Алматы экономика және статистика академиясы «Экономика және менеджмент» кафедрасы


  Әр  тҥрлі  типтегі  кәсіпорындардағы    оперативті-ӛндірістік  бизнес-



жүктеу 5.65 Kb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата26.04.2017
өлшемі5.65 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

8.2  Әр  тҥрлі  типтегі  кәсіпорындардағы    оперативті-ӛндірістік  бизнес-
жоспар жҥйесі 
      
Бюджет  –  қаржылық  нәтижелермен  қаражаттарды  анықтауға  мүмкіндік 
беретін  кәсіпорынның  кірістері  мен  шығыстарын  сипаттайтын  жоспардың 
сандық кӛрсеткіштері. 
Бюджетті құру кезеңдері: 
1.
 
сатуды болжау және бюджетін дайындау 
2.
 
ӛндірістің күтілетін кӛлемін анықтау 
3.
 
ӛнім ӛндірісімен оны ӛткізуге байланысты шығындар есебі 
4.
 
ақша ағымдарын есептеу және талдау 
5.
 
қаржылық есеп беру формасын немесе нысандарын құру 
Операциялық  бюджет  -  ӛндіріс,  ӛнімді  ӛткізу,  кәсіпорындарды  және  оның 
жеке бӛлімшелерінің басқару шығындарын сипаттайтын бюджет жүйесі. 
Операциялық  бюджетті  құру  барысында  әртүрлі  шығындардың  бюджеті 
дайындалады, атап айтқанда: 
1.
 
сату бюджеті 
2.
 
ӛндіріс бюджеті 
3.
 
шикі зат материалдарды сатып алу және пайдалану бюджеті 
4.
 
еңбек бюджеті 
5.
 
жалпы цехтық шығыстар бюджеті немесе сметасы 
6.
 
цехтық ӛзіндік құн бюджеті 
7.
 
жалпы ӛндірістік ӛзіндік құн бюджеті 
8.
 
ӛндірістік  ӛзіндік құн бюджеті немесе толық  ӛзіндік құн 
9.
 
коммерциялық шығыстар бюджеті  
10.
 
басқарушылық шығыстар бюджеті 
11.
 
толық  ӛзіндік құн бюджеті 
12.
 
пайда мен зиян бойынша бюджет 

68 
 
Қаржы бюджеті -  қорлар кӛздері (құрылымы, кӛлемі) мен оларды пайдалану 
бағыттарын бейнелейтін жоспар. Бұған кіретіндер: 
1.
 
ақша қаражаттарының қозғалыс бюджеті (түсімдер, тӛлемдер) 
2.
 
күрделі қаражат салымдары 
3.
 
бюджеттік бухгалтерлік баланс 
Бюджеттік  бухгалтерлік  баланс  –  жоспарланған  операцияларды  орындау 
шартындағы  кәсіпорынның  қаржылық  және  мүліктік  жағдайының  ӛзгерісін 
сипаттайды. Бұл баланс 2 бӛлікке бӛлінеді: активтер және пассивтер. 
3)  Кәсіпорынның  қаржылық  қызметін  жоспарлау  ӛндірістің  соңғы 
нәтижесімен  тығыз  байланысты.  Пайда  немесе  фирма  табыстарын 
максимизациялау  стратегиялық,  тактикалық,  ұзақ  мерзім,  қысқа  мерзім 
фирмаішілік жоспарлаудың соңғы мақсаты болып табылады.  
Қаржы  –  шаруашылық  субъктілермен  мемлекеттің  ақшалай  табыстары 
жинақтарының  құрылуы,  бӛлінуі,  қайта  бӛлінуі  мен  пайдалануы  процесінде 
пайда болған экономикалық қарым-қатынастар. 
ҚР  «бухгалтерлік  есеп  және  қаржылық  есептілік»  туралы  заңына  сәйкес 
(2008 жыл 28 ақпанда шыққан). 
Кірістер  –  есепті  кезең  ішінде  активтердің  түсімі  немесе  ӛсімі  немесе 
міндеттемелерінің азаю нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы. 
Ӛнімді  ӛткізуден  түсетін  табыс  –  кез-келген  сату  деңгейінде  бағаның  ӛнім 
ӛткізуге жоспарланған санына кӛбейту жолымен анықталады: 





1
п
и
и
р
С
Ц
П
*Np
 
и
Ц
– бұйымның нарықтық құны 
и
С
– бұйымның ӛзіндік құны 
Np - ӛткізілген ӛнім кӛлемі 
Пайда және зиян туралы есеп беру нысаны: 
1.
 
ӛнімді ӛткізуден түсетін табыс 
2.
 
ӛткізілген ӛнімнің ӛзіндік құны 
3.
 
жалпы табыс (зиян) (1-2) 
4.
 
кезең шығыстары оның ішінде:  
 а) жалпы және әкімшілік шығыстар 
 б) ӛткізуге байланысты шығыстар немесе коммерциялық шығыстар 
 в) пайызды тӛлеуге кететін шығындар 
    5. негізгі қызметтен түсетін пайда (зиян) (3-4) 
    6. негізгі емес қызметтен түсетін табыс 
    7. салық салуға дейінгі пайда  (зиян) (5+6) 
    8. корпоротивті табыс салығы бойынша шығыстар (30%) 
    9. салық салғаннан кейінгі пайда (зиян) (7-8) 
   10. ЧС бойынша табыс (зиян) 
   11. таза пайда (зиян) 
Қаржылық есеп беру формалары: 
-
 
бухгалтерлік баланс, форма   
-
 
пайда мен зиян туралы есеп, форма №2 

69 
 
-
 
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, форма №3 
-
 
капиталдағы ӛзгерістер туралы есеп, форма №4 
-
 
түсіндірмелік жазба 
Пайда келесілер үшін бағытталады немесе бӛлінеді: 
1.
 
кәсіпорынның ӛндірістік дамуын қаржыландыру 
2.
 
тұтынушылық және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру 
3.
 
әлеуметтік мәдени саланы қаржыландыру 
4.
 
еңбек ақылық жоғары тӛлемдер үшін еңбек ақы қорына аударымдар 
5.
 
қайтарымдылық қажеттіліктер мен басқа да мақсаттар үшін 
 
4)  Фирманың  тиімді  жұмыс  істеуі  ӛнімнің  бәсекеге  қабілеттілігін  тауарлар 
мен қызметтердің табыстарын кӛрсететін маңызды кӛрсеткіштердің бірі ол  - 
ӛндіріс рентабельділігі. 
Рентабельділік  кӛрсеткіш  жалпы  пайданың  шығындарға  қатынасымен 
анықталады. Рентабельділіктің түрлері: 
1.
 
ӛндіріс рентабельділігі 
2.
 
ӛнім рентабельділігі 
3.
 
сату рентабельділігі 
4.
 
меншікті капитал рентабельділігі 
Жалпы  ӛндіріс  рентабельділігі  (Ро)  –  кәсіпорынның  табыстарымен 
сипатталады және ол келесі формула бойынша анықталады: 
%
100



Í
ÑÃ
Á
Î
Î
Ô
Ï
Ð
 
Б
П
 – кәсіпорынның жалпы пайдасы 
СГ
Ф
 – негізгі ӛндіріс қорлардың орташа жылдық құны 
Н
О
 – материалды айналым қорының нормаланған жиыны немесе сомасы 
Ӛнім  рентабельділігі  -  ӛнімнің  пайдалылығын  (жеке  ӛнім  түрлері  немесе 
жалпы тауарлық ӛнім бойынша) және келесі формуламен анықталады: 
%
100


С
П
Р
ЕД
П
 
п
Р
 - ӛнім рентабельділігі  
ед
П
 - ӛнім бірлігінен түсетін пайда (жалпы тауарлық ӛнім бойынша)  
С - ӛнімді ӛндіруге және ӛткізуге кететін шығындар (толық ӛзіндік құн) 
Сату  рентабельділігі  (
р
Р
)  -  әрбір  ӛткізілген  ӛнімнің  1тг  кәсіпорынның 
қаншалықты  пайда  (пайызбен)  алатынын  кӛрсетеді  және  ол  мына 
формуламен анықталады: 
%
100


РП
П
Р
РП
Р
 
рп
П
- жалпы табыс 
РП
- ӛнімді ӛткізуден түскен түсім 
Меншікті  капитал  рентабельділігі  (
ск
Р
)  -  әрбір  1  тг  шаққандағы  меншікті 
капиталдан  түсетін  пайдамен  сипатталады  және  келесі  формуламен 
анықталады: 

70 
 
%
100


К
П
Р
СК
 
П
– таза пайда 
К
– меншікті капиталдың құны 
Негізгі қорлардың рентабельділігі – бұл кӛрсеткіш негізгі қорлардың немесе 
ӛндірістік  қорлардың  жеке  корпорацияларында,  ӛндірістік  салаларында 
жұмыс  істеу  тиімділігін  айқындап  кӛрсету  үшін  қолданылады  және  мына 
формуламен анықталады: 
%
100


О
ф
Ф
П
Р
 
П
– салық салуға дейінгі пайда 
О
Ф
- негізгі қордың орташа жылдық құны 
 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Маманданған  кадрлардың  жоқтығы  бизнес  –  жоспарға  кері  әсерлі 
фактор болады ма? 
2.
 
Инновациялық  жобадағы  бизнес  –  жоспарға  қаржыландырудың 
жетіспеуі қалай әсер етеді? 
3.
 
Инновациялық  жобаны  іске  асыру  тәсіліндегі  бизнес  –  жоспар  мен 
тиімсіз ұйымның арасында байланыс бар ма? 
4.
 
Ұйымның  бизнес  –  жоспарына  коммуникациялық  байланыстың 
жоқтығы қалай әсер етеді? 
5.
 
Бизнес – жоспардың мазмұнына қарай қалай ажыратады? 
6.
 
Ӛнімдік – тематикалық және технико – экономикалық жоспарлау бір – 
бірінен қалай ажыратылады? 
7.
 
Бизнес – жоспар әзірлеуде «ағаш мақсат» салу  не үшін керек? 
8.
 
«ағаш мақсат» ӛзімен не береді? 
9.
 
Бірнеше  альтернативті  бизнес  –жоспар  ішінен  тиімдісін  таңдаудың 
критерилері не болып табылады? 
10.
 
Бизнес  –  жоспардың  қай  бӛлімін  бірінші  дәрежелі  деп  анықтауға 
болады? 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1.
 
Головань С.И., Спиридонов М.А. Бизнес-планирование и 
инвестирование. – Ростов на Дону «Феникс», 2009 
2.
 
Акуленок Н.А. и др. Бизнес-план фирмы. – М. Финансы и 
статистика, 2009 
3.
 
Балабанов И.Т. Инновационный менеджмент. – СПб: Питер, 2001. 
4.
 
Кенжегузин М.Б., Днишев Ф.М., Альжанова Ф.Г. Наука и 
инновации в рыночной экономике: мировой опыт и Казахстан – 
Алматы: ИЭ МОН РК, 2005. 
 
 

71 
 
Лекция № 9 
9 тақырып. Инновациялық жобаның жүйелігі және тәуекелді басқару 
 
Лекция мақсаты: Инновациялық жобаны құру үрдісінде кездесетін 
тәуекелдің түрлері мен ықпалдарын білу   
 
Лекция сҧрақтары: 
9.1 Инновациялық саладағы тәуекелді анықтау. Тәуекелдің 
классификациясы және идентификациясы 
9.2 Белгілері құрылымы және белгісіздік пен тәуекелділік жағдайында 
инновациялық жобаны таңдау  
9.3 Тәуекел әдістеріне талдау, инновациялық жобалардағы тәуекелдің 
санын және сапасына бағалау  
 
9.1 Инновациялық саладағы тәуекелді анықтау. Тәуекелдің 
классификациясы және идентификациясы 
 
Нарықтық  қатынастардың  дамуы,  бәсекенің  күшеюі  және  айқынсыздық 
жағдайында  кез  –  келген  кәсіпкерлік  қызмет  тәуекелсіз  жүзеге  асырылуы 
мүмкін.  Кәсіпкер  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыру  кезінде  тәуекелге 
барады  және  қабылданатын  басқару  шешімдерінің  салдарлары  үшін  жауап 
береді.  Тәуекел  факторы  кәсіпкерге  ресурстарды  үнемдеуді,    жаңа 
жобалардың,  коммерциялық  мәмілелердің  және  кәсіпкерлікті  іске  асырумен 
байланысты  ӛзге  де  жағдайлардың  тиімділігін  есептеуге  ерекше  назар 
аударуды  талап  етеді.  Кәсіпкерлік  қызметте  тәуекел  факторы  несиелеудің 
қымбаттауы,  инфляциялық  үрдістердің  туындау  мүмкіндігі,  экономиканың 
тұрақсыздығы  немесе  дағдарысқа  ұшырау  қаупі  жағдайында  арта  түседі. 
Тәуекел  –  бұл  жоспарланған  табыс  кӛлемін  ала  алмау,  зияндар  мен 
жоғалтулардың  туындау  ықтималдылығы.  Басқаша  айтқанда,  қолайсыз 
жағдайлармен,  экономикалық  қызмет  шарттарының  кездейсоқ  ӛзгеруімен 
байланысты  күтілген  табысты,  ақшалай  қаражаттарды  немесе  мүлікті 
жоғалтудың туындау қаупі. Ал, кәсіпкерлік тәуекел деп белгіленген іс-шара 
іске  аспаған,  сондай-ақ  басқару  шешімдерін  қабылдау  кезінде  қателіктер 
жіберілген  жағдайда  кәсіпкердің  зиян  шегу  ықтималдығын  айтамыз.  Ол 
белгілі  бір  уақыт  кезеңі  ішінде  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асырудың 
айқынсыздығы түсінігімен тығыз байланысты. 
Кәсіпкерлік  тәуекелдер  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыру  нәтижесінде 
кӛптеген  факторлардың  әсерінен  туындайды.  Кәсіпкерлік  тәуекелдердің 
пайда  болуына  алып  келетін  мынадай  себептерді  алып  кӛрсетуге  болады: 
экономикалық дағдарыс, инфляцияның жоғары қарқыны, саяси тұрақсыздық, 
шаруашылық жүргізуші субъектілердің жауапсыздығы, кәсіпкерлік қызметті 
реттейтін  заңнамалық  және  нормативтік-құқықтық  актілердің  жиі  ӛзгеруі, 
кәсіпкерлердің  бір  бӛлігінің  ӛз  қызметіне  деген  жеке  жауапкершілігінің 

72 
 
болмауы,  салық  заңнамаларының  жетілмеуі,  жат  пиғылды  (әділетсіз) 
бәсекенің орын алуы және т.б. 
 
 
9.2  Белгілері  қҧрылымы  және  белгісіздік  пен  тәуекелділік 
жағдайында инновациялық жобаны таңдау 
 
Кәсіпкерлік  тәуекелге  әсер  ететін  факторларды  ішкі  және  сыртқы  деп 
бӛлуге  болады.  Ішкі  факторларға  басшының  немесе  қызметкерлердің 
жіберген  қателіктері,  дұрыс  шешім  қабылдай  алмауы,  тәжірибесіздігі, 
ӛзгермелі жағдайға тез бейімделе алмауы, кәсіпкердің білімі мен біліктілігі, 
нақты  жағдайды  талдау  және  болашақты  болжау  мүмкіншілігі  және  т.б. 
жатқызылады. Ал, сыртқы факторларға келесілер жатады: инфляция, банктің 
пайыздық ставкалары мен несиелеу шарттарының ӛзгеруі, салық ставкалары 
және кедендік рәсімдеу жүйесінің ӛзгеруі, нормативтік-құқықтық актілер мен 
заңнамалардағы  ӛзгерістер  мен  толықтырулар,  бәсекелік  орта,  саяси 
жағдайлар, елдегі экономикалық жағдай және т.б. 
Экономикалық  және  ӛзге  де  ғылыми  әдебиеттерде  тәуекелді,  соның 
ішінде  кәсіпкерлік тәуекелді  жіктеудің  бірыңғай әдістемесі  жоқ.  Сондықтан 
тәуекелді әр түрлі белгілері бойынша жіктейді. Мысалы, масштабы бойынша: 
жергілікті және жаһанды; әсер ету ұзақтығы бойынша: қысқа мерзімді және 
ұзақ мерзімді; күтілетін нәтиже бойынша: таза және спекулятивті. 
Кәсіпкерлік тәуекелді кӛбінесе ӛндірістік, коммерциялық және қаржылық 
деп үшке бӛліп қарастырады. Ӛндірістік тәуекел ӛнім ӛндіру кезінде немесе 
ӛндірістік  қызмет  үрдісінде  туындайды.  Ӛндірістік  тәуекелдің  себептеріне 
жоспарланған  ӛндіріс  кӛлемінің  тӛмендеуін,  кәсіпкердің  тапсырыс 
берушілермен жасалған келісім бойынша ӛз міндеттемелерін орындай алмау 
ықтималдылығын,  материалдық,  еңбек  шығындарының  ӛсімін,  баға 
саясатындағы  қателіктер,  т.б.  жатқызуға  болады.  Коммерциялық  тәуекел 
ӛнімді  (қызметті,  жұмысты)  сатумен,  шикізаттар  мен  материалдарды  сатып 
алумен,  т.б.  байланысты  орын  алады.  Оның  негізгі  себептеріне  логистика 
жүйесіндегі  кемшіліктер,  шикізат  тапшылығы  немесе  шикізаттар  мен 
материалдармен ӛз уақытында және қажетті кӛлемде қамтамасыз ете алмау, 
т.б. жатады. Қаржылық тәуекел кәсіпкердің қаржы институттарымен қарым-
қатынасы  кезінде  туындауы  мүмкін.  Ол  ақшалай  қаражаттарды  жоғалту 
қаупін  білдіреді.  Қаржылық  тәуекел  инфляциялық  факторлар,  банк 
ставкаларының  ӛсуі,  бағалы  қағаздар  құнының  тӛмендеуі  т.б.  себептерге 
байланысты пайда болады. 
Кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыру  кезінде  қандай  да  бір  шамада 
тәуекелдің  болатыны  анық.  Алайда  тәуекелді  талдау  мен  оны  тӛмендету 
әдістерін  анықтауға,  тәуекелді  басқару  жүйесін  әзірлеуге  баса  назар 
аударылуы  тиіс.  Тәуекелді  талдау  кезінде  бір-бірін  ӛзара  толықтырып 
тұратын екі түрін бӛліп кӛрсетуге болады. Олар сандық және сапалық талдау 
әдістері. 

73 
 
Сапалық  талдау  тәуекелдің  әлеуетті  (потенциалды)  облысын  және 
факторларын  анықтауға,  оның  мүмкін  болатын  түрлерін  айқындауға 
мүмкіндік  береді.  Сандық  талдау  тәуекелдің  нақты  мӛлшерін  сандық  түрде 
кӛрсетуге, оларды талдау, сараптау және салыстыруға бағытталған, тәекелді 
сандық талдау кезінде әр түрлі әдістер қолданылуы мүмкін. Олардың ішінде 
едәуір кеңінен тарағаны келесілер: 
-
 
статистикалық әдіс; 
-
 
сараптамалық (эксперттік) бағалау әдісі; 
-
 
талдамалық (аналитикалық) әдіс; 
-
 
кәсіпорынның  қаржы  тұрақтылығын  талдау  және  оның  тӛлем 
қабілеттілігін бағалау. 
Сонымен  тәуекелді  басқару  кәсіпорынды  басқарудың  маңызды  ішкі 
жүйелерінің  бірі  болып  табылады.  Тәуекелді  басқару  дегеніміз  тәуекел 
факторларын  бейтараптандыру  (нейтрализациялау)  мен  талдау  әдістерінің 
жиынтығы. Тәуекелді басқару үрдісін 6 сатыға бӛліп қарастыруға болады: 
1)
 
мақсатты анықтау; 
2)
 
тәуекелді айқындау; 
3)
 
тәуекелді бағалау; 
4)
 
тәуекелді басқару әдістерін таңдау; 
5)
 
таңдалған әдісті қолдану; 
6)
 
нәтижелерді бағалау. 
 
9.3  Тәуекел  әдістеріне  талдау,  инновациялық  жобалардағы 
тәуекелдің санын және сапасына бағалау 
 
Қазіргі  кезде  елімізде  тәуекел-менеджмент  түсінігі  кең  қолдау  тауып 
келеді.  Тәуекел-менеджмент  –  кәсіпкерлік  қызметте  тәуекелді  басқарудың 
ғылыми әдістерінің жиынтығы. Ол нақты жағдайда мүмкін болатын жоғары 
пайданы қамтамасыз ету мақсатында тәуекелді басқарумен айналысады. 
Тәуекел-менеджментте  қарастырылған  негізгі  мәселелер  бюджетті 
қалыптастырумен,  несиелеумен,  табыстылықпен,  инвестициямен,  бәсекелік 
күреспен  байланысты  шешімдер  қабылдау  (әзірлеу)  болып  табылады. 
Сонымен қатар нарықтық конъюнктураның ӛзгеруі, кәсіпорынның ұйымдық 
құрылымның  түбегейлі  қайта  жасалуы,  сақтандыру,  дағдарыс  пен 
банкроттық  жағдайында,  сондай-ақ  айқынсыздық  элементтерін  қамтитын 
басқа да жағдайларды тәуекелмен байланысты шешімдер қарастырылады. 
Тәуекел-менеджментте  басқару  объектісі  мен  басқару  субъектісін  бӛліп 
кӛрсетуге  болады.  Тәуекелді  басқару  органы  немесе  субъектісі  ретінде 
тәуекел-менеджерлерді,  сақтандыру  агенттері  және  тәуекелді  басқарушы 
басқа  да  адамдарды  айтуға  болады.  Басқару  объектісіне  капитал,  тәуекел, 
кәсіпкерліктің  тәуекелмен  байланысты  қаржы-шаруашылық  қатынастары 
жатады. 
Тәуекел  дәрежесін  тӛмендету  немесе  тәуекелді  басқарудың  мынадай 
әдістерін бӛліп кӛрсетуге болады: 

74 
 
-
 
әртараптандыру (диверсификация); 
-
 
лимиттеу; 
-
 
хеджирлеу, 
-
 
секьютеризация; 
-
 
ӛзін – ӛзі сақтандыру, 
-
 
сақтандыру. 
        Әртараптандыру  (диверсификация)  инвестицияланатын  қаражаттарды 
бір – бірімен ӛзара тікелей байланысты емес бірнеше тәуекелді операциялар 
бойынша бӛлуді білдіреді. Әртараптандырудың мақсаты сәтсіздіктің алдын – 
алу  немесе  сақтандыры  болып  табылады.  Яғни,  бірмезгілде  бірнеше 
операциялар  бойынша  сәтсіздікке  қарағанда  бір  операция  бойынша 
сәтсіздіктің ықтималдылығы және одан болатын жоғалтулар әлдеқайда тӛмен 
болады.  Әртараптандырудың  мысалы  ретінде  әр  түрлі  валютада  салынған 
депозиттік салымдарды айтуға болады.  
       Лимиттеу  тәуекелді  операцияларда  пайдаланылатын  ресурстардың 
мӛлшеріне  шектеулер  қоюды    білдіреді.  Осылайша  кәсіпкерлік  қызметте 
тәуекелден  болатын  қауіпті  зияндардан  сақтанады.  Мысалы,  несиеге 
берілетін қаражаттар кӛлемін шектеу, менеджерлерге белгіленген мӛлшерден 
жоғары қаражаттарға иелік етуге тыйым салу. 
       Хеджирлеу  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыру  кезінде  туындайтын 
тәуекелді  (толықтай  немесе  ішінара)  кооперацияға қатысушы  әріптестермен 
бӛлісуді  білдіреді.  Мұнда  кәсіпкерлік  қызметтің  нәтижесі  кооперацияға 
қатысушы  әріптестерге  тікелей  байланысты  болады.  Сондықтан  хеджирлеу 
тәуекелді әрекеттің салдарлары үшін жауапкершіліктің бір бӛлігін әріптеске 
жүктейтін  қарама  –  қарсы  міндеттемелерді  құруды  кӛздейді.  Мысалы, 
ӛңдеуші  кәсіпорында  табысты  толық  кӛлемде  ала  алмау  тәуекелін  оған 
шикізат жеткізуші кәсіпорынмен бӛлісу.  
       Секъютериазция екі банктің арасында несиелеу тәуекелдерін бӛлу, оның 
бірі  несиелеу  келісімшартын  әзірлейді  жәен  дебиторлық  келісімшартқа 
отырады, ал екіншісі дебиторларға несие берумен айналысады.  
       Ӛзін  –  ӛзі  сақтандыру  деп  тәуекелді  операциялардан  болуы  мүмкін 
зияндарды  жабу  үшін  кәсіпкерлер  ӛздерінің  меншікті  резервтік  қорларын 
құруын айтамыз. Мұндай қорлардың болуы тәуекелдің теріс салдарларын тез 
арада жоюға мүмкіндік береді.  
        Сақтандыру тәуекелді тӛмендетудің негізгі әдістерінің бірі болып 
табылады. Ол тәуекелмен байланысты зиян шеккен жағдайда жеке немесе 
заңды тұлғаның мүліктік мүдделерін қорғауды білдіреді. Мұнда зиян шеккен 
тұлғаға алдын – ала енгізген ақшалай жарналары есебінен тӛлем жасау 
жүзеге асырылады. Сақтандыру осы мақсатта арнайы құрылған кәсіби 
ұйымға тәуекелдің бір бӛлігін беру арқылы тәуекел дәрежесін тӛмендетуге 
мүмкіндік береді. 
 
 
 

75 
 
Ӛз-ӛзін бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Инновацияның маркетингтік негізгі мақсаты неде? 
2.
 
Инновациялық  жобаны  әзірлеуде  қандай  бастапқы  тапсырманы 
маркетинг шешуі керек? 
3.
 
Бизнес  –  жоспарды  әзірлеудің  бастапқы  сатысында  маркетинг  қандай 
тапсырманы шешуі керек? 
4.
 
Инновациялық идея іздеу кезеңінде маркетинг қандай формада жұмыс 
істеуі керек? 
5.
 
Бизнес–жоспарды  әзірлеуде  шешім  қабылдау  кезеңінде  нарықты 
зерттеудің мақсаты неде? 
6.
 
Кезкелген  инновациялық  жобада  бизнес  –  жоспарды  іске  асыру 
кезеңінде маркетингтің басты мақсаты неде? 
7.
 
Бизнес  –  жоспардың  оперативті  –  күнтізбелік  жаспардан 
айырмашылығы неде? 
8.
 
Опреативті–күнтізбелік жоспарды дайындаудың мақсаты қандай? 
9.
 
Бизнес – жосапрды дайындауда қандай кӛрсеткіштер ескеріледі? 
10.
 
Оперативті–күнтізбелік  жоспарды  дайындауда    қандай  кӛрсеткіштер 
ескеріледі?
 
 
Ҧсынылатын әдебиеттер: 
1.
 
Головань С.И., Спиридонов М.А. Бизнес-планирование и 
инвестирование. – Ростов на Дону «Феникс», 2009 
2.
 
Акуленок Н.А. и др. Бизнес-план фирмы. – М. Финансы и 
статистика, 2009 
3.
 
Балабанов И.Т. Инновационный менеджмент. – СПб: Питер, 2001. 
4.
 
Кенжегузин М.Б., Днишев Ф.М., Альжанова Ф.Г. Наука и 
инновации в рыночной экономике: мировой опыт и Казахстан – 
Алматы: ИЭ МОН РК, 2005. 
 
 
 
Лекция № 10 
10 тақырып. Инновациялық жобадағы бизнес–жоспар мәдениеті 
 
Лекция мақсаты: Инновациялық жобадағы бизнес–жоспар мәдениетімен 
танысу   
 
Лекция сҧрақтары: 
10.1  Инновациялық  жобадағы  ұйымдық  мәдениеттің  функциясы  және 
ұғымы  
10.2 Ұйымдық мәдениетінің жобалау объектісі және құрылымы 
 
 

76 
 
10.1  Инновациялық  жобадағы  ҧйымдық  мәдениеттің  функциясы  және 
ҧғымы  
 
Еліміздің  қазіргі  уақыттағы  экономикасы  ашық  сипатқа  ие.  Яғни,  ішкі 
нарыққа  импорттың  жеткілікті  кӛлемде  келуі,  сыртқы  инвесторлардың 
еліміздің  кәсіпорындарына  қаржы  құйуға  мүмкіндіктерінің  болуы,  әлемдік 
нарықтың  сауда  саясатын  реттейтін  ұйымдарға  мүше  болу  жолдарының 
негізінің қалануы соны кӛрсетеді. 
Нарық жағдайында әрбір кәсіпорын ӛз ӛнімдерінің бәсеке қабілеттілігіне 
әсер ететін факторларды анықтап алуды және оларды ескеруді қажет етеді. 
Қазіргі  кезде  ӛнімнің  бәсеке  қабілеттілігіне  әсер  ететін  факторлардың 
тӛмендегідей түрлері бар.  
Мәселен, ӛнімнің нарықтағы нәтижелі сатылуына әсер ететін факторлар 
объективті  түрде  емес,  тұтынушылардың  субъективті  қабылдануына 
байланысты.  Мұндай  факторлар  экономикалық  әдебиетте  ―табыстың 
стратегиялық  факторлары‖  немесе    ‖табыстың  негізгі  факторлары‖-  деген 
атауға  ие  болған.  Табыстың  стратегиялық  факторлары  ӛнімнің  бәсекелік 
қабілетін  анықтайды.  Әдебиеттердің  талдауы  кӛрсетіп  отырғандай,  ӛнімнің 
бәсекелік қабілеті факторларын жіктеудің бірнеше түрлері қалыптасқан. 
Ӛнімнің  бәсекелік  қабілетін  анықтайтын  факторларды  екі  негізгі  топқа 
бӛледі. Олар: субъективті және объективті. 
Субъективті факторлар ӛндірушіге байланыссыз, оларға психологиялық 
және  жеке  тұлғалық  факторлар  жатады,  мәселен,  тұтынушылардың 
ұстанымдары, әдеті, салты және т.б. 
Объективті факторлар ӛндірушіге тікелей (сапа деңгейі) немесе жанама 
(сатылған  ӛнімге  техникалық  қызмет  кӛрсету,  делдал  ұйымдардың  қызметі, 
т.с.с.) түрде байланысты болады. 
Осы  жіктеуге  ұқсас,  ӛнімнің  бәсекелік  қабілетіне  әсер  ететін 
факторларды эндрогендік және экзогендік деп бӛледі. 
Эндрогендік  факторлар  ӛндірістік  кәсіпорынның  мүмкіндіктерін 
сипаттайды және ӛнімнің технико-экономикалық деңгейіне ықпал етеді.  
Экзогендік  факторлар  -  әлемдік  нарықтың  немесе  импорттаушы 
мемлекеттің ӛнеркәсіптік тауарлар нарығының қажеттіліктерін және тауарға 
деген  сұранысты  анықтайды.  Мұндай  жіктеу  дұрыс,  алайда,  біріншіден,  ол 
бағаның  ӛнімнің  бәсекелік  қабілетіне  әсер  ететін  фактор  екендігін 
ескермейді,  екіншіден,  ӛндіруші  тарапынан  әсер  ететін  факторларды 
нақтылауды қажет етеді, ӛйткені ӛнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету 
ӛндірушіге байланысты.   
Тауардың  ӛмірлік  циклына  байланысты  бәсекелік  қабілеттің 
факторларын екі топқа бӛледі:  
-  ӛнімді  дайындау  мен  ӛндіру  барысында  пайда  болатын  факторлар  - 
техникалық деңгейі мен дайындау сапасы;  

77 
 
- ӛнімді нарықта ӛткізу процесіне әсер ететін факторлар -  тұтынушының 
сатып алу шығындары мен тұтынушының талабын қанағаттандыру (жеткізу, 
сатудан кейінгі техникалық қызмет кӛрсету, т.б.). 
Сонымен  қатар,  бәсекелік  қабілеттің  факторларын  сыртқы,  сапалық 
және экономикалық деп бӛледі.  
Сыртқы  факторларға  экономика  мен  нарықтың  даму  тенденциялары, 
ғылыми-техникалық  прогресс,  тұтыну  құрылымындағы  ӛзгерістер,  нарық 
құрылымы  және  бәсекелестер  құрамы  жатады.  Сонымен  қатар,  мұнда 
кәсіпорынның имиджі мен танымалдылығы, ӛндіруші мемлекеттің беделі де 
үлкен мәнге ие.  
Екінші топ факторларын қазіргі қолданыстағы стандарттар, мӛлшерлер, 
ұсыныстар  анықтайтын  ӛнімнің  сапа  кӛрсеткіштері  құрайды,  сол  сияқты, 
ӛнімнің қауіпсіздігі, ұзақ мерзімге сақталынуы да осы топқа кіреді. Ӛнімнің 
сапасын  анықтау  халықаралық  стандарттау  ұйымының  (ИСО)  талабымен 
жүргізіледі. 
Бәсекелік  қабілетке  әсер  ететін  үшінші  топтағы  факторларға,  ӛнімнің 
ӛзіндік  құны  мен  бағасын  қалыптастыратын  экономикалық  кӛрсеткіштер 
жатады. 
Әлемдік  тәжірибеде  ӛнімнің  бәсекелік  қабілеті  келесі  факторлармен 
анықталады: 
-
 
ӛнім  сапасының  нарықтың  және  нақты  тұтынушының  талабына  сай 
болуымен; 
-
 
сатып алуға, жеткізуге кеткен шығындармен
-
 
тұтынушыға тиімді уақытта жеткізу жағдайымен; 
-
 
кәсіпорынның  нарықтағы  беделімен  және  сенімді  әріптес 
болатындығы туралы дәлелімен. 
Ӛнімнің бәсекелік қабілеті кешенді түрде мынандай үш факторға тәуелді 
болуы да мүмкін: 
Міндеті  -  ӛнімнің  қандай  мақсатқа  пайдаланатынын,  оның 
функционалдық мүмкіндіктерін, сол арқылы, осы ӛнімді тұтынушылар тобын 
анықтайды. 
Жоғары  сапасы  -  бағалық  емес  бәсекеде  үлкен  мәнге  ие.  Сондықтан, 
сапаны ӛнімнің бәсекелік қабілетінің кешенді кӛрсеткіші ретінде қарастыруға 
болады. 
Бағасы  -  тауар  құнының  ақшалай  кӛрінісі.  Ӛнімге  деген  сұраныс  пен 
ұсыныс тең болғанда баға мен құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан артуы 
бағаны  тӛмендетеді,  ал  керісінше,  нарықтағы  сұраныс  артса,  онда  ӛнімнің 
бағасы  құнынан  әлдеқайда  жоғары  болады.  Нарықтық  экономика 
жағдайында баға объективті экономикалық заңдылықтарға, ең алдымен, құн 
заңына  сай  қалыптасады.  Бағалық  бәсеке  кезінде  тӛмен  баға  ӛнімнің 
бәсекелік қабілетінің кепілі болады. 
Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 5.65 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет