Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет11/17
Дата29.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

         
         3.Ұйым шығыстарының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі.  
 Орташа  және  ірі  кәсіпорындарда  ӛндіріс  шығындарын  есепке  алу  және  ӛнімнің 
ӛзіндік  құнын  калькуляциялау  үшін  кәсіпорынның  бухгалтериясы  құрамында,  біртұтас 
болып  келетін  екі  бухгалтерия,  яғни  каржылық  және  басқару  бухгалтериясы  болуы 
мүмкін. 
Қаржылық  бухгалтерия  шоттардың  бас  жоспарының  1-7-бӛлімшелеріне  енетін 
шоттарын  жүргізіп,  есептің  Бас  кітабын,  кәсіпорынның  балансын  және  қаржылық  есеп 
беруін жасайды. 
Басқару  бухгалтериясы  шоттардың  жоспарының  8-бӛлімшелеріне  енетін  шоттарды 
пайдаланады.  Ол  ӛндіріс  шығындары  туралы  ақпаратты  қорытып,  ӛзіндік  құнды 
калькуляциялайды,  ӛндіріс  шығындарының  нормалары  мен  нормативтерін  талдап  және 
олардың  орындалуын  бақылайды,  ӛндірістегі  шалафабрикаттардың  қозғалысын  есепке 
алады,  есептің  бүкіл  кӛлемінің  нормативтік,  жоспарлық  және  талдамалық  жұмыстарын 
атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық (кұпия) болып келеді. Бұл ӛз билігінде қандайда 
болмасын  бір  "ноу-хауды"  және  ӛндірісті  басқарудың  озық  деңгейін  ұйымдастыруды, 
"жаңалықтарды" ӛз бәсекелестері ӛздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді. 
Сондықтан  басқару  бухгалтериясы  акпаратының  сыртқы  тұтынушылар  үшін  ғана  емес, 
сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін де "жабық" болуы мүмкін. 
Кәсіпорынның қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған ӛндірісті есептеу үшін 1340. 
Бұл шоттардағы топтастыру транзиттік болып табылады, онда бір-екі  күнде аяқталмаған 
ӛндіріс  қалдығы  есептеліп,  яғни  есептік  кезеңнің  соңында  ӛндірістік  бухгалтериядан 
қаржылық  бухгалтерияға  беріледі  (шоттары  дебеттеліп,  8  бӛлімінің  шоттары 
кредиттеледі),  содан  соң  келесі  жылдың        басында        қайтадан        каржылық    
бухгалтериядан    ӛндіріс бухгалтериясына беріледі (демек, 8110,8210,8310,8410  шоттары 
дебеттеліп, 1340 шоттары кредиттеледі). 
Сонымен, 1340 шоттар "бір күндік шоттар" болып табылады және оның қалдықтары 
осы шоттар бойынша кәсіпорынның қаржылық есеп беруіне енгізу үшін арналған. 
Ӛндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады, оған 
8110  -  "Негізгі  ӛндіріс",  8310-  "Кӛмекші  ӛндіріс",  8410-  "Үстеме  шығындар" 
бӛлімшелерінің шоттары кіреді. 
Шығындарды  және  ӛнімнің  шығарылуын  есепке  алу  мен  бақылау  жасауды 
қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады: 
"Цехтар бойынша шығындар" ведомосы, онда 8110,8310,8410   бӛлімшелер шоттары 
бойынша  шығындар  есепке  алынады.  8110,8310,8410      шоттарының  есебі 
компьютерлендірілген  кезде  олар  бойынша  тиісті  машинограмм  қолданылады.  Ай 
соңында бухгалтерия ӛндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады. 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Белгіленген  есепті уақыттағы  шығындардың анықтамасы. 
2.
 
Ұсталымдар  мен  шығындардың  және  есепті  кезең  шығыстарының    ӛзара 
байланысы. 
3.
 
Қаржылық  есептілікті  бағалау  қағидалары  (Бастапқы,  ағымдағы,  нарықтық, 
дисконтталған, сатылған және т.б.). 
4.
 
Транзиттік шот туралы түсінік. 
5.
 
Қаржылық және шаруашылық процесстері. 
 

 
75 
Негізгі әдебиеттер 
1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2008 
2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на 
предприятии», Алматы, 2010 
3. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп 
беру. Алматы  2008 
 
        Тақырып 10. Міндеттемелер есебі 
Дәріс  мақсаты:  Міндеттемелердің  анықтамасын  ашып  кӛрсету  және  де  жіктелуін 
қарастыру,  сонымен  қатар,  ұйымда  ағымдағы  және  ұзақ  мерзімді  міндеттемелер  есебін 
жүргізу тәртібін түсіндіру 
Дәріс срақтары: 
1. Міндеттемелердің мазмұны және анықтамасы  
2. Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі. 
3. Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі. 
 
 
Дәріс мазмҧны: 
1. Міндеттемелердің мазмұны және анықтамасы  
 
Міндеттеме – қарыз немесе міндеттеме, бір нәрсені белгілі бір жолмен қызмет етуі 
немесе  орындау.  Міндеттеме  –  ӛткен  кезең  жағдайларында  пайда  болған  субъектінің 
қарызы және оларды реттеу экономикалық пайдасы бар ресурстардың субъектіден керуне 
әкеледі. Міндетті түрде қазіргі және болашақтағы міндеттемелерді ажырата білу керек.  
Міндеттеме 3 белгісі бойынша анықталады: 
1. Міндеттемені туғызған құбылыстың орын алған жері; 
2.  Міндеттемелерді  реттеу  тек  активтерді  ауыстыру  немесе  қызметті  басқа 
субъектіге жеткзу жолымен жүргізілуі мүмкін; 
3. Міндеттеме пікір таластырылмайтын болуы керек. 
Осы анықтамаға сәйкес міндеттеме қабылданса, онда ол міндетті түрде бухгалтерлік 
кітапқа  енгізілуі  керек.  Міндеттеменің  сомасы  бірге  жүретін  тәуекелге  барлық  болашақ 
тӛлемдерінің  ағымдық  құнымен  есептелеуі  керек  (ақшалай  емес  активтер  немесе 
қызметтердің ақшалай эквиваленті). Міндеттемеге негізгі пайыз бен сома кіреді. 
Міндеттемелерді реттеу әртүрлі әдістермен жүргізіліу мүмкін: 
-
 
ақша қаражаттарын тӛлеу; 
-
 
басқа активтерді беру; 
-
 
қызмет кӛрсету; 
-
 
бір міндеттемені екішісімен ауыстыру; 
-
 
міндеттемелерді капиталға ауыстыру. 
Реттеудің  басқа  да    бастарту  немесе  кредиторлармен  ӛз  құқығын  шығару  сияқты  
түрлі әдістері бар болуы мүмкін. Міндеттеменің пайда болуы болашақта ресурстың кетуін 
білдіреді,  берілген  міндеттеменің  орындалу  мерзімі  субъектінің  қаржы  жағдайын  дұрыс 
бағалау  үшін  маңызды.  Активтермен  ұқсатығына  байланысты  міндеттемелер  ағымдық 
(қысқа мерзімді кердиторлық қарыз) және ұзақ мерзімді.  
Ағымдық міндеттемелер субъектінің қызметіне әсер ете алады, ал ұзақ мерзімді әсер 
ете алмайды. Ӛйткені  ағымдағы міндеттеме ағымдағы ресурсқа ӛз наразылығын кӛресете 
алады.  Бұл  наразылықтар  ұзақ  мерзімдіктен  ерекшеленеді,  ӛтеу  уақыты  бірнеше 
жылдарды құрауы мүмкін.  
 
2. Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі. 
Нақты  қарыз  бойынша  пайыздық  қойылым  –  деп  сондай  уақыт  мерзіміне  алынған 
қаржыны заемға алу кезіндегі нақты пайыздық қойылыммен әйкес  келеді. Нақты пайызды 
қойылым  болашақта  ақшалай  қарыздарды  тӛлеуде  дисконттағы  қолданылады. 
Заемщиктен алынған ақша қаражаттарының немесе ақша эквивалентінің сомасына нақты 
пайыздық қойылым қолданылады.  

 
76 
Қарыздың толық сомасы – бұл қарызды ӛтеу күнінде тӛленуі керек сома, осы күнде 
жүргізілуі тиіс әр қандай пайыздық тӛлемдерді алып бастағанда.  
«Пайыздық  емес»  деген  сӛз  мұндай  типтегі  векселге  ең  жақсы  анықтама  емес, 
ӛйткені  бұндай  векселдер  шын  мәнінде  тӛлеуге  жұмылдырады.    Мұндай  векселдердің 
номиналды  құнының  құрамына  қарыз  сомасы  мен  тӛлену  мерзіміне  бырыңғай  соманы 
құрайтын осы қарызға байланысты пайыздар. Қарыз алушы векселдің номиналды құнына 
емес,  ал  вексельдің  номиналды  сомасы  мен  пайызының  айырмашылығына  тең  соманы 
алады. Алыну  ақша қаражаты түрінде вексельде кӛрсетілген сома – бұл нақты пайыздық 
қойылымды  қолданумен  номиналды  соманың  дисконтталған  құны.  Ақша  қаражатының  
дисконттық құны мен вексельдің номиналды құны арасындағы айырмашылықтың қалған 
сомасы  пайыз  болып  табылады.  Нақты  пайыздық  қойылым  тәуекелділіктің  нақты 
ұқсатушы  деңгейімен  құжаттарда  қолданылатын  нарықтық  пайыздық  қойылымға  қарап 
анықталады.  Нақты  пайыздық  қойылым  вексельде  кӛрсетілмейді,  бірақ  қысқа  мерзімдік 
пайыздық  емес  векселдерге  белгілі  бір  нақты  шартпен  пайыздық  қойылым  анықталуы 
керек. 
Банктердің  несиелерін  есепке  алу  ұзақ  мерзімді  несиелерді  беру  Қазақстан 
Республикасы  Үлттық  Банкі  бекіткен  «ұзақ  мерзімді  несиелендіруді  ұйымдастыру 
ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылады. 
Несие  беру  және  оның  операцияларын  жүргізу  лицензия  берілген  Ұлттық  Банктің 
шешімімен  айқындалған  ресми  статусы  бар  банктер  арқылы  жүзеге  асырылады.  Несие 
негізінен оны ӛтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі. 
Несие  ӛтеу  қабілеті  болып  кәсіпорынның  борышты  міндеттерін  толығымен  және 
уақытында  есептесе  алу  қабілеті  деп  түсінеміз.  Кәсіпорындарға  кредит  басымды  түрде 
ӛнеркәсіптің  тиімділігін  арттыруға,  оның  ғылыми-техникалық  деңгейін  кӛтеруге, 
тиімділігі  жоғары  жаңа  ӛнім  түрлерін  шығаруға,  ынталандыруға,  халыққа  түрлі  қызмет 
кӛрсетуге,  халық  үшін экспортқа  тауар  шығаруға  бай-ланысты  шаралар  мен  мақсатгарға 
беріледі.  Артықшылықтар  шартты  міндеттемелерінің  орындалуын  қамтамасыз  ететін 
клиенттерге,  ӛз  қаржыларын  осы  банктің  депозиттерінде  және  шоттарында  сақтайтын 
банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі. 
3.  Кейінге  қалдырылган  табыс  салығының  есебі.  Кейінге  қалдырылған  салықтьщ 
есебі  үшін  4300  "Кейінге  қалдырылған  табыс  салығы"  шоты  арналған.  Бұл  шотта 
бухгалтерлік және салық есебінің талаптарындағы ӛзгешеліктер нәтижесінде пайда болған 
уақытша айырмашылықтар сомаларынан белгіленетін салық тӛлемдері туралы хабарлама 
мазмүндалады. 
4300  шоты  бойынша  есепті  ұйымдастырған  кезде  12  "Пайдаға  салынатын  салық" 
ҚЕХС-ын басшылыққа алған жӛн. 
 
3. Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі. 
 
Салық  тӛлемдері  бойынша  үнемдеуді  таза  табыс  (зиян)  есебіне  жатқызуды  мына 
тӛмендегі жағдайларды қоспаганда, зиянды, есепке алу кезеңінде, жүзеге асырады. 
1.  Егер  сақтық  прициггі  негізінде  заңды  түлғаның  болашақта  салық  салынатын 
табысы  осы  зиянды  ӛтеуге  жеткілікті  болатынына  кәміл  сенімі  болса,  салық  тӛлемі 
бойынша  үнем  осы  зиян  орын  алған  кезең  ішіндегі  таза  табыс  (зиян)  есебіне 
жатқызылады.  Бұл  орайда  сенім  кепілдігі  қызметін  зиянның  себебі  болған  тӛтенше 
жағдайлар атқарады, ал ӛндірістің үзақ кезеңдер бойы тұрақты тиімділігі осы заңды тұлға 
болашақта да тиімді жұмыс атқаратқаратындығына негіз болды. 
2.  Салық  тӛлемі  бойынша  үнем  4300  "Кейінге  қалдырылған  табыс  салығы"  шоты 
бойынша  кредитгік  сальдодан  артып  кетпейтін  сома  мӛлшерінде  зиянға  жол  берілген 
кезең ішіндегі таза табыс (зиян) есебіне жатқызылады. 
Басқа  бір  әдістің  мәні  мынада  болып  табылады:  қайта  бағалаумен  байланысты 
болашақ салық тиімділігінің сомасын қаржы есептері жӛніндегі түсіндірме жазбада ашып 
кӛрсеткен  жӛн.  Бұдан  кейінгі  есепті  кезеңдерде  болашақ  салық  тиімділлгінің  сома-сы 
айырмашылықтың салық тиімділігін кӛрсету мақсатында қайта қаралады. 

 
77 
Қаржылық  есеп-беруде  мына  тӛмендегі  ақпараттар  ашып  кӛрсеіілуге  тиіс:  әдетгегі 
қызметген  түсетін  табысқа  жататын  салық  тӛлемі  (свлық  тӛлемі  бойынша  үнем);  елеулі 
қателіктер түзетулеріне, сондай-ақ есеп саясатындағы ӛзгерістерге жататын салық тӛлемі 
(салық тӛлемі бойынша үнем); тӛтенше жағдайларға жататын салық тӛлемі (салық тӛлемі 
бойынша үнем); қайта багаланған активтерге  жататын салық  тиімділіктері; салық  тӛлемі 
мен  бухгалтерлік  кіріс  арасындап.І  қатынасқа  ықпал  ететін  тұрақты  айырмашылықтар 
және осы сияқты басқа да факторлар, егер бүл есепті кезеңде қолданы-лып жүрген салық 
ставкаларымен түсіндірілмейтін болса. 
4300 шот бойынша талдамалық есеп табыс салығы бойынша уақытша және тұрақты 
айырмашылықтардың түрлері бойынша тізімдемеде немесе машинограммада жүргізіледі. 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1. Мінеттемелер түсінігі 
2. Қысқа мерзімді міндеттемелер дегеніміз не? 
3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер дегеніміз не? 
4. Қысқа мерзімді міндеттемелерді атап беріңіз 
5. Ұзақ мерзімді міндеттемелерді атап беріңіз 
6. Дивиденттер мазмұны және мәні 
7. Артықшылықты акциялар мен қарапайым акциялардың айырмашылығы 
8. Дивиденттер бойынша есеп айырысудың есебі 
9. Бюджетке тӛленетін салықтың түрлері 
10. Салық дегеніміз не? 
11. Корпоративтік табыс салығы дегеніміз не№ 
12. Корпоративтік табыс салығының объектілері, ставкасы, тӛлеу мерзімі 
13. ҚҚС, объектісі, ставкасы, тӛлеу мерзімі 
Негізгі әдебиеттер 
1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2008 
2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на 
предприятии», Алматы, 2010 
3. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп 
беру. Алматы  2008 
      
Тақырып 11. Капиталдың есебі 
Дәріс мақсаты: Студенттерге жарғылық капиталдың есебі, оның қалыптасуы мен 
ӛзгеруінің тәртібін қарастыру және де резервтік капиталды құру мен пайдалану тәртібін 
ұғындыру 
Дәріс сҧрақтары: 
1. Жарғылық капиталдың есебі 
2. Резервтік капиталдың есебі 
 
Дәріс мазмҧны: 
1. Жарғылық капиталдың есебі 
Капитал  –  бұл  ұйымның  активтерінде  оның  барлық  міндеттемелерін  шегергеннен 
кейін қалатын үлес. 
Кәсіпорын  мемлекеттік  тіркеуден  ӛткен  кезде  оның  қатысушылардың  салымының 
сомасына  немесе  акцияға  жазылудан  түскен  сомаға  тең  жарғылық  қоры  құрылтай 
қүжаттарында кӛрсетіледі. Жарғылық  капиталдың мӛлшері,  бір акцияның тұрақты құны, 
жай  және  артықшылықты  акциялардың  ара  қатынасы,  «Алтын  акцияның»  болуы 
акционерлер жиналысында белгіленеді және тиісті мемлекетгік органдарда тіркеледі. 
Егер  бұрын  жарияланған  кӛлемін  қатысушылар  толығымен  тӛлемеген  болса, 
жарғылық  капиталды  ұлғайту  туралы  шешім  тіркеуге  қабылданбауға  тиісті.  Жарғылық 
капиталды азайту туралы шешімге несие берушілер наразылық білдіре алады. Жарғылық 
капиталға  салымдарды  тӛлеу  үшін  ақша  қаражаттары,  интеллектуалдық  меншікті  қоса 
алғанда материалдық емес активтер, «Ноу-хау», негізгі құралдар, жер иелену құқығы және 
басқа активтер қабылданады. 

 
78 
Жарғылық қор ӛткізілген акциялардың тұрақты құны бойынша бағаланады. Сатып-
ӛткізілген  акциялар  құнының  олардың  тұрақты  құнынан  артуы  /құрылтай  және 
эмиссиялық табыс / жеке кӛрсетіледі және акцияларды, олардың түрақты қүнынан тӛмен 
бағаға /акция курсы арзандаған кезде/ сатқан жағдайда пайда болатын айырмашылықтың 
ӛтеміне пайдаланылады. 
«Капитал  мен  резервтер»  бӛлімінің  шоттары  капитал  мен  резервтерді  есепке  алуға 
арналған. Берілген 5-бӛлім мынадай кіші бӛлімдерді қамтиды: 
5000 – «Жарғылық капитал», 
5100 – «Тӛленбеген капитал» 
5200 – «Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар», 
5300 – «Эмиссиялық кіріс», 
5400 – «Резервтер», 
5500 – «Бӛлінбеген кіріс (жабылмаған шығын)» 
5600 – «Жиынтық пайда (жиынтық зиян)». 
5000  «Шығарылған  капитал»  кіші  бӛлімі  шығарылған  капиталды  есепке  алуға 
арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 
5010  – 
«Жарияланған  капитал»,  мұнда  акционерлік  қоғамның  тӛленген 
эмиссияланған қарапайым, артықшылықты акцияларының жиынтық атаулы құны, сондай-
ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар мен жарналар кӛрініс табады; 
   
2. Резервтік капиталдың есебі 
 
ҚР Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" 1995  жылғы 2 мамырдағы 
№  2255  Заң  күші  бар  Жарлығына  сәйкес  АҚ  жарғылық  капиталдың  10%  -нен  кем  емес 
мӛлшерде  ӛзінің  резервтік  капиталын  құруға  міндетті.  Резервтік  капиталды  құру  және 
пайдалану тәртібі жарғы мен белгіленеді. Ӛндіріс кӛлемінің ӛсуіне, құнсыздануға басқа да 
жағдайларға  байланысты  жарғылық  капитал  ұлғайған  кезде  резервтік  капиталда  соған 
сәйкес ұлғаюға тиісті.  
Резервтік капитал бӛлінбеген табыстан аударымдар жасау арқылы жасалады. 
5400  «Резервтер»  бӛлімшесі  резервтерді  есепке  алуға  арналған,  ол  қаржылық 
есептілік  стандарттарының  талаптарына  сәйкес,  сондай-ақ  құрылтай  құжаттарына  және 
ұйымның  есепке  алу  саясатына  сәйкес  капиталдың  шоттарында  кӛрсетіледі,  және 
шоттардың мынадай топтарын қамтиды: 
5410  –  «Құрылтай  құжаттарында  белгіленген  резервтік  капитал»,  онда  Қазақстан 
Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік 
капитал кӛрсетіледі; 
5420  –  «Негізгі  құралдарды  қайта  бағалауға  арналған  резерв»,  онда  активтерді, 
негізгі құралдарды қайта бағалау жӛніндегі операциялар кӛрсетіледі; 
5430  –  «Материалдық  емес  активтерді  қайта  бағалауға  арналған  резерв»,  онда 
материалдық емес  активтерді қайта бағалау жӛніндегі операциялар кӛрсетіледі; 
5440  –  «Қаржылық  активтерді  қайта  бағалауға  арналған  резерв»,  онда  қаржылық 
активтерді, негізгі құралдарды қайта бағалау жӛніндегі операциялар кӛрсетіледі; 
5450  –  «Шетелдік  валютаның  қайта  есептеуге  арналған  резерв»,  онда  монетарлық 
бап бойынша туындайтын бағамдық айрамлар кӛрсетіледі, ол  барлық жағынан шетелдік 
ұйымға  ұйымның  таза  инвестицияларының  бӛлігін  құрайды,  меншікті  капитал  ретінде 
ұйымның  қаржылық  есептілігінде,  таза  инвестициялардың  шығарылуына  дейін,  одан 
кейін олар кіріс немесе шығыс ретінде танылуы тиіс; 
5460  –  «Басқа  да  резервтер»  онда  алдындағы  топтарда  кӛрсетілмеген  басқа  да 
резервтер кӛрсетіледі. 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1. Ұйымдардың жарғылық қоры дегенімз не 
2. Жарығылық қордың қалыптасу кӛздері 
3. Жарғылық қордың ұлғайту жолдары мен тәртіптері 
4. Резервтік қордың жасақталу жолдары мен тәртіптері 

 
79 
5. Резервтік қордың мақсаты 
6. Ұйымдағы жарғылық қор есебін ұйымдастыру тәртіптері 
7. Резервтік қор есебі 
 
Негізгі әдебиеттер 
1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2006 
2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на 
предприятии», Алматы, 2002 
3. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп 
беру. Алматы  2005 
 
Тақырып 12. Қаржылық есеп беруді дайындау  
 
Дәріс мақсаты: Ұйымның қаржылық, мүліктік жағдайын және шаруашылық 
қызметінің нәтижесін анықтайтын кӛрсеткіштер жүйесі ретінде қарастыру, сонымен бірге 
қорытынды есептердің ӛзара байланыстылығы мен  қаржылық есеп беруді ұсынуды 
түсіндіру. 
Дәріс сҧрақтары: 
1. Қаржылық есеп берудің нысандары 
2. Бухгалтерлік баланс  
3. Табыстар мен шығыстар жӛнінде есептеме 
4. Ақша қаражаттары қозғалысы жӛнінде есептеме 
5. Меншікті капиталдағы ӛзгеріс 
Дәріс мазмҧны: 
1.Қаржылық есеп берудің нысандары 
 
Қаржылық  қортынды  есеп  жекелеген  есеп  объектілерінің  түрлерін,  бұлардың 
экономикалық  мазмұнына  қарай  ірілендірілген    топтарға  жинақтаудан  туындайтын 
ұйымның қаржылық жағдайын сипаттаушы кӛрсеткіштер жүйесінен тұрады. Жинакталған 
есеп объектілері қаржылық қортынды есептің элементерін құрайды. 
Ұйымдардың каржылык жағдайын ӛлшеп бағалаушы негізгі элементтерге активтер, 
меншікті капитал және міндеттемелер жатады. Ұйымдардың экономикалык тиімділігін 
сипаттаушы элементтерге таза пайда немесе шеккен- зиян, ал түскен таза пайданы ӛлшеу - 
алынған  табыс  пен  жұмсалған  шығындарды  салыстырып  ӛлшеу  арқылы  жүргізіледі. 
Қаржылық қортынды есеп дайындау барысында осы жоғарыда айтылған элементтер есеп 
акпараттарын  пайдаланушылардың  экономикалық  шешім  кабылдауына  ыңғайлы  болуы 
үшін арнайы үлгідегі бухгалтерлік балансқа сабақтастық жолдармен орналасуы керек. 
Қаржылық  қортынды  есептің  кӛптеген  элеметтерінің  мазмұны  «Қазакстандық 
тұжырымдамалық  (концепция)  негізде»  каралған.  Ресми  түрдегі  осы  тұжырымдамалык 
кұжатта  қаржылык  қортынды  есеп  жӛніндегі  ұғым  және  оның  сипаты,  сондай-ак 
активтерді,  пассивтерді,  табыстар  мен  шығындарды,  меншікті  капитал  мен 
міндеттемелерді  танудың  мазмұны  мен  қасиеттері  берілген  Бұл  тұжырымдамада 
қаржылық  қортынды  есептің  кұрамдас  элементтері,  капитал  қалыптастыру  және  оның 
қозғалысы, ақпараттарды танып білудің критерийлері, бұлардың мақсаты мен құрылымы, 
сондай-ак  қаржылық  қортынды  есептің  негізгі  элементтерін  есеп  тәжірбиесінде  қолдану 
жӛніндегі ұсыныстар қаралған. 
 ХҚЕС  1  «Қаржылық  қортынды  тапсыру»  стандартына  сай  қаржылық  қортынды 
есептің негізгі мақсаты: 

 
ұйымның қаржылық жағдайы;                      

 
ұйымның қызметінің нәтижесі;                     

 
ұйымның  қаржылық  жағдайының  ӛзгерісі  жӛнінде  анық  және  толық  ақпараттар 
даярлау болып анықталған. 
 Аталған  стандарт  халықаралық  қаржылық  қортынды  есеп    стандарттарына 
негізделіп,  Қазақстан  Республикасы  28  ақпан    2007  жылғы  «Бухгалтерлік  есеп  және 

 
80 
қаржылык  кортынды  есеп»  жӛніндегі  Заңына  сәйкес  каржылық  қортынды  есеп  
үлгілерінің барлығын жасау үшін қолданылады. 
     ХҚЕС  1  «Қаржылық  есептiлікті  ұсыну»  стандарты  тӛмендс  жүйеленген 
негіздерден  (1- сүлбе) тұрады. 
 
Қаржылық қорытынды есептің кұрамы 
 
 
Бухгалтер 
лік баланс 
 
  Пайда  мен 
залал туралы 
есебі 
  Ақшалай 
қаражат 
қозғалысы 
туралы есебі  
  Меншікті 
капиталдағы  
ӛзгерістер 
туралы есеп 
 
 
Түсіндірме хат 
 
Тӛменде  қаржылық  қорытынды  есептің  жекелеген  құрамдас  салаларына  қысқаша 
түсінік береміз. 
 
2. Бухгалтерлік баланс.  
 
Ұйымдар меншігіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелерді белгілі бір 
мерзімге  қарай  жинақтап  кӛрсетуді  қамтамасыз  етеді.  Баланстық  қорытынды  немесе 
бухгалтерлік  баланс  ұйымның  қаржылық  жағдайының    бейнесі  тұрғысында  қаралуы  да 
мүмкін. 
Қорытынды есеп құрамындағы бухгалтерлік баланстың мәні ӛте жоғары. Осы құжат 
арқылы  ұйымның  қаржылык  жағдайы  жӛнінде  анық  және  бұрмаланбаған  кӛрсеткіштер 
жинақталып,  мұның  ӛзі  пайдаланушылардың  сұранысын  канағаттандырады.  Баланс 
активтер,  пассивтер  және  капитал  козғалысының  есебін  жүргізуші  синтетикалық 
шоттардың  қалдығынан  туындайды.  Бухгалтерлік  есептің  жекелеген  шоттарынан  
жинақталған  ақпараттардың  барлығы  пайдаланушылар  үшін  әрқашанда  қажет  бола 
бермейді.  Сондықтан  бухгалтерлік  баланс  кӛрсеткіштерін  оқып  түсінудің  жолдарын 
жеңілдету үшін жекелеген шоттарды топтастыру әдісі қолданылған. 
Топтастырудың  нәтижесінде  қаржы  салымшы  инвесторлар,  несиелендірушілер, 
қаржылық  қортындыны  басқа  да  пайдаланушылар  топтастырылған  шоттардағы 
мәліметтерді  ӛзара  байлаңыстыра  отырып,  зерттеу  және  бағалау  шараларын  белгілейді. 
Мұның  үшін  жалпы  бағыттагы  қаржылық  қортынды  есеп  бухгалтерлік  есеп  шоттары 
бойынша  топтастырылған  мәліметтер  негізінде  жасалынып,  мұның  ӛзін  -  жүйеленген 
қаржылық  кортынды  есеп  деп  те  атауға  болады.  Баланс  бухгалтерлік  есеп  жүргізудің 
әдістері  мен  арнайы  сабақтастық  ережелерді  (процедураларды)  анық  және  дұрыс 
қолданған жағдайда ғана сақталады. 
Каталог: accounting-and-auditing
accounting-and-auditing -> Статистика академиясы алматинская академия экономики и статистики
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «АӨК бухгалтерлік есеп ерекшеліктері»
accounting-and-auditing -> Статистика академиясы алматинская академия экономики и статистики
accounting-and-auditing -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит»
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
accounting-and-auditing -> Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет