Алматы экономика және статистика академиясы академияның оқу-әдістемелік кеңесінің


Лекция  №10.  Желілі  ОЖ-лер,  тҥрлері.  Unix,  Linux  ОЖ



жүктеу 5.37 Kb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата30.04.2017
өлшемі5.37 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
Лекция  №10.  Желілі  ОЖ-лер,  тҥрлері.  Unix,  Linux  ОЖ. 
Идентификация.  Администратор.  Виртуалды  консольдер.  Linux 
қабықшалары. Желілі терминалдар. 
UNIX операциялық жүйелері 
Кіші-ЭЕМ  сәтті  қолдануына  байланысты  UNIX  жүйесі  улкен 
танымалдылыққа ие болды. Бұл сәттілігі дербес компьютерлерге де осындай 
ұқсас  жүйе  жасауға  түрткі  болды.Осы  отбасыға  қатысты  ОЖ  әр  түрлі 
болжамалары  ӛз  аттарына  ие,  бірақ  негізінде  бірақ  UNIX  ерекшеліктерін 
қайталайды. 
UNIX  –  кӛп  пайдалынатын  және  кӛп  мақсатты  тәртіпте  жұмыстардың 
орындалуы  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін  операциялық  жүйе  .  Ол 
бастапқыда  MULTICS  ауыстыру  үшін  үлкен  ЭЕМ  арналды.  UNIX  - 
бағдарламашы  қолдарында  ӛте  қуатты  құрал  болып  табылады,  бірақ  кең 
кӛлемді ОЗУ және тегеріш кеңістіктерін талап етеді. Бұл операциялық жүйені 
стандарттау 
әрекеттеріне 
қарамастан, 
бағдарламалаушылар 
ӛзінің 
мұқтаждықтарын  модификациялау  үшін  Си  тілінде  жазылған  бағдарлама 
түрінде таралғандықтан оның кӛптеген болжамалары бар. 
Бұл  жүйенің  негізгі  айырмашылығы  –  оның  модульдылығы  және 
қолданушы  -  бағдарламашыларға  арналған  қолайлы  жағдайды  жасауға 
рұқсат ететін жүйелік бағдарламалардың кең жинағы болып табылады. UNIX 
жүйесі ӛзінің модульдерінің 90% кӛбі Си тілінде жазылғандықтан ол онымен 
органикалық  түрде  сыйысады.  Жүйенің  командалық  тілі  Си  тілімен  сәйкес 
келеді,  себебі  үлкен  қолданбалы  жүйелерді  жасау  кезінде  әртүрлі 
бағдарламалар ӛте жеңіл косуға рұқсат етеді. 
UNIX  қолданушы бірлесіп әрекет жасайтын " қоршау"  және компьютер 
әрекеттерін басқаратын " түйін "  болады. Компьютер командаларды енгізуге 
шақыру  ретінде  долларлық  белгіні  шығарады.    Бұл  операциялық  жүйенің 
пайдалану  ұзақтығына  байланысты  командалардың  саны  ӛте  үлкен.  Кез-
келген  операциялық  жүйеде  болатын  файлдарды  басқару  командаларына 
қоса,    UNIX  кем  дегенде  бір  мәтіндік  редактор,  сонымен  қатар  мәтіннің 
форматері  және  қажеттілігіне  қарай  "  қабықты  "  модификациялау  арналған 
Си тіліндегі құрастырушысы болады. 
UNIXтен  басқа  да  кӛптеген  операциялық  жүйелер  қайта  тағайындау, 
канал  және  сүзгі  сияқты  функциялады  ӛздеріне  алды;  бірақ  UNIX  сӛзсіз 
ерешелігі  – бастапқыда кӛп пайдалынатын және кӛп мақсатты операциялық 
жүйе  сияқты  жасалынғаны.  Файлдардың  аттары  14  белгіні  тұра  алады  , 
дегенмен  файлдардың  аттарында  бас  және  жолды  әріптерді  айырады  . 

 
 
88 
 
Операциялық  жүйе  командаларының  алғашқы  жинағы  7.0  болжамасында 
143-ке кеңейді; System III болжамасында тағы 71 команда қосылды , тағы 25 
команда    Berkeley  4.1  және  114  команда  Berkeley  4.2  болжамаларында 
қосылды.  Мұндай  команда  молдығынан  UNIX    қолданушыға  арналған 
тілдердің  ең  ыңғайлыларына  жатпайды  .  Егер  графикалық  қолданушылық 
интерфейс  қолданса,  жұмыс  жеңілденеді  ,  бірақ  командалардың  кӛлемі 
сондай  үлкен  болғандықтан  олар  жадының  үлкен  болуы  керек,  оған  қоса 
интерфейсте жадының және тегеріш кеңістігінің кӛлемді болуын талап етеді.  
Linux  операциялық  жүйесі  Unix  тәріздес  жүйелерге  жатады,  Intel  80386 
және  80486  компьютерлерінде  жұмыс  істей  алады  және  кез  келген 
компьютерді жұмыс станциясына айналдыра алады. 
Linux-тегі жұмыс сеансы. Терминал және  командалық жол. 
Жүйе қолданушылары.Қолданушы жұмыс істеуге жүйе дайын болу үшін, 
ең  алдымен  жүйенің  жүктелу  процедурасы  орындалады.  Жүктелу  процессі 
барысында  негізгі  басқарушы  бағдарлама  (ядро)  қосылады,  жүйедегіі 
жабдықтар 
анықталады 
және 
инициалданады, 
желілік 
қосулар 
активтендіріледі,  жүйелік  қызметтер  қосылады.  Linux    операциялық 
жүйесінде,  жүктелу  барысында  орындалып  отырған  оқиғалар  туралы 
диагностикалық хабарламалар экранға шығады және барлығы дұрыс болып, 
ешқандай қателіктер болмаса экранда   "login:" шақыруы пайда болады. Бұл, 
жүйеге тіркелуге шақыру, яғни қолданушы жүйеге тіркелу үшін ӛзінің атын 
енгізуі қажет.   
Рұқсатшектелуінің  көп  қолданушылық  моделі.  Linux  ОЖ-де  тіркелу 
процедурасы  міндетті  түрде  жүргізіледі.      Әрбір  қолданушы  үшін  жүйедегі 
жұмыс істейтін аумағы анықталады: қолданушы қолданатын бағдарламалар, 
кӛруге,  ӛзгертуге,  ӛшіруге  болатын  файлдар.  Қолданушы  жұмыс  ітейтін 
аумағынан тыс шығып кетсе қателіктер туралы хабарлама алады.  
Бірнеше  қолданушы  жұмыс  істейтін  дербес  компьютер  үшін  әрбір 
қолданушыға  тәуелсіз  жұмыс  ортасын  қамтамасыз  ету  маңызды.  Ӛйткені, 
басқа  қолданушының  мәліметтерін  кездейсоқ  ӛзгерту  немес  ӛшіру 
ықтималдылығы  азаяды,  сонымен  қатар  әрбір  қолданушыға  жұмыс 
ортасының сыртқы түрін ӛзінше баптауға мүмкіндік береді, мысалы,  жұмыс 
сеанстары  арасында  ашық  терезелердің  орналасуын  сақтайды.  Бұл  мәселе 
кӛпқолданушылық  моделінде  кӛрнекті  шешіледі:  қолданушы  мәліметтері, 
сыртқы  түр  бапталуы  және  жүйе  тәртібі  сақталған  «домашний»  каталог 
ұйымдастырылады,  ал  бұл  каталогқа  басқа  қолданушылар  үшін  рұқсат 
шектеледі.  
Есеп  жазбалары.  Есеп  жазбасы  терминінің  ағылшын  тіліндегі 
эквиваленті  -  account,  "есеп".  Жүйе  қолданушылармен  емес,  осы  есеп 
жазбаларымен  жұмыс  істейді.  Бірнеше  адам  бір  есеп  жазбасын  қолдана 
алады-  жүйе  оларды  анықтай  алмайды,  сонымен  бірге  Linux-те  есеп 
жазбалары  жүйелік  қолданушылар  атынан  жұмыс  істейтін  кейбір 
бағдарламалар болады.   

 
 
89 
 
Есеп жазбасы (account) – жүйе объектісі, оның кӛмегімен Linux жүйедегі 
қолданушының  жұмысын  есепке  алып  отырады.  Есеп  жазбасы  қолданушы 
үшін  жүйеге  тіркеліп,  жұмыс  істеуге  қажет  мәліметтерді  сақтайды.  Есеп 
жазбалары  жүйе  орнатылуы  немесе  орнатылғаннан  кейін  жасалуы  мүмкін. 
Қолданушы  үшін  есеп  жазбасындағы  ең  бастысы-  оның  атауы, 
қолданушының жүйеге  кіруге  қажет аты.  "login:"  шақыруын бойынша  жүйе 
осы атауды сұрайды. Қолданушыға жүйеде жұмыс істеу үшін атаудан басқа, 
есеп жазбасында  қолданушы туралы  кейбір мағлұматтар сақталады:  
Жүйеге  кіруге  қажет  атау  (login  name)  –  жүйеге  тіркелу  кезінде 
енгізілетін қолданушы есеп жазбасының атауы.  
Қолданушы  идентификаторы.Linux  жүйеге  кіру  атауын  қолданушының 
жүйедегі    идентификаторымен-UID  (User  ID)  байланыстырады.  UID  – 
жүйенің  қолданушыны  бақылап  отыруына  мүмкіндік  беретін  бүтін  оң  сан.  
Әдетте  бұл  сан  есеп  жазбасы  тіркелуі  кезінде  автоматты  түрде  таңдалады, 
бірақ  кез  келген  сан  болмайды.  Мысалы,  "0"  –ден    "100"-ге  дейінгі    UID 
псевдоқолданушылар үшін бекітілген.  
Топ  идентификаторы.Қолданушының  идентификациялық  номерінен 
басқа  есеп  жазбасы  топ  идентификаторымен  байланысқан.  Бірнеше 
қолданушылардың кейбір ресурстарды пайдалануына рұқсатты ұйымдастыру 
үшін  қолданушылар  тобы  қолданылады.  Топ  үшін  де  атау  және 
идентификациялық  номер  -  GID  (Group  ID)  болады.  Linux-те  қолданушы 
үнсіз келісім бойынша кем дегенде бір топта болуы керек.  
Толық  атау.  Есеп  жазбасында  жүйеге  кіру  атауынан  басқа  осы  есеп 
жасбасын  қолданатын  қолданушының  толық  атауы  (аты  және  тегі) 
сақталады.  Қолданушы  ӛзінің  аты  және  тегі  ретінде  басқа  мәліметтер 
кӛрсетуі  мүмкін.  Толық  атау  тек  қана  жүйеге  ғана  емес  басқа 
қолданушыларға есеп жазбасы кімге арналғанын ажырату үшін қажет. 
«Домашний»  каталогы.  Linux  қолданушыларының  файлдары  бӛлек 
сақталады,  әрбір  қолданушының  ӛз  мәліметтерін  сақтайтын  жеке 
«домашний» каталогы бар. Басқа қолданушылар үшін «домашний» каталогқа 
рұқсат  шектеулі.    «Домашний»  каталог  туралы  ақпарат  есеп  жазбасында 
болуы міндетті, ӛйткені жүйеге тіркелетін қолданушы осы есеп жазбасынан 
бастап жұмыс істейді. 
Командалық  қоршау.Жүйеге  командалар  беру  және  оларға  жүйеден 
жауап  алу  үшін  әрбір  қолданушыға  жүйемен  ӛзара  қатынас  жасау  тәсілі 
берілуі керек. Осы мақсатқа арнайы бағдарлама- командалық қоршау (немесе 
командалық жол интерпретаторы) қызмет етеді. Командалық қоршау жүйеге 
тіркелген  әрбір  қолданушыға  қосылады.  Linux  ОЖ-де  бірнеше  командалық 
жол интерпретаторы болғандықтанесеп жазбасында қолданушы үшін қандай 
интерпретаторды  қосу  керек  екені  кӛрсетілген.  Есеп  жазбасын  жасау 
барысында  командалық  жол  корсетілмесе  үнсіз  келісім  бойынша  bash 
тағайындалады. 

 
 
90 
 
Командалық 
жол 
интерпретаторы 
(командалықинтерпретатор,командалық қоршау, қоршау) – қолданушы және 
жүйе  арасындағы  "диалогты"  ұйымдастыру  үшін  қолданылатын  Linux  ОЖ-
дегі  бағдарлама.    Командалық  интерпретатордың  негіздері:  редактор  және 
командалық жолдағы командаларды талдаушы (анализатор команд), жоғарғы 
деңгелі  жүйелі-бағытталған  бағдарламалау  тілі,  командалардың  ӛзара  және 
жүйемен әрекеттесуін ұйымдастыру құралы 
"Администратор"  түсінігі.  Linux  ОЖ-де  басқа  қолданушылардың 
жүйедегі ӛкілеттігінен ерекше айырмашылығы болатын бір ғана қолданушы 
бар- ол «0» идентификаторымен берілген қолданушы. Әдетте UID=0 арқылы 
кӛрсетілген қолданушының есеп жазбасы root (ағылш., "түбір") деп аталады. 
Қолданушы root - бұл Linux жүйесінің "әкімшісі"(администратор). Кез келген 
Linux  жүйесінде  басқа  есеп  жазбасы  болмаған  жағдайда  да  root  қолданушы 
үшін есеп жазбасы міндетті түрде беріледі. Осындай UID арқылы кӛрсетілген 
қолданушы  жүйеде  кез  келген  іс-  әрекет  орындай  алады,  яғни  кез  келген 
қателік  немесе  дұрыс  жасалмаған  әрекет  жүйеге  қатер  жасау,  мәліметтерді 
ӛшіру тәріздес мәлелелерге жағдай жасауы мүмкін. Күнделікті жұмыс жасау 
үшін жүйеде root арқылы тіркелмеген дұрыс.  
Жүйеге  тіркелу.  Егер  жүйеге  шақыру  экран  орталығында  графикалық 
терезе  түрінде  рәсімделген  болса  Ctrl+Alt+F1  пернелерін  басу  қажет- 
бейнережимге ауысу орындалып, қара түсті фонда келесі мәтін шығады: 
Welcome to Some Linux / tty1  
localhost login: 
Парольді  ауыстыру.  Егер  есеп  жазбасы  кӛп  қолданушылық  жүйенің 
әкімшісі  арқылы  жасалған  болса,  ол  пароль  қарпайым  болуы  мүмкін, 
"123456".,  "empty"  т.с.с.  Linux-те  пароль  ұзындығына  немесе  пайдаланған 
символдарға  шектеу  қойылмаған.  Қолданушы  кез  келген  уақытта  ӛзінің 
паролін ӛзгерте алады, ол үшін ағымдағы парольді білу қажет.  
Машинамен  мәтіндек  принципте  жұмыс  істеу  жүйелік  пернетақта  және 
монитор  бейнекартасына  кӛңіл  аудармай  біріңғай  шектелген  құрылғы 
кӛмегімен мәтін енгізіп, оны жүйеге беру және жүйеден қолданушыға қажет 
мәліметтермен  жабарламалар  алуға  мүмкіндік  береді.    Осындай  құрылға 
терминал  деп  аталады.  Жалпы  жағдайда  терминал  –  бұл  қолданушының 
мәтіндік  ақпарат  беруге  қабілетті  жүйеге  кіру  нүктесі.  Терминал  ретінде 
компьютерге  мәліметтерді  тізбектеп  беретін  порт  (дербес  компьютерде  ол 
"COM  port"  деп  аталады).)арқылы  қосылған    жеке  сыртқы  құрылғы  болуы 
мүмкін.  Терминал  ролін  (жүйе  қолдауымен)  бағдарламада  атқара  алады 
(мысалы, xterm немесе ssh). Сонымен қатар, Linux-тегі виртуалды консоль  -
қазіргі  компьютерлерге  сәйкес  құрылғылар  кӛмегімен  бағдарламалық 
ұйымдастырылған терминалдар.  

 
 
91 
 
 
Командалық жол интерфейсі. 
 
Терминал  негізгі  үш  міндетті  талап  және  бір  міндетті  емес  талапты 
қанағаттандыруы қажет:  

 
қолданушыдан жүйеге мәліметтер беру;  

 
қолданушыдан жүйеге басқару командаларын беру;  

 
жүйеден қолданушыға мәтіндік мәліметтер беру;  

 
(міндетті  түрде  емес)  жүйеден  қолданушыға  берілетін  кейбір  мәліметтерді 
басқарушы тізбектер түрінде интерпретациялау және оларды ӛңдеу  .  
 
Негізгі әдебиеттер: 1 нег.

20-27

, 5 нег. 

21-25

 
Қосымша әдебиеттер: 3 қос.

15-19

 
Бақылау сұрақтары: 
1. Қолданушы идентификаторы және топ идентификаторы? 
2. «Домашний» каталог, командалыққоршау? 
3. "Администратор" түсінігі нені білдіреді? 
4. Жүйеге тіркелу қалай жүргізіледі? 
5. Парольді ауыстыру қандай жағдайларда қолданылады? 
 
Лекция  №11.Командаларинтерпретаторы.  Unix  командалары.Unix 
каталогтар  ағашы.  Файлдық  жҥйесі.  Unix  -тың  каталог,  файлдармен 
жұмыс істеу командалары. 
Командалық жол. 
Linux ОЖ-мен ӛзара іс-әрекет жасаудың негізгі ортасы- командалық жол. 
Қолданушыдан  жүйеге  берілетін  әрбір  жол  –  жүйе  орындайтын  команда. 
Enter  пернесі  басылғанша  жолды  редакциялауға  болады,  содан  кейін  ол 
жүйеге жіберіледі: 
[methody@localhost methody]$ cal 
Сентября 2004 
Вс     Пн     Вт     Ср     Чт     Пт     Сб  
1      2      3      4 
 5      6      7      8      9     10     11 
12     13     14     15     16     17     18 
19     20     21     22     23     24     25 

 
 
92 
 
26     27     28     29     30 
[methody@localhost methody]$ echo Hello, world! 
Hello, world! 
Командалық жол интерпретаторы (shell).  
Linux-те«жүйе» атаулы жеке объект болмайды. Жүйе  – бір бірімен ӛзара 
іс-әрекеттегі  кӛптеген  компоненттерден  құралған  Жүйелік  компоненттердің 
негізгісі-  қолданушы.  Қолданушы  машинаға  команда  береді,  ал  ол  сол 
команданы  орындайды.  Жүйелік  шақырулар  (ядро  функциялары)  және 
кітапханалық  функциялар  жүйенің  командалары.  Бұл  командаларды 
бағдарлама  жазу  арқылы  ғана  қолдануға  болады  (кӛп  жағдайда  Си  тілінде). 
Ӛйткені,  ядро  функциялары  тӛмен  деңгейлі  операцияларды  ғана  орындай 
алады,  қолданушының  қарапайым  есебін  шешу  үшін  бір  жұмыс  нәтижесін 
басқа жұмыс қажетіне түрлендіретін бірнеше операцияларды орындау қажет 
болады. Сондықтан қолданушы үшін жоғарғы деңгейлі және ыңғайлы жүйені 
басқару тілі қажеттілігі туады.  
Linux-те бірнеше командалық интерпретаторлар бар. Солардың ішінде ең 
қарапайымы,  UNIX-тің  алғашқы  версияларында  пайда  болған    sh  немесе 
"Bourne Shell" – интерпретатор авторы Стивен Борн (Stephen Bourne) атымен 
аталған.  Кейін  оны  кӛбірек  қуатты  bash  интерпретаторымен  алмастырды 
("Bourne Again Shell").  
Нақты  түрде  қолданушы  есебін  шешу  –  оны  shell  тілінде  сипаттау. 
Қолданушымен  командалық  интерпретатордың  ӛзара  қатыс  тілі  –  бұл,  бір 
жағынан  командалармен  жүйенің  ӛзара  қатынасын  ұйымдастыру 
құралдарымен,  екінші  жағынан  командалық  жол  жұмысын  жеңілдететін 
қолданушымен  ӛзара  қатынас  құралдарымен  толықтырылған  жоғарғы 
деңгейлі бағдарламалау тілі.  
 
қолданушының терминал және қоршау арқылы компьютермен 
ӛзара іс-әрекеті. 
 
Сөздер және бөлгіштер.  
Командалық  жолды  талдау  барысында  shell  бӛлгіш  түсінігін  қолданады 
(delimiter). Бӛлгіш – бұл, командалық жолды сӛздер тізбегі (мәндері болатын) 
және бӛлгіштер ретінде алып, сӛздерді бӛлетін символ. Shell үшін бос орын 

 
 
93 
 
символы,  табуляция  символы  және  жолды  ауыстыру  символы  бӛлгіштер 
болып есептеледі. Кӛрші сӛздер арасындағы бӛлгіштер саны есептелмейді 
Файлдық жҥйе құрылымы. 
Linux  операциялық  жүйесі  үшін  файл  –  операциялық  жүйені 
қолданушыға  қажеттілігінен  кем  емес  маңызды  ұғым:кез  келген 
тасымалдаушыда сақталатын барлық мәліметтер міндетті түрде файл ішінде 
сақталады,  кері  жағдайда  оларға  операциялық  жүйе  және  қолданушылар 
үшін  рұқсат  болмайды.  Сонымен  қатар,  компьютерге  қосылған  кӛптеген 
құрылғыларды  (пернетақтадан  бастап  сыртқы  құрылғыларға  дейін,  мысалы, 
принтер  және  сканерлер  )  Linux  файл  түрінде  кӛрсетеді  (тесік-файлдар 
(файлы-дырки)).  Қолданушы  үшін  файлдардың  негізгі  үш  түрі  болады: 
мәліметтерді  сақтауға  арналған  қарапайым  файлдар,  каталогтар  және 
сілтеме-файлдар.  
Файл  –  бұл,  ӛзінің  жеке  атауы  бар,  ақпарат  тасымалдаушылардың 
біреуіндегі мәліметтерге бӛлінген аймақ.   
Файлдар жүйесі:  
Каталогтар. Қолданушы тұрғысынан қарағанда файлдық жүйе- файлдар 
орналасатын  «кеңістік».  Файлдық  жүйе  арқылы  файлдың  қалай  аталуын, 
оның  қай  жерде  орналасқанын  анықтауға  болады.  Файлдарды  бір  біріннен 
ажырату  үшін  және  тақырып  бойынша  байланысқан  файлдар  тобымен 
(мысалы,  бір  бағдарламаның  компоненттері,  бір  диссертацияның  әр  түрлі 
бӛлімдері)  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  беретін  механизм  қажет,  яғни 
файлдарды жүйелендіру. 
Файлдық  жүйе  –  ақпарат  тасымалдаушыға  немесе  оның  бӛліміне  
мәліметтерді сақтау және оларға рұқсатты ұйымдастыру тәсілі. Классикалық 
файлдық  жүйе  иерархиялық  құрылымды  болады  және  бұл  жүйедегі  файл 
толық жолымен анықталады.  
Қолданушы тұрғысынан қарағанда Linux операциялық жүйесінде екі типі 
объекті  бар:  файлдар  және  процесстер.  Барлық  мәліметтер  файлдар  түрінде 
сақталады, сыртқы құрылғыларға рұқсат арнайы файлдарға  оқу/жазу арқылы 
жасалады.  Қолданушы  бағдарламаны  қосқанда,  ядро  сәйкес  орындалатын 
файлды жүктейді, процесс бейнесін жасайды және оған басқаруды береді. 
Linux  операциялық  жүйесінде  файлдар  қолданушының  жеңілдіктерін 
анықтайды,  ӛйткені  кӛп  жағдайда  қолданушы  құқығы  файлдарға  рұқсат 
құқықтары арқылы қадағаланады  
Файлдар және каталогтар атаулары.  
Басқа  операциялық  жүйелердегідей  Linux-те  файлдар  ағаш  тәріздес 
құрылым  түрінде  ұйымдастырылған,  және  ол  файлдық  жүйе  деп  аталады. 
Әрбір  файлдың  файлдық  жүйе  ағашындағы  орнын  анықтайтын  атауы 
болады. Бұл ағаштың түбірі «түбір каталог» (root directory) деп аталады және 
оның атауы «/» символымен белгіленеді. Басқа файлдардың атаулары файлға 
жетуге дейінгі жүріп отыруға қажет жолдан -каталогтар тізімінен (бұтақтар) 
тұрады. 

 
 
94 
 
Linux ОЖ-де файлдар және каталогтар атаулары 256 символдан артық 
кетпеуі керек 
 
Негізгі әдебиеттер: 1 нег.

20-26

, 4 нег. 

17-31

 
Қосымша әдебиеттер: 1 қос.

88-90

 
Бақылау сұрақтары: 
1. Unix ОЖ файлдық жүйе құрылымы? 
2. Каталогтар иерархиясы түсінігі? 
3. Жүйе компоненттерін орналастыру: FHS стандарты? 
4. Ӛзгеретін/ӛзгермейтін файлдар? Бӛлінетін/бӛлінбейтін файлдар? 
 
Лекция  №12.Файлдар  және  каталогтарды  қорғау.  Файлдарға 
қатынасу  құқығын  орнату,  өзгерту.  Файлдарды  архивтеу  және 
компрессорлау. 
Файлдық  жүйе  менеджері  (ФЖМ)  файлдық  жүйедегі  қажеттіліктердің 
жұмыс  істеу  тәртібін  түзеді.  Әрбір  жеке  талап  осы  тізімнің  элементтері 
түрінде кӛрсетіледі (жүйелік тізім элементі ЖТЭ). 
Сонмен ФЖМ функциясы екі параллель немесе тәуелсіз үрдістерді басқаруда 
анықталады: 
1.
 
Үрдістен файлдық жүйеге талаптар. 
2.
 
Талаптарға қызмет кӛрсету. 
Менеджердің нақты функциялары фазалар бойынша аяқталады: 
1-фаза: оларды жұмыс істеу тізіміне қажет үрдістерден талаптар бойынша 
жүйелік тізім элементтері. 
2-фаза:  жұмыс  істеу  тізімінен  элементті  таңдау  және  оның  файлдық  жүйе 
қызметіне берілуі. 
Файлдық  жүйе  менеджерінің  функциялану  механизмдері  синхронды 
қызмет  ету  жағдайына  келіп  түскен  талаптардың  біреуі  ғана  қабылданады 
(қалғаны жабылады). 
Асинхронды сұлба түрі- дестеленген қызмет ету. Талаптар жұмыс тізіміне 
асинхронды  дестеленіледі.  Элементтер  талаптар  түсудің  шамасы  бойынша 
белгілі қадамға дейін түзіледі, содан кейін екінші фаза толығымен толтыры-
лады.  Одан  келіп  түскен  талаптар  не  жабылып  қалуы  мүмкін,  не  болмаса 
қабылдануы мүмкін. 
ФЖМ- толық асинхронды қызмет ету барысында екі тәуелсіз үрдіс түзеді: 
1-
 
олардың түзілу шамасы бойынша 
2-
 
олардың қызмет етуі. 
ФЖМ  негізгі  функциялары  сұлбамен  және  жүйелік  тізім  элементтерінің 
(ЖТЭ) түзілуімен анықталады. 
ЖТЭ-  бұл  нақты  файл  бойынша  талаптарға  қызмет  ету  үшін  қажетті 
мәліметтер келтірілген параметрлік кесте. 
ЖТЭ мыналар кіреді: 

 
 
95 
 
-
 
файл  аты  және  файлдық  жүйе  бойынша  анықталатын  талап  етілген 
функция коды. 
-
 
талап етілген үрдіске қайтарылатын мәлімет коды. 
-
 
тарату  қызметі  үшін  арна  номері,  яғни  физикалық  құрылғы  және 
оперативті жады арасындағы деректерді беру 
- Жады картасының индексі – файл және оперативті жады арасындағы де-
ректер алмасу арқылы жады мекенін анықтау 
-
 
Жүйелік қызметтегі элемент ӛлшемі. 
Файлды  сақтау  және  қорғау.  Файлдық  жүйенің  негізгі  қызметі  –  үлкен 
кӛлемдегі томдармен жұмыс істеу (300-500 Мб және одан да кӛп) 
Файл келесі атрибуттармен кӛрсетіледі: 
-
 
стандартты ӛлшем 8,3 және оданда жоғары файл аттары; 
-
 
атрибуттар тізімі; 
-
 
қорғау дискрипторы – қатынау құқығын анықтайды; 
-
 
деректер; 
-
 
түбірлі  индекс,  ол  үлкен  каталогтағы  файлдар  аттарының  индексін 
анықтайды; 
Файлдық    атрибуттан басқа, қызмет кӛрсету ұғымында қолданылады, ол 
функцияларды  анықтайды,  ал    нақты  айтатын  болсақ  файлдар  жұмысын 
регламенттейді. 
Файлды оқу/жазудан басқа: 
-
 
ақпаратты орнату; 
-
 
кеңейтілген атрибуттарды орнату; 
-
 
қорғаныс орнату. 
NTFS  файлдық  жүйесінде  қорғау  ережесі  бойынша  қызмет  кӛрсетуде 
келесілер регламентеледі: 
R - оқу 
X – орнату 
W - жазу 
D - жою 
P – кеңейтілудің ӛзгеруі 
O – иесінің ӛзгеруі 
All – барлық қатынас. 
Файлды кӛшіру және құру кезінде аталық қатынас құқығы пайда болады.  
Файлды  NTFS  –  тан  FAT  –  қа  трансформаттағанда  барлық  қорғаныс 
құқығы  жоғалады.  Unix  операциялық  жүйесінде  файлдарға  қатынаудың  үш 
базалық санаттары бар, олардың әр қайысысында сәйкесше қатынас құқығы 
орнатылған: 
1.
 
User access (u) – файлды қолданушы иесі үшін 
2.
 
Group access (g) – файлдар иесі болатын тобтағы мүшелер үшін 
3.
 
other access (o) – суперқолданушылардан басқа қолданушылар үшін. 
Unix  ОЖ– гі қорғаныс келесі ережелер мен постулаттарға негізделген: 
1.
 
Сыртадамдарға қызықты файлдарды шифрланған түрде сақтау керек

 
 
96 
 
2.
 
Ӛндіруші  фирма  кӛрсеткішін  қолдау  және  қорғаныс  сұрақтары 
бойынша Usenet – телеконференция хабарлау. 
security@cpd.com
 - қорғаныс туралы жалпы сұратулар. 
Жүйеге кіруге мүмкін болатын нүктелерге ерекше бақылауды жүзеге асы-
ру. Оларға: бюджет тобтары,  әлсіз парольдер бюджеті анонимді ftp жатады. 
Интернетке қосылу жүйесінде  tripwire, Crack, COPS типті қақпақ орналасты-
ру.  Осы  орнатылған  қақпақтан  келіп  түскен  ақпараттарды  талдау.  Қалыпты 
жұмыстан  кейінге  қалуды  бақылау,  яғни  жүйенің  функциялауы  бойынша 
күнделікті  есеп  беру  ақпаратын  жүйелік  файлдарға  сұратуды  орындау 
бойынша, аттар және парольдер бойынша талдай білу. 
Меншік қорғаныс құралдарын оңдеу . Парольді бақылау ол файл паролінің 
ӛзгеруін анықтау, пароль сапасына және парольдің болмауына байланысты . 
Парольді  бақылау  үшін  жиі-жиі  /etc/passwd  файлын  тексеріп    туру  керек. 
(кемдегенде екі аптада бір рет бақылауды жүзеге асыру керек). 
Жауапкершілігі  кӛбірек  парольдерге  жасырын  парольдерді  файлды 
қолдануды, мысалы /etc/shadows және каталогті басынан форматтауға дейін. 
Паралельдіалыптастаубойыншабақылау: 
парольдіауыстыру, 
олпұрсатталғанпайдаланушыныңпаролінауыстырусияқтыарнайыутилиттарар
қылыжүзегеасырылады. 
Пұрсаттылықтыбақылау: 
тіркелгенаттардыңсәйкестігіжәнеUIDидентификаторындаолардыңстатусы. 
 
Негізгі әдебиеттер 2 [185-188], 3 [37-48], 10 [89-96] 
 
Қосымша әдебиеттер 20[164-207], 17 [174-176],15 [262-293] 
Бақылау сұрақтары:  
1. Файлдық жүйе менеджерінің функциялары 
2. Асинхронды қызмет кӛрсету кезінде менеджердің орындалу механизмы 
3. Синхронды қызмет кӛрсету кезінде менеджердің орындалу механизмы 
4. Unix ОЖ-де файлға қатынас құратын базалық кластар 
5. Қандай есептер жадыны диспетчерлеу кезінде туады 
Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 5.37 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет