Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/17
Дата29.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы, 2012г. 
 
 

 
36 
Тақырып 1. Ақпараттық жҥйесі ретіндегі бухгалтерлік есеп. 
 
Мақсаты: Бухгалтерлік есепті экономикалық ақпараттың кӛзі ретінде және басқару 
шешімдерін  қабылдауда  ролі  мен  маңызың  ашып,  ҚР-да  оның  заң  жүзінде  реттелуін 
таныстыру 
Дәріс сҧрақтары: 
1.Ғылым  ретіндегі  бухгалтерлік  есепітің  пайда  болуы  және  қалыптасуының  тарихи 
аспектісі. 
2.Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау. 
3.Бухгалтерлік есеп пәні, әдісі және міндеті. 
 
Дәріс мазмҧны 
1.Ғылым  ретіндегі  бухгалтерлік  есепітің  пайда  болуы  және  қалыптасуының  тарихи 
аспектісі. 
 
1.  Ғылым  ретіндегі  бухгалтерлік  есеп  -    баршамызға  белгілі  кез-келген  саладағы 
бизнес  табысы  кӛбінесе  бухгалтерлік  есептің  дұрыс  жүргізілуіне  тікелей  байланысты 
болып табылады.  Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялары бизнес тілі 
болып  табылады.  Бизнес  барлық  қатынасушыларын  бір  мақсат  біріктіреді,  яғни 
бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті және толық болуы шарт.  
Бухгалтерлік есеп деп – кәсіпорындарды ақпараттар және мәлімттермен қамтамасыз 
ететін мәні  мен пәні бар жүйені  айтамыз. Нарықтық  қатнастардың экономикалық  ӛмірге 
енуіне байланысты, әсіресе коммерциялық бағыттағы және меншікті кәсіпорындар табыс 
табуды  мақсат  тұтады.  Егер  бухгалтерлік  есепті  кәсіби  бухгалтерлер  мен  ақпараттарды 
пайдаланушылардың  кӛз  қарасы  тұрғысынан  қарайтын  болсақ,  онда  бухгалтерлер  үшін 
ақпараттардың  қашан  және  қандай  жұмыстарын  жүргізумен  қатар,  қаражаттар  мен 
олардың  құралу  кӛздерінің  қозғалысын  есептеп,  қорытынды  есепке  түсіру  мақсаты 
туындайды.  
Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялар экономикалық процестің 
негізгі фазаларымен сәйкес тіркелуі қажет. Ол фазаларға келесілер жатады: 
1.
 
Активтер мен олардық кӛздерінің қалыптасуы; 
2.
 
Инвестициялар; 
3.
 
Қаржы  активтерінің    қалыптасуы  /экономикалық  ресурстардың/    және 
міндеттемелерді қабылдау
4.
 
Ӛндіріс процесімен байланысты активтерде ӛзгерістердің болуы; 
5.
 
Табыстардың  қалыптасуы; 
6.
 
Табыстардың бӛлінуі және қайта бӛлінуі; 
7.
 
«Бӛлінбеген  пайданың»  қалыптасуы  және  оның  ӛндіріс  процесін  кеңейтуге 
қолданылуы; 
Осы  мақсаттарға  сәйкес  бухгалтерлік  есеп  келесі  негізгі  міндеттерді  шешуге 
негізделеді: 
-  басқару  шешімдерін  қабылдауға  қажетті  ұйымдардың  қызмет  нәтижелері  және 
шаруашылық  процессі  туралы  толық  ақпараттармен  қамтамасыз  ету,  сонымен  қатар,  ол 
ақпараттардың  инвесторлармен,  кредиторлармен,  қаржылық,  салықтық  және  банк 
органдарымен қолданылуын қамтамасыз ету
-  экономикалық  ресурстардың  рационалды  қолданылуы  және  мүліктердің  нақты 
бары мен олардың қозғалысына бақылау жасауды қамтамасыз ету; 
- кәсіпорынның басты мақсаты - табыстың ӛсіміне жету үшін бәсекелестік шартында 
қызмет ететін ұйымдардың бизнес – циклдарының дамуының орындалуын қадағалау; 
-  ұйымдардың  активтерін  тиімді  қолдану  есебінен  ӛнім  кӛлемінің  есепте  және  есеп 
берулерде ӛсу жағдайы; 
- ақпаратты қолданушылар үшін дер кезінде мәліметтерді беру; 

 
37 
-  ҚР-ның  «Салық  және  басқа  да  бюджетке  тӛленетін  міндетті  тӛлемдер»  Кодексі 
және «Бухгалтерлік есеп туралы Заңды», сонымен қатар, басқа да заңдар мен нормативті 
актілерді сақтау жағдайын бақылау. 
 
2. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау   
 
Бухгалтерлік  есеп  ӛрісіндегі  кӛрсеткіштер  жүйесін  қалыптастырылып,  бұл  үрдісті 
дұрыс  ұйымдастырудың  басты  мақсаты  -  сыртқы  пайдаланушылар  мен  кәсіпорын 
басшыларын  ақпараттармен  қамтамасыз  ету.  Ақпараттармен  қамтамасыз  ету  басқару  
жүйесінің  элементіне  жатады.  Басқару  дегеніміз  –  шешім  қабылдау,  ал  тиімді  басқару 
үшін ақпараттар жүйесін жинақтау арқылы кӛптеген берекесіздіктерді, түсінбеушілік пен 
орын  алған  қарама-қайшылықтарды  дұрыс  шешуге  болады.  Яғни  ақпараттар  ӛз  бетінше 
қалыптаспайды,  мұның  үшін  мәліметтер  қажет,  ал  мәліметтер  ақпараттар  жүйесін 
құрайды. Ақпараттар деп шаруашылық ӛміріндегі фактілердің орын алғандығын хабарлау 
дейміз.  
Нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін 
пайдаланушылардың  мақсаты  бәсекелестікті  тұрғыда  болатындығынан  ақпараттарды 
пайдаланушылар арасында қарама-қайшылықтар да болуы мүмкін. Сондықтан ақпараттар 
жүйесі  түсінікті  әрі  қарапайым  жолдармен  аса  бір  сапалы  және  жоғарғы  деңгейде 
орындалуы  крек.  Ақпараттардың  мағынасы  мен  кӛрсеткіштері  логикалық  санаға 
сиятындай болуы жӛн.  
Сонымен  бухгалтерлік  есеп  аса  кӛп  ақпараттардан  тұрады.  Кӛптеген  ақпараттарды 
жинақтап  жүйеге  түсіру  кәсіби  мамандардың  ғана  қолынан  келеді.  Ақпараттарды 
жинақтап,  бухгалтерлік  есеп  жүйесіне  түсіру  үшін  кӛптеген  талаптар  мен  арнайы 
ережелер  қажет.  Бұларға:  шындық,  ӛз  уақытында,  қажетті  дәлділік  т.б.  талаптар 
қойылады. Ақпараттар жүйесіне қойылатын талаптардың ең маңыздысы өз уақытындағы 
дер кезіндегі орындалатын талап. 
          
         3. Бухгалтерлік есеп пәні, әдісі және міндеті. 
Ӛндірістік  кәсіпорындар  мен  ұйымдар  бухгалтерлк  есепті  қолданудың  негізгі 
учаскелері  болып  табылады.  Онда  оның  кӛмегімен  барлық  шаруашылық  қызметінің 
үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде 
қатысушылардың салымдары еебінен қорлар жасалады. Олар ӛндіріс процесіне, бӛлініске, 
айналым мен тұтынуға қызмет етеді. 
Сонымен,  қалыптастыру  кӛздерімен  байланыстағы  шаруашылық  құралдары  және 
шаруашылық  қызметі  процесіндегі  олардың  айналымы  бухгалтерлік  есептің  пәні  болып 
табылады.  Пәніне  сипаттама  бере  келіп,  бухгалтерлік  есептің  объектілерін  айырып  алу 
керек.  Олардың  құрамы  халық  шаруашылығының  алуан  түрлі  салаларындағы 
кәсіпорындардың  меншік  нысандарына,  ерекшеліктеріне  және  функцияларына 
байланысты. 
Кәсіпорындағы  есептің  маңызды  объектілеріне:  материалдық  емес  активтер, негізгі 
құралдар,  материалдар,  еңбек  ақы  бойынша  есеп  айрысу,  ӛнім  ӛндіру,  жабдықтау,  ӛнім 
ӛндіру  және  сату  процестеріндегі  шығындар,  ақша  қаражаттары  мен  есеп  айрысулар, 
қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады. 
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер мен тәсілдер жүйесі 
құрайды.  Олар  құжаттау,  түгендеу,  бухгалтерлік  балама  асау,  екі  жақты  жазу  әдісін 
қолдап  жинақтамалы  және  талдамалы  шоттар  жүйесін,  мүліктер  мен  міндеттемелерді 
бағалау, калькуляциялау мен кәсіпорынның есеп беруі арқылы жұзеге асырылады. 
Құжаттау  –  шаруашылық  операцияларын  құжаттардың  кӛмегімен  олар  жасалған 
сәтте және сол жерде бастапқы тіркеу.  
Құжат  бухгалтерлік  жазбалар  үшін  міндетті  негіз  болып  саналады.  Әрбір 
шаруашылық  операциясына  ол  жасалған  сәтте  құжат  жасалады,  онда  құжаттың  атауы, 
операцияның  мазмұны,  оның  жасалған  күні,  ӛлшем  бірлігі,  операцияның  жасалуына 
жауапты адамдардың қойған қолдары кӛрсетіледі.  

 
38 
Түгендеу  –  мүліктің  нақты  қолда  барын  бухгалтерлік  есептің  деректері  бойынша 
заттай  сәйкестігін  тексерудің  әдісі.  Ол  бухгалтерлік  есеп  деректерінің  растығы  пен 
кәсіпорын меншігінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі.  
Бағалау  –  бұл  натуралды  кӛрсеткіштерді  ақшалай  кӛреткіштерге  аударудың  әдісі. 
Мұның  ӛзі  шаруашылық  қорлар  мен  олардың  қорлану  кӛздері  туралы  жалпылама 
деректерді  алу  үшін  бухгалтерлік  есепте  ақшалай  кӛрсеткіштерді  міндетті  түрде 
пайдаланумен  байланысты  болып  отыр.  Кәсіпорынның  мүлкі  мен  оның  кӛздерін 
бағалаудың  шынайлығы  мен  дұрыстығы  бухгалтерлік  есептің  барлық  жұйесін  құру 
кезінде маңызды болмақ. Бағалаудың принциптері нормативтік актілермен реттелінеді.  
Калькуляция  –  шығындарды  топтастыру  мен  сатып  алынған  материалдық 
құндылықтардың әзірленген ӛнімдір мен атқарылған жұмыстардың ӛзіндік құнын анықтау 
әдісі. Ӛнімнің ӛзіндік құнын калькуляциялау нормативтік құжаттармен реттелінеді.  
Шоттар және  екіжақты жазу. 
Бухгалтерлік есептің шоттары біртектес шаруашылық операцияларын топтастыруға 
және  ағымдағы  есебін  жүргізуге  арналған.  Қорлардың  әрбір  түрі  мен  олардың  кӛздеріне 
жеке шот ашылады.  
Екі  жақты  жазу  –  шаруашылық  операцияларын  бухгалтерлік  есептің  шоттарында 
тіркеудің әдісі. Бұл әдістің мәні - әрбір шаруашылық операциясы екі рет тең сомамен бір 
шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазылады.     
   
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1. Бухгалтерлік есепке анықтама беріңіз. 
2. Бухгалтерлік есептің принциптеріне түсініктеме беріңіз. 
3. Бухгалтерлік есептің пәніне және объектісіне түсініктеме беру керек. 
4. Бухгалтерлік есептің элементіне түсініктеме беру керек. 
  Негізгі әдебиеттер 
1.    Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2008 
2.  Радостовец  В.К.  Радостовец  В.В.,  Шмидт  О.Ю.  «Бухгалтерский  учет  на 
предприятии» Алматы, 2010 
3.  Әбдіманапов  Ә.,  Раимов  С.  Бухгалтерлік  есеп  принциптері  және  қаржылық  есеп 
беру, Алматы  2008 
Қосымша әдебиеттер 
1. Бетке И. Балансоведение пер. с анг. М: Бухгалтерский учет 2009 
   
Тақырып 2. Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары 
Мақсаты:  Бухгалтерлік  есептің  концептуалдық  негізін  айқындап,  оның  негізін 
қалаушы принциптерді ұғындыру 
Дәріс сҧрақтары: 
1. Бухгалтерлік есептің концептуалды негізі. 
2. Ақпараттық есеп қағидаларының негізін құрушы: есептеу, үздіксіз әрекет. 
3.  Қаржылық  есеп  берудің  сапалық  сипаттамасы:  түсініктілік,  сенімділік,  сақтық, 
сәйкестілік. 
 
Дәріс мазмҧны: 
1. Бухгалтерлік есептің концептуалды негізі 
 
Директивтік  экономиканың  нарықтық  экономикаға  ауысуының  салдары  болып 
табылатын  Қазақстандағы  бухгалтерлік  есеп  жүйесіндегі  ӛзгерістер  оның  жаңа 
сипаттамаларының  пайда  болуына  әкелді.  Сондықтан  да  әр  елде  және  экономиканың  әр 
салаларындағы  есептерде  біршама  айырмашылықтар  бар.  Яғни  бұл    қаржылық  есеп 
берудің    қандай  да  бір  жалғыз,  әмбебап  формасы  жоқ  дегенді  білдіреді.  Сонымен  қатар 
ұйымның  қаржылық  есеп  беруін  құрастыратын  келісілген  ережелер  жиыны  да  жоқ. 
Сондықтан  да  әр  түрлі  ұйымдардың  бухгалтерлік  баланстарының  кейбір  бӛлімдері 
арасында  ӛзгешеліктер  болуы  мүмкін.  Баланс  құратын  бухгалтерлерге  кейде  бағалауды 

 
39 
құндық  әдіс  бойынша  жүргізуге  тура  келеді.  Олар  таңдаған  әдістің  маңызы  зор,  алайда 
қолданудағы  нәтижелер  одан  да  маңыздырақ.  Бұл  айырмашылықтарға  қарамастан 
жалпыға  ортақ  болып  саналатын  негіз  қалаушы  бірнеше  қағидалар  бар.    Әр  түрлі 
бухгалтерлік  баланстың  элементтері  арасында  айырмашылықтар  болғанымен,  олар  негіз 
қалаушы  қағидамен  жасалынған.  Бухгалтерлік  ақпарат  ӛздігімен  қолданылмайды, 
пайдалы  ақпарат  алуға  болатын  мәліметтер  ғана  қолданыста  болады.  Сондықтан 
нарықтық  қатынастың  қатысушыларының  қызметтері  туралы  ақпараттар  экономикалық 
тауар  болып  табылады.  Есептік  ақпараттың  тиімділігін  ӛлшеу,  бағалау  қиын,  дегенмен 
бухгалтерлік  есеп  жүйесіне  шоғырланған  тиімді  ақпараттар  тиімді  басқару  шешімдерін 
қабылдау  үшін  және  талдау  үшін  есеп  беруді  қамтамасыз  етеді.  Егер  екі  ұсыныстың 
бағасы бірдей болса, онда келешекте кӛп пайда әкелетін ұсынысқа назар аударылатынын 
біз білеміз. Бухгалтер ӛз қызметін сыртқы және ішкі деп қарастыруы мүмкін. Бухгалтердің 
ішкі қызметі ұйым үшін активтерді тиімді басқару маңызды. Сыртқы қызметіне ұйымның 
әртүрлі  активтеріне  салынған  инветициялардың  пайдалылығын  анықтау  жатады. 
Сондықтан да бухгалтер бухгалтерлік есеп берудің екі түрін жүргізеді: бірі ішкі қолданыс 
үшін, екіншісі сыртқы қолданыс үшін.  
Қазақстндық қаржылық есеп беру формасында сонымен қатар кепілді және кепілсіз 
несиелер бойынша, несиенің пайыздық  ставкасы туралы, несиені қайтару мерзімі туралы 
ақпарат жарияланбайды.  
Қаржылық 
есеп 
беруді 
құру 
келесі 
ӛзара 
байланысты 
баланстық 
жалпыламалардан тұрады: 
1.  Ұйым  активтері  =  меншікті  капитал  +  міндеттемелер.  Берілген  теңдеу 
бухгалтерлік және қаржылық есеп беруде міндетті түрде қолданады.  
2.  Кірістер  =  тұтынылған  ресурстар  сомасы  +  еңбекақы  шағындары  + 
міндеттемелер бойынша пайыздар + салық шағындары + үлестірілмеген табыс.  
3. Үлестірілмеген табыс = дивидендтер +мақсатты және резервтік қорлар құру + 
үлестірілмеген табыс қалдығы (таза табыс).  
4. Операциялық қызметтентүскен ақша = инвистициялық қызметтен түскен ақша 
+  қаржылық  қызметтен  түскен  ақша  =міндеттемелерге  тӛлем  +  меншік  иелерінің 
міндетемелеріне тӛлем +  ұйымның ликвидтілігінің ӛсуі.  
Қаржылық есеп беру балансты теңдеудің (статьялық, динамикалық) қағидасымен 
жүйелілігін  максималды  дәл  кӛрсету  үшін  құрылады.  Жоғарыда  аталған  жүйелілік 
негізінде ұйым жұмысындағы мүдделі тұлғалардың әр тобының мүдделік және қаржылық 
жағдайын сипаттауға болады. 
Меншікті  капитал  –  меншік  иесінің,  құрылтайшылардың,  басқа  да 
қатысушылардың  пайда  әкелуші  базасы  болып  табылады.  Міндеттемелер  –  мемлекет 
немесе  серіктестер  арқылы  ұсынылған  (ӛкілетті  органдар  арқылы)  ұйымның  үшінші 
тұлғаларының  пайда  әкелуші  қайнар  кӛзі.  Ішкі  міндеттемелер  сонымен  бірге 
міндеттемелерді орындау, қарыздарды жабудың болашақ сапасы ретінде қарастырылады. 
Ұйымның  активтері  бухгалтерлік  баланста  кӛрсететін  ӛзінің  мүлкімен  ғана  емес, 
ұйымның  экономикалық  айналымына  тартылған  және  ұйымның  ӛзі  бақылау  жасайтын 
құралдардың сомасымен кӛрсетіледі. 
 
1.
 
Ақпараттық есеп қағидаларының негізін құрушы: есептеу, үздіксіз әрекет 
 
Бұл қағидалар бухгалтерлік есеп жүргізу әдістерін түсіндіреді. Жалпы бухгалтерлік 
есептің  ондаған  қағидалары  бар,  есеп  қағидалары  ыңғайлы  болуы  үшін  оларды  базалық 
/әдістемелік/ және қаржылық есеп беру қағидалары деп бӛледі.  
Бухгалтерлік  есеп  қағидалары  ең  алғаш  АҚШ-та    1936  жылы  қалыптасқан.  Оның 
авторы Вильям Эндрю Патон /1889-1991/ болып табылады.  Осыдан бастап АҚШ- та және 
басқа  да  елдерде    /ағылшын  тілдес/  бухгалтерлік  есеп  қағидаларын  дамыту  қарқынды 
жүруде. 
Сонымен, қаржылық есеп берудің жалпы қағидасы және оны қолданушыларға ұсыну 
мына тӛмендегі мәселелер туралы ақпараттарды ӛлшеу болып табылады: 

 
40 
-
 
қаржылық  жағдай  туралы,  ұйымның  қаржы  ресурстары  туралы,  ұйымның 
айналымына  таратылған  меншікті  және  займдық  капиталдардың  формалары  мен 
кӛлемдері туралы,  
-
 
есеп  беру  кезеңі  ішіндегі  ұйым  қызметтінің  қаржылық  нәтижесі  туралы, 
ұйымның  қаржылық  ресурстарының  негізгі  жабдықтаушылары  алған  экономикалық 
пайданың мӛлшері мен формасы туралы
-
 
ұйымның  қаржылық  жағдайы  ӛзгерістер  туралы,  ұйымның  қаржыландандыру 
қайнар  кӛзінің  ӛзгеруі  және  оларды  пайдалану  бағытының  ӛзгерістері,  есеп  беру  кезеңі 
ішіндегі негізгі курстар мен басқа да активтердің қозғалысы туралы;        
Қаржылық  есеп  берудегі  ақпаратты  ашудың  мұндай  ҚЕХС  талаптарына  сәйкес 
келеді.  Сонымен,  қаржылық  есеп  беру  қағидаларын,  бухгалтерлік  есептегі  ӛзгерістерге 
байланысты  олардың  дамуын  қарастырамыз  және  ҚЕХС  жазылған  қағидалар  мен 
Қазақстандағы ұлттық стандартты салыстырамыз. 
ҚЕХС талаптарына сәйкес қаржылық есеп берудегі құру қағидалары екі топқа бӛліп: 
қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары және негіз қалаушы жорамалдар. Негіз 
қалаушы жорамалдар үздіксіздік қағидасынан және (начисление) қағидасынан тұрады.  
 
3.  Қаржылық  есеп  берудің  сапалық  сипаттамасы:  түсініктілік,  сенімділік,  сақтық, 
сәйкестілік 
 
ҚЕХС  талаптарына  сәкес  қаржылық  есеп  берудің  сапалық  белгілері  түсінтілік, 
орындылық, сенімділік және салыстырмалық ұғымдарын анықтайды. 
Қазақстандық  «Қаржылық  есеп  берудің  ұсыну  мен  дайындаудың  негізгі 
концепциясында»  осы  тӛрт  қағида  бӛліп  кӛрсетілген.  Ескерте  кету  керек,  бұлардың 
айырмашылықтары жоқ. Бұл халықаралық практикада қабылданған есеп беру және  есеп 
жүйесіне ӛту үшін Қазақстанда кӛп нәрсе жасалынғанын білдіреді.  
Түсініктілік – бұл ақпарат сапасы. Кәсіпкерлік қызметпен айналысытын тұлғаларға 
ақпарат  жеткілікті  және  қол  жеткізуге  оңай  болуы  тиіс.  Тіпті  пайдаланушының  арнайы 
кәсіби дайындығы жоқ болса да, бұл ақпарат оған түсінікті болуы  керек.  
―Қаржылық есеп беруді ұсыну мен дайындаудың негізгі концепциясының‖ 7 тарау, 
25  пунктінде    айтылған:  Қаржылық  есеп  беруде  кӛрсетілген  ақпарат  пайданушыларға 
түсінікті  болуы  керек.  Қаржылық  есеп  беруді  пайданушылар  экономикалық  және 
шаруашылық  жағынан  айтарлықтай  білімді  және  бұлардың  бухгалтерлік  есеп 
ақпараттарын  зерттей  алатындай  мүмкіндігі  болғаны  жӛн.  Пайданушылардың 
экономикалық  шешім  қабылдауының  маңыздылығына  қарай  қаржылық  есеп  беруде 
кӛрсетілетін 
күрделі 
мәселелер 
белгілі 
бір 
пайдаланушылардың 
түсінуіне 
қиындықтуғызатын себептермен қаржылық есеп берудің ақпараттары құрамынан алынып 
тасталмауы керек. 
Сенімділік - мәнді қателері жоқ деп болжанатын ақпараттың қасиеті. Жарық кӛретін 
қаржылық  есеп  берулерде  басшылар    ұйымның  қаржылық  жағдайы  туралы    шынайы 
ақпараттарды  ұсыну  кезінде  ұйымға  қойылған  ресми  талаптарды  ескерулері  керек. 
Қателіктерді  мен  бұрмалаушылық  жоқ  кезінде    ақпараттар  сенімді  болып  табылады. 
Мысалы, (сотта қаралып жатқан)  шығындардың  орнын толтыру туралы талаптың негізгі 
мен  кӛлемі  таласқа  түссе,  компания  үшін  баланыстағы  барлық  талап  саласын  мойындау 
тиімсіз болып табылады,  дегенімен барлық талапқа байланысты  барлық   сапалар   мен 
міндеттемелерді  ашу орыны  болар еді. 
Сақтық.  Қаржылық  есеп  беруді  құрушылар  күмәнді  қарыздар  алу,  машиналар  мен 
қондырғылардың  қызмет  етулерінің  ықтималды  мерзімі,  кепілдік  беру  талаптарының 
мүмкіндік  болатын  кӛлемі  сияқты  белгісіздіктермен  күресуге  мәжбүр.  Сақтық  – 
ұйымдардың  табыстары  мен  активтері  жоғары  дәрежеде,  сондай-ақ  алынған 
міндеттемелердің тӛменгі дәрежеде бағаланып кетпеуіне сақтықпен қарау. 
Сәйкестілік. Табыс келтіру мақсатында жұмсалған шығындар сомасы осы кезеңдегі 
жұмсалған шығындар сомасынан құрамына жазылады. Яғни, компанияның осы кезеңде ӛз 

 
41 
қызметін іске асыру үшін жұмсаған шығындарының жиынтық сомасы осы кезеңде түскен 
табыстар сомасымен сәйкестендіріледі. 
 
Ӛз-ӛзін  бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Осы кездегі есеп жүйесі  құрылымдарының ӛзара байланысын сипаттаңыз. 
2.
 
Ұйымдардағы  сатылы  экономикалық  үрдістің  қалыптасуы  қандай  және  қанша          
кезеңдерден түрады?  Бұлардың әрқайсысына жеке-жеке сипаттама беріңіз. 
3.
 
Бухгалтерлік  есеп  қандай  экономикалық  қатынастар  мея  есеп  объектілерін 
сипаттайтын  пән?  
4.
 
Бухгалтерлік есеп жүргізудің ең әуелгі принциптерін атап, бүларға қысқаша түсінік   
беріңіз. 
5.
 
Бухгалтерлік  есептің  маңызы  мен  мәні  және  осы  жүйені  жүргізу  мен  аяқтау 
қандай  үрдістерден қалыптасады? 
6.
 
Халықаралық  бухгалтерлік  есеп  стандарттарына  сай  қабылданған  есеп      
жүйесіндегі талаптарды атап, бұлардың маңызын сипаттаңыз. 
7.
 
Бухгалтерлік есептің негізгі ұстамдарына сипаттама беріңіз. 
Негізгі әдебиеттер 
1.    Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2008 
2.  Радостовец  В.К.  Радостовец  В.В.,  Шмидт  О.Ю.  «Бухгалтерский  учет  на 
предприятии» Алматы, 2010 
3.  Әбдіманапов  Ә.,  Раимов  С.  Бухгалтерлік  есеп  принциптері  және  қаржылық  есеп 
беру, Алматы  2008 
Қосымша әдебиеттер 
1. Бетке И. Балансоведение пер. с анг. М: Бухгалтерский учет 2009 
 
Тақырып 3. Екі жақтылық қағидасы және баланстік теңдік 
 
Дәріс  мақсаты:  Студенттерге  бухгалтерлік  баланстың  құрылымымен  таныстырып 
және  де  шаруашылық    операцияларына  сәйкес  баланс  баптарының  ӛзгеріске  ұшырауын 
ұғындыру 
Дәріс сҧрақтары: 
1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік, құрылымы мен мазмұны.  
2. Бухгалтерлік баланстың түрлері. 
3. Шаруашылық  операцияларына сәйкес баланс баптарының ӛзгеріске ұшырауы 
 
Дәріс мазмҧны: 
1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік, құрылымы мен мазмұны.  
 
1.  Бухгалтерлік  баланс  деп  -  ақшалай  ӛлшеммен  ӛлшенетін  капитал  мен 
міндеттемелер жӛніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті айтамыз. Баланс 
активтерді  (осы  ұйымның  қаражаттарын)  және  бұларды  қаржыландыру  кӛздерін 
экономикалық  маңызына  қарай  белгілі  бір  уақытта  жинақтап  отырады.  Баланс 
кӛрсеткіштері ақшалай бағаланады, Міндеттемелер қанша ақшаның қайдан алынғандығын 
кӛрсетеді.  Активтер  алынған  ақшаның  немесе  каражаттардың  қалай  жұмсалғандығын, 
қайда  және  не  үшін  жұмсалғанын  кӛрсетеді.  Меншікті  капитал  осы  ұйымды  құрып 
қалыптастырушы жеке тұлғаның, ұйым иесінің салған ақшасынан тұрады. 
Баланс  деп  —  ұйымдар  қызметіндегі  активтер,  меншікті  капитал  және  міндеттемелер 
ӛрісінде  болған  ӛзгеріс  кӛрсеткіштерді  экономикалық  маңызына  қарай  белгілі  бір 
мерзімге топтастырып, ақшалай ӛлшеммен ӛлшеуді айтады. Бұл анықтамада:  
1) баланс;  
2) үлгі;  
3) пайдаланушылардың мүддесі;  
4) сыртқы сипаты;  

 
42 
5) белгілі бір мерзім;  
6) қаржы жағдайы;  
7) ұйымдар (кәсіпорындар) деген сияқты элементтер қатысады.  
«Баланс» - латын сӛзі. Бұл сӛз «екі табақты таразы» деген ұғымды білдіреді. 
 
Қазіргі кезде ұйымдарда қолданылатын баланстың құрылымы келесідегідей болады: 
 
Активтер 
 
 
Бет коды 
Есептік кезеңнің 
соңында 
Есептік 
кезеңнің 
басында 
Каталог: accounting-and-auditing
accounting-and-auditing -> Статистика академиясы алматинская академия экономики и статистики
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»
accounting-and-auditing -> Статистика академиясы алматинская академия экономики и статистики
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит»
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет