдаланбайтын  негізгі  құрал-жабдықтар.  Қорда  тұрғандар  болып  жұмыс  істеп  тұрған 
құрал-жабдықтарды  жоспарлы  түрде  олардың  запас  бӛлшектерін  ауыстыру  үшін 
тоқтатылған объектілер есептеледі. 
Заттық  құрамына  қарай  негізгі  құралдар  мүліктік  және  мүліктік  емес  болып  бӛлінеді.       
Мүліктікке (заттай) кӛрінісі бар, яғни санауға және ӛлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, 
машиналар,  жабдықтар)  жатады.  Мүліктік  еместерге  пайдаланылатын  жер,  орман 
алқабы,  су  ресурстары  (ғимаратгардан  басқа күрделі  қаржы  салымы,  яғни  заттық  нысаны 
жоқ  шығындар  (жер  учаскелерін,  егістік  үшін  пайдаланылатын  жерді  ӛндеу,  жалға 
алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады. 
Әр  субъектіде  негізгі  құралдар  пайдалану  мақсатына  және  аткаратын 
кызметтеріне қарай мынандай түрлерге (топтарға) бӛлінеді: 
- жер; үйлер; ғимаратгар; ӛткізгіш тетіктер;  
-  машиналар  және  құрал-жабдықтар  (соның  ішінде  автоматгы  машиналар  және 
кұрал-жабдық);  
-  күш  беретін  машиналар  және  жабдықтар;  жұмысшы  машиналар  және 
жабдықтар;                                                                                                                     ӛлшеу 
және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар;    есептеу 
техникасы;  
-  басқа  машиналар  мен  құрал-жабдық;  кӛлік  құралдары,  құрал-сайман;  ӛндірістік 
мүлік және жабдықтар;  
-  шаруашылык  мүлкі;  жұмысшы  және  ӛнім  беретін  мал;  кӛп  жылдық  екпе  ағаштар; 
жерді жақсартуға (ғимаратгарсыз) шыққан күрделі шығын; баска да негізгі кұралдар. 
 
2.Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі 
 
Негізгі  құрал-жабдықтарды  бір  кәсіпорыннан  екіншіге  беру  екі  дана  етіп 
дайындалатын,  №НҚ-1  үлгідегі  акт  арқылы  жүзеге  асырылады.  Акт  негізінде  мүліктік 

 
65 
түгендеу карточкалары мен негізгі құрал-жабдықтардың мүліктік түгелдеу тізіміне негізгі 
құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі қойылады. негізгі 
құралдардың  субъектінің  ӛз  ішінде  цехтан  цехқа/  орын  ауыстыруы  №НҚ-1  үлгідегі  акт 
арқылы  жүзеге  асады.  Оның  негізінде  негізгі  құрал-жабдықтардың  кӛшуі  туралы 
объектілердің  тұрған  жеріндегі  мүліктік  түгелдеу  тізімдеріне  және  мүліктік  түгелдеу 
карточкаларына  белгі  соғылады.  Негізгі  құралдар  орын  ауыстырғанда  2410  «Негізгі 
құралдар»  бӛлімшесі  шотының  дебеті  және  кредиті  бойынша  бухгалтерлік  жазу 
орындалады. 
Амортизациялық  аударымдар  ӛнімнің,  жүмыстардың  және  қызметтердің  ӛзіндік 
құнын қүрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Амортизациялық аударымдар 
сомасын  кӛтеру  немесе  түсіру  ӛндіріске  жұмсалатын  шығынның,  жалпы  табыстың 
кӛлемінің бұзылуына, бұдан барып салық салудағы дәлсіздікке әкеліп соғады. 
Амортизация  (латынның  ӛтеу  деген  сӛзінен)  -  тозуына  қарай  негізгі  қүралдардың 
қүнын олардың кӛмегімен ӛндірілетін ӛнімге аударатын объективті процесс; арнайы ақша 
қаражатгарын-негізгі  қүралдарды  (негізгі  капиталды)  қарапайым  және  кеңейтіп  ӛндіру 
үшін  ӛндіріс  немесе  айналыс  шығындарына  енетін  амортизациялық  аударымдарды 
пайдалану.  Амортизация  үшін  еңбек  қүралдарының  ӛндіріс  процесіне  және  қүн  жасауға 
қатысу  ерекшеліктері  объективті  негіз  болады.  Негізгі  қүралдардың  қызмет  мерзімінің 
үзақтығы  нәтижесінде  олардың  қүны  ӛнімге  бір  циклда  толықтай  емес,  олардың  табиғи 
және сапалық тозуына қарай бӛлек-бӛлек ӛтетін болады. Ӛнімнің қүнының бӛлігі ретінде 
амортизация бірнеше кезеңнен ӛтеді: бітпеген ӛндіріс, дайын және сатып-ӛткізілген ӛнім 
элементі  болып  қызмет  етеді.  Оның  бітпеген  ӛндіріс  және  дайын  ӛнім  кезеңдеріндегі 
қозғалысы  айналым  қаражаттарының  аванстандырылуын  (алдын  ала  ақша  жұмсалуын) 
тәлап етеді. 
 
3. Негізгі құралдардың тозуы мен амортизациясының есебі 
 
Амортизациялық  аударымдар  қатардан  шыққан  негізгі  қүралдарды  қайта  қалпына 
келтіру үшін жүмсалады. Сондықтан да қызмет етуінің бүкіл кезеңіндегі амортизациялық 
аударулар  мӛлшері  жоюдан  түскен  таза  түсімді  (жою  қүнын)  алып  тастағанда,  олардың 
бастапқы (қалпына келтіру) қүнына тең болуы керек. 
Амортизациялық  аударулар  амортизация  нормалары  бойынша  жүзеге  асырылады. 
Амортизация  нормасы—амортизациялық  аударымдардың  жылдық  сомасының  негізгі 
қүралдардың орташа жылдық қүнына процентпен кӛрсетілген қатынасы. Нормалар еңбек 
қүралдарының  ӛтелуінің  нормативтік  мерзімін  кӛрсететін  экономикалық  тиімді  қызмет 
мерзіміне  қарай  белгіленеді.  Олардың  деңгейі  техникалық-қүрылымдық  және 
материалдық-заттық  ерекшеліктеріне  қарай  бағаланатын  негізгі  қүралдардың  қанша 
мерзімге  арналғанына  және  табиғи  тозуына;  негізгі  қүралдардың,  әсіресе  пайдаланудағы 
машиналар  мен  жабдықтардың нақты  жасына;  қолданылып  жүрген еңбек  қүралдәрының 
моралдық жагынан тозуына тікелей қатысты. 
Мынандай  негізгі  құралдар  бойынша  амортизация  есептелмейді:  ӛнім  беретін 
малдарға,  буйволдарға,  ӛгізге,  бұғыларға;  кітапхана  қорларына;  қаланы  кӛріктендіру 
ғимараттарына;  ведомостволық  әкімшіліктерге;  ортақ  пайдаланатын  автомобиль 
жолдарына;  белгіленген  тәртіпппен  тоқтатылған  қорларға;  бюджеттк  ұйымдардың 
қорларына. 
Кәсіпорындар  негізгі  құралдардың  белгіленген  амортизациялау  нормасына  және 
балансты  құнына  сүйеніп  субъект  балансында  тұрған  жекелеген  топтар  немесе  мүліктік 
объектілер бойынша ай сайын амортизациялық аударымдар жасап отырады. 
Есептелген амортизация сомасы ай сайын ӛндірлген ӛнімнің, орындалған жұмыстың 
немесе  кӛрсетілген  қызметтің  ӛіндік  құнына  апарылады;  маусымдық  ӛндірістерге 
амортизациялық аударымдардың жылдық сомасы кәсіпорынның жыл ішінде жұмыс істеу 
кезеңнің ӛндірістік шығындарына қосылады. 
Бір  жыл  ішінде  осы  ай  үшін  амортизациялық  аударымдардың  мӛлшерін  айқындау 
ӛткен  есептелген  амортизациялық  аударымдар  сомасынан  сүйеніп,  ілгерідегі  айдағы 

 
66 
негізгі  құралдар  құрамындағы  ӛзгерістерге,  сондай-ақ  толығымен  амортизацияланған 
негізгі  құралдардың  нормативті  қызмет  ету  мерзімі  ӛтуіне  байланысты  белгіленген 
нормаларға сай реттеліп жасалады. 
Жаңадан пайдалануға берілген негзгі құралдар бойынша амортизация есептеу келіп 
түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі ұүралдар 
бойынша шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.  
Толығымен  амортизацияланған  негізгі  құралдар  бойынша  амортизация  есептеу  бұл 
қорлардың  құны  ӛнімнің  (жұмыстың,  қызметтің)  құнына  толықтай  ауысқан  айдан  кейін 
туатын айдың бірінші қүні тоқтатылады.  
2410    шотында    есептелген  негізгі  құралдар  ай  сайын  амортизацияланады. 
Амортизация  есептеу  кезінде      2410  шоты  дебеттеледі  жӛне  және  2420  «Негізгі 
құралдардың тозуы» шоты кредиттеледі. 
Негізгі  құралдардың  құны  бойынша  амортизацияны    бірқалыпты  (түзу  сызықты) 
есептеу әдіс яғни обьектінің құны оның қызмет ету мерзімі ішінде ӛндіріс шығындарына 
біркелкі  апарылады  Бұл  әдіс  негізгі  құралдардың  тозуы  оның  қызмет  ету  мерзімінен 
ұзақтығына  байланысты  деп  пайымдауға  негізделген  және  ол  бухгалтерлік  есептің 
отандық тәжірибесінде қолданылып жүрген әдіс.  
Амортизацияны орындалған жұмыстардың кӛлеміне пропорционалды түрде есептеу 
ӛндірістік тәсіл. 
Бұл  әдіс  негізгі  құралдардың  тозуы  тек  пайдалану  нәтижесі  болып  табылады  және 
оны  есептеу  процесінде  уақыт  бӛліктері  ешқандай  роль  атқармайды  деген  пайымдауға 
негізделген. 
Амортизацияны  есептеудің  жеделтілген  әдістері.  Бұл  әдістер  ӛндірістік  мақсатта 
пайдаланылатын  негізгі  құралдардың  кӛптеген  түрлері  пайдаланудың  алғашқы 
жылдарында тиімдірек жұмыс істейді немесе жоғарғы ӛнімділік қабілетін кӛрсетеді деген 
пайымдауға негізделген. Амортизацияны есептеудің жеделтілген әдіс: 
          .а) Азайып отыратын қалдық әдісі. 
Азайып  отыратын  қалдық  әдісі.  Бұл  әдіс  те  кумулятивтік  әдістің  принциптеріне 
негізделген. Оны екі еселенген амотизациялау нормасын қолдану арқыл азайып отыратын 
қалдық әдісі деп те атайды. 
Қалдық  құнды  азайту  үшін  қажетті  шамамен  шектелетін  соңғы  жылды  қоспағанда, 
тозуды есептеен кезде жойылу құны есепке алынбайды деп саналады.  
 
4. Негізгі құралдарды жӛндеудің есебі 
 
Негізгі  құралдардың  аналитикалық  есебі  бухгалтерияда,  шаруашылық  мүліктің  бір 
типті  заттарынан,  құрал-сайманнан  және  бірдей  ӛндірістік  немесе  шаруашылық 
жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы мен қүны бірдей бір ӛндірістік бӛлімшеде 
орналасқан  басқа  да  заттарды  ескермегенде,  әр  мүліктік  объектіге  ашылатын  Мүліктік 
карточкаларда  жүргізіледі.  Мүліктік  карточканың  негізгі  құрал-жабдықтардың      барлық 
түрлеріне  арналған  біртұтас  типтік  үлгісі  /ү.№  НҚ--6/  тӛменде  келтірілген.  Бұл 
карточканы бухгалтерияға келіп түскен негізгі құрал-жабдықтардың актілері, техникалық 
тӛлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырады. Карточкада обьектілердің және 
олардың  жекелеген  құрылымдық  элементтерінің  сипаттамасы  техникалық  құжаттама 
мәліметтерін  қайталамайтын  етіп,  қысқа  және  объектінің  жеке  ерекшеліктері  дәл 
кӛрсетілуі  керек.  Мүліктік  карточка  бухгалтерияда  әр  объекііге  немесе  жекелеген 
обьекіілердің  тобына  жүргізіледі.  Топтық  есеп  жағдайында  карточка  негізгі  құрал-
жабдықтардың жекелеген обьектілерінің позициялық  жазбалары жолымен толтырылады. 
Негізгі  құрал-жабдықтарды  басқа  субьектіге  тапсыру  (беру)  кезінде,  сондай-ақ  негізгі 
құрал-жабдықтар  обьектілерінің  субьект  ішінде  орын  ауыстыруы  кезінде  негізгі  құрал-
жабдықтардың шығуы туралы белгі соғуға «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын 
ауыстыру»  актісі  (ү.  №  HK,-1),  ескіруі  және  тозуы  салдарынан  негізгі  құрал-жабдықтар 
обьектілерін есептен шығаруда «Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі» (ү. 
№  НҚ-3)  негіз  болады.  Құрылысты  салып  бітіру,  жабдықтап  бітіру  қайта  құру  және 

 
67 
жаңалау  бойынша  аяқталған  жұмыс,  обьектіні  жӛндеу  туралы  жазбалар  карточкада 
«Жӛнделген,  қайта  құрылган  және  жаңаланған  объектілерді  қабылдау-тапсыру  актілері» 
(ү. № НҚ-2) негізінде жүргізіледі. 
Негізгі  құрал-жабдықтарды  есептен  шығару  негізгі  құрал-жабдықтарды  /автокӛлік 
құралдарынан  басқа/  толық  және  ішінара  есептеп  шығару  кезінде  пайдаланылатын 
"Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы Акт" /ү. № НҚ—3/ арқылы жүзеге асады. Актіні 
субъектінің  басшысы  тағайындаған  комиссия  немесе  соған  уәкілетгі  адам  екі  дана  етіп 
дайындайды.  Актінің  1-ші  данасы  бухгалтерияға,  беріледі  де,  екіншісі  негізгі  құрал-
жабдықтардың  сақталуына  жауапты  кісіде  болады  және  есептен  шығарғаннан  кейінгі 
қалған қосалқы бӛлшектерді, материалдарды, металл сынықтарын және тағы басқаларын 
қоймаға ӛткізуге негіз болып табылады. 
Есептен  шығаруға  жұмсалған,  сондай-ақ  жоюдан  және  үйлерді,  ғимараттарды 
бұзганнан,  құрал-жабдықтарды  бӛлшектегеннен  тускен  материалдық  қүндылықтардың 
бағасы  актінің  «Обьектіні  есептен  шығару  нәтижелерінің  есебі»  деген  бӛлімінде 
қарастырылады.  
Баланстан  автокӛлік  қүралдарының  барлық  түрін  есептеп  шығару  "Автокӛлік 
құралдарын есептен шығару актісінде" /ү. № НҚ--4/ кӛрсетіледі. Актіні комиссия екі дана 
етіп  дайындап,  субъектінің  басшысы  немесе  ӛкілетті  уәкіл  бекітеді.  Бір  данасы 
бухгалтерияға  берілсе,  екіншісі  негізгі  құрал-жабдықтардың  сақталуына  жауапты  кісіге 
беріледі  де,  ол  автокӛлік  техникасын  есептен  шығарудан  кейін  қалған  материалдық 
құндылықтар мен металл сынықтарын қоймаға тапсыруға негіз болып табылады. 
 
 
5. Материалдық емес активтер есебі 
Каталог: accounting-and-auditing
accounting-and-auditing -> Статистика академиясы алматинская академия экономики и статистики
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»
accounting-and-auditing -> Статистика академиясы алматинская академия экономики и статистики
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит»
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет