Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/17
Дата29.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

 
 
 1) Бастапқы  қалдық (дебеттік)                         Бастапқы қалдық болмайды 
2) Айналым сомасыкӛбеюді кӛрсетеді              Айналым сомасы азаюды кӛрсетеді 
3) Соңғы қалдық дебеттік                                   Қалдық болмайды 
 
 
 
Дт                                                                                                            Пассивті  шот  үлгісі                                                           
Кт 
 
 
1) Бастапқы қалдық болмайды                             Бастапқы қалдық кредиттік 
2) Айналым сомасы азаюды кӛрсетеді                Айналым сомасы кӛбеюді кӛрсетеді 
3) Қалдық болмайды                                              Соңғы қалдық кредиттік 
 
         
          2.  Шаруашылық  операцияларының  тіркелуі  мен  олардың  бухгалтерік  есеп 
шоттарында кӛрсетілуі. 
 
Шаруашылық  операцияларының  есебі.  Кез-келген  шаруашылық  ӛмірдің  фактілерін 
қалыптастыратын  ұйым  бухгалтерлік  жазбаларды  жүзеге  асырады.  Қаржы-шаруашылық 
қызметінің  жазбаларының  негізі  алғашқы  құжаттар  болып  табылады.  Алғашқы 
құжаттардан  мәліметтер  есеп  регистрлеріне  аударылады,  яғни  мұнда  олар  жүйеленеді 
немесе бухгалтерлік шоттарға жазылады. Әрбір бухгалтерлік іс-әрекет нақты құжаттармен 
жүзеге асырылады /шот- фактура, накладной, ордер, акт, наряд тағы басқалары/. Бұлардың 
барлығы алғашқы құжаттардың түрлері болып табылады. 
Құжат  –  бұл  шаруашылық  операцияларын  жазбаша  куәландыратын  және 
бухгалтерлік есеп мәліметтеріне заңды күш беретін куәлік болып табылады. 
Бухгалтерлік есеп тәжірбиесінде құжаттарды 3 топқа бӛліп қарастырады: 
-
 
алғашқы құжаттар /бір операцияға ғана/; 
-
 
есеп  регистрлері  /операциялардың  экономикалық  мазмұнына  қарай  және 
типтеріне қарай жинақталған/; 
-
 
есеп беру құжаттары /баланс және басқа да формалар/; 
Ақпаратарды  тереңірек  қарастыру  үшін  алғашқы  жазбалардың  кітаптары 
қолданылады – ведомостар мен журнал-ордерлер. 
Әрбір  шаруашылық  іс-әрекеттері  үшін  қолданылатын  кесте  журнал  деп  аталады. 
Журналға  жазбалар  хронологиялық  ретпен  енгізіледі.  Мұндай  жазбалар  бухгалтерлік 
кітапқа  /Бас кітапқа/ жазылады. 
Ағымдағы  есептің  шаруашылық  операциялары  олардың  жинақталу  жағдайларына 
байланысты  шоттарда  жазылады.  Егер  экономикалық  мазмұнына  қарай  біртекті  іс-
әрекеттер  кӛп  болса,  алғашқы  құжаттардың  негізінде  жинақ  немесе  топтастырылған 
ведомостер жасалады. Бұл шоттардағы жазбалар санын азайтуға мүмкіндік береді. 
          
          3.Бухгалтерлік есеп шоттарының жабылуы. Қорытынды баланс. 
 
Кәсіпорындардың  түпкі  мақсаты  –  пайда  табу  болып  табылады.  Пайданың  жалпы 
сомасын шығару үшін «Табыстар» мен «Шығыстар» айырымын есептеу қажет. Шоттарды 

 
50 
жабу  жұмыстары  да  осы  пайданың  кӛлемін  белгілі  бір  мерзімге  қарай  есептеу  үшін 
орындалады. 
Халықаралық  бухгалтерлік  есеп  стандарттарында  қолданылып  келе  жатқан  тәртіп 
бойынша  шоттарды  жабу  үшін  ең  әуелі  қосымша  пайда  «Жинақ  шоты»  ашылады.  Бұл 
шотқа  «Табыстар»  мен  «Шығыстар»  шоттары  бойынша  жинақталған  қалдықты  кӛшіріп 
жазу керек. 
Мысалы,  «Табыстар»  шотындағы  соңғы  қалдық  20000  теңге  болып,  «Шығындар» 
шотындағы соңғы қалдық 13000 теңге болса, онда бұл мәліметтерді шотқа түсіреміз. 
 
Дт             Пайда    Жинақ              Кт 
 
 
              13000                                         20000 
 
 
Мұның  негізінде  «Пайда-Жинақ»  шотындағы  пайда  7000  теңгені  құрағандығын 
кӛруге  болады.  Бұл  сома  есепті  жылға  жататын  сома.  Сондықтан:  «Пайда  –  Жинақ» 
шотының  дебеті  арқылы  түскен  пайданы  «Бӛлінбеген  таза  пайда»  шотының  кредитіне 
жазамыз.  Мұның  нәтижесінде  уақытша  қолданған  «Пайда  –  Жинақ»  шоты  жабылады. 
Кәсіпорынның пайда жӛніндегі қорытынды есебі тӛмендегідей тәртіппен жасалады.  
А кәсіпорнының  пайда жӛніндегі есебі: 
Табыстар        20 000 
Шығындар     13 000 
Пайда              7 000 
Осылайша  пайда  жӛніндегі  есептің  (қорытынды)  негізіне  сүйене  отырып, 
бухгалтерлік  есептің  жинақтаушы  шоттары  «Табыстар»,  «Шығыстар»  және  «Пайда  – 
Жинақ»  шотары  жабылады.  Бұл  шоттар  уақытша  ендірілген.  Бұл  шоттарды  әрбір  есепті 
жылдың  басында  ашып,  жыл  аяғына  дейін  жүргізуге  болады.  Активті  қаражаттарға 
арналған шоттардағы бастапқы қалдық дебеттік, ал міндеттемелер мен капитал есебі және 
қозғалысын  жүргізуге  арналған  шоттардағы  бастапқы  қалдық  кредиттік  болатынын  есте 
сақтау  қажет.    Активті  қаражаттар  мен  міндеттемелер  және  капитал  есебіне  арналған 
шоттардағы соңғы қалдық келесі кӛшіріліп отырады.  
Сонымен  пайданы  есептеуге  арналған  шоттар  уақытша  енгізілген,  ал  баланстық 
шоттар тұрақты шоттарға жатады. 
Кӛптеген  кәсіпорындар  ӛз  пайдаларын  дұрыс  есептеу  және  жан-жақты  таңдауға 
ыңғайлы  болу  үшін  табыстар  мен  шығындар  шоттарын  жекелеген  шығын  баптарына 
жіктеп кӛрсетеді. Мысалы, еңбек ақы, негізгі құралдарды пайдалану, сақтандыру сияқты 
шығындарды. 
Кейбір жағдайларда табыстарды есептеу отыру үшін 2-3 номенклатуралық бап қажет 
болса, шығындар есебіне 10-ға жуық баптар енгізуге тура келеді 
 
          4.Есеп регистрлері. 
 
Кәсіпорынның  қызмет  орны  туралы  қажетті  ақпарат  алу  үшін,  олар  ӛздерінің  іс-
әрекеттерін бухгалтерлік құжаттарға кӛрініске алады.  
Есептік  регистрлер:  арнайы  сызықтары  бар  есептік  мәліметтерді  топтастыру  және 
тіркеу  үшін,  арналған  қағаз  –  парақтары.  Бухгалтерлік  құжаттардан  жазбаларды  есептік 
регистрлерде түсіру, тіркеу деп аталады.  
Бухгалтерлік есепте есептік регистрлер келесі топтарға жіктеледі: 
1.
 
Пайдалану мақсаты бойынша; 
1.1.
 
Хронологиялық  –  бұл  регистрлерге  шаруашылық  іс-әрекеттер  орындалу 
мерзімі  бойынша  тіркеледі  (құжаттардың  бухгалтерияға  түсу  кезектілігінен).  Оларға: 
кассалық кітап, жүктің түсуі туралы журналдар, т.б. жатады. 

 
51 
1.2.
 
Жүйелік – бұл регистрлерде экономикалық мазмұны бойынша топтастырылған 
шаруашылық іс-әрекеттер тіркеледі. Мысалы: бас кітап, журнал-ордерлер,  
1.3.
 
Аралас-регистрлерге  жазбалар,  хронологиялық  және  жүйелік  тәртіпте 
түсіріледі. Осы есептік регистрлер кеңінен тарағана ең ыңғайлы форма. Оларға: кӛптеген 
журнал-ордерлер және тізімдемелер жатады.  
2.
 
Мазмұнының кӛлемі бойынша; 
2.1.
 
Синтетикалық  –  бұл  регистрлер  шаруашылық  мүліктерімен  олардың  қайнар 
кӛздерін  жалпылама  түрде,  кӛрініске  алу  үшін  салынған.  Мысалы:  бас  кітап,  айналым 
тізімдемесі. 
2.2.
 
Аналитикалық. 
3.
 
Сыртқы пішіні (түрі) бойынша; 
3.1.
 
Карточкалар – бірдей форматтағы аналитикалық есеп регистрлері карточкалар 
бӛлек есептік тіркеу бланкілері. 
3.2.
 
Бас парақтар – жеке қағаз парақтарда жасалған есептік ақпараттарды түсіруге 
арналған  формасы  мен  жолақтары  бар  және  де  белгілі  бір  мақсатқа  байланысты, 
пайдалантын регистрлер. 
3.3.
 
Кітаптар  –  бұл  арнайы  жасақтары  бар  беттеліп  тігілген  парақтардан  тұратын 
регистрлер. Кітаптарда қажетті ақпараттарға арналған баспа сӛзбен жасалған реквизиттер 
бар. Ең кең тараған кітаптарға: бас кітап жән кассалық кітап жатады.  
3.4.
 
Машинаграммалар  –  бухгалтерияны  компьютерлендіру  кӛмегімен  жасалған 
аналитикалық  және  синтетикалық  есеп  регистрлері.  Олардың  сыртқы  пішіні  ақпарат 
түріне байланысты болады.  
Кітаптарға  жазба  түсірмесе  бұрын,  олардың  беттерін  нӛмірлеп,  арнайы  мӛрмен 
мӛрлеп,  бас  бухгалтер  ӛз  қолын  қояды.  Регистрлер  ашылған  кезде  оларға  ӛткен  айдағы 
регистрден  қалдықтарды  түсіреді  және  қажеттілігі  болса,  айналымдарды  түсіреді.  
Регистрлерлерге  жазбаларды  түсірген  кезде  құжаттың  нӛмерін,  мерзімін,  іс-әрекет  
мазмұнын,  сомасын кӛрсетеді. Бұл текті мінездемесі бар іс-әрекеттер алдымен жинақталу 
тізімдемелерде  жинақталады.  Ай  соңында  бұл  ақпараттар  синтетикалық  немесе 
аналитикалық  регистрлерге  түсіріледі.  Айдың  соңында  осы  регистрлердің  дебеттік  және 
кредиттік  айналымдар  сомалары  есептелінеді.  Қажеттілігі  болса,  ай  соңында  қалдық 
шығарылады. Осы регистрлердегі қалдықтар, айналымдар, айналым тізімдемесін жасауға 
және  ағымды  бақылау  жүргізуге  пайдаланады.  «Қаржылық  есеп  беру»  жасауға  дейін 
барлық  еептік  регистрлер  мұқият  тексерілуі  керек,  анықталған  қателіктер  дер  кезінде 
теңелуі қажет.  
 
             5.Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.  
 
            Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру кӛптеген негізгі факторларға байланысты: бизнес 
типі, кәсіпорын кӛлемі, оның ұйымдастыру-басқару құрылымы және тағы басқалар. 
Қазақстан  Республикасында  заңды  тұлғалар  коммерциялық  және  коммерциялық 
емес  болып  қалыптасуы  мүмкін.  Коммерциялық  негіздегі  кәсіпорындардың    негізгі 
мақсаты  –  пайда  табу  болып  табылса,  коммерциялық  емес  негіздегі  кәсіпорындардың 
негізгі мақсаты - әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады. Ұйымдастыру-құқықтық 
түрлеріне байланыссыз бұл кәсіпорындардың барлығы бухгалтерлік есептерін жүргізеді. 
Ұйымдардың  ұйымдастыру  және  ӛндірістік  құрылымы  және  олардың  ішкі 
шаруашылық  қатынастары  бухгалтерлік  есепті  құрастыру  кезіндегі  базис  болып 
табылады.  Бухгалтерлік  есептің  функцияларын  орындау  үшін  ұйымдарда  бухгалтерия 
аппараты құрылады, яғни онда әр түрлі қызмет атқаратын бухгалтерлер қызмет атқарады.  
Бухгалтерлік есеп жүргізу әрбір ұйым үшін міндетті болып табылады. Бухгалтерлік есепті 
жүргізу, шоттар жоспарымен жұмыс жасау, қаржылық есеп беру, салық тӛлеу және тағы 
басқалардың реті заңмен бекітілген ретпен жүзеге асырылады. 
Осылайша  бухгалтерлік  есепті  ұйымдастыру  деп  есеп  жұмысын  ұйымдастыруға 
байланысты іс-шаралардың жиынтығын айтамыз. 

 
52 
Бухгалтерлік  есепті  ұйымдастырудың  негізгі  принциптері  тиімді  шешім  қабылдау 
үшін қолданушыларға бухгалтерлік ақпараттармен қамтамасыз ету үшін бухгалтерлік есеп 
ролінің жоғарылауы болып табылады.  Бухгалтерлік есеп ӛңделген есеп саясатына сәйкес 
және  ұйымдардың  технологиялық  ерекшеліктері  мен  оның  кӛлеміне  қарай 
ұйымдастырылады. Шаруашылық процесіндегі ӛнім ӛндіру, қызмет кӛрсету, жұмыстарды 
орындау ерекшелігі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктеріне әсер етеді. 
Бухгалтерлік  есептің  ұйымдастырылуына  тікелей  жауапты  кәсіпорын  басшысы 
болып  табылады.  Бухгалтерлік  есепке  және  аудитке  әдістемелік  жетекшілік  ету  ҚР-ның 
Қаржы министрлігімен жүзеге асырылады, яғни оған байланысты әр түрлі қажетті арнайы 
құжаттарды ӛңдейді және бекітеді. Барлық шаруашылық субъектілерінде біртекті Типтік 
шоттар жоспары қолданылады. ҚР-ғы бухгалтерлік есептің және қаржылық есеп берудің 
ұйымдастыру жүйесі ҚР-ның «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңға 
сай  және бухгалтерлік есеп стандартына сай жүргізеді. 
Шаруашылық  субъектілерінде  бухгалтерлік  есепті  ұйымдастыру  кезінде  келесі 
принциптер қамтамасыз етілуі қажет: 
-  бір  есеп  беру  жылынан  екінші  жылға  кӛшу  кезінде  және  есеп  беру  кезінде 
бекітілген әдістеменің тиімділігі; 
-  барлық  шаруашылық  операциялары,  меншікті  капитал,  міндеттемелер,  мүліктер 
есеп беру кезінде есепте толық кӛрсетілуі қажет/ай, тоқсан, жыл/. 
-  ағымдағы  шығындарды  пайда  болу  орнына  қарай  және  жауапкершілік 
орталығына  қарай  бӛлу,  сондай-ақ  ӛндіріс  шығындары  мен  ұзақ  мерзімді  салымдарды 
бӛлу. 
- шығындар мен кірістерді, бӛлінбеген пайданы /зиянды/ кезеңдер бойынша бӛлу. 
Қазіргі  заманғы  шаруашылық  субъектілерінің  бас  бухгалтерлері  қаржылық  және 
басқару есебіне тікелей қатынасы бар қаржылық жетекші болып табылады. Ол ұйымдағы 
есепті  және  аудитті  ұйымдастырушы  және  жетекшілік  ететін  тұлға.    Әрбір  бухгалтер 
есепті жүргізудің негізгі ережелері мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етуі қажет, 
ол жоғарғы аппаратқа әрбір бӛлімше бойынша қаржылық есеп беруді беруі қажет. 
Нарық жағдайларына кӛшуге байланысты бухгалтерлерге қойылатын талаптар да 
жоғарылауда, яғни олар қазіргі заман талаптарына сай есеп техникасын меңгеру қажет, әр 
түрлі компьютерлік бағдарламаларды меңгеруі қажет, қаржыландыру және несиелендіру 
мәселелерін толық білуі керек, бизнес-жоспарды құру, ӛндіріс технологиясын 
ұйымдастыру негіздерін толық білуі керек. 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1. Бухгалтерлік құжаттар, олардың атқаратын қызметі мен жіктелінуі. 
2.Түгендеу 
3.Бухгалтерлік есепке енгізілуі формалары 
4.Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері. 
Негізгі әдебиеттер 
1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2008 
2.  Радостовец  В.К.  Радостовец  В.В.,  Шмидт  О.Ю.  «Бухгалтерский  учет  на 
предприятии»  Алматы, 2010 
3.  Әбдіманапов  Ә.,  Раимов  С.  Бухгалтерлік  есеп  принциптері  және  қаржылық  есеп 
беру, Алматы  2008 
 
 
Тақырып 6. Кірістер және ақша қаражатының есебі 
Дәріс мақсаты:  Ұйымдағы ақша қаражаттарының есебін жүргізуді  үйрету  және де 
ақшалардың қозғалысын бақылаудың ішкі жүйесін ұғындыру,  дебиторлық борышты тану 
мен  бағалау  мәселелерін  қарастырып,  студенденттерге  дебиторлық  борыштың  есебін 
ұйымдастыру тәртібімен таныстыру 
Дәріс сҧрақтары: 
1. Ақша қаражаттары есебін ұйымдастыру 

 
53 
2. Касса операцияларының есебі 
3. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыш есебі 
4. Күмәнді дебиторлық борыштар 
 
5. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі 
 
Дәріс мазмҧны: 
1. Ақша қаражаттары есебін ұйымдастыру 
 
Актив деп кәсіпорынның ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері мен құқықтарын, 
мүліктерін  (заттарын)  айтады.  Олар  ұйымның  ӛткен  уақыттардағы    қызметінің  нәтижесі 
болып  есептеледі.  Кәсіпорындар  мен  ұйымдар  ӛзінің  меншігіндегі  активтерін  сол 
кәсіпорынды басқару, ӛнім ӛндіру, басқадай заңды және жеке тұлғаларға қызмет кӛрсету, 
яғни  ұйымның  алдағы  уақыттарда  табыс  табуы  үшін  пайдаланады.  Осы  активтерді 
пайдалану  арқылы  алдағы  уақыттарда  алынатын  кіріс  (пайда)  -  кәсіпорындар  мен 
ұйымдардың  ақшаларына  тікелей  немесе  жанама  түрде  келіп  қосылып  оның  кӛлемін 
(үлесін)  арттырып  отырады.  Жалпы  бұл  үлестің  кӛбейуі  (артуы)  кәсіпорынның  негізгі 
немесе  негізгі  емес  қызметтері  нәтижелерінде  пайда  болуы  мүмкін.  Кәсіпорындар  мен 
ұйымдардың активтерді пайдалану арқылы табатын кірістері (пайдалары): 
-
 
ӛнім ӛндіру нәтижесіңде; 
-
 
қызмет кӛрсету нәтижесінде; 
-
 
басқа активтерге айырбастаудың нәтижесінде; 
-
 
міндеттемелерді  ӛтеу үшін пайдалану нәтижесінде; 
-
 
ұйымның  меншік иелері  арасында   бӛліске  түсуі нәтижесінде және тағы да 
басқа операциялардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін. 
Кәсіпорындар  активтерді  ӛздері  ӛндіріп  шығару  (жасап  шығару),  сатып  алу  немесе 
басқалардан уақытша жалға алу арқылы иеленеді. Активтер ӛздерінің пайдалану мерзіміне 
қарай мынадай екі топқа бӛлінеді: 
-
 
ағымдағы   активтер   (бір   жыл   уақыт   аралығында пайдаланатын). 
-
 
ұзақ мерзімді активтер (бір жылдан артық уақыт пайдаланатын); 
 
2. Касса операцияларының есебі 
 
Кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  кассасы  жұмысшы-қызметкерлерге  есептелінген 
еңбекақы  бойынша  есеп  айырысу  үшін,  күнделікті  кӛлік  құралдарына  қажетті 
шығындарды  (жанар-жағар  майға)  тӛлеп  отыру  үшін,  кеңсе  тауарларын  сатып  алу  үшін, 
сондай-ақ  ұйымның  хат  және  басқа  да  құжаттарды  пошта  арқылы  жӛнелтуі  үшін  есеп 
айырысуға  арналған.  Касса  арнайы  жабдықталған,  яғни  дабылдама (дыбыстық белгілер, 
сигнализация)  орнатылған,  және  ақшаларды  сақтайтын  сейфі  бар  белмеде 
орналастыруды  қажет  етеді.  Кассадағы  нақты  ақшалар  касса  қызметкерінің  мӛрі  сүргіш 
(сургуч) арқылы басылып жабылатын сейфте сақталуы тиіс.  
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан нақты ақша кассалық шығыс ету ордері 
немесе  тиісті  үлгілі  түрде  дайындалған  басқа  да  ақша  тӛлеу  тізімдемелері,  сондай-ақ 
кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  басшысы  мен  бас  бухгалтерінің  қолдары  қойылған  ақша 
алу үшін жазылған ӛтініштер,  шоттар  тағы  да  басқа  құжаттар  бойынша  беріледі. Бұл 
құжаттарға  кассалық  ордердің  деректемесі  (реквизиті)  кӛрсетілген  мӛртаңба  (штамп) 
басылуы  керек.  Егер  кассалық  шығыс  ету  ордеріне  қоса  тіркелген  құжаттарда 
кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  басшысының  "рұқсат  етемін"  деген  жазуы  және  қолы 
қойылған  болса,  онда  кассалық  шығыс  ету  ордеріне  оның  қол  қоюы  аса  қажет  болып 
саналмайды.  Кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  кассасыннан  нақты  ақша  кассалық  шығыс 
ету  ордері  немесе  тиісті  үлгілі  түрде  дайындалған  басқа  да  ақша  тӛлеу  тізімдемелері, 
сондай-ақ  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  басшысы  мен  бас  бухгалтерінің  қолдары 
қойылған ақша алу үшін жазылған ӛтініштер, шоттартағы да басқа құжаттар бойынша 
беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің  деректемесі  (реквизиті) кӛрсетілген мӛртаңба 
(штамп) басылуы керек. Егер кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген  құжаттарда 

 
54 
кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  басшысының  "рұқсат  етемін"  деген  жазуы  және  қолы 
қойылған  болса,  онда  кассалық  шығыс  ету  ордеріне  оның  қол  қоюы  аса  қажет  болып 
саналмайды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету 
ордері  бойынша  ақша  берген  кезде  касса  қызметкері  нақты  ақша  алушы адамның тӛл 
құжатын  немесе  ӛзін  куәландыратын  басқа  да  құжаттарын  кӛрсетуді  талап  етуі  керек. 
Сонымен қатар касса қызметкері осы кӛрсетілген құжаттарда жазылған деректерді, яғни ақша 
алушы адамның аты-жӛнін, құжатының нӛмірін және ол құжатгы кім бергендігін, қай уақытта 
берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы тиіс. Кассадан нақты ақша алушы адамдар 
кассалық  шығыс  ету  ордеріне  алып  жатқан  соманың  теңгедегі  бӛлігін  жазумен,  ал  тиынын 
сандармен кӛрсетеді. Кассалық кіріс ету ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық 
шығыс  ету  ордері  және  оның  орнына  жүретін  немесе  оған  қосымша  тіркелетін құжаттарды 
кӛсіпорындар  мен  ұйымдардың  бухгалтерия  қызметкерлері  сиямен  немесе  шарикті 
қаламсаппен анық етіп толтырулары қажет. Бұл құжаттарды ӛзгертуге олардағы сандармен 
әріптерді түзетуге,  ӛшіруге  ешқандай  рұқсат  етілмейді.  Кассалық  кіріс  ету  және  кассалық 
шығыс ету ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын 
бухгалтерия қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады.  
  
3.Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыш есебі 
 
Барлық  ұйымдар  ӛз  ақша  қаражаттарын  банк  мекемелерінің  тиісті  шоттарында 
сақтап және міндеттемелері бойынша тӛлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз 
нысанда,  ал  қажет  жағдайда  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банктің  нормативтік 
құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.  
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін 
Қазақстан  Республикасының  банк  мекемесінде  банк  шоттарын  ашады.  Банк  шоттары  – 
бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын кӛрсететін әдіс. Банк 
шоттары  теңгемен  де,  валютамен  де  жүргізіледі  және  ол  ағымдық,  жинақтық, 
корреспонденттік болып бӛлінеді. 
Корреспонденттік  шоттар  –  банк  шоттары,  банктер  мен  ұйымдардың  кейбір 
операция түрлерін жүзеге асырады. 
Ағымдағы және жинақтаушы шоттар – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және 
заңды  тұлғалар  үшін,  сондай-ақ  заңда  тұлғалардың  оқшауланған  бӛлімшелері  үшін  де 
ашылған. 
Шетелдік  валюта  қаражаттардың  қолда  бары  мен  қозғалысын  есептеу  үшін 
ұйымдарға  арнап  ағымдағы  (есеп  айырысу)  шоттары  ашылуы  мүмкін.  Ол  сыртқы 
экономикалық  қызметін  жүзеге  асыратын  және  ӛнімін  валютаға  сататын  ұйым  үшін 
ашылады. 
Ұйым  шоттарындағы  қаражат  олардың  иелерінің  әмірі  бойынша  шығарылады. 
Ұйымның  рұқсатынсыз    қаражатты  есептен  шығаруға  соттың,  мемлекеттік  салық 
қызметінің  рұқсатымен  және  қолданылып  жүрген  заңдарда  кӛзделген  басқа  ұйымдарда 
ғана жіберілуі мүмкін. 
Ұйымның  шоттарынан  тӛлем  жасау,  егер  заңдарда  ӛзгеше  кӛзделмесе,  ұйымның 
басшысы белгіленген кезекпен жүзеге асырады. 
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны тӛлеу мен аударуды жүзеге асыруда 
келесі  әдістерді:  қолма-қол  ақшаны  аударуды;  тӛлем-тапсырманы  ұсынуды;  чектерді 
беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; тӛлем карточкасын 
пайдалануды;  тікелей  дебеттік  банкі  шоттарына  аударуды;  тапсырма-талап  тӛлемдерін 
ұсынуды;  инкассалық  жарлығын  ұсынуды;  республиканың  заң  актілерімен  белгіленген 
басқа әдістерін пайдаланады. 
Ақшасыз  есеп  айрысудың  негізгі  нысандары:  тӛлем  тапсырма,  чек,  вексель, 
тапсырма-талап тӛлемдері, кеден мен салық органдарының инкассалық органдары болып 
табылады. 

 
55 
Тӛлеушілер  мен  алушылар  ӛзара  есеп  айырысу  нысандарын  келісім-шарт  негізінде 
анықтайды,  сондай-ақ  олардың  арасында  болатын  талаптары  мен  міндеттерді  есепке 
жатқыза алады. 
Тӛлем  тапсырмалармен  есеп  айырысу.  Тӛлем  тапсырмалары  онда  кӛрсетілген 
соманы  бенефициардың  пайдасына  ақшаны  жіберушіге  қызмет  кӛрсететін  банк 
алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты 
және  тауарлы-материалды  құндылықтарды  ӛтеу  үшін  есеп  айырысу  кезінде,  сондай-ақ 
қызмет  пен  тауарға  есеп  айырысқан  кезде,  аванстық  тӛлемдер  жасаған  кезде  тӛлем 
тапсырмаларын пайдаланады. 
Тӛлем  жасаушы  банкке  белгіленген  нысандағы  бланкілердегі  тӛлем  тапсырманы 
ұсынады. Тапсырмаға қоса тӛлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын шот-
фактуралар  және  тӛлемдердің  мақсатын  растайтын  басқа  да  құжаттары  бірге 
тапсырылады.  Тӛлем  тапсырмалары  жазылып  берілген  күннен  бастап  10  күн  бойы 
күшінде  болады  (жазылған  күні  есепке  алынбайды).  Тӛлем  тапсырмалары  тӛлем 
жасаушының  шотында  қаражат  болғанда  ғана  қабылданады.  Тӛлем  құжаттарын 
электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір 
банк ӛздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі 
банкте қалдырылады да , оның электрондық кӛшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екінші 
иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, мӛр басылып қайтарылады. 
Тӛлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері кӛрсетіледі: 

 
Тӛлем тапсырмасының нӛмірі; 

 
Тӛлем тапсырмасының жазылған күні; 

 
Жеке теңестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК); 

 
Жіберуші мен бенефициардың банк шоттарының нӛмірі; 

 
Каталог: accounting-and-auditing
accounting-and-auditing -> Статистика академиясы алматинская академия экономики и статистики
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»
accounting-and-auditing -> Статистика академиясы алматинская академия экономики и статистики
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит»
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет